Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата03.04.2016
өлшемі194.88 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



Құжат СМК 3 уровня

ПОӘК



ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

ПОӘК

« Қазақ музыка тарихы» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Редакциясы №1. 28.08.2013ж.

«Қазақ музыка тарихы»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ


2013-2014 оқу жылы




ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

Ред. № 1. 28.08.2013ж.

Бет 2__

Мазмұны:








1 Глоссарий
















2 Тәжірбиелік сабақтар
















3 Студенттің өздік жұмысы














































































ПОӘК

042-18.1.32/02-2013



Ред. №1. 28.08.2013ж.

Бет 3_


1 ГЛОССАРИЙ

«Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар.(Ән, романс, ария, опера, оратория, кантата т,б).

Вокализ” – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту.

«Опера» - Италияның opera – еңбек, шығарма деген ұғымды беретін сөзінен алынған. Опера музыкалы – драмалық көп бөлімді шығарма.

«Симфония» - симфония оркестріне арналған көп бөлімді аспапты шығарма.

«Фольклер» - Ұлттық салт-дәстүрлік әндер , билер аспаптық шығармалар.

«Күй» - Домабыраға, қобызға, сыбызғыға т.б. қазақ халық аспаптарына арналған шығарма.

«Домбыра» - қазақтың халық аспабы, екі шекті он тоғыз перделі аспап.

«Қобыз» - Қазақтың көне аспабы.Қылдан жасалған екі шек тағылады.

«Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері:

«Мажорлық лад» - ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді.

«Минорлық лад» - жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.



«Тональдік» – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым.

«Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады.



Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;

Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату;

PuuMosso – более подвижно, жылдамдата;

4.

MeneMosso – менее подвижно, жайлата;

«Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон.

«Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі.

Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді.



«Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің әліңішпе дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды.

Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады.

Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді.

«Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы.



«Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.

«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б.



«Баркаролла» – (Италия тілінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.

«Элегия» – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың, Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.

«Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

5.

ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.



Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады.

«Оратория» – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

«Ария» - италиян сөзінде ән деген сөз.

Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар.



«Вариация» - құбылту деген сөз. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отрады.

«Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән.

2- бөлім- Тәжірибелік сабақтар

Тақырыптың аты: кіріспе. «Қазақ музыкасының тарихы» пәні,оның мақсаттары мен міндеттері

Сабақ мақсаты: қазақтың кәсіби музыкалық өнерінің туу, қалыптасу, өркендеу, түрлі жанрлық салаларға жіктеліп, классикалық деңгейге көтерілу,осы жолда жемісті еңбек еткен көрнекті компазиторлар мен музыка зерттеушілерінің қол жеткен табыстарын, көркем шығармалары мен ғылыми еңбектерін оқып игеру.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Қазақ музыкасының тарихи негіздері.



6.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: « Қазақ музыкасының тарихы» - ұлттық музыкалық мәдениетіміздің тарихи тегі мен табиғатын зерттейтін пән. Оның қамтитын мәселелері 6-20 ғасырлар арасындағы музыкалық мәдениет көріністері, түрлі жазбалардағы музыка өнеріне қатысты мәліметтер, музыкалық – эпикалық дәстүр, күйшілік пен әншілік өнер, 20 ғасырдағы кәсіби музыка мәдениеті. Осы сипатына орай курстың негізгі нысанасы – қазақтың кәсіби музыкалық өнерінің туу, қалыптасу, өркендеу, түрлі жанрлық салаларға жіктеліп, классикалық деңгейге көтерілу,осы жолда жемісті еңбек еткен көрнекті компазиторлар мен музыка зерттеушілерінің қол жеткен табыстарын, көркем шығармалары мен ғылыми еңбектерін оқып игеру болып табылады.

Пәнді тарихи –тақырыптық негізде жүйелеу барысында қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар басшылыққа алынды. Сөйтіп музыка мәдениетіндегі бетбұрыс 1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілістен басталды.

Бұл пән студентердің кәсіби шеберлігін артырып, қазіргі қазақ музыкасының кәсіби сипатқа ие болуы мен өсіп -өркендеу процесінен терең, толымды мағлұмат бермек.

Әдістемелік нұсқаулар: сол дәуірдегі жалпы мәдениет ұғымына қатысты деген алғышарттардың барлығын назарда ұстау.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Қоңыратбаев .Ә, Қоңыратбаев Т. көне мәдениет жазбалары.-Алматы1991.

  2. Қоңыратбаев Т. ел мұрасы – Алматы, 2003.

7.

Тақырыптың аты: Көне түркі дәуірінің музыкалық мәдениеті

Сабақ мақсаты: көне ( 6-9), орта ( 9-14), жаңа ( 14-16) кезең ерекшеліктерін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Көне түркі дәуірі туралы ұғым: уақыт пен кеңестік әлеміндегі шегі.



Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Түркі дәуірі туралы ұғым: көне ( 6-9), орта ( 9-14), жаңа ( 14-16) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени – музыкалық сипаты. Түркі- монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік, наным –сенім жүйе сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкерттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.

Әдістемелік нұсқаулар: сол дәуірдегі наным – сенім жоралғыларының қазіргі заман мен сабақтастығын жүйелі түрде анықтау.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Аль- Фараби. Трактаты о музыке и поэзии.- Алматы, 1993.

  2. Қоңыратбаев .Ә, Қоңыратбаев Т. көне мәдениет жазбалары.-Алматы1991.

Тақырыптың аты: Орта ғасырдағы музыка мәдениеті

Сабақ мақсаты: сол заманғы адамзаттың өмірге, қоршаған ортаға деген философиялық көз-қарасын анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Орта ғасырлардағы музыка мәдениеті. Қорқыттың музыкалық мұрасы. «Қорқыт ата кітабы» жазбасындағы қобыз туралы деректер.



Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Оғыз дәуірінің мәдениеті. Қорқыт, оның тарихи протипі мен этникалық тегі туралы. Қорқыт есімі мен «Қорқыт ата кітабының» жалпы түрткілік (оғыз, түркімен,

8.

қазақ,әзірбайжан) сипаты. Қорқыт, оның қобызы туралы аңыз -әпсаналар мен тарихи шежірелер.



«Тотынама», « Кабуснама» секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық – эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. «Құран», оның тарихи – мәдени сипаты мен музыкалық – мақамдық жүйесі.

Орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар ( Әл –Фараби, Ибн-Сина, Жәми, Дәруіш Әли, т.б.) Оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.



Әдістемелік нұсқаулар: «Тотынама», « Кабуснама» секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық – эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарындардағы айтылатын ойлардың түпкі мақсатына тереңірек көңіл аудару.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қоңыратбаев .Ә, Қоңыратбаев Т. көне мәдениет жазбалары.-Алматы1991.

  2. Қоңыратбаев Т. ел мұрасы – Алматы, 2003.

Тақырыптың аты: Хандық дәуір музыкасы

Сабақ мақсаты айтыс және суырып салма ( импровизация) өнері,жыр, толғау, терме олардың көркемдік ерекшеліктерін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Хандық дәуір музыкасы туралы ұғым. Музыкалық – эпикалық дәстүр, жыраулық өнер табиғаты.

Айтыс және суырып салма дәстүр.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Хандық дәуір туралы ұғым ( 15-18). Қазақ халқының құрылуы, тарихи жағдай. Жыраулық поэзия мен

9.

өнердің өріс алуы. Асан Қайғы, Досманбет, Шалгез, Үмбетай, Бұхар т.б.көптеген жыраулар мұрасының әдеби – музыкалық сипаты.



Музыкалық – поэтикалық дәстүр, оның стильдік, көркемдік ерекшеліктері. Жыраулық өнер өрісі алған аймақтар.

Айтыс және суырып салма ( импровизация) өнері. 15-18 ғасырлар қазақ музыкасының жанрлық жүйесі. Жыр, толғау, терме олардың көркемдік ерекшеліктері.



Әдістемелік нұсқаулар: жыраулық поэзия мен өнердің өріс алуына себеп болған факторларды анықтау.

Әдебиеттер тізімі:

  1. История казахской музыки. Ч. 1. –Алматы, 2000.

  2. Қазақ музыкасының мәселелері. 1-2 жинақ / Құраст. Т. Қоңыратбаев – Алматы, 1994.

Тақырыптың аты: 19 ғасырдағы халықтық кәсіби – музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка.

Сабақ мақсаты: күйлердің аймақтық, стильдік, көркемдік ерекшеліктерін анықтау мен қатар сол замандағы күйшілік өнердің бетке ұстар күйшілері туралы мағлұмат беру.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Қазақ халқының күйшілік өнері. Төкпе және шертпе күй дәстүрлерінің тараған аймақтары, көрнекті өкілдері және көркемдік ерекшеліктері.



Сабақ материалдарының тезистік берілуі: 19 ғасырдағы қазақ музыкасының даму ерекшеліктері. Аспаптық музыка, оның қалыптасу кезеңдері мен Қазақстанның түрлі аймақтарындағы дамуы. Жыр – күй – аралық жанр. Күйлердің аймақтық, стильдік, көркемдік ерекшеліктері . Философиялық мазмұндағы шертпе күйлер табиғаты. Қазақ

10.


музыкасындағы төкпе күй дәстүрі, оның кең тараған аймақтары. Ұшқыр ойлы, жылдам да жүрдек күйлер табиғаты.

Ықылыс Дүкенұлы ( 1843-1916), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846), Құрманғазы Сағырбайұлы ( 1823-1896), Дәулеткерей Шығайұлы (1821-1882), Тәттімбет Қазанғапұлы (1812-1863), Дина Нүрпейісова ( 1861- 1955), Сүгір Әлиұлы (1884-1961), т.б. халық композиторларының күй мұрасы, стилдік және көркемдік ерекшеліктері. Қазақ халқының аспаптық музыкасына қосқан өзіндік үлестері.



Әдістемелік нұсқаулар: күй өнерінің құдіретін дәріптеген сол заманғы күйшілік мектебінің осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан тарихына, сабақтастығына талдау жасау.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Алексев А. Казахская домбровая музыка // Музыальная культура Казахстана. – Алма-Ата, 1955.

  2. Вызго.И. Музыкальные инструменты Средней Азии.- Москва, 1980.

  3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі.- Алматы, 1975.

  4. История казахской музыки. Ч. 1. –Алматы, 2000.

  5. Жұбанов Қ. Қазақта күй жанрының шығуы туралы.- Қызылорда 1936.

Тақырыптың аты: 19 ғасырдағы халықтық кәсіби – музыкалық дәстүр. Әншілік өнер.

Сабақ мақсаты: дәстүрлі кәсіби ән мектебінің қалыптасу кезеңдерін анықтау және сол замандағы әншілік өнердің бетке ұстар сал-сері, әншілері туралы мағлұмат беру.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Әншілік өнер. 19 ғасырдағы кәсіби - әншілік мектептер.Речитативтік және лирикалық әндер табиғаты.



11.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Халықтық кәсіби- әншілік өнердің тууы мен қалыптасуы. Музыкалық – көркемдік тәсілдердің жетіліп, одан әрі дамуы. Музыкалық- эпикалық дәстүр, тақпақ сазды речитативтік мақам табиғаты. Олардан тараған аймақтары мен көрнекті өкілдері.

Кең тынысты лирикалық әндер, олардың тараған географиялық аймағы. Біржан сал (1834-1897), Ақан сері ( 1843-1913), Жаяу Мұса ( 1835-1925), Мұхит Мералыұлы ( 1841-1918), Абай Құнанбаев (1845-1904), Кенен Әзірбаев (1884-1976), т.б. халық композиторларының өнері мен ән мұрасы, шығармаларының стильдік ееркшеліктері. Лирикалық әндердің кәсіби сипаты.



Әдістемелік нұсқаулар: заманына қарай шыққан көптеген әндердің тарихи мазмұнына үңілу.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ерзакович .Б.Г. Музыкальноенаследие казахского народа.- Алма-Ата, 1979.

  2. Еламанова С. А. О профессионализме в казахской дореволюционной музыкальной культуре // Изв. АН КазССР, сер. Филол.- 1981, №4

  3. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.- Алматы. 1975

Тақырыптың аты: Түйін. Көне дәуір музыкасының қазақ руханиятынан алатын орны.

Сабақ мақсаты: болашақ мамандарды төл мәденитімізді сүюге, қастерлеуге баулып, ұлттық санамызды қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

6-19 ғасырлар арасындағы қазақ музыкасының тарихы, ғылыми және тәжірибелік маңызы.



12.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Қазақ музыкасының көне дәуірін қарастыратын курс саласының маңызы. Көне дәуір музыкасы – қазақ халқының көркем тарихы. Оның қазақ руханиятынан алатын орны. Курстың болашақ мамандарды төл мәденитімізді сүюге, қастерлеуге баулып, ұлттық санамызды қалыптастырудағы орны.

Әдістемелік нұсқаулар: санамыздың тарихынан өшпестей орын алған ата-бабамыздан келе жатқан мәдени мұралардың болашақ ұрпаққа аманат екендігін қаперден шығармау.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ музыкасының мәселелері. 1-2 жинақ / Құраст. Т. Қоңыратбаев – Алматы, 1994.

  2. Ибн- Сина. Донишнома. – Душанбе, 1967.

Тақырыптың аты: 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы

Сабақ мақсаты: қазақ музыка дәстүрінің жаңа белеске аяқ басуына,яғни жазбаша дәстүрге келуіне себеп болған алғышарттарды анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Қазақ музыкасы шетел ориенталистерінің еңбектерінде.

А. Затаевичтің музыкалық- этнографиялық қызметі.БКП (б) ОК 1932 жылғы қаулысы туралы. Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің тууы.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Шетел ориенталистерінің қазақ музыкасы туралы ой – пікірлерімен этнографиялық еңбектер: И.Г. Георгий (1799- 1802), И. Г. Андреев (1861- 1918), М: В. Готовицкий, Р. А. Пфенниг (1823-1898), А. Эйхгорн (1844-1909), Н. Савичев( 1820-1885), т.б. жазба деректері.

13.


1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған әндер. « жас қазақ» марсельезасы, «Жалпы әлем», « жолдастар», «Қозғал», т.б. Қазақ АССР- нің құрылуы (1920), кқркем өнерпаздар үйірмесінің құрылуы.

А. В. Затаевичтің музыкалық – этнографиялық қызметі мен « Қазақ халқының 1000 әні», « Қазақтың 500 ән-күй» жинақтарының маңызы. Ә. Қашаубаевтың Парижге сапары (1925). Тұңғыш қазақ театрының ашылуы (1926ж Қызылорда), Алматы, Қарағанды, Повладар қалаларында алғашқы қор үйірмелерінің ашылуы.



Әдістемелік нұсқаулар: сол жылдардағы ұлттық мәдениеттің ахуалына көңіл аудару.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Аравин П. степные созвездия.- Алма-Ата, 1979.

  2. Еламанова С. А. О профессионализме в казахской дореволюционной музыкальной культуре // Изв. АН КазССР, сер. Филол.- 1981, №4

Тақырыптың аты: 20 ғасырдың 30-шы жылдарындағы кәсіби музыканың қалыптасуы

Сабақ мақсаты: қазақ музыка өнеріндегі тың өзгерістердің белең алуын жүйелі түрде анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

30- жылдардағы симфониялық музыка.

Қазақ мәдениетінің Москвадағы алғашқы он күндігі.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: БКП (б) ОК- нің « Әдеби көркем өнер ұйымдарын қайта құру туралы» 1932 жылғы 23-ші сәуірдегі қаулысының маңызы мен зардаптары. Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің тууы. А. Жұбановтың ұйымдастырушылық қызметі ( халық аспаптық оркестрі,1934), ғылыми – шығармашылық және

14.


композиторлық қызметі. 1934жылғы бірінші Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының слеті (1934). Қазақ музыка театры (1934) мен филармониясының ашылуы (1935).

Опера өнері. « Қыз Жібек», « Жалбыр» опералары, қазақ мәдениетінің Москвадағы алғашқы он күндігі (1936). Е. Брусиловскийдің « Ертарғын» (1937), И. Надировтың « Терең көл» (1939), В. Великановтың « Тұтқын қыз», А. Зильбергтің «Бекет» (1940) опералары.

Синфония. С. Василенконың « Советтік шығыс» (1932), М,.Ипполитов- Ивановтың «Түрк фрагменттетрі», М. Штейнбергтың « Тургсиб» симфониясы (1933), Д. Мацуциннің қазақ тақырыбына жазған «Сюитасы» (1935), Б. Ерзаковичтің «Увертюрасы» (1935), А. Зильбергтің «Гүлденген Қазақстан» ( 1938), атты симфониясы т.б.

Әдістемелік нұсқаулар: қазақ ұлтына тыңнан келген мәдени жаңалықтардың жалпы халыққа әкелген әсерін анықтау.

Әдебиеттер тізімі:


  1. История казахской музыки. Ч. 1. –Алматы, 2000.

  2. Кетегенова Н., Джумакова У. Казахская музыкальная литература.- Алматы, 1995.

Тақырыптың аты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ музыка мәдениеті

Сабақ мақсаты: қазақ музыкасындағы жаңа серпілістер легімен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

Е. Брусиловский. «Қыз жібек»операсының драматургиясы. Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ музыкасы.

40-50 –жылдардағы симфониялық музыка.

Қ. Қожамияров «Ризвангүл» симфониялық поэмасы.

15.

А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» операсы.



Композициясы мен драматургиясы, көркемдік ерекшеліктері.

Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Опера жанры. « Гвария алға» ( Е. Брусиловский), « Амангелді» ( Е. Брусиловский, М. Төлебаев), « Абай» ( А. Жұбанов, Л. Хамиди), « Біржан- Сара» ( М. Төлебаев)операларының тууы. Алматы мемлекеттік консерваториясының ашылуы (1944, қазан),Қазақстан композиторларының тұңғыш съезі. Синфониялық музыка. Е. Брусиловский «Сарыарқа» (1943), А. Жұбанов, Қ. Қожамияровтың « Ризвангүл» (1950), Қ. Мусин М. Төлебаев, Е. Брусиловскийлердің « Коммунизм оттары», « Советтік Қазақстан» кантанталары. Еліміздегі музыка мәдениеті туралы партия қаулылары ( 1948, 10 ақпан, БКП (б) Ок-нің В.мураделидің «Великая дружба» операсы туралы қаулысы; 1958, 28 мамыр күнгі СОКП ОК-нің қателіктерді жөндеу туралы қаулысы).ҚП ОК «Қазақ халқының әдеби- поэзиялық жәнемузыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы мен оларды жақсарту шаралары туралы» (1957) қаулысы.

Концерт жанры. Е. Брусиловский. Фортепиано мен оркестрге арналған концерт (1947), Ғ. жұбанова. Скрипка мен оркестрге арналған концерт (1957). Ғ. Жұбанова. «Ақсақ құлан» (1956), Е.Брусиловский « 4 симфония» (1957), камералық- аспаптық, вокалдық (ән, романс, хор) шығармалар.



Әдістемелік нұсқаулар: тың жанрлардың жалпы бейнесін анықтау.

Әдебиеттер тізімі:

  1. История казахской музыки. Ч. 1. –Алматы, 2000.

  2. Кетегенова Н., Джумакова У. Қазақ музыкалық әдебиеті. –Алматы, 2000.

16.

Тақырыптың аты: 60 – 70 – жылдардағы қазақ музыкасы

Сабақ мақсаты: қазақ музыкасындағы Отан соғысы жылдарынан кейінгі пайда болған жаңа есімдер мен жанрлардың туу себептерін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

60-70- жылдардағы қазақ операсы.

С. Мұхамеджанов. «Айсұлу».

60-70-жылдардағы қазақ балеті. Оратория, кантата.

С Мұхамеджанов. «Ғасырлар үні» ораториясы.

Е. Рахмадиев. «Конституция туралы поэма».



Сабақ материалдарының тезистік берілуі: ОПЕРА ЖАНРЫ. Қ. ҚОЖАМИЯРОВ, н. Тілендиев. « Алтын таулар» (1960), Е. Рахмадиев. «Қамар сұлу» (1963 2 ред.. 1982), « Алпамыс» (1972), « Песнь о целине», С. Мұхамеджанов. «Айсұлу» (1964), Ғ. Жұбанов, «Еңлік- Кебек» (1975), «Жиырма сегіз», Қ. Қожамияров. «Садыр палуан» (1977).

Балет жанры. « Аққұс туралы аңыз», «Хиросима» (Ғ. Жұбанов), «Чин Темир» (Қ. Қожамияров), «Әлия» (М. Сағатов) балеттері. Симфониялық музыка. Е. Брусиловский. 5-6 симфониялары ( 1961, 1965), Қ. Қожамияров. 1-2 сифониялары (1971, 1975), Ғ. Жұбанова. «Жігер»( 1971), Е. Рахмадиев. Симфониялық күй- «Дайрабай», «Құдаша думан», т.б.

Оратория, кантанта. Ғ. Жұбанова. «Арайлап атқан таң» (1960), «Ленин хаты» (1977), «Татьяна әні» (1982), «М. Әуезов туралы аңыз» ораториялары (1965), Е. Рахмадиев, «Конституция туралы поэма» (1977), « Сәлем саған , Аястан» (1968) кантаталары, С. Мұхамеджанов. «Ғасырлар үні» (1970) ораториясы.

17.

Әдістемелік нұсқаулар: ертеден қалыптасқан тарихи құндылықтарымыздың жаңа жанр жаңаруларымен арадағы байланыстарына ден қою.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Кетегенова Н., Джумакова У. Казахская музыкальная литература.- Алматы, 1995.

  2. Кетегенова Н., Джумакова У. Қазақ музыкалық әдебиеті. –Алматы, 2000.

Тақырыптың аты: Қазіргі дәуірдегі қазақ музыкасы

Сабақ мақсаты: Қазақстан композиторларының орта буын өкілдері және жастар шығармашылығымен ( М. Маңғытаев, М, Сағатов, Ж. Дастенов, Ж. Тұрсынбаев, т.б.) тыңғылықты танысу.

Қазіргі уақыттағы қазақ музыка өнерінің жағдайын анықтау.



Негізгі сұрақтар, тапсырма:

И. Дубровский, М. Ахметова, Н. Тифтикиди, П. Аравин, З. Қоспақова, А. Темірбекова, Қ. Жүзбасов, Т. Бекхожина, Б. Қарақұлов, Ә. Мұхамбетова, С. Елеманова, т.б. еңбектері мен зерттеулері.



Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Опера жанры. С. Мұхамеджанов. « Ақан сері- Ақтоқты», Б. Жұманиязов. «Махамбет», А. Жұбанов пен Ғ. Жұбанова. «Құрманғазы», Е. Рахмадиев. «Абылай хан» опералары.

Қазақ балеті. С. Кибирова. «Три парасенка», А. Серкебаев. « мой брат, Маугли», С. Еркінбаев. «Мәңгі алау» балет, рок- опералары.

Қазақстан композиторларының орта буын өкілдері мен жастар шығармашылығы ( М. Маңғытаев, М, Сағатов, Ж. Дастенов, Ж. Тұрсынбаев, т.б.)

18.


Қазақ музыкатану ғылымының даму мен кемелденуі . А. Жұбанов, Б. Ерзакович, И. Дубровский, М. Ахметова, Н. Тифтикиди, П. Аравин, З. Қоспақова, А. Темірбекова, Қ. Жүзбасов, Т. Бекхожина, Б. Қарақұлов, Ә. Мұхамбетова, С. Елеманова, т.б. еңбектері мен зерттеулері.

А. Қ. Жұбанов (1906-1968) – қазақ музыкатану ғылымының негізін қалаушы. Е. Брусиловский- копозитор (1905-1981), М. Төлебаев ( 1913- 1960)- қазақ музыкасының классигі.



Әдістемелік нұсқаулар: қазіргі уақыттағы мәдениетте болып жатқан жаңалықтарға назар аудару.

Әдебиеттер тізімі:

  1. История казахской музыки. Ч. 1. –Алматы, 2000.

  2. Қоңыратбаев Т. ел мұрасы – Алматы, 2003.

3 Студенттің өздік жұмысы



ОБСӨЖ

СӨЖ

1-2«Қазақ музыкасының тарихы»сабағының мақсаты мен міндеті

1-6- . «Қазақ музыкасының тарихы»сабағының мақсаты мен міндеті

3-5 Ерте түрік кезеңінің музыкаларының ерекшеліктері.

6-11- . Ерте түрік кезеңінің музыкаларының ерекшеліктері

6-8--Орта ғасырдың музыка мәдениеті.

12-18-Орта ғасырдың музыка мәдениеті.

9-11- Қазақ хандығы кезіндегі музыка

19-26. Қазақ хандығы кезіндегі музыка

12-13- 19-шы ғасырдағы халықтық – профессионалды музыка мәдениеті. Аспаптық музыка.

27-37- . 19-шы ғасырдағы халықтық – профессионалды музыка мәдениеті. Аспаптық музыка.

14-15- 19-шы ғасырдағы халықтық – профессионалды музыка мәдениеті. Әншілік мәдениет

38-45 19-шы ғасырдағы халықтық – профессионалды музыка мәдениеті. Әншілік мәдениет

16-18- Ерте кездегі қазақ мәдениетінде музыканың алатың орны.

46-54-. Ерте кездегі қазақ мәдениетінде музыканың алатың орны.

19-20-19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басындағы қазақ музыкасы

55-61 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басындағы қазақ музыкасы

21-22,5-20-шы ғасырдың 30-шы жылдардағы қазақ музыкасының профессионалды дамуы

62-67,5-20-шы ғасырдың 30-шы жылдардағы қазақ музыкасының профессионалды дамуы


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет