Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылғы



Дата24.04.2016
өлшемі28.67 Kb.
Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрлігі

2015 жылғы «___» _________

_____



Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі
2015 жылғы «___» _________

_____



Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

жөнiндегi комитетi

«___» _________ 2015 жыл

_____



Астана қаласы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ


Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясында тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру және бару арқылы өзге де бақылау және қадағалау нысандарының мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы міндетті ведомстволық есептіліктің нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 255-ө, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 19 шілдедегі № 213 және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi төрағасының 2011 жылғы 1 тамыздағы № 91-о/д «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы міндетті ведомстволық есептілік нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісіндегі бақылау және қадағалаудың өзге де нысандары туралы деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Комитеттің аумақтық органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектерді әлеуметтік қорғау аясындағы міндетті ведомстволық есептілікті Комитетке ұсынсын.

5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.



6. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова



Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика

министрі

___________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөнiндегi комитетiнің төрағасы
___________ С. Айтпаева




Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет