Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы баймұхамбетов М. А. Медешова А. Т. Фармакогнозия пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы



жүктеу 1.43 Mb.
бет1/7
Дата27.04.2016
өлшемі1.43 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: irbis64r 11 -> books -> %D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> %D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Физиотерапия
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова г. Т. Дилдабекова н. Т. Фармакология бойынша та
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы м. Р. Беймбетова жыныстық жолмен жұҒатын аурулар
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD -> КӘсіби аурулар бойынша дәрістер курсы (ОҚУ-Әдістемелік қҰралы )


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Баймұхамбетов М.А. Медешова А.Т.


Фармакогнозия пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы

(Оқу - әдістемелік құрал)




ҚАРАҒАНДЫ 2008 ЖЫЛ

ӘОЖ 615.322/.324

КБЖ 52.82. я 7

Б 18


Пікір берушілер:

Д.М. Жанғозина - Қазақстан Фармацевтикалық Институтының медико –биологиялық пәндерімен бірге фармакогнозия кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Б.З. Көкжалова - ҚММА жалпы химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к, доцент



Б.Ж. Култанов - ҚММА медбиология, генетика және радиобиология кафедрасының

меңгерушісі, б.ғ.д.



Б 18 Фармакогнозия пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы/ М.М. Баймұхамбетов, Медешова А.Т - Қарағанды: 2008. -114 б.
КБЖ 52.82. я 7
Оқу - әдістемелік құрал жоғарғы оқу орындарындағы «фармация» мамандығының студенттеріне арналған. Типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Құрамында алкалалоидтары, жүрек гликозидтері, сапониндері, антроцентуындылары бар дәрілік өсімдіктермен шикізаттар туралы мәліметтер берілген.

ҚММА Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған,

_8__хаттама «11» 04 2007 ж.
ҚММА Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген,

_10__хаттама «26 » 04 2007 ж.

© Баймұхамбетов М.М., Медешова А.Т., 2008

Алғы сөз

Оқу құралы ҚР МЖМБС 3.07-440-2003ж. «Фармация» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған. Дәрістер жинақта құрамында алкалоидтар, жүрек гликозидтер, сапониндер, антроцентуындылар, фенолгликозидтер, кумариндер мен хромондары бар дәрілік өсімдіктермен шикізаттар туралы, олардың жіктелуі, алыну жолдары, өсімдіктер арасында таралуы және өсімдіктерде жиналуы, өсімдіктер организмінің өмір тіршілігіндегі биологиялық белсенді заттар тобының ролі мен биогенезі, өсімдіктерде биологиялық белсенді заттардың жиналуына қоршаған ортаның жағдайы мен онтогенетикалық акторлардың әсері, дәрілік өсімдік шикізатын талдау әдістер, дәрілік шикізатты медицинада қолдану және пайдалану жолдары туралы нақты сұрақтар қарастырылған.

Оқу құралында дәрістер тақырыптары типтік және жұмыс бағдарламаларына сәйкес келеді. Дәрістерде типтік және жұмыс бағдарламасында берілген дәрілік өсімдіктер көрсетілген және олардың Қазақстанда кең таралғандықтары айтылған.

Қазіргі кезде медицина іс –тәжірибесінде қолданатын препараттардың 40% - ті өсімдік туындылары болып отыр. Біздің Мемлекет табиғи – ресурстарға (дәрілік өсімдітер) өте байекендігі белгілі. Қазіргі кезде Қазақстан флорасындағы перспективті дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтер берілген.



ҚҰРАМЫНДА АЛКАЛОИДТАРЫ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Алкалоидтар өсімдіктердің организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотты қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас деген сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Меньер алғашқы рет XVIII ғасырдың аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме 1797 жылы құрамында наркотин бар опииден «кристалды тұзды» бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып, оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиын құрамындағы алкалоид морфинді бөліп алып, оның ұйықтатқыш әсерін байқады. Ол 1810 жылы морфиннің табиғи негізін және оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін дәлелдеді.

Алкалоидтардың ашылуымен медицинада және химияда жаңа дәуір басталды. XIX ғасырдың басында барлық елдердің фармацевтері мен химиктері маңызды алкалоидтардың қатарын ашты.

Алкалоидтардың өсімдіктердегі сапалық және сандық анықтауын XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры Г. Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Елімізде алкалоидтар химиясының негізін академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты 120.

Құрамында азотты қарапайым қосылыстар мысалы: метиламин, үшметиламин және басқа қарапайым аминдер, сондай-ақ аминқышқылдары және олардың өнімдері, сілтілік қасиеті болса да алкалоид қатарына жатпайды.

Алкалоидтардың құрамына көміртегі, сутегі, азот, оттегі атомдары да кіреді. Қарапайым алкалоидтардың құрамында 10-ға дейін, ал күрделі алкалоидтардың құрамында 50-ден астам көміртегі атомдары болады.

Медицинада алкалоидтардың маңызы өте зор. Өткен ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай деген: «Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетіне қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың ашылуы медицина үшін маңызы сондай». Мемлекеттік фармакопеяда 738 мақалалардың ішінде 83 мақала 11% алкалоидтарға арналған.

Қазіргі кезде өндірістік көлемде 100-ден астам алкалоидтар өндіріледі. Кейбір алкалоидтар синтез арқылы алынады: атропин, кофеин, эфедрин, теобромин, сальсолин т.б. Гликоалкалоидтардың негізінде жартылай синтезбен гормональды препараттар: прогестерон, преднизолон, кортизон, дигидрокортизон, үшамицинолон, деперзолон, флуметазон, синафлан, бетаметазон, дексаметазон т.б. шығарылады

Қазіргі уақытта 5000-нан астам алкалоидтардың қосылыстары белгілі.



Жіктелуі. Көп санды алкалоидтардың ішінен бір бөлігі ғана оқып танылғандықтан, бөлініп алынған заттар ғалымдарға жіктелуді дәлелдеуге мүмкіндік бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г. фармакологиялық жіктелуді ұсынды. Мысалы: спазмолитикалық, қабынуға, қатерлі ісікке, гипертонияға қарсы т.б. Басқа ғалымдар алкалоидтарды тұқымдасына, туысына қарай мәселен, амаралис немесе кейбір ерекше құрылысы бойынша тропан, стрихнин т.б. бөледі.

Көп авторлар алкалоидтарды негізінен гетероциклдің табиғатына қарай қояды. А.П. Ореховтың ұсынысы бойынша алкалоидтар көміртегі-азот қаңқасының құрылысына қарай, уақытта байланысты қосылған өзгерістер мен классификациясы пайдаланылады.



  1. Пиридин және пиперидин туындылары.

Эфирлердің қышқылдық компоненті ретінде сенацин, сенецифиллин, ангелик және саррацин қышқылдары ұшырасады.



2. Пирролизидин және пиперидин туындылары. Бұлар конденцияланған система, құрамында пиперидин мен пирролизидин сақиналары бар конденсацияланған система болып табылады екінші атауы тропан. Тропан алкалоидтар екі аминоспирттен тұрады: тропин және скопин.

Алқа тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктерде ұшырасады, тропин және скопин түрлі органикалық қышқылдармен күрделі эфирлерді түзеді. Мәселен, тропин және тропан қышқылымен қосылғанда алкалоидтар гиосциамин, скополамин пайда болады.



Гиосциамин Cкополамин

(Атропин)

Бұл топқа мынадай дәрі-дәрмектер жатады: гиосциамин, атропин сульфат, скополамин гидробромид, кокаин гидрохлорид т.б.



3. Хинолин туындылары.

Хинолин туындылары өсімдіктерде сирек кездеседі. Бұған цинхона алкалоидтар және эхинопсин жатады.


4. Изохинолин алкалоидтар. Изохинолин және оның тетрагидротуындылары көптеген табиғи қосылыстардың құрамында болады.

Медицинада маңызды зор изохинолин алкалоидтардың топшалары: тетрагидроизохинолин, бензофенантридин және протопин туындылары болып саналады.



5. Индол туындылары. Бұл алкалоидтардың химиялық құрылысына индолдың конденсацияланған системасы кіреді.

Индол кейбір эфир майларда апельсин глюкозид индикат және табиғи аминоқышқылында Триптофан т.б. қосылыстарда кездеседі индол системасы стрихнос, клавицепс, раувольфия туыстарына жататын өсімдік түрлерінде болады. Индол алкалоидтарға физостигмин, стрихнин, резерпин, аималин, серпентин, ресцинамин, эрготоксин, эрготамин, эргобазин, эргокриптин, винканин, винбластин, винкристин жатады.


6. Пурин туындылары. Пурин құрылысында пиримидин және имидазол сақиналары болады.

Пурин туындылары өсімдіктерде кең таралған. Олар нуклеин қышқылдардың, алкалоидтардың, органикалық негіздерінің құрамында болады.

Пурин алкалоидтар какао, кофе, шай туысына жататын өсімдік түрлерінде ұшырасады.

7. Дитерпенді алкалоидтар. Аконитин алкалоидтар екі топқа бөлінеді: азитин жәнеаконитин. Азитин алкалоидтар 20 көміртек атомынан тұрады, олар пергидрофенантрен туындылары болып табылады.

Аконитин алкалоидтарда 19 көміртек атомдары кездеседі, олар ликактонин туындылары болып есептелінеді.



Аконитин қосылыстар тегеурінгүл туысына жататын өсімдік түрлерінде кездеседі, олар кондальфин, метилликаконитин, элатин, дальсимин, сондай-ақ аконитин, зонгорин қаракөл бәрпінің түйіндерінде ұшырасады.


8. Стероидты алкалоидтар (гликоалкалоидтар). Стероидты алкалоидтардың агликондары 20 көміртек атомында азот бар сапогениндер болып табылады. Олар екі топқа бөлінеді: азоты бар сапогениндердің аналогтары және азот құрамды құрамында конденсацияланған Е және Г сақиналары бар стероидтар.

Азот құрамды сапогениндер алқа туысына жататын өсімдік түрлерінде кездеседі. Мәселен, соласодин және томатидин.





9. Ациклді және бүйір тізбегінде азоты бар алкалоидтар. Бұл топқа алифатты қатарына жататын, колхицин алкалоидтар және фенилалкиламиндер кіреді.

Алифатты алкалоидтар мен фенилалкиламиндер. Өсімдіктерде алифатты (ациклді) алкалоидтар жалғас (ілеспелі) заттар болып кездеседі. Бірақ олардың кейбіреулері негізгі фармакологиялық активті қосылыстар болуы ықтимал.



Бұл алкалоид күшті негіздерге жатады, ол сораң айбатмияның жер үстіндегі мүшелерінде кездесетін зат.

Фенилалкиламин тобына эфедрин, псевдоэфедрин жәнекапсаицин деген алкалоидтар кіреді.

Эфедрин Метил эфедрин

Ресми медицинада қышаның ілебінен алынатын алкалоидтар (эфедрин, псевдоэфедрин) қолданылады. Екеуі де оптикалық изомерлер болып табылады. Псевдоэфедринге поляризациялық жарық сәулесін оңға, ал эфедрин солға бұрады.

Колхицин алкалоидтар. Бұлар лапыз туысына жататын өсімдіктерде болады. Колхицин нейтралдық қосылыс. Колхицин алкалоидтардың молекуласы 3 конденсацияланған сақиналардан түзіледі, оның біреуі (сақинасы) трополон, ал В сақинасы гидрленген трополон болып есептелінеді.



Өсімдіктерде колхициннен басқа алкалоидтарда кездеседі: колхамин, колхинозид, алкалоидтар И, С, Е, В т.б.

Медицинада колхицинді қатерлі ісікке қарсы дәрі ретінде пайдаланады.
Алкалоидтың алыну әдістері.

1. Алкалоидтардың тұз ретінде алу жолы. Құрамында алкалоидтар бар шикізатқа қарай қышқылы қосылған суда немесе спиртте тұндырылады. Барлық алкалоидтар тұз ерітіндісіне өтеді.

Ілеспелі заттарды тазарту үшін қышқыл тұнбаға сілті қосады да, пайда болған негізді алкалоидтарды органикалық ерітінділермен (бензол, хлороформ, дихлорэтан т.б.) алады. Тазарту операциясын бірнеше рет қайталап жүргізеді, алкалоидты ерітіндісі ақшыл болғанша. Органикалық ерітіндіні су буымен айдап, құрамында бар алкалоидтар қалдығынан және таза алкалоидтарды бөліп алады.

2. Өсімдіктерден алкалоидты негіздер түрінде алынуы. Алкалоидтар өсімдіктерде көбінесе тұз ретінде болады, сондықтан оларды негіздер түрінде алу үшін дәрілік шикізатты сілтілі ерітіндімен араластырып, (Аммиак, натрий карбонат, гидрокарбонат) пайда болған алкалоидтардың негіздерін органикалық ерітінділер арқылы бөліп шығарады, содан соң тазартады.

Сапалық реакциялар. Алкалоидтар күшті қышқылдармен не металл тұздармен тұңба түзеді. Алкалоидтарды анықтау үшін көптеген реактивтер: Драгендорф, Вангер, пикрин, фосфорлы вольфрам, фосфорлы молибден қышқылдары т.б. қолданады.

Түсті реакциялар. Алкалоидтар кейбір қышқылдармен, тұздармен әртүрлі түсті бояуларды береді. Мысалы, азотты молибден қышқыл қызыл (бруцин, тебаин, вератрин), көк (кодеин, морфин), жасыл (апоморфин, бермерин, эметил, параверин), тропан қатарына жататын алкалоидтар күкірт қышқылы және асқын су тотығымен жасыл түс береді.

Сандық анықтау. Алкалоидтардың сандық мөлшерін анықтау үшін физико-химиялық әдістер қолданылады (УФ – спектроскопия, фотоколометрия, поляриметрия, көлемдік, салмақты, газды, сұйықтық хроматография т.б.).



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет