Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы СӨЖ (реферат)



жүктеу 127.34 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі127.34 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
СӨЖ

(РЕФЕРАТ)
Тақырыбы: Атмосфераның, гиросфераның, топырақтың ластануы. Мекендеу ортасында ластанудағы өзара әрекеттесу және тасымалдау

Орындаған: Ерман Б

Тобы: 101 «Б» ҚДС

Қабылдаған: Жақсылықкеліні Ұ.А

Шымкент 2015 ж
Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Атмосфералық ластағыштардың құрамы

б) Гидросфернаың ластануы

в) Топырақтың ластануы



ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластатғыштар деп атайды.

Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:


  • Әлемдік көлемде ластайтындар – қай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта арайтын қабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар) сақталатын шығарынды заттектер (көмір қышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтер);

  • Аймақтық көлемде ластайтындар - үлкен аймақты ластайтын, бірақ та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа тарлып, шектеулі уақыт бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтері, пестицидтер, ауыр металдар);

  • Жергілікті көлемде ласатайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын) – атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперциялық аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азоттың, т.б. оксидтері).

Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайдағы шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді ластағыштар мен аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және әр түрлі желдеткіш қондырғылар арқыла тасталады. Биіктігіне қарай ластаушы заттектер шығаратын көздер биік ( н>50м), орта биіктігі (Н=10-50 м), аласа (Н=2-10 м), жер үстіндегі (Н < 2 м) болады. Ластаушы компаненттердің ауада таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне байланысты болып келеді.

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың құрамы

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне, теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы ссулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әр түрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Жыл сайын жерге 2-5 млн. Тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаңда Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады.

Табиға шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:



  • тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;

  • жанартаудың атқылауы;

  • орман, дала және шымтезек өрттері;

  • теңіз бетінен судың булануы;

Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн

радияциясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.

Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің жне т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының осатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есепен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. тонна газ және 30-300 млн тоннаұсақ дисперсті күл тасталып отырады. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатагендік активтілігі жоғары химиялық ластағыштар- сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өртерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 жылы болған орман өрті 1,5 млн. км квадрат ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн. км квадратқа жуық аумаққа таралды.

Атмосфералық ластанудың антропогендік көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жфлыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы , су,, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компаненттердің химиялық құрамы отын – энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Атмосфераға тасталатың 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90 %-ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды. Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ – та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түитін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азаот диоксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары , күкірті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Осылардың ішінде алғашқы бесеуі ауа бассейіне млн. тонналап тасталады.

Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда, ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.
Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсарту бойынша қажетті шаралар.

Атмосфера (грекше :atmos -бу және sphaira ) -шар.Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,09 х 10 тонна. Атмосфера жер бетіндегі барлық тіршілік процстерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.

Атмосфера биогеоценоздың компоненттері ретінде топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.

Атмосфералық ауа - түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08 азот , 20,9 оттегі, 0,93 аргон, 0,03 көмірқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01 басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон т. б газдардың үлесіне тиеді. Жер бетінде оттексіз тіршілік жоқ. Ол жасыл өсімдіктерді тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі.

Өсімдіктер су мен көмірқышқылынан фотосинтез процесі кезінде оттекті бөледі. Ал барлық тірі организмдер оттекті тек пайдаланушылар бодып табылады.Көмірқышқыл газы атмосфераа тірі организмдердің тыныс алуы, отын түрлерінің жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлінелі.

Ауаның құрамынл\да көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі адам мен жануарлар организміне зиянды әсер етеді. Табиғат үшін атмосферның ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Ол, біріншіден фотосинтез үшін көмірқышқыл газының және тыныс алу үшін оттектің көзі. Ол тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды,климатты реттейді,зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды,планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзілетін және басқа да метеорологиялық ппроцесстер жүретін орын, ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасыболып саналады,топырақтың құнарлылығына әсер теді т.с.с

Ғалымдардың пікірі бойынша, қазіргі заманғы атмосфераның шығу тегі екінші реттік және ол Жердің қатты қабықшасынан планета түзілгеннен кейін бөлінген газдардан түзілген. Жердің геологиялық тарихы барысында Жердің түрлі факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңістігіне бөлінуі, вулкандардың әректінен газдардың бөлінуі, күннің ультрокүлгін сәулелерінің әсерінен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттері мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нәтижесінде бөлінетін газдар әсерінен үлкен эволюцияны басынан кешірді.

Ауаны ластаушы көздер

Ластанған ауада адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп денсаулыққа зиянын тигізеді, ал улы заттарн денені улайды.

Ауа жаратылыс жолдармен және адамдардың іс әрекет- терінен ластанады.

Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан,теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақты жел мен дауыл ұшырағанда, орман мен далада өрт болғанда шаң –тозаң, күл т.б аспанға көтеріліп ауамен араласу аррқылы болады.

Желтоқсан мен ақпан айына дейін соғатын тропиктік белдеулер желі Сахараның 60 тан 200 миллион тоннаға дейін шаң көтеріп мыңдаған километр жерге апарады.

1883 жылы Кракатау жанар тауы атқылағанда аспанға көтерілген күл мен тозаң бірнеше жыл бойы ауада болып, Ұлы Британия жағалауына дейін жеткен. 1985жылы желтоқсан айының 19-ында күндізгі сағат 10 даАшгабад қаласын қараңғылық басып, аспан қызғылт сары түсті,жартысағаттан кейін қараңғы болып пәтерлерде шам жағуға тура келді.Сағат 13-те аспан ашылып жарық болса, екі сағаттан кейін қайтадан қараңғы түсті.Сол күні қала үстінен 170 мың тонна шаң өтті.

Теңіз сулары буланғанда ауаға тұз қалдықтары , өрттен кейін күл мен шаң қосылады.

Ауада органикалық қалдықтардың да шаң –тозаңы болады. Оларға бактерия, ұсақ саңырауқұлақ т.б өсімдік және жануарлар қалдықтарының шірінділері жатады.

Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп , көлік, ауыл - шаруакшылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды - тұрмыстық мекемелердің шаң – тозаңы мен қалдықтары жатады.

Жыл сайын атмосфералық ауаға шамамен алғанда мына мөлшерде ластаушы қалдықтар қосылады:

Теңіз сулары тұздары ..........................................550

Топырақ беті заңы ...............................................250

Жанартау атқындылары.......................................80

Өрт күлі мен түтіні................................................70

Жаққан отын күл-түтіні.......................................30

Өнеркәсіп қалдықтары ........................................15

Ауылшаруашылық шаңы.....................................5




Зиянды заттар

Мг/м

Мөлшері

Мөлшері

Азот қостотығы

Аммиак


Ацетатальдегид

Ацетон


Бензин

Бензол


Бутан

Бензапирен

Корбафос

Марганец

Метанол

Мышьяк


Пропилен

Нафталин

Уытсыз шаң


0,085

0,2


0,01

0,35


5

1,5


200

-

0,015



-

0,1


-

3

0,003



0,5

0,085

0,2


0,01

0,35


1,5

0,8


0,1мкг/100м

0,06


-

0,01


0,5

0,003


3

0,003


0,15
Бұл мәліметтерден адамдардың іс-әрекетінен болатын ластану

Гидросфернаың ластануы

Жылына атмосфераны ласатайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд. Тоннаға жетіп отыр. Су обьектілерінің ішінде ең көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, себебі орта есепепен олардағы ластағыштардың концентрациясы 400 мг/л жетіп тоыр. Сонымен қатар, өзендер теңіздер мен мұхиттарды ластайтын ең күшті фактор болып табылады. ЮНЕСКО деректері бойынша (1991ж.) жыл сайын өзендердің суымен 325 млн. т темір, 2,5 млн. т қорғасын, 7 млн. т фосфор теңізге түседі. Кейбір улы заттектер мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып, теңіз фаунасына және адамдар денсаулығына қауіп туғызады. Ластану мұхиттың бойымен біркелкі тарамайды.

Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скванижалардың бұрғылағанда , флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіретін, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар су қоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсер тигізеді.

Өзен, көл, теңіз және мұхиттардың ластану деңгейі кейбір жерде көтерілгені соншалықты, олардың өз-өздігінен тазалану қабілеті жетіспейтін жағдайға жетті. Қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы судың тапшылығы анық сезіле басталды, сондықтан тұзщы суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау мәселелері бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстандағы экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған бюайланымты теңіз табанында көлемі 20млн. га астам Аққұм атты кеңістік пайда болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 млн. т тұзды дауыл көтеріп әкетіп, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне таратуда. Арал теңізінің тұздары соңғы жылдары Түркияның шай плантациясына елеулі зиян келтіруде.

Балқаш көліне келсек, ол республика экономикасы мен экологиясына орасан зор зиян келтіруде. Балқаш көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың тонна жеңіл органикалық заттектермен, 8 мың тоннадай минералды азотпен, 5 мың тонна фтормен, 2 мың тонна темірмен, 1,5 мың тонна бормен, 0,7 мың тонна броммен, 40 т минералды фосформен, 60 т пропанамидпен т.б. улы заттектермен ластанады.
Топырақтың ластануы

Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Топырақты ластайтын компаненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Физикалық ластану – радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында ативтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Химиялық ластану – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери - өндірістік кешендері жатады.

Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдармен ластануының зардабы тұрақты болып келеді.

Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридиоз және т.б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.

Топырақ эрозиясы немесе дефляциясы – су мен желдің және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлылығының төмендеуі.

Қорытынды
Атмосфераның ластануымен гидросфераның ластануын салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен қауіп төндіреді, оның себебі: ауадан гөрі сулы ортада өздігінен тазалану, яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің қатары да көбейе түседі.

Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.

Адам шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан көшетхана эффектісі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар тудыратын метан, азот оксидтері, т.б. газдардың мөлшері өсуде. Атмосфера мен жер бетенің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты алмасып отырады. Атмосфера арқылы Жердің ғарышпен заттектер айналымы іске асады. Атмосфера мен жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты болады. Атмосфера ластанған жағдайда жаңбыр суына онда еріген азот және күкірт оксидтері , тұздар қосылыып ерітінді түзеді де «қышқыл жаңбыр» немесе «тұзды жаңбыр» жауады, тұмша да орын алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Тіршілік қауіпсіздігі» II кітап [1]……………148-159 бет.

  2. Величенко В.М. Первая доврачебная. М. 1989.

  3. Интернет желісі.

www.google.kz.

 http://kk.wikipedia.org/wiki








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет