Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылдың 08 тамызында №8654 тіркелді



жүктеу 87.37 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі87.37 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылдың 08 тамызында № 8654 тіркелді




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі





Национальный Банк

Республики Казахстан

________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ







2013 жылғы 26 шілде
Алматы қ.

201
г. Алматы




Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы 26 шілдедегі



№ 201 қаулысымен

бекітілді
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидалары
Осы Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрі – ЕЖЗҚ) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу тәртібін айқындайды.

  1. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізуге салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шотын ашу, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу, сондай-ақ жеке зейнетақы шотын жабу кіреді.

  2. Жеке зейнетақы шотын ашуға негіздеме:

  1. міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған салымшының өтініші (зейнетақы қағидаларына қосылу туралы шарт);

  2. ерікті зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ, бір жағынан және зейнетақы жарналарының салымшысы, екінші жағынан жасайтын, салымшы өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына БЖЗҚ-ға және (немесе) ЕЖЗҚ-ға енгізген ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт, сондай-ақ ЕЖЗҚ ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті түрде қайтарған немесе одан айырылған жағдайда немесе ЕЖЗҚ қосылу нысанында ерікті қайта ұйымдастырылған кезде салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-ға аудару болып табылады.

  1. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ бір мезгілде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарын электрондық нысанда тіркеуді жүзеге асырады.

  2. Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары зейнетақы жарналарының түрлері (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары) бойынша жеке-жеке теңгемен жүргізіледі және:

    1. міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен – БЖЗҚ салымшының өтінішін қабылдаған (зейнетақы қағидаларына қосылу туралы шарт жасаған) күні);

    2. ерікті зейнетақы жарналарының есебінен – ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған күні ашылады.

  3. Жеке зейнетақы шотының құрылымында мынадай міндетті деректер болады:

А ВВВВВВ СС DD..., мұндағы:


A

- зейнетақы жарнасы түрінің белгісі

1-цифр

Зейнетақы жарнасының түрін білдіреді, мұндағы

«1» - міндетті зейнетақы жарналары,

«2» - ерікті зейнетақы жарналары,

«3» - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары



ВВВВВВ

- баланстық шоттың нөмірі

2, 3, 4, 5, 6, 7-цифрлар

Шоттар жоспарының шотын білдіреді

СС

- өңірдің (облыстың) коды

8, 9-цифрлар

Салымшының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау туралы өтініші берілген не ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасалған өңірдің кодын білдіреді, мұндағы,

«01» - Алматы қ., Алматы облысы;

«02» - Астана қ., Ақмола облысы;

«03» - Солтүстік Қазақстан облысы;

«04» - Павлодар облысы;

«05» - Қостанай облысы;

«06» - Шығыс Қазақстан облысы;

«07» - Қарағанды облысы;

«08» - Ақтөбе облысы;

«09» - Батыс Қазақстан облысы;

«10» - Атырау облысы;

«11» - Маңғыстау облысы;

«12» - Қызылорда облысы;

«13» - Оңтүстік Қазақстан облысы;

«14» - Жамбыл облысы.


DD

- БЖЗҚ немесе ЕЖЗҚ коды

10, 11- цифр

БЖЗҚ коды – «00» цифрлары;

ЕЖЗҚ коды – ЕЖЗҚ лицензиясының кодтарын білдіретін цифрлар






  1. Зейнетақы жинақтарын есепке алуды БЖЗҚ және ЕЖЗҚ зейнетақы активтері құнының үлес шамасы ретінде айқындалатын шартты бірліктің құнын қайта бағалау арқылы жүзеге асырады.

  2. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сомалар келіп түскен кезде БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ келіп түскен соманы сомалар келіп түскен күннің басындағы ағымдағы құны бойынша айқындалатын шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығару бойынша операцияларды БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.

  3. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ шартты бірліктің ағымдағы құнын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес формула бойынша есептейді.

  4. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ шартты бірліктің ағымдағы құнын есептеуді күн сайын жүргізеді.

  5. БЖЗҚ және ЕЖЗҚ шартты бірліктердің күндері мен жиынтық санын көрсете отырып, шартты бірлік құнының күн сайынғы есебін жүргізеді.

  6. БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы ретінде есептелген зейнетақы активтерінің құнын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен айына кемінде бір рет салыстырып тексереді.

ЕЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы ретінде есептелген зейнетақы активтерінің құнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушымен айына кемінде бір рет салыстырып тексереді.

  1. Салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоты:

  1. аударылған зейнетақы жинақтары және зейнетақы жарналарының түсімдері қайтарылмаған жағдайда, зейнетақы жинақтары аударылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін;

  2. салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аудару жүзеге асырылған күннен бастап он екі ай өткен соң;

  3. төленген зейнетақы жинақтары және зейнетақы жарналарының түсімдері қайтарылмаған жағдайда, зейнетақы жинақтары төлеу және (немесе) алу жүзеге асырылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін;

  4. жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы түсімдері және жинақтары болмаған жағдайда, жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап отыз алты ай өткен соң;

  5. салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда, зейнетақы жинақтарын аудару жүзеге асырылатын ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініш келіп түскен күні жабылады.

  1. БЖЗҚ-дағы және (немесе) ЕЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін жабылған жеке зейнетақы шотының нөмірі басқа салымшыға (алушыға) берілмейді.

  2. Жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін БЖЗҚ-ға және (немесе) ЕЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары немесе өзге де сомалар келіп түскен жағдайда, бұл сома қайтару себебі көрсетіле отырып, сома келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірілмей аталған соманың жіберушісіне қайтарылуы тиіс.

  3. Зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларын осы соманы алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) талап еткенге дейін БЖЗҚ және (немесе) ЕЖЗҚ есептен шығаруы тиіс емес.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет