«Қазақстан республикасының Әкімшілік қҰҚЫҒЫ»



жүктеу 0.97 Mb.
бет3/7
Дата02.05.2016
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Пысықтау сұрақтары:

1.Атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі

2.Мемлекеттік билік жүйесі
4 тақырып.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің атқару билігіндегі алатын орны мен маңызы

1.Мемлекеттік қызметтің ұғымы,маңызы және принциптері



2.Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі

3.Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері

1. Мемлекеттік басқару аясына қарай мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік басқару ұйымдарын әкімшілік-басқару қызметін атқаратын қызметкерлердің ,яғни атқарушы-өкім етушілік (мемлекеттік басқарушылық) сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналады.Әкімшілік-басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінеді,ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі,яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты ,көбінесе еңбек құқығы нормаларының реттейтін обьектісі болды. 1995 ж.25-желтоқсанда ҚР Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты.Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 ж.23-шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып ,ауыстырылды.Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызмет.Тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік –қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады.Мемлекеттікқызметші болып танылу үшін тиісті мемлекеттік органда құрылған мемлекеттік лауазымға орналасу керектігімен байланысты. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар белгіленген: а)мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет .Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз.Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып табылады. ә) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз,өйткені,біріншіден,мемлекеттік аппаратта мемлекеттік қызметте болғанымен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және ,екіншіден ,мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес ,сонымен қатар мемлекеттік ұйымдарда құрылады. б) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады- заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды.Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттерін орындауды қамтамассыз болып табылады. в)мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады.Бұл мемлекеттік қызметтен г)мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамассыз ететін міндеттерді орындауын болжайды. ғ)мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды.Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері еңбек ақымен қамтамассыз етіледі. Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы,мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар ,ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады.Тек мемлекеттік аппарат реформаларды,жаңа идеялармен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті,бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен,қай кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алумен ,одан бетер – олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттік қызметтің принциптері ҚР – сы конституциясының республика азматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаға негізделеді (33-б.4-т).Олар мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен нақты жүзеге асырудың аса маңызды заңдылықтарын белгілейді.Мемлекеттік қызмет туралы заңның 3-б-да мемлекеттік қызмет негізделетін принциптер бекітілген. 1.Заңдылық принципы мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР- сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. 2.Қазақстандық патриотизм принципы ,мемлекеттік қызметшінің өз отанын ,халқын сүйетіндігін ,оларға деген терең сезімін ,берілгендігін ,республиканың тәуелсіздігін нығайтуға,онда өркениетті демократиялық қоғам құруға ,елдің экономикасы мен мәдениетін білдіреді. 3.Мемлекеттік биліктің заң шығарушы ,атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан ,мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. 4.Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі.Бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге,сақтауға және қорғауға міндеттейді. 5.Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қаблеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы принципі. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылданған кезде оның нәсіліне, жынысына,ұлтына,тіліне,әлеуметтік тегіне,мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне,иланымына,қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қойуға болмайды. 6.Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі.ҚР-сы Конститутциясының 24-б-ның 1-т-да бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді. 7.Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғарғы біліктілік принципі мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты іріктеген кезде пайданылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтығы, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс-жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қаблеттілігін көрсеткенге беріледі. 8.Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі ҚР-сы Конститутциясының 24-б-ның 2-т-да бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді. 9.Жоғарғы тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өклеттігі шегінде қабылданған шешімдері оындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады. Ол мелекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғарғы күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдардардарға бағыныстылығы негізделеді. 10.Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың , мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін артырудың аса қажетті және тәжірибиеде сыналған пайдалы тәсілдер.

11.Қоғамдық пікірмен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын,мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және рлардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры , құқықтық жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келісуімен шешулерін болжайды. 12.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызды,қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. 13.Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал , ынталы атқарғаны ,ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «мемлекеттік қызмет туралы»заңның 23-б-да қаралған. 14.Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртәпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 15.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын , кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын,арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды,т.б . болжайды.



2.Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері

Мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан , «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнан ,ҚР –ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Мемлекеттік қызметті құқықтық реттеуде ҚР – ның Конституциясы маңызды рол атқарады.Онда мемлекеттік басшы лауазымдарға адамдарды қызметке тағайындау(сайлау) және қызметтен босату туралы Президенттің ,Парламенттің ғоның палаталарының және Үкіметтің құзыреттері белгіленген. «Мемлекеттік қызмет туралы заң» мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздерін ,мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының негіздерін және мелекеттік қызметті өткерудің тәртібін белгілейді.Заңның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің біріңғай жалпы мемлекеттік құқықтық негізін жасау,оған кәсібилік сипат беру.Заң төрешілдікпен ,сыбайлас жемқорлықпен , төрешілдік зорлық-зомбылықпен,жеке адамға берілгендік принципі бойынша кадр іріктеп алу практикасымен күресу үшін құқықтық негізді дамытуға мүмкіндік туғызады.Ол мемлекеттік қызметшілерге ,олардың міндеттеріне тек талаптарды атқаруға ғана емес ,сонымен бірге олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етуге де бағытталған.Заңда көп жаңа маңызды ұғымдар бар:мемлекеттік лауазым,мемлекеттік қызмет,мемлекеттік қызметші,біліктілік дәреже деген не екнендігі және басқалары туралы.Ол мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін немесе орналасқан азаматтарға қойылатын талаптарды күшейте түскен:арнаулы білім,аттестациялау,біліктілік емтихан,қатал тәртіптік жазалар жүйесі жете қабілеттілігі жоқ немесе қара ниет қызметшілердің жолына қатаң кедергілер жасауға толық мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет туралы заң барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылады,бұған Конституцияда ,конституциялық заңдарда немесе өзге де заң актілерінде олар үшін өзгедей құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар қосылмайды. Жекелеген мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін реттейтін бірнеше заңдар бар . Мемлекеттік қызметтің көптеген мәселелері тәртіптік жарғылармен және жеке ережелермен ,нақтылы органдармен олардың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерімен ,Үкіметтің,министрліктер мен агенттіктердің өзге де нормативтік актілермен реттелінеді. Жалпы алғанда мемлекеттік қызмет-күрделі кешенді құқықтық институт,ол құқықтың бірнеше салаларымен реттеледі.Мемлекеттік органдардағы мемлекеттікке жатпайтын лауазымдарда ,сондай ақ мемлекеттік емес ұйымдарда істейтіндердің қызметі еңбек туралы заңнамалармен реттелінеді.



3.Мемлекеттік лауазым

Мемлекеттік лауазым заңмен мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттікпен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі ретінде айқындалған.Лауазым деп қызмет орны түсініледі,ол оған орналасқан адамның құқықтық міртебесін айқындайды.Бұл оның лауазымдық міндеттерінің көлемі,оның лауазымдық құқықтары ,оның өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау үшін жауаптылығының шегі ,сондай-ақ осы адамға қойылатын мамандық және біліктілік талаптар. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды тағайындау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Саяси лауазымдарға: 1.ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер,олардың орынбасарлары; 2.ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент палаталарының төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік сасяси ,олардың орынбасарлары; 3.ҚР-сы Жоғарғы сот аппаратының басшысы,оның орынбасарлары; 4.Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; 5.Орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер,олардың орынбасарлары атқаратын қызметтер жатады. Саяси лауазмдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Бұл екі топ тізілімдері (реестрлері)ҚР –сы президентінің жоғарыда аталған Жарлықтарымен бекітілген.Саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына ҚР-ның Премьер –Министрі ,оның орынбасарлары ,орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары және басқа республикалық мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері жатқызылған. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді.Мемлекеттік әкімшілік лауазым санаты – мемлекеттік әкімшілік атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбеййді. Сонымен мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын жоғарыдағыдай екі топқа бөлуге болудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамассыз ету,саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу ,оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау,сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі мемлекеттік қызметтің лауазымдарын бір ізге келтіруге және басқарудағы қажеті жоқ буындарды қысқартуға бағытталған. Заңда және заңға тәуелді актілерде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар тағайындау арқылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мамандығын арттыруға бағытталған шаралар белгіленген,бұл қабілетсіз адамдарың мемлекеттік қызметке кіруіне сенімді бөгеу болып табылады. Біліктілік талаптары,-делінген Заңда ,-мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін,құзыреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар. ҚР – ның Мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004ж.23-қаңтардағы бұйрығымен «Мемлекеттік әкімшілік лауазым санаттарына типтік біліктілік талаптары» бекітілген. Мемлекеттік органдар осы типтік биліктік талаптар негізінде өздерінің штат кестесінде қаралған әкімшілік лауазымдарына,олардың функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып,біліктілік талаптарын бекітеді. Барлық санаттар топтарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар үшін негізінен мынадай талаптар белгіленген:жоғарғы кәсіптік, тек кейбір санаттар үшін немесе орта кәсіптік білімі;мемлекеттік қызмет өтілі , кейбір лауазымдар бойынша,мысала,С-8,Д-4,Е-5 санаттарына ол талап етілмейді,бар болуы керек. Сонымен бірге әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар ҚР- Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы , «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер» туралы , «Қазақстан Республикасындағы тіл» туралы заңдарын,Қазақстанның 2030жылға дейінгі даму стратегиясын,Қазақстан республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін ,тиісті санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатнастарды реттейтін ҚР-нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.Нақты санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттердің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер талап етіледі. Бұл типтік үлгі талаптар мемлекеттік әкімшілік қызметке азаматтарды таңдағанда,тестілеу бағдарламасын анықтағанда,аттестация жүргізгенде ,еңбекақы тағайындағанда ,әкімшілік қызметшілерді даярлау мен біліктілігін арттыру бағдарламасын жасағанда міндетті түрде басшылыққа алынуға жатады.

4.Мемлекеттік қызметшілер.Лауазымды адамдар

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң 1-б бойынша мемлекеттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртәппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР – сы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайына қарай екі топқа :мемлекеттік саяси қызметшілерге және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бөлінеді.Мемлекеттік саяси қызметші- тағайындалуы ,босатылуы және қызметі саяси – айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін ,мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметші болып табылмайды.Мұндай қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Үкіметтің 1999 ж. 30-желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске асырылады. Бірақ мемлекеттік қызметші лердің құрамы біріңғай емес,олардың мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі атқаратын қызметтері әр түрлі. Және олар біріне – бірі ұқсас емес жағдайларда жұмыс істейді.Сондықтан оларды әртүрлі белгілері бойынша кейбір топтарға бөлуге болады. 1.Мемлекеттік қызметшілерді оларды қызмет атқарып отырған мемлекеттік өкімет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі қызметшілерге бөлуге болады. Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдардың :Президент әкімшілігінің,Үкімет кеңесінің,Парламент Палаталары аппараттарының , т.с.с. өкілеттіктеріне негізделеді. Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселелер жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады. 2.Егер Республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ ,онда азаматтық және милитарландырылған мемлекеттік қызметшілер бөлінеді. 3.Билікті бөлу принциптеріне сәйкес заң шығарушы ,атқарушы және сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады. Заң шығарушы билігі органы –ҚР –ның Парламенті заң шығару және Конституцияда көзделген шектерде атқарушы билік органдарына қатысты бақылау функциясын атқарады.Осы жауапты функцияларды ойдағыдай орындау үшін Парламент палаталарының жоғары білікті аппараттары болуы тиіс.Тек осындай аппарат қана Парламенттің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады. Атқарушы билік органдары мемлекет пен оның аппаратының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамассыз ететін ұйымдық – басқару және атқару –өкім ету қызметін жүзеге асырады.Олардың жүйесінде мемлекеттік қызметшілердің 90% жұмыс істейді.Басқару ең алдымен қоғамдық құбылыстарды ,процестерді,қатнастарды кешенді,жүйелі және болжап көре білу қабілеттілікті талап етеді.Бұл қасиеттер дербес басқару шешімдерін қабылдайтын барлық басшыларға және осы сияқты шешімдерді дайындауға қатысатын өзге мемлекеттік қызметшілерге де қажетҚР- сы Конституциясының 75-б. бойынша сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық,қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.Судьялардың өкілеттіктерін атқаруды қамтамасзы ету ең алдымен тиісті соттардың аппараттарныа жүктелген.Бұлардан басқа судьялардың өкілеттіктерін атқаруды қамтамассыз ету жөнінде бірқатар функциялар жүктелген арнайы мемлекеттік органдар бар.ҚР-сы президентінің 2004ж. 11-қазандағы жарлығымен бекітілген «ҚР-ның мемлекетік қызметшілерінің қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы ережеде» мемлекеттік қызметшілерге қосымша кәсіби білім берудің негізгі нысандары ретінде мынадай түрлері белгіленген:1)Қайта даярлау- мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған ,сондай-ақ басшы әкімшілік лауазымға тағайындалған адамдар үшін алты аптаға дейінгі оқыту курстары; 2)Біліктілігін арттыру –кәсіби қызметтің жекелеген бағыттары бойынша ҚР-да ұзақтығы үш күннен екі аптаға дейінгі ,ал шетелде –бір жылға дейінгі мерзімді оқыту семинарлары ұйымдастырылады. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау ҚР-сы президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясындағы және оның аумақтық орталықтарында – қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыруды ,шетелде оқытуды қоспағанда ,кемінде үш жылда бір рет қамтамасыз етуге тиіс. 4.Лауазымдық өкілеттіктердің көлемі бойынша мемлекеттік қызметшілер лауазымды адамдарға және лауазымды адамдар болып табылмайтын қызметшілерге бөлінеді. Лауазымды адам –бұл ұдайы ,уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдар ұйымдастырушылық –өкім берушілік немесе әкімшілік – шаруашылық қызметтерді орындайтын адам.Лауазымдық өкілеттік –заңдарды белгіленген құқықтары мен негізі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін ,нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.Мемлекеттік қызметшілердің өздері қызмет істейтін мемлекеттік орргандардың өкілеттіктердің қамтамасыз ету мен атқару жөніндегі қызметін әр түрлі бағыттылығы болуы мүмкін болатындықтан, мемлекеттік –қызметтік қатнастар ішкі және сыртқы қатнастарға бөлінеді.Ішкі ұйымдастырушылық құқықықтық қатнастар – бұл осы органның ішіндегі қызметтік бағынушылық қатнастар.Олар әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшіде заңнамалардың негізінде мемлекеттік билік органдарының аппараттарына қызметке орналасуға байланысты пайда болады,өзгертіледі және тоқтатылады.Бұл сияқты құқықтық қатнастардың екінші жағы тиісті лауазымға тағайындауға,ауыстыруға уәкілеттік берілген орган немесе лауазымды адам арқылы мемлекет болып табылады. Сыртқы қатнастар болып заңнамалардың негізінде мемлекеттік қызметші мен оған бағынышты емес өзге субьектілердің арасында өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты қалыптасатын мемлекеттік –қызметтік қатнастар саналады.Бірақ әркім мемлекеттің өкілі ретінде бола алмайды,тек өзінің атқарып отырған лауазымы бойынша атқарушы билік аясында мемлекеттік – билік өкілеттіктер берілген қызметші ғана лауазымды адам бола алады.Лауазымды адамдарға өздерінің жариялы сипаты бар биліктік өкілеттіктерінің өз органдарынан тысқары күші болатын ,мемлекеттік органдар қызметкерлерін жатқызуға болады. 5.Қызмет атқару мерзіміне байланысты мемлекеттік лауазымға белгіленбеген мерзімге тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерді,сынақ мерзімі белгіленетін белгілі бір мерзімге тағайындалатын қызметшілерді бөлуге болады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдары басқа белгілерімен де әр түрлі лауазым санаттары мен топтарына бөлінеді.

5.Мемлекеттік қызметшілер мәртебесінің негіздері.

Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік құқықтық мәртебесі оны құрайтын мына элементтерді қамтиды: құқықтарын; негізгі міндеттерін; шектеулерді; кепілдіктерді; көтермелеуді; еңбек ақы төлеуді; зейнетақымен қамсыздандыруды; жауапкершілікті.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, біріншіден,оларға ҚР-ның азаматы ретінде Конституциямен және заңдармен берілген; екіншіден, олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу фактісімен туындайтын; үшіншіден, мемлекеттік – қызметтік жұмыстың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалатын құқықтық мүмкіндіктердің кешені болып табылады. Мемлекеттік қызмет туралы заңның 8-б. қызметшілердің едәуір көлемде қызметтік құқықтарын бекіткен.Олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

* өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың олардың олардың орындауын талап етуге:

* бекітілген тәртіппен лауазымдық міндеттердің орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға; * лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен ұйымдарда, олардың меншік нысанына қарамастан, болуға; * басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес міндеттердің және қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәлдеп белгілеугді талап етуге; * тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға; * өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

* біліктілігі мен қаблеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отрып, қызметі бойынша жоғарылауға;

* қызметшінің пікірнше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге.

Қызметші өзінің ынтасы бойынша мемлекеттік қызметтің бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға құқылы. Мемлекеттік қызмет өтіліне сәйкес оның зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуына құқығы бар.Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері ( заңның 9-б.):

*Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтау;

*азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

*мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;

*басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғарғы тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өклеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау;



*мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау. Мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген негізгі міндеттерінен туындайтын нақты міндеттері үлгі біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекітетін мемлекеттік нұсқаулықтарда көрсетіледі. Бұлардан басқа мемлекеттік саяси қызметшілердің функционалдық міндеттері ҚР – ның заңдарымен, Президенттің 2000 жылғы 10-наурыздағы жарлығымен бекітілген « Мемлекеттік қызметті өткеру туралы Ережемен », тиісті мемлекеттік орган туралы Ережемен және лауазыдық нұсқаулықтармен айқындалады. Олардың негізгі функциялары мыналар: * мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетін шешімдер қабылда; * қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау; * мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілік және т.б. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргенде құқықтармен міндеттерден басқа заңнамалармен белгіленген бірнеше шектеулер мен тыйымдарды да өз еркімен қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жоғарғы рухани бейнесін және оның лауазымдық өкілеттіктерінің шегінде іс-қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету.


1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет