«Қазақстан республикасының Әкімшілік қҰҚЫҒЫ»



жүктеу 0.97 Mb.
бет5/7
Дата02.05.2016
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Өтініш – өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберуге жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтанбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу

  1. Ұсыныс – адамнын заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамнын әлеуметтік – экономикалык және өзгеде қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы.

  2. Арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардын құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды жәрдем көрсету туралы өтініш – хаты не заңдардың және өзгеде нормативтік құқықтық актілердің бұзылыуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардын жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау.

  3. Шағым – адамнын өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс -- әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай – ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.

  4. Сауал – адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш.

  5. Үн қосу – адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай – ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көз қарасын білдіруі.

Азаматардың өтініштерінің кепілдіктерін арттыра түсуде мына құжаттың үлкен мәні бар. ҚР – сы Президентінің «адамның және азаматтын конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2004ж. 29 қарашадағы жарлығымен, адам құқықтары жөніндегі Уәкілге ҚР – ның заңдамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе прокаратураға заңдық күшіне енген сот шешімін, үкімін, соттың ұйғарымын немесе қаулысын тексеру туралы қолдаухатпен жүгіну жөнінде өкілеттік берілді.

Пысықтау сұрақтары:

Терминдерді талдау


Тақырып 7. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік құқықтық әдістері.

Мақсаты.Атқарушы билікті жүргізу әдістерін талдау

1.Әкімшілк құқықтық әдістер түсінігі.

2.Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер.жаңама басқаруға әсер етуші әдістер

1.Әкімшілік құқық шындығында құқықтық реттеудің барлық әдістерін пайдаланады. Сонымен бірге басқарушылық қатынастарға құқықтық ықпал жасаудың қандай да бір құралдарын таңдауға осы қатынастарда іске асырылатын атқарушы билік өзінің барлық айырықша ерекшеліктерімен шешуші әсер етеді. Бұл орайда ең маңыздысы мынада, қоғамдық қатынастардың ерекше түрін заң арқылы байланыстыру процесі пайда болады, осылардың шегінде бір тарап басқарушы рөлінде, ал екіншісі - басқарылушы рөлінде болады. Сондықтан бұл жерде, мысалы, азаматтық құүқық нормаларымен реттелетін қатынастар үшін тән болатын тараптардың заңды түрдегі тепе – теңдігі болмайтын қатынастар туралы сөз болып отыр.

Соған сәйкес әкімшілік құқықпен реттелген қатынастарды басқарылатындардың еркінің бірыңғай басқарушы ерікке белгілі бір шамада бағынуы әрқашанда едәуір немесе шамалы деңгейде көрініс табады, оны бүлдіруші заңдық биліктің өкілеттіктер берілген атқарушы биліктің қандай да болмасын субъектісі болып табылады. Бұл субъетінің бұлайша іс-әрекет етуінің себебі, ол мемлекет атынан өкілдік етеді және жариялы мүддені білдіреді. Осыдан бұл қатынастарда тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі де туындайды. Тараптары бір құқықтық дәрежеде болатын, мысалы, азаматтық-құқықтық мәмілелермен салыстырғанда, басқарушылық қатынастарда атқарушы билік субъектісіннің ерік білдіруі басқарылатын тараптың ерік білдіруімен бірдей болуы мүмкін емес. Міне не себепті әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды биліктік қатынастар деп жиі сипаттайды.

Бұл формуланың ар жағында жасырын не бар? Ол басқарушылық қатынастар мәжбірлеу құралдарының көмегімен реттеледі дегенді білдірмейме? әрине олай емес, сондықтанда әкімшілік құқықтық реттеудің сипаты мен тәсіліне тікелей әсер ететін ерекше шарттарын бөлу қажет.

Әкімшілік-құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қоғамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік биліктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігін тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан,егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса , бағынуға міндетті.

Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Ең алдымен мынамен , қандай да болмасын атқарушы органға немесе лауазымды адамға тиісті заңдық биліктің өкілеттіліктерді шындығында іске асыру белгілі болып отыр, ол бұл негізінен алғанда басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастардың шартртық түрін болғызбайды. Мұны, мысалы, мынандай факт растайды, әкімшілік – құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда ретрелетін қатынастың бір тарабының ерік білдіруіне жетекші рөл береіледі.

Әкімшілік құқықпен реттелетін нақты басқарушылық қатынастарда тиісінше мынадай көрініс байқалады. Бір жағдайларда қатынастың қатысушысында,қандайда бір атқарушы органның өкілетіліктеріне ұқсас келетін өкілеттіктері жалпы болмайды. Басқа жағдайларда бір тараптың заңдық биліктік өкілеттіктерінің көлемі мемлекеттік- басқарушылық қызмет субъектісінің рөлінде болатын органдікінен аз болады. Мысалы, министрлікте оған қарасты мемлекеттік кәсіпорынның басшысынан өкім етушілік өкілеттіктерінің көлемі, әрине , көп.

2.Ал бұл, өз кезегінде мынаны білдіреді, мемлекеттік басқару аясында реттеудің мынадай механизмі қалыптасады, ондағы азаматтардың , кәсіпорындардың, мекемелердің, мемлекеттік емес құрылымдардың, т.с.с. мүдделеріне қатысты болатын заңды акт олардың өзара ерік білдірудің нәтижесі болып табылмайды.

Оны тек қана өкілетті атқарушы орган немесе лауазымды адам шығарады. Оларға әкімшілік құқықтың нормаларына сәйкес, бұған дейін атап көрсетілгендей,құзырет беріледі, соның шегінде олар бір жақты тәртіппен белгілі бір заңдық міндетті шешімдер қабылдауға құқылы. Дмек, бұл сияқты шешімдер органның қарауынша емес,құқықтық белгілеулердің,негізінде қабылжданады. Сондықтан олар кімге жолданса соған міндетті болады. әрине, олар осы шешімдерді қабылдайтын атқарушы оганның немесе лауазымды адамның өзіне де бірдей өлшекмде міндетті. Басқарушылық қоғамдық қатынстағы тараптардың ең толық көрініс тапқан заңдық өзара қарым-қатынастары осындай.

Шындығында, сипатталған реттеу механизмі мемлекеттік тәртіппен заңдылық талаптарының мазмұнынан тікелей туындайды. Соларға сәйкес мемлекет басқарушылық тәжірибеде пайда болатын мәселелерді, олардың кімнің ынтасы бойынша туындауына қарамастын,біржақты тәртіппен ,бірақ міндетті түрде заңмен заңдарға тәуелді әкімшілік-құқықтық нормалардың негізінде шешуге өкілетті мемлдекеттік басқару аясмында ресми саты белгілейді.

Бұл сияқты сатылардың қажеттігі түсінікті. Азамат, мысалы, қандайда бір әкімшілік – басқарушылық қызметтердің заңсыз іс-әрекетіне өзінің шағымын өзі шеше алмайды. Сондықтан ол бойынша заңды мінд\етті болатын шешім қабылдауға кім ресми өкілетті екенін белгілеу керек; әйтпесе шағымды шешілген деп санауға болмайды. Мысалы, бұл сияқты шағымдар бойынша шешімдерді кімнің іс-әрекетіне шағым жасалынса , соның жоғары

Тұрған органы қабылдайды деп белгіленген.

Басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеудің басқа түрлерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен лицензияларды, яғни белгілі бір қызмет түрімен айналысу үшін өкілетті атқарушы органдар береді, бірқатар мемлекеттік емес құрылымдарды тіркеуді ҚР-сыӘділет министрлігі огандары жүзеге асырады деп белгіленген , т.с.с.

Атқарушы билік органдарының әр түрлі деңгейін арасындағы қарым-қатынастарда сатылы біріне-бірі бағыныш принципі қолданылады, соған сәйкес төменгі тұрған органның кейбір мәселелерді,олар жоғарғы тұрған органның құзыретіне жатқызылғандықтан өзіи шешуге құқығы жок.

Бірақ біржақты заңды түрдегі міндетті нұсқамалардың болуы әкімшілік-құқықтық реттеудің басқарушылық қатынастардың екінші тарабын мәжбірлеуге тіремейді. Мәжбүрлеу реттелетін қоғамдық қатынастарға және оның қатысушыларына заңдық ықпал жасаудың ең соңғы түрі. Ол тек қана атқарушы органдардың(лауазымды адамдардың) нұсқамаларында тұжырымдалған талаптардан бас тартқан кезде, ал ең жалпы нысанда-құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайдаланылады. Мұндай жағдайларда заңдық жауапкершілік пайда болады. Демек, біржақты нұсқамалардың заңдық міндетілігі мәжбірлеумен тепе-тең емес.

Тағы бір ескертетін жағдай , атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруініің біржақты және міндетті болуы тек әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленген тікелей нұсқамалармен тыйымдар үшін ғана тән емес.Әкімшілік әдістің бұл ерекшеліктері ерік беру үшін де, өйткені оларды пайдалану тиісті әкімшілік-құқықтың нормаларымен бұйырылады. Әкімшілік-құқықтың реттеудегі ерік беру құралдарын пайдаланудың механизмі мынадай.

Біріншіден , құқықтық нормалар реттелетін басқарушылық қатынастардың тараптарына тиісті мінез-құлықтың бір түрін таңдауға мүмкіншілік беруі мүмкін. Көпшілігінде бұл әдіс лауазымды адамдардың мінез құлқын реттеу үшін пайдаланады,, бұл орайда олардың әкімшілік-құқықтық нормамен ұсынылған таңдаудан бас тартуға құқысы жоқ.. мәселен ,ӘҚБтК (7 тарау )былай деп белгілеген, құқық бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға өкілеттік берілген лауазымды адам немесе орган мына сияқты бірін таңдап алуға немесе оны жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешуге құқылы.

Екіншіден, құқықтық нормалар басқарушылық қатынастардың тараптарына өзінің қалауы бойынша іс-әрекет жасауға мүикіншілік беруі мүмкін. әдетте, бұл субъективтік құқықтарды жүзеге асырганда болады. Мысалы , азамат қандайда бір лауазымды адамның іс-әрекетін заңсыз деп санағасн жағдайда , оған шағым беру керек пе, жоқпа, ол мәселені өзі шешеді. Сосын,шағымды қандай жолмен-әкімшілік немесе сот арқылы беру туралы мәселені де оны өзі дербес шешеді. Шындығында бұл сияқты ерік беру әдісінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға ресми , яғни әкімшілік құқық нормасын қаралған, рұқсат беру сипаты бар.

Биліктік қатынастардың ерекшеліктері осындай.



Пысықтау сұрақтары:

Әдістерді талдау


Тақырып 8. Әкімшілік мәжбүрлеу.

Мақсаты: Әкімішілік мәжбүрлеудің әкімшілік құқық жүйесіндегі орны

1.Әкімішілік жәжбүрлеу мәні және түрлері.

2.Әкімшілік ескерту шаралары.Бақылау және қадағалау, тексеру құжаттарды

1.Мәжбүрлі қажеттілік. ӘПБтК-те және басқа нормативтік актілерде көзделген әрекетті жасағанымен, бірақ мәжбүрлі қажеттілік жағдайында, яғни мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншік иесінің құқықтарына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және басқарудың белгіленген тәртібіне төнген қауіпті жою үшін әрекет жасаған адам, егер бұл қауіпті осы жағдайларда жою мүмкін болмаса және егер келтірілген зиян жойылған зиянға қарағанда анағұрлым кем болса, заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.

Қажетті қорғану. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті, меншікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, басқарудың белгіленген тәртібін қажетті қорғану жағдайында қоғамға жат қиянат жасаушылықтан қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен қорғаған кезде әрекет жасаған адам, егер қажетті қорғану шегінен асып кетуге жол берілмеген болса, әкімшілік жауапты болмайды.

Құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы есі ауысқан ауру болуы, есінің уақытша ауысуы, кемақылдылығы немесе басқа бір сырқатты күйде болуы себепті өз әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын немесе әрекетін басқара алмайтын адам заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.



Пысықтау сұрақтары:

1.Әкімішілік мәжбүрлеу

2.Әкімішілк мәжбүрлеу қай кезде қолданады

Тақырып 9. Әкімшілік жауапкершілік

Мақсаты: Әкімшілік жауапкершілік түсінігін ашу

1.Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, ұғымы, негізгі белгілері.

2.Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы, жаза түрлері жазаны тағайындау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі.
1.Әкімшілік жауаптылық – заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы заңдық жауаптылыққа тән белгілер әкімшілік құқықта да бар.

Сонымен бірге, заңдық жауаптылықтың жалпы белгілері заңда әкімшілік жауаптылыққа сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауаптылықтың нақ осы түріне сипатты белгілер бекітеді.

Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшеліктері тұтасынан алғанда мыналарға саяды:

1. Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де, немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар.

2. Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.

3. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін.

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.

5. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар (судьялар) қолданады.

6. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданады. Осы белгі бойынша әкімшілік жауаптылық жоғары тұрған органның, лауазымды адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен қызметшілерге қолданатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген жағдайларда осындай тәртіппен материалдық жауаптылық шаралары (әкімшіліктің жұмыскерге өзі жұмыс істеп жүрген жеріне келтірген зияны үшін және т.б. ) қолданылуы да мүмкін.

7. Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.

8. Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшелігі, оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына - әкімшілік жазалар жатады.

Кінәлілер құқық бұзушылық жасаған уақыты мен оры бойынша күші бар заңдар негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады, яғни осы актілер шыққанға дейінгі жасалған құқық бұзушылықтарға да таратылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық тағайындайтын немесе ауырлататын актілердің кері күші болмайды.

Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың:

А) адамдарға;

Б) ұжымдық құрылымдарға – кәсіпорындарға, мекемелерге және басқа ұйымдарға қолданылатын екі тармағы белгілі болып отыр.

Адамдардың әкімшілік жауаптылығын тағайындайтын акті Қазақ ССР-інің әкімшілік право бұзушылық туралы кодексі болып табылады. Ол 1984 жылғы 22 наурызда қабылданып, 1984 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енгізілген.

Қазақ ССР-і ӘПБтК-тің ерекшелігі сол, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді және де әкімшілік жазалар тағайындау туралы қаулыларды орындауды реттейтін нормалар оның құрамдас бөлігі болып табылады.

Сол 1984 жылдан бері бұл кодекске көптеген өзгерістер енгізілді. Солар ескеріліп бұл кодекстің жаңа нұсқалары 1996 және 1998 жылдары орыс тілінде басып шығарылды. Ал қазақ тілінде оның өзгертілген нұсқалары шығарылмады.

Сөз болып отырған кодекс өте ескірді, біраз ережелері қазіргі кездегі қолданылып жүрген Конституцияға және басқа заңдарға сай келмейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері, шарттары және салдарлары Қазақ ССР-і ӘПБтК-інің 20 және 21 баптарында қаралған.

Қазақ ССР-і ӘПБтК-тің 20-бабына сәйкес құқық бұзушылықтың сипаты және құқық бұзушының жеке басының қадір-қасиеті әкімшілік жауаптылықтан босатудың негізі болып табылады.

Әкімшілік жауаптылықтан босатудың салдары әкімшілік жауаптылық туралы материалдарды қоғамдық ықпал жасау шараларын қолдану үшін жіберуге саяды. Материалдар жіберілген органдар мен ұйымдар оларда көрсетілген адамдарға қолданған қоғамдық шаралар туралы материалдарды жіберген органдарға (лауазымды адамдарға) хабарлауға міндетті.

Қазақ ССР-і ӘПБтК-тің 21 бабы бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың мәні шамалы болған жағдайда әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Салдары – ауызша ескерту, ол ешқандай құқықтық зардап туғызбайды.

Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздерін әрекет жасауды (әрекетсіздікті) заңға қайшы келтірмейтін жағдайлардан айыра білу қажет. Бұл жерде мәжбүрлі қажеттілік пен қажетті қорғануды мезгеп отырмыз.



Пысықтау сұрақтары:

1.Әкімішілк мәжбүрлеу түрлері

2.Әкімішілік мәжбүрлеудің жауаптылықтың айырмашылығы
Тақырып 10. Әкімшілік процессуалдық қызмет.

Мақсаты: Әкімшілік үрдіс ерекшелігі

1.Әкімшілік үрдіс. Мәні және түрлері.

2.Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс Тергеу, іс жүргізу сатылары, хаттама оның мәні.Атқарушылық өндіріс



1.Іс жүргізу – бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін жасалатындәйекті іс-әрекеттердің жиынтығы; қандай да бір қызметті жүзеге асырудың тәртібі (мысалы, заң шығару, бюджет, жерге орналастыру, т.б. туралы).

Атқарушы билік іс жүзінде атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әр түрлі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады,олардың заңдық мазмұны әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын қолдану болып табылады. Бұл ол сияқты қызметтің прцессуалдық нысаны болатынын білдіреді, соның шегінде норманың диспозициясында көрініс табатын мақсаттарға, яғни тиісті мінез-құлық ережелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік-басқарушылық қызметке байланысты әкімшілік іс жүргізу туралы айтуға болады. Оның мазмұны мемлекеттік-құқықтық нормалармен қаралған санкцияларды орындауды қамтамасыз ету жолымен атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын заңдық биліктік түрде іске асырудан тұрады. Демек, тиісті атқарушы органдар (лауазымды адамдар), мемлекеттік –басқарушылық қызметті атқара отырып, құқық қолдану және құқық қорғау сипаты бар әкімшілік-процессуалдық іс-әрекеттер жасайды. Сондықтан атқарушы биліктің іс-қимыл жасауын түсіну үшін әкімшілік-процессуалдық қызмет өзінің нысандары және әдістерімен ерекше маңызды.

Жалпы белгілі, дәстүрлі заңдық мағынада «процесс» ұғымын, қағида бойынша, нақты қылмыстық, азаматтық, еңбек және басқа істерді қарап, шешу туралы сот органдарының қызметімен байланыстырады (қылмыстық және азаматтық процесс). Әлбетте, процесс мұндай ұғымында тек құқық қорғау қызметіне тіркеледі, ол сот юрисдикциясы ретінде белгіленеді. Оның негізіне – материалдық қылмыстық және азаматтық құқықтың талаптарынан ауытқуға құқықтың осы салаларының нормаларында қаралған санкцияларды қолдану жолымен соттың көңіл аударуы (реакциясы) жатады.

Мемлекеттік-басқарушылық қызмет негізінен жағымдысипаты бар міндеттерді шешуге арналған. Юрисдикция оның мазмұнын айқындайтын белгі болып табылмайды. Дегенмен де процессуалдық элементтер оған да тән.

Әкімшілік-процессуалдық қызметті түсінудің екі түрі бар. Біріншіден, оны кейде кең көлемде қарайды, яғни мемлекеттік-басқарушылық қызметтің өзі әкімшілік процестің көрінісі ретінде түсініледі. Екіншіден, тар мағынада оны тек материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне ғана тіркейді. Бұл оны соттық іс жүргізу, яғни юрисдикциялық қызметімен жақындастырады.

Әкімшілік процесті сипаттаған кезде осы екі жағдайды да басшылыққа алуға болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі жылдары бірнеше аса маңызды әкімшілік-процессуалдық заңнамалар қабылдап, пайдалануға қосты. Қазіргі кезде басқарушылық қызметтің көптеген маңызды мәселелерін жеткілікті түрде реттейтін заңнамалық актілер бар (мысалы, әкімшілік рәсімдер, рұқсат беру, тіркеу туралы т.с.с.).

Ал әкімшілік-прцессуалдық қызметті тар, яғни юрисдикциялық мағынасында алатын болсақ, ол да негізінен жеткілікті түрде бірізді регламенттелген. Бұл жерде мыналар, мысалы, ӘҚБтҚ тәртіптік іс жүргізуді, азаматтардың шағымдарын қарап, шешуді реттейтін нолрмалар т.с.с. еске алнып отыр.

Сонымен, әкімшілік-іс жүргізу рәсімі оның екі көрінісінен құралады.

а) әкімшілік-рәсімдеулік. Оның мазмұнын атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік-құқықтық нормалармен белгіленген әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі өкім етушілік іс-әрекеттері құрайды (мысалы, рұқсат беру, тіркеу және өзге де функциялармен өкілеттіктерді іске асыру).

ә) әкімшілік-юрисдикциялық. Оның мазмұны – атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) юрисдикциялық қызметті атқару тәртібімен құқық қорғау функциясын жүзеге асыру.

Бұл екі түрді жақындататын жағдай, олардың нәтижесінде жеке-дара құқықтық актілер шығарылады, солардың көмегімен нақты жағдайларға немесе адамдарға материалдық әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылады. Мемлекеттік басқару аясында қандай да болмасын бір себептермен немесе өзге бір ынта бойынша пайда болатын түрлі жеке істерді шешу іске асырылады. Құқықтық норманың не диспозициясын (рәсімін) не санкциясын (юрисдикциясын) жүзеге асыру істің мәніні байланысты болады.

Солай болғандықтан, әкімшілік-процессуалдық қызметтің негізі нақ сол жеке істер болып табылады. Құқықтық нормалардың нұсқамалары қандай да бір органдардың жеке сипаты бар фактілер бойынша (мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық жасау фактісі бойынша, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат беру фактісі бойынша, лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттеріне шағым беру фактісі, т.с.с. бойынша) жеке іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Осы сияқты жеке істерді шешу әкімшілік іс жүргізудің негізін құрайды.

Жеке әкімшілік іс деп әкімшілік-құқықтық нормаларды қолдануға байланысты мемлекеттік-басқарушылық қызмет аясында пайда болатын мәселені және оны шешу мақсатында қажет болатын өкілетті атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) өкім етушілік жедел атқарушылық іс-әрекеттерін түсіну керек.

Әкімшілік іс жүргізу қызметі әкімшілік құқықтың процессуалдық нормаларымен регламенттелінеді және әкімшілік-процессуалдық қатынастарда іске асырылады. Құқықтық нормаларсыз әкімшілік процессуалдық қатынастарда іске асырылады. Құқықтық нормаларсыз әкімшілік процесс заңдық шындық құбылыс ретінде болмайды. Әкімшілік –процессуалдық қызметтің шекарасы соған сәйкес былай айқындалады, әкімшілік процестің шегінде барлық жеке істер емес, тек әкімшілік процессуалдық қызметтің шекарасы соған сәйкес былай айқындалады, әкімшілік процестің шегінде барлық жеке істер емес, тек әкімшілік-процессуалдық нормалармен белгіленген процессуалдық тәртіп қолданылатын белгілі бір істер ғана шешіледі. Демек, құқықтық нысаны жоқ, материалды-техникалық және ұйымдастыру сипаты бар түрлі әрекеттерді әкімшілік процеске жатқызуға негіз жоқ.

Мына бір жағдайды еске ру керек, атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) процессуалдық әректтерінің кейбіреулерін, жеке актілер шығармай-ақ, құқықпен регламенттелген процессуалды шараларды қолдану тәртібімен жүзеге асыруға болады. Мысалы, бұлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің кейбір шаралары (жеке тұлғаны әкімшілік ұстау, төтенше жағдайлар кезінде мәжбүрлеу шараларын қолдану, т.с.с.).

Әкімшілік іс жүргізу мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының қатарына жатпайды, олай болатын себебі ол өзінің заңдық мазмұны бойынша жеке құқықтық актілер шығару сияқты нысанмен қамтылады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде әкімшілік іс жүргізу атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру ретінде мемлекеттік басқару аясында пайда болатын түрлі жеке әкімшілік істерді қарап, шешу жөніндегі атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелінген қызмет болып табылады деуге болады.

Атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) қызметінде көрінісін табатын әкімшілік іс жүргізудің бірнеше нақты түрлері бар. Жеке істердің сипатына байланысты әкімшілік іс жүргізудің ұғымы құрылады.



1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет