Қазақстан республикасының электрондық Үкіметі



жүктеу 54.94 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі54.94 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

e.gov ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТІ


www.egov.kz порталында мемлекеттік баж салығын төлеуді қажет етпейтін электрондық қызметті алу



«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 Заңының 7 - бабының 1 - тармағына сәйкес, «электрондық үкімет» төлем шлюзінде қалыптасатын электрондық чектің қағаз жүзіндегі құжатпен күші тең.

«Электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі - Портал) электрондық қызметтерді алу үшін:



  1. Порталда тіркелу қажет (ЖСН/БСН, электрондық пошта мекенжайы);

  2. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Бұл нұсқаулықта мемлекеттік баж салығын төлеуді талап етпейтін электрондық қызметті алу үдерісін«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойыншаберешегініңжоқ (бар) екендігі туралы мәлімет» беру мысалы негізіндекөрсетілген. Мемлекеттік баж салығын талап етпейтін электрондық қызметтерді алу алгоритмі бірыңғай және төменде келтірілген қадамдардың орындалуына негізделеді.

Порталда жұмыс жасауды бастау үшін шшш.едоу.кгсілтемесі бойынша өтіңіз.


«ЭЛЕТКРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ

1. Порталда тіркелу үшін басты беттің жоғарғы бөлігіндегі «Тіркелу» батырмасына басыңыз



Нәтижесінде келісім орналасқан парақ бейнеленеді. Мүқият оқып шығып, қызметтің субъектісін - жеке немесе заңды тұлғаныбелгілеңіз, «Осы келісімнің шарттарымен таныстым...» мәтінінің алдына белгі қойып, одан кейін «Тіркеу»батырмасын басыңыз.


Жеке тұлға ретінде тіркелу үшін төменде көрсетілген алаңдарды рет-ретімен толтырыңыз:

ч

деректер қорында тегін және атын табу» іздеу сілтемесіне басыңыз жәнепортал автоматты түрде осы ЖСН-ға сәйкес деректерді табады және «Тегі», «Аты» алаңдарына қояды;



  • Пароль ойлап табыңыз (8 символдан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  • Электрондық мекенжай - қолданыстағы электрондық поштаны көрсетіңіз (мысалы: е§оукг@таі1.ги).

Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркеу» батырмасын басыңыз.

* ЖСН -12 саннан тұратын комбинациялар түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі, код жеке куәліктің беткі жағында көрсетілген.


Заңды тұлғалардың Порталда тіркелуі үшін ЭЦҚ қажет. Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін келесі алаңдарды рет-ретімен толтырыңыз:

БСН - Бизнес-сәйкестендіру нөмірі;



  • Пароль ойлап табыңыз (8 символдан кем емес, латын әріптері мен цифрларын пайдаланған дұрыс);

  • Электрондық мекенжай - қолданыстағы электрондық поштаны көрсетіңіз (мысалы: еgovkz@mail.ru).

Сертификат деректері. «Сертификатты таңдау» батырмасына басыңыз, ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) сертификатының сақталу жерін көрсетіңіз=>Менің компьютерім =>Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз сақтаулы папка => RSA…
Барлық алаңдарды толтырғаннан кейін «Тіркеу» батырмасын басыңыз.


«ЭЛЕКТРОҢДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ АЛУ

  1. Авторлану. Электрондық қызметті алу үшін Порталда авторлану қажет, «Кіру» батырмасына басыңыз және өзіңіздің ЖСН (БСН) мен пароліңізді (тіркелу кезінде көрсеткен) енгізіңіз, бұдан кейін «Жүйеге ену» батырмасын басыңыз.




  1. Қызметті таңдау. «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет» беру қызметін:

  • іздеу алаңына қызмет атауын енгізу;

  • «Онлайн қызметтер бір тізімде» батырмасы бойынша өту;

  • сәйкесінше тақырыптық айдардан іздеу арқылы таба аласыз.

Соңғы тәсілге тоқталайық. Басты беттегі «Салық және қаржы» айдарын, бұдан әрі «Салық салу» айдаршасын таңдаймыз.




  • Қажетті сілтемегебасып, қызметтің сипаттамасы мен оны көрсету тәртібі жазылған бетке (қызмет паспортына) өтесіз.

Қызметті алу үшін «Қызметке ОНЛАЙН тапсырыс беру» батырмасын басыңыз


  1. Алаңдарды толтыру және сұранымды жіберу. Ашылған бетте:

  • өзіңіздің Салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН) енгізіңіз;

  • анықтама типін таңдаңыз;

  • анықтаманы ұсыну мақсатын таңдаңыз (мысалы, несие алу немесе тендерге қатысу үшін);

  • анықтаманы үсыну органын таңдаңыз (мысалы, банк немесе уәкілетті орган)






  • «Салық органы» алңында Сіздің СТН тіркелген салық органын таңдаңыз. Бұдан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз.




  • Салық органын таңдағаннан кейін келесі қадамға өту үшін «Сүранымдыжіберу» батырмасын басыңыз.






  1. Сұранымға қол қою. Сұранымға қол қою үшін «Сертификатты таңдау» батырмасы бойынша өтіңіз. Ашылған терезеде электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың (ЭЦҚ) сақтаулы жерін көрсетіңіз=>Менің компьютерім => Сіздің ЭЦҚ сертификаттарыңыз сақтаулы папка:

  1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны 2012 жылғы 1 мамырға дейін алған пайдаланушылар АUTH_RSA... таңдауы қажет.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны 2012 жылғы 1 мамырдан кейін алған пайдаланушылар RSA таңдауы қажет.



  • Сертификатты таңдағаннан кейін сертификат паролін енгізіңіз.

Сертификат дұрыс таңдалған кезде (қол қою тәсіліне қарамай) келесі бетте Сіз туралы деректер - ТАӘ, ЖСН және электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі көрсетіледі. Егер көрсетілген деректер дұрыс болса, «Қол қою» батырмасын басыңыз. Сұраным мемлекеттік органға автоматты түрде беріледі.





  1. Қызмет көрсету нәтижесін қарау. Келесі бетте сұранымыңыздың ағымдағы мәртебесімен: мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі қабылдаған сұранымның нөмірімен, оны көрсету мерзімімен және өңделу мәртебесімен таныса аласыз.






  • «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралыанықтама» беру мерзімі 3-5 жұмыс күндерін құрайды. Осыдан кейін бұл анықтама порталдағы Сіздің профайлыңыздың«Қызметтер алу тарихы» бөлімінде автоматты түрде сақталады.





  • «Қызметтер алу тарихы» бөлімінде Портал арқылы сүраным жасалған барлық қызметтер олардың атауы, сұраным күні және өңделу мәртебесі көрсетіліп сақталады. «Сұраным өңделді» мәртебесі бар электрондық қызметтердің нәтижесін қарауға болады. Ол үшін терезенің сол жақ бөлігіндегі сұранымның нөмірі бойынша өту қажет.





  • Ашылған терезеде электрондық құжат туралы қысқаша ақпарат, деректемелер және құжаттың өзі көрсетіледі. «Нәтижені қарау» батырмасын басыңыз.



Алынған электрондық құжатты PDF форматында қарау үшін AdobeReader (www.adobe.сот) бағдарламасын орнату қажет.



  • Енді Сіз ЭЦҚ-ны өз жеке куәлігіңіздің (жаңа үлгідегі құжат) чипіне жаза алатыныңызды есіңізге саламыз. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жазудың басты артықшылығы - оның қауіпсіз сақталуы, яғни көшіру мүмкіндіне тосқауыл қойылады. Жеке куәлігіңізге жазылған ЭЦҚ-ны смарт карталарды оқуға арналған картридер (Card Reader) көмегімен пайдалануға болады. ЭЦҚ-ны жеке куәлігіңізге өз қалаңыздағы ХҚКО бөлімшелерінде жаза аласыз.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет