Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары



Дата17.04.2016
өлшемі282.62 Kb.




Қазақстан Республикасы Үкіметінің

Қосымша


2013 жылғы « »

Қазақстан Республикасы Үкіметінің



2011 жылғы 7 сәуірдегі

№ 404 қаулысымен


бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды
авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары




  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»

2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету тәртібін (бұдан әрі – АҚҚТ) белгілейді, оның ішінде Қазақстан Республикасының әуежайларында авариялық-құтқару жұмыстарын (бұдан әрі АҚЖ) ұйымдастыруды және өткізуді белгілейді, оған төмендегілер кіреді:



1) авариялық-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігін ұйымдастыру;

2) әуежай (әуеайлақ) және әуежай (әуеайлақ) маңындағы аумақта авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;

3) авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін әуежай қызметтері бөлімшелерінің үйлестірілген іс-қимылдарын, сондай-ақ олардың осы жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да тиісті қызметтермен бірлескен
іс-қимылдарын қамтамасыз ету;


4) авариялық-құтқару жасақтарын құралдармен және жарақпен техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;

5) авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін мамандарды даярлау.

3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) авариялық-құтқару жұмыстары - апатқа ұшырау жағдайындағы немесе зардап шегушілерге уақытылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені;

2) апаттық жедел орталығы (стационарлық командалық орын) – әуежайдағы авариялық жағдай кезінде операцияларды қамтамасыз ету және үйлестіру үшін пайдаланылатын әуежайдың белгіленген аймағы (орны);

3) су жағалауындағы әуежай – ұшып көтерілу және қонуға кіру әуежайға (әуеайлаққа) іргелес шегінде су үстінде жүзеге асырылатын әуеайлақ;

4) шектелген оқулар – әуежайда авариялық жағдайдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес бір немесе бірнеше бөлімше қатысатын оқу әрекеттерінің тиімділігін арттыру мақсатында өткізілетін оқулар;

5) авариялық жағдайдағы толық көлемді оқулар - нақты авариялық жағдай туындағанда тартылатын қолдағы барлық ресурстарды күшейту және пайдалану;

6) әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жер –шегінде әуежайдың күштері және құралдарымен авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын әуеайлақтың бақылау нүктесінен (бұдан әрі – ӘБН) 8 км дейінгі радиустағы аумақ;

7) әуежай (әуеайлақ) аумағы - әуежай күштерімен және құралдарымен авариялық-құтқару жұмыстары жүзеге асырылатын жер немесе су учаскелері.

8) штабтық оқулар – өткізгенде ең төмен шығындармен байланысты оқудың ең қарапайым түрі. Авариялық оқиғаның салдарын жою үшін пайдаланылатын ресурстардың өзара байланыстары мен мүмкіндіктерін тексеру үшін өткізілетін штабтық оқулар тәжірибеде оларды жүзеге асыруға дейін оқиға салдарын жоюға бағытталған әр түрлі шараларды сыни талдаудың, айқындаудың және жоспарлаудың қарапайым құралы болып табылады.

4. Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуежай (әуеайлақ) аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен орындауға бағытталған.

5. Авариялық-құтқару жұмыстары авиациялық оқиға әуежай (әуеайлақ) аумағында немесе әуежайға іргелес (әуеайлақ) жерде болған және апатқа ұшыраған адамдар мен әуе кемесін (бұдан әрі – ӘК) іздестіруге қажеттілік болмаған жағдайда жүргізіледі, оған мыналар кіреді:

1) әуежай (әуеайлақ) аумағында немесе әуежай (әуеайлақ) аумағына іргелес жерде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің жолаушыларын және экипажын құтқару;

2) зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсету және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялау;

3) әуе кемесіндегі өртті сөндіру.

6. Авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуді әуежайдың ұшуларды іздестіру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі – ҰІАҚҚҚ) ұйымдастырады. Әуежай басшысы АҚҚТ материалдық-техникалық жабдықталуын жасауды және дамытуды қамтамасыз етеді.

7. ҰІАҚҚ қызметінің негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

1) әуежай (әуеайлақ) аумағында немесе әуежай (әуеайлақ) аумағына іргелес жерде ӘК ұшуларын іздестіруді және авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету;

2) әуеайлақта ӘК ұшуларын өртке қарсы қамтамасыз ету;

3) әуежай (әуеайлақ, ұшақ айлағы) аумағында және объектілерінде төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысу;

4) әуежай шегінен тыс жерде төтенше оқиға және апатты жағдайдың салдарын жоюға қатысуға (өзара әрекет ету жоспары бойынша);

5) авариялық-құтқару жасақтарының кезекшіліктерін ұйымдастыру және авариялық-құтқару командаларының (бұдан әрі – АҚК) штаттан тыс авариялық-құтқару жасақтарының дайындығын бақылауды қамтамасыз ету;

6) әуежай (әуеайлақ) аумағында өзара әрекет ететін ұйымдармен, мекемелермен және кәсіпорындармен бірлесе АҚЖ өткізу;

7) мемлекеттік өртке қарсы қызметтердің өңірлік бөлімшелермен өзара әрекет етіп ӘК және әуежай объектілерінде өрттерді сөндіру;

8) табиғи және техногендік сипатындағы төтенше жағдай саласының уәкілетті органының бөлімшесімен өзара әрекеттесіп әуежай күштерімен бірге апатқа ұшыраған ӘК экипажы мен жолаушыларды іздестіру және құтқаруға қатысу;

9) АҚК штаттық және штаттан тыс жасақтарының жеке құрамымен оқулар және оқу дайындығын өткізу;

10) бортында жолаушылары бар ӘК қосымша отын құю кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

11) өрт техникасын, жарақты, өртке қарсы құтқару жарағын сынау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету;

8. ҰІАҚҚ қызметінің басшысы:

1) лауазымға тағайындалғанда ҚР АА авиациялық оқу орталықтарында тиісті оқудан өтеді;

2) қызметті басқарады, оның жұмысын ұйымдастырады, оны жетілдіру және болашақта дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;

3) жауапкершілік ауданындағы іздестіруді және авариялық-құтқаруды өткізу туралы есептерді дайындайды, оларды өткізу кезіндегі кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдайды;

4) әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жерде іздестіру-құтқару жұмыстарын және/немесе АҚЖ өткізу туралы есептерді дайындайды, оларды өткізу кезіндегі кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдайды;

5) қажетті іздестіру және авариялық-құтқару техникаға және құралдарға, өрт-техникалық жабдыққа және жараққа өтінім әзірлейді;

6) ІҚЖ және АҚЖ өткізудің озат тәжірибесін АҚК мамандарынының назарына жеткізеді;

7) жаңа авариялық-құтқару және өртке қарсы құралды игеруді ұйымдастырады;

8) АҚК штаттық және штаттан тыс жасақтарының жеке құрамының оқу дайындығын ұйымдастырады және өткізеді;

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласының уәкілетті бөлімшелерінің және органдарының, сондай-ақ, әуежайдағы (әуеайлақ, тікұшақ айлағы) төтенше жағдайдың салдарын жоюға тартылатын басқа мекемелер мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жүзеге асырады.

9. АҚЖ жүргізу үшін әуежайларда АҚК жасақталады.

10. Әуежай (әуеайлақ) аумағында және әуежайға (әуеайлаққа) іргелес авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін ҰІАҚҚҚ басшысы өзара іс-қимылдағы ұйымдармен келісіледі және оны әуежай басшысы бекітетін АҚЖ ұйымдастыру және жүргізу жоспарын әзірлейді. Авариялық жоспарды әзірлеу бойынша нұсқамалық ұсыныстар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

11. Авариялық-құтқару жұмыстары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласының уәкілетті органы бөлімшелерімен, аумақтық денсаулық сақтау органдарының жедел медициналық көмегімен, әскери бөлімшелермен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, өзара іс-қимылдар жоспары бойынша жүзеге асырылады.

12. Авиациялық оқиға орны белгілі болған жағдайда әуежай (әуеайлақ) аумағында және әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жерде (әуежайдың жауапкершілік ауданы) авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Авиациялық оқиға орны туралы мәлімет болмаған жағдайда АҚЖ алдында іздестіру-құтқару жұмыстары (ІҚЖ) жүзеге асырылады.




  1. Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

және орындау тәртібі

13. Әуежай (әуеайлақ) аумағында және әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жерде авариялық-құтқару жұмыстарын әуежай басшысы ұйымдастырады. Авиациялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тікелей басшылық жасау әуежай басшысының орынбасарына немесе әуежай басшысының бұйрығымен тағайындалатын басқа тұлғаға жүктеледі.

14. Авариялық-құтқару жұмыстары:

1) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің алдағы қонуы туралы хабар алған кезде;

2) авиациялық оқиға кезінде;

3) егер жолаушыларды, ӘК экипаждарының мүшелерін эвакуациялау қажет етілсе;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде тұрғындарға көмек көрсету үшін;

5) әуежай басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі.

15. АҚК штаттық және штаттан тыс құрамалардан (жасақтардан) тұрады. Ұшуды іздестіру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) құралдары мен күштерінің құрамынан штаттық өрттен құтқару жасақтары құрылады. АҚЖ негізгі міндеті болып жолаушыларды және экипаж мүшелерін, құнды жабдық пен жүкті, мүмкіндігінше авиациялық техниканы да құтқару болып табылады.

Әуежайдың әрбір ауысымында медициналық, әуеайлақтық, инженерлік-авиациялық қызметтердің (бұдан әрі - ИАҚ), тасымалдарды ұйымдастыру, арнайы көлік қызметінің, авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) және/немесе желілік полиция бөлімі (бұдан әрі - ЖПБ) қызметкерлерінен штаттан тыс авариялық-құтқару жасақтары құрылады.

Өрт автомобильдерінің саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 қаулысымен бекітілген Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамды нормаларымен (бұдан әрі - Жарамдық нормалары) анықталады.

Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметімен (бұдан әрі – ААБ қызметі) тікелей және тұрақты байланысты ұстауға жауапты әуежайдың лауазымдық тұлғалары ААБ қызметіне әуежайдың (әуеайлақтың) ағымдағы ТӨҚҚД санаты туралы, соның ішінде ТӨҚҚД санатының уақытша төмендеуі кезінде ақпаратты ұсынады.

Осындай ақпаратты ұсыну және оны жариялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген әуе кемелерін пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларымен анықталады.

16. Өрттен құтқару жасағы осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес жинақталған өрт автомобильдерімен жабдықталады.

Өрттен құтқару жасақтарын жарақтандыру жергілікті жағдайға және жаңа авариялық-құтқару құралдарының келіп түсуіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.

17. Медициналық жасақ әуежайдың медициналық қызметінің кезекшілік ауысымы есебінен құралады және авиациялық оқиға орнында тікелей алғашқы медициналық көмек көрсетуге, зардап шеккендерді сұрыптауға және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялауға арналған.

Медициналық жасақтың сандық құрамы әрбір медициналық қызметкерге 10 зардап шегушіден аспайтындай есеппен ауысымнан бос медициналық қызметкерлер, санитарлық дружиналар және өзара іс-қимылдағы медициналық және емдеу мекемелерінің күштерімен толықтырылуы мүмкін.

18. Әуеайлақта осы әуеайлақта пайдалануға жіберілген ең ірі ӘК жолаушылар сыйымдылығының төрттен бір бөлігіне арналған тасымалдау материалымен авариялық медициналық төсеуі және зембілі бар санитарлық автомобиль (автомобильдер) және/немесе тіркеме-фургон болу қажет. Автотіркеме-фургонын тіркеп сүйреу үшін көлік құралы ескеріледі. Автотіркеме-фургонды жабдықтау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Медициналық жасақ қажетті көлемде шабадандарымен жарақтандырылған: 10 зардап шегушіге 1 шабадан. Шабаданды дәрі-дәрмек, құралдар және таңу материалдарымен жабдықтау осы Қағидалардың

4-қосымшасына сәйкес анықталады.

19. ИАҚ жасағы мыналарға арналған:

1) апатқа ұшыраған әуе кемесінің негізгі және авариялық шығу жолдарын ашуды қамтамасыз ету және қажет болған кезде өрттен құтқару жасағымен бірлесіп қосымша шығу жолдарын жасау;

2) әуе кемесі салонын желдету;

3) әуе кемесінен және авиациялық оқиға орнынан зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде көмек көрсету;

4) авиациялық оқиға орнынан әуе кемесін эвакуациялау.

ИАҚ жасағы авариялық-техникалық жабдықпен жарақтандырылады.

20. Тасымалдауларды ұйымдастыру қызметінің жасағын медициналық қалыптастырудың медициналық жасағымен бірлесіп құралады және келесілерге арналады:

1) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге және оларды сұрыптауға және эвакуациялауға;

2) зардап шекпеген жолаушыларды авиациялық оқиға орынынан АҚЖ басшысымен көрсетілген орынға тасымалдауға, есепке алуға және қабылдауға;

3) жүк пен багажды ӘК түсіруге және оны уақытша сақтау қоймаларына тасымалдауға және ресімдеуге.

21. Әуеайлақ қызметінің жасағы әуе кемесінің экипажына авиациялық оқиға орнынан зардап шегушілерді эвакуациялауға, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға өртті сөндіру мен жоюда көмек көрсетуге, сондай-ақ авиациялық оқиға орнынан әуе кемесінің ИАҚ жасағымен бірлесіп эвакуациялауға және әуеайлақтың ұшу алаңын жұмыс жағдайындағы қалпына қайтадан келтіруге арналған.

Жасақ жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылады.

22. Мамандандырылған көлік қызметінің жасағы жасақтарды авиациялық оқиға орнына немесе жиналу пунктіне уақтылы жеткізу мақсатында табельге сәйкес АҚК жасағын автокөлік құралдарымен қамтамасыз етуге арналған.

23. АҚҚ және/немесе ЖПБ жасағы оқиға орнын қоршауға, оқиға орнына келуші өзара іс-қимылдағы ұйымдардың күшіне кіруге рұқсат беруге және ілесе алып жүруге, сондай-ақ қажет болған жағдайда, зардап шеккендерді ӘК және авиациялық оқиға орынынан эвакуациялау кезінде көмек көрсетуге арналған.

Жасақтар жоғарыда аталған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін қажетті техникалық құралдарымен жарақтандырылған.

24. АҚЖ жасақтарының аға жетекшілері болып тиісті қызметтер (ауысымдар) бастықтары тағайындалады. Олар АҚҚТ мәселелері бойынша әуежайдың ҰІАҚҚ қызметінің басшысына, ал АҚЖ өткізу кезінде тікелей АҚЖ басшысына бағынады.

25. АҚК аға жетекшісі:

1) әуежайдың (әуе айлақтың) аумағын және координаталық тораппен ауданның жұмыс схемасын білуі керек;

2) өз жасағының жеке құрамын білуі және оларға іздестіру және АҚЖ өткізу бойынша сабақтар мен жаттығулар өткізу керек;

3) жасақтардың қызметкерлерімен әуе кемелерінің құрастыру схемаларын, авариялық-құтқару жабдықтарының орналасқан жерін және оларды жұмыс жағдайына келтіру тәсілдерін, негізгі және авариялық шығу жолдарын, фюзеляждың сыртқы қаптамасын ашу орындарын зерделеу қажет;

4) жасақты АҚЖ өткізу үшін қажетті құралдармен және жарақтармен жабдықтау үшін шаралар қабылдау қажет;

5) кезекшілікке тұрар кезде жасақ қызметкерлерінің бар болуын, сондай-ақ авариялық-құтқару жабдықтарымен жарақтарының дұрыс жұмыс істеуін және бар болуын тексеруі керек. Жасақтың дайындығы туралы АҚЖ басшысына баяндауы қажет;

6) жасақтың авиациялық оқиға орнына немесе жиналу орнына авариялық-құтқару жарағы және техникасымен уақытылы келуін қамтамасыз ету керек;

7) авиациялық оқиға орнында өз жасағының іс-қимылдарына жеке басшылықты жүзеге асыруы қажет.

26. Жасақтарды жинау үшін «Дабыл» және «Дайындық» хабардар ету сигналдары қолданылады.

АҚК жасақтардың жиналуына «Дабыл» және «Дайындық» хабардар ету сигналдары қолданылады:

1) авиациялық оқиға кенеттен болған жағдайда немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуеайлақта күтілетін қонуына 30 минуттан аз уақыт қалғанда «Дабыл» сигналы беріледі.

2) апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуеайлақта күтілетін қонуына 30 минут және одан көп уақыт қалғанда «Дайындық» сигналы беріледі.

27. «Дабыл» сигналы бойынша АҚК барлық жасақтары өз жарақтарымен авиациялық оқиға орнына немесе хабарлаған кезде көрсетілген шаршыға нормативтік уақытта келеді және АҚЖ кіріседі.

28. «Дайындық» сигналы бойынша АҚК барлық жасақтары өз жарақтарымен жиналу орнына келеді және одан әрі АҚЖ басшысының бұйрығын күтеді.

29. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын беру туралы шешім қабылдауды:

1) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы (бұдан әрі – ӘҚҚК органы);

2) әуежай басшысы;

3) әуежайдың ҰІАҚҚ қызметінің басшысы жүзеге асырады.

«Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын жариялауды ұшулар басшысы (аға диспетчер), диспетчер немесе АҚЖ өткізуді талап ететін оқиға туралы бірінші ақпарат алғандарға байланысты АҚЖ басшысы жүзеге асырады.

Жасақтарды хабардар ету уақыты 25 секундтан аспауы тиіс және осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Азаматтық авиация саласында уәкілетті органның лауазымды тұлғалары әуежай авариялық-құтқаруды қамтамасыз ету ұйымдарына инспекциялық тексерулерді жүргізген кезде ІІБ органы арқылы «Дабыл» немесе «Дайындық» оқу сигналдарын жариялауы мүмкін.

30. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын жариялау айналымдық байланыс бойынша немесе белгіленген хабарлау схемасына сәйкес АҚК барлық жасақтарына бір уақытта авариялық арнайы хабарлау аппаратураны қолданумен жүзеге асырылады.

Әрбір әуежайда қайталанатын хабарлау жүйесі көзделеді. Айналымдық байланыс және авариялық арнайы хабарлау аппаратурасы бойынша хабарламаны берудің дыбыстық жазылуы ұйымдастырылады. Әуежайда күн сайын (белгіленген регламент бойынша әуежайдың жұмыс істеуі жағдайында – әуежайдың регламент бойынша жұмыс істеу күндерінде) айналымдық байланыстың және авариялық арнайы хабарлау аппаратурасының жұмыс істеуін тексеру қамтамасыз етіледі.

Апат туралы хабарлу кезінде:

1) ӘК айыратын индекс түрі;

2) авиациялық оқиғаның сипаттамасы;

3) әуежай (әуеайлақ) аумағының координаталық кесте бойынша авиациялық оқиға болған орын немесе шаршы нөмірі;

4) ӘК бортындағы адамдардың жалпы саны (егер ақпарат болса);

5) ӘК бортындағы жүктің бар болуы, сипаттамасы және қауіптілік деңгейі;

6) отырғызу сәтінде бортта отынның қалдығы (егер ақпарат болса) көрсетіледі.

ӘК бортында жағдайға байланысты 4), 5) және 6) тармақшаларымен қарастырылған мәліметтерді алу әрқашан алуға мүмкін емес. Мәліметтер бөлігінің жоқтығы белгілерді жариялауды кешіктіру үшін негіздеме болып табылмайды. ІІБ органы мәліметтерді жинау үшін флайт-жоспарды және әуежай қызметтерінен қол жетімді ақпаратты пайдалануы мүмкін.

Қосымша мәліметтерді алынуына қарай, жиналу орнына қозғалған кезде АҚК жасақтарына олар радио арқылы хабарланады.

31. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алу туралы растауды АҚК жасақтарының басшылары АҚЖ басшысына баяндайды.

Авариялық-құтқару күштерінің және құралдарының әзірлігі туралы растаудың түсуіне қарай, АҚЖ басшылары әуежай басшысына және ІІБ органына авариялық-құтқару күштерінің және құралдарының жұмысқа дайындығы туралы баяндайды.

32. Өзара іс-қимылдағы күштер және құралдарды шақыру АҚЖ басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

«Дабыл» сигналы хабарланған сәттен АҚК жасағы келуінің нормативтік уақыты осы Қағидаларға 5-қосымшасында көрсетілген.

33. «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналын алғаннан кейін АҚЖ басшысы мыналарға міндетті:

1) ІІБ органдарымен байланысты орнату және жағдайды нақтылау;

2) әуеайлақтың ұшу алаңының шегінде авиациялық оқиға орнынан алшақ болғанында авиациялық оқиға орнына 5 минуттан аспайтын уақытта келу;

3) жағдайды бағалау, авариялық-құтқару күштері мен құралдарының жеткіліктілігін талдау. Қажет болған жағдайда, қосымша және/немесе өзара іс-қимылдағы күштер мен құралдарды шақыру туралы нұсқау беру;

4) АҚК жасақтарының және тартылған қосымша күштер мен құралдардың іс-қимылдарын тікелей басқару және олардың іс-қимылдарын реттеуді жүзеге асыра отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуде тиімділік пен ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету;

5) авиациялық оқиға орнын қоршап алып және осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жүргізілетін жұмыс мониторингін ұйымдастыру;

6) әуежай басшысына АҚЖ барысы және қосымша күштің және құралдың қажеттілігі туралы әуежай басшылығына (жедел авариялық орталыққа) баяндау.

34. Авиациялық оқиға орнында АҚК, егер жағдай мүмкіндік берсе, авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы құтқарушылар мен экипаждың іс-қимылдарын реттеу мақсатында, апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажымен көзбен шолу немесе сымды байланыс орнатады.

Жолаушылар мен экипажды құтқару үшін барлық жағдайда ең алдымен борттық авариялық-құтқару жабдығының барлық қешені: басқыштар, арқандар, науалар және басқа да авариялық-құтқару жабдықтары пайдаланылады.

35. Авариялық-құтқару жұмыстарына тікелей басшылық жасау үшін, әуежайда оқиға болған орында АҚЖ ұзақ жүргізілген кезде, дауыс зорайтқыш байланысымен жабдықталған жылжымалы командалық пунктінің болуы қарастырылады.

36. Авиациялық оқиға орнында өрттен құтқару жасағы мен құтқарушылардың іс-қимылдарына:

1) салондағы температураны төмендету мақсатында бір уақытта фюзеляжды салқындатумен әуе кемесіндегі өртті сөндіру;

2) авариялық шығу жолдарын ашу және қажет болған жағдайда фюзеляждың сыртқы қаптамасын ашу;

3) фюзеляждың ішіне кіру, шығу жолдары, ойылған орындар, ойықтар арқылы адамдарды босату және оларды әуе кемесінен эвакуациялау кіреді.

37. Өртті сөндіру өрттен құтқару жасағымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдар әзірлеген ӘК өртті сөндіру бойынша ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

38. Шассиі жиналған немесе толық шығарылмаған ұшақты отырғызуды күткенде ұшу-қону жолақтарын (бұдан әрі-ҰҚЖ) өрт сөндіргіш көбік шашып тастау арнайы шаралар болып табылады.

ҰҚЖ көбік шашу туралы шешімді ӘК командирінің талабы бойынша ІІБ органдарынан алынған ақпарат бойынша, ӘК авариялық отырғызуға дейін 30 минуттан кем емес уақыт бар болған кезде АҚЖ басшысы қабылдайды.

ҰҚЖ көбік шашу туралы шешім ҰҚЖ көбік шашқаннан кейін өрт сөндіргіш машиналарда қалған өрт сөндіру құрамдары (бұдан әрі-ӨСҚ) аталған ӘК үшін талап етілетін өртке қарсы қорғаныс деңгейі (бұдан әрі- ТӨҚҚД) бойынша нормативке сәйкес болған кезде қабылданады.

39. Авариялық ӘК жолаушыларды эвакуациялау бойынша ИАҚ жасағының іс-қимылына мыналар кіреді:

1) негізгі және авариялық шығу жолдарын, ал олар ашылмай қалған жағдайда тиісті техникалық құралдар (дискілі ара, балталар және басқа да жарақтар) көмегімен белгілеген орындарда фюзеляжды ашу;

2) ӘК бортына өту және жерүстіндегі немесе борттық авариялық басқыштарды және басқа да эвакуациялау құралдарын орнату;

3) ӘК тастап шығуда экипаж мүшелері мен жолаушыларға көмек көрсету және өз бетімен қозғалуға қабілетсіз адамдарды эвакуациялау.

40. Авариялық ӘК өртті сөндіру мен одан адамдарды эвакуациялау кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс:

1) фюзеляжды ашу және ӘК зардап шеккендерді шығару кезінде АҚК жеке құрамын зақымдамау және зардап шеккендерге қосымша жарақат алмау үшін сақтық шаралары сақталуы тиіс;

2) өртті сөндіру және эвакуациялау кезінде АҚК жасағының жеке құрамы қорғану жарағын қолдануы тиіс (жылу қорғағыш костюмдер, тыныс алу аппараттары);

3) әуе кемесінен адамдарды эвакуациялау процестерді өрттен-құтқару жасағының жеке құрамы өрттің қалған ошақтарының таралып кетуінің алдын алып, оған бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

4) жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялағаннан кейін өрттен-құтқару жасағы өрттің қалған ошақтарын өшіріп, ӘК бортында ешкімнің қалмағанына көз жеткізу үшін жолаушы салондарының және экипаж кабинасының, ас бөлмесінің, дәретхананың, багаж үй-жайының және гардеробтың көрінбейтін орындарын тексеруі тиіс;

5) жарақат алған жолаушылар мен экипаж мүшелері қауіпсіз орынға (жанып жатқан әуе кемесінен 100 м жақын емес жел жағына) эвакуациялануы тиіс. Эвакуациялаудың қауіпсіз орнын медициналық жасақтың аға жетекшісімен бірге авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы анықтайды;

6) егер жолаушылар саны және экипаж құрамы туралы мәліметтер болса, оларды әуе кемесінен эвакуацияланғандар санымен салыстыру қажет. Айырмашылықтар болған жағдайда, барлық зардап шеккендерді тапқанша іздестіруді жалғастыру қажет;

7) өрттен құтқару және медициналық жасақтар оқиға орнында АҚЖ толық аяқталғанға дейін болуы тиіс.

41. Медициналық жасақтың аға жетекшісі «Дабыл» немесе «Дайындық» сигналдарын алғаннан кейін:

1) авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы арқылы жағдайды нақтылағаннан кейін денсаулық сақтау органдарының өзара іс-қимыл жасайтын күштері мен және құралдарын шақырады;

2) құралдарымен шабаданды тиеуді ұйымдастырады;

3) фургон кілті мен эвакуациялау жоспарын алады;

4) оқиға орнына келеді;

5) АҚЖ басшысымен бірге зардап шеккендерді жинау пункті үшін орын (әуе кемесінен 100 м жақын емес) таңдайды және танымдық белгілерді қояды;

6) қажет болған кезде, АЖҚ басшысы арқылы әуежай үй-жайларында зардап шеккендерді уақытша жинақтау пункттерін ұйымдастырады;

7) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастырады, осы жұмысқа тікелей қатысады;

8) зардап шеккендерді көлікпен эвакуациялаудағы сұрыптауды басқарады;

9) сыртқы жағдайлардың жағымсыз әрекетінен зардап шеккендерді қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

10) қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің мәйіттерін жинау орнын анықтайды;

11) авариялық-құтқару жұмыстары басшысымен тұрақты байланыс және жұмыс барысы туралы оған ақпарат береді.

42. Қалған АҚК жасақтары авиациялық оқиға орнындағы іс-қимылдар бойынша АҚЖ басшысының нұсқауларын басшылыққа алады.

43. Қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау ӘК эксплуатанты мен әуежай (жиі рейстер үшін) арасында бұрын жасалған келісім бойынша жүзеге асырылады. Қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау туралы шешім қабылдау авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия басшысының келісімімен жүзеге асырылады.

44. Әуежайда қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау бойынша 1-Қосымша, «Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. 5-бөлім. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемелерін алып тастау», құжат 9137-АN/898, ИКАО нормалары талаптарына сәйкес әзірленген жоспар әзірленуде. Оған міндетті түрде:

1) алып тастау бойынша операция жүргізген кезде пайдалануға болатын, әуежай аумағында немесе оған жақын жерде орналасқан жабдықтардың тізбесі және қызметкерлердің дайындығы. Тізбеге тип туралы ақпаратты және ауыр жабдықтың орналасуы немесе қажет болуы мүмкін арнайы құрылғылар және әуежайға крандарды және басқа да жабдықтарды жеткізу үшін уақыттың орташа ұзақтығын енгізу қажет;

2) әуеайлақтың барлық учаскелеріне кіре беріс жолдары және әуе электр желілеріне жақын келген кезде крандар үшін қажетті кез-келген арнайы жолдар туралы ақпарат;

3) ӘК алып тастау бойынша операция кезінде пайдалану үшін координаталық тор салынған әуежайлық карталар;

4) тартылған қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары;

5) қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастауға қатысты, типтеріне әуежайда қызмет көрсетілетін, ӘК өндірушілері таратқан, ӘК эксплуатантынан алынған ақпарат;

6) АҚЖ орындалған орынға жол салу үшін техникалық құрал және әуежай қызметкерлерінің бар екендігі туралы ақпарат;

7) отынды сақтауды ұйымдастыру қажеттілігі кезінде аз уақыт жұмсай отыра, ӘК отынды құю мүмкіндігі туралы ақпарат;

8) комиссия басшысымен авиациялық оқиғаны тексеру бойынша өзара іс-қимылдар жатады.

45. «Әуежайлық қызметтер бойынша құрал. Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау», ИКАО, 9137- АN/898, 5-бөлім.» талаптарына сәйкес қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК ұшу жолағынан алып тастау бойынша қолданылатын әдістер анықталады.

ААБ қызметімен тікелей және тұрақты байланыста болатын әуежайдың лауазымды тұлғалары ААБ қызметіне қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастауды ұйымдастыру туралы, әуеайлақта немесе оған жақын жерде ұшу жолағында қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастауды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынады. Қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастау мүмкіндігіне қатысты ақпарат әуежай қызметтеріне алып тастауға шамасы келетін ең ауыр ӘК көрсету арқылы хабарланады.

Мұндай ақпаратты ұсыну және оны жариялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы


№ 1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелері эксплуатанттарын аэронавигациялық қамтамасыз ету қағидаларымен анықталады.

46. Эксплуатанттардың жүгінуі бойынша ҰІАҚҚ қызметі басшысы әуеайлақта немесе оған жақын жерде қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК алып тастау жұмыстарын әуежайда үйлестіруші тағайындалғаны туралы ақпаратты ұсынады.

47. ӘК эвакуациялағаннан кейін бірден оқиға орнын әуежайдың қызметтері күшімен тәртіпке келтіріледі.

3. Тікұшақ айлақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшеліктері

48. Теңізде орналасқан (теңіз бұрғылау қондырғыларында, теңіз кемесінде, жылжымалы теңіз бұрғылау қондырғыларында немесе жасанды аралдарында), тікұшақ айлақтарында (соның ішінде теңіз үстіндегі) теңіз қондырғы менеджері, теңіз кемесінің немесе жүзбелі теңіз бұрғылау қондырғыларының капитаны басшылық етеді.

49. Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында тұрақты команда пункті (бұдан әрі - ТКП) теңіз қондырғысындағы/кемесіндегі радиорубкада ұйымдастырылады.

50. Тікелей өз тікұшақ алаңында және оған жақын жерде жолаушыларды, экипаж мүшелерін және ӘК құтқару бойынша АҚЖ АҚК жүргізіледі.

51. АҚК - тікұшақ операцияларын жүргізу барысында тікұшаққа қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін команда болып табылады және де АҚЖ орындауға дайын болуы тиіс.

52. АҚК :

1) АҚК тікұшақты қондыру бойынша аға технигі болып табылады – 1 адам;

2) тікұшақты қондыру бойынша технигінің көмекшісі – 3 адам;

3) өрт сөндірушілер, тікұшақ алаңында орналасқан әр өрт лафетті ұңғысына кемінде 1 адамнан тұрады.

53. Суда құтқару жұмыстарын өткізу барысында бортында


авариялық-құтқару командасы бар аз дегенде бір құтқару кішкене катері (қайық), тартылуы керек.

54. Суда АҚЖ орындау кезінде, құтқару кемесі жылжымалы (қозғалмалы) командалық пункті (ЖКП) болып табылады.

55. Су үсті кеңістігінде (теңіз, ірі көл немесе су қоймасы) ұшу немесе қонуы жүргізілетін тікұшақ айлақтар, тікұшақ палубалары, сонымен қатар гидротікұшақтары, жүзбелі көлік құралдарымен (кемелер, кішкене кемелер, моторлы қайық) толық жасақтарымен қамтамасыз етілуі тиіс:

1) ТКП және ЖКП әуе байланыс құралдарымен;

2) судағы жұмыс орындарын жарықтандыру жабдықтарымен;

3) дыбыс және жарықтандыру сигналды жабдықтармен;

4)осы тікұшақта пайдалануға рұқсат етілген ең ірі тіқұшақ жолаушылар сыйымдылық санына сәйкес топталған және/немесе жеке жүзбелі құралдарымен.

56. Жарамдылық нормасының талаптарына сәйкес өртке қарсы құрам және апаттан құтқару жабдығының жинағы болуы тиіс.



4. Жағалаудағы әуежайлардағы авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшеліктері

57. Суда АҚЖ жүргізуге арналған үшін жағалаудағы әуежайларда бар немесе теңізші ұйымдарымен, суда құтқару станцияларымен жасалған өзара іс-қимыл туралы шарттар бойынша:

1) суда құтқару станциялары қажетті катерлер санымен;

2) суда құтқару құралдары (салдар, кеудешелер, суға батырмайтын дөңгелек, қол прожекторлары және үн күшейткіш) пайдаланады.

Жеке құрам – штаттық және штаттан тыс АҚК есебі суда апатқа ұшырағандарға құтқару және бірінші көмек көрсету әдістері туралы арнайы оқудан өтеді.

58. АҚЖ жұмыстарын судын астында жүргізу үшін сүңгуір командасы тартылады (шарт бойынша).

59. Суға батып кеткен ӘК және оның бөлшектерінің орның анықтау мақсатында орны буйлармен белгіленеді.
5. ҰӨАҚҚ қызметінің басқа қызметтер және мекемелермен байланысына қойылатын талабы.

60. Авариялық және ағымдағы хабарламаларды нақты беруді қамтамасыз ету мақсатында әуежай ҰӨАҚҚ қызметінің өрт-құтқару командасы арнайы телефон байланысымен, екі жақты радио байланысымен және басқа да қажетті аппаратуралармен жабдықталады және олар:

1) авиациондық уақиға немесе қақтығыс болған жағдайда өртке қарсы көліктер мен қызметкерлердің «Дабыл» сигналы бойынша жылдам дайындалып және шығуы мақсатында ІІБ органы, әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметі және өрт-құтқару командасы арасында тікелей байланысты;

2) апаттық жағдайда қалған ҰӨАҚҚ қызметі мен ӘК ұшқыштар экипажының арасындағы тікелей байланысты (ІІБ органы жоқ әуеайлақтар үшін);

3) қолда бар күштер мен құралдарды күшейту үшін шұғыл жиналу мақсатында кезекшілікте емес ҰӨАҚҚ қызметінің қызметкерлерін ортақ хабар беру ету мүмкіндігімен;

4) әуеайлақта және одан тысқары жерде орналасқан өзара іс-қимыл жоспары бойынша қатысы бар қызметтер мен мекемелерді шақыру мүмкіндігімен;

5) авиациялық уақиға немесе қақтығыс болған жерде табылатын апаттық шұғыл орталық және авариялық-құтқару және өртке қарсы көлік құралдары арасындағы екі жақты радио байланысты қолданумен қамтамасыз етеді.

6. Шектелген көру жағдайында ҰАҚҚ ұйымдастыру және
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

61. шектелген көру жағдайындағы рәсімдер: 550 м төмен көрінетін ҰҚЖ ұшып кететін ӘК үшін енгізіледі; ҰҚЖ шектелген 550 м төмен көрінетін және (немесе) 60м. төмен биіктігіндегі аспанның төменгі шекарасында дәл қону кезіндегі II/III категориялары бойынша ұшып келетін ӘК үшін енгізіледі.

Шектелген көру жағдайында ҰАҚҚ ұйымдастыру және АҚЖ жүргізу кезінде келесі қосымша шаралар қарастырылады:


  1. шектелген көру жағдайындағы рәсімдерді іске қосуды енгізу туралы ҰӨАҚҚ қызметінің өрттен-құтқару есебі ІІБ органы хабарлайды;

  2. ҰӨАҚҚ өрттен құтқару есеп қызметінің кезекшілігі шектелген көру жағдайында қызметінің жасағы немесе ұшудың аяқталуына (тоқталуына) байланысты рәсімдерді алып тастағанға дейін, кезекші өрт автокөліктерінде ұйымдастырылады;

3) кезекшіліктегі ҰӨАҚҚ қызметінің жеке құрамы жеке және топтамалы жарықтандыру және жарықты шағырылыстыратын таңбасы және айыру белгісі бар арнайы киімімен (әскери) жабдықталынады;

4) барлық арнайы автокөліктер танып айыру радиолокациялық жүйесімен, тұманға қарсы фарлармен және арнайы жарық маяктарымен жабдықталады.

Сұраныс бойынша ІІБ органы авиациалық уақиға болған жерге АҚК жасағының бағыттауын жүзеге асырады.

Арнайы автокөлік қазғалыстары танып айыру радиолокациялық жүйесінің тек қана іске қосылған кезде рұқсат етіледі.

Авиациалық уақиға болған жерге келген кезде өрт автокөліктерінің экипаждары апаттық ӘК кетуші және кеткен адамдарға соғып кетпеу мақсатында ерекше сақтықта және абай болуға тиісті.
7. Әуежайда ҰАҚҚ қатысатын мамандарды

дайындау тәртібі

62. Әуежайда ҰАҚҚ қатысатын мамандарды дайындау тәртібі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілген бағдарлама бойынша іске асырылады.

ҰӨАҚҚ қызметінің іздестіру және авариялық-құтқару командасына (бұдан әрі – ІАҚК) жұмысқа орналысушы тұлғалар, авиациалық оқу орталықтарында немесе мемлекеттік өртке қарсы қызметінің оқу орталығында жұмысқа тұрған күннен бастап 6 айдан кешікпей арнайы дайындықтан өтеді.

63. Әуежай АҚК жасағының штаттан тыс мамандарының оқуы мен дайындығы:

1) көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезендерінің жұмысына кәсіпорынды дайындау кезінде жұмыс орны бойынша әуежайларда. «Апаттық жоспарды» оқу және жұмыспен істеп өтегендей дайындық жүргізіледі;

2) авариялық-құтқару командасының жоспарлы үйрену жаттығуларында;

3) авариялық-құтқару командасының бірлескен жоспарлы үйрену мен жаттығуларында және өзара іс-қимылдағы ведомстволар мен ұйымдарда іске асырылады.

64. кәсіпорын басшысы бекіткен оқу жоспары бойынша күнтізбелік жыл бойы ҰӨАҚҚ қызметінің іздестіру және авариялық-құтқару командасының жеке құрамымен кәсіптік теориялық және тәжірибелік дайындық үнемі жүргізіледі.

Өрттен құтқару жасғының кәсіби дайындығы мен жаттығулары, өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша арнайы жұмыстардың барлық жүктелген түрлерін орындауды қамтамасыз ететін дайындық көлемінде жүргізіледі.

65. ҰӨАҚҚ жеке құрамы әр 5 жыл сайын біліктілігін көтеру бойынша куәлік (сертификатын) беру арқылы:

1) өрттен құтқару командасының қызметкерлері Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің оқу орталықтарында немесе авиациалық оқу орталықтарында;

2) қызмет бастығы, оның орынбасарлары, АҚЖ басшылары – мемлекеттік қорғау Республикалық курстарында немесе «ҰӨАҚҚ қызмет басшылары. Іздестіру және апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» категориялары бойынша азаматтық авиация курстарында оқудан өтеді;

66. Бағдарламаларға сәйкес, әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет басшысы алдағы оқу жылына АҚК штаттан тыс жасағының техникалық жабдықталуын есепке ала АҚК шаттан тыс жасағының жеке құрамының оқу тәртібі мен жүйелілігі анықталатын, отырып, тематикалық жоспарларды дайындайды,.

67. Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет басшысы оқу мен жаттығулардың және жаттығу өткізу кестесін дайындайды, олардың өткізу жоспарларын жасайды, процесінде жеке құрамның әрекетін талдап және оларды бағалайтын, талдау жүргізеді.

Әуеайлақ маңындағы және әуеайлақ аумақтағында АҚЖ ұйымдастыру және өткізу бойынша апаттық жоспарды пысықтау үшін, келесі шаралар өткізіледі:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган бөлімшелерімен бірлесіп, аймақтық деңсаулық сақтау органдарын жедел медициналық көмегімен, әскери бөлімдерімен және құқық қорғау органдарымен, 2 жылда 1 рет кезеңділікпен толық масштабты оқуы;

2) ҰӨАҚҚ қызметінің кәсіптік деңгейін ұстау мақсатында штаттық және штаттан тыс АҚК жасағының жылына 1 рет кезеңділікпен шектеулі оқуы;

3) Толық масштабты немесе шектеулі оқулар өткізілетін жарты жылдық кезеңінен басқа, жартыжылдықта бірден кем емес кезеңділікпен қажеттілік жағдай барысында апаттық жоспарды өзгертуге әкелетін штабтық оқулар Жаттығулар:

- айына 1 рет өрттен құтқару және медициналық есебімен;

- қалған (штаттан тыс) есептерімен АҚК – тоқсан сайын;

- АҚК-мен (әр ауысым сайын) – жылына 2 рет өткізіледі.

Осыдан басқа кәсіпорында күзгі-қысқы навигациясыға (бұдан әрі - КҚН) және көктемгі-жазғы навигациясыға (бұдан әрі - ЖКН)маусымдық дайындық барысында әр өртті сөндірудің оперативтік жоспары жедел түрде жүргізіледі.

68. Өрттен құтқару жасағының кезекшілікті жүргізу барысында:

1) кестеге сәйкес теориялық оқу;

2) әуежайда ҰӨАҚҚ қызмет басшысының шешімі бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізіледі.

69. Әр әуежайда теориялық оқу мен тәжірибелік жаттығуларды өткізу үшін осы Ереженің 7 қосымшасына сәйкес авариялық-құтқарудың оқу-материалдық базасы мен оқу-жаттығулық полигоны құрылады.

Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет басшысы авариялық-құтқарудың оқу-материалдық базасы мен оқу-жаттығулық полигонының даму, пайдалануын және ұйымдастыруды бақылауын іске асырады.

70. Әуежай басшысы авариялық-құтқарудың оқу-материалдық базасы мен оқу-жаттығу полигонының құрылуы мен дамуын қамтамасыз етеді.

71. Жеке құраммен жаттығулар:

1) штаттық өрттен құтқару және медициналық есебімен - айына 1 рет;

2) АҚК штаттан тыс есептерімен – тоқсан сайын;

3) АҚК-мен (әр ауысымда) – жылына 2 рет өткізіледі.

72. Тәжірибелік оқулықтар мен жаттығулар процесінде келесі іс-қимылдар бойынша жүргізіледі:

1) авиациалық оқиға туралы хабар;

2) оқиға орнына нормативтік уақытта АҚК есебінің келуі;

3) зардап шеккен ӘК іздестіруін ұйымдастыру және орындау;

4) ӘК негізгі және апаттық шығуларын ашу;

5) ӘК фюзеляжын ашу;

6)ӘК жолаушыларды және экипаждарды эвакуациялауын ұйымдастыру;

7) зардап шеккен жолаушылармен және оларды қарсы алушылармен, және туыстарымен жұмыс тәртібі;

8) ӘК салондарының вентиляциясы;

9) ӘК өртті сөндіру;

10) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;

11) зардап шеккендерді медициналық мекемелерге эвакуациялау;

12) әуеайлақтың ұшу алаңынан ӘК эвакуациялау.

73. Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызметінің жеке құрамына теориалық дайындық, тәжірибелік оқу, жаттығулар және оқу процесінде:

1) «Дабыл» және «Дайындық» сигналдарын хабарлау жағдайында іс әрекеттер мен хабарлау сигналын;

2) АҚЖ жүргізу барысындағы іс-әрекет тәртібін;

3) АҚЖ жинақты жабдықталған апаттан құтқару қарулары мен жабдықтарының құрылымы және пайдалану тәртібін;

4) авария және апат барысында ӘК кіру әдістерін;

5) әр түрлі жағдайларда адамдарды құтқару әдістерін;

6) алғашқы өрт сөндіру құралдарының құрылымы мен қолдану тәртібін;

7) жану және материалдардың өртену тактикасы мен өртті сөндіру тактикасын;

8) зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсетуді;

9) зардап шеккендерді медициналық мекемелерге эвакуациялауды;

10) әуеайлақтың ұшу алаңынан ӘК эвакуациялауды меңгеруі тиіс.


8. Теңіздегі әуеайлақта ҰАҚҚ қатысатын

мамандарды дайындау

74. Авариялық жағдайда теңіздегі тік ұшақ айлағындағы ҰАҚҚ қатысатын барлық ҰАҚҚ мүшелерінің әрекеттері теориялық және тәжірибелік дайындықтары бойынша сәйкес болуы керек.

75. Оқыту және тәжірибелік дайындық «Тікұшақ айлағындағы авариялық әрекет ету командасының мүшесі» бағдарламасы бойынша 2 жылда 1 рет жүргізіледі.

76. АҚК барлық мүшелері айына 1 рет нақты әуеайлақта апаттық жағдайда жаттығуларын жүргізеді.


9. Қазақстан Республиксының әуежайларында (әуеайлақтарында) ҰАҚҚ бойынша инспекциалық бақылау

77. Әуежайда және тікұшақтарда ҰАҚҚ бойынша инспекциалық бақылауды азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган іске асырады.

Әуежайдың ҰӨАҚҚ қызмет бастығы тоқсан сайын азаматтық авиациа саласындағы өкілетті органға ҰӨАҚҚ қызмет жағдайы туралы есеп береді. Есеп нысаны азаматтық авиациа саласындағы өкілетті органы белгілейді.

78. Жоспардан тыс инспекциалық бақылау мына жағдайда жүргізіледі, егер осы Ереженің талаптарын бұзушылығы туралы ақпарат түскен болса.

79. Инспекциялық тексеруді жүргізу барысында ҰӨАҚҚ қызметің тексеруі жүргізіледі, жоспарлы тексеруді өткізу барысында ҰӨАҚҚ қызметің инспекциялық тексеру парағына сәйкес алдында болған бұзушылықтарды жою.



80. Тексеру қорытындысы бойынша жай нысанда екі данада акт жасалынады, әуежайдың (тікұшақ айлақтың) иесімен немесе басшысымен және инспекциялық бақылауды жүргізетін тұлғамен (тұлғалармен) қол қойылады.





Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет