Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



жүктеу 0.72 Mb.
бет2/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Кез-келген сүзгілердің құрылысы қарапайым болып келеді. Біртекті емес


сұйық (суспензия) сүзгішке беріліп, сұйық фазасы сүзіледі, ал қатты фаза тұнба болып сүзгіштің бетінде қалып қояды.

Биотехнологияда сүзгі аппараттары келесі мақсаттарда қолданылады:



  • дақылды сұйықтардан биомассаларды бөлу үшін;

  • құрамында биологиялық активті заттары бар ерітінділердің түсін өзгерту (осветления);

  • залалсыздандырып, сүзу үшін;

  • биологиялық активті затты ерітінділерінің тұнбаларын бөлу үшін.

Биотехнологияда сүзгілер ішінде барабанады сүзгі – пресі және үздіксіз әрекетті таспалы сүзгісі ең тиімді болып табылады.

Барабанды сүзгі- престің негізгі жұмысшы органы көлденеңінен орнатылған айналатын барабан болып табылады.

Барабан бірнеше секцияға бөлінген. Барабан бір рет айналу кезінде секциялары төрт зонадан өтіп шығады.

Барабан секцияларының сыртқы беті материалмен жабылып сырты сүзетін бельтинг талшығымен қапталған.

Барабанның айналу жиілігі 0,13 – 3 айн/мин дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Арнайы цапфаға орнатылған үштірекпен, барабан айналысқа келеді. Барабан астында тұғырығы (поддон) бар. Сонымен қатар тербелетін араластырғышы және құйып отыратын науасы бар.

Барабанды сүзгінің жұмысы келесі түрде жүзеге асырылады.

Барабанды сүзгілерді тот баспайтын –берік болаттардан, сонымен қатар, пластмассалардан және сырты резинкамен қапталған материалдармен жасайды.

Осыған байланысты барабанды сүзгілерді температурасы 00-тан 500-қа дейінгі агрессивті суспензиялар үшін де қолдануға болады.



Сүзгінің жұмыс істеуі келесідей жүзеге асады.

Дақылды сұйықтың суспензиясы қозғалатын таспаның үстіңгі тармағына келеді.Таспамен қозғалып вакуумды камерасынан өтеді. Сұйық құрамындағы қатты заттар таспа беттерінде қалады, ал сұйық фильтраты таспаның саңылаулары арқылы сүзіледі. Таспа ары қарай қозғалу арқылы таспа бетінде қалған тұнба жуылады.Осыдан жуылған фильтрат келесі вакуумды камераның сүзгісіне келеді. Қатты заттары ары қарай жылжып кептіріледі де, талшықтан пышақпен алынады және қабылдағыш шанағына түседі.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.


Дәріс 8. Биотехнологияда қолданатын флотаторлар
Дәріс жоспары:

1. Флотатордың конструкциясы.

2. Флотатордың жұмыс істеу принципі

3. ВНИИ синтезблок флотаторы.

4. Эжекторлы-ағынды насос сұлбасы.

Флотация көбінесе:



  • Көп түрлі дрожжи өндірісінде дрожжиларды концентрлеу үшін;

  • Жиналған суды тазалау үшін қолданылады.

Флотация деп – суспензиялардың құрамына кіретін ұсақ қатты бөлшектердің бөліну процесін айтады. Ол процесс ауа көпіршіктеріне жабысу қабілетіне, яғни көбік түрінде концентрленіп, қалқып шығуына негізделген.

Ауа көпіршіктерінің қалқып шығуы негізінде, араласқан қабат пайда болады. Ол келесілерден тұрады:



  • дрожжилардың ауа көпіршіктерінен.

  • культуралды сұйықтық біраз мөлшерінен.

Флотатордың төменгі бөлігінде қосылған культуралды сұйық қалады,

ол жоғарғы бөлігінде – бастапқы культуралды сұйықтан 4-6 есе көп дрожжилардың концентрациясы.

Биотехнологияда флотаторлардың қолдану келесілерге мүмкіндік береді:


  • сепараторлардың санын азайтуға;

  • өндіруге аз мөлшерде энергетикалық шығынды азайтуға;

  • технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз етуге.

Флотация коэффиенті депфлотатордан шығатын суспензиядағы биомасса концентрациясына бастапқы суспензиядағы биомасса концентрациясының қатынасын айтады.

К=С / С


Өндірістік жағдайда флотация коэффиценті 4-6 тең. Егер ол жоғарылайтын болса, яғни бұл көрсеткіштен, аппараттың өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Дрожжилы флотаторлар келесідей классификацияланады:

а) ауамен қанығу тәсілімен;

б) аппараттың конструкциясымен.

Ауамен қанығу тәсілі бойынша 3 топқа бөлінеді:

1 топ – флотациялау алдында бастапқы культуралы сұйықтың 0.7 мПа қысыммен ауамен, диаметрі 0.01-0.1 мм көлемдегі көпіршіктердің пайда болуына дейін қанықтырылатын аппараттар.

2 топ – көмекші құралдар арқылы диаметрі 1.0 мм дисперстелген ауа көмегімен берілетін аппараттар.

3 топ – электрофлотаторлар жатады. Оларға электроттар орналасады, оларды культуралды сұйыққа орналастырады, нәтижесінде оттегімен, диаметрі 0.05 мм ұсақ көпіршікті сутегі пайда болады.

Флотатор тұрығының жоғарғы бөлігінде химиялы көбіксөндіргішке арналған жинағыш ыдыс орнатылады.

Флотатордың түбкі бөлігінде өттелген культуралды сұйықтың шығуына арналған гидротығын бар.

Флотатордың жұмысы келесідей жүзеге асады:

- бастапқы культуралды сұйық алдын-ала ауамен қанығып, дрожжиөсіргіш аппараттан флотатордың I-секциясына келіп түседі.

- бұл секция флотатордың 2/3 бөлігін алады, яғни 225 шамасында және де одан 80% дрожжи алынады.

- келесіде сұйық II; III; IV; V секцияларға араласады.

- культуралды сұйықтың бір секциядан келесі секцияға өтуі болып тұратын қалқалар көмегімен жүзеге асады, яғни бөлгіш қалқалар аппараттың төменгі түбіне дейін жетпейді.

- бұл секцияларға қосымша аэраторлар арқылы ауа беріледі, ол 10.5 және 2% дрожжи алуға мүмкіндік туғызады.

- секциялардан келетін көбік ішкі стақанға келеді де механикалы көбіксөндіргіш арқылы сөндіріледі.

Эжекторлы-ағынды насос сұлбасы.

Культуралды сұйық қысым әсерінен келтеқұбыр арқылы соплаға беріледі;

Сопло арқылы культуралды сұйық қатты ағыс түрінде үлкен жылдамдықпен комбинирленген араластырғыш камераға бағытталады. Бұл камера: - коленадан

- конфузордан

- цилиндрлі мойыннан тұрады

Бұл камерада дрожжилы суспензияның ағыны құбырдан келетін ауамен араластырылады.

Бұл қоспа қатты ағыс түрінде диффузорға келеді де, ал осыдан сорғыш келтеқұбырға келеді.

Пневмомеханикалық флотатор.

Бұл флотаторлар жиналған су мен көп мөлшерде қоспа мен кір заттары бар технологиялық ерітінділерді тазалауда қолданылады.

Бұндай флотатордың бір түрі тұрығы төртбұрышты болып келеді.

Тұрықтың ішінде:



  • көбікалғыш, желоб.

  • қалақшалары бар қозғалмайтын статор.

  • айналатын жұмысшы дөңгелек-импеллер орнатылған.

Бұл флотатордың жұмысы келесідей:

Кір заттары бар жиналған су статор қалақшасымен айналатын жұмысшы дөңгелек-импеллер арасындағы алаңға беріледі.

Импеллер астында пайда болған зарядсыздану алаңына қарқынды түрде ауа сорылады да, сұйықпен бірге араласып кетеді.

Қоспа бөлшектері мен ауа бөлшектерінен пайда болған көбік, айналмалы көбікалғыш барабан арқылы желобқа лақтыролады.

Мұнда, яғни желобқа көбік бұзылып, қайтадан флотация және түссізденуге жіберіледі.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.


Дәріс 9. Қатты қоректік ортада (ҚҚО) микроағзаларды культивирлеу үшін орналасқан жабдықтары.

Дәріс жоспары.

1. ҚҚО-да микроағзаларды культивирлеуге арналған өсіргіш құрылғылардың классификациясы.

2. Микроағзаларды беттік өсіруге арналған үздіксіз барабанды құрылғы

Бұл құрылғы микробиологиялық өндірісте өсіргіш құрылғы д.а.

Өкінішке орай, ҚҚО-да микроағзаларды культивирлеу әдісі биотехнологияда кеңінен таралмаған.

Сұйық қоректік ортада (СҚО) микроағзаларды культивирлеу әдісімен салыстырғанда ҚҚО-да микроағзаларды култивирлеу әдісінің келесі артықшылықтары бар.


  • ферменттер биосинтезінің жылдамдығы 5-8 есе артық.

  • алынған дақылдың қатысты ылғалдылығы шамамен 40-50%, ал СҚО-да культивилеуде - 80-95%.

  • бұл жағдай келесі сатыларда, яғни концентрлеу (қоюлату) және кептіру кезінде энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Берік механикаландырылған өсіргіш құрылғылар болшмағандықтан, бұл кеңінен енгізілмеген.

Қатты (шартты түрле) қоректік орталарғаа тамақ өндірісінің қалдықтарын, көбінесе:



  • сабанды, мақта, және күнбағыс қабықшаларын, жүгеріні картоп және қант қызылшасын өңдеуінен қалған қалдықтарын, богассаны және т.б. жатқызады.

Осының барлығынан микробиологиялық снтез көшегімен қоректік белок өңдеуге болады.

Бұл аппарат үшін келесі құрастырмалы қасиеттер тән:



  • бұл өсіргіш аппараттық барабаны конусты-цилиндрлік формадағы айналатын мойынша (обечайка) түрінде жасалған.

  • конусты- цилиндрлік барабан 1 қуысы бар екі цапфа арқылы рамада орнатылған.

  • барабан Петрянов сүзгіші матасымен тартылған жүктеу люгімен 5 жабдықталған.

  • барабан жетек көмегімен айналады (сұлбада көрсетілмеген).

  • оң цапфа арқылы барабанға құбырөткізгіш 7 кіреді, ал:

а) буды; б) стерилденген суды; в) ауаны г) егінді дақылды кезектеп беру үшін арналған.

  • сол цапфа арқылы барабанға екі тармаққа тармақталған құбыр 11 кіреді, ол буды және өсірілген дақылдың суспензиясын шығару үшін арналған.

  • бір тармақтың ұшында қалақшаларға 4 дірілдеу туралы хабар беретін металды штифтер 3 орнатылған.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.


Дәріс 10. Микробиологиялық синтез алуға арналған ферментаторлар.

Дәріс жоспары.

1. Сұйық қоректі орталарда микроорганизмдерді кеңінен өсіруге арналған герметикалы ферментаторлар.

2. Механикалық араластырғышы бар барботажды ферментатор

3. Орталарды пневматикалық араластыратын ферментаторлар.
Ферментаторлар немесе культиваторлар деп, тікелей микроорганизмдерді өсіруге арналған апараттарды айтады.

Ферментаторлар микробиологиялық синтез алуда ең негізгі аппараттар болып табылады , шағын және ірі кәсіпорындарда кеңінен қолданылады.

Ферментаторлар бірнеше түрлеріне байланысты келесі түрде жіктелінеді:


  1. Өсіру (культивирования) әдісіне байланысты:

    1. сұйық қоректі орталарда тереңінен өсуге арналған;

    2. қатты қоректі орталарда беттік өсуге арналған.

  2. Өсіру циклінің құрылымы бойынша:

    1. үздіксіз әрекетті;

    2. үздікті әрекетті.

  3. Зарарсыздандырылуы бойынша:

    1. герметикаландырылған ферментаторлар;

    2. немесе герметикаландырылмаған ферментаторлар.

  4. Герметикалы аппараттардың конструкциялық ерекшелігі бойынша:

    1. араластырғыштары және диффузорлары бар ферментаторлар;

    2. айналдыратын аэраторлары бар ферментаторлар;

    3. механикалы араластырғыштары бар ферментаторлар;

    4. сыртында циркуляция жүретін контуры бар ферментаторлар;

    5. колонналы ферментаторлар;

    6. эжекционды жүйелі аэраторлары бар ферментаторлар.

Зарарсыздандырылған микроорганизмдерді өсіру процесін қамтамысыз ету үшін, ферментаторлар герметикалы болуы қажет және зарарсыздандыру процесі жүзеге асу керек.

Зарарсыздандыру арқылы аппаратты, құбыр жүйелерін бақылап өлшейтін және автоматты аспаптардың датчиктерін бумен зарарсыздандыру;

-- зарарсыздандырылған қоректі орталарды және егілетін таза дақылдарды

ферментаторға беру;

-- өсетін дақылдарға аэрациялауға (желдетуге) арналған

зарарсыздандырылған ауа беру.



Механикалық араластырғышы бар барботажды ферментатор

Бұл ферментатор өндірістерде кеңінен таралған және конструкциясы өте

қарапайым болып келеді.

Ферментатордың корпусы тік цилиндрлі, мен түбі эллипс тәрізді жасалған

болып келеді. Ал корпусының көлемі 63 м құрайды.

Аппараттың қақпағына келесі құрылғылар орнатылған:

-- араластыратын құрылғының жетегі және механикалы көбікбасқыш ;

-- сақтандыру құрылысы;

-- қоректі орталар, егілетін материалдар, көбікбасқыш, ауаның кіруіне және

шығуына арналған келте құбырлары;

-- көретін терезесі және жуатын головканы кіргізуге арналған люгі бар.

Орталарды пневматикалық араластыратын ферментаторлар.

Бұл ферментаторлардың сыртқы жағы орталарды механикалық араластыратын ферментаторларға ұқсас болып келеді, бірақ механикалық араластырғыш құрылғысы орнатылмаған.

Ферментатордың ішінде аэраторлау құрылғысы ретінде жалғауыш құбыры бар цилиндрлі түрде жасалған диффузор жабдықталған. Аэратор, яғни тозаңдатқыш құрылысы аппаратың остік бойына орнатылған.

Ауа қысымымен аэраторға кіреді де, қалақшалы бағыттаушының көмегімен ауалы-сұйық эмульсиясы иірімді қозғалыс жасайды.

Эмульсия ішкі тұйық контурымен үздіксіз циркуляция жасайды:

-- бірінші, цилиндрдің үстіңгі жиегінен өтеді;

-- екінші, аэратордың сыртқы жағымен және аппараттың ішкі

қабырғасы арасындағы сақиналы кеңістікпен өтеді;

-- үшінші, жалғауыш құбыр арқылы қайтадан үстіне қарай көтеріледі

Осы ферментатордың конструкциясына ұқсас пневматикалы араластыратын шарты ферментаторлар (шары бар аппарат) және ауаны фарсункамен беретін ферментаторлар бар.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.


Дәріс 11. М.О-ң культивирленуін зарарсыздандырылмаған үрдістерді жүргізетін ферментаторлар.
Дәріс жоспары.

1. Лефрансуа ферментаторы.

2. Өздігінен соратын араластырғышы бар ферментатор.

3. Интенсивті масса алмастырғышы бар ағысты ферментатор.


Бұл ферментаторлар қоректік дрожжилардың көптонналы өндірісінде қолданылады.

Қурылысы бойынша бұл ферментаторларды микробиологиялық талдауда қолдануға болады.

Бірақ та негізгі айырмашылығы мынада:


  • булы

  • үрленген

  • немесе басқа қорғау орны – болмайды. Мұнда жабайы микрофлораға ферментатордың ішкі қуысында инфицирлену жүреді.

Ол орындарға алдымен мыналай жатады:

  • айнамалы біліктер,

  • келте құбыр, жең.

Былайша айтқанда:

  • сулы (гидролизді) – дрожжилы өндірістің ферментаторына.

  • герметикалық үрдісіне талаптар төмен, антибиотик, аминқышқылдары, ферменттер.

  • басқа да микробиологиялық талдау өнімдерінің өндірістік ферментаторларына қарағанда.

Лефрансуа аппараты дрожжилардың суслода өсіруінде кеңінен қолданылады, ол сулы-дрожжилы өндірістің қалдығы болып табылады. Оларды кейде эрлифт типті ферментатор деп те атайды. Бұл типті аппараттың сыйымдылығы 250, 320, 600, 1300 м3.

Өздігінен соратын араластырғышы бар ферментатор.

Қолданылатын ауа бөлгіш жүйелі ферментатор (барботер, бүркігіш) ауаның электрэнергиясының шығынын көп мөлшерде қажет етеді. Осыған орай ауаның энергияның шығынын азайту үшін механикалық циркуляциялық жүйелі - әр түрлі қурылысты ферментаторлар жасалған.

Мұндай аппараттарда үлкен ауалы ағыс ортасының аэрациясының орнына жіңішке ауалы ағыс аэрациясы қолданылады. Ол мұнадай:


  • біріншіден, аэрация үрдісін жақсартады,

  • екіншіден, ауа шығынын азайтады.

Осындай ферментаторлардың бірі болып Вальдгоф ферментаторы табылады. Оның құрылысы:

  • цилиндрлі вертикальды аппарат;

  • аппараттың ортасында оны екіге ішкі сыртқы бөлікке бөліп туратын диаметрі 1,2 м биіктігі 3,0 м болатын тік цилиндр (3) орналасқан;

  • сонымен қатар бұл цилиндр жылу алмастырғыш ретінде қолданылады;

  • ферментатордың ортасында сондай-ақ диаметрі 200 мм толық білік орналасқан, оның жоғарғы бөлігіне ауа жіберіледі;

  • білікке электроберіліс орналытған;

  • біліктің келесі ұшында бөлгіш жәшік орналасқан, одан 5 иілген құбыр сегнерлі сақина (4) түзеді;


Интенсивті масса алмастырғышы бар ағысты ферментатор.

Бұл ферментаторда интенисвті масса алмасумен ағысты әдісте қолданылады.

Ол келесідей жұмыс істейді:


  • Ортадан тепкіш сораппен сұйық вертикальді ферментаторға жиналады;

  • Ол сұйық ферментатор шихтысының қабырғасымен төмен ағады, сақиналы ағын түрінде;

  • Шахтының төменгі ұшында алғашқы сақиналы турбулизирленген сұйық ағыны құбыр қимасына батырылады, одан ағыс түрінде ағады;

  • Будан төменгі қысым туады;

  • Шахт басындағы тесік арқылы төменгі қысымды ауданда ауа сорылады;

  • Бунда ауа сұйықпен гомогенді қоспа түзеді;

  • Аэрирленген сұйық еркін ағыс түріндегі кинетикалық энергия қоры арқылы ферментатор түбіне дейін жетеді;

  • Осы кезде культуральді сұйықта турбулентті өріс пайда болады;

  • Газ көпіршіктері, ферментатор түбінен жоғары көтеріліп, турбуленттік өріске қайта келеді.

Аэрация жүйесінің көмегімен үлкен ферментаторларға оттегі жеткізеді онда жоғары интенсивті араластыруға жетеді.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.
Дәріс 12. Биотехнологияда қолданылатын сепараторлар.
Дәріс жоспары.

1. Сепаратордағы барабанның принциптік құрылғысы



2. Бактерияны бөіп алуға арналған сепараторлар.

Сепарирлеу қолданылады:



  • нан және желе ашытқыларын концентрлегенде;

  • эмульсияны бөлгенде;

  • булағыш аппараттары мен ультрафильтрациялық құрылышарды концентрлеу алдында биологиялық активті заттардың ерітінділерін түссіздендігенде (тазалауда).

Биотехнологияда технологиясы жағынан сепараторлар 5 топқа бөлінеді:

  1. Бөлгіштер – эмульсияны болу үшін, яғни 2 бірдей ерімейтін суйықтықтарды (мысалы, су және парафин).

  2. Тазалағыштар – қатты фазаны суспензиядан болу үшін (мысалы, суйықтықтан микробиологиялық суспензияның тасуша ларын).

  3. Тазалағыш – бөлгіштер – роторды жинауда тазалағыштар және бөлгіштер ретінде жұмыс істеу үшін.

  4. Қоюлатқыштар (концентраторлар) – эмульсияны сепарирлеу кезінде коллойдтық немесе өлшенген компоненттерінің концентрацияларын жоғар латумен бірге өнімді бөлу үшін.

Классификаторлар – заттың тығыздығы мен мөлшері бойынша суспензияның өлшенген компоненттерін классификациялау үшін.

Ротордан тұнбаны (қатты фазада) жою әрісі бойынша:



  1. Ротор тоқтағанда тұнбаны қолмен түсіретін сепараторлар.

  2. Ортадан тепкіш поршендік тұнбаны үздікті түсіру сепараторлары (өздігінен түсіретін).

  3. Тұнбаны үздіксіз ортадан тепкіш түсіру сепараторлары (соплалық сепараторлар).

Түссізденген және тазаланған сұйықтықтарды беру және жою бойынша барлық сепараторлар 3 топқа бөлінеді:

  1. Ашық сепараторлар.

  2. Жартылай жабық (жартылай герметикалық) сепараторлар.

  3. Жабық (герметикалық) сепараторлар.

Тұнбаны қолмен түсіретін ашық сепаратордағы негізгі жұмыс органы барабан болып табылады.

Сепаратордағы барабанның принциптік құрылғысы

а) бөлгіш-сепаратордағы барабанның сұлбасы

б) тарелкаұстағыш

в) аралық тарелка

г) бөлгіш тарелка

Барабан электродвигательдің фрикционды ортадан тепкіш муфта және винттік біріліс арқылы айналады. Ол оның айналу санын 5000 мин-1 дейін жоғарлатады.

Бактерияны бөліп алуға арналған сепараторлар.



  • Бұл сепараторларды бактофугтар деп те атайды.

Олар биологиялық активті заттарды бактериялық тазалау өндірісінде қолданылады:

  • ферменттік, витаминдік, бактериялық препараттарды, аминқышқылдарды және медикалық антибиотиктарды.

Бактофуга:

  • герметикалы, жоғары жылдамдықты соплды сепаратор;

  • түссіздіндіргіне түрінде құралған;

  • суыту үшін жейдемен жабдықталған;

  • және концентраттық деарациясымен бактерияны устауға және қабылдауға арналған циклоннан құралған.

Бактофуга мыналардан құралған:

  • фрикциондық муфтасы бар колденен орналасқан біліктен және винттік бірілісі бар буынтық және тормозы бар станидан;

  • сіңу насосымен винттік доңгелегі бар тік орналасқан біліктен;

  • тік орналасқан ойық біліктің үстіңгі бөлігінде тарелкоұстағышы бар барабан және тарелкалы пакет орнатылған;

  • бактофуганын барабаны периферияда орнатылған екі сопламен жабдықталған;

  • бастапқы сұйық тарелканы пакетке білік арқылы барабанға астыдан үстіге беріледі;

  • қатты бөлшектер (бактериялар) ротор қабырғаларына бағытталады және сопла тесіктері арқылы сұйықтың біраз бөлігімен үздіксіз түсіріледі;

  • сепарирленген сұйықтың негізгі бөлігі бактофуганың барабанынан үстіңгі келте қубыр арқылы жойылады.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.


Дәріс 13. Биологиялық активті заттар (БАЗ) ерітінділерін мембраналық бөлуге арналған қондырғылар
БАЗ ерітінділерін бөлудің мембраналық әдістеріне жататындар:

  • кері осмос;

  • микрофильтрация;

  • ультрафильтрация;

  • диализ;

  • электродиализ;

  • мембрана арқылы булану;

Мембраналық процестер негізгі мембраналардың қандай да бір ерітінділері селекциялық, яғни таңдаулы түрде бөлу қабілеттілігінде жатыр.

Бұл процестер мыңдаған жыл эволюция кезінде табиғатта тірі организм клеткаларында түзілген жартылай өткізуін мембрана көмегімен бөлудің әмбебап және жетілген әдісіне ұқсас.

Мұндай мембраналарға жасуша және сыртқы орта арасында зат алмасуы жүретін жануар және өсімдік жасушаларының қабықшалары мысал бола алады.

Мембраналық процестер жұмсақ технологиялық режимдеуде өтеді. Бұл мобильді (тұрақты) заттармен жұмыс істеуде маңызды мембраналық процестер бір уақытта мыналарды жасауға мүмкіндік береді:



  • тазалық;

  • ерітінділерді концентрлеу;

сонымен қатар мембраналық процестер былай да жүреді:

  • фазалық өзгерістерсіз;

  • жылусыз;

Бұл биологиялық активті заттар шығынын азайтуға жағдай тудырады.

Мембраналық әдістер арқылы жоғарғы дәрежелі концентрлеу (250 есеге дейін) және 50% дейін концентраттар алуға болады.

Мембраналық құрылғылардың келесідей артықшылықтары бар:


  • конструкциясының қарапайымдылығы;

  • үлкен емес габариттер;

  • автоматиацияның ең мүмкіндігі;

  • экономдылық;

Ультрафильтрацияға қолданылатын мембраналар 5-50 нм дейін ірі органикалық молекулаларды ұстап қалады.

Кері осмосқа қолданылатын молекулалар мынаған қабілетті:



  • 2,5 нм мөлшердегі молекулаларды ұстап қалуға;

  • бірақ бұл кезде қысым жеткілікті жоғары болу керек (4-10 Мпа-дан жоғары).

Мембраналық бөлу процестерінің кемшілігі:

  • ерітінділерді дайындау және алдын-ала тазарту керек;

  • концентрациялық поляриацияның, яғни мембрана бетінде ерітілген заттың жоғары коанцентрациясының пайда болуы;

  • канализацияға түсер алдында тазалауды және утилизацияны қажет ететін перматтың жеткілікті мөлшерінің түзілуі;

  • (Перлиат – кері осмос кезінде мембрана арқылы өткен сулы ертінді)

  • мембраналардың бөлшектік қабілетін келесі схемадан көруге болады;

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.
Дәріс 14. Модуль типі ультрафильтрационды құрылғылар.
Дәріс жоспары:

1. УКФ-15/20 ультрафильтрационды қондырғы сұлбасы.

2. Жұмыс істеу принциптері
Бұл құрылғының ерекшілігі – олардың конструкциясында модульға жиналған мембраналарды уақытында ауыстыру мүмкіндігі бар.

Нәтижесінде қызмет көрсету жеңілдейді, селективті мембраналарды орнатуда ауыр жұмыстар болмайды.

Осындай құрылғының бірі - УКФ – 12/20 құрылғысы. Ол үздіксіз әрекетті және ерітінділерді концентрлеуге арналған.

УФ – 15/20 құрылғысына кіретіндер:

Цилиндрлі тұрығы екі жағынан қақпақтармен герметикаланған мембраналық аппарат;

Корпуста бағыттаушыларға жайпақ рамалы типті екі модуль орнытылған.

Модуль жайпақ фильтрлеуші элементтер пакетінен тұрады;

Пакет пермеат әкетуге арналған каналдары бар ернелік (фланец) тартпа (стыжка) арасында қосылып тұрады;

Пермеат сыртқа аппарат тұрығында орналасқан слйктер (нипель) арқылы шығады.

УКФ-15/20 ультрафильтрационды қондырғы сұлбасы.

Құрылғы келесідей жұмыс істейді:

Шығын ыдыстары 1 жұмысшы ерітінді циркуляционды сораппен 2 бір алдын-ала

Фильтр 3 арқылы мембраналық аппаратқа 4 бағытталады.

Мұнда концентрлеу немесе тазалау процесі жүреді.

Содан еретінді мембраналық аппараттан жылуалмастырғышқа 6 бағытталады.

Содан соң жүйедегі қысымды реттеуге арналған кедергіш винтиль 5 (дроссель) арқылы пермеат шағын ыдысқа 1 қайта оралады.

Концентрлеу деңгейі шығынды сұйықтықтың көлемінің азаюымен анықталады.

Өзінді тексеруге арналған сұрақтар

Ұсынылатын әдебиет:

1. Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.

2. Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.
Дәріс 15. Ультрафильтрациялы мембраналар
Дәріс жоспары

1. Ультрафильтрация процесі

2. Мембрана селективтілігі



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет