Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1001 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1001 қаулысымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама



1. Бағдарламаның паспорты

Атауы           Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту


                жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14


негіздеме       сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан
                Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
                дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
                мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі
                Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар
                жоспарының 3-тармағы

Әзірлеуші       Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа


                технологиялар министрлігі

Мақсаты         Химия өнеркәсібінің одан әрі дамуына жағдай жасау

Міндеттері      Бағдарламаның мақсатына мына міндеттерді іске
                асырған кезде қол жеткізілетін болады:
                1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту.
                2. Озық технологиялар негізінде жаңа бәсекеге
                қабілетті химия өндірістерін құру.
                3. Ішкі нарықты отандық өндірістің бәсекеге
                қабілетті, экспортқа бағдарланған қосылған құны
                жоғары химиялық өнімдерімен толтыру.
                4. Ресурстық базамен қамтамасыз ету.
                5. Тиімділігі жоғары технологияларды жасауға ғылым
                әлеуетін тарту арқылы химия өнеркәсібі
                кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру.
                6. Химия өнімдерінің экспорттық әлеуетін ұлғайту.
                7. Білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Іске асыру      2010-2014 ж.ж.


мерзімдері

Күтілетін       Химиялық өнімдерді өндіру жалпы көлемін 2 есеге нәтижелер       арттыру.


                Химиялық өнімдерді экспорттау көлемін 2 есеге
                арттыру.
                Химиялық өнімдердің 6 жаңа түрін өндіруді
                ұйымдастыру.
                Каустикалық сода өндіру көлемі кем дегенде 33 мың
                тонна.
                Хлор өндіру - 9,6 мың тонна.
                Тұз қышқылын өндіру - 45 мың тонна.
                Натрий гипохлоритін өндіру - 6,6 мың тонна.
                Минералды тыңайтқыштар өндіру - кем дегенде 1 млн.
                тонна.
                Химиялық шикізатты өңдеу және байыту бойынша 4
                нысанды іске қосу.
                Күкірт қышқылын өндіру - 2527 мың тонна.
                Жарылғыш заттарды өндіру көлемі - кемінде 15 мың
                тонна.
                Гуматтар мен биопрепараттар өндіру - жылына 600
                тонна.

Қажетті         Бағдарламаны іске асыруға 2010-2014 жылдары


ресурстар       меншікті және қарыз қаражаты, сондай-ақ бекітілген
мен оларды      республикалық бюджет шеңберіндегі қаражат
қаржыландыру    бағытталатын болады.
көздері        

2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде химия өнеркәсібінің одан әрі дамуына жағдай жасау мақсатында әзірленді.


      Бағдарламаны әзірлеу "Қазақстан Республикасын" үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен күшін жойған «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2009 - 2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 641 қаулысымен көзделген саланы реформалау бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың жалғасы болып табылады.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      1. Сала жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау


      Әлемдік және отандық химия саласын салыстырмалы талдау осы саланың Қазақстан жағдайында даму үшін үлкен әлеуетке ие екенін көрсетті, сала өнімдерінің үлкен шоғыры іс жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларында, сондай-ақ күнделікті тұрмыста пайдаланылуы мүмкін. Химия саласы бүкіл әлемде экономиканың нақты секторларының басқа салалары үшін шикізаттардың, жартылай өнімдердің, материалдардың ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады.

Химия өнеркәсібіндегі өнеркәсіп санының және персонал санының өзгеруін талдау (2004 - 2009 жж.)

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

«Химия өнеркәсібі» қызметінің негізгі түрі болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорындар саны

212

223

220

217

223

206

Негізгі қызмет персоналының саны, мың адам

16,1

14,0

13,6

13,6

14,2

14,8

      2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы отандық химия өнеркәсібінде персонал саны анағұрлым төмендеді. Сонымен қатар, ұқсас кезеңде 11 өнеркәсіп іске қосылды. Қызметкерлер саны 2,1 мың адамға қысқаруы ірі кәсіпорындардың жабылуымен, өндірістер рентабельділігінің және айналым құралдарының жетіспеушілігімен негізделеді.
      2009 жылғы жағдай бойынша өңірлерде ірі және орта химия кәсіпорындарының шоғырлануы төмендегідей:
      Оңтүстік Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнімдерін, минералдық тыңайтқыштар, тұрмыстық химия құралдарын, лактар мен бояулар өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ техногенді қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар орналасқан. Республиканың оңтүстігінде бір ірі кәсіпорын - «Қазфосфат» ЖІДС (Жамбыл облысы) орналасқан.
      Батыс Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнімдерін, жарылғыш заттар, минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындар орналасқан. Қазақстанның батысында екі ірі кәсіпорын - «ҚазАзот» ЖШС (Маңғыстау облысы) және «Ақтөбе хром қосылысы зауыты» АҚ (Ақтөбе облысы), сондай-ақ бір орта кәсіпорын - «Нитрохим» қазақстандық оқ-дәрілерді кешенді кәдеге жарату орталығы» ЖШС бар.
      Солтүстік және Шығыс Қазақстанда органикалық және органикалық емес химия өнімдерін өндіретін, сырлар мен боялуар, полиэфирлі шайырлар, жарылғыш заттар, газға қарсы құралдар мен респираторлар, өсімдіктерді қорғау құралдарын және металлургиялық өндірістің қосалқы өнімі ретінде күкірт қышқылын өндіретін кәсіпорындар орналасқан. Республиканың бұл өңірінде орта кәсіпорындар орналасқан - «Каустик» АҚ (Павлодар облысы), «Орика - Қазақстан» АҚ, «Үлбі - ФторКешен» ЖШС, «Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауыты» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы). Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» АҚ (күкірт қышқылын шығаратын ірі металлургиялық кәсіпорын).
      Орталық Қазақстанда органикалық емес және органикалық химия өнімдерін, лактар мен бояулар, жарылғыш заттар, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тұрмыстық химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар орналасқан. Республиканың бұл өңірінде химия кәсіпорындарының үлкен саны, оның ішінде өндірістің жанама өнімі күкірт қышқылы болып табылатын металлургия саласының ірі кәсіпорындары («Арселор Митал Теміртау» АҚ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, Қарағанды облысы), сондай-ақ Қарағанды облысындағы орташа кәсіпорындардың оннан астам - «Максам Қазақстан» ЖШС, «Вертекс-Инициатив» ЖШС, «Эгофом» ЖШС, «Alian Paint» ЖШС, «Гербицидтер» ЖШС, «Прогресс - Сельхозхим» ЖШС және де басқалары орналасқан.

Химия өнеркәсібі қызметінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Өнімді өндіру көлемі (тауарлар, қызметтер), млн. теңге

43 170

53 912

54 064

72 258

106 157*

85 542*

Нақты көлемінің индексі (бұдан әрі - НКИ), %

111,7

95,3

103,6

128,6

109,3

76,3

Саланың өнеркәсіптік өнімдердің жалпы көлеміндегі үлесі, %

1,1

1,0

0,8

0,9

1,1

1

Саланың өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі үлесі, %

2,8

2,9

2,2

2,4

3,2

2,9

Жалпы қосылған құн (бұдан әрі - ЖҚҚ), млн. теңге

18 693,8

20 785,4

24 719,4

35 201,7

50 982,4

44 128,4

Саланың ЖІӨ-дегі үлесі, %

0,84

0,74

0,57

0,69

0,76

0,64

      * - деректер экономикалық қызмет түрлерінің жаңа жіктеушісі бойынша келтірілген.
      2004 - 2008 жылдар аралығында экономикалық қызмет түрі бойынша өндіріс көлемінің артқаны байқалды. Бірақ дүниежүзілік рецессияның әсерінен 2009 жылы өндіріс көлемінің төмендегені байқалады. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы өндірілген өнімнің жалпы көлемі - 85 542 млн. теңгені құрайды, 2008 жылы бұл көрсеткіш 20 615 теңгеге артық болды.*
      2009 жылы өнімдердің НКИ 2008 жылмен салыстырғанда 23,7%-ға төмен. Бірақ, 2010 жылдың екінші тоқсанында 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда НКИ-нің өсімі 53 % құрады. Өндіріс көлемінің қалпына келуі байқалады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес қазіргі уақытта қазақстандық химия кәсіпорындары ЖІӨ шамамен 0,76 % (2008 ж.) және 0,64% (2009 жылдың бірінші жартыжылдығында) өндіреді, алайда сала дамудың үлкен әлеуетімен сипатталады. Қазақстанда 2008 жылға дейін химия өнеркәсібінің өсу қарқыны жылына шамамен 5% құрады, қаржы дағдарысы саланың өнімін 3%-ға қысқартуға алып келді
      Жалпы өнеркәсіптік өнімнің құрамындағы химия өнеркәсібінің үлесі 1 % айналасында болды. Мысалы 2007 жылы - 0,9 %, 2008 жылы - 1,1 %, 2009 жылы - 1,0%. Бұл ретте осы кезең ішіндегі өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі химия өнеркәсібінің үлесі 2,4-тен 3 %-ға дейін құрады, атап айтқанда, 2007 жылы - 2,4 %, 2008 жылы - 3,2 %, 2009 жылы - 2,9 %.
      Химия өнеркәсібінің ЖҚҚ соңғы жылдары: 2007 жылы 35 201,7 млн. теңгені, 2008 жылы - 50 982,4 млн. теңгені, 2009 жылы - 44 128,4 млн. теңгені құрады.

Тауар номенклатурасының бөлімдер бойынша экспорты

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Тауар номенклатурасының бөлімдер бойынша экспорты, млн. теңге

*

*

*

*

12,4

6,7

      *-деректер жоқ

Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары өнімдерінің импорты

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары өнімдерінің 1 импорты, млн. теңге

120155

252030

295026

375358

221756

322789

      Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша ағымдағы жылдың соңғы 6 айы ішінде импорт экспорттан әлдеқайда асып түсті, мысалы азот тыңайтқыштарының экспорты, фосфор тыңайтқыштарының, жарылғыш заттардың, пестицидтер мен дезинфекциялаушы және оларға ұқсас құралдар, бастапқы түрдегі стирол полимерлері - және басқалары: 14 382 мың АҚШ долл., химия өнімдерінің импорты осы позициялар бойынша - 221 934,8 мың АҚШ долл. құрады.
      Химия өнімдерінің кейбір түрлері бойынша экспорт импорттан асып түседі, олардың арасында хром кені мен концентраттары, хром оксидтері мен гидроксидтері, фосфор қышқылы және полифосфор қышқылдары - 231 773,7 мың АҚШ доллары. Импорт осы позициялар бойынша - 677,8 мың. АҚШ доллары.
      Осылайша, химиялық өнімдер импорты құрылымында жоғары құны қосылған жоғарғы мөлшерлі өнімдер басым болса, экспорт құрылымында - қосылған құны төмен химиялық өнеркәсіптің негізгі салалық өнімдері басымдылық танытады.

Химия саласына инвестициялар

      Химия өнеркәсібіндегі қолданыстағы қуаттарды технологиялық тұрғыдан жаңартуға және жаңғыртуға қажетті капитал құраушы инвестициялардың барынша көп ағылуы 2009 жылға дөп келді (өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялардың 8,9%). Кейінгі жылдары химия өнеркәсібінің үлестік салмағы өңдеуші өндірістерге салынған күрделі қаржы жұмсалымының 4-6% асқан жоқ.



Химия өнеркәсібінің негізгі капиталындағы инвестициялар көлемі

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

3105

21434

15947

10048

8007

30323

- меншікті

2658,3

11719,5

8 192,5

2 826,3

3 141,7

5137,3

- шетелдік

279,6

248,3

874,5

805,4

701,6

225,1

- қарыз

166,6

9465,8

6 880

6416,1

4 163,5

24960,6

Өнеркәсіпке тартылған бүкіл инвестиция көлеміндегі саланың үлестік салмағы, %

0,4

1,9

1,2

0,6

0,5

1,4

Өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлеміндегі саланың үлестік салмағы, %

1,7

7,8

5,1



2,2

8,9

      Сонымен, өнеркәсіптік өнімдерді өндірудің жалпы көлемінде 1,6-1,7% ие бола отырып, салада инвестициялардың үлкен үлесі болды, бұл саланың жоғары капитал сыйымдылығымен байланысты.
      Тұтас алғанда 2002 - 2008 жылдар кезеңінде инвестициялар Ақтау қаласындағы химия кешенінде аммиак, аммиак селитрасын және фосфор тыңайтқыштарын өндіруді, «Қазфосфат» ЖШС реактивті фосфор тұздары мен термиялық фосфор қышқылын өндіруді қалпына келтіруге, және өнімдердің жаңа түрлерін - «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ пигментті хром тотығы мен калий бихроматын өндіруді игеруге жіберілді.
      2007 жылы химия өнеркәсібіндегі негізгі құралдардың тозу деңгейі 29,5%, жою коэффициенті - 2,2%, жаңару коэффициенті - 9,9% құрады.

Химия өнеркәсібінің рентабельділік көрсеткіштері

Көрсеткіш

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Салық салуға дейінгі пайда (залал, млн. теңге

-975

-1 498

-1 328

-2 722

262

-1658

Рентабельділік деңгейі (залалдылық), %

-7,5

-7,0

-4,9

-6,9

0,3

-5,3

      2005 - 2008 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанның химия өнеркәсібі 2008 жылы ғана пайдаға шықты. Дағдарыстан кейінгі кезеңде (2009 ж.) химиялық өнімдерді өндіру залалды болды. Бірақ, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша (2010 ж.) химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісі қалпына келгені байқалады.

Қоршаған ортаға әсерін бағалау

      Химия өнеркәсібі қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін көздердің бірі болып табылады.


      Қазақстаннық химиялық кәсіпорындарында қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету мақсатында бірқатар табиғатты қорғау шаралары жасалған.
      Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында электрлік термикалық пештердегі фосфорлық шламды залалсыздандыру жүйесін енгізілуде, бұл - конусты пештерден өндірістік қалдықтардың шығуын болдырмайды. «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ (Ақтөбе қ.) натрий монхроматының өндірісінде монохромат шламы қайта қолданылады. Бұл технология пайда болуы монохроматты шламның 76% дейін өндіріске қайтаруға мүмкіндік береді.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы қалдықтарды өндіріске қайта тарту - олардың қатты қалдықтарының кәсіпорнының аумағында жиналуын азайтып, сұйық қалдықтарының — су ресурстарын ластауларын, газ тектес қалдықтардың - әуе бассейнін ластауын болдырмауға көмектеседі.
      Фосфорит кендерін флотациялық байытудың нәтижелері болып - фосфоритті ұсақтар мен байыту қалдықтары табылады.
      Шикі фосфоритті ұсақтар мен кварциттер фосфорлы англомераттар алу үшін қолданылады, ал олар «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында сары фосфорға айналып өңделеді.
      2009 жылы фосфогипсті пайдалы химиялық өнімдерге және халық тұтынатын тауарлар түрлеріне айналдыратын бірқатар фосфогипсті залалсыздандыру технологиялары жасалды.
      А.Б. Бектұров атындағы химия ғылыми зерттеу институтында (бұдан әрі - Институт) химиялық белсенді заттары бар модифицикацияланған фосфогипсті қолданудың жаңа технологиясы жасалып шыққан, ол бойынша модифицирленген фосфогипс шаңтектес қалдықтардың үстін жабу үшін химиялық белсенді қосындылармен араластырылып, Ақтау қ. бұрынғы «Қасқар» ЖШС химия комбинатының қалдықтарының айналасын жасылдандыру мақсатымен қолданылған болатын.
      «Қазфосфат» ЖШС қаржылай көмегімен 2007-2009 жылдары белсенді химиялық қоспалары бар модифицирленген фосфогипстің сынақтары кең көлемде (100 гектарға жуық) жүргізілді.
      Институт қызметкерлері көтрельді «сүтті» тыңайтқышқа айналдыру технологиясын әзірледі.
      Сонымен қатар, 2009 жылы аталған институтта көтрельді «сүттен» цианистік қосындыларды жасаудың жаңа перспективасы ашылды.


  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет