Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



жүктеу 0.96 Mb.
бет3/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

Хлор - сілтілі өнімдер: каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы, натрий гипохлориті

      Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында хлор-сілтілі өнімдерінің өндірісі жоқ.


      Қазақстан Республикасы 2009 жылы 94,6 мың тонна көлемінде каустикалық сода, 12,4 мың тонна көлемінде хлор, 29 мың тонна көлемінде тұз қышқылын және 1,3 мың тонна көлемінде натрий гипохлоритін импорттады. Каустикалық сода жәфлот-реагент ретінде металлургия кешенінде қолданылады, хлор негізінен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында суды тазарту үшін пайдаланылады. Натрий гипохлориті жалпы жеңіл өнеркәсібінде өңделген теріні тазарту үшін қолданылады.

Хлор - сілтілі өнімдері импорты мен өндірісі болжамы, мың тонна

Өнім атауы

Импорт

Өндіріс

2008 ж.

2009 ж.

2004-2009 жж.

2015 ж.

Каустикалық сода

100,2

94,6

-

30

Сұйық хлор

15,6

12,4

-

9,9

Тұз қышқылы

26,5

29,0

-

45

Натрий гипохлориді

0

1,3

-

6,6

      Қазіргі таңда Павлодар қаласында «Каустик» АҚ зауытының негізінде жаңа қондырғы құрылысы аяқталуда, ол тек хлорды ғана құюмен айналысады. Жаңа зауыттың өнімділігі - жылына 30 мың тонна каустикалық сода, 9,6 мың тонна хлор газын және 45 мың тонна көлемінде хлор бөлшектерінің тұз қышқылына ауыстырылуы құрайды.
      Каустикалық соданы және сұйық хлорды ион алмастырғыш мембраналыры бар электролизерлерде сынапсыз технологиямен ас тұзын электролиздеу тәсілі арқылы өндіру жоспарланып отыр.
      Павлодар қаласындағы «Каустик» АҚ жобасының іске асырылуына мынадай факторлар ықпалдасады: бастапқы шикізатқа қолжетімділік; электр энергиясына қолжетімділік және оның құнының қабылданғаны; дамыған инфрақұрылымның болуы.
      Жоба бойынша хлор-сілтілі өндірісте Қалқаман кен орнының ас тұзы пайдаланылады, оның қоры 7 млн. тоннаны құрайды, сонымен қатар басқа кен орындары пайдаланылады. Павлодар облысының тұзды көлдеріндегі бекітілген тұз көлемі 50 млн. тоннаны құрайды және тұз уақыт өте келе бастапқы қалпына келе береді. Ал «Каустик» АҚ жылдық ас түзына қажеттілігі бар болғаны жылына 50 мың тоннаны құрайды.

Хром қосындылары

      Натрий бихроматы, хром қышқылы, хром тотығы және хром сульфаты - хромдық қосындылардың негізгі қолдану саласы - өңделетін теріні қатайтуға, электролитикалық қаптамаларға, бояғыштар өндірісіне және ағашқа арналған консервантқа жатады.


      Қазақстандағы хром қосындыларын жалғыз өндіруші «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ (әрі қарай - АХҚЗ) болып табылады. Кәсіпорында өндірілетін химиялық өнімдердің негізгі түрлері мыналар болып табылады: натрий бихроматы, хром тотығы, хром ангидриді, хром сульфаты (хромдық малма). Хром кенін өндіретін орынға жақындығы бәсекелестердің алдындағы негізгі басымдылығы болып табылады.
      2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы хром тұздарын өндіретін жоғары қуаттар 103,27 мың тоннаны құрайды. Жабдықтардың техникалық жағдайы қанағаттандырарлық. Өндірістік қуаттарды қолдану коэффициенті - 88,5 %.

Хром қосындыларының экпорты, импорты және өндірісі, мың тонна

Атауы

Экспорт

Импорт

Өндіріс

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Хром триоксиді (хром ангидриді)

15,5

16,1

0,05

-

19,7

18,4

Хром тотығы

20,7

14,6

0,1

-

20,8

14,3

      АХҚЗ өндірген хром тұздарының 90% астамы Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекістан, АҚШ, Жапония, Италия, Жаңа Зеландия, Қытай және басқа да алысты-жақынды шетелдерге экспортталады. Ішкі нарықта өнімдерді «Қазмырыш» ЖШС, «Шымкент тері өңдеу - аяқ киім комбинаты» ЖШС, «Семей тері өңдеу комбинаты» ЖШС секілді кәсіпорындарға жеткізіледі.

Кальциленген сода

      Натрий карбонатын әйнек өндірісінде (51% қолданым), флоореагент ретінде, сабын қайнату мен синтетикалық жуу құралдар өндірісінде, эмаль, цеолит және ультрамарин алу үшін қолданады.


      Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы жылына шамамен 300 мың тонна кальциленген сода импорттайды, оның 50 пайызы Павлодар қаласындағы алюминий өндірісі үшін және Ақтөбе қаласындағы хром қоспалары өндірісіне келеді.
      Аталған өнімнің өндірісі Қазақстан Республикасында жоқ. Кальциленген соданы өндіруге қажетті шикізат болып табылатын натрий сульфатының кен орындары Қызылорда, Жамбыл, Павлодар және Алматы облыстарында бар.
      Қазақстандағы жылына 400 мың тонна қуаты бар зауыт ағымдағы қажеттілікерді толық қамтамасыз етіп, экспортқа азырақ артықшылық жасауы мүмкін.
      2) Органикалық химия өнімдерінің өндірісін дамыту (мұнай — химия) Мұнай-химияның даму бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасымен көзделген.
      3) Арнайы химикаттар мен тұрмыстың химия өнімдерін өндіруді дамыту
      Агрохимикаттар
      Жарылғыш заттар
      Тұрмыстық химия өнімдері

      Арнайы химикаттар өндірісі салыстырмалы түрде алғанда азырақ көлемдермен ерекшеленеді, сондықтан да олар аз тоннажды химияға жатқызылады. Аталған өндіріс жоғары технологиялық деңгеймен сипатталады, сондықтан ол ғылыми-техникалық әзірлеемелерге ауқымды шығындардың қажеттілігін туындатады, өндірушілер арасындағы жоғары бәсекеге және өндірсі технологияларының қолжетімділігін шектеуге алып келеді.



Агрохимикаттар

      Қазақстан Республикасында сұранысқа ие агрохимикатарға пестицидтер мен өсімдіктер өсуін ынталандырғышы жатады.


      Пестицидтер негізінен ауыл шаруашылығында қолданады, дегенмен оларды азық-түлік қорларын қорғау үшін, сүрек және басқа да табиғи өнімдерді қорғауда пайдаланады.
      Пестицидтердің тапшылығы импорттың есебінен толықтырылады. Осылайша шамамен 3,5 мың тонна өндіреді, шамамен 17,5 мың тонна пестицид импортталады, ішкі нарықтың көлемі шамамен жыл сайын 21 мың тоннаны құрайды және жылына 10-12% өсу үрдісіне ие.
      Саланың, жоғары бәсекеге қабілеттігімен, қатысушылардың жоғары деңгейдегі ғылыми-техникалық әлеуетімен ерекшеленетін жалпы, сондай-ақ тар ішкі нарықтың құрылыммына қарай қазақстандық өндірушілер белсенді ингредиенттердің шектеулі топтарын өндіре алады және импортты өнімдерді араластыру, орау, соңғы тұтынушыларға бөлу арқылы Қазақстанның табиғи климаттық жағдайларына қарай орнықтыруды жүзеге асыра алады.
      Пестицидтер жергілікті өндірушілер - «Гербицидтер» ААҚ (Ақмола облысы, Степногорск қ.), «Агрохимия» ЖШС, «Агроглобал» ЖШС, «Қазтрастт» ЖШС, «АПК Сұңқар» ЖШС негізінен сатып алынған белсенді ингредиенттерді өлшеп ораумен айналысады.
      Павлодарда бұрынғы химиялық қару жасау зауытының негізінде пестицидтерді өндіру мүмкіндігі бар.
      Қазіргі кезде биохимия бағыты жоғарғы қарқынмен даму үстінде. «Ана Жер» ЖШС 2015 жылға қарай биогумат өндірісін жылына 600 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Жарылғыш заттар

      «Нитрохим» қару-жарақтарды кешенді залалсыздандыру бойынша Қазақстандық орталық;» ЖШС 1997 жылы Ақтөбе облысындағы Алға қаласына қала салу химкомбинаты негізінде құрылған болатын. Ол Қазақстан Республикасындағы тау-кен өнеркәсібінде, геофизика және мұнай-химия өнеркәсіптеріндегі қолданылатын құрамында тротил бар жарылғыш заттар шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Қаржылық қиындықтар мен өндіріске шикізатты жеткізу тұрақты болмауы салдарынан өнеркәсіп өз қызметін 8 жылға тоқтатты. Осы химиялық комбинаттың базасында өндірісін жарылғыш заттарды жылына 15 мың тоннаға дейін аммонит шығара отырып жарылғыш заттарды жандандыру жоспарлануда.


      Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көмір өнеркәсібі орындарында және тау-кен өнеркәсіп орындарында жару жұмыстары кезінде қолданылатын жарылғыш заттар шығаратын шағын цех салу жоспарлануда.

Тұрмыстық химия өнімдері

      Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында тұрмыстық химия шығаратын бірқатар орындар бар, олардың үлкендері тоқтатылған күйде. Қазақстандық нарық негізінен импорттық өнімдерден тұрады. Тұрмыстық химияның отандық өндірушілері тазартқыш ұнтақтар, сұйық жуғыш заттар шығаратын шағын бизнес кәсіпорындарымен көрсетілген. Олардың арасынан, «Шымкентмай Эль-Дос» АҚ, Шымкент қаласы; «Ашшур Химиндустрия» ЖШС, Алматы қаласы; «Агатон» ЖШС, Алматы қаласы; «Волна» ЖШС Алматы қаласы және басқалар.


      Негізінен, нарықта жуғыш заттар шығарумен айналысатын 20 шақты қазақстандық компания жұмыс істейді. Синтетикалық жуғыш заттар (бұдан әрі — СЖЗ) шығаратын қазақстандық өндірушілердің тауарлық ассортиментінің анализі, осы компаниялар шығаратын өнімдердің 70-80% сұйық жуғыш заттар құрайтынын көрсетті.
      Өндірістік қызметке жарамды алаңдардың болуына қарамастан, Қазақстан Республикасында жуғыш ұнтақтар өндірілмейді.
      Қазақстандық өнімдерді отандық нарыққа енгізу, сондай-ақ қазіргі қаржылай қиындықтар осы сала сегментінің негізгі қиындығы болып табылады. Қазақстан Республикасында кіші саланың өнімдері жылына шамамен 30 млн. АҚШ долларына өндіріледі (сабындар, жуғыш құралдар, шампуньдар), осы кезде жыл сайынғы импорт 400 млн. АҚШ долларын құрайды. Шағын мөлшері Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстанға экспортталады (17,5 млн АҚШ доллары).
      Нарық сұранысын қажетті көлемде ұнтақ өнімдерімен қамтамасыз ету импорт алмастыру бойынша негізгі мәселе болып табылады.
      Синтетикалық жуғыш заттарды елімізде өндіру, химиялық өнімдердің осы түрінде қазақстандық үлесті арттыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, импорт алмастыру жыл сайын үлкен көлемде СЖЗ сатып алатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуы арқылы мүмкін. Бұлар - күштік органдар, медицина - әлеуметтік мекемелер, білім, мәдениет және басқа әлеуметтік бағыттағы мекемелер, соңдай-ақ мемлекеттің қатысы бар компаниялар («Аіr Аstana» АҚ, «Казмортрансфлот» ҰҚ» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ»).
      СЖЗ өндіруді Қарағанды облысындағы бұрынғы Шахтинск СЖЗ (қуаттылығы 60 мың тонна) зауыты және Алматы СЖЗ зауыты (24 мың тонна) базасында жолға қойған дұрыс (қуаттылығы 60 мың тонна).
      Аталған өнімдерден бөлек тиімді және бәсекеге қабілетті өнім түрлерін ұйымдастыру бойынша «тауаша» жобалар бар. (4-қосымшаны қараңыз).

4. Саланы дамытудың мемлекеттік реттеу саясатын талдау

      Химиялық өнімдерді өндіру, тасымалдау, сертификаттау және пайдалану қауіпсіздгі нормаларын реттейтін негізгі Заң «Химия өнімдерінің қауіпсіздігі» Заңы болып табылады, ол адамның өмір мен денсаулығын қорғау, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны және тұтынушылар мүдделерін қорғау үшін химия өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі белгілейді. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көрсетілген ережелер белгіленсе халықаралық шарт ережесі қолданылады.


      Аталған Заң химиялық заттардың токсикологиялық қасиеттері, жіктелулері, қауіптілік түрлері, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өкілетті органдардың қызмет аясын реттеп, тексеру нысандары мен жиілігі, олардың кезеңділігін бөлді, өндіріс, тасымалдау, қолдану, таңбалау, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, химиялық өнімдерді тіркеудің міндеттілігі, қатерді бағалау, сәйкестікті растау кезінде химия өніміне қойылатын негізгі талаптар ретіндегі осындай формаларды енгізді және сипаттады.
      ДСҰ қосылуға байланысты нормативтік құқықтық базаны, техникалық регламенттерді және стандарттарды халықаралықтармен бір ізге салу процесі үнемі жүруде. Мәселен, «Қазақстан Республикасының Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясына қосылуы және оны ратификациялауы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ратификацияланды.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен осы саланың техникалық регламенттері мен стандарттарын техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшіру жанданды, бұл Қазақстан Республикасының тауарлары мен қызмет көрсету айналымын халықаралық нарықтармен біріктіруге мүмкіндік береді.
      2007 жылдың басынан «2007-2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына сәйкес республикада техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жұмыстар алғашқы рет басталған.
      Сонымен қатар, салада техникалық регламенттер мен стандарттарды жаңарту және үйлестіру, осы заманғы әдістермен физика-химиялық оптика-физикалық және микробиологиялық өлшемдерді жүргізу үшін спектрометрия меншікті электрлік өткізгіштік рН-метр бойынша мемлекеттік эталондар модернизация жүргізуді қажет етеді.
      Химиялық өнімдерді бірыңғай республикалық сынау лабораторияларын құру қажеттілігі бар.
      Жаңа кедендік саясат Кедендік одақтың құрылуына байланысты қабылданған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
      Жалпы, осы саясат қазақстандық химиялық индустрияға пайдалы әсер береді, өйткені КО мемлекет-мүшелерінен тыс өндірушілерінен кедендік сақтанудың үлкен деңгейін қамтамасыз етеді. Алдында қолданылған режиммен салыстырғанда КО мемлекет-мүшелеріне (РФ мен БР) бұл жөнінде өзгерістер болмайды, өйткені бұл елдер бұдан бұрын да Қазақстанмен бірге алымсыз сауданың бірыңғай кедендік аймағына кірген.
      Проблемалар сонынан алыс шет елге өнімдердің экспортын ұйымдастыру кезінде шығуы мүмкін, өйткені Қазақстан БСҰ-на кірмейді, ал КО ену ДСҰ-на кіруді РФ мен БР ДСҰ-на кіруінен тәуелді етіп қояды, олар бұл оқиғадан Қазақстанға қарағанда әлдеқайда алыс орналасқан.
      Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздері «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Заң халықаралық тәжірибеде қабылданған, кірістерді пайдалану кепілдіктерін, мемлекет меншігіне алу және реквизициялау кезіндегі кепілдіктерін, шарттардың тұрақтылық кепілдіктерін деген сияқты инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдігін беруді қарастырады.
      Инвестициялық преференциялар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы қаржы заңнамасына сәйкес беріледі.
      1992 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы тікелей шетел инвестицияларының бірқатар көлемін тартты, бірақ тартылған инвестициялардың шамамен 70 пайызы кен орындарын барлауға және мұнай мен газды өндіруге бағытталған.
      Тікелей шетел инвестицияларын тарту үшін еркін экономикалық аймақтарды, индустриалды аймақтарды бұдан әрі дамыту, мемлекеттік реттегіш органдарды күшейту қажет.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекет басшысының 2009 жылғы 15 мамырдағы «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XII съезінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген тапсырмаларының негізінде «Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - Заң жобасы) әзірленуде (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 Өкімі).
      Заң жобасын қабылдау мемлекеттік индустриалды саясаттың, өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін реттеу қажеттілігімен негізделеді.

5. Қазақстан Республикасының жағдайына бейімдеуге келетін бар проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибелерге шолу

      Химия өнеркәсібінің қазіргі даму кезеңінде Қазақстан үшін анағұрлым нәтижелі, бірнеше елдердің индустрияландыру тәжірибелерінің көрсеткеніндей - саланың дамуын басқарудың директивті және индикативті әдістерін қолдану болып табылады.


      Шетелдерде саланың өмірлік кезеңдерінің қисығына байланысты саланы дамытуды мемлекеттік реттеудің алуан түрлі әдістері қолданылып келді.
      Директивті әдістердің қатарына мыналар жатады:
      салалық инвестициялық жобалардың іске асырылуы үшін қажетті инфрақұрылымның құрылысына арналған бюджеттік шығындар;
      өнімнің әлемдік нарықтағы оңтайлы логистикалық сызбаларды және бағалық бәсекеге қабілеттігін ескере отырып, химиялық өнімдерді тасымалдауға жеңілдікті тарифтер жүйесін қалыптастыру;
      халықаралық уағдаластықтар жүйесін қалыптастыру, ол жүйе химия өнімдерін сатуға және химия өнеркәсібіне қажетті шикізаттарды сатып алуға анағұрлым жеңілдікті шарттар қалыптастыратын еді;
      жобаларды іске асыру кезеңінде және пайдалану кезеңінде сатып алулардағы жергілікті қамту міндетті талаптарды, жергілікті персонал бойынша талаптарды белгілеу;
      жобаларды мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттарындағы жобаларды іске асыру
      Анағұрлым радикалды директивті жоспарлау әдістері индустрияландырудың бастапқы кезеңдерінде Оңтүстік Корея мен Қытайда қолданылды:
      жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жасанды нағайту, олардың бәсекеге қабілеттіктерін арттыру және ауқымда үнемдеу мақсатында холдингтер, конгломераттар қалыптастыру;
      әлемдік еңбек өнімділігінің деңгейіне шығу мақсатында еңбек өнімділігінің жоспарын, өндіріс көлемі мен экспорттың жоспарын белгілеу;
      нақты қайтарылмайтын мемлекеттік кредиттер және теріс нақты пайыздық ставкалары бойынша мелекеттік банктердің кредиттерін беру;
      банктерді мемлекет меншігіне алу;
      кәсіпорындардың шетелдік қарыздары бойынша мемлекеттік кепілдік беру;
      құнсыздану және төмендетілген валюта бағамын ұстап отыру;
      импорттық және экспорттық квоталарды енгізу.
      Директивті әдістер саланың жылдам өсу қарқынына қол жеткізуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті «нөлден» бастауға, импортты алмастыру мен өнімдерді экспорттауға мүмкіндік береді. Дегенмен мемлекеттік ресурстарды тиімсіз инвестициялау қатерлері, кәсіпорындардың «қарыздық шұңқырларға» түсіп кету қауіптері, экспорттық нарықтық жағдайға тәуелділік, ішкі нарықтағы монополияландыру, шетелдік инвестицияларға тәуелділік секілді қауіптер бар.
      Тікелей емес (индикативті) әдістер мемлекеттің қызметтің жалпы қолайлы жағдайларын жасаумен сипатталады, бірақ оған тікелей араласпайды. Мемлекеттік реттеудің тікелей емес әдістері саласына мыналарды жатқызуға болады:
      химия өнеркәсібінің дамуы үшін заңнамалық шарттар жасау, тұрақты заңнаманы қалыптастыру;
      мемлекеттік кредиттерді төмендетілген пайыздық үстемемен беру және кепілдік беру;
      тікелей шетелдік инвестицияларды өнеркәсіптік аймақтар құру және әлеуметтік-экономикалық аймақтар құру арқылы ынталандыру;
      сала үшін персонал даярлау;
      саланың өнімдеріне сұранысты ынталандыру.
      Бұл модельдің кемшілігі реттеу құралдарының күрделілігі болып табылады, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған жеткілікті дәрежеде қуатты өндірістер болуы қажет.
      Өңдеуші салалардың деңгейі айтарлықтай жоғары болған кездерде, бұл өткен ғасырдың 60-70 жылдарында, мысалы үшін, Жапония мен Германияда болды, мемлекет негізінен сала дамуының инновациялық және бәсекелестік түріне өтуіне әсер ететін шараларға басты назарын аудара бастайды, ал ол ұзақ мерзімді болжау мен ғылыми-техникалық прогресті басқаруды талап етеді:
      технопарктер мен бизнес-инкубаторлар құру;
      ҒЗТКЖ инвестициялау;
      зияткерлік меншікті қорғауды және зерттеулер жүргізушілер үшін роялти құқығын қамтамасыз ету;
      кәсіпкерлермен бірлесіп жасалған саланың ұзақ мерзімді жоспарларын құрастыру негізінде дамуы;
      ұзақ мерзімді даму жоспарларының базасына сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру үшін зейнетақы салымдарын қолдану;
      қатаң техникалық стандарттарды қолдау;
      мамандануды, ұсыныс икемділігін, инновациялық әзірлемелерді қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнеске, оның ішінде инновациялыққа қолдау көрсету;
      қатаң монополияға қарсы бақылау, бәсекенің тең шарттарын жасауды бақылау;
      сыбайлас жемқорлықты жаныштау.
      Бұл модельдің кемшілігі реттеудің күрделілігі, монополияға қарсы және бәсекелестік туралы заңнаманың, зияткерлік меншікті қорғау туралы заңнаманың қатаңдығы болып табылады, бұл кәсіпорындар үшін қосымша транзакциялық шығындар тудырады, сонымен қатар дайындықты қамтамасыз ету, еңбекақысы жоғары деңгеймен біліктілігі жоғары мамандарды ұстау және тарту қажет.
      Саланың айтарлықтай дамыған деңгейге жеткен кезінде (атап айтқанда АҚШ-та) демпингке қарсы шараларды қолдану және қосымша ынталандыру шараларын жүргізу қажет:
      жергілікті өндірушілерді артып келе жатқан шетелдік бәсекелестердің агрессивті және заңсыз демпингтік саясаттарынан қорғау;
      ішкі тұтынуды ынталандыруды күшейту;
      әскери сектордан азаматтық секторға технологиялар трансферті;
      сұранысты мемлекеттік сатып алу жолымен ынталандыру.
      Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, шетелдерде отандық химия шаруашылығының дамуына мемлекет тікелей атсалысады. Экономиканың нақты секторын индустриялық - инновациялық дамыту кезеңінде аталған шаралар Қазақстанның жағдайында да табыспен қолданылуы мүмкін.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру көрсеткіштері нәтижелері

1. Бағдарламаның мақсаты

      Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін жағдай жасау.



2. Нысаналы индикаторлар

Атауы

өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2009 ж

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Химия өнімінің ішкі өндірісі 2 есеге артады

млрд. теңге

СА

85,5

98

115

116

175

177

Жоғары өңделген химия өнімінің экспортын 2 есеге арттыру

млрд. теңге

СА

6,7

6,8

7,3

8,4

10,5

13,5

Жаңа химиялық өнімдер түрлерінің өндірісін ұйымдастыру

бірлік

ИЖТМ СА

-

-

5

5

5

6

Каустикалық сода*

мың тонна

СА

-

-

30

30

30

33

Хлор*

мың тонна

СА

-

-

9,6

9,6

9,6

10

Тұз қышқылы*

мың тонна

СА

-

-

45

45

45

47

Натрий гипохлориті*

мың тонна

СА

-

-

6,6

6,6

6,6

10

Минералдық тыңайтқыштар

мың тонна

СА

251,7

254

257

260

260

1140

Химиялық шикізатты қайта өңдеу және байыту бойынша жаңа өндірістер енгізу

бірл.

ИЖТМ СА

-

-

-

2

3

4

Күкірт қышқылы

мың тонна

СА

997

997

1177

1177

2527

2527

Аммонит**

мың тонна

СА

-

-

-

15

15

15

Биопрепараттар және гуматтар (өсу стимуляторлары)

мың тонна

СА

-

-

0,6

0,6

0,6

0,6

      * - хлор-сілтілік өнімдер өндірісі;
      ** - жарылғыш заттар өндірісі.


1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет