Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi


-бап. Жауап беруге мәжбүр ету



бет3/33
Дата02.05.2016
өлшемі4.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету

347-1-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды

348-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау

349-бап. Коммерциялық параға сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату

350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз үкiм, шешiм немесе өзгедей сот актiсiн шығару

351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу

352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару

353-бап. Куәнiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы

354-бап. Жалған жауап беруді немесе жауап беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу не оған мәжбүр ету

355-бап. Анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету

356-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету

357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз іс-әрекеттер

358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу

359-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару

360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау

361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу

362-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау

363-бап. Қылмысты жасырушылық

363-1-бап. Қылмысты жасыру

364-бап. Қылмыс туралы хабарламау

365-бап. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокаттар мен өзге де адамдардың заңды қызметіне кедергі жасау

 

16-тарау. Әскери қылмыстар



366-бап. Әскери қылмыс ұғымы

367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау

368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету

369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi

370-бап. Әскери қызметшiлердiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың бiр-бiрiнiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу

371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу

372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

373-бап. Қашқындық

374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери қызметтен жалтару

375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу

376-бап. Шекаралық қызмет атқару қағидаларын бұзу

377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу

378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу

379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың қағидаларын бұзу

380-бап. Билiктi терiс пайдалану

380-1-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану

380-2-бап. Билiктiң әрекетсiздiгi

381-бап. Қызметке салақтық

382-бап. Батып бара жатқан әскери кеменi тастап кету

383-бап. Қарсыласқа соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету

384-бап. Өз еркiмен тұтқынға берiлу

385-бап. Тонаушылық

386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту

387-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру

388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру

389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту

390-бап. Айналадағылар үшін қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау қағидаларын бұзу

391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу

392-бап. Ұшу немесе оған даярлану қағидаларын бұзу

393-бап. Кеме жүргiзу қағидаларын бұзу

 

2008 ж. 27 маусымдағы № 50-ІV ҚР Заңымен  кодекстің мәтіні бойынша «жүйкеге әсер ететін» деген сөздер «психотроптық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жануарлар немесе өсімдіктер», «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер немесе жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)



 

 

ЖАЛПЫ БӨЛIМ



 

1-бөлiм. Қылмыстық заң

 

1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008.10.07. № 1 Нормативтік Қаулысын қараңыз

2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

 

2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi



1. Осы Кодекстiң мiндеттерi:

адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.

 

3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi



Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

 

4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы



Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.

 

5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi



1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы» ҚР 1997.16.07. № 168-1 Заңын қараңыз

3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.

«Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2007.25.12. № 10 Нормативтік қаулысын қараңыз

 

6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы



1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген де Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.



«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008.10.07. № 1 Нормативтік Қаулысын қараңыз

 

7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.

2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды.

3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдiктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

 

8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру



1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуге тиiс.

2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн.

 

2-бөлiм. Қылмыс



 

9-бап. Қылмыс ұғымы

1. Осы Кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi.

2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды.

 

10-бап. Қылмыс санаттары



1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптілік дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.

2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын және Конституциялық Кеңесінің 2003.30.01. № 10 қаулысын қараңыз



 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды

10-1-бап. Әкімшілік преюдиция

Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса, қылмыстық жауаптылық туындайды.

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы

1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.

2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.

4. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады.

«Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006.25.12. № 11 Нормативтік қаулысын , «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Соты 1999.30.04. № 1 Нормативтік қаулысын қараңыз

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына сәйкес 12-бап толықтырылды



12-бап. Қылмыстардың жиынтығы

1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам , егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

3. Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

«Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006.25.12. № 11 Нормативтік қаулысын , «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.21.06. № 2 нормативтік қаулысын қараңыз

 

13-бап. Қылмыстың қайталануы

1. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Соты 1999.30.04. № 1 Нормативтік қаулысын қараңыз

2. Қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауiптi деп танылады.

3. Қылмыстардың қайталануы:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауiптi деп танылады.

4. Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi.

«Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын, ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.26.06. № 9 қаулысын қараңыз

5. Қылмыстардың қайталануы осы Кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы» ҚР 1997.16.07. № 168-1 Заңын, «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2007.25.12. № 8 Нормативтік қаулысын қара

 

14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар

1. Есi дұрыс, осы Кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

«Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2002.11.04. № 6


Каталог: site -> repository
site -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
site -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
site -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
site -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
repository -> Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі n 567 Заңы
repository -> 1-тарау. Жалпы ережелер
repository -> Телерадио хабарларын тарату туралы
repository -> Бұқаралық ақпарат құралдары туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет