Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi



жүктеу 4.74 Mb.
бет31/33
Дата02.05.2016
өлшемі4.74 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
: site -> repository
site -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
site -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
site -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
site -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
repository -> Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі n 567 Заңы
repository -> 1-тарау. Жалпы ережелер
repository -> Телерадио хабарларын тарату туралы
repository -> Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 352-бап өзгертілді

352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару

1. Сотта, не алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде куәгердiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған жауаптар беруi немесе сарапшының, маманның көрінеу жалған қорытындылар беруі, сол сияқты дәл сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрiнеу қате аударма -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер -

үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

21.12.02 ж. № 363-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 353-бап өзгертілді



353-бап. Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы

Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе алдын ала анықтау жүргiзу немесе алдын ала тергеу кезiнде жауап беруден бас тартуы -

елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

Ескерту. Адам өзiне, өзiнiң жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң туыстарына қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер сенiп сырын ашқан дiндестерiне қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 354-бап өзгертілді

354-бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету

1. Куәгердi, жәбiрленушiнi олардың жалған жауап беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу -

мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Куәгердi, жәбiрленушiнi жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтiремiн, денсаулығына зиян келтiремiн деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкiн жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолданылып жасалған әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топпен не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер -

екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 355-бап өзгертілді



355-бап. Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету

Оларды жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгiленген тәртiппен ескертiлген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария етуi, егер ол прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтау жүргiзушi адамның келісімiнсiз жасалған болса -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 356-бап өзгертілді



356-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету

1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету, егер бұл әрекеттi аталған мәлiметтер сенiп тапсырылған немесе оның қызметтiк жұмысына байланысты белгiлi болған адам жасаса -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 357-бап өзгертілді



357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер

1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасарып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Соттың үкімі бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасырып қалу немесе иемденiп кету, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы соттың заңды күшiне енген үкімін орындаудан өзге де жалтару -

жетi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу

1. Жазасын өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданылып, не осындай күш қолданамын деп қорқытумен;

в) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса -

жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қашқан сәтiнен бастап жетi күн мерзiмде бас бостандығынан айыру немесе қамау орнына өз еркiмен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса және қашуы осы баптың екiншi бөлiгіндегі б) және в) тармақшаларында көзделген әрекеттермен ұштасып жатпаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

359-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару

Бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген сотталған адамның шығу мерзiмi бiткеннен кейiн, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында жасалған түзеу мекемесiне қайтып оралмауы -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 360-бап  жаңа редакцияда; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 360-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау

1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына әдейі бағынбауы -

екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -

төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты күш қолданумен немесе өзіне қандай да бір қасақана жарақат салумен ұштасқан не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан топтасып бағынбауға қатысу -

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 361-бап  жаңа редакцияда 



361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің  қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе  олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу

1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданамын деп қорқыту -

екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану -

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша не өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер -

жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкерінің не оның жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының өміріне оның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамға қатысты оның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеме әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында қол сұғу -

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 362-бап толықтырылды; 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 362-бап өзгертілді



362-бап. Сот үкімін, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау

1. Заңды күшiне енген сот үкімін, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн қасақана орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергi жасау -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Өкiмет өкiлi, мемлекеттік қызметшi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметкерi, сол сияқты мемлекеттік мекеменiң коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметкерi жасаған дәл сол әрекеттер -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың сот белгiлеген әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн қасақана бұзуы, сол сияқты қадағалаудағы адамның тұрғылықты жерiнен өз бетiмен кетiп қалуы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейiн таңдап алған тұрғылықты жерiне әкiмшiлiк қадағалаудан жалтару мақсатымен белгiленген мерзiмде бармауы -



бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 363-бап өзгертілді



363-бап. Қылмысты жасыру

Ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде берместен жасыру -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары жасаған қылмысты күнi бұрын уәде берместен жасырғаны үшiн адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды

 

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 363-1-баппен толықтырылды



363-1-бап. Қылмысты жасыру

1. Қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасының анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өтініш немесе хабарлама берген адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер арқылы не аталған адамның өтінішін кез келген өзге тәсілмен жою немесе жасыру арқылы кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты тіркеуден қасақана жасыруы -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2. Дәл сол:

а) ауыр қылмысты жасыруға әкеп соққан;

б) адамдар тобы жасаған әрекеттер, -

бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Дәл сол:

а) аса ауыр қылмысты жасыруға не ауыр зардаптарға әкеп соққан;

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекеттер, -

бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды тұлға немесе қылмыстық қудалау органының бастығы жасаған не осы адамдардың нұсқауымен жасалған бірінші не екінші немесе үшінші бөліктерде көзделген әрекеттер,-

бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 364-бап өзгертілді



364-бап. Қылмыс туралы хабарламау

Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс туралы хабарламау -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге жазаланады.

Ескерту. Қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары қылмыс туралы, сондай-ақ дiни қызметшiлер өзiне сенiп сырын ашқан адамдардың қылмыстары туралы хабарламағаны үшiн осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 365-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 365-бап өзгертілді

365-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау

1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сол сияқты жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл әрекеттер адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына немесе заңды мүдделеріне, заңды тұлғалардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе,-

екі жүз айлық есептік көрсеткіштен үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер, -

бес жүз айлық есептік көрсеткіштен жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

16-тарау. Әскери қылмыстар



 



1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет