Қазақстан Республикасының кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидасы



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/2
Дата17.04.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2
: npakz
npakz -> Кәсiби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтердi қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы
npakz -> Қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
npakz -> Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
npakz -> "Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған нормалары туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы
npakz -> Өртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
npakz -> Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
npakz -> Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясын ратификациялау туралы
npakz -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңес отырысының хаттамасы
npakz -> Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
npakz -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты

Қазақстан Республикасының кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидасы




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 19» ақпан, 2011 ж.

№ 119 қаулысымен бекітілген



Қазақстан Республикасының

кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің

жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету

қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасыныңаумағында кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері өз қызметінде жоғарыда аталған заңды, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Қағиданы басшылыққа алады.

2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің

жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі

3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері:

пайдалы қазбаларды өндіру және байыту жөніндегі қауіпті өндірістік объектілері, пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану объектілері бар жер қойнауын пайдаланушыларға үздіксіз, тәулік бойы қызмет көрсетуді;

жер қойнауын пайдаланушылардың оларда авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға, ал авария туындаған жағдайда адамдарды құтқаруға және авариялардың өзін жоюға, сондай-ақ көрсетілген объектілерде тұрғындар мен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді орындауға әзірлігін;

көмір, химия, мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу, мұнай-газ барлау, мұнай-газ өндіру, металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі ұйымдарында, құрлықта, теңіздер мен су қоймаларының қайраңында, қатты әсір ететін улы заттарды (бұдан әрі – ҚӘУЗ) тасымалдайтын көліктерде, жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануда, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде авариялық жағдайда (радиоактивті сәуле шығару ошақтарынан басқа) атқыламаға қарсы, газдан құтқару және тау-кен құтқару жұмыстарын орындауды;

қызмет көрсетілетін пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты емес объектілердегі авариялар кезінде адамдарды құтқару мен көшіруді;

авариялардың оқшаулауды және олардың салдарын жоюды;

өрт сөндіруді, газ жарылыстары мен шаңның, кенеттен болған көмір мен газ шығарындыларының, тау жыныстары соққысының, опырылудың, су-газ атқыламасы шығарындыларының, пайдаланымдағы және барлау ұңғымаларындағы өрттің, объектілерде газдану мен су басудың салдарын жоюды және қызмет көрсетілетін объектілердегі авариялық жағдайларда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстарды;

зардап шеккендерге тікелей жұмыс орындарында және көшіру барысында алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

4. Жер қойнауын пайдаланушылардың объектілерінде аварияларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әскерилендірілген жедел құрамы болады, олардың болуы:

кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жедел бөлімшелерінің аварияларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дереу шығуға тәулік бойы ұдайы әзірлігін;

төтенше жағдайларды жою басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін мүлтіксіз орындай отырып, егер тәуекел авариялар кезінде адамдарды құтқаруға байланысты болса, жеке құрамның авариялық-құтқару жұмыстарын өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелді ақтай отырып орындауын;

авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанына дейін оларды жүргізу міндеттілігін;

бірыңғай басшылық қағидатын сақтауды, жоғары тәртіпті қолдауды және авариялық-құтқару қызметтерінің ықтимал авариялар мен олардың салдарын жоюға жедел-техникалық әзірлігін;

қызмет өткеру кезінде қызметтік өзара қарым-қатынас тәртібін сақтауды;

қызметтік міндеттерді орындау кезінде айырым белгілеріне сәйкес міндетті түрде нысанды киім-кешек киюді, сондай-ақ кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жедел құрамын демалыс және мереке күндері, еңбек демалысы уақытында кезекшілікке немесе авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға тартуды;

еңбек дауларын шешу құралы ретінде ереуілдер мен жұмысты тоқтатуды қоса алғанда, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатыспауды көздейді.

5. Егер жаңадан салынып жатқан қауіпті өндірістік объектілер кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жұмыс істеп тұрған бөлімшелерінің қызмет көрсету ауданына кірмесе, олардың жобаларында ұйымдастырылатын бөлімшелерге арналған қызметтік ғимараттар мен құрылыстар салу көзделеді.

6. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстарын салуды қаржыландыру, оларды ағымдағы күтіп-ұстау шығындар сметасы бойынша қызмет көрсететілетін жер қойнауын пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.

7. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері арнайы салынған қызметтік ғимараттарда орналасады, олардың кешеніне осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес қызметтік үй-жайлар кіреді.

8. Жедел автомобильдер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) жедел қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес дыбыстық және жарықтық сигнал аспаптарымен жарақталады, авариялық-құтқару қызметінің танымдық белгілері болады, тұрақта таза және шығуға дайын тұрады.

9. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін қаржыландыру:

қауіпті өндірістік объектілері бар жер қойнауын пайдаланушылармен шарттарды іске асырудан түсетін қаржы қаражатының;

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге көздер есебінен жүзеге асырылады.

10. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелерін орналастыруды және жеке құрам санын кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің басшысы айқындайды.

11. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымына:

аумақтық филиалдар;

әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару жасақтары (бұдан әрі –ӘАҚЖ);

әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару взводтары (бұдан әрі –ӘАҚВ);

бөлімшелер (звенолар);

екі бөлімшеден тұратын әскерилендірілген авариялық-құтқару пункттері (бұдан әрі – ӘАҚП);

қамтамасыз ету қызметтері – медициналық қызмет бөлімшелері, шаң-газ талдау зертханалары (бұдан әрі – ШГТЗ), ауа қысымын түсіру тобы (бұдан әрі – АТТ), канаттық-сынақ станциялары (бұдан әрі – КСС), авариялық-құтқару жарақтарын шығару және жөндеу шеберханалары кіреді.

«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына (бұдан әрі–Заң) сәйкес әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен басқа да қызметкерлерінің еңбекақы мөлшері олар қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауға тиіс. Төлем бойынша тиісті санаттар осы Қағидаға 
2-қосымшада келтірілген.

12. Аумақтық филиалда авариялық-құтқару жабдығын, аппаратура мен жарақтар шығаратын өндіріс, ғылыми бөлімшелер, шаң-газ талдау зертханаларын құру туралы шешімді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысы қабылдайды. Жөндеу-механикалық шеберханалар (бұдан әрі – ЖМШ), шаң-газ талдау зертханалар қызметкерлерінің санын есептеуді ТЖМ бекітеді.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметі басшысының шешімі бойынша бірнеше ӘАҚЖ аумақтық филиалға біріктіріледі.

13. Қызметтің жедел, профилактикалық және басқа түрлерін басқаруды ӘАҚЖ аумақтық филиалының басшысы жүзеге асырады.

Жедел қызметтерді жалпы басқаруды ӘАҚЖ аумақтық филиалы басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары (бас инженер) жүзеге асырады.

Профилактикалық қызметтерді басшының профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары басқарады. Жасақта қуатты авариялық-құтқару техникасы мен жарақтар болған кезде жасақ командирінің техникалық жұмыс жөніндегі орынбасарының лауазымы көзделген.

Қызмет көрсетілетін объектілердегі аварияларды жою кезінде туындайтын міндеттерді жедел шешу үшін ӘАҚЖ аумақтық филиалының жанынан метрология, оттегі-тыныс алу аппаратурасы мен тау-кен құтқару жарағы, еңбекті қорғау, электромеханикалық қамтамасыз ету, автокөлік және тағы сол сияқты бағыттар бойынша жетекші мамандар жұмыс істейтін жедел-техникалық бөлім құрылады.

14. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамы ерікті негізде жинақталады және әскерилендірілген жедел, әкімшілік және техникалық құрамдарға бөлінеді.

Әскерилендірілген жедел құрамға (құтқарушылар) авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға тікелей қатысатын адамдар жатады.

Әкімшілік және техникалық құрамға – бөлімшенің қалған барлық персоналы.

Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушы мәртебесі таралатын лауазымдар тізбесі осы Қағидаға 3-қосымшада анықталған.

Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсету үшін әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің санын есептеу осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес анықталады.

15. Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әскерилендірілген жедел құрамының (құтқарушылар) ішкі тәртібі, басшылыққа бағыныстылығы мен өзара қарым-қатынасы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері басшысының құқықтық актілері негізінде құрылады.

16. Авария арасындағы кезеңде құтқарушылардың жұмыс (қызмет өткеру) және демалыс режимі авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің басшысы бекітетін ішкі тәртіп қағидаларымен анықталады.

17. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде авариялық объектіде күш пен құралдың оңтайлы санын шоғырландыру мақсатында авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы құтқарушылардың еңбегі мен демалысының ерекше режимін (казармалық жағдай) енгізеді, бұл кезде барлық демалыс ауысымдары жойылады.

18. Жер қойнауын пайдаланушы әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне жылына екі рет, алдағы жартыжылдықтың 


1 маусымынан және 1 желтоқсанынан кешіктірмей, аварияларды жою жоспарын келісуге ұсынады.

Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері ұсынылған аварияларды жою жоспарын тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қарап, аврияларды жою жоспарын келісу және шартқа қол қою мүмкіндігі жөнінде шешім береді.

Аварияларды жою жоспары келісілмеген жағдайда, әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері ақпаратты ТЖМ-нің аумақтық уәкілетті органына жібереді және заңнамада белгіленген тәртіппен шартты бұзу рәсімін бастайды.

19. Аварияларды жою жоспары келісілген кезде жер қойнауын пайдаланушылармен авариялық-құтқару қызметтерін көрсету шарты оның мерзімін ұзарту мүмкіндігімен күнтізбелік бір жылға жасалады.

Шартта аварияны жою жоспарын орындау мүмкіндігі, авариялық-құтқару бөлімшелерінің сандық құрамы, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, еңбекақы төлеу қоры, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен осы Қағидаға 5-қосымшада көрсетілген басқа шығындар есепке алынады.

20. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері өз қызметін қызмет көрсетілетін жер қойнауын пайдаланушылармен шарт негізінде адамдарды құтқаруға және ықтимал аварияларды жоюға тәулік бойына әзірлік тәртібінде жүзеге асырады. Кәсіпорын бөлімшелерінің күштері мен құралдарын олардың негізгі қызметінен басқа шартта көзделмеген қызметке тартуға жол берілмейді.



2.1. Аварияларды жою тәртібі

21. Аварияларды жоюға тартылатын күштер мен құралдардыңшығу тәртібі, саны кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің басшылары бекітетін аварияға шығу диспозициясымен анықталады.

Авариялық-құтқару жұмыстары кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін авариялық-құтқару жұмыстарын (әскерилендірілген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі.

22. Авариялық-құтқару жұмыстарының бүкіл кезеңінде аварияны жою жөніндегі жауапты басшының функцияларын авария болған ұйымның техникалық басшысы атқарады. Жауапты басшы аварияны жоюға байланысты тікелей өкімдерінің барлығын авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы (жауапты орындаушы) арқылы ғана береді.

23. Авария болған қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бөлімше басшысы авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы болып табылады.

Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады.

24. Аварияны жою жөніндегі басшылардың адамдарды құтқаруға және аварияны жоюға бағытталған шешімдерін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің барлық лауазымды адамдарының авария аймағындағы ұйымдар мен азаматтардың орындауы міндетті болып табылады.

25. Заңның 17-бабының 5-тармағына сәйкес аварияларды жою басшыларын бұйрықпен шеттетiп, басшылықты өзiне қабылдаудан немесе басқа лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте олардың қызметiне араласуға ешкiмнiң құқығы жоқ.

26. Аварияны жою басшылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті толық және дұрыс ақпаратты алады.

27. Авариялық-құтқару жұмыстарының толық көлемін жүргізуге технологиялық мүмкіндік болмаған жағдайда, аварияны жою басшылары, бірінші кезекте авария аймағындағы адамдарды құтқару үшін қолдан келетін барлық шараларды қабылдап, көрсетілген жұмыстарды толықтай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

28. Аварияны жою, оның салдарын жою кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға қатысатын бөлімшелерді материалдық-техникалыққамтамасыз ету, оларды тамақпен, тұратын орынмен қамтамасыз ету, қосымша күштер мен құралдарды тарту авария болған ұйымның есебінен жүргізіледі.

29. «Дабыл» сигналы бойынша аварияға шығу тәртібі, жедел бөлімшелер саны және жарақтар тізбесі қызмет көрсетілетін объектілердің аварияны жою жоспарына сәйкес анықталады.

30. «Дабыл» сигналы бойынша шығу, жеке құрамның авария болған объектідегі іс-әрекеттерге жедел әзірлігі, авариялық-құтқару жарақтарын қолдану нормативтері әр өңірдің ерекшелігіне қатысты әзірленеді және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысы бекітеді.

2.2. Профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

31. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері профилактикалық жұмыстарды уәкілетті орган бекіткен қызмет көрсетілетін объектілерде профилактикалық жұмысты ұйымдастыру туралы нормативтік актілерге сәйкес жүргізеді.

32. Профилактикалық жұмыс қызмет көрсетілетін ұйымның адамдарды құтқаруға және аварияны жоюға әзірлігін, өртке қарсы қорғауды, қосалқы шығу жолдарының болуын, аварияны жою жоспарларының қызмет көрсетілетін объектідегі шынайы жағдайға сәйкестігін анықтауға бағытталған.

33. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қорғау талаптарының бұзылғаны, аварияны жою жоспары қызмет көрсетілетін объектідегі шынайыжағдайға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бөлімше басшысы белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушыға анықталған жолсыздықтарды жою жөнінде ұсыныс енгізеді, ал олар орындамаған жағдайда аварияны жою жоспарын тұтастай немесе оның кейбір бөліктерін келісу туралы қолтаңбасын жояды, кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысы мен ТЖМ-нің аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

34. Аварияларды жою кезеңінде әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне орындалған авариялық-құтқару және техникалық жұмыстары үшін объектісінде авария болған ұйымдардың есебінен сағаттық ставка есебінен қосымша:

ауысымдар мен мереке күндеріне қарамастан, респиратормен нақты жұмыс істеген уақыты үшін; шахтада нақты жұмыс істеген уақыты үшін; жер үстінде нақты жұмыс істеген және өзінің лауазымдық міндеттерін орындап, авария болған кәсіпорында болған уақыты үшін 4 есе мөлшеріндегі төлем;

жоспардан тыс жұмыстар мен демалыс ауысымындағы жұмытар, демалыс және мереке күндері үшін; мереке және демалыс күндері орналасқан пункттен авария болған кәсіпорынға бару және кері қайту үшін жолға кеткен нормативтік уақыты үшін; қызметтік ғимаратта демалыс және мереке күндеріндегі кезекшілік еткен және жұмыс істеген нақты уақыты үшін 2 есе мөлшеріндегі төлем;

тәуліктің түн мезгіліндегі жұмыс үшін 1,5 есе мөлшеріндегі төлем;

демалыс және мереке күндері қызметтік пәтерде аварияны жоюға шығуға үнемі әзірлік режиміндегі кезекшіліктің нақты уақыты үшін 0,5 коэффициентімен төлем есептеледі.

Есептік сағаттық ставка айлық лауазымдық жалақыны сол айдағы жұмыс уақытының нормасына бөлу арқылы анықталады.

Респираторшылардың, бөлімше командирлерінің және жүргізушілердің сағаттық ставкаларын анықтау кезінде сыныптылық үшін үстемеақы есепке алынады.

35. Адамдарды құтқару, күрделі авариялар мен апаттарды жою жағдайларында кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бөлімше басшысының өкімімен демалыстағы әскерилендірілген жедел құрамы «қызметтегі» жағдайға немесе казармалық жағдайға көшіріледі.

36. Жұмыс уақытын есептеуді тиісті бөлімше басшысы жүзеге асырады.

37. Әскерилендірілген жедел құрамның авариялық-құтқару және техникалық жұмыстарды орындау кезіндегі жұмыс уақыты бөлімшелердің тәуліктік жұмыс кестелері мен жұмыс уақытын есепке алу журналдарының негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының 
кәсіби авариялық-құтқару 
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидасына

1-қосымша



Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне

ең аз қажетті қызметтік үй-жайлардың

тізбесі

Р/с



Қызметтік үй-жайлардың атауы

1

2

1.

Жедел автокөлік гаражы (автокөлік саны бойынша)

2.

Оқу орталығының ғимараты

3.

Газ-түтін камерасы. Жылы жердегі жаттығуларға арналған кешен

4.

Спорттық-тренажерлық зал

5.

Жеке құрамның кәсіби теориялық дайындығына арналған оқу сыныбы

6.

Кезекші ауысымның демалыс бөлмесі

7.

Жедел кезекшінің бөлмесі

8.

Талдау зертханасының үй-жайы

9.

Ауа және оттегі компрессорларының бөлмелері

10.

Ауа баллондары мен оқшаулаушы ауа-тыныс алу аппараттарын сақтауға арналған бөлме

11.

Токарьлық цех

12.

Автокөлік жөндеу шеберханасы

13.

Жеке құраммен практикалық дағдыларды пысықтау жөніндегі оқу-жаттығу полигоны

14.

Филиал директоры мен оның орынбасарларының кабинеттері

15.

Профилактика жөніндегі ниженерлердің кабинеті

16.

Бухгалтерия кабинеті

17.

Экономист кабинеті

18.

Қауіпсіздік техникасы, экология және еңбекті қорғау инженерінің кабинеті

19.

Кадр бөлімінің кабинеті

20.

Бағдарламашы инженердің кабинеті

21.

Тамақтануға арналған үй-жай

22.

Арнайы киімдер мен жарақтарды сақтауға арналған үй-жай

23.

Автономды дизельдік генераторға арналған үй-жай

24.

Старшинаның бөлмесі

25.

Механиктің бөлмесі

26.

Материалдық қойма

27.

Авариялық-құтқару жабдығы мен шығарындыларға қарсы тұщыту жабдығына арналған стендіні сақтауға арналған аңғар

28.

Монша-кір жуу кешені

29.

Психологиялық оңалту кабинеті (психолог дәрігердің кабинеті)

30.

ЖЖМ қоймасы

31.

Шахталық шамдарды қоректендіруге арналған бөлме

32.

Жедел кезекшінің бөлмесі

Қазақстан Республикасының
кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет
көрсету қағидасына

2-қосымша



Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері құтқарушыларының және олар қызмет көрсететін ұйымдардың оларға теңестірілгенқызметкерлерінің тізбесі

Р/с



ӘКАҚҚ жедел құрамы

Қызмет көрсетілетін кәсіпорындардың персоналы

1

2

3

1.

Респираторшы, құтқарушы

Қызмет көрсетілетін объектінің негізгі технологиялық мамандығының жоғары дәрежелі жұмысшысы (бұрғышы, ұңғымашы және т.б.)

2.

Бөлімше (звено) командирі

Тау-кен шебері, бұрғылау шебері, технологиялық ауысым шебері

3.

Взвод командирінің орынбасары (көмекшісі)

Учаске, технологиялық ауысым бастығының орынбасары (көмекшісі)

4.

Взвод командирі

Учаске, технологиялық ауысым бастығы. Технолог-супервайзер.

5.

Филиал директорының – жасақ командирінің орынбасары (көмекшісі). Филиалдың (жасақтың) бас инженері, инженері

Шахтаның, кеніштің, басқарманың, объектінің техникалық басшысы (бас инженері)

6.

Филиал директоры – жасақ командирі

Шахтаның, кеніштің, бұрғылау жұмыстары басқармасының, объектінің бірінші басшы (менеджер)

7.

«ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК бастығының орынбасары

Комбинаттың, серіктестіктің, мемлекеттік холдингтің, кен басқармасының, кешеннің, департаменттің техникалық басшысы (бірінші басшының орынбасары)

8.

«ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК бастығы

Комбинаттың, бірлестіктің, мемлекеттік холдингтің, кен басқармасының, кешеннің, департаменттің бірінші басшысы (директоры)

Қазақстан Республикасының кәсіби
авариялық-құтқару қызметтерінің
жер қойнауын пайдаланушыларға
қызмет көрсету қағидасына

3-қосымша



Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің

құтқарушы мәртебесі таралатын лауазымдарының

тізбесі

1. Респираторшы, құтқарушы, жедел көліктің құтқарушы жүргізушісі.

2. Әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімшесінің командирі, бөлімше командирі – қосалқы авариялық-құтқару командасының нұсқаушысы, аға шебер (шебер), аға механик (механик).

3. Авариялық-құтқару пунктінің, қосалқы авариялық-құтқару командасының командирі.

4. Жедел бөлім инженері (аудандық, жетекші).

5. Взвод командирінің орынбасары (көмекшісі).

6. Взвод командирі.

7. Аумақтық филиал директоры, жасақ командирі.

8. Аумақтық филиал директорының, жасақ командирінің жедел және жедел-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары (көмекшісі).

9. «ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК жедел бөлім (басқарма) жетекші инженері, инженері.

10. «ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК жедел-техникалық бөлімі бастығының орынбасары.

11. «ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК жедел-техникалық бөлімінің бастығы.

12. «ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК жедел-техникалық басқармасы бастығының орынбасары.

13. «ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК жедел-техникалық басқармасының бастығы.

14. «ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК бастығының орынбасары.

15. «ӘКАҚҚ ОШ» РМҚК бастығы.

Қазақстан Республикасының
кәсіби авариялық-құтқару
қызметтерінің жер қойнауын
пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидасына

4-қосымша



Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсету үшін әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің санын есептеу

1. Көмір саласында

1. Жедел бөлімшелер саны аймақтағы қызмет көрсетілетін объектілердің соңғы 10 жылдағы нақты авариялық қауіптілігіне (болған авария саны, ұзақтығы және жоюдың қиындығы), бөлімшенің атқаратын авариялық және техникалық жұмыстарының орташа жылдық көлемінің жүктемесіне, сондай-ақ объектінің көршілес авариялық-құтқару жасақтары бөлімшелерінен алыстығына байланысты анықталады.

2. Есептеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

Қызмет көрсетілетін объектілер бойынша соңғы 10 жылдық кезеңдегі мыналардың:

метан және көмір шаңы жарылысының (Аж);

бастапқы сатыда жойылған өрттің, рецидивтердің және жанулардың (Аө);

көмірдің (жыныстық) және газдың кенеттен болған лақтырысының (Акл);

тау-кен өнімдерінің газдану жағдайларының (Аг);

жыныстар (көмір) опырылуының, су және сазды қойыртпақтар тасқынының (Ао);

тағы басқа жер асты және үсті авариялардың (Аб);

техникалық жұмыстардың (Ат) орташа жылдық саны анықталады.

Мыналар:


бір аварияны жою жөніндегі авариялық-құтқару жұмыстарының (сағатпен) орташа ұзақтығы (Ұ), (сағатпен);

авариялық-құтқару бөлімшелерінің (ад. сағ.) авариялық және техникалық жұмыстарды орындау жөніндегі орташа жүктемесі (Тбөл.) анықталады.

3. Қызмет көрсетілетін өңірде 10 жылдық кезеңде орын алған авариялардың әрбір түрі бойынша оны алғашқы тәуліктерде жою үшін ауысым бойына бір уақытта жұмыс істеген авариялық-құтқару бөлімшелерінің ең көп санының жыл сайынғы мәні анықталады.

4. 10 жылдық кезең үшін бір ауысымда авариялық-құтқару бөлімшелерінде жарылыс Ож, өрт Оө, кенеттен болған лақтырыс Окл, газдану Ог, опырылу Оо, басқа авариялар Об және техникалық жұмыстар От салдарын жою кезінде жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жылдық саны есептеледі.

5. Қызмет көрсетілетін өңірдегі 10 жылдық кезеңде болған аварияның барлық түріне бір ауысымда авариялық-құтқару бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жылдық саны (Оор) есептеледі:

Оор = (ОжхАж+ОөхАө+ОклхАкл+ОгхАг+ОохАо+ОбхАб +Отх Ат) /

(Аж+Аө+Акл+Аг+Ао+Аб+Ат)

6. Бір аварияны жою ұзақтығына толықтыру К1 коэффициенті анықталады және тең деп алынады:

К1 = 1, егер Ұ бір ауысымнан аспайды (6 сағаттан);

К1 = Ұ / 6, егер Д 6 сағаттан 24 сағатқа дейінгі шекте;

К1 = 4, егер Ұ 24 сағаттан көп.

7. Көршілес авариялық-құтқару жасақтарының өзара көмегіне толықтыру коэффициенті К2 анықталады. Бұл коэффициент көршілес авариялық-құтқару жасақтары бөлімшелерінің көмекке келіп жету уақытына байланысты және тең деп қабылданады:

К2 = 2, егер көршілес авариялық-құтқару жасақтары бөлімшелерінің ең алыс объектіге келіп жету уақыты 24 сағаттан асса;

К2= 1,5, егер көмек авария басталғаннан кейін 6 сағаттан 24 сағатқа дейінгі аралықта көрсетілетін болса;

К2= 1, егер көршілес жасақтың бөлімшелері ең алыс объектіге авария жою жұмыстарының алғашқы 6 сағатында келетін болса.

8. Бөлімшелердің жасақ бөлімдері құрамындағы қызметін реттейтін К3 толықтыру коэффициенті анықталады. Бұл коэффициент жалпы жасақ бөлімшелерінің аварияға шығуға дайын болып отырған бөлімшесі қатынасына тең, ашып айтқанда кезекшілер мен резервтік бөлімшелердің орташа тәуліктікқосынды санына тең.

Бұл коэффициент бөлімшенің бөлімдегі кезекшілік кестесін пайдалануына байланысты және тең деп алынады:

К3 = 2 – ДРСВ кестесінде;

К3 = 2,5 – ДРСВВ кестесінде;

К3 = 3 – ДРВВВ кестесінде.

9. Атқарылған авариялық және техникалық жұмыстар көлемі бойынша бөлімшеге жүктеме есептеу үшін К4 толықтыру коэффициенті анықталады. Бұл коэффициент бөлімшеге орташа жылдық жүктемеге байланысты Тбөл.

К4 = 0,5 , егер Тбөл. 360 ад.сағаттан аз;

К4 = 1, егер Тбөл. 360-ден 1800 ад.сағатты құрайды;

К4 = Тотд / Т, егер Тбөл. 1800 ад.сағаттан асса.

Тн = 1800 ад.сағат/ жыл – қызмет көрсететін объектілерде авариялық және техникалық жұмыстарды атқару бойынша бөлімшеге нормативтік жылдық жүктеме.

10. Қызмет көрсетілетін объектілердегі кен қазбасының ұзақтығы К5 толықтыру коэффициентімен анықталады:

К5 = 0,5, өңірдегі ең ірі объектідегі кен қазбасының жиынтық ұзақтығы 
30 км дейін болғанда;

К5= 0,6, жиынтық ұзақтығы 30 км ден 60 км дейін болғанда;

К5= 0,8, жиынтық ұзақтығы 60 км ден 120 км дейін болғанда;

К5= 1,0, жиынтық ұзақтығы 120 км артық болғанда.

11. Жер асты жағдайында бір уақытта жұмыс істейтін қызметкерлер саны К6 толықтыру коэффициентімен анықталады:

К6 = 1,2 – өңірдегі ең ірі объектідегі (Р) жүктемесі ең ауыр ауысымдағы жер асты жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 1000 адамға дейін;

К6= 1,6 – саны 1000 адамнан 3000 адамға дейін болғанда;

К6 = 1,8 – саны 3000 адамнан көп болғанда.

12. Өңірдегі авариялық-құтқару бөлімшелерінің тиімді саны төмендегі формула бойынша анықталады:

N = Оср х К1 х К2 х К3 х К4 х К5 х К6

(N) мәніне қарамай авариялық-құтқару бөлімшелерінің ең аз саны нормативтік жұмыс уақытын сақтауды, негізгі объектілердің аварияны жою жоспарында көрсетілген нормативтік мерзім бойынша бөлімшенің авариялық-құтқару жұмыстарына өз күштерімен тәулік бойына шығуын қамтамасыз етуі керек.

Көмір саласындағы әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелері санын есептеу 1-кестеге сәйкес жүргізіледі.



1-кесте

Р/с №

Көрсеткіштер атауы

Жылдар бойына орындалды

Барлығы

1

2


3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1.

Жойылған авариялар, барлығы


































оның ішінде, жерасты өрттері


































жарылыстар


































опырылулар


































газдану


































кенеттен болған лақтырыстар


































кен қазбаларына өткен су тасқыны


































тағы басқа авариялар (бұз. нысандардағы)


































2.

Орындалған техникалық жұмыстар


































3.

Аварияны жоюда жұмыс істелді адам/сағ.


































4.

Техникалық жұмыстарда орындалды адам/сағ.


































5.

Авариялар мен техникалық жұмыстарда орындалды адам/сағ.


































6.

Авариялық-құтқару жұмыстарының ұзақтығы, сағ.


































7.

Бір аварияны жоюдың орташа ұзақтығы (Ұ)


































8.

Бөлімшенің орташа жылдық жүктемесі (Т бөл)


































9.

Бөлімшелер саны


































2. Мұнай, химия және газ салаларында

13. Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің профилактикалық құрамының санын есептеу.

Қызмет көрсетілетін ұйымдардың ұңғымаларында газдың, мұнайдың, судың пайда болуы мен ашық атқыламаларды болдырмау жөніндегі профилактикалық жұмыстар атқыламаға қарсы әскерилендірілген авариялық-құтқару жасақтарының профилактикалық құрамының объектілерді тексеруі және берілген ескертулерді қадағалауы арқылы жүргізіледі.

Профилактикалық жұмыстарды жүргізуге атқыламаға қарсы әскерилендірілген авариялық-құтқару филиалдары жасақтарының аға және жоғарғы басшы құрамы, қызмет көрсетілетін ұйымның басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлері қатысады.

Филиалдардың атқыламаға қарсы әскерилендірілген авариялық-құтқару жасақтары профилактикалық жұмыстардың жоспар-кестесін әзірлейді және қызмет көрсетілетін ұйымдар басшылығымен келіседі.

Тексеру мерзімділігі мен кезектілігі бұрғылау, сынау, пайдалану жағдайына, консервация, күрделі және ағымдағы жөндеу мерзімдеріне, атқыламаға қарсы құралдың жағдайына байланысты жоспарланады, алайда:

бұрғыланатын ұңғымалар үшін – айына екі тексеруден;

сынақ мерзімінде, өндіруде (өнеркәсіп пайдаланымында) және пайдаланып көруде – айына бір тексеруден;

күрделі және жер асты жөндеудегі – айына бір тексеруден;

уақытша консервацияланған ұңғымаларды – айына бір тексеруден;

консервациядағы ұңғымаларды – жылына екі тексеруден сирек болмауға тиіс.

13.1. Бір объектіні профилактикалық тексеру үшін жұмсалатын нақты уақытты есептеу.

14. Бір объектіде шақырту бойынша лақтырысқа қарсы құралдармен бірге бағандарды пресстеу ұңғыма құрылысы кезінде, өнімді қабаттарды ашуға дайындықтарын тексеру, құрамында Н2S бар кен орындарында қабаттарға сынау өткізу кезіндегі кезекшілік, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде профилактикалық жұмыстарға кететін уақыт:

Техникалық құжаттарды тексеру – 1 сағат;

Бекітілген схемамен ұңғыма сағасына құралдың сәйкестігін, лақтырысқа қарсы құралдар жағдайын тексеру – 1 сағат;

Діңгекпен бірге лақтырысқа қарсы құралдарды пресстеу – 4 сағат;

«Лақтырыс» сигналы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу және нұсқау беру – 1 сағат;

Құжаттарды ресімдеу – 1 сағат.

Барлығы: бұрғылау жүріп жатқан жерге баруға кететін уақытты есептемегенде 8 сағат. Бір жұмыс күні – 8 сағат.

14.1. Өндіру, тоқтату, қатпарға су айдау және су алу, игеру, сынақ кезінде бір объектіні профилактикалық тексеру үшін кететін нақты уақыт:

Топтық қондырғының техникалық құжаттарын тексеру – 4 сағат;

Бір топтық қондырғыға (40 ұңғыма) ұңғыма сағасын тексеру – 25 сағат 


(1 ұңғыманы тексеру – 38 минут);

Бұрын табылған бұзушылықтарды тексеру – 2 сағат;

«Ашық атқылама» дабылы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын жүргізу және топтық қондырғыға ашық атқыламаны жібермеу бойынша өндіріс операторларын нұсқаулықтан өткізу – 3 сағат;

Құжаттарды ресімдеу – 2 сағат.

Барлығы: бір ұңғымаға бір сағат.

15. Бұрғылау және ұңғымаларға күрделі жөндеу жұмыстарына профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін қажетті профилактикалық инженерлер саны (Nб)

Nб= Сб х (Нб + V) х К, мұндағы:

Нпж


Сб – бұрғылау, ұңғыманы күрделі жөндеу бригадаларының саны

Нб – бір ұңғыманы пресстеумен бірге тексеруге кеткен уақыт;

V  объектіге баруға кететін орташа уақыт;

К – объектіге шақырылған уақыттан бастап есептелетін форс-мажорлық жағдай кезіндегі қосымша уақыт коэффициенті 1,5-ке тең.

Нпж – айына профилактикалық жұмыстарды жүргізуге кететін уақыт мөлшері 168 сағат – 8 сағат (демалыс, мереке күндері) - 8 сағат (тапсырма алу, есеп беру және т.б. үшін кеңседе болған уақыт) = 152 сағат.

Ескерту: Нд, V, К, Нпж қажетті қорытындыға жету үшін өзгертілуі мүмкін.

16. Ұңғыманы өндіру, тоқтату, пайдаланып көру, сынақтан өткізу, игеру және ұңғыманы жер асты жөндеу кезінде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті инженерлер санын есептеу (Nд) келесі формула бойынша жүргізіледі:

Nд = Сұ х ( Нд + V ) х К, мұндағы:

Нпж

Сұ – ұңғыма саны;



Нд – бір ұңғыманы тексеруге кететін уақыт;

V  объектіге баруға кететін орташа уақыт;

К– объектіге шақырылған уақыттан бастап есептелетін форс-мажорлық жағдай кезіндегі қосымша уақыт коэффициенті 1,5 сағатқа тең.

Нпж – айына профилактикалық жұмыстарды жүргізуге кететін уақыт мөлшері 168 сағат – 8 сағат (демалыс, мереке күндері) - 8 сағат (тапсырма алу, есеп беру және т.б. үшін кеңседе болған уақыт) = 152 сағат.

Ескерту: Нд, V, К, Нпж қажетті қорытындыға жету үшін өзгертілуі мүмкін.

17. Өзіне бұрғылауды, өнімді жазықтықты ашу, бірінші объектіні сынау және оны жайғастыруды қоса алатын ұңғыма құрылысы кезінде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті инженерлер санын есептеу (Nс) төмендегі формула бойынша жүргізіледі:

Nс = См х Ксм , мұндағы:

ОЕА


См – ұңғыма құрылысы мен оны жайғастырудың сметалық құны;

Ксм – ұңғыма құрылысы мен оны жайғастырудың сметалық құнынан аударымдарды анықтайтын коэффициент 0.01-ге тең;

ОЕА – орташа еңбекақы.

18. Ашық мұнай және газ атқыламаларын жою кезінде қажетті әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің санын есептеу ұңғымаларды өндірістік және сынақтық қолдану, игеру, күрделі жөндеу бойынша жұмыстар және қызмет көрсетілетін ұйыммен (кәсіпорынмен) өндірілетін көміртегі шикізаттары көлеміне байланысты.

Ұңғыма қорына қарай жоғарыда аталған жұмыстарды атқару және жылына 4000-нан 10000 тоннаға дейін көміртегі шикізаттарын өндіретін жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарға кем дегенде екі әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару взводы қызмет көрсетеді, жылына 10000 тоннадан және жоғары болса – екі әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару взводынан көп.

3. Тау-кен саласында және газ қауіпті өндірістерде

19. Тау-кен саласына және газ қауіпті өндірістерге қажетті әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару бөлімшелерінің саны кәсіби авариялық-құтқару қызметінің қазіргі тұрған орнына, қызмет көрсетілетін әрбір объектінің бекітілген аварияны жою жоспарына, аварияға шығатын бөлімшелердің санына, қызмет көрсетілетін объектінің авариялық қауіптілігіне байланысты есептеледі.

20. Әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің тиімді саны (Nт ) төмендегі формуламен анықталады:

 = Nмин х Ку х Ктж х Кқаз х Кж, мұндағы:

Nмин – 2-кестеге сәйкес анықталған бөлімше саны;

Ку – әскерилендірілген кәсіби авариялық-құтқару қызметі көршілес бөлімшелерінен көмектің келіп жету уақытын есептеу коэффициенті 3-кестеге сәйкес анықталады;

Ктж – бөлімшенің жыл бойына атқаратын авариялық-техникалық жұмыс көлемін есептейтін коэффициент 4 кестеге сәйкес;

Кқаз – қызмет көрсетілетін объект қазбаларының ұзындығын есептейтін коэффициент 5-кестеге сәйкес;

Кж – жерасты жағдайында бір уақытта жұмыс істейтін жұмысшылар санын есептейтін коэффициент 6-кестеге сәйкес.

2-кесте


Р/с№

Жылдық қазба өнімдері-нің салмағы

(мың м3)

ӘКАҚҚ бөлімшелерінің құрылымы, қызмет көрсететін:

1-дәрежелі авариялық қауіпті объект

2-дәрежелі авариялық қауіпті объект

1 және 2-дәрежеліавариялық қауіпті объектілер

1

2

3

4

5

1

40-қа дейін

2 бөлімшеден тұратын ӘАҚП, қызмет көрсетілетін объектілер ӘАҚК, ШГАЛ*

2 бөлімшеден тұратын ӘАҚП, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ*

4 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ*

2

40-тан

500-ге дейін



4 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

4 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, ШГАЛ

5 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

3

500-ден

3000-ке дейін



6 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

4 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

7 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін 1-дәрежелі қауіпті авариялық объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

4

3000-нан

5000-ға дейін



8 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

5 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

9 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін 1-дәрежелі қауіпті авариялық объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

5

5000жоғары

9 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

6 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ, қызмет көрсетілетін объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

9 бөлімшеден тұратын ӘАҚВ немесе сол бөлімшелер санынан тұратын 2 ӘАҚВ құралған ӘАҚЖ, қызмет көрсетілетін 1-дәрежелі қауіпті авариялық объектінің ӘАҚК, ШГАЛ

* Ескерту: кен өндіру объектілерінде ӘАҚК болмаған кезде 4 бөлімшеден тұратын взвод қызмет көрсетеді.

3-кесте


Жақын арадағы ӘАҚҚ бөлімшесінің көмекке келу уақыты (сағ.)

2-ге дейін

2-ден

6-ға дейін

6-дан

12-ге дейін

12-ден көп

толықтыру мәні коэффициенті (Ку)

1,0

1,15

1,25

1,3

4-кесте

Бөлімшенің жыл бойына атқаратын авариялық-техникалық жұмыстарының көлемі (ад./сағ.)

500-ге дейін

500-ден

1000-ға дейін

1000-нан

1500-ге дейін

1500-нан

1800-ге дейін

1800-ден көп

толықтыру мәні коэффициенті (Ктж )

1,0

1,05

1,1

1,2

1,3

5-кесте

Қызмет көрсетілетін тау қазбаларының аралығы (км)

10-ға дейін

10-нан

15-ке дейін

15-тен

30-ға дейін

30-дан көп

толықтыру мәні коэффициенті (Кқазб.)

1,0

1,1

1,2

1,3

6-кесте

Жер асты жағдайында біруақытта жұмыс атқарушылар (адам)

200-ге дейін

200-ден

500-ге дейін

500-ден

800-ге дейін

800-ден

1000-ға дейін

1000-нан көп

толықтыру мәні коэффициенті (Кж.а)

1,0

1,05

1,1

1,15

1,2

21. Әскерилендірілген авариялық-құтқару взводының тізімдік санын (Ст) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Ст = Nтиім х С мин. х Кқат + Скқс, мұндағы:

Nтиім  кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің тиімді саны;

С мин – аварияны жоюға шығатын бөлімшелердің тиімді саны, 6-дан төмен болмауы керек;

Кқат – жұмыс істеушінің қызметте болмау мүмкіндігін есепке алатын толықтыру коэффициенті;

Скқс – әскерилендірілген авариялық-құтқару взводының командалық құрамының, техникалық және қызмет көрсетуші қызметшілерінің тізімдік санын әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің басшысы әр бөлімшеге атқаратын жедел, техникалық және профилактикалық жұмыстарының нақты көлеміне байланысты анықтайды.

Жұмыс істеушінің қызметте болмау мүмкіндігін есепке алатын толықтыру коэффициенті төмендегі формула бойынша анықталады:

Кқат = L: (L - L келм), мұндағы:

L – жылдағы күндер саны;

келм – жұмыс істеушінің қызметте болмауы мүмкін күндер саны;

22. Авариялық-құтқару пункттерінің тізімдік саны төмендегі формула бойынша анықталады:

Ст= Nтиім х Смин. х Кқат+ Скқс, мұндағы:

Nтиім – кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері бөлімшелерінің тиімді саны;

Смин – аварияны жоюға көмекші авариялық-құтқару командалары мүшелерімен бірге шығатын авариялық-құтқару пункттері тобының ең аз саны, 3-тен аз болмауы керек;

Скқс – әскерилендірілген авариялық-құтқару пунктінің тізімдік санын әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің басшысы әр бөлімшеге қызмет көрсетілетін объектілерде атқаратын жедел, техникалық және профилактикалық жұмыстарының нақты көлеміне байланысты анықтайды.

23. Қосалқы авариялық-құтқару командаларының тізімдік саны 7-кестеде көрсетілген.

7-кесте

Қызметкерлер атауы

ӘАҚВ

үшін

ӘАҚП

үшін

Басшысы (командир)

1

1

Басшының (командирдің) жедел жұмыс жөніндегі көмекшісі

1

1

Басшының (командирдің) жедел-профилактикалық жұмыс жөніндегі көмекшісі

1




1-ші санатты техник

2

1

Инженер-химик

1

1

Сынақ терушілер

2

2

Аға жүргізуші

1




Арнайы автокөліктің жүргізушісі

4

2

Қызметтік үй-жайды жуушы (200 шаршы м үй-жайға 1)

1

1

Барлығы:

14

9



  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет