Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы



бет18/27
Дата17.05.2020
өлшемі3.75 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
      205-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы

               өтінішхатты қарау мерзімдері

      1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхат берген тұлғаны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

      2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.



      3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот көрсетілген өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, бұл туралы монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.



      4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.



      5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.



      6. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарауды қайта бастайды, бұл туралы өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнiң өтуi жалғасады.

      206-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы



               монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi

      Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Кодекстің 201-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.

      Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.


      Монополияға қарсы органды:



      1) екi және одан көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерi, байқаушы кеңестерi немесе басқа да басқару органдарының құрамына кіретін жеке тұлға, олардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын болса, аталған жеке тұлға;



      2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беру не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру үшін мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденетін (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.

      207-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып



               отырған) экономикалық шоғырлану туралы

               хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін

               құжаттама

      1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) монополияға қарсы органға жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:

      1) заңды тұлға куәландырған шарттың көшiрмесi (шарттың жобасы) не мәміленің жасалғанын (мәміле жасау ниетін) растайтын өзге де құжат;



      2) сатып алушы және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:



      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;


      атауы, заңды және нақты мекенжайлары;


      жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;


      акциялардың түрлерi;


      өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын, нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;


      3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңесінiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;



      4) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;



      5) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;



      6) өздерiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;



      7) сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.



      2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) монополияға қарсы органға жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:



      1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын жеке тұлға туралы мәлiметтер:



      жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;


      өкiлеттiктерi көрсетіле отырып, хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын заңды тұлғалар тiзбесi;


      2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;



      3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;



      4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;



      5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын әрбiр нарық субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:



      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;


      тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;


      6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:



      нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;


      хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.

      208-бап. Экономикалық шоғырлануға келісу туралы өтінішхат

               бойынша шешім

      1. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;



      2) уәжді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы.



      2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген тұлғаға, ал қаржы ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де жіберіледі.



      3. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беруі экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекелестікке теріс ықпалын жоятын немесе бәсеңдететін белгілі бір талаптар мен міндеттемелерді орындауымен байланыстырылуы мүмкін.



      Мұндай шарттар мен міндеттемелер, оның ішінде мүлікті басқару, пайдалану немесе оған иелік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.


      4. Экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтінішхат береді.



      5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:



      1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;



      2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға ұсынған анық емес ақпарат негізінде қабылданса, бұл заңсыз шешім қабылдауға алып келген;



      3) экономикалық шоғырлануға қатысушылар монополияға қарсы органның шешіміне орай туындаған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы шешімін қайта қарайды.



      6. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:



      1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;



      2) шешімді өзгертеді;



      3) шешімнің күшін жояды;



      4) жаңа шешім қабылдайды.



      7. Егер монополияға қарсы орган шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша экономикалық шоғырлануға берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, нарық субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылады және күші жойылады.



      8. Монополияға қарсы органның бұрын қабылдаған шешімін өзгерте алатын қосымша ақпарат пен құжаттарды қарау үшін өтініш беруші осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтінішхат береді.



      9. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға арнап бұрын қабылданған шешімді қайта қарау жөніндегі шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаға жіберіледі.



      10. Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, оған тыйым салынады.

      209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық



               шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм

               қабылдауы

      1. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органға хабарлама келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермесе, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі.

      2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасау бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтаса, монополияға қарсы орган мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiс нұсқама шығарады.



      3. Мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның осы нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.

      210-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы



               өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері

      1. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау:

      1) өтініш берушілерден өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен;



      2) өтініш беруші ақпаратты монополияға қарсы орган айқындаған мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтірген;



      3) өтініш беруші өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін анық емес ақпарат берген жағдайларда, тоқтатылуға жатады.



      2. Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және өтінішхат берген тұлғаға мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.



      3. Өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін өтініш беруші монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!



      211-бап 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.

      211-бап. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп



               көрсетілетін қызметтерге (тауарларға,

               жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы

               туралы монополияға қарсы органды хабардар ету

               тәртібі

      1. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруды бастаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы монополияға қарсы органды хабардар етуге міндетті.

      2. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тікелей де, байланыс мекемелері арқылы да берілуі мүмкін.

19-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ


МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ



      212-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердің

               монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылы

      1. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің монополияға қарсы органдары өзара іс-қимылды, оның ішінде ақпарат беру туралы хабарламалар, сұрау салулар жіберу, консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарландыру арқылы жүзеге асырады.

      2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге де мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және олардың сұрау салулары бойынша ақпарат беруге құқылы.

      213-бап. Монополияға қарсы орган мен құқық қорғау



               органдарының өзара іс-қимылы

      1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:

      1) құқық қорғау органдарына бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;



      2) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты және мониторинг деректерін береді;



      3) құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;



      4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу үшін сарапшылар ретінде жібереді.



      2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттіктері шегінде монополияға қарсы органмен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:



      1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы аясындағы анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;



      2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық органдарының сұрау салулары мен өтініштері бойынша:



      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;


      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сұрау салуларына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оларды монополияға қарсы органға жеткізу бойынша шаралар қолданады;


      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы орган ұсынатын, қылмыстық жазаланатын бәсекелестікке қарсы әрекет белгілері бар материалдар бойынша қылмыстық істер қозғау туралы шешімдер қабылдайды, бұл жөнінде монополияға қарсы органға хабарлайды;


      монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық көмек көрсетеді.

      214-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің

               құқықтары

      Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімдерін көрсеткен кезінде:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;



      2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.

      




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет