Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы №469 қаулысы



жүктеу 26.17 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі26.17 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептi жария етуi туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 469 қаулысы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) еншілес ұйымдары жоқ - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған нысандарын;

2) еншілес ұйымдары бар - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған нысандарын жыл сайын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жылдық қаржылық есепті ұсынғаннан кейін бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.

5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ. ) қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төлесiн.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

"Жинақтаушы зейнетақы қорының

бұқаралық ақпарат құралдарында

қаржылық есептi жария етуi туралы"

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

469 қаулысына қосымша



Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң жылдық қаржылық есебiн (таңдауы

бойынша) жария ететiн мерзiмдi баспасөз басылымдарының

тiзбесi

1. «Казахстанская правда» газетi;

2. «Егемен Қазақстан» газетi;

3. "Новый Азамат-Times" газетi;

4. "Алтын орда" газетi;

5. "Экспресс К" газетi;

6. "Деловая неделя" газетi;

7. "Время" газетi;

8. "Жас Алаш" газетi;

9. "НП-Новое поколение" газетi;

10. "Панорама" газетi;

11. "Караван" газетi;

12. "Түркiстан" газетi;

13. "Юридическая газета";

14. "Заң газетi" газетi;

15. "Айғақ" газетi;

16. "Аиф-Казахстан" газетi;

17. "Официальная газета";

18. "Столичная жизнь" газетi;

19. "Мегаполис" газетi;

20. "Новости недели" газетi;

21. "Жас қазақ үнi" газетi;

22. "Начнем с понедельника" газетi.

 

 



 

  

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет