Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №48 баспас ө зрелиз І



Дата03.05.2016
өлшемі63.59 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

48 Б А С П А С Ө З Р Е Л И З І



2012 жылғы 5 желтоқсан
Қаржы нарығындағы ахуал туралы


  1. Инфляция

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы қарашада 0,7% (2011 жылғы қарашада – 0,6%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,7% (0,8%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,4% (0,4%-ға), ақылы қызмет көрсету 1,1% (0,4%-ға) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көп дәрежеде жұмыртқа 4,7%-ға, макарон өнімдері 1,7%-ға, май және тоң май 1,2%-ға, сүт өнімдері 1,0%-ға, жемістер мен көкөністер 0,8%, ұн 0,9%-ға, ет өнімдері – 0,6%-ға қымбаттады. Қант бағасы 1,2%-ға, қарақұмық жармасы – 0,4%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында киім мен аяқ киімнің бағасы 0,6%-ға, күнделікті үй заттары - 0,4%-ға, дәрі-дәрмек - 0,2%-ға көтерілді. Бензиннің және дизель отынының құны өзгеріссіз қалды.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 1,4%-ға өсті. Бұл ретте ыстық су тарифтері 3,7%-ға, орталықтан жылыту 2,9%-ға, қоқыс жинау 2,6%-ға, үйді жалдау 1,6%-ға көтерілді. Өткен айда байланыс қызметтерінің бағасы 1,9%-ға (почта қызметтері 37,3%-ға), көлік қызметтері 0,3%-ға, медициналық қызметтер 1,2%-ға көтерілді.

2012 жылғы қаңтар-қарашада инфляция 5,3%-ды (2011 жылғы қаңтар-қарашада 7,0%-ды) құрады. Азық-түлік тауарлары 2012 жылдың басынан бастап 4,5%-ға (8,8%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,2%-ға (4,8%-ға), ақылы қызметтер 8,7%-ға (7,1%-ға) қымбаттады (1-график).

1-график
2011 және 2012 жж. қаңтар-қарашадағы инфляция және оның құрамдас бөліктері


2012 жылғы қарашада инфляция жылдық көрсетуде 5,6%-ды (2011 жылғы желтоқсанда - 7,4%) құрады. Соңғы 12 айда азық-түлік тауарлары 4,8%-ға (9,1%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,6%-ға (5,3%-ға), ақылы қызметтер – 8,9%-ға (7,3%-ға) қымбаттады.




  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (алдын ала деректер)

2012 жылғы қарашада Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 29,6 млрд. АҚШ долл. дейін 2,0%-ға өсті (жыл басынан 1,1% өсті). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2,0%-ға өсіп, 29,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан 1,2% өсті). Таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылғы қарашада 2,0% өсті. Алтындағы активтер жүргізілген операциялар, сондай-ақ әлемдік нарықтарда оның бағасының ұлғаюы нәтижесінде 2,2% өсті.

2012 жылғы қарашада елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 57,5 млрд. АҚШ долл.) 87,2 млрд. АҚШ долл. дейін 1,4% ұлғайды (жыл басынан бастап 19,5%-ға өсті).

2012 жылғы қарашада ақша базасы 5,2% тарылып, 2686,1 млрд. теңге (жыл басынан 5,3% тарылды) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2645,8 млрд. теңгеге дейін 4,4%-ға тарылды.

2012 жылғы қазанда ақша массасы 10686,2 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды (жыл басынан 9,6% өсті). Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1407,6 млрд. теңгеге дейін 1,0% төмендеді (жыл басынан 3,1% өсті), банк жүйесіндегі депозиттер 9278,7 млрд. теңгеге дейін 2,0%-ға өсті (жыл басынан 10,6% өсті). Депозиттердің ақша массасы құрылымындағы үлесі 2012 жылғы қыркүйектегі 86,5%-дан 2012 жылғы қазандағы 86,8%-ға дейін ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның өсуімен салыстырғанда, депозиттер көлемі өсуінің басым қарқыны депозиттер үлесі өсуінің негізгі себебі болды.

Ақша мультипликаторы 2012 жылғы қазанда тіркелген ақша базасының тарылуы аясында ақша массасының өсуі салдарынан 2012 жылғы қыркүйектегі 3,56-дан 2012 жылғы қазанның қорытындысы бойынша 3,77-ге дейін ұлғайды.


  1. Валюта нарығы

2012 жылғы қарашада теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 150,07–150,86 теңге ауқымында өзгерді. 2012 жылғы қарашада теңге 0,2% нығайды және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 150,52 теңге болды.

2012 жылғы қарашада Қазақстан қор биржасындағы операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2012 жылғы қазанмен салыстырғанда 20,4% ұлғайды және 5,6 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі (алдын ала деректер бойынша) 62,3% өсіп, 2,5 млрд. АҚШ долл. болды.

Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 32,1% өсті және 8,1 млрд. АҚШ долл. болды.


  1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2012 жылғы қарашада Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 16 аукцион өткізілді. Онда 9 айлық МЕККАМ (9,8 млрд. теңге), 2 жылдық МЕОКАМ (7,6 млрд. теңге), 3 жылдық МЕОКАМ (4,6 млрд. теңге), 4 жылдық МЕОКАМ (3,6 млрд. теңге), 5 жылдық МЕОКАМ (7,7 млрд. теңге және 2,6 млрд.теңге), 6 жылдық МЕУКАМ (2,4 млрд. теңге және 2,1 млрд.теңге), 9 жылдық МЕУКАМ (11,6 млрд. теңге), 10 жылдық МЕУКАМ (0,3 млрд. теңге және 2,0 млрд. теңге), 13 жылдық МЕУКАМ (4,8 млрд. теңге және 1,6 млрд. теңге), 15 жылдық МЕУКАМ (1,6 млрд. теңге), 11-жылдық МЕУЖКАМ (52,5 млрд. теңге), 15 жылдық МЕУЖКАМ (49,2 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік: 9 айлық МЕККАМ бойынша – 2,50%, 2 жылдық МЕОКАМ – 3,02%, 3 жылдық МЕОКАМ – 4,06%, 4 жылдық МЕОКАМ – 5,37%, 5 жылдық МЕОКАМ – 5,06%, және 5,58%, 6 жылдық МЕУКАМ – 5,75%, 9 жылдық МЕУКАМ – 6,00%, 10 жылдық МЕУКАМ – 6,60%, 13 жылдық МЕУКАМ – 6,80% және 6,60%, 15 жылдық МЕУКАМ – 6,60%, 11 және 15 жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01% болды.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 5,7%-ға ұлғайып, 2012 жылғы қарашаның аяғында 2849,6 млрд. теңге болды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары.

Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылғы қазанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашада 12,8% ұлғайып, 12,4 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион өтті және олар бойынша тиімді кірістілік 1,05% болды.

Айналыстағы ноттар көлемі 2012 жылғы қазанмен салыстырғанда 2012 жылғы қарашаның аяғында 19,2% қысқарды және 263,0 млрд. теңге болды.




  1. Банкаралық ақша нарығы

2012 жылғы қазанда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2012 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 12,5%-ға ұлғайып, баламасы 1287,3 млрд. теңге болды.

Орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттердің көлемі 24,5% азайды және 177,0 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 13,8%) болды. Бұл ретте орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы қазанда 0,83%-дан 0,85%-ға дейін өсті.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2012 жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда 155,6 млрд. теңгеге дейін 21,8%-ға азайды.

2012 жылғы қазанда 2012 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 17,4% ұлғайды және 7,0 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 81,6%) құрады. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы қазанда 0,13%-дан 0,18%-ға дейін өсті.

Еуродағы және рубльдегі депозиттерге орналастыру көлемі шамалы болып қалуда – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен тиісінше 1,8 және 2,8%.

Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2012 жылғы қазанда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 79,5%-дан 86,2%-ға дейін ұлғайды. Орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен шетел валютасында резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі 76,3%-дан 83,8%-ға дейін ұлғайды.




  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы қазанда 2,0%-ға 9278,7 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан ұлғаю 10,6%). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 2,8%-ға 6122,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға 3156,5 млрд. теңгеге дейін өсті.

2012 жылғы қазанда шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 1,7%-ға 2874,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ұлттық валютада – 2,2%-ға 6404,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы қыркүйектегі 68,9%-бен салыстырғанда 2012 жылғы қазанда 69,0%-ға дейін ұлғайды.

Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2012 жылғы қазанда 0,7%-ға 3189,4 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан бастап өсу 15,6%). Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 1,1%-ға 1868,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 0,1%-ға 1320,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы қыркүйектегі 58,3%-бен салыстырғанда 58,6%-ға дейін өсті.

2012 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2,0% (2012 жылғы қыркүйекте – 2,3%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,2% (8,3%) болды.




  1. Кредит нарығы

2012 жылғы қазанда банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 9621,6 млрд. теңгені құрап, 1%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап өсу 9,2%).

2012 жылғы қазанда ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 6681,6 млрд. теңгеге дейін 1,5% өсті (жыл басынан бастап – 17,6% өсу), шетел валютасында – 2940,0 млрд. теңгені құрап, 0,3%-ға төмендеді (жыл басынан бастап 6%-ға төмендеу). Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы қыркүйектегі 69,1%-бен салыстырғанда 2012 жылғы қазанда 69,4%-ға дейін өсті.

2012 жылғы қазанда ұзақ мерзімді кредиттеу 7812,4 млрд. теңгеге дейін 0,9% өсті, қысқа мерзімді кредиттеу 1809,2 млрд. теңгеге дейін 1%-ға ұлғайды. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы қазанда алдыңғы айдың деңгейінде сақталды (81,2%).

2012 жылғы қазанда заңды тұлғаларға кредиттер 6872,6 млрд. теңгені құрап, 0,5%-ға өсті, жеке тұлғаларға – 2749,0 млрд. теңгеге дейін 2%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы қыркүйектегі 28,3%-бен салыстырғанда 2012 жылғы қазанда 28,6%-ға дейін өсті.

2012 жылғы қазанда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1406,3 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап 4,8%-ға ұлғаю), бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,6% құрайды.

Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20%), құрылыс (14,2%), өнеркәсіп (12%), көлік (4,1%) және ауыл шаруашылығы (3,1%) сияқты салаларға тиесілі.



2012 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,6% (2012 жылғы қыркүйекте – 11%), жеке тұлғаларға – 22,1% (21,1%) құрады.





Каталог: files -> Other -> Press releases of NB
Other -> Пән атауы/юнит Азаматтық қоғам дамуының басты бағыттары Пәннің коды
Other -> Конкурса на лучшую организацию акции «Чистая сессия»
Other -> Priekule 23 июня к 12 часам
Press releases of NB -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Other -> Пән атауы Алгебра Пән коды
Press releases of NB -> ҚауымдастығЫ №26 баспас ө зрелиз І
Press releases of NB -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №9 баспасөзрели зі
Press releases of NB -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №26 баспасөзрелиз І


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет