Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы



Дата28.04.2016
өлшемі24.14 Kb.


Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы



Алматы қ.

2013 жылғы ___ ____________

№ ___


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды

сатып алуға мемлекеттің басым құқығын

іске асыру қағидаларын бекіту туралы»

2012 жылғы 24 тамыздағы № 241 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іске асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы»


2012 жылғы 24 тамыздағы № 241 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7955 тіркелген, 2012 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 746-751 (27823) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Бекітілген сатып алу лимиті шеңберінде Ұлттық Банк тазартылған алтынды өндіру және сату болжамының кестесін ұсынған нақты клиенттен алдағы жартыжылдықта сатып алынатын тазартылған алтынның көлемін айқындайды. Сатып алу көлемдері клиенттерге алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына – ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жеткізіледі.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Тазартылған алтынның бағасы мәміле күнінің алдындағы күнгі теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамына және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының алтынға арналған таңертеңгі және кешкі фиксингінің бүкіл жеткізілім айындағы орташа мәніне және:

алтынды халықаралық нарықтарға экспорттау жөніндегі көлік шығыстарынан;

бид-аск (bid-ask) спредтен тұратын іске асыруға жұмсалатын шығындардан;

Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына жауап бермейтін тазартылған алтын сатып алынған жағдайда қолданылатын сапа үшін жеңілдіктен тұратын дисконтқа қарай теңгемен айқындалады.

Дисконт мөлшерлемелерін айқындау мақсаттары үшін бид-аск (bid-ask) спредтен тұратын іске асыруға жұмсалатын шығындар тек Ұлттық Банк Басқармасының шешімі негізінде нөлге тең деп қабылданады.

Дисконттың алдағы жартыжылдыққа арналған мөлшерлемелерін Ұлттық Банктің Төрағасы бекітеді.

Бір кезеңде сатып алынатын сапасы бір бүкіл тазартылған алтынға бірыңғай дисконт мөлшерлемесі қолданылады.».



2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов



Каталог: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет