Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 450.43 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі450.43 Kb.
: attachments -> 139
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
139 -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
139 -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
139 -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Алматы қ.


БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы
____________ Марченко Г.А.



« 01 » наурыз 2013 ж.



Актуарий лауазымына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
1. Дауыс беретін акциялардың (артықшылықтыларын шегере отырып) қандай мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қомақты қатысу туралы куәландырады:
2. Дауыс беретін (артықшылықтыларын шегере отырып) акциялардың қандай мөлшері заңды немесе жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатыны туралы куәландырады:
3. Өздігінен ұстап қалу деген не:
4. Қайсысы сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар болып табылады:
5. Қайсысы сақтандыру қызметінің субъектілері болып табылады:
6. Сақтандыру заңнамасына сәйкес қайсысы цедент болып табылады:
7. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша нені есептейді:
8. Қайсысы сақтандыру портфелі болып табылады:
9. Қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға қалай аталады:
10. Сақтандыру ережелері нені айқындайды:
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін пруденциалдық нормативтерді қандай орган белгілейді:
12. Бір мезгілде бірнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдаумен байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар қалай аталады:
13. Сақтандыру ұйымы қызметін ненің негізінде жүзеге асырады:
14. Сақтандыру агенті қандай қызметті жүзеге асырады:
15. Қайсысы сақтандыру агенті бола алады:
16. Сақтандыру агенті делдалдық қызметті кімнің атынан және тапсырмасы бойынша жүзеге асырады:
17. Берілген өкілеттіктерге сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға қалай аталады:
18. Сақтандыру брокері қандай қызметті жүзеге асырады:
19. Қандай тұлға сақтандыру брокері бола алады:
20. Сақтандыру брокері делдалдық қызметті кімнің атынан жүзеге асырады:
21. Сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін заңды тұлға қалай аталады:
22. Сақтандыру резервтері қандай есептеулер негізінде қалыптастырылады:
23. Сақтандыру резервтерін кім есептейді:
24. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтері не болып табылады:
25. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері қалай аталады:
26. Қайсысы сақтандыру қызметімен айналысуға құқылы:
27. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі қалай аталады:
28. Шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындардың сақтандыру арқылы қорғалу құқығы қалай іске асырылады:
29. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды қайсысы жүзеге асыра алады?
30. Сақтандырудың қандай салалары бар?
31. «Өмірді сақтандыру» не болып табылады:
32. «Жалпы сақтандыру» не болып табылады:
33. «Жалпы сақтандыру» саласында сақтандырудың ерікті нысанындағы қанша сынып бар:
34. «Өмірді сақтандыру» саласында сақтандырудың ерікті нысанындағы қанша сынып бар:
35. «Өмірді сақтандыру» саласына сақтандырудың ерікті нысанындағы аталған сыныптарының қайсысы кіреді?
36. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін айқындау кезінде iс жүргiзуге арналған шығыстары қанша пайызды құрайды:
37. Қандай жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алушы зейнетақы аннуитеті шартын жасауға құқылы:
38. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін қандай фактор пайдаланылады:
39. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері қалай айқындалады:
40. Аннуитеттік фактор қалай есептеледі:
41. Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адам неше жыл ішінде оны бұзуға құқылы емес:
42. Зейнетақы аннуитеті шартының қолданылуы қандай жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін:
43. Жасалған жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы не жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелер көлемі қандай мөлшерден асқан кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміле ірі мәміле болып танылады:
44. Қайсысы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады:
45. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі қандай мерзімде төленеді:
46. Қайсысы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру объектісі болып табылады:
47. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз жолаушыларды тасымалдау үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруға құқылы ма:
48. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тасымалдаушы лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
49. Қайсысы туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады:
50. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қай орган жүзеге асырады:
51. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша туроператор үшiн сақтандыру сомасы қандай мөлшерде болады:
52. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша турагент үшiн сақтандыру сомасы қандай мөлшерде болады:
53. Сақтандыру заңнамасында сақтандырудың қандай нысандары көзделген:
54. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi қалай аталады:
55. Сақтандыру түрi деген не:
56. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұруы мүмкін:
57. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі не болып табылады?
58. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады ма:
59. Міндетті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар қандай актіде белгіленеді?
60. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет жинақтап сақтандыру нысанында жүзеге асырылуы мүмкін бе?
61. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет жинақтап сақтандыру нысанында жүзеге асырылуы мүмкін бе:
62. Жинақтап сақтандыру нысанындағы қызмет сақтандырудың қандай саласында жүзеге асырылуы мүмкін:
63. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен қоса атқарылады ма?
64. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет лицензиялануға тиіс пе?
65. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыруға құқылы ма?
66. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөнiндегі қызметтi қандай салада жүзеге асыра алады?
67. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөнiндегі қызметтi қандай салада жүзеге асыра алады?
68. Лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыруды сақтандырудың қандай салаларында жүзеге асыруға құқылы:
69. Қайсысы сақтандыру нарығына қатысушылар болып табылады?
70. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің қай түрі негізгі болып табылады:
71. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға құқылы ма?
72. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң сақтанушыларына қарыз беруге құқылы ма?
73. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуға құқылы ма?
74. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы ма?
75. Қандай жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін төлеуге кепілдік береді?
76. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға құқылы?
77. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері қандай құжатта айқындалады:
78. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктері қандай құжатта айқындалады?
79. Сақтандыру қағидаларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай органы бекітеді?
80. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында қандай маман болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес?
81. Сақтандыру ұйымы қандай жағдайда мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес?
82. Сақтандыру ұйымы аннуитет шартының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға құқылы ма?
83. Сақтандыру пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру шарты қандай талаптар негізінде жасалады?
84. Лицензиясында тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлмесе, сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыруға қатысуына құқығы бар ма?
85. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ тұлғалар өзінің атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы ма:
86. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ тұлғалар өз атауында, құжаттарында, хабарландыруларында және жарнамасында «қайта сақтандыру ұйымы» деген сөздерді пайдалануға құқылы ма:
87. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ тұлғалар өз атауында, құжаттарында, хабарландыруларында және жарнамасында «сақтандыру брокері» деген сөздерді пайдалануға құқылы ма:
88. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруына байланысты сақтандыру қалай аталады?
89. Трансшекаралық сақтандыру деген не?
90. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруіне қандай талаптар ескеріле отырып жол беріледі:
91. Трансшекаралық сақтандыру кезінде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке рұқсат етілген бе:
92. Сақтандыру ұйымы тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгергені туралы өзiнiң сақтанушыларына қандай мерзімде хабарлауға мiндеттi:
93. Сақтандыру ұйымы тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгергені туралы өзiнiң сақтанушыларына қалай хабарлауға мiндеттi:
94. Сақтандыру ұйымы қандай құжаттың тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi:
95. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан қайсысын сұратып алуға құқығы бар:
96. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны қандай:
97. Сақтандыру брокерінің атауында қандай сөздер болуға тиіс:
98. Сақтандыру брокеріне өзінің атауында қандай сөздер пайдалануға тыйым салынады:
99. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу қандай тәртіппен жүргізіледі:
100. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе оның қызметкерлері сақтандыру брокерін құруға немесе оның қызметіне қатысуға құқылы ма:
101. Сақтандыру брокерін құруға немесе оның қызметіне қатысуға қайсысының құқығы жоқ:
102. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы лауазымдарды бір мезгілде атқара алады ма:
103. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестеріне не акцияларға қалай ақы төлеуге міндетті?
104. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестеріне не акцияларға мүлікпен ақы төлеуге құқылы ма?
105. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары қай сәтте толығымен төлеп болуға тиіс?
106. Құрылатын сақтандыру брокерінің құрылтайшылары оның мемлекеттік тіркелу сәтіне қарай нені толығымен төлеп болуға тиіс?
107. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне және қызметінің өзге де шарттарына қойылатын талаптар қайсысында айқындалады?
108. Сақтандыру брокерінің қызметі қызметтің ерекше түрі болып табылады ма?
109. Сақтандыру брокерінің қызметі лицензиялануға жатады ма:
110. Сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға құқылы ма?
111. Сақтандыру брокері өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруға құқылы ма:
112. Сақтандыру брокері өз атынан және цеденттің тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруға құқылы ма:
113. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметін жүзеге асыруға құқылы ма:
114. Сақтандыру брокері сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздеу мен тартуды жүзеге асыруға құқылы ма:
115. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге және қаржылық жағдайына салыстырма талдау жасауды жүзеге асыруға құқылы ма:
116. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауға құқылы ма:
117. Сақтандыру брокері клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау критерийлерін әзірлеуге құқылы ма:
118. Сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін анықтау бойынша сараптамалық қызметтерді көрсетуге құқылы ма:
119. Сақтандыру брокері сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеуді жүзеге асыруға құқылы ма:
120. Сақтандыру брокері сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын рәсімдеуге құқылы ма:
121. Сақтандыру брокері сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болғанда оларды кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аударым жасау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауға құқылы ма:
122. Сақтандыру брокері қандай жағдайда кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аударым жасау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауға құқылы:
123. Сақтандыру брокері клиенттің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруға құқылы ма:
124. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталғанда шағымдарды қарау кезіндегі құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға құқылы ма:
125. Сақтандыру брокері консультация өткізуге және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдем көрсетуге құқылы ма:
126. Сақтандыру брокері берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге құқылы ма:
127. Сақтандыру брокері сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін жинауға құқылы ма:
128. Сақтандыру брокері мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде шығындарды қарау мен реттеу бойынша құжаттар жинауға құқылы ма:
129. Сақтандыру брокері сарапшылардың зиянды бағалау мен сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау қызметтерін ұйымдастыруға құқылы ма:
130. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарабы болып табылады ма:
131. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі қандай құжатта айқындалуға тиіс:
132. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру жөніндегі ішкі қағидаларында не айқындалады?
133. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi қандай құжатта айқындалады:
134. Сақтандыру ұйымы берген өкiлеттiктер болмаған жағдайда сақтандыру агентi ретiндегi қызметке жол берiледi ме:
135. Сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының атынан жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді қайсысы орындайды?
136. Сақтандыру брокеріне өз атынан жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сыйақыны қайсысы төлейді:
137. Сақтандыру агентiне тапсырма шарты бойынша оған тиесілі сыйақыны сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларынан ұстап қалуына рұқсат етіле ме?
138. Экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса, жеке тұлға сақтандыру агентi бола алады ма:
139. Сақтандыру агенті сақтанушыға тапсыру шартын және өз деректерінің сақтандыру агенттері тізілімінде бар екенін міндетті ме:
140. Сақтандыру агенті өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпаратты беруге міндетті ме?
141. Сақтандыру агенті сақтанушының талап етуі бойынша жасасатын сақтандыру шарты бойынша оны сақтандыру қағидаларымен таныстыруға міндетті ме:
142. Қайсысы актуарий ретінде болуға құқылы?
143. Бастамашылық актуарлық есептер қайсысының бастамасы бойынша есептеледі?
144. Қандай жағдайларда міндетті актуарлық есепте есептеледі?
145. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы актуарлық есептеулерді жасау кезінде нені ұсынуға міндетті:
146. Актуарий өзінің иелігіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін жауап бере ме?
147. Актуарлық есептердің дұрыс және діл болуына қайсысы жауап береді:
148. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамау фактiлерiнің анықталғаны туралы қайсысын дереу хабардар етуге міндетті:
149. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға қандай мерзім ішінде хабарлауға мiндеттi?
150. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің аудитін қайсысы жүргізеді:
151. Банк конгломератының құрамына кірмейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметiнiң аудитiн бiр аудиторлық ұйымда қандай мерзім ішінде жүргiзуге құқылы?
152. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарий қзметін тексеру үшін тәуелсіз актуарий тартуға құқылы ма?
153. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит (аудитор) қызметі лицензиялануға тиіс пе:
154. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит (аудитор) қызметі болуға міндетті ме?
155. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудитор) болу міндеті қандай құжатта көзделген:
156. Ішкі аудит жүргізу тәртібі қандай құжатта айқындалады?
157. Қайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады?
158. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің немесе орналастырылған акцияларының 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады ма:
159. Мемлекет сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады ма?
160. Тәуелсіз актуарий қандай талаптарға сәйкес келуі тиіс?
161. Сақтандыру қызметін қадағалауды жүзеге асыру кезінде оффшорлық болып танылатын аймақтар тізбесін қайсысы белгілейді?
162. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай ұйым болып табылады?
163. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны қандай болып табылады?
164. Заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және уәкілетті органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен не айқындалады?
165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi немен айқындалады:
166. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай атауды пайдаланады:
167. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде қандай сөз (сөздер) болуға тиiс?
168. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде қандай сөз (сөздер) болуға тиiс:
169. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде қандай сөз (сөздер) болуға тиiс:
170. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында қандай сөздерді пайдалануына тыйым салынады:
171. Қай орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы болып табылады?
172. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi қандай орган болып табылады:
173. Қай орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы болып табылады?
174. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқармасы қандай орган болып табылады:
175. Қай орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бақылау органы болып табылады:
176. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iшкi аудит қызметi қандай орган болып табылады?
177. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастыру кезінде қалай төленуге тиіс?
178. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастыру кезінде мүлікпен және бағалы қағаздармен төленуі мүмкін бе?
179. Қандай жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық қор болып табылмайтын заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылған кезде оның акцияларын сатып алады?
180. Тек қана оң меншікті капитал болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру кезінде оның акцияларын сатып алу туралы талап қандай қаржы институттарына қолданылмайды:
181. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары қашан толығымен төлеуі тиіс?
182. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерден өз акцияларын сатып алуы үшін қандай органның келісімі қажет?
183. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңнаманың қандай талаптары сақталған кезде акционерлерден өз акцияларын сатып алуға құқылы:
184. Қай мемлекеттік органның келісімінсіз бір де бір тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды?
185. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімі тұлғаларға қандай түрде беріледі?
186. Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғалар қандай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуы мүмкін?
187. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру тәртібін қайсысы айқындайды?
188. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алу үшін тұлға не істеуге міндетті?
189. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алуға арналған өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган қандай мерзімде қабылдауға тиіс?
190. Уәкілетті орган қандай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді қайтарып алуға құқылы?
191. Уәкілетті орган осындай мәртебені иеленуге келісімді қайтарып алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы қандай шара қабылдауға міндетті?
192. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы өзінің дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) үлесін өзгерту туралы шешім қабылданған кезде қандай шара қабылдауға міндетті?
193. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы өзінің дауыс беретін акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) үлесін өзгерту туралы шешім қабылданғаны туралы уәкілетті органды қандай мерзім ішінде хабардар етуге міндетті?
194. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін уәкілетті органға қандай кезеңділікпен беруге міндетті?
195. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды өзінің дауыс беретін акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) он және одан көп пайызына ие акционерлер құрамының өзгергені туралы қандай мерзімде хабардар етуге міндетті:
196. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның ірі қатысушыларының ақпаратты уақтылы ұсынбауы, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтер беруі неге әкеп соқтырады?
197. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына қайсысы негіз болып табылады:
198. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін не қажет?
199. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы оны құру кезінде өз мемлекетiнiң сақтандыруды қадағалау органынан қандай құжат ұсынуға міндетті?
200. Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымын құру кезінде шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары қандай рәсімге жатқызылады:
201. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың қандай мерзім ішінде заңды күшi болады:
202. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсат қандай жағдайда уәкiлеттi органға қайтарылуға тиiс:
203. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық пакеті берілген күннен бастап қандай мерзім ішінде қарауға тиiс:
204. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру мәселесі бойынша қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiге қалай хабарлайды?
205. Қайсысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады?
206. Құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы шығынды қызметі уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады ма?
207. Жеке тұлғалар-құрылтайшыларда өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады ма?
208. Уәкiлеттi органға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен оның құрылтайшыларына қатысты анық емес ақпарат беру қандай салдарға әкеп соқтырады?
209. Құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады ма?
210. Қайсысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді қайтарып алуына негіз болып табылады?
211. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқылы ма:
212. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тіркеуді қай орган жүзеге асырады:
213. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алған күннен бастап қандай мерзім ішінде әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi:
214. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға құқылы ма?
215. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алуға құқылы ма:
216. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын иеленуге құқылы ма:
217. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарын құруға және (немесе) иеленуге құқылы ма?
218. Еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің толық атауында қандай сөздерді (сөзді) көрсетуге міндетті:
219. Еншілес сақтандыру ұйымының атауында бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын пайдалану міндетті талап болып табылады ма?
220. Еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің толық атауында «еншілес» деген сөзді көрсетуге міндетті ме:
221. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін қандай мерзім ішінде еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат беруге міндетті:
222. Еншілес сақтандыру ұйымы міндетті түрде қандай әрекеттер туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті:
223. Қай органның шешімі негізінде сақтандыру ұйымы филиал немесе өкілдік ашуға құқылы?
224. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын немесе өкілдігін ашуға уәкілетті органның келісімін алу қажет пе:
225. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы ма?
226. Сақтандыру ұйымы филиалының немесе өкілдігінің ашылғаны туралы уәкілетті органды қандай мерзім ішінде хабардар етуге міндетті:
227. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (өкілдігінің) атауына қандай талаптар қойылады:
228. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы заңды тұлға болып табылады ма?
229. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қызметін өз атынан жүзеге асыруға құқылы ма?
230. Уәкілетті орган қандай мақсатта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешім қабылдайды:
231. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі заңды тұлға болып табылады ма?
232. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі қызметін өз атынан жүзеге асыруға құқылы ма?
233. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар аша алады ма?
234. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында өкілдіктер аша алады ма?
235. Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда өкілдіктер ашуға құқылы:
236. Қандай адамдар сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады:
237. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері лауазымдарына сайлануға (тағайындалуға) қай органның келісімі талап етіледі:
238. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімін келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған кезде қайтарып алуға құқылы ма?
239. Басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде қолдануы сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) уәкілетті орган берген келісімді қайтарып алу үшін негіз болып табылады ма?
240. Мінсіз іскерлік беделі жоқ тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы басшылық қызметке сайлануы мүмкін бе:
241. Жоғары білімі жоқ тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы басшылық қызметке сайлануы мүмкін бе:
242. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті қай орган лицензиялайды?
243. Сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымына сайлану (тағайындалу) үшін қандай білім міндетті болып табылады:
244. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы Басқарманың бірінші басшысы лауазымына тағайындалуы мүмкін бе?
245. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері қандай уақыт кезеңі ішінде өз қызметін уәкілетті органмен келісусіз атқаруға құқылы:
246. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына келісім беру немесе келісім беруден бас тарту туралы шешімді қандай мерзім ішінде қабылдайды:
247. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уәкілетті орган бас тартқаннан кейін қандай мерзім ішінде оның осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындалуына (сайлануына) жол беріледі?
248. Мемлекеттiк тiркеуден өткен және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға ұсынылатын құрылтай құжаттарының көшiрмелерi нотариалды куәландырылуы тиіс пе?
249. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензия алу үшін уәкілетті органға ұсынатын сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарға қайсысы қол қояды?
250. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға ішкі аудит қызметі туралы ереже ұсынылады ма?
251. Уәкілетті органның сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бергені үшін не ұсталады:
252. Уәкілетті орган сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішті құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап қандай мерзім ішінде қарауға тиіс:
253. Уәкілетті органның сақтандыру қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы шешімі қайда жарияланады:
254. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы:
255. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қабылдай алады:
256. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консервацияланған немесе лицензиясынан айырылған кездегі сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері қай құжатта айқындалған:
257. Басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңнаманың қандай талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:
258. Сақтандыру портфелін беру тәртібін қай орган айқындайды:
259. Сақтандыру ұйымы мемлекеттік тіркелген күннен бастап қандай мерзім ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасауы тиіс:
260. Сақтандыру брокері мемлекеттік тіркелген күннен бастап қандай мерзім ішінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасауы тиіс:
261. Қайсысы сақтандыру ұйымының лицензиясына сақтандырудың қосымша сыныбын қосудан бас тартуға негіздердің бірі болып табылады:
262. Қайсысы уәкілетті органның сақтандыру ұйымының лицензиясына сақтандырудың қосымша сыныбын қосудан бас тартуына негіздердің бірі болып табылады:
263. Сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі қай кезде оның қаржылық жағдайын сауықтыру немесе сақтанушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізуі мүмкін:
264. Қай орган сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиялар беру бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз лицензиар болып табылады:
265. Уәкілетті орган актуарийдің лицензия алу үшін ұсынған өтініш пен құжаттарды қандай мерзім ішінде қарауға тиіс:
266. Актуарий біліктілік емтиханын қандай кезеңділікпен тапсыруға міндетті:
267. Уәкілетті органның сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензия беру туралы шешімі жариялануға тиіс пе:
268. Уәкілетті органның сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензия беру туралы шешімі қайда жарияланады:
269. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне мемлекеттік органдардың араласуына қандай жағдайларда жол беріледі?
270. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптарды қандай орган белгілейді:
271. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді есептеу тәртібін қай орган айқындайды:
272. Сақтандыру қызметінің субъектілері мен сақтандыру брокерлерін тексеруді қай орган жүргізеді:
273. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өздеріне заңнамалық актілермен берілген өкілеттіктер шегінде анықталған сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтар туралы қайсысына хабарлауға міндетті:
274. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігін және қаржылық тұрақтылығын қадағалау қандай шектеулер белгілеу арқылы жүргізіледі:
275. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтерді қай орган белгілейді:
276. Қай көрсеткіш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтеріне жатпайды:
277. Бір сақтандыру жағдайы бойынша шығындар көлемі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативі болып табылады ма?
278. Төлем қабілеттігі маржасы деген не?
279. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік қоры қандай мақсатпен құрылады?
280. Уәкілетті орган қандай сақтандыру ұйымдары үшін төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшеріне және сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы?
281. Аталған адамдардың қайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін:
282. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін қайсысы болуға міндетті?
283. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiнің қаражаты не үшін арналған?
284. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемдерін қандай қаражат есебінен төлейді?
285. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар қандай құжатта белгіленеді?
286. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын қандай мөлшерде сатып алуына жол беріледі:
287. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесінің не акциялардың жиынтық құны қандай мөлшерден аспауға тиіс:
288. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі мәміле жасауы туралы шешімді қай орган бекітуге тиіс?
289. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы алтын акцияны шығаруға құқылы ма:
290. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларына (артықшылық берілгендерін шегергенде) меншік құқығын немесе оларды басқару құқығын алатын тұлға уәкілетті органға осы мәмілені жасау туралы жазбаша хабарламаны қашан ұсынуға міндетті:
291. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай құрылымдарды құруға қатысуға құқылы:
292. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасалу күнінен бастап қандай мерзім ішінде уәкілетті органда тіркелуге тиіс?
293. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешіміне қандай мерзім ішінде шағымдана алады:
294. Уәкілетті орган сақтандыру нарығына қатысушылардың қайсысына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
295. Ықпал ету шараларының қайсысы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес актуарийге қатысты қолданылмайды?
296. Аталған тұлғалардың қайсысына қатысты сақтандыру қызметі туралы заңнамада айқындалған шектеулі ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:
297. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокеріне санкциялар қолдануға қайсысының құқықтық өкілеттігі бар?
298. Уәкілетті орган сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұруы мүмкін:
299. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы қандай салдарға әкеп соқтырады?
300. Уәкілетті орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша не істеуге міндетті?
301. Уәкілетті орган тиісті шешім қабылдаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы қай сәттен бастап тоқтатыла тұрған болып есептеледі?
302. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге байланысты талаптарды бұзу уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма?
303. Сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған жағдайда уәкілетті органның оның лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма?
304. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциалдық нормативтердің талаптарын және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындамау уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
305. Уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамау уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
306. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген екі жүйелі есепті кезең ішінде есептілікті ұсынбау сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады ма:
307. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде сақтандыру қызметін тексеруге байланысты талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
308. Лицензия беруге негіз болған құжаттарда дәйексіз ақпараттың берілу фактісін анықтау уәкілетті органның сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
309. Бухгалтерлік есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты заңнаманы бұзу фактiсiн анықтау уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
310. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ қосымша жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеу, уақытылы төлемеу не толық көлемінде төлемеу уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
311. Уәкілетті органның сақтандыру қызметінің субъектілері мен сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешімі қай күннен бастап күшіне енеді?
312. Уәкілетті орган лицензиядан айырған күннен бастап қандай мерзім ішінде сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату туралы сотқа өтініш жасауға міндетті:
313. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап қандай іс-әрекеттер жасауға тиіс?
314. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері қайсысына көшеді?
315. Қайсысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы?
316. Уәкілетті орган лицензиясынан айырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін қай кезеңге дейін жүзеге асырады?
317. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын қайсысы тағайындайды?
318. Тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің қызметін қайсысы бақылайды?
319. Уәкілетті орган актуарий лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұруы мүмкін:
320. Міндетті актуарлық қорытындыны және уәкілетті орган өз құзыреті шегінде талап еткен өзге де құжаттарды беруден бас тарту уәкілетті органның актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
321. Соңғы екі жыл ішінде сақтандыру нарығында лицензиялық қызметті жүзеге асырмау уәкілетті органның актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
322. Заңнама талаптарына сәйкес актуарийдің біліктілік емтиханын тапсырмауы уәкілетті органның актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
323. Лицензия беруге негіз болған құжаттарда дәйексіз ақпараттың берілу фактісін анықтау уәкілетті органның актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
324. Уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамау уәкілетті органның актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
325. Уәкілетті органның сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы жазбаша келісімін орындамау уәкілетті органның актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма:
326. Қай күннен бастап актуарий лицензиясының қолданылуын уәкілетті орган тоқтата тұрған болып есептеледі:
327. Уәкілетті орган актуарлық есептеулердi жүргiзу барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқасына) берiлген жағдайда актуарийді лицензиясынан айыра алады ма:
328. Лицензиясының қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұруы уәкілетті органның актуарийді лицензиясынан айыруы үшін негіз болып табылады ма:
329. Уәкілетті орган қандай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы?
330. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, жаңа инвесторға сатуды қандай талаппен жүзеге асырады?
331. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын қандай бағамен мәжбүрлеп сатып алады?
332. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын қандай мақсатпен мәжбүрлеп сатып алуды жүргізеді:
333. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оларды мәжбүрлеп сатып алу кезінде қандай бағамен сатады:
334. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті орган мәжбүрлеп сатып алатын барлық акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері кімге ауысады:
335. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртiбiн қай орган белгiлейдi?
336. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері жүргізетін операцияларын қайсысына сәйкес есепке алады?
337. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметіне міндетті аудитті қандай жиілікпен жүргізеді?
338. Сақтандыру брокері өз қызметіне міндетті аудитті қандай жиілікпен жүргізеді:
339. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жыл қорытындылары бойынша актуарлық қорытынды ненің ажырамас бөлігі болып табылады:
340. Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары қаржылық есептілікті уәкілетті органға қандай кезеңділікпен ұсынады?
341. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтері бойынша міндетті актуарлық қорытынды ненің ажырамас бөлігі болып табылады:
342. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді қандай мақсатта есептейді?
343. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттер нені көрсетеді:
344. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді есептеу тәртібін қайсысы белгілейді?
345. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған сәтінен бастап қандай мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тізіліміне енгізілуге тиіс?
346. Сақтандыру төлемі жөніндегі өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан зиянды бағалау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай қызметкерінің функцияларына кіреді:
347. Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы барлық бұрын берілген лицензияларды сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қандай мерзімде қайтаруға міндетті?
348. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден қандай негіз бойынша бас тартуы мүмкін?
349. Болжанып отырған ерікті түрде тарату нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiн бұзу уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады ма?
350. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға өтінішхат беру үшін қайсысы негіз болып табылады?
351. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қандай мерзімге банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын қарыз қаражатын тартуға рұқсат етіледі?
352. Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары:
353. Уәкілетті органның актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий өзінің лицензиясын басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге құқылы ма:
354. Қайсысының актуарий болуға құқығы бар:
355. Актуарийдің лицензиялық қағидаларды орындауын қай мемлекеттік орган бақылайды:
356. Актуарлық қызметтің міндеті не:
357. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің мөлшерін актуарлық бағалау қандай принциптерге негізделеді:
358. Міндетті немесе бастамашылық актуарлық есептеулер шеңберінде жүргізілген сақтандыру резервтерінің талап етілетін мөлшерін бағалауға байланысты актуарий жасаған актуарлық қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының орындауына міндетті болып табылады ма:
359. Жасалу мақсаты бойынша актуарлық есептеулер қандай түрлерге бөлінеді:
360. Міндеттілік дәрежесі бойынша актуарлық есептеулер қандай түрлерге бөлінеді:
361. Қолданылу ауқымы бойынша актуарлық есептеулер қандай түрлерге бөлінеді:
362. Актуарлық қорытынды қанша данада жасалады:
363. Актуарлық қорытындыға кім қол қояды:
364. Актуарий тиісті шарттар (келісімдер) жасауға және өзі жасайтын актуарлық қорытынды шеңберінде жекелеген мәселелерді зерттеу мен талдауды жүзеге асыруды басқа актуарийлерге немесе мамандарға тапсыруға құқылы ма:
365. Актуарий актуарлық қызметке байланысты құжаттарды қандай уақыт кезеңі ішінде сақтауға міндетті:
366. Уәкілетті орган актуарийден қандай ақпарат сұратуға құқылы:
367. Сақтандыру салалары (сыныптары) бойынша сақтандыру резервтерінің актуарлық есептеулерін жүзеге асырудың жалпы методологиясы мен әдістемесін қай орган айқындайды:
368. Уәкілетті органның актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясын алу үшін қандай құжаттар қажет:
369. Қазақстан Республикасында актуарийлерді оқытуды қандай ұйымдар жүзеге асыруға құқылы:
370. Актуарлық қызметті жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган қандай мерзімде қарайды:
371. Уәкілетті орган актуарлық қызметті жүргізуге лицензия алу үшін кандидаттардың сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеу жүргізуді қандай нысанда жүзеге асырады:
372. Уәкілетті органның актуарлық қызметті жүргізуге лицензия алу үшін кандидатты тестілеуден өткізуі кезінде тестілеуден өтетін адаммен бір үй-жайда кім бола алады:
373. Актуарлық қызметті жүргізу құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органда тестілеуден өту нәтижелері бойынша дұрыс жуаптардың қандай пайызын алуға тиіс:
374. Өтініш беруші (актуарий) тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда қандай мерзім ішінде уәкілетті органға апелляциямен жазбаша өтініш жасай алады:
375. Уәкілетті органның Апелляциялық комиссиясы актуарлық қызметті жүргізуге лицензия алуға кандидаттың апелляциясын қандай мерзім ішінде қарайды:
376. Уәкілетті органның актуарлық қызметті жүргізуге лицензия алуға кандидатты тестілеу қорытындылары бойынша апелляцияны қарау жөніндегі Апелляциялық комиссиясының шешімі қандай жағдайда қабылданған болып есептеледі:
377. Уәкілетті органның актуарлық қызметті жүргізуге лицензия алуға кандидаттың апелляциясын қарау жөніндегі Апелляциялық комиссиясы қандай шешім қабылдауы мүмкін:
378. Уәкілетті органда тестілеудің бастапқы теріс нәтижесі болған жағдайда актуарлық қызметті жүргізуге лицензия алуға кандидат тестілеуге қанша рет және қандай уақыт кезеңі ішінде жіберілуі мүмкін:
379. Уәкілетті орган қандай жағдайларда актуарлық қызметті жүргізуге лицензия беруден бас тартуы мүмкін:
380. Қай сәттен бастап актуарлық қызметті жүргізуге лицензия уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтатыла тұрған болып есептеледі:
381. Уәкілетті орган актуарлық қызметті жүргізуге лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрғаны туралы ақпаратты қандай БАҚ-та жариялайды:
382. Уәкілетті органның актуарлық қызметті жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімі қандай сәттен бастап күшіне енеді:
383. Егер біліктілік емтиханын өткізу сәтінде уәкілетті орган актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған болса, ол біліктілік емтиханынан өтуге (тапсыруға) жіберіледі ме:
384. Егер актуарий біліктілік емтиханын қайталап тапсырмаса (күнтізбелік жыл ішінде қатарынан екі рет), уәкілетті орган актуарлық қызметті жүргізу лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұрады:
385. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша франшиза қандай мөлшерде белгіленген:
386. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға қандай мерзім ішінде қойылуы мүмкiн:
387. Сақтанушы өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын қандай мерзім ішінде жасауы қажет:
388. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiнде франшизаның қолданылуына жол беріледі ме:
389. Қандай мемлекеттік орган шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады:
390. Қандай мемлекеттік орган өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру бойынша егiстiң жойылу алқабын айқындау әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi:
391. Қайсысы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың принципі болып табылмайды:
392. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатады ма:
393. Көлік құралдары иелерінің көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетінің орындалуын мемлекеттік бақылауды қайсысы жүзеге асырады:
394. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін қандай ұйымның қатысушысы болуға міндетті:
395. Сақтандыру омбудсмені қандай мерзімге сайланады:
396. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің жеткіліктілігі нормативі қалай есептеледі:
397. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі нақты маржасының жеткіліктілігі нормативі қалай есептеледі:
398. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай активтері өтімділігі жоғары активтер ретінде танылмайды:
399. Қандай активтер сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескеріле отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есебіне кіргізілмейді:
400. Уәкілетті орган қандай фактілерді анықтаған кезде өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің есептік мәніне қарамастан өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі орындалмаған болып есептеледі:
401. Жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз ұстап қалуының ең жоғары мөлшерін қайсысы есептейді:
402. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі растайтын құжаттарды табыс ете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей немесе жанама түрде иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама түрде дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасының өзгеруі туралы уәкілетті органды қандай мерзім ішінде хабардар етуге міндетті:
403. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар (мәжбүрлеу шаралары шеңберінде) қандай қаражат есебінен жүзеге асырылады:
404. Қандай жағдайлардың бірінің болуы ірі қатысушы мәртебесін алуға өтініш беруші - заңды тұлғаның қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі болып табылады:
405. Қайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін:
406. Қандай тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей иелене алмайды:
407. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар қосымша нені ұсынады:
408. Қайсысы өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді:



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет