Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 494.79 Kb.
бет1/2
Дата26.04.2016
өлшемі494.79 Kb.
  1   2
: attachments -> 139 -> 188
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
188 -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
188 -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Алматы қ.


БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы
____________ Марченко Г.А.

« 07 » желтоқсан 2012 ж.



Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың

басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығы нені білдіреді:
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ипотекалық облигация – бұл:
3. Облигациялық бағдарлама – бұл:
4. Облигацияның номиналды құны – бұл:
5. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы – бұл:
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстандық депозитарийлiк қолхат – бұл:
7. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру деген не:
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бұл:
9. Эмитенттiң кiнәсiнен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс және (немесе) оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құны төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайдағы, эмитенттің іс-ірекеті:
10. Уәкiлеттi орган қандай жағдайларда акционерлiк қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге құқылы емес:
11. Уәкiлеттi орган қандай жағдайларда акционерлiк қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы:
12. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы қандай жағдайларда шет мемлекеттiң аумағында облигацияларды шығаруды жүзеге асырады:
13. Акционерлiк қоғам қандай жағдайларда қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы:
14. Уәкiлеттi орган қандай жағдайларда мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы:
15. Уәкілетті орган акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлескен үлесі қаншадан аспауға тиіс:
16. Пруденциялық нормативтер – бұл:
17. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы – бұл:
18. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия неден тұрады:
19. Инсайдерлік ақпаратқа не жатады:
20. Бағалы қағаздар нарығындағы өзiн-өзi реттейтiн ұйымды кім құрады:
21. Бағалы қағаздар нарығындағы өзiн-өзi реттейтiн ұйым қандай нысанында құрылады
22. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым – бұл:

23. Трансфер-агенттiң функциялары:



24. Трансфер-агенттің функциясы болып табылмайды:
25. Трансфер-агент пен оның клиенттерi арасындағы қатынастар қандай құжаттың негізінде туындайды:
26. Қор биржасы – бұл:
27. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу ненің негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн:
28. Бағалы қағаздар нарығында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функцияларына жатпайды:
29. Бағалы қағаздар нарығында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функцияларына жатады:
30. Тiркеушi және орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiндегi айналысы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздармен мәмiлелердiң тiркелуiн тоқтата тұруға мiндеттi:
31. Қайсысы бағалы қағаздар нарығында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесі бола алады:
32. Номиналды ұстауға берілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда, номиналды ұстаушылар болып табылмайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар тараптары болып табылатын ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле қайда тіркеледі:
33. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер берілмейді:
34. Қор биржасының мүшесі болып табылмайды:
35. Тiркелген тұлға тiркеушiге (номиналды ұстаушыға) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiндегi өз деректерiнiң өзгерiстерi туралы хабарлауға мiндеттi:
36. Лицензиат міндетті:
37. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды қайсысы жүзеге асырады:
38. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілін таңдауды қайсысы жүзеге асырады:
39. Ислам инвестициялық қоры пайларының эмитенттері болып табылады:
40. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының міндеттеріне жатпайды:
41. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру принципі мынадан тұрады:
42. «Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi» деген пайымдау:
43. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының міндеттеріне не жатады:
44. Бағалы қағаздардың нарығындағы трансфер-агенттің функциясына не жатады:
45. Қазақстан Республикасының аумағында номиналды ұстаушының қайсысын қоспағанда, басқа номиналды ұстаушыға өзiне номиналды ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты номиналды ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ:
46. Қайсысы бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсетуге құқығы бар, бағалы қағаздар нарығының субъектісі болып табылады:
47. Бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге уақытша тыйым салу:
48. Нақтылы ұстау ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилер қанша ауқыт ішінде клиентке нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот ашауға мiндетті:
49. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде нақтылы ұстауға берiлген мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды есепке алу кімнің жеке шоты бойынша жүзеге асырылады:
50. Бағалы қағаздар тізілімдер жүйесіндегі номиналды ұстауға берілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды есептеу үшін жеке шот ашу қандай құжат негізінде жүргізіледі?:
51. Номиналды ұстаушының мiндеттерiне не жатады:
52. Номиналды ұстаушының функцияларына не жатады:
53. Орталық депозитарий брокер және (немесе) дилерге осы брокер және (немесе) дилердің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздарға қатысты номиналды ұстау қызметін көрсетуге құқығы жоқ – деген пайымдау:
54. Номиналды ұстау туралы шартқа қай шарттың нормалары қолданылады:
55. Кастодиан басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге:

56. Номиналды ұстау туралы шартта не болуы тиіс:


57. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты ашу тәртібі қандай құжатта белгіленген:
58. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәміле жасау кезінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда не істеуге міндетті:
59. Брокер, егер бағалы қағаздармен мәміле жасау кезінде клиенттің бұйрығы бойынша оның талаптарын өзгерту қажеттігі туындаса не істеуге міндетті:
60. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуге және талдауға мынадай талаптарға сәйкес келетін мәмілелер:
61. Брокер андеррайтер ретінде эмитентке қандай қызмет көрсетуге құқылы:
62. Клиенттің есебінен және оның мүддесінде эмиссиялық бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен мәміле жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы – бұл:
63. Дилер – бұл:
64. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және /немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы неден құралуы тиіс:
65. Брокердің және (немесе) дилердің акциясына заңды тұлға ақы төлейтін талаптар:
66. Номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилер қайсысының ұйымдық-құқықтық нысанында қызмет жасауға құқылы:
67. Номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің функциясына жатпайды:
68. Номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және кастодианға тыйым салынады:
69. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесі:
70. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығындағы тіркеушінің функцияларына не жатады:
71. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде (номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде) тіркелген тұлға аталған жүйедегі өзінің деректерінің өзгергендігі туралы тіркеушіге (номиналды ұстаушыға) қашан хабарлауға міндетті:
72. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағына өзгерістер мен толықтырулар қашан күшіне енеді:
73. Қайсысы бірыңғай тіркеушінің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады:
74. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында тiркеушiнiң функцияларына не жатады:
75. Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті орган өкілінің кіретіндігі туралы:
76. Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы:
77. Бірыңғай тіркеуші құқылы:
78. Қайсысы кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға құқылы:
79. Кастодианның міндеттеріне не жатады:
80. Кастодианның функциясына не жатпайды:
81. Кастодиан – Қазақстан Республикасының резиденті бағалы қағаздарды есепке алу және олармен жасалған мәмілелерді тіркеу бойынша функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға номиналды ұстау қызметін көрсетуге құқығы жоқ – деген пайымдау:
82. Қайсысы кастодиандық қызметтің объектісі болып табылады:
83. Кастодиан – бұл:
84. Кастодианның функциялары:
85. Қайсысы кастодиандық қызметтің объектісі болып табылмайды:
86. Қайсысы орталық депозитарийдiң депоненттерi болып табылады:
87. Қайсысы орталық депозитарийдің депоненттері (клиенттері) болып табылады:
88. Қайсысының Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар
89. Орталық депозитарий:
90. Депозитарийлік қызметті жүзеге асыру үшін орталық депозитарийге:
91. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруының шарттары мен тәртібі белгіленетін құжаттар:
92. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын қайсысы бекітеді:
93. Орталық депозитарий қандай лицензиясы болған кезде қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды жүзеге асырады:
94. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау қайсысы үшін міндетті болып табылады:
95. Орталық депозитарий құқылы:
96. Бірыңғай тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асырады:
97. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
98. Орталық депозитарийдің құқығы жоқ:
99. Бағалы қағаздар нарығында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функцияларына жатппайды:

100. Бағалы қағаздар нарығында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның міндеттеріне жатпайды:


101. Бағалы қағаздар нарығында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негізгі міндеті:
102. Лицензиат қандай жағдайда ғана бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға құқылы
103. Инсайдерлердің, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларының неге құқығы жоқ:
104. Қайсысы ислам бағалы қағаздарына жатпайды:
105. Не туралы мәлімет өзгерген жағдайда акциялар шығарылымының проспектісіндегі өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органда мемлекеттiк тiркелуі міндетті болмайды:
106. Қазақстан Республикасының заңнамасында облигациялар шығарылымының күшін жою мүмкіндігі:
107. Ұйым-Қазақстан Республикасының резиденті шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:
108. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оның депоненттерiнiң қатысуымен жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды қайсысы жүзеге асырады:
109. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары нені реттейді:
110. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртiбi, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi қайда белгiленедi:
111. Сауда-саттықты ұйымдастырушы қандай жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады:
112. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар неге мiндеттi:
113. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн қашан мiндеттi болады:
114. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш қашан қаралады:
115. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару:
116. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерінің өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша:
117. Инвесторларға бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қайсысын құруға құқылы:
118. Бірыңғай реттеуші уәкілетті органға не беруге міндетті:
119. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңiнде мiндеттi:
120. Эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты уәкiлеттi органға және облигацияларды (болған жағдайда) ұстаушылардың өкiлiне қашан табыс етуге мiндеттi:
121. «Тiркеушi (нақтылы ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi деректердiң өзгерiстерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында жауапты болмайды» - деген пайымдау:
122. Сауда-саттықты ұйымдастырушы өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi:
123. Эитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстерді эмитент ақпаратты орналастыру арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткiзедi:
124. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртiбi немен белгiленедi:
125. Қор биржасының функциялары:
126. Клирингтік қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қандай шарттың нормалары қолданылады:
127. Клирингтік ұйымның функциялары:
128. Қайсысы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға құқылы:
129. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысы – бұл:
130. Тiркелген тұлға – бұл:
131. Орталық контрагент – бұл:
132. Левередж – бұл:
133. Базалық актив – бұл:
134. Дара инвестор – бұл:
135. Депозитке салу – бұл:
136. Қайсысы бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi болып табылады:
137. Институционалдық инвесторлар инвестицияларды қалай жүзеге асырады:
138. Қайсысы білікті инвесторлар болып табылады:
139. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды қашан қарайды:
140. Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі қайсысымен келісілуі тиіс:
141. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға:
142. Облигацияларды ұстаушылар өкілінің функциясына не жатады:
143. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау қалай жүзеге асырылады:
144. Облигацияларды жазылым жүргiзу арқылы орналастыру қайда белгiленген талаптар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады:
145. Эмитент уәкiлеттi органға эмиссиялық  бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есепті қашан беруге міндетті:
146. Уәкілетті орган қандай жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы:
147. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын қандай жағдайларда сатып алады:
148. Таратылатын акционерлік қоғам акциялар шығарылымын жою мақсатында уәкілетті органға қашан өтініш білдіреді:
149. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық қалай жасалуы тиіс:
150. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру қалай жүргiзiледi:
151. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу қалай жүргiзiлуi мүмкiн:
152. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн басқару органдары бекіткен өтініш берушінің бизнес-жоспарын жақын арадағы қанша уақытқа ұсынуы тиiс:
153. Тіркеуші шарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін берген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінің жеке шоттарының үзінді көшірмесі:
154. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер ненің негізінде прокуратура органдарына беріледі:
155. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында қайсысын құрады:
156. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртiбi немен белгiленедi:
157. Клиенттердiң (депоненттердiң) ақшасы мен бағалы қағаздарын лицензиаттар банкрот болған жағдайда:
158. Бағалы қағаздар нарығында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тәртiбi немен белгiленедi:
159. Өтініш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларына төлем жасау қалай жүзеге асырылады:
160. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi немен белгiленедi:
161. Қайсысы өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады:
162. Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлер қайсысының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және өз қызметін жүзеге асырады
163. Қайсысы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
164. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны қанша болуы тиіс:
165. Басшы қызметкер өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз қанша уақы ішінде атқаруға құқылы:
166. Қайсысы ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғылар жасау мақсатында жасалған деп тану жөніндегі сараптама комитетінің төрағасы бола алмайды:
167. Қайсысы номиналды ұстау қызметін көрсетуге құқылы:

а) бағалы қағаздардың номиналды ұстаушы ретінде клинеттердің шоттарын жүргізу құқығы бар орталық депозитарий, кастодиан және брокер және (немесе) дилер &

б) сауда-саттықты ұйымдастырушы, кастодиан, орталық депозитарий

в) бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клинеттердің шоттарын жүргізу құқығы бар трансфер - агент, брокер және (немесе) дилер


168. Нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасындағы құқықтық қатынастар немен реттеледi:
169. Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет ненің негізінде жүзеге асырылады:
170. "Қатаң мiндеттемелер", "ең үздiк күш салу" тәсiлдері қандай тәсіл боып табылады:

171. Қай қызметке лицензия берілмейді:


172. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген "әртараптандыру" ұғымына анықтама беріңіз:
173. Инвестициялық қор - бұл:
174. Инвестициялық қордың таза активтерінің құны:
175. Инвестициялық пай қоры қандай нысандарда құрылуы мүмкін:
176. Қайсысы тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорлары бола алады:
177. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор өз атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетуі тиiс пе:
178. Инвестициялық қор деп атануға қандай заңды тұлғаның құқығы бар:
179. Акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлері кімдер бола алмайды:
180. Қайсысы акционерлік инвестициялық қордың акционерлері бола алмайды:
181. Ислам инвестициялық қорларының ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары өкілінің міндеттерін кім жүзеге асырады:
182. Еншілес ұйымды құруға және жай акциялардан басқа қаржы ұйымдарын шығару және орналастыруға құқылы инвестициялық қорлар:
183. Акционерлік инвестициялық қор активтерін есепке алу мен сақтауды қайсысы жүзеге асырады:
184. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құжаттардан басқа қандай құжаттар табыс етілуі тиіс:
185. Акционерлік инвестициялық қордың акциялары қалай төленеді:
186. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде оларға төленетiн ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлiк инвестициялық қордың қай шотына аударады:
187. Акционерлік инвестициялық қордың акционерлерінің жалпы жиналысына өкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы ма:
188. Акционерлiк инвестициялық қор акционерлерi жалпы жиналысының қор акцияларын сатып алуға оның акционерлерiнiң тапсырыс беру мүмкiндiгiне әкелiп соғатын шешiмi қашан күшiне енедi:
189. Инвестициялық пай қоры қандай мерзімге дейін құрылуы тиіс:
190. Инвестициялық пай қоры активтерінің ең аз көлемі қанша болу керек:
191. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді кім қабылдайды:
192. Бір басқарушы компанияның бірнеше ашық, аралықты немесе жабық инвестициялық пай қорын құруға құқығы бар ма:
193. Инвестициялық пай қорларының бірігуіне рұқсат беріледі ме:
194. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының нысанын жабық инвестициялық пай қоры болып өзгертуіне рұқсат беріледі ме:
195. Инвестициялық пай қорларының активтерін сенімгерлік басқару шарты бойынша инвестор басқарушы компанияға ақшаны қандай мақсаттарға пайдалану үшін береді:
196. Инвестициялық пай қорымен жасалған сенімгерлік басқару шартының талаптарын қордың пай ұстаушылары тек қандай жолмен қабылдайды:
197. Дивидендтердi төлеуге жiберiлетiн ақшаның ең аз мөлшерi қанша болуы керек:
198. Инвестициялық пай қорының ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру шарттары мен тәртібі қалай бекітіледі:
199. Инвестициялық пай қорының пайларын шығаруды мемлекеттік тіркеу барысында уәкілетті орган қандай құжатты келіспейді:
200. Уәкілетті орган пай шығаруды мемлекеттік тіркеуді қандай жолмен орындайды:
201. Инвестициялық пай қорының пай шығаруын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі қандай жағдайларда қабылданады:
202. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тізілімі жүйесін кім жүргізеді:
203. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушысының шығынға ұшырау тәуекелі, оның ішінде инвестициялық пай қорының активтерінің нарықтағы құнының өзгеруіне байланысты тәуекелдерді көтере ма:
204. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы осы қордың басқарушы компаниясынан өзіне тиесілі пайды сатып алуын талап етуге құқығы бар ма:
205. Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысының қандай құқықтары бар:
206. Инвестициялық пай қорының пайларын төлейтін ақша пайларды орналастыру кезінде инвестициялық пай қорының қандай шотына аударылады:
207. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңінде пайларды қайда орналастырады:
208. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңі қанша уақытқа созылады:
209. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру қайда белгіленген мерзімде басталады:
210. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңі қай кезде аяқталады:
211. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін қанша рет ұзартуға рұқсат беріледі:
212. Уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңін қандай құжаттардың негізінде ұзартуға рұқсат береді:
213. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңін қандай мерзімге дейін ұзартуға рұқсат беріледі:
214. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу өтініштерін кім қабылдайды:
215. Пай ұстаушылардың тізілімінде сатып алушылардың жеке шотына пайларды аудару талаптары қандай:
216. Пай ұстаушылардың тізілімінде сатып алушылардың жеке шотына пайларды аудару қалай жүзеге асады:
217. Пайларды орналастыру кезінде, пай ұстаушылардың тізілімінде сатып алушылардың жеке шотына пайларды аудару мәмлесін тіркеу қандай құжат негізінде жүргізіледі:
218. Қандай жағдайларда инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға жол берілмейді:
219. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтініштерді кім қабылдайды:
220. Инвестициялық пай қорының пайларын оны басқарушы компанияның сатып алуына өтініш берген өтініш берушіге ақшаны табыс ету (соның ішінде олардың көрсеткен шотына аудару) қашан жүзеге асырылуы тиіс:
221. Аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды өткізу айына бір реттен кем жүргізілетін болса, онда пайларды сатып алу өтініштерін қабылдау кезеңі қанша болуы керек:
222. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және (немесе) сатып алуды уәкілетті орган тоқтатуы мүмкін:
223. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда басқарушы компания сол күні осы туралы жазбаша түрде кімге хабарлауға тиісті:
224. Уәкілетті органның басқарушы компанияға инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруға тыйым салуға құқығы бар ма:
225. Уәкілетті орган бұрын тоқтатылған инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруға және сатып алуға тыйым салуға құқығы бар ма:
226. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу кімдермен келісілуге тиісті:
227. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңінде қордың қағидаларына қандай жайттарға қатысты өзгертулер енгізуге болмайды:
228. Инвестициялық пай қорының (жаңадан сайланған) аудиторлық ұйымының ауысуына байланысты, инвестициялық пай қоры қағидаларына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісілуге тиіс пе:
229. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңінде басқарушы компания сыйақы төлей ме:
230. Пай ұстаушылардың жалпы жиналысы тек қайда өткізіледі:
231. Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының жалпы жиналысы қордың қанша пайына ие пай ұстаушылар немесе олардың өкілдерінің дауыс беру шарасына қатысу кезінде шешімдер қабылдауға құқылы:
232. Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының жалпы жиналысына басқарушы компанияның, кастодианның, тіркеушінің және уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы ма:
233. Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының жалпы жиналысы кімнің бастамасымен шақырылады:
234. Қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру туралы талап берілген күніне пайлардың жалпы көлемінің үштен бір бөлігінен кем болмайтын пайларды иеленуші ұстаушылардың бастамасымен жалпы жиналысты шақыру және өткізуге кететін шығын қандай қаражат есебінен жұмсалады
235. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы қашан өткізіледі:
236. Инвестициялық пай қорының жұмысын кім тоқтатады:

а) басқарушы компания &

б) тіркеуші лицензиясынан айырылған жағдайда кастодиан

в) тіркеуші


237. Инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның әрекеті тоқтатылған немесе лицензиясы қайтарып алынған жағдайда қорды таратуды қайсысы жүзеге асырады:
238. Кастодианның әрекеті тоқтатылған немесе лицензиясы қайтарып алынған жағдайда қорды таратуды қайсысы жүзеге асырады:
239. Уәкілетті орган инвестициялық пай қорын тарату шараларын қадағалау үшін өзінің өкілін жіберуге құқылы ма:
240. Жылжымайтын мүлік қорларының активтері нені құрады:
241. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын немесе инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу үшін қарызға қаражат тарту мерзімі қанша уақыттан аспауы керек:
242. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған қарыз ақшаны пайдаланудың сыйақысын төлеу қандай қаражат есебінен жүргізіледі:
243. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерімен мәміле жасау кезінде қайсысының атауын көрсетуге міндетті:
244. Инвестициялық қордың активтерін кастодиан қалай есептейді және сақтайды:
245. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы міндетті:
246. Инвестициялық қордың акционерлері немесе пай ұстаушыларының міндеттемелері бойынша өтемақы неге айналуы мүмкін:
247. Инвестициялық қор туралы ақпараттарда не болуы тиіс:
248. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген «басқарушы компания» деген ұғым нені білдіреді:
249. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ислам инвестициялық қоры болып не табылады:
250. Акционердiң немесе пайларды ұстаушының, басқарушы компанияның немесе кастодианның мiндеттемелерi бойынша, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, инвестициялық қордың активтерiнен өндiрiп алуға:
251. Акционерлік инвестициялық қордың Жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген деректерден басқа қандай деректер болуы керек:
252. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға қор акционерлерінің өтініштер беруіне ықпал ететін акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі қандай мерзім ішінде өз күшіне енеді:
253. Акционерлік инвестициялық қор соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылған немесе қайта құрылған жағдайда, сот шешімі күшіне енген уақыттан бастап, сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып осы туралы хабарламаны уәкілетті органға қанша уақыт ішінде жеткізуге тиісті:
254. Акционерлік инвестициялық қор «алтын акция» енгізуге құқылы ма:
255. Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерiне нені орналастыруға және айналымға салуға тыйым салынады:
256. Инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құны жеңiлдiгінiң ең жоғары мөлшерi қаншадан аспауы керек:
257. Инвестициялық қорды басқарушы компания инвестициялық қор активтерінің құнын, әрекетін және құрамын кастодианмен салыстырып тексеруді қашан жүргізуге міндетті:
258. Қандай мерзім ішінде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы пай ұстаушыларға, уәкілетті органға, инвестициялық пай қорының жұмысын қамтамасыз етіп отырған ұйымдарға, қордың кредит алушыларына және қордың активтерімен жасалған орындалмаған мәмілелердегі тараптарға инвестициялық пай қорының әрекетін тоқтата тұрғаны туралы, осы шараны өткізу шарттары мен тәртібі туралы хабарлауға тиісті:
259. Инвестициялық пай қорының әрекетін тоқтата тұру қандай жағдайларда орындалады:
260. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодиан есеп айырысуды аяқтаған соң, уәкілетті органға қордың әрекеті тоқтатыла тұрғаны туралы ақпаратты қандай мерзім ішінде жеткізуге тиісті:
261. Жылжымайтын мүлік қорының активтері құрамына кіретін жылжымайтын мүлік қанша пайызды құрауға тиісті:
262. Инвестициялық қор активтерінің құнын анықтау қалай жүргізіледі:
263. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы қандай жұмыстар атқарады:
264. Қандай мерзім ішінде акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісу үшін жеткізілу керек:
265. Басқарушы компания өзі басқарып отырған инвестициялық қордың активтерін кредитке сатуға құқылы ма:
266. Инвестициялық қор басқарушы компаниясының міндеттері:
267. Инвестициялық қор кастодианының міндеттері:
268. Инвестициялық қор және басқарушы компания туралы ақпараттарды жалған немесе қате деректер алуға жетелейтін мәліметтермен қатар қандай деректер де болмауға тиіс:
269. Қайсысы тәуекелді инвестициялау инвестициялық қоры бола алмайды:
270. Қайсысы акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды:
271. Акционерлік инвестициялық қордың активтерін есепке алуды және сақтауды кім жүзеге асырады:
272. Қайсысы инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізуді жүзеге асырады:
273. Исламдық инвестициялық қорлардың исламдық бағалы қағаздарының ұстаушылары өкілдерінің міндеттерін кім жүзеге асырады:
274. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасының резидентінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы және (немесе) акционері бола ала ма:
275. Зейнетақы жарналарының жеке зейнетақы шоттарында не ескеріледі:
276. Зейнетақы активтері неден тұрады:
277. "Міндетті зейнетақы жарналары" деген нені білдіреді:
278. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар ма:
279. Қандай жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға номиналдық кiрiстіліктiң көрсеткіші мен кiрiстiлiктiң ең төменгі мәні арасындағы айырманы өтеу туралы талап қояды:
280. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың (есептелуінің) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн кім белгiлейдi:
281. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары неге негiзделедi:
282. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi қайда сақталады және есепке алынады:
283. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн қанша кастодиан-банкте сақтауға және есепке алуға болады:
284. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебi коммерциялық құпияны құрайды ма:
285. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталына қатысты қандай пайымдау дұрыс:
286. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы ма:
287. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым бағалы қағаздардың қандай түрлерін шығаруға құқығы жоқ:
288. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бiр жақты тәртiппен бұзған кезде қанша уақыт ішінде хабарлауы тиіс:
289. Зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша қандай шекте жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді:
290. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында неге тыйым салынады:
291. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясына не жатады:
292. Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа қолданылады:
293. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі қандай құжатта белгіленеді?
294. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы дегеніміз не:
295. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық кiрiс – бұл:
296. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әртараптандыру – бұл зейнетақы активтерiн:
297. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны – бұл:
298. Инвестициялық декларация – бұл:
299. Жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативі – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн:
300. Кастодиандық шарт – бұл:
301. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық портфель – бұл:
302. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi ненің есебiнен қалыптасады:
303. Осы бапқа сәйкес берілген келісімі кері қайтарып алынған тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқығы бар ма:
304. жинақтаушы зейнетақы қорының қалыпты инвестициялық портфелінің активтерін қандай мөлшерден аспайтын акцияларға инвестицияланады:
305. Заңнаманың талаптарына сәйкес қайсысы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады:
306. Қандай құжаттың негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыралады:
307. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы бар ма:
308. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
309. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан зейнетақы активтерін тиісінше басқармаудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге құқыға бар ма:
310. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемiнде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі бола ма:
311. Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйымдар мәртебесіне ие заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола ала ма:
312. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға тыйым салынады:
313. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі немен қамтамасыз етіледі:
314. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды кім жүзеге асырады:
315. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесінің мүшелері зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды осы ұйым жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымында бола ала ма:
316. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық басшы қызметкерлеріне зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қаржы жылының ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті қанша уақыт ішінде ұсынуға міндетті:
317. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу жөніндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ішкі саясатына қойылатын талаптарды қандай мемлекеттік орган айқындайды:
318. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, қаржылық және (немесе) өзге де есептілік мәліметтерін түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердің және басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган қандай есептілік негізінде жүзеге асырады:
319. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия бола ма:
320. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға тыйым салынады:
321. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға тыйым салынады:
322. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
323. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз қажетіне сатып алынған мүлікті сатып алуға, сатуға, жалға беруге құқылы ма:
324. Жинақтаушы зейнетақы қорының қандай органы жинақтаушы зейнетақы қорының даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді:
325. Инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат – бұл:
326. Зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарының жинағы:
327. Кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт:
328. Қандай тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорының аффилиирленген тұлғалары болып табылады:
329. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл және залалдарды өтеу ретiнде түскен қаражат есебiнен қалай қалыптасады:
330. «Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыруға құқылы» деген пайымдау:
331. Кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан банктердің шоттарында не сақталады:
332. Қордың кастодиан банкі:
333. Жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқаны туралы қандай мерзімде өз салымшылары мен агенттеріне хабарлайды:
334. Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрбір инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялары мерзімді баспа басылымдарында қашан жарияланады:
335. Зейнетақылық қағидаларды және инвестициялық декларацияларды, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітетін орган:
336. «Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға номиналдық кiрiстіліктiң көрсеткіші мен кiрiстiлiктiң ең төменгі мәні арасындағы айырманы өтеу туралы талап қоюға құқылы» - деген пайымдау:
337. Уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған тұлға зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы бола ала ма:
338. «Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың директорлар кеңесінің мүшелері жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды осы ұйым жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымын атқаруына болады» - деген пайымдау:
339. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерінің кандидатурасын уәкілетті органмен келісу тәртібі қандай құжатпен белгіленген:
340. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сатып алу үшін сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша қандай мөлшерде пайдалануы мүмкін:
341. Қайсысы жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды:
342. Қайсысы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады:
343. Ұлттық басқарушы холдинг қайсысының шешімі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының акционерi бола алады:
344. «Рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және (немесе) акционерi бола алады. Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді» деген пайымдау:
345. Қайсысы Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционерi бола алады:
346. Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жиынтық меншікті капиталынан болған пайыз шетелдік қатысуы қанша пайыз болатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, ұйымдардың жиынтық меншікті капиталынан аспауы керек:
347. «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, шетел қатысатын ұйымдардың жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдарының жиынтық жарияланған капиталының елу пайызынан аспауы керек» - деген пайымдау:
348. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және құрамын кім айқындайды:
349. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есептеу жөніндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ішкі саясатына қойылатын талаптарды кім айқындайды:
350. Қандай құжаттың негізінде жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жүзеге асыралады:
351. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым, бір мезгілде екі және оданда көм жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерін басқару шартын жасауға:
352. Зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым нені шығаруға құқығы жоқ:
353. Жинақтаушы инвестициялық қорлардың инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің есебінен зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым неге құқылы:
354. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып не табылады:      
355. Жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызметі кезеңінде қандай талаптарда жинақтаушы зейнетақы қорының кемінде жетпіс бес пайызы мөлшеріндегі акцияларына дауыс беретін бір акционеріне ие болуға рұқсат беріледі:
356. Қандай жағдай өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруге өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісінің бірі болып табылады:
357. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы ма:

және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, құқылы &


358. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қалай жүргізіледі:
359. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу қандай есепте жүргiзiледi:
360. Кастодианның ішкі есептеу жүйесінде оның клиенттерінің активтері қайда есептеледі:
361. Кастодиандық қызметті жүзеге асыратын кастодианның бас офисінің және оның филиалдарының үй-жайларында клиенттер үшін оңай қол жеткізетін орындарда не орналастырылады:
362. Банктің ұйымдастырушылық құрылымында кастодиандық қызметті жүзеге асыруды қаржы нарығындағы қызметтің басқа түрлерімен қоса атқаратын кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жеке бөлімшесінің болуы міндетті ма:
363. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүйеге асыратын ұйымдарға не тыйым салынады:


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Алматы қ.


БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы
____________ Марченко Г.А.



« 07 » желтоқсан 2012 ж.




  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет