Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/2
Дата30.04.2016
өлшемі0.49 Mb.
  1   2
: attachments -> 139 -> 188
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
188 -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
188 -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Алматы қ.


БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы
____________ Марченко Г.А.



« 07 » желтоқсан 2012 ж.



Сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру брокерлерінің басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тестілеуден өткізуге арналған тест сұрақтары
1. Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының қандай мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қомақты қатысу туралы куәландырады?
2. Дауыс беретін (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының қандай мөлшері заңды немесе жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатыны туралы куәландырады?
3. Өздігінен ұстап қалу деген не?
4. Сақтандырушы немесе цедент сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауапты болатын жауаптылық көлемінің бір бөлігі қалай аталады?
5. Қайсысы сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар болып табылады?
6. Қайсысы сақтандыру қызметінің субъектілері болып табылады?
7. Сақтандыру заңнамасына сәйкес қайсысы цедент болып табылады?
8. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша нені есептейді?
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі растайтын құжаттарды табыс ете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей немесе жанама түрде иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама түрде дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасының өзгеруі туралы уәкілетті органды қандай мерзім ішінде хабардар етуге міндетті:
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын уәкілетті органға не ұсынуға міндетті:
11. Қайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы:
12. Сақтандыру ережелері нені айқындайды?
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар (мәжбүрлеу шаралары шеңберінде) қандай қаражат есебінен жүзеге асырылады:
14. Бір мезгілде бірнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдаумен байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар қалай аталады?
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға арналған өтiнiштi уәкiлеттi орган қандай мерзім ішінде қарайды:
16. Қандай жағдайлардың бірінің болуы ірі қатысушы мәртебесін алуға өтініш беруші – заңды тұлғаның қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі болып табылады:
17. Қайсысы сақтандыру агенті бола алады?
18. Сақтандыру агенті делдалдық қызметті кімнің атынан және тапсырмасы бойынша жүзеге асырады?
19. Қайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін:
20. Қандай тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей иелене алмайды:
21. Қандай тұлға сақтандыру брокері бола алады?
22. Сақтандыру брокері делдалдық қызметті кімнің атынан жүзеге асырады?
23. Сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін заңды тұлға қалай аталады?
24. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену мақсатында жеке тұлға үшін қайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көзі болып табылады:
25. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену мақсатында жеке тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көзіне қайсысынан аспайтын мөлшердегі сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін:
26. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтері не болып табылады?
27. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері қалай аталады?
28. Қайсысы сақтандыру қызметімен айналысуға құқылы?
29. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар қосымша нені ұсынады:
30. Шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындардың сақтандыру арқылы қорғалу құқығы қалай іске асырылады?
31. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды қайсысы жүзеге асыра алады?
32. Сақтандырудың қандай салалары бар?
33. Қайсысы өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді:
34. Қазақстан Республикасының резиденттері – еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары:
35. «Жалпы сақтандыру» саласында сақтандырудың ерікті нысанындағы қанша сынып бар?
36. «Өмірді сақтандыру» саласында сақтандырудың ерікті нысанындағы қанша сынып бар?
37. «Өмірді сақтандыру» саласына сақтандырудың ерікті нысанындағы аталған сыныптарының қайсысы кіреді?
38. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды қандай мерзім ішінде хабардар етуге міндетті:
39. Жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін айқындау кезінде сақтандыру ұйымының іс жүргізу шығыстары қанша пайыз болады:
40. Қандай жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алушы зейнетақы аннуитеті шартын жасауға құқылы:

а) оның жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған &

б) сақтандыру ұйымында уәкілетті органның лицензиясы болғанда

в) сақтандыру ұйымында Зейнетақы аннуитетінің қағидалары болғанда


41. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін қандай фактор пайдаланылады:
42. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жеткіліктілігін айқындау және сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде зейнетақының ең аз мөлшерін индекстеу ескеріледі ме:
43. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық ставкасының қандай мөлшері пайдаланылады:
44. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері қалай айқындалады:
45. Аннуитеттік фактор қалай есептеледі:
46. Зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адам неше жыл ішінде оны бұзуға құқылы емес:
47. Қайсысы сақтандыру тарифінің құрамдас бөлігі болып табылмайды:
48. Есептелген сақтандыру тарифіне қолданылатын дифференциация коэффициенттері не үшін пайдаланылады:
49. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу нәтижесінде қандай көрсеткіштер айқындалып, негізделуге тиіс:
50. Қайсысы сақтандыру тарифінің құрамдас бөлігі болып табылады:
51. Сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру тарифтерін есептеу мақсатында қандай кезеңдегі бастапқы статистикалық деректерді пайдалану қажет:
52. Жасалған жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы не жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелер көлемі қандай мөлшерден асқан кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміле ірі мәміле болып танылады:
53. Шарт қолданылуының алғашқы екі толық жылында аннуитет шарты бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту жүргізіледі ме:
54. Аннуитет шарты бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту қандай қаражат есебінен жүргізіледі:
55. Аннуитет шарттары бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерін ұлғайту жөніндегі актуарлық қорытындыда алдыңғы жылғы аннуитет шарттары бойынша сақтандыру резервтерін жабатын сақтандыру ұйымының активтері бойынша инвестициялық кірістіліктің нақты ставкасын талдау мен есептеу қамтылуы тиіс пе:
56. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi – бұл:
57. Аннуитет шарты бойынша қаражат жинақтау кезеңінде сақтандыру ұйымының қосымша кірістері қайсысының есебінен қалыптастырылады:
58. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұруы мүмкін?
59. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі не болып табылады?
60. Аннуитет шарты бойынша қаражат жинақтау кезеңінде қосымша кіріс төленеді ме:
61. Міндетті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар қандай актіде белгіленеді?
62. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет жинақтап сақтандыру нысанында жүзеге асырылуы мүмкін бе?
63. Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің бірінші жылының соңында сатып алу сомасы көзделген бе:
64. Жинақтап сақтандыру нысанындағы қызмет сақтандырудың қандай саласында жүзеге асырылуы мүмкін емес?

65. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді есептеу сақтандырудың қандай сыныптарына қолданылмайды:


66. «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен қоса атқарылады ма?
67. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет лицензиялануға тиіс пе?
68. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыруға құқылы ма?
69. Сақтандыру ұйымы қай кезде сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы?
70. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөнiндегі қызметтi қандай салада жүзеге асыра алады?
71. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөнiндегі қызметтi қандай салада жүзеге асыра алады?
72. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындылық коэффициенті қайсысына тең:
73. Қайсысы сақтандыру нарығына қатысушылар болып табылады?
74. Шығындар коэффициенті қайсысына тең:
75. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға құқылы ма?
76. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң сақтанушыларына қарыз беруге құқылы ма?
77. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайларда өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы?
78. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуға құқылы ма?
79. Қайсысы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады:
80. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлікті сатуға немесе жалға беруге құқылы ма?
81. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі қандай мерзімде төленеді:
82. Қайсысы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру объектісі болып табылады:
83. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру делдалы болуға құқылы ма?
84. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқылы ма?
85. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы ма?
86. Қандай жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін төлеуге кепілдік береді?
87. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға құқылы?
88. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз жолаушыларды тасымалдау үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруға құқылы ма:
89. Ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымы, мүшелерінің саны, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері қандай құжатта айқындалады?
90. Тәуекелдерді басқару жүйесі қандай құжатта айқындалады?
91. Құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері қандай құжатта айқындалады?
92. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктері қандай құжатта айқындалады?
93. Сақтандыру қағидаларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай органы бекітеді?
94. Ішкі қағидаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай органы бекітеді?
95. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында қандай маман болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес?
96. Сақтандыру ұйымы қандай жағдайда мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес?
97. Сақтандыру ұйымы аннуитет шартының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға құқылы ма?
98. Сақтандыру пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру шарты қандай талаптар негізінде жасалады?
99. Лицензиясында тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлмесе, сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыруға қатысуына құқығы бар ма?
100. Қандай жағдайда сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыруға қатысуына құқығы бар?
101. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тасымалдаушы лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
102. Қайсысы туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады:
103. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ тұлғалар сақтандыру брокерінің қызметтерін көрсетуге құқылы ма?
104. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қай орган жүзеге асырады:
105. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша туроператор үшiн сақтандыру сомасы қандай мөлшерде болады:
106. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ тұлғалар өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «қайта сақтандыру» деген сөздердi пайдалануға құқылы ма?
107. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша турагент үшiн сақтандыру сомасы қандай мөлшерде болады:
108. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруына байланысты сақтандыру қалай аталады?
109. Трансшекаралық сақтандыру деген не?
110. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін беруіне қандай жағдайларда жол беріледі?
111. Трансшекаралық сақтандыру кезінде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке рұқсат етілген бе?
112. Сақтандыру ұйымы тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгергені туралы өзiнiң сақтанушыларына қандай мерзімде хабарлауға мiндеттi?
113. Сақтандыру ұйымы тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгергені туралы өзiнiң сақтанушыларына қалай хабарлауға мiндеттi?
114. Сақтандыру ұйымы қандай құжаттың тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi?
115. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан қайсысын сұратып алуға құқығы бар?
116. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны қандай?
117. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша франшиза қандай мөлшерде белгіленген:
118. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға қандай мерзім ішінде қойылуы мүмкiн:
119. Сақтанушы өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын қандай мерзім ішінде жасауы қажет:
120. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе оның қызметкерлері сақтандыру брокерін құруға немесе оның қызметіне қатысуға құқылы ма?
121. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiнде франшизаның қолданылуына жол беріледі ме:
122. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы лауазымдарды бір мезгілде атқара алады ма?
123. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестеріне не акцияларға қалай ақы төлеуге міндетті?
124. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестеріне не акцияларға мүлікпен ақы төлеуге құқылы ма?
125. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары қай сәтте толығымен төлеп болуға тиіс?
126. Құрылатын сақтандыру брокерінің құрылтайшылары оның мемлекеттік тіркелу сәтіне қарай нені толығымен төлеп болуға тиіс?
127. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне және қызметінің өзге де шарттарына қойылатын талаптар қайсысында айқындалады?
128. Сақтандыру брокерінің қызметі қызметтің ерекше түрі болып табылады ма?
129. Қандай мемлекеттік орган шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастырады:
130. Қандай мемлекеттік орган өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру бойынша егiстiң жойылу алқабын айқындау әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi:
131. Сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға құқылы ма?
132. Сақтандыру брокері есептілікті уәкілетті органға қандай мерзімге дейін ұсынады:
133. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде тарату кезінде есептілікті уәкілетті органға қандай мерзімге дейін ұсынуға тиіс:
134. Қайсысы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың принципі болып табылмайды:
135. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатады ма:
136. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметтері мен қаржылық жағдайына салыстырмалы талдау жүргізуге құқылы ма?
137. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауға құқылы ма?
138. Сақтандыру брокері клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау критерийлерін әзірлеуге құқылы ма?
139. Сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін анықтау бойынша сараптамалық қызметтерді көрсетуге құқылы ма?
140. Көлік құралдары иелерінің көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетінің орындалуына мемлекеттік бақылауды қайсысы жүзеге асырады:
141. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін қандай ұйымның қатысушысы болуға міндетті:
142. Сақтандыру брокері сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын рәсімдеуге құқылы ма?
143. Сақтандыру брокері кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аударым жасау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауға құқылы ма?
144. Сақтандыру брокері қандай жағдайда кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аударым жасау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауға құқылы?
145. Сақтандыру брокері клиенттің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруға құқылы ма?
146. Қайсысы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша деректер базасының субъектілері болып табылады:
147. Сақтандыру омбудсмені қандай мерзімге сайланады:
148. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тәуекелдерінің картасы туралы есепті қалыптастыру үшін ай сайын тәуекелдерді басқару бөлімшесіне қандай есепті ұсынады:
149. Сақтандыру брокері сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін жинауға құқылы ма?
150. Сақтандыру брокері мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде шығындарды қарау мен реттеу бойынша құжаттар жинауға құқылы ма?
151. Сақтандыру брокері сарапшылардың зиянды бағалау мен сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау қызметтерін ұйымдастыруға құқылы ма?
152. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарабы болып табылады ма?
153. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі қайсысында айқындалған:
154. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру жөніндегі ішкі қағидаларында не айқындалады?
155. Ішкі аудит қызметі қайсысымен бірлесіп сақтандыру резервтерін қалыптастыруды ішкі бақылау және оның шкі аудиті қағидаларын әзірлейді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесіне бекітуге береді:
156. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің жеткіліктілігі нормативі қалай есептеледі:
157. Сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының атынан жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді қайсысы орындайды?
158. Сақтандыру агенті орындауға міндетті, оның ішінде сақтандыру құжаттамасының бланкілерін есепке алу мен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс мәселелері бойынша талаптар қандай құжатта белгіленеді?
159. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі нақты маржасының жеткіліктілігі нормативі қалай есептеледі:
160. Сақтандыру агентiне тапсырма шарты бойынша оған тиесілі сыйақыны сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларынан ұстап қалуына рұқсат етіле ме?
161. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай активтері өтімділігі жоғары активтер ретінде танылады:
162. Жеке тұлға қандай жағдайда сақтандыру агенті бола алады?
163. Сақтандыру агенті сақтанушыға тапсыру шартын және өз деректерінің сақтандыру агенттері тізілімінде бар екенін міндетті ме?
164. Сақтандыру агенті өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпаратты беруге міндетті ме?
165. Қандай активтер сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескеріле отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есебіне кіргізілмейді:
166. Қайсысы актуарий ретінде болуға құқылы?
167. Бастамашылық актуарлық есептер қайсысының бастамасы бойынша есептеледі?
168. Қандай жағдайларда міндетті актуарлық есепте есептеледі?
169. Актуарлық есептер қалай бөлінеді?
170. Уәкілетті орган қандай фактілерді анықтаған кезде өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің есептік мәніне қарамастан өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі орындалмаған болып есептеледі:
171. Актуарий өзінің иелігіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін жауап бере ме?
172. Актуарлық есептердің дұрыс және діл болуына қайсысы жауап береді?
173. Қандай активтер сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескеріле отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін және өтімділігі жоғары активтерін есептеу кезінде ескерілмейді:
174. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға қандай мерзім ішінде хабарлауға мiндеттi?
175. Жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз ұстап қалуының ең жоғары мөлшерін қайсысы есептейді:
176. Банк конгломератының құрамына кірмейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметiнiң аудитiн бiр аудиторлық ұйымда қандай мерзім ішінде жүргiзуге құқылы?
177. Жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз ұстап қалуының ең жоғары мөлшері қандай шамадан аспауға тиіс:
178. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарий қзметін тексеру үшін тәуелсіз актуарий тартуға құқылы ма?
179. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит (аудитор) қызметі лицензиялануға тиіс пе?
180. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит (аудитор) қызметі болуға міндетті ме?
181. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерi есептелетін резерв базисіне қандай параметрлер кірмейді:
182. Ішкі аудит жүргізу тәртібі қандай құжатта айқындалады?
183. Қайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады?
184. Жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының қандай пайызы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды:
185. Сақтандыру төлемдерін және сақтандыру шығындарын реттеу шығыстарын жабуға арналған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві жеткіліксіз болған кезде қалыптастырылатын сақтандыру резерві қалай аталады:
186. Мемлекет сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады ма?
187. Тәуелсіз актуарий қандай талаптарға сәйкес келуі тиіс?
188. Сақтандыру қызметін қадағалауды жүзеге асыру кезінде оффшорлық болып танылатын аймақтар тізбесін қайсысы белгілейді?
189. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай ұйым болып табылады?
190. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептеу күнінде болмаған, бірақ болашақта сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының қолданылу кезеңінде болуы мүмкін сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелері қалай аталады:
191. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны қандай болып табылады?
192. Заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және уәкілетті органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен не айқындалады?
193. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген сақтандыру ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициент оның орташа мәнінен асып кеткен жағдайда болашақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бағалау қалай аталады:
194. Егер сақтандыру валютасы шетел валютасы болса, сақтандыру резервтерiн есептеу кезінде актуарий қандай жылдық тиімді пайыздық ставканы пайдаланады:
195. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде қандай сөз (сөздер) болуға тиiс?
196. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауында «ұлттық» деген сөздiң пайдаланылуына қандай жағдайларда жол беріледі?
197. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауында «орталық» деген сөздiң пайдаланылуына қандай жағдайларда жол беріледі?
198. Қай орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органы болып табылады?
199. Қай орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы болып табылады?
200. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iшкi аудит қызметi қандай орган болып табылады?
201. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастыру кезінде қалай төленуге тиіс?
202. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастыру кезінде мүлікпен және бағалы қағаздармен төленуі мүмкін бе?
203. Қандай жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық қор болып табылмайтын заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құрылған кезде оның акцияларын сатып алады?
204. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары қашан толығымен төлеуі тиіс?
205. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерден өз акцияларын сатып алуы үшін қандай органның келісімі қажет?
206. Қандай мәселелерге қатысты заңнама талаптары сақталған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерден өз акцияларын сатып алуға құқылы:
207. Қай мемлекеттік органның келісімінсіз бір де бір тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды?
208. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімі тұлғаларға қандай түрде беріледі?
209. Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғалар қандай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуы мүмкін?
210. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру тәртібін қайсысы айқындайды?
211. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алу үшін тұлға не істеуге міндетті?
212. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алуға арналған өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган қандай мерзімде қабылдауға тиіс?
213. Уәкілетті орган қандай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді қайтарып алуға құқылы?
214. Уәкілетті орган осындай мәртебені иеленуге келісімді қайтарып алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы қандай шара қабылдауға міндетті?
215. Заңнаманың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін міндетті түрде алу қажеттілігі туралы талабы қандай жағдайларға қолданылмайды?
216. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы өзінің дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) үлесін өзгерту туралы шешім қабылданған кезде қандай шара қабылдауға міндетті?
217. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы өзінің дауыс беретін акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) үлесін өзгерту туралы шешім қабылданғаны туралы уәкілетті органды қандай мерзім ішінде хабардар етуге міндетті?
218. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін уәкілетті органға қандай кезеңділікпен беруге міндетті?
219. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің дауыс беретін акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өзі осындай фактіні анықтаған күннен бастап қандай мерзімде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті?
220. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның ірі қатысушыларының ақпаратты уақтылы ұсынбауы, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтер беруі неге әкеп соқтырады?
221. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына қайсысы негіз болып табылады?
222. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін не қажет?
223. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы оны құру кезінде өз мемлекетiнiң сақтандыруды қадағалау органының органынан қандай құжат ұсынуға міндетті?
224. Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымын құру кезінде шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары:
225. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың қандай мерзім ішінде заңды күшi болады:
226. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсат қай кезде уәкiлеттi органға қайтарылуға тиiс:
227. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық пакеті берілген күннен бастап неше ай ішінде қарауға тиiс:
228. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру мәселесі бойынша қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiге қалай хабарлайды?
229. Қайсысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады?
230. Құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы шығынды қызметі уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады ма?
231. Уәкiлеттi органға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен оның құрылтайшыларына қатысты анық емес ақпарат беру қандай салдарға әкеп соқтырады?
232. Құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады ма?
233. Қайсысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді қайтарып алуына негіз болып табылады?
234. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алған күннен бастап қандай мерзімнен кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi:
235. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетін өзгерiстердi мен толықтырулар қай кезде уәкілетті органмен келісілуге тиіс?
236. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға құқылы ма?
237. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын иеленуге құқылы ма?
238. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарын құруға және (немесе) иеленуге құқылы ма?
239. Еншілес сақтандыру ұйымының атауында бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын пайдалану міндетті талап болып табылады ма?
240. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін қандай мерзім ішінде еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат беруге міндетті:
241. Еншілес сақтандыру ұйымы міндетті түрде не туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті:
242. Қай органның шешімі негізінде сақтандыру ұйымы филиал немесе өкілдік ашуға құқылы?
243. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын немесе өкілдігін ашуға уәкілетті органның келісімін алу қажет пе?
244. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы ма?
245. Сақтандыру ұйымы филиалының немесе өкілдігінің ашылғаны туралы уәкілетті органды қандай мерзім ішінде хабардар етуге міндетті:
246. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы қандай болуға тиіс:
247. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы заңды тұлға болып табылады ма?
248. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қызметін өз атынан жүзеге асыруға құқылы ма?
249. Уәкілетті орган қандай мақсатта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешім қабылдайды:
250. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі заңды тұлға болып табылады ма?
251. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі қызметін өз атынан жүзеге асыруға құқылы ма?
252. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар аша алады ма?
253. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында өкілдіктер аша алады ма?
254. Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда өкілдіктер ашуға құқылы:
255. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімін келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған кезде қайтарып алуға құқылы ма?
256. Басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде қолдануы сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) уәкілетті орган берген келісімді қайтарып алу үшін негіз болып табылады ма?
257. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті қай орган лицензиялайды?
258. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы басқарманың бірінші басшысы лауазымына тағайындалуы мүмкін бе?
259. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің құрамында қанша тәуелсіз директор болуы тиіс?
260. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері қандай мерзім ішінде өз лауазымын уәкілетті органмен келісусіз атқаруға құқылы:
261. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына келісім беру немесе келісім беруден бас тарту туралы шешімді тиісті құжаттар берілген күннен бастап қандай мерзім ішінде қабылдайды:
262. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уәкілетті орган бас тартқаннан кейін қандай мерзім ішінде оның осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындалуына (сайлануына) жол беріледі?
263. Мемлекеттiк тiркеуден өткен және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға ұсынылатын құрылтай құжаттарының көшiрмелерi нотариалды куәландырылуы тиіс пе?
264. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензия алу үшін уәкілетті органға ұсынатын сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарға қайсысы қол қояды?
265. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға ішкі аудит қызметі туралы ереже ұсынылады ма?
266. Уәкілетті органның сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бергені үшін қайсысы ұсталады:
267. Уәкілетті орган сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішті құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап қандай мерзім ішінде қарауға тиіс:
268. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы:
269. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай жағдайда бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қабылдай алады:
270. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консервацияланған немесе лицензиясынан айырылған кездегі сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері қайсысында айқындалған:
271. Басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нені қамтамасыз етуге тиіс:
272. Сақтандыру портфелін беру тәртібін қайсысы айқындайды:
273. Сақтандыру ұйымы мемлекеттік тіркелген күннен бастап қандай мерзім ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасауы тиіс?
274. Сақтандыру брокері мемлекеттік тіркелген күннен бастап қандай мерзім ішінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасауы тиіс?
275. Қайсысы сақтандыру ұйымының лицензиясына сақтандырудың қосымша сыныбын қосудан бас тартуға негіздердің бірі болып табылады:
276. Сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі қай кезде оның қаржылық жағдайын сауықтыру немесе сақтанушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізуі мүмкін:
277. Уәкілетті орган актуарийдің лицензия алу үшін ұсынған өтініш пен құжаттарды қандай мерзім ішінде қарауға тиіс:
278. Актуарий біліктілік емтиханын қандай кезеңділікпен тапсыруға міндетті?
279. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне мемлекеттік органдардың араласуына қандай жағдайларда жол беріледі?
280. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптарды қандай орган белгілейді?
281. Пруденциалдық нормативтер – бұл:
282. Қай көрсеткіш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтеріне жатпайды?
283. Бір сақтандыру жағдайы бойынша шығындар көлемі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативі болып табылады ма?
284. Төлем қабілеттігі маржасы деген не?
285. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік қоры қандай мақсатпен құрылады?
286. Уәкілетті орган қандай сақтандыру ұйымдары үшін төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшеріне және сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы?
287. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін қайсысы болуға міндетті?
288. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiнің қаражаты не үшін арналған?
289. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемдерін қандай қаражат есебінен төлейді?
290. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар қандай құжатта белгіленеді?
291. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу ұйымының акцияларын қандай мөлшерде сатып алуына жол беріледі?
292. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды баланста көрсетілмеген меншік құқығының кепілі, кепілдік берілуі не өзге міндеттеменің қабыдануы туралы қандай мерзімде хабардар етуге міндетті?
293. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі мәміле жасауы туралы шешімді қай орган бекітуге тиіс?
294. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасалу күнінен бастап қандай мерзім ішінде уәкілетті органда тіркелуге тиіс?
295. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешіміне қандай мерзім ішінде шағымдана алады?
296. Ықпал ету шараларының қайсысы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес актуарийге қатысты қолданылмайды?
297. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокеріне санкциялар қолдануға қайсысының құқықтық өкілеттігі бар?
298. Уәкілетті орган сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуын қандай мерзімге тоқтата тұруы мүмкін?
299. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы қандай салдарға әкеп соқтырады?
300. Уәкілетті орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша не істеуге міндетті?
301. Уәкілетті орган тиісті шешім қабылдаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы қай сәттен бастап тоқтатыла тұрған болып есептеледі?
302. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге байланысты талаптарды бұзу уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма?
303. Сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған жағдайда уәкілетті органның оның лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады ма?
304. Уәкілетті орган лицензиясынан айырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай операцияларды жүзеге асыруға құқылы?
305. Уәкілетті органның сақтандыру қызметінің субъектілері мен сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешімі қай күннен бастап күшіне енеді?
306. Уәкілетті орган лицензиядан айырған күннен бастап қандай мерзім ішінде сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату туралы сотқа өтініш жасауға міндетті?
307. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап қандай іс-әрекеттер жасауға тиіс?
308. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері қайсысына көшеді?
309. Қайсысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы?
310. Уәкілетті орган лицензиясынан айырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін қай кезеңге дейін жүзеге асырады?
311. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын қайсысы тағайындайды?
312. Тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің қызметін қайсысы бақылайды?
313. Қайсысы уәкілетті органның актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруы үшін негіз болып табылады:
314. Қайсысы уәкілетті органның актуарийді лицензиясынан айыруы үшін негіз болып табылады:
315. Уәкілетті орган қандай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы?
316. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, жаңа инвесторға сатуды қандай талаппен жүзеге асырады?
317. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын қандай бағамен мәжбүрлеп сатып алады?
318. Уәкілетті орган қандай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алады:
319. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртiбiн қай орган белгiлейдi?
320. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері жүргізетін операцияларын қайсысына сәйкес есепке алады?
321. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметіне міндетті аудитті қандай жиілікпен жүргізеді?
322. Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары қаржылық есептілікті уәкілетті органға қандай кезеңділікпен ұсынады?
323. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді қандай мақсатта есептейді?
324. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді есептеу тәртібін қайсысы белгілейді?
325. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған сәтінен бастап қандай мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тізіліміне енгізілуге тиіс?
326. Сақтандыру төлемі жөніндегі өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан зиянды бағалау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай қызметкерінің функцияларына кіреді?
327. Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы барлық бұрын берілген лицензияларды сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қандай мерзімде қайтаруға міндетті?
328. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден қандай негіз бойынша бас тартуы мүмкін?
329. Болжанып отырған ерікті түрде тарату нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiн бұзу уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартуына негіз болып табылады ма?
330. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға өтінішхат беру үшін қайсысы негіз болып табылады?
331. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қандай мерзімге банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын қарыз қаражатын тартуға рұқсат етіледі?
332. Сақтандыру ұйымы кредиторларының қандай талаптары бірінші кезекте қанағаттандырылады?


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Алматы қ.


БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

Төрағасы
____________ Марченко Г.А.



« 07 » желтоқсан 2012 ж.




  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет