Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты



бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ

БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Орта білім

Негізгі ережелер

_____________________________________________________________________________

Енгізу мерзімі: ..............

1 Қолдану саласы



1.1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушының даярлық деңгейі мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейді; білім беру салалары бойынша білім, іскерлік және дағдыларды, түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді нақтылайды; білім алушының табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.

1.2 Осы Стандарт:

- білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына;

- педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеген кезде орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарына, білім беру ұйымдарына;

- білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеген кезінде ғылыми және оқу орындарына, білім беру саласындағы мамандарға;

- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеген кезінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына;

- білім алушыларды қабылдаған кезде білімін бақылау үшін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына;

- жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеген кезінде мемлекеттік басқару органдарына;

- білім алушының оқу сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезінде білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға қолдану үшін арналған.

Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру қызметін лицензиялаған, білім беру ұйымдарын аттестаттаған, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындаған, осы құжаттардың орындалуын бақылаған кезде пайдаланылады.


2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 27.07.2007 ж, № 319-III ҚРЗ, Астана. Ақорда;

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 11.07.1999 ж, №151-1;


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 11.10.2004 ж, № 1459;

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауы;

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы;

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысы;

ҚР МЖБС 2.003-2002 Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер;

ҚР СТ 1.5-2004 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойатын жалпы талаптары.


3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады:

3.1 Баға: бағалау нәтижесінің шартты-формальды (белгілік) бейнеленуі; білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың сандық көрінісі.

3.2 Бағалау: белгіленген өлшемдер бойынша білім алушылардың іс-әрекеттерінің шынайы қол жеткізген нәтижелерін жоспарланған білім беру нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

3.3 Бейіналды даярлық: білім алушының негізгі орта білім бейінін, жеке білім беру траекториясын тандауына мақсатқа бағытталған педагогикалық қолдау көрсету;

3.4. Бейінді оқыту: білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру

3.5 Бейіндік пән: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні.

3.6 Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.

3.7 Білім беру қызметі: тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттері шешілетін мақсатты, педагогикалық негізделген, білім беру субъектілерінің бірізді өзара ықпалдасу үдерісі.

3.8 Білім беру үдерісінің мониторингі: білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін жүйелі түрде бақылау, диагностикалау, талдау, жағдайын, нәтижелердің өзгеру динамикасы мен жүзеге асырылу шарттарын бағалау және болжау.

3.9 Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау: білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.

3.10 Білім беру саласы: ең аз мөлшердегі және оқу пәндерінің функционалды толық жиынын қамтитын және оқушылардың дене, интеллектуалдық, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, экономикалық, коммуникативтік және ақпараттық дамуын қамтамасыз ететін орта білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі.

3.11 Білім мазмұны: тұлғаның жан-жақты дамуына және түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуына негіз болып табылатын әрбір білім беру деңгейі бойынша білім жүйесі (кешені).

3.12 Жалпы білім беретін мектеп: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

3.13 Заттық-кеңістіктік орта: білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін қолданылатын материалдық талаптардың (сыныпты безендіру, сыныптағы парталарды орналастыру реті, сабақ өткізуге арналған бөлмелердің орналасуы және т.б.), ақпараттық және коммуникациялық ресурстар мен техникалық құралдардың жиынтығы.

3.14 Кәсіптік бағдарлау: білім алушылардың білім алу мен кәсіби мүмкіндігіне, кәсіби мүддесіне, жеке қабілетіне және психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіп пен оқу орнын еркін және саналы түрде таңдау салаларында құқықтарын іске асыруға ақпараттар мен кеңестерді ұсыну.

3.15 Құзырет: білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық.

3.16 Құзыреттілік: оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.

3.17 Мемлекеттік аралық бақылау: оқыту сапасын білім беру ұйымына тәуелсіз бақылаудың бір түрі.

3.18 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС): білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.

3.19 Оқу бағдарламасы: әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.

3.20 Оқыту бағыты: белгілі бір білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдастырылу нысаны.

3.21 Оқу жоспары (ОЖ): орта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.

3.22 Оқу пәнінің стандарты: білім берудің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлерінде нақты пәнді оқыту үдерісін реттейтін құжат. Оқу пәнінің стандарты: пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, жоспарланатын нәтижелерді, оқу пәнінің базалық мазмұнын, құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін, оқу пәні бойынша білім беру үдерісінің технологияларына қойылатын талаптарды, білім беру үдерісін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, білім беру салалары бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.

3.23 Оқытуды саралау: тұлғаның жеке ерекшеліктері ескерілетін кезде оқу қызметін ұйымдастыру тәсілі.

3.24 Өлшеуіштер: белгіленген бағалау өлшемдеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерінің алдын ала берілген көрсеткіштер бойынша айқындайтын оқу тапсырмалары.

3.25 Орта білім: Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде азаматтардың алатын білімі.

3.26 Портфолио: білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі оқу және әлеуметтік маңызы бар жеке жетістіктерін көрсететін тәсіл. Бұл тәсілдің көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-өзі бағалау нысаны ретіндегі рефлексияға қабілеті белгіленеді және бағаланады.

3.27 Таңдау курстары: мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды.

3.28 Типтік оқу жоспары (ТОЖ): оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті білім беру деңгейі оқу пәндерінің тізбесін және көлемін реттейтін нормативтік құжат.

3.29 Тұлғаны әлеуметтендіру: адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне енуін және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуын жорамалдайтын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісі. Әлеуметтендіру идеясын жүзеге асыру – тұтас педагогикалық үдерісте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ мектептің отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуын талап етеді.

3.30 Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ): орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілген, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;

3.31 Экстернат: білім алушы сабаққа үнемі қатыспай, тиісті білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу пәндерін өздігінен оқитын оқыту нысандарының бірі.

4. Негізгі ережелер
4.1 Осы стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің келісілген білім беру мүддесі мен мүмкіндігін танытады және реттейді.

4.2 Стандартты қолдану:

- білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді;

- әлемдік үрдістерді ескере және қазақстандық мектептің озық дәстүрлерін сақтай отырып еліміздің білім беру жүйесін дамытуды;

- мектептегі білім беру құрылымының жас кезеңдерімен сәйкестігін;

- барлық балаларға тең мүмкіндік қағидаларын іске асыруды;

- мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу - тәрбие үдерісіне кірістіруді;

- білім сапасын қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім берудің жаңа нәтижесі есебінен арттыруды және білім алушының, педагогтың, білім беру ұйымдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау жүйесін жасауды;

- орта білім беру саласындағы білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің міндеттері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;

- балалардың психикалық саулығын және денсаулығын қорғауды, тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде білім алушының қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қаматамасыз етуді;

- орта білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты ұтымды және тиімді пайдалануды көздейді.



4.3 Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.
4.4 Стандарт:

- орта білім беру ұйымдарының қызметін бағалау мен мониторингін жүзеге асыруға және білім беру ұйымдарын бітірушілердің оқу жетістіктерін бағалау;

- білім берудің осы заманғы сапасын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасаудағы білім беруді басқару органдарының іс-әрекетін объективті бағалау;

- орта білім беру ұйымдарының оқу және тәрбие үдерісінің материалдық-техникалық жабдықталуына бірыңғай талаптар қою;

- оқыту пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтайтын өлшеуіштер жүйесін жасау үшін негіз болып табылады.



4.5 Осы Стандарттың шеңберінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4.6 Барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы Стандарт талаптарының орындалуына жауапты.

4.7 Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары осы Стандартқа және белгіленген тәртіппен Уәкілетті органдар бекіткен басқа да оқу-нормативтік құжаттарға сәйкес оқытуды жүзеге асырады.

4.8 Білім беру жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып күндізгі, кешкі, сырттай және экстернат нысандарында жүзеге асырылады.

4.9 Стандарттың талаптары:

- білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің стандарттарын, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;

- Республиканың орта білім беру ұйымдарында меншік нысандарынан, ведомстволық бағыныстылығынан, типтері мен түрлерінен тәуелсіз оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;

- орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасау;

- орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру;

- орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;

- білім беру сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде міндетті болып табылады.

4.10 Осы Стандарттың ережесі пәндер бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларының шеңберінде ашылады және нақтыланады.

4.11 Стандарт, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген арнайы білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылатын даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуді көздейді.

4.12 Білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің жалпыға міндетті стандарттарының және сыныптар бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының (ЖОБ) мазмұны:

- оқу пәнінің жалпы сипаттамасын (оқытудың мақсаттары мен міндеттерін);

- оқу пәніне оқытудың жоспарланған нәтижелерін;

- оқу пәнінің базалық мазмұнын;

- оқу пәні бойынша оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптарды;

- пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.



4.13 Оқу-тәрбие үдерісінің міндетті компоненті түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ететін білім алушылардың жобалау, зерттеу қызметтері болып табылады. Оқу жылы бойы білім алушылар жеке-дара немесе топтың құрамында тұлғалық-мәні бар жобаны (пән аралық және пәндік мазмұн базасында) әзірлейді және іске асырады.

4.14 Оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестікте әзірленуі керек.

4.15 Жаңа типті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім алушылардың оқу материалдарын интерактивті режимде өз бетінше игеруіне бағытталуы тиіс.

4.16 Осы Стандарттың және оқу пәндері стандарттарының сақталуын бақылауды өз құзыреттіліктерінің шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар кезекті аттестаттау мен тексеру нысанында жүзеге асырады.

4.17 Бақылау және бағалау объектісі осы МЖБС-да берілген білім алушылардың білім алудағы нәтижелерінің жетістіктері: пәндік оқыту нәтижелері, метапәндік нәтижелер, білім алушыларды әлеуметтендіру - тұлғалық нәтижелер болып табылады.

4.18 Бақылау-бағалау қызметін жүргізу үшін білім берудің сапасын арттыруға және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын игеру деңгейі мен сапасы туралы объективті ақпаратты алуға бағытталған білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын жүйе қолданылады.

4.19 МЖБС-да берілген білім беру бағдарламаларының игерілуіне қойылатын талаптардың жетістіктерін бағалау өлшемді тұрғы негізінде жүзеге асырылады. Бағалау үшін өлшем ретінде білім беру нәтижелеріне қойылатын талаптар алынады.

4.20 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мынадай түрлері енгізіледі: сыртқы баға, ішкі баға.

4.21 Сыртқы бағалауды білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау барысында мемлекеттік білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.

Сыртқы бағалаудың мақсаты - білім алушының қол жеткізген білім нәтижелерінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ бітірушілердің даярлық сапасын өңірлік және мемлекеттік масштабта бағалау.

Білім алушылардың осы Стандарттағы көрсетілген нәтижеге сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларын игеру сапасын бағалау ұлттық бірыңғай тестілеу, 4, 10, 12 сыныптарда әрбір білім беру деңгейі игерілгеннен кейін қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және басқа да нысандар түрінде жүргізіледі.

4.22 Білім, іскерлік, дағдылар мен пәндік құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін өлшеуде, сырттай баға беру үшін мазмұны, рәсімдері және тексеру тәсілдері бойынша стандартталған, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті атқарушы органдары әзірлеген тапсырмалар жүйесі пайдаланылады.

4.23 Ішкі баға (қалыптастырушы) жеке білім алушыға бағытталған. Ол білім алушының игермеген білім мазмұнының нақты элементтерін айқындайды, соның негізінде білімді толықтыру сол білім алушы үшін максималды тиімді жүргізіледі.

4.24 Ішкі бағалауға:

- білім, іскерлік, дағды нысанында ұсынылған пәндік жетістіктер;

- айтылған талаптарға сәйкес түйінді құзыреттіліктерді игеру деңгейі жатады.

Ішкі бағалаудың мақсаты – білім алушылардың шынайы тұлғалық жетістіктерінің оқу пәні бойынша күтілетін оқыту нәтижелеріне сәйкестігін белгілеу.



4.25 Ішкі бағалау білім беру нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін жүйелі бақылауды және олардың уақытылы түзетілуін қамтамасыз етеді.

4.26 Жеке білім беру траекториясының іске асырылу дәрежесі, тұлғаның оқуы мен даму динамикасы, әлеуметтік белсенділігі, жалпы мәдениеті, рефлексияға қабілеттілігі белгілі бір оқу кезеңі үшін мақсатқа бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны ретінде портфолио көмегімен есепке алынады және бағаланады.

4.27 Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау үшін оқушылардың сандық, сапалық көрсеткіштері мен оқудағы нәтижелілігін, жеке ерекшеліктерін ескеретін 12 балдық межелік бағалау белгіленеді.

4.28 Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшеу, бағалау құралдарына түрлі оқу тапсырмалары: ашық және жабық типтегі тестер, есептеу және практикалық тапсырмалар, жобалар, жаттығулар, компьютерлік модельдеу және т.б. жатады.

4.29 Бақылау өлшеуіштері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес әзірленеді және оқу материалын меңгерудің әрбір деңгейіне тән оқу іс-әрекетінің мазмұнын көрсетеді.

4.30 Оқушы тұлғасының дамуын диагностикалау және түзету енгізу мақсатында оның оқу іс-әрекетіне психологиялық сүйемелдеу жүзеге асырылады.

4.31 Білім беру ұйымдары орта білім беру стандартының талаптарын орындамаған жағдайда ата-аналар (немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар), жұртшылықтың өкілдері Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген тәртіппен наразылығын білдіруге құқылы.

4.32 Ұлттық деңгейдегі орта білім берудің мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, құзыретті, интеллектуалды және рухани дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

4.33 Орта білім берудің негізгі міндеті әрбір білім алушыға:

- Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін білуге, сақтауға;

- тұлғаның өзін-өзі іске асыру үшін қажет болатын алдағы кәсіби білімі мен қызметіне негіз ретінде сапалы білім алуына;

- қоршаған әлемде - табиғат құбылыстарында, адам мен қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінде бағдарлануына мүмкіндік беретін әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісінің негіздерін меңгеруге;

- өзінің білім алу әрекетін тиімді жоспарлай және ұйымдастыра алуға, білімді игеру қызметіне талдау және рефлексиялық әрекет жасай алуға;

- әртүрлі өмірлік жағдайларда дербес шешім қабылдап әрекет етуге, болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға беруге, ортамен бірлесе әрекет жасауда өз пікірін қалыптастыра және жүзеге асыруға;

- қазақ және әлем мәдениеті мұраларының негізінде өзінің бірегей мәдени деңгейін жетілдіруге, жеке тұлғаны қалыптастыратын мәдениеттің аса маңызды жақтары мен аспектілерін бағалай және түсіне білуге;

- өзге мәдениет пен діни конфессияларды уағыздаушылармен құндылықты-түсіністікте ынтымақтасуға дайын болуға;

- айналадағы болмысқа көзқарастар мен нанымдар жүйесі ретінде тұтас дүниетанымды қалыптастыруға және өз - өзіне, табиғатқа, қоғамға жағымды қатынасты қалыптастыруға және соған сәйкес әрекет ете білуге;

- қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына жүйелі түрде қатысуға, қоғам және өзі үшін салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыруға мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады.



5. Орта білім беру құрылымы

 

5.1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартымен білім берудің сабақтастық және үздіксіздік қағидаттары негізінде қызмет ететін білім берудің мынадай деңгейлерінің негізгі ережелері регламенттелген:

- нормативтік оқыту мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш білім беру деңгейі(1 - 4 сыныптар, оқудың басталуы – 6 жастан);

- нормативтік оқыту мерзімі 6 жыл болатын негізгі орта білім беру деңгейі (5 – 10 сыныптар);

- нормативтік оқыту мерзімі 2 жыл болатын орта білім беру деңгейі (жалпы орта білім беру) (11 – 12 сыныптар).

5.2 Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу іс–әрекетін меңгеруі және олардың жеке қасиеттерін ашу үшін жағдай жасау.

Бастауыш мектепте оқу-іс әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санауды үйренуге керекті білім, білік, дағдылар жүйесін игертуді, осы деңгейдің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.



5.3 Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру миханизмдерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін меңгеруін, кәсіби ниеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Білім алушыларды болашақ оқыту бейінінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастыру қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындығы енгізіледі.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.



5.4 Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

5.5 Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.

5.6 Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.
6 Орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының даярлық деңгейлеріне қойылатын жалпы талаптар
Білім алушылар даярлығының сапасына қойылатын талаптар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларының міндетті мазмұнын айқындайды.

Стандартпен айқындалатын білім беру нәтижелері, орта білім беру стандарттары мен пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны және оларға сәйкес оқу-әдістемелік сүйемелдеу арқылы қалыптастырылатын орта білім берудің мақсаттық ұстанымдарының сипаттамасы болып табылады.

Білім алушылар даярлығының міндетті деңгейі күтілетін оқыту нәтижелерінің сипатталуы түрінде беріледі және сол деңгейге жетуді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес осы Стандарт негізінде мынадай білім беру нәтижелері регламенттелген:

- білім алушыларды әлеуметтендіру – бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;

метапәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;

пәнді оқыту нәтижелері – игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.

 

6.1 Тұлғаны әлеуметтендіру


Мектеп әлеуметтендіру институты ретінде әлеуметтік рөлдерді игертуге және тұлғаны мектеп жасында әлеуметтендіру үдерісін реттеуге ықпал ететін барлық қажетті жағдайларды функциональды түрде сақтайды.

Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерді игеруі олардың нәтижелі түрде әлеуметтендірілуінің, яғни әлеуметтік рөлдерді, нормаларды және құндылықтарды игерулерінің алғы шарттарын жасайды.



  1.  

    1.  

      1. Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:

- саяси мәні бар қызметтің – оқу қызметінің жаңа түрін және әлеуметтік ынтымақтастық негіздерін игеруімен;

- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар және олардың тұлға ретінде: «Мен - адаммын, ұжымшылмын, патриотпын, азаматпын», Отан, Жер, Әлем, Табиғат ұғымдары туралы алғашқы түсінігінің болуымен;



- қазақстандық қоғамда және жер шарында бейбітшілікті сақтау үшін халықтар бірлігінің, ұлтаралық қатынастардың және шыдамдылықтың маңыздылығын түсінуімен;

- жаңа әлеуметтік маңызды рөлдер (оқушы, ұжым мүшесі, сыныптас, және т.б.) туралы ұғымының болуымен;

- рухани-адамгершілік мінез туралы білім мен іскерлік негіздерін игерумен, балалар ұжымындағы этикалық нормаларды білуімен, берік достық байланыс орнатуымен;

- балалар қоғамдастығындағы тұлғааралық қатынастардың негізін түсінуімен және оған жағымды әлеуметтік мәртебесін бекітуге талпынуымен;

- адам өмірі мен қоғамдағы еңбектің рөлін түсінуімен, мамандықтың көптүрлілігі туралы алғашқы көзқарасының болуымен;

- өзінің және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың мәдени құндылықтарын білуімен;



- алғашқы экологиялық білімі мен іскерлігінің болуымен, табиғатты қорғаудың қажеттігін түсінуімен;

- жеке және тазалық сақтаудың гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруімен;

- ер бала мен қыз бала арасындағы ерекшеліктер туралы және гендерлік әдеп туралы түсінігінің болуымен анықталады.

 

6.1.2 Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуініңжеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:

- әлеуметтік және адамгершілік есеюді дамытудың негізі ретінде өз құрбыларыменжәне басқа да педагогикалық үдеріске қатысушылармен мәдени қарым-қатынасты меңгеруімен, жаңа әлеуметтік рөлдерді игеруімен;

- дүниетанымдық проблемаларды саналы түрде меңгеруімен (құрбыларының арасында әлеуметтік мәртебесінің болуы және т.б.), оң ұстаным орнатуымен және оның негізінде іс-әрекетінің болуымен;

- рухани-адамгершілік, азаматтық-отансүйгіштік тұрғыда өмір салтын құру талаптарының болуымен, оны өзінің іс-әрекеті арқылы жүзеге асыруымен;

- мектепте және одан тыс жерлерде (қосымша білім беру ұйымдары, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелері және т.б.) әлеуметтік қатынастар білімі мен іскерлігін меңгеруімен;

- ұжымда, басқа да әлеуметтік топтарда өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру үшін өзінің және басқа да адамдардың тұлғалық қасиетін қолдана алу біліктілігімен;

- өз мүмкіндігін толық іске асыру және өз тағдырын шешу мақсатындағы түрлі іс-әрекет біліктілігімен;

- болашақ кәсіби қызмет саласына қарай бейіндік оқуды таңдаудың маңыздылығын ұғынуымен;



- әлемдік мәдениет жетістіктері мен құндылықтарын меңгеруге деген қызығушылығы мен талаптарының бар болуымен;

- қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілігін және қызметтің барлық түрлерінде оны қамқорлыққа алу керектігін сезінуімен;

- денсаулығын қазіргі заманғы социумда өмірлік жоспарларды іске асыру құндылықтары мен талаптары ретінде түсінуімен;

- гендерлік мінез-құлыққа сәйкес білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруіменанықталады.

6.1.3 Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелелері келесідей жетістіктермен:

- кәсіптік-оқу және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлерінің мәнін (әлеуметтік ынтымақтастықты) өз бетінше өмір сүріп, еңбек етуге дайындық құралы ретіндетүсіне білуімен;

- қоршаған ортаға, өз-өзіне, табиғатқа, қоғамға деген біртұтас дүниетанымдық көзқарастарының болуымен және соған сәйкес әрекет жасай алуымен;

- өзінің даралығын және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі іске асыруға даярлығын сезінуімен;

- мектепте және одан тыс жерлерде әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас тәжірибесін пайдалана білуімен;

- өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі бақылауға сәйкес ұстанымдарын меңгеруімен;



- рухани-адамгершілік, азаматтық-отаншылдық, белсенді өмір салтын құру ұстанымдары мен сенімдеріне сәйкес іс-әрекеттің барлық түрлеріне қатынасуымен;

- жастар мәдениетіне тән нормаларға бағынатын бейресми, түрлі жастағы ұжымдар мен топтарда қарым-қатынас жасауға қажеттілігінің және даярлығының болуымен;

- таңдаған болашақ кәсіби қызметін саналы түрде жүзеге асыруымен және өмірлік жоспарларын анықтауымен;

- өзін әлемнің азаматы ретінде сезіне білуімен, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын иеленуімен,

- қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтерге, қоғамдық акцияларға, компанияларға, еріктілер қозғалысына жүйелі түрде қатыса білуімен;

- салауатты өмір салтына қажеттігі мен даярлығының болуымен;



- өзін қоғамның лайықты өкілі және болашақ отбасы иесі ретінде сезінуіменанықталады.
6.2 Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер
Білім беру мазмұны әрбір білім алушының Стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:

- проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;

- ақпараттық құзыреттілік;

- коммуникативтік құзыреттілік.



6.2.1 Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:

- түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

- өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға (яғни, атқарылатын міндетке барабар технологияларды әзірлеуге);

- өзін-өзі бағалауға және өзінің іс- әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;

- түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;

- қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.



6.2.2 Ақпараттық құзыреттілік:

- сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануғамүмкіндік береді.



6.2.3 Коммуникативтік құзыреттілік:

- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

- нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;

- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді.



6.2.4 Білім беру деңгейінің регламенттелген осы МЖБС-на сәйкес келетін түйінді құзыреттіліктерді меңгерудің үш деңгейі көрсетіледі.

Білім алушы білім берудің әрбір деңгейін аяқтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білуі тиіс.



6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады;

- шынайы және қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады;



2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- міндеттерді шешу қадамдарын логикалық және уақыт бірізділігі бойынша анықтайды және реттейді;

3) технологияларды қолдану:

- нұсқаулықпен жасайды;



4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау:

- белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды;



5) қызметті бағалау:

- өз іс-әрекетіне берілген алгоритм бойынша бақылауды жүзеге асырады;

6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:

- жоспарланған және алынған нәтижелердің сипаттамаларын салыстырады және нәтижелер сапасының ойдағыға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды;

- өз әрекетінің нәтижелерін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды;

7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады;

- өз әрекетінің себептерін атай алады.



ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- қалаған жағдаятты негіздейді және нақты жағдаяттарға талдау жасайды және олардың

арасында туындаған қарама-қайшылықты көрсетеді;

- проблеманың пайда болуының себептерін көрсетеді;

2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- қойылған проблемаға сәйкес мақсат қояды;



- қойылған мақсатқа сәйкес міндеттерді қояды;

- алдын-ала берілген баға критерийлері негізінде өз әрекетінің жоспарланған нәтижесінің сипатын өз бетінше анықтайды.



3) технологияларды қолдану:

- нақты міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттер технологиясын (міндеттерді шешу тәсілдерін) немесе белгілі бір алгоритмнің бөлігін таңдайды және іс-әрекет жоспарын жасайды;



4) ресурстарды жоспарлау:

- қойылған міндетті шешуге қажетті ресурстарды жоспарлайды;



5) қызметті бағалау:

- өз іс-әрекетін жоспарлайды және ағымдық бақылау жасауды жүзеге асырады;

6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:

- әрекет ету мақсатына сәйкес өз бетінше анықтаған өлшемдер бойынша өз әрекетінің нәтижесін бағалайды;

7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- іс-әрекет жетістіктері мен кемшіліктерінің себептерін көрсетеді;

- міндеттерді шешу кезінде кездескен қиыншылықтарды атап көрсетеді және оларды жеңу жолдарын ұсынады.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):

- проблеманы анықтайды және тұжырымдайды;

- проблемаға талдау жасайды;

2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:

- мақсатқа жету кезінде туындайтын тәуекел ету жағдайларын көрсетеді;

- проблемаларды шешудің балама тәсілдерін талдау негізінде мақсат қояды;

- қойылған мақсаттарға жетуді негіздейді;



3) технологияларды қолдану:

- обьектілер параметрлерінің өзгергенін ескере отырып сол санаттағы обьектіге, күрделі обьектіге технологияны қолданады және әрекет ету жоспарын жасайды;


4) ресурстарды жоспарлау:

- балама ресурстарға талдау жүргізеді және міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігін негіздейді;



5) іс-әрекетті бағалау:

- ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізу немесе енгізбеу себептерін негіздейді;

6) іс-әрекет нәтижесін/өнімін бағалау:

- қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен көрсеткіштерін ұсынады;

7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:

- міндеттерді шешу кезінде қол жеткізген ресурстарды (білім, іскерлік, тәжірибе т.б.) басқа да қызмет түрлерінде қолдану мүмкіндігін дәйектейді.



6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау

- ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

- ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

- анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;

2) алғашқы ақпаратты алу:

- бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;

- адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

- ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады;



3) ақпаратты екінші қайтара алу:

- берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;



4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді;



5) ақпараттарды өңдеу:

- алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

- ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

- ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.



ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:

- қойылған міндеттерді шешу үшін қандай ақпарат (не туралы) талап етілетінін атап көрсетеді;

- интернеттің іздестіру жүйелерін қолданады;

- библиографиялық және тұрақты басылымдарды пайдаланады;



2) алғашқы ақпаратты алу;

- өз бетінше бақылау, ақпараттық ізденістердің міндеттеріне сәйкес эксперименттің мақсаты мен барысын жоспарлай отырып эксперимент жүргізеді;

- сұрақтар көмегімен ақпараттар жинауды жоспарлайды және оны жүзеге асырады;

- берілген сұрақтар бойынша статистикалық, тарихи және көркемдік ақпарат көздерінен мәлімет ала алады;



3 ) екінші қайтара ақпарат алу:

- алынған тапсырмалардың сипатына қарай өз бетінше негіздеме тұжырымдайды, оларды реттейді және ізделінді ақпаратты ала алады;

- анықталған қарама-қайшылықты көрсете біледі;
4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- алынған ақпаратты берілген күрделі құрылым шеңберінде (екі немесе одан да көп белгілеріне қарай) жүйелейді;



5) ақпараттарды өңдеу:

- алынған ақпаратты шешілетін міндеттің мәнмәтінінде баяндай алады;

- ақпараттың нақтылығын ұсынылған тәсіл бойынша тексереді;

- алынған ақпарат негізінде өз бетінше қорытынды жасайды немесе қорытындымен келіседі және оны дәлелдеу үшін бірнеше дәйектер немесе оны растайтын мәліметтерді келтіреді.



б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:

- қызметке қойылған міндетке сәйкес ақпараттық ізденісті жоспарлайды - ақпараттық ізденісті аяқтау туралы өз бетінше және дәйекті шешім қабылдайды;



2) алғашқы ақпаратты алу:

- ақпаратты іздеу міндетіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өз бетінше мониторинг жүргізудің мақсатын және жүргізу жолын айқындауды жоспарлай отырып, оны жүзеге асырады;

- статистикалық, тарихи көздерден, көркемдік мәтіні бар көздерден ақпараттарды алуды өз бетінше жоспарлайды және жүзеге асырады;

3) екінші қайтара ақпаратты алу:

- орындалатын жұмыстың мақсатын өзіндік түсіну деңгейінде өз бетінше анықтаған негіздер бойынша ақпаратты ала алады;



4) ақпаратты алғашқы өңдеу:

- бөліп алған ақпараттарды өзі таңдаған күрделі құрылымға сәйкес жүйелейді;



5) ақпараттарды өңдеу:

- тексеруге қажетті ақпаратты өз бетінше көрсетеді және ақпараттың нақтылығын тексеру тәсілдерін қолданады;

- түрлі көзқарастарды сыни талдау немесе алғашқы ақпарат пен соңғы ақпаратты салыстыру негізінде қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өз бетінше алған ақпараттарды негіздейді аспектісіндегі жалпы орта білім беру деңгейінің құзыреттілігі.

6.2.4.3 Коммуникативтік құзыреттіліктің мынадай аспектілері бойынша білім алушының жетістіктері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- қарапайым құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын рәсімдейді;

- мәтінді ресімдеу және берілген үлгідегі көмекші сызбалар нормаларын сақтай отырып сұрақтарды баяндай алады;

2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- сөз сөйлеу жоспарын жасайды;

- көпшілік алдында сөз сөйлеу нормасын және регламентті сақтайды;

- өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін кідіріс жасай алады;



3) сұхбат:

- монологта, сұхбатта, пікірталаста (топ) шын мәнісіндегі, бағаланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдай алады;



4) нәтижелі топтық қатынас:

- білім алушылар топтық талқылаудың берілген тәртібіне өз беттерінше ілесе алады;

- білім алушылар топтық жұмысқа арналған тапсырмаға сәйкес жауап бере (амалдар орындай) алады;

- білім алушылар өздерінің ойларын, пікірлерін ұсынады, түсіндіре алады немесе топтың басқа мүшелерінің ойларына, пікірлеріне деген көзқарасын дәйектей алады.



ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- күрделі құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын ресімдейді;

- күрделі құрылымдағы тақырыпты баяндай алады және көмекші құралдарды сауатты қолдана біледі;

- құжаттардың (белгілі үлгілер ішінен алынған) жанрын және құрылымын қатынас жасау мақсатына сәйкес анықтайды;



2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін ауызша айту тәсілдерін (логикалық байланыс құралдарын) қолданады;

- ауызша айтудан басқа тәсілдерді және көрнекі құралдарды қолданады;

3) сұхбат:

- монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың талап етілетін мазмұнын қабылдай алады;



4) нәтижелі топтық қатынас:

- топ алдына қойылған міндетке сәйкес талқыланатын ережелер мен сұрақтар жөнінде білім алушы өз беттерінше келісімге келеді;

- білім алушылар топтық жұмыс тапсырмаларын орындау шеңберінде өздерінің міндеттерін бөліседі және қабылдайды;

- білім алушылар бір-бірінің пікірлерін нақтылау және түсіну үшін сұрақтар қояды, өз пікірлерін топтың басқа мүшелерінің пікірлерімен салыстырады, бір-бірінің ой-пікірлерін дамытады, нақтылайды.



б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:

1) жазбаша қатынас:

- ақпаратты өңдеу нәтижелерін жазбаша түрде (регламентпен шектелмеген) ұсынады;

- талқылауға ұсынылған айқындама көзқарастарды қолдайтын және/немесе оларға қарсы дәйектемесі бар мазмұндағы жазбаша құжатты дайындай алады;

- өз іс-әрекетінің мақсатына сәйкес жазбаша қатынас жасаудың мақсаты мен адресатын анықтайды;



2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:

- қатынас жасау міндетіне барабар көрнекі материалдарды өз бетімен дайындайды және оларды сауатты пайдаланады;

- өз сөзінде қисындық және шешендік тәсілдерді, аудиториямен кері байланыс тәсілдерін қолданады;

3) сұхбат:

- мәлімет беру тақырыбын, айтылған ұсыныстарды, дәлелдерді, дәйектерді, қорытындыларды анықтай отырып, монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың мазмұнын толық қабылдай алады;



4) нәтижелі топтық қатынас:

- білім алушылар пікірталас шиеленіскен жағдайда одан шығу тәсілдерін пайдаланады немесе топтың нәтижеге қол жеткізе алмау себептерін түйіндейді;

- білім алушылар көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келетін және сәйкес келмейтін жақтарын, неге сәйкес келмеуінің мәнін анықтай отырып, ұсыныстарға топтық жұмыс мақсатына сәйкес салыстырмалы баға береді.
6.3 Білім беру нәтижелері ретіндегі білім, іскерлік және дағдылар

 

Білім беру нәтижелері ретінде білім, іскерлік және дағдылар білім беру салалары мен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері бөлінісінде ұсынылып отыр.



6.3.1. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы

«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша оқытудың жалпы мақсаттары:

- ұлттық және әлемдік әдебиеттердің базалық құндылықтарын игерген, әлеуметтік мәдени өзара қарым-қатынасқа және өзінің мүмкіндіктерін іске асыруға дайын, көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру;

- мемлекеттік және басқа да тілдерді меңгеру негізінде қоғамда талап етілетін коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастыру;

- тіл мен әдебиет арқылы Қазақстан Республикасы халықтарының және әлемдік қоғамдастық мәдениетіне баулу, гуманистік көзқарасты тәрбиелеу.

6.3.1.1 «Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:



- зерделенуші тілдің негізгі бірліктерін және оларды қарапайым тілдік және комуникативтік міндеттерді шешу кезінде пайдалана білуі;

- мәтінді саналы түрде және мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып бере алуы;

- сөйлесу қызметінің әр түрлі түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) және қарым-қатынастың диалогтық нысандарын меңгеруі;

- мәтіндердің типтерін (сипаттау, баяндау, пайымдау) айыруы;

- мәтіннің мазмұнын дәлме-дәл қабылдай алуы;

- мәтінді талдаудың қарапайым дағдыларын меңгеруі;

- балалар әдебиеті шығармаларын (бағдарлама шеңберінде) білуі;

- этномәдениет материалдарын қолдана отырып әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы пікірлер мен мәтіндерді ең төменгі деңгейде құрастыра алуы тиіс.

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- фонетика, лексика және грамматика саласында тілдік білімдерді игеруі, зерделенген тілдердің бірліктерін ауызша және жазбаша сөзжасамдарда пайдалануы;

- қажет ақпараттарды ала білуі, оқығандарына баға бере алуы;

- оқудың әртүрлі түрлерін игеруі, туындының мазмұнын баяндай алуы;

- айтылу, сөздерді таңдау, грамматика деңгейлерінде ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің нормаларын меңгеруі;

- түрлі коммуникативтік жағдайларда ауызша және жазбаша қатынас нысандарын меңгеруі;

- көркем әдебиетті оқу кезінде ұжымдық қатынастар (топтық жұмыстардың әртүрлі)нысандарын игеруі;



- лингвистикалық және әдебиеттанулық талдаудың оқу алгоритмін қолдана алуы;

- мәдени әлеуметтік мәнмәтінінде тілдердің, фольклордың және әдебиеттің әрекет ету ерекшеліктерін білуі;

- қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында ауызша және жазбаша жанрларды шығармашылық деңгейде құра және қолдана алуы тиіс.



б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- жеткілікті сөздік қорының, терминологиясының, грамматикасының және мәтіндік стилистикасының болуы, оларды сөздік қатынастың негізгі саласында пайдалана білуі;



- жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы әдеби мәтіндерді оқи алуы және ой елегінен өткізе алуы;

- ауызша, жазбаша сөйлеуде және компьютерлік мәтіндерде түрлі қатынастық стратегияларды пайдалануы. Көркемдік мәтіндерді әдебиеттану тұрғысынан таныстырудың әртүрлі тәсілдерін пайдалануы;

- мәтінді тұтас және кешенді талдау негіздерін, оны түсіндіру ұстанымдарын, редакциялау дағдыларын меңгеруі;

- жазбаша рефлексияның әртүрлі нысандарын және оқу мәтінін құру мақсатындағы шешендік сөйлеу тәсілдерін меңгеруі;

- түрлі тілдер мен әдебиеттің эстетикалық өзгешеліктері мен өздеріне тән этномәдениеттік ерекшеліктерін табуы және салыстыруы тиіс.

6.3.2. «Математика және информатика» білім беру саласы

«Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқытудың мақсаттары:

- айналадағы дүниені түрлендірудегі математика мен ақпараттық технологиялардың алатын орнын түсіндіру;

- математика мен ақпараттық құралдардың көмегімен мәселелерді шешу;

- табиғат құбылыстарын, қоғамдық үдерістерді сипаттауда математиканың тәсілдерін пайдалану.

6.3.2.1 «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- теріс емес бүтін сандарды оқи, жаза және салыстыра алуы;

- қарапайым есептеулерде арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолдана алуы;

- қоршаған заттарды, үдерістерді және құбылыстарды сандық өрнектермен сипаттай алуы;

- шамалардың мәндерін салыстыруды және оларды практикалық есептерді шығаруда қолдана алуы;

- өрнек құру арқылы мәтінді есептерді шығара алуы;

- қарапайым теңдеулерді шешуі және оларды есептер шығаруда қолдана алуы;

- геометриялық фигураларды тани алуы, оларды салыстыру барысында ұқсастықтары мен өзгешеліктерін таба алуы;

- қарапайым жазық геометриялық фигураларды сала алуы;

- суреттерді, кестелерді, эскиздерді, сызбаларды, мәтіндерді қолдана отырып, қажет ақпараттарды (қағаз бетіндегі және электронды тасымалдаушыдағы) ала алуы;

- шамалар мен олардың өлшемдері (ұзындық, масса, уақыт, аудан, көлем, температура, құн) туралы түсініктерінің болуы;

- жиындар теориясының алғашқы ұғымдарын меңгеруі және есептер шығаруда пайдалана алуы;

- қоршаған ортаны зерделеуде ақпараттың негізгі қасиеттерін және алатын орнын білуі;

- ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерін және іс-әрекетті жоспарлай алуы, оның ішінде берілген есептерді шешуде;

- компьютер, қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар туралы алғашқы түсінігінің болуы;

- компьютерді басқарудың негізгі тәсілдерін білуі;

- қазіргі заманғы ақпараттық қоғам жөніндегі түсінігінің болуы;

- компьютерді басқарудың негізгі тәсілдерін қолдана алуы;

- компьютерді жазуда, санауда және сурет салуда қолдана алуы;

- басқа мектеп пәндерін зерделеу кезінде компьютерді қолдана алуы тиіс.


ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- алгебралық өрнектерді түрлендіре алуы;

- нақты обьектілердің сандық сипаттамасын беруде сандарды (бүтін, рационал, иррационал) қолдана алуы;

- жуықтап есептеуді орындай алуы;

- рационал (2-дәрежеден аспайтын) және қарапайым иррационал теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін (оның ішінде модуль белгісі бар) шешуі, оларды математикалық есептер шығаруда қолдана алуы;

- қажет болған жағдайда анықтамалықтарды, калькуляторды, компьютерді қолдана отырып қарапайым практикалық есептерді шеше алуы;

- нұсқаларды жүйелеп қарауды талап ететін оқу және практикалық есептерді шеше алуы;

- теоремаларды дәлелдеуде аксиомаларды қолдана алуы;

- алгебралық және тригонометриялық аппараттарды қолдану арқылы геометрия есептерін шығаруда аксиомалар мен теоремаларды пайдалана алуы;

- геометриялық есептерді шығаруда координаттық және векторлық әдістерді қолдана алуы;

- комбинаторика, ықтималдықтар теориясы және статистиканың қарапайым есептерін шығара алуы;

- практикалық жағдайларды модельдеуді және математика аппаратын пайдаланып құрылған модельдерді зерттей алуы;

- диаграмма, графиктер, кестелер түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдай және оларды ақпарат ретінде қолдана алуы;

- кестелерді құра алуы, диаграммалар мен графиктерді сала алуы;

- практикалық математикалық есептерді шығаруда өлшеу жүйелерін қолдана алуы, бір өлшеу жүйесінен басқа өлшеу жүйесіне көше алуы;

- дәлелдеуді монологтік және сұхбаттық нысандарда жүргізу барысында дәйектей алуы;

- алгебра және геометрия есептерін шығаруда алгоритмдер қасиеттерін және алгоритмдердің берілу тәсілдерін қолдана алуы;

- функциялардың (сызықтық, квадраттық, бөлшек-рационалды, дәрежелік, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық) қасиеттерін білуі, олардың графиктерін салуды және шамалар арасындағы функционалдық байланыстарды көрсете білуі;



- жазықтық пен кеңістіктегі негізгі геометриялық фигуралардың қасиеттерін білуі және оларды дәлелдей білуі;

- жазықтықтағы геометриялық түрлендірулердің қасиеттерін білуі және оларды қолдана білуі;

- ақпараттармен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін білуі;

- компьютердің жұмыс істеу қағидатын, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;

- компьютерді басқарудың негізгі бағдарламалық құралдарын және ақпаратты қорғауды білуі;

- адам және қоғам өміріне ақпараттың тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;

- жалпы және дара коммуникациялардың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктерін айыруы;

- Web – кеңістігінің тұжырымдамасын білуі;

- қоршаған болмысты танып білуде жаңа ақпараттық көзқарасты қалыптастыратын тірі табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы ақпараттық үдерістер саласын қарастыра білуі;

- компьютерді басқарудың бағдарламалық жабдықтарын қолдана алуы;

- үдерістерді алгоритмдей, бағдарламалай, модельдей алуы;

- ақпараттық және коммуникациялық технологияның стандартты жабдықтарымен жұмыс жасай алуы;

- әртүрлі пәндік білімді меңгергенде ақпараттық технологияның негізгі мүмкіндіктерін, оның ішінде, әртүрлі есептерді шешу барысында бағдарлама құру және дайын бағдарламаны қолдана алуы;

- Интернет арқылы хабар алуы және жібере алуы тиіс.



б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- алгебралық, логарифмдік, көрсеткіштік және қарапайым тригонометриялық өрнектерді түрлендіре алуы;

- алгебралық және трансценденттік теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді, оларды есептер шығаруда қолдана алуы;

- формулалар (дәрежелі, радикалды, логарифмдік, көрсеткіштік, тригонометриялық өрнектерімен) бойынша, қажет жағдайларда анықтамалықтарды және қарапайым есептеу құралдарын қолдана отырып, практикалық есептеулер жүргізе алуы;

- функцияның көмегімен нақты шамалар тәуелділігін сипаттауы мен зерттеуі, оларды графиктік түрде көрсете алуы;

- нақты процестердің графиктерін түсіндіре алуы;

- геометриялық, физикалық, экономикалық және басқа да қолданбалы есептерді, соның ішінде математикалық анализ аппаратын қолдану арқылы ең кіші және ең үлкен мәндерді табуға арналған есептерді шығара алуы;

- практикалық есептер шығаруда нақты нысандардың ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін, қажет жағдайда анықтамалық материалдарды және есептеу құралдарын қолдана отырып есептей алуы;

- оқиғаның ықтималдығын нәтижелер санын санау негізінде есептей алуы;

- геометрия есептерін планиметрия мен стереометрия фигураларының қасиеттеріне сүйеніп, алгебралық аппаратты, сонымен бірге координаталық әдістерді қолдана отырып шығара алуы;

- қарастырылған формулалар мен фигуралар қасиеттері негізінде практикалық жағдайларды зерттей алуы;

- математикалық модельдеудің көмегімен практикалық есептерді шығара алуы;

- өзіндік математикалық модельдерді талдай алуы, түсіндіре алуы және құра алуы;

- диаграмма, графиктер, кестелер түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдауы, реттеу мен түсіндіруі, оларды жобалау – зерттеу қызметінде қолдана алуы;

- статистикалық сипаттағы ақпаратты талдай алуы;

- ең жаңа бағдарламалық жабдықтарды білуі;

- компьютерге бағдарламалық жабдықтарды орнатудың ретін және ережесін білуі;

- қорғау және архивациялау құралдарын білуі;

- Microsoft Office құрылымын және оның жұмыс істеу ұстанымдарын білуі;

- мәтіндік құжаттарды ресімдеудің элементтерін білуі;

- мәтіндік процессордың автоматты түрдегі бабының міндетін мен мүмкіндігін білуі;

- баспа жүйелерін, мүмкіндіктерін және олардың бағдарламалық қамтамасыз етілуін білуі;

- графиктік ақпаратты түрлендірудің құралдарын білуі;

- векторлық кескіндемелерді құрастырудың негізін білуі;

- мультимедиа технологиясы туралы түсінігінің болуы;

- компьютерлік тұсау кесер құрудың технологиясын білуі;

- World Wide Web туралы түсінігінің болуы;

- Internet – те іздеу жүйесі ұғымының болуы;

- Web-бет құру тұжырымдамасын білуі;

- Web-бет құрудың құралдарын білуі;

- ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінігінің болуы және оны қамтамасыз ету сұрақтарын білуі;

- ақпараттық қоғамның негізгі сипаттауыштары мен ерекшеліктерін білуі;

- операциялық жүйені орната алуы және конфигурациялай алуы;

- компьютерде қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды орнатуды меңгеруі;

- қорғау және архивтеу құралдарын қолдана алуы;

- Microsoft Office-те жұмыс жасай алуы;

- мәтіндік редактордың параметрлерін қолдана алуы;

- мәтіндік редактордың графиктік және шрифтік мүмкіндіктерін қолдана алуы;

- Corel DRAW көмегімен графиктік кескіндемелерді сала алуы;

- мәтіндік редактор арқылы кітаптың үлгісін жасай алуы және беттей алуы;

- баспа жүйесі арқылы кітаптың үлгісін жасай алуы және беттей алуы;

- құжаттарды ажырату, мәтінді тексеруі және түзету жүйелерімен жұмыс жасай алуы;

- арнайы қондырғылардың көмегімен тұсау кесерді құрастыра алуы;

- Internet-те ақпараттарды іздей алуы және қарай алуы;

- FrontPage қосымшасы көмегімен Web – бет құрастыра алуы тиіс.

6.3.3 Білім берудің «Жаратылыстану» саласы

«Жаратылыстану» білім беру саласының жалпы мақсаты:

- адам мен оны қоршаған әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.

«Жаратылыстану» білім беру саласының пәндерін оқыту келесі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

- физиканың, астрономияның, химияның, географияның негізін құрайтын табиғаттың фундаменталдық заңдарының мәнін игеруі;

- қоршаған әлемді танудың жаратылыстану-ғылыми әдістерін игерту;

- нақты жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдерін, әдістерін және іс-әрекетін экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес ұйымдастыру тәжірибесін қолдану қабілетін қалыптастыру.

6.3.3.1 «Жаратылыстану» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- адамның қолымен жасаған табиғаттың обьектілері мен заттарын, тірі және өлі табиғаттың обьектілерін, бейнелер мен заттарды айыра алуы;

- тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті шарттарды білуі;

- жер бетіндегі тіршілік үшін күн сәулесінің және оның жылуының мәнін білуі;

- адамның табиғатпен өзара байланысы, өлі және тірі табиғаттар құбылыстарының арасындағы өзара байланыс туралы мысалдар келтіре алуы;

- адам денесінің құрылымы және оның ағзаларының негізгі қызметі туралы түсінігінің болуы;

- жеке бас тазалығының, денсаулық сақтаудың, қауіпсіздік тәртіп ережелерін білуі;

- Қазақстан табиғатының кейбір ерекшеліктері: өсімдіктер және жануарлар әлемі, жер бетінің формалары, ірі су қоймалары, пайдалы қазбалардың негізгі түрлері және олардың қасиеттері, табиғи аймақтары туралы жалпы түсінігінің болуы;

- жер бетіндегі өсімдік және жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы жалпы түсінігінің болуы;

- өлшегіш құралдар және құрылғыларды пайдалана алуы (компас, термометр, флюгер);

- өзі тұратын өлкенің ауа райын бақылай білуі, оқып білген өсімдіктері мен жануарларынан өзінің мекеніндегісін таный алуы;

- ауаның, судың, топырақтың физикалық қасиеттерін (мөлдірлік, ағымдылық, қаттылық, жылу өткізгіштік, түс, иіс) оқып білуде қарапайым тәжірибе жасай алуы;

- жергілікті жердің жобасын суреттен ажырата алуы; зерделенген шартты белгілер бойынша географиялық картаны оқу тәсілдерін қолдана білуі;

- табиғатта негізгі тәртіп ережелерін орындай алуы және қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтай алуы тиіс.



ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- негізгі жаратылыстану-ғылыми ұғымдары мен шамаларының мәнісін, олардың арасында байланыс пен қатынасты білуі;

- жаратылыстанудың маңызды заңдылықтары, заңдары және теорияларын білу;

- қоршаған әлемнің құрылымын, тұтастығын және оның бөлшектерінің өзара байланысын білуі;

- табиғат нысандарын классификациялау және сипаттау принциптерін білуі;

- елдің табиғи ресурстарының және олардың негізінде материалдық құндылықтарды өндіруді білуі;

- энергияның табиғи көздерін, олардың түрлерін, олардың қайта түрлену үдерістерін білуі;

- табиғи және жасанды құбылыстардың ғылыми негіздерін білуі;

- эксперимент жүргізудің және объектілерді пайдаланудың қауіпсіз ережелерін білуі;

- зертханалық эксперименттерді жеке және топ құрамында жүргізуі;

- алынған нәтижелерді өңдей және оларды әртүрлі нысанда (кестенің, белгінің, суреттердің және құрылымдық сызбалардың көмегімен сипаттау) ұсына білуі;

- бақылау және зерделеу негізінде табиғат объектілерін сипаттай білуі;

- табиғат үдерістерінің және олардың адам өмірі мен қызметіндегі рөлінің мәнін білуі;

- экожүйенің ерекшеліктері туралы түсінігін өзін қоршаған орта мысалдары негізінде қалыптастыруы;

- қазіргі заманғы адамнаң өміріндегі едәуір маңызды объектілердің сипатын білуі;

- тұрмыста адамды қоршап тұрған обьектілерді дұрыс және қауіпсіз пайдалана білуі;

- қоршаған ортада және адамның өндірістік қызметіндегі құбылыстардың арасындағы себеп-салдар байланысын орната білуі;

- алған білімін денсаулыққа және қоршаған ортаға байланысты проблемаларды шешу үшін қолдана білуі;

- табиғи-ғылыми білімін басқа пәндер білімімен жинақтай білуі;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияны табиғи-ғылыми мазмұнындағы оқу және ғылыми танымал ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін пайдалана білуі керек.



б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- әлемнің табиғи-ғылыми бейнесінің компоненттерін: негізгі түсініктерді, заңдылықтарды, заңдарды және теорияларды білуі;

- табиғи жүйенің ерекшеліктерін білуі, оның материалдық бірлігін түсінуі;

- табиғи циклдарды, олардың адам іс-әрекетінің әсерінен бұзылу мүмкіндіктерін білуі;

- жаңа білімді меңгеру шамасына қарай әлемнің ғылыми бейнесі туралы өзінің түсінігін үйлестіре білуі;

- табиғи объектіде, жүйеде, үдерісте және құбылыста өзара байланысты анықтай, түсіндіре және пайдалана білуі;

- табиғи және жасанды жүйедегі үдерістердің пайда болу мүмкіндігін анықтай және олардың салдарын бағалай білуі;

- Қазақстанның табиғи ресурстарын сипаттауы; оның практикалық маңыздылығы мен қайта өңдеу тәсілдері туралы түсінігінің болуы;

- тұрақты даму стратегиясының қағидаларын меңгеруі;

- әртүрлі ақпарат көздерін және қазіргі технологияларды пайдалана отырып жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша жаңа білімді ала білуі;

- табиғатты және адамды танудағы ғылыми әдістердің мәнін, оларды танымдық және тұрмыстық қызметте пайдалану қағидаларын білуі;

- туындаған танымдық міндеттер мен проблемалық жағдаяттарды шешуде қоршаған ортаны танудың табиғи-ғылыми әдістерін қолдана алуы;

- табиғи-ғылыми зерттеулерді жоспарлауды және жүргізуді, алынған нәтижелерді өңдеуді және талдауды білуі;

- объектілерді,, құбылыстар мен қарапайым жүйелерді моделдеуді білуі;

- алынған нәтижелердің негізінде өз ұстанымын құра және дәлелдей білуі керек





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет