Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты


Өмірдің жеке, жалпыадами, этномәдени мазмұны. Тұлғалық және кәсіби өзін - өзі анықтау мен өзін-өзі жетілдіру



бет3/3
Дата28.04.2016
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3

Өмірдің жеке, жалпыадами, этномәдени мазмұны. Тұлғалық және кәсіби өзін - өзі анықтау мен өзін-өзі жетілдіру.


Адамның өзін-өзі тануы. Адам және қоғам. Адам және қоршаған әлем. Адамзаттың рухани тәжірибесі.

7.5 «Өнер» білім беру саласының базалық мазмұны


«Өнер» білім беру саласының мазмұны: музыкалық өнер, бейнелеу өнері, көркем мәдениет пәндерінде іске асырылады.

7.5.1 «Өнер» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны

Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және сәндік-қолданбалы өнері. Өнердің сан алуан түрлері мен жанрлары. Өнерді бейнелеу және айқындау құралдары.

Заттарды бейнелеудің қарапайым дағдысы. Әндерді орындаудың негізгі дағдылары. Көркем – орындаушылық құралдары. Шығармашылық қиял.

Музыка және баланы қоршаған әлем. Халық әндері. Халық аспаптары. Күйлер. Жыр.Терме. Айтыс. Ертегілер, аңыздар және музыка. Би, өрнек және музыка. Халықтың салт-дәстүрлері және музыка. Қазақстан халықтарының музыкасы.



7.5.2 «Өнер» білім беру саласындағы негізгі білім берудің базалық мазмұны

Музыкалық және бейнелеу өнері түрлерінің ерекшеліктері. Қазіргі заманғы және классикалық жанрлар, стильдер, бағыттар.

Қазақстан және шетел композиторларының шығармаларындағы халық музыкасы.

Европалық және орыс музыкалық өнер. Музыкалық өнер модернизмы. Қазақстанның кәсіби музыкасы. Эстрадалық және джаздық музыка. Авторлық ән.

Көркем мәдениет интегративті бірлік есебінде. Өнер түрлері. Классикалық музыканың жанрлары мен стильдері. Әр алуан өнер түрлерінің стильдері мен жанрлары. Көркем бейне. Көркем қабылдау. Өнер түрлерін мәнерлеу құралдары. Көркем-орындаушылық құралдары.

Қазақ халқының көркем мәдениеті. Қазақ халқының тарихи қалыптасқан өнер түрлері және оның осы заманғы жағдайы. Шығыс және батыс мәдениеттерінің әсері. Шығыс және батыс мәдениеттерінің әсері.



7.5.3 «Өнер» білім беру саласындағы жалпы орта білім берудің базалық мазмұны

Әлемдік көркем мәдениет. Қазақстан мәдениеті және әлемдік мәдениеттану кеңістігі. Мәдениет пен өнердің көркемдік ерекшеліктері:ежелгі және ортағасырлық өркениеттің, қайта жаңғыру дәуірінің, жаңа дәуірдің, ағартушылық дәуірінің, XIX-XX ғасырлардың. Шығыс және Батыс мәдениеті.

Мәдениеттің адам өмірінің түрлі салаларымен байланысы. Мәдениет әлеуметтік әрекеттестік факторы ретінде. Саналуан өнер түрлерінде тарихи қалыптасқан бағыттар мен ағымдар. Өнер туындысының эстетикалық мәні. Адам және әлемдік көркем мәдениет.

7.6 «Технология» білім беру саласының базалық мазмұны

«Технология» білім беру саласының мазмұны: көркем еңбек, технология, графика және сызу пәндерінде іске асырылады.

7.6.1 «Технология» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны

Материалдарды қолмен өңдеу технологиясы: қағаз, картон, мата, табиғи материалдар. Материалдарды өңдеумен байланысты адамның іс-әрекеті мен мамандықтардың түрлері.

Құрастыру, модельдеу негіздері, қарапайым бұйымдарды дайындау тәсілдері.

Қарапайым заттарды дайындау, сызу-өлшеу құралдарын қолдану; эскизбен, суретпен жұмыс істеу.



7.6.2 «Технология» білім беру саласындағы негізгі орта білім берудің базалық мазмұны

Материалдарды механикалық өңдеудің технологиялық үдерісі: ағаш, пластмасс, металл, мата және т.б. материалдар.

Материалды машинамен және механикалық өңдеу, кесу құралдарымен жұмыс. Материалды көркемдік өңдеу технологиясы. Біріктіру түрлері.

Модельдеу және құрастыру технологиясы. Графиканың әртүрлі тәсілдерін пайдаланып жобалау.

Қазіргі заманғы еңбек нарқы және кәсіптер әлемі.

7.6.3 «Технология» білім беру саласындағы жалпы орта білім берудің базалық мазмұны Тех­нологиялық мәдениет. Техносфера. Материалдар, энергиялар, ақпараттарды алу мен

түрлендірудің тәсілдері.

Әралуан технологияларды жасауда қойылатын экологиялық талаптар. Табиғи апаттар және технологиялардың даму тәуекелі.

Бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі. Инновациялық өнімдер, инновациялық технологиялар.

Қазіргі заманғы технологиялар: IT-технологиялар, биотехнологиялар, нано-технологиялар.

Қазіргі заманғы графикалық технологияларды пайдаланып жобалау. Дизайн негіздері.



7.7 «Дене шынықтыру» білім беру саласының базалық мазмұны

«Дене шынықтыру» білім беру саласының мазмұны: дене шынықтыру, жалпы қауіпсіздік негіздері пәндерінде іске асырылады.

7.7.1 «Дене шынықтыру» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны

Дене шынықтырудың негізгі қағидалары мен мазмұны. Дене шынықтырудың адам өміріндегі және қоғамды ұйымдастырудағы рөлі. Адам өмірінің дене шынықтырумен реттелетін тұстары.

Адам денсаулығы, өлшемдері мен көрсеткіштері. Дене еңбегіне қабілеттілік факторлары.

Қозғалыс белсенділігі, ұйымдастыру түрлері мен тәсілдері.

Салауатты тамақтанудың негізгі қағидалары. Күн тәртібі, еңбек және демалыс тәртібі, өнімді күн тәртібін ұйымдастырудағы қозғалыс белсенділігінің орны.

Спорт түрлері - еңбек, әскери және өзге де қызмет түрлеріне дайындық құралы ретінде. Спорт ойындары - қолайлы тұлғааралық қарым-қатынастарды орнату құралы ретінде. Ұлттық спорт ойындары - халық дәстүрлеріне деген құрметті тәрбиелеу құралы ретінде.

Олимпиадалық қозғалыстар – тарихы, ел мен әлемдік қоғамдастық өміріндегі рөлі, Қазақстан Республикасының халықаралық олимпиадалық қозғалыстағы орны.

7.7.2 «Дене шынықтыру» білім беру саласындағы негізгі орта білім берудіңбазалық мазмұны

Қозғалыс белсенділігінің биологиялық негіздері. Ағзаның дене және психикалық жүктемелерге бейімделуі. Дене шынықтыру жаттығуларынан қалыптасатын сапалар. Күштік, жылдамдық сапалары және реакция жылдамдығы, оларды дамыту тәсілдері. Төзімділікті дамыту. Моральды-жігерлік сапаларды дамыту және тәрбиелеу. Дене бітімі сапаларын тестілеу. Спорт ойындарына қатысу, ойын стратегиясы және тактикасы.

Дене қимылында және ойлау кезінде түсетін жүктемелерде тамақтану құрамы.

Халықаралық олимпиадалық қозғалыстың негізгі кезеңдері. Олимпиадалық спорт түрлері тізбесінің динамикасы. ҚР-дағы спорттық қозғалыстың дамуы. Көпшілік спорт мемлекеттік саясат, жоғары жетістіктер спортының ресурсы ретінде. Көпшілік спорт және ұлт саулығы, әлемдік және отандық тәжірибе.

Төтенше жағдайлар мен түрлі климаттық-географиялық жағдайлардағы өмір мен денсаулықтың сақталуын қамтамасыз ететін дене бітімі дайындығы мен іс-қимыл алгоритмі.

7.7.3 «Дене шынықтыру» білім беру саласындағы жалпы орта білім берудіңбазалық мазмұны.

Кәсіби қызмет ерекшеліктері мен еңбек нарығының талаптарына байланысты денсаулық сапасына қойылатын талаптар. Денсаулық - еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы ретінде.

Салауатты өмір салтын ұйымдастыру жоғары еңбек қабілеттілігін қолдау тәсілі ретінде. Дене шынықтыру дайынды үдерісін ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

Психикалық жүктеме және олардың мүмкін болатын салдарын болдырмаудың дене шынықтыру тәсілдері. Күйзеліс ұғымы: пайдасы мен зиянды салдарлары. Гиподинамия, оның зиянды салдары. Қозғалыс белсенділігі психикалық жүктемелер мен гиподинамиямен байланысты дерттенудің алдын алудың тиімді тәсілі. Адам денсаулығы деңгейінің негізгі биохимиялық көрсеткіштері, олардың табиғаты, динамикасы мен қауіп зонасы. Денсаулық деңгейін сақтаудағы тамақтану мен қимыл белсенділігінің ролі.

Еңбек қабілеттілігін қолдау, қызметтік және органикалық өзгерістердің алдын алу мақсатында дене шынықтыру жаттығуларының жеке жүйелері мен тамақтану тәртібін ұйымдастыру.

Бұлшық ет күші және оны дамыту әдістері. Жылдамдық қасиетін және реакция жылдамдығын дамыту. Төзімділікті дамыту. Икемділікті дамыту. Жүктемелерден кейін ағзаны қалпына келтіру.

Өмір сапасы мен елдегі бұқаралық спортты дамыту деңгейінің арасындағы байланыс. Әлемдік тәжірибе.

Өзін-өзі қорғау тәсілдері. Саптық дайындық негіздері.

Жергілікті жерде бағдарды білу, картаны оқи білу, компасты пайдалана білу, азимут бойынша жүру. Азаматтық қорғаныс. Алғашқы дәрігерлік көмек.

8 Білім алушылардың ең көп оқу жүктемесіне қойылатын талаптар
8.1 Білім алушылардың ең көп оқу жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандарты негізінде жасалған оқу жоспарымен айқындалады.



8.2 Оқу жоспары білім алушылардың ең көп оқу жүктемесін, білім беру салалары мен

пәндер құрамын, білім мазмұнын игеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін сыныптар, білім салалары мен оқу пәндері бойынша белгілейді.



8.3 Оқу жоспары – типтік, жұмыстық оқу жоспарларын және білім беру ұйымдарын қаржыландыру мақсатында дайындалатын бастапқы құжаттарды әзірлеуде қолданылатын негізгі құжат болып табылады.

8.4 ОЖ-ның құрамында:

а) Жалпы мәдени және маңызды ұлттық құндылықтармен танысуды, қоғамдық мұраттарға сәйкес келетін жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыруды қамтамасыз ететінинвариантты компонент;

ә) Білім алушылардың жеке және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке дамуын қамтамасыз ететін вариативті компонент;

б) Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз бетінше жобалау-зерттеу қызметін игеруін қамтамасыз ететін жеке компонент;



в) жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының сұранысы мен ниеті ескеріліп, оқу пәндерінің әртүрлі комбинациялары арқылы болашақта айналысатын кәсібіне бағытталуын қамтамасыз ететін бейінді компонент енгізіледі.

8.5 ОЖ инвариантты компоненті міндетті және білім алушыларды стандарт талаптарын жетістікпен орындауға бағыттайды.

8.6 ОЖ вариативті компонентінің мазмұнын білім алушылар мен олардың ата-аналарының (немесе олардың орнын айырбастаушылардың) білім сұранысын есепке ала отырып мектеп айқындайды. Ол мектептің мүмкіндігін арттыруға және білім беру ұйымының ерекшелігін көрсетуге, оқу-тәрбие үдерісіне түзетулер енгізуге, білім алушыларды әлеуметтендіруге, білім беру қызметінің сұранысы мен ұсыныс ерекшеліктеріне бағытталады.

8.7 Оқу жоспарының вариативті компонентінің есебінен оқу жоспарының инвариантты компонентінде оқытылатын пәндердің оқу көлемін арттыруға, сондай-ақ пәндерді тереңдетіп оқытуға, жаңа оқу курстарын енгізуге және бейіналды дайындық жүргізуге болады.

8.8 Бастауыш білім берудің оқу жоспары оқу бағдарламаларын осы деңгейде 4 жылдық нормативтік оқу мерзімінде игеруге бағытталған. Бастауыш мектепте сабақтың ұзақтығы 1 сыныпта – 35 минут, 2-4 сыныптар үшін – 45 минутты құрайды.

8.9 Негізгі орта білім берудің оқу жоспары оқу бағдарламаларын осы деңгейде 6 жылдық нормативтік оқу мерзімінде игеруге бағытталған. Сабақтың ұзақтығы – 45 минутты құрайды.

8.10 Негізгі орта білім беру оқу жоспары барлық оқу пәндері бойынша оқылатын жүйелі курстардың қисынды (логикалық) аяқталуын көздейді.

8.11 Жалпы орта білім берудің оқу жоспары оқу бағдарламаларын осы деңгейде 2 жылдық нормативтік оқу мерзімінде игеруге бағытталған. Сабақ беру ұзақтығы – 45 минутты құрайды.

8.12 Жалпы орта білім беру оқу жоспары жоғары оқу орындарындағы тиісті пәндердің жалпы курстарын оқытуға көшуді қамтамасыз ететін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану–математикалық, технологиялық бағыттағы пәндерді бейіндік оқыту мазмұнының міндетті минимумын қамтиды.

8.13 Бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру оқу жоспарларына әлеуметтік гуманитарлық, жаратылыстану–математикалық, технологиялық бағыттар бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде білім беретін ұйымдардың типтік оқу жоспарлары (бұдан әрі – ТОЖ) қоса беріледі.

8.14 ОЖ және ТОЖ нақты мектептердің жұмыс оқу жоспарларын оқушылар мен ата-аналардың (немесе олардың орнын айырбастаушылардың) білім алу сұраныстарын ескере отырып әзірлеуге негіз болады.

8.15 Білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларында жекелеген оқу пәндерін оқытуға бөлінген сағаттар саны тиісті оқыту деңгейінің ОЖ, ТОЖ белгілеген сағаттар санынан кем болмауы тиіс.

8.16 Таңдау курстарына, жеке және топтап оқытуға бөлінетін сағаттар білім беру мекемесінің анықтаған топтар саны бойынша, ондағы білім алушылардың санына қарамастан қаржыландырылады.

8.17 Оқу–тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен қағидаларын жетістікпен іске асыруда 1-6 сыныптар үшін оқу аптасының бес күндік, 7-12 сыныптар үшін алты күндік тәртібі көзделеді. Мектеп жұмысы тәртібінің мүмкіндігі болған жағдайда 7 сынып үшін оқу аптасының бес күндік тәртібін енгізуге рұқсат етіледі.

Оқу аптасының бес күндік тәртібінде аптаның алтыншы күні - өзіндік жобалау-зерттеу жұмыстары мен өзге де қызметтерді (спорттық-сауықтыру, шығармашылық және т.б.) ұйымдастыруға арналады.



8.18 Оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Әр тоқсанның оқу ұзақтығы – 8 апта. Сабақ күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінде басталады. Тоқсандар аралығында демалыс көзделген. Демалыс уақытының бөлінуі:

- 1 тоқсаннан кейін – 1 апта;

- 2 тоқсаннан кейін – 2 апта;

- 3 тоқсаннан кейін – 2 апта.



8.19 Оқыту үдерісі циклының өзгеше ұзақтығы көзделетін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың циклдік-блоктық жүйесін қолдану осы Стандарттың талаптары орындалып, белгіленген демалыс уақытының саны және санитарлық-гигиеналық нормалары сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

8.20 Білім алушының сабақ және сабақтан тыс апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі, оның ішінде вариативті бөлігінің міндетті сабақтары (таңдау сабақтары, таңдау курстары), жеке компонент сабақтары:

- бастауыш білім беру: 1-сынып - 21 сағат, 2-сынып - 24 сағат, 3 сынып – 27 және 4 сынып – 28 сағат.

- негізгі орта білім беру: 5 сынып – 31 сағат, 6 сынып – 34 сағат, 7 сынып – 35 сағат, 8 сынып – 37 сағат, 9 сынып – 38 сағат, 10 сыныптар – 38 сағат. Оқыту ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде жүретін мектептер үшін келесі оқу жүктемесі анықталды: 5 сынып – 32 сағат; 6 сынып – 35 сағат; 7 сынып – 36 сағат; 8 сынып – 38 сағат; 9 сынып - 39 сағат; 10 сынып – 39 сағат.

Ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде келесі апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі анықталған: 5 сынып – 32 сағат, 6 сынып – 35 часов, 7 сынып – 36 сағат, 8 сынып – 38 сағат, 9 сынып - 39 сағат, 10 сынып – 39 сағат;



- жалпы орта білім беру: 11-12 сыныптарда – 39 сағаттан аспауы тиіс.

8.21 Оқу жоспары орта білім беретін оқу орындарының барлық түрлерінде оқу жоспарында көрсетілген жүктемеден төмендетілмей қаржыландырылады.

8.22 Оқу жоспарының вариативті компоненті (таңдалатын сабақтар мен курстар) мен жеке компонентінің (жеке және топтық кеңестер) жүктемелері білім беру мекемелерінің ұйымдастырған топтардың санына қарай (топ ішіндегі оқушылардың санына қарамай) қаржыландырылады.

8.23 Қалалық мектеп сыныптарында 25 білім алушыдан, ал ауылдық мектеп сыныптарында 20 білім алушыдан кем болмаған жағдайда сыныптарды топтарға бөлу:

а) екі топқа бөлу мынадай пәндерді оқытуда жүзеге асырылады:

- орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 5-10 сыныптарындағы қазақ тілін;

- қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 2-12 сыныптарындағы орыс тілін;

- 3-12 сыныптардағы информатиканы;

- 5-10 сыныптардағы технологияны;

- 5-12 сыныптарындағы дене шынықтыруды (ұлдар және қыздар топтары, топтағы адамдар саны 10 -12 –ден кем болмаса);

- 11-12 сыныптардағы барлық бейіндік пәндерді;

- ғылыми-жаратылыстану циклы бойынша жүргізілетін физика, химия, биология пәндері бойынша практикумды;

б) 3 топқа бөлу келесі пәндерді оқытуда жүзеге асырылады:

- орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің 2-4 сыныптарында қазақ тілін;

- 3-12 сыныптарда шетел тілін.



8.24 Жеке кеңестер, сабақтар, яғни жеке компонент сағаттарын өткізген кезде сыныптардағы білім алушылардың саны 10-нан 20-ға дейінгі аралықта болса, барлық типтегі білім беру ұйымдарының сыныптарын топтарға бөлу жүзеге асырылады:

- 1-3 сыныптарда - 2 топқа;

- 4-7 сыныптарда - 3 топқа;

- 8-10 сыныптарда - 4 топқа;

- 11-12 сыныптарда - 5 топқа.

8.25 Жергілікті бюджетте қажетті қаражаттар болған кезде сыныптың сыйымдылығы төмен болса топтарға бөлінуі мүмкін.

8.26 Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында аз ұлттардың тілін оқыту бастауыш және орта білім беру оқу жоспарының вариативті компонетінің сағаттары есебінен жүзеге асырылады және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қаржыландырылады. Аз ұлттардың ана тілін оқыту топта кемінде 10 адам болғанда 1-4, 5-10 сыныптарда жүзеге асырылады.

8.27 Дене шынықтыру сабағын аптасына 3 сағат көлемінде өткізу үшін белгіленген апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемінен асырмай, типтік оқу жоспарының инвариантты компоненттерінің сағаттарын пайдалануға болады.

 

 



 
ҚР МЖБС 2.003.-2007

 

УДК378.02:372.8:006.354(574)


Түйінді сөздер: орта білім; білім беру саласы; білім беру нәтижелері, оқу пәнінің стандарты; білім беру оқу бағдарламалары; оқу жоспары; оқу жоспарының инвариантты компоненті; оқу жоспарының бейінді компоненті; оқу жоспарының вариативті компоненті; оқу жоспарының жеке компоненті, тұлғаны әлеуметтендіру; түйінді құзыреттіліктер, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет