Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы



жүктеу 34.1 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі34.1 Kb.
: files -> sites -> 1383501759934256 -> files
sites -> Музыка 2 вариант
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
files -> Тәлімі мол тәрбие сағаты Соқтықпалы, соқпалы, тар жол тайғақ кешулі ғұмыр кешіп, Алаштың аспанынан ағып түскен жарық жұлдыз – Сәкен Сейфуллин. Сәкен десе көз алдымызға жұртымыздың сыры мен жыры, әні мен сәні, жаны мен ары келеді
files -> Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі
files -> Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар Психологиялық тренинг «Топтық сәлемдесу»
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

Мемлекетік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.




Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк гербi, елтаңба — Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996 ж.) белгіленген.

Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі — шаңырақ. Ол — Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ — мемлекетттің түп негізі — отбасының негізі. Шаңырақ — Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ — киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар — дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.

Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны



Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі

 


  • Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы,
    Ерліктің дастаны,
    Еліме қарашы!
    Ежелден ер деген,
    Даңқымыз шықты ғой.
    Намысын бермеген,
    Қазағым мықты ғой!
     

 

    •  

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
 

    • Қайырмасы:
      Менің елім, менің елім,
      Гүлің болып егілемін,
      Жырың болып төгілемін, елім!
      Туған жерім менің — Қазақстаным!






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет