Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Параграф. Орман орналастыруда аэро-ғарыш суреттерін қолдану



жүктеу 6.58 Mb.
бет2/54
Дата28.04.2016
өлшемі6.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
: cms -> uploads -> files
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ
files -> Қазақстан Республикасының Орман кодексі
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Программа bas ебрр в Казахстане при поддержке Правительства Японии Спонсоры: партнер
files -> Тендерная документация по закупкам Установки дефектоскопной феррозондовой для контроля тележек пассажирских вагонов) (по коду енс тру 26. 51. 66. 25. 00. 00. 10. 25. 1) способом открытого тендера

2. Параграф. Орман орналастыруда аэро-ғарыш суреттерін қолдану

      39. Орта масштабты аэрофотосуреттердің материалы орман орналастыру жұмысының техникалық негізі болып табылады. Техникалық негіз ретінде ірі масштабты суреттер және ғарыш аппараттарының суреттері қолданылуы мүмкін.


      40. Аэрофотосуреттер арнайы авиаотрядтармен орман орналастыру  ұйымымен жасалған келісімшарт бойынша арнайы бөлінетін қаржы есебінен түсіріледі.
      41. Орман орналастырудың барлық разрядтарына аэрофотосуреттер 1: 10000 – 1: 25000 масштабтарында орындалады. Аэрофотосуреттің масштабы өкілетті органмен келісіледі.
      Егер аэрофотосуреттердің масштабы айтылғаннан ұсақ, ал аэронегативтердің сапасы жақсы болса, онда аэронегативтен керекті масштабқа дейін үлкейтілген аэфотосуреттер жасалады.
      42. Аэрофототүсіру дайындық жұмыстары жүргізілген жылы, кейбір жағдайда орман орналастыру жылы жүргізіледі. Үш жыл бұрын түсірілген аэрофотосүреттерді қолдануға рұқсат етіледі. Мерзімі үш жылдан асып кеткен аэрофотосүреттер өкілетті органның рұқсатымен ғана қолданылады.
      43. Аэрофотосуретті түсірудің фотограмметриялық және фотографиялық сапасына қойылатын талаптар, аэрофототүсіру материалының сапасын бағалау мен қабылдап алу тәртібі аэрофотосуреттердің қағидаларына сәйкес болады.
      44. Орман орналастыру партиялары, далалық жұмыстарға шықпай тұрып, мына аэрофото материалдарымен қамтамасыз етіледі:
      үлкейтілген немесе контактты аэрофотосуреттер;
      бір-біріне сәйкес монтаж репродукциясы.
      45. Далалық жұмыстарда негізінен аэрофотосүреттердің позитивті басылғандары қолданылады. Орман таксациялық дешифровкалау, стерео өлшеу құралдары болса бірден аэронегативте жүргізіледі.
      46. Аэрофотосуреттер төмендегідей жұмыстарда қолданылады:
      фотосуреттерді жасау, шекараларды, соқпақтарды, жүріс сызық арын белгілеу, таксациялық телімдердің сүлбесін жасау, топографиялық ситуацияны табу;
      2) сүлбелік және орман таксациялық дешифровкалау;
      3) орман орналастыру планшеттерін және басқа да орман карталарын жасау.
      47. Құрастыру репродукциясы орман орналастыру объектісінің шекарасын алдын-ала анықтауға, оның аэрофотосуреттермен қамтамасыз етілгендігін анықтауға, орналастыратын объектіні жалпы шолуға, аумақты ұйымдастырудың жобасын жасауға және аэрофотосуреттерді орындаушыларға бөлу үшін қажет.
      48. Бұрын орта масштабты аэрофотосуреттер орман орналастыруда  қолданылып, бірақ қазір жаңа аэрофототүсіру белгілі бір себептермен жүргізілмесе, онда ғарыштан түсірілген суреттерді қолдануға рұқсат етіледі.
      Осы жағдайда ғарыштық ақ-қара, спектрозональды, көпзональды М1: 250000 – 1: 270000 және бұдан ірі масштабқа дейін үлкейтілген фотосуреттер қолданылуы мүмкін.

3. Параграф. Объектіні орман орналастыруға дайындау

      49. Дайындық жұмыстары кезінде орман орналастыру объектісінің шекарасын өзгерту және өзгертпеу тиімділігі анықталады, оның ішкі шаруашылық ұйымдастырылуы талданады.


      Көрші жер пайдаланушылар шекарасында қате тапқан жағдайда орман орналастыру оларды жою, түзету туралы орман иеленушісіне және мүдделі жаққа ұсыныс береді.
      50. Орман иеленушілері орман орналастыруға өткен тексеру кезеңінде қабылданған (өткізілген) учаскелердің орналасқан жері, құжаттарды күні мен нөмірлері, олардың қабылдау немесе өткізу негіздемесінің көшірмесі мен геомәліметтері бар, заңды түрде рәсімделген құжаттарды табыстайды.
      Орман орналастыру объектісінің жер ауданы дайындақ жұмыстары жүргізілген жылғы аудандық жер балансымен және орман қорын есепке алу мәліметтерімен салыстырылады. Ауытқулар болған жағдайда, оның себебі анықталады және орман иеленушілері оны жоюға нұсқау береді.
      51. Объектінің аумағын МОҚ санаттарына бөлінуі нақтыланады. Таулы және жазық бөлікке бөлінуінің сәйкестігі тексеріледі. Өзгерту қажет болған жағдайда, негіздемелер мен ұсыныстар дайындалады.
      52. Ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орамдардың немесе бөлімдерінің тізімі және ауданы нақтыланады.
      53. Егер орман иеленушілері орам бағандарын жаңартпаса, орам сопақтарын, шекараларын тазарту жұмыстарын жүргізбесе, қабылданған және берілген жерлердің рәсімделген құжаттары жоқ болса, онда орман орналастыру объектісін орман орналастыру мекемесінің өкілетті органмен келісе отырып ұсынуымен (табыстауымен) далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізуден шығаруға болады.

4. Параграф. Орам жүйесі жобасын жасау

      54. Қайталап орман орналастыруда орам жүйесін өзгеріссіз қалдырады.


      Орамдарды нөмірлеу әр орманшылық бойынша жеке жүргізіледі (орманшылық шегінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай). Орам жүйесін жобалау өткен орман орналастырудың пландық-картографиялық мәліметтерінің және тексеру кезеңінде болған аумақ өзгерістері есебінің негізінде, объекті схемасының масштабында құрастырылады.
      Жаңа орам жүйесін жасау кезінде (осы уақытқа дейін орман орналастыру жүргізілмеген аймақта) орам соқпағы ретінде үздіксіз қызмет атқаратын магистралды көлік жолдары, өртке қарсы жолақтар, электр және газ-жүйесі трассалары, өзендер мен басқа да анық көрінетін белгілер пайдаланылады.
      55. Өткен орман орналастыру бекіткен орам нөмірлері мен орам жүйесін өзгерту, төмендегідей жағдайда жүргізіледі:
      1) жеке орманшылық аумағында едәуір өзгеріс болғанда немесе орман орналастыру объектісінде толығымен өзгеріс болғанда;
      2) орамдарды бөлгенде.
      56. Егер орманшылықтың құрамына жаңа орам құрайтын орман учаскелері қабылданған болса, немесе жеке орамдар берілген болса, онда өзгерістер орманшылықтың негізгі бөлігінде ескі орам нөмірлері сақталатындай етіп енгізіледі. Бұл жағдайда, жекелеген орамдарды үлкейтуге немесе бөлуге және жаңадан құрылған орамдарды, олардың орналасқан жеріне қарамастан, кезекті ретімен нөмірлеуге рұқсат етіледі.
      57. Орман орналастыру кезінде аэро және ғарыш суретісіз орам жүйесінің жобасына таксациялық нысананы салу қажет болса, онда олар орам соқпағына параллелді телімдердің көбірек қиылысатын бағытында салынады.
      Нысананың орнына орманда және аэросуретте нақты танылатын жолдар, соқпақтар, электр және байланыс жүйелері мен басқа да нысаналар қолданылады (егер олардың орналасуы және ұзындығы осы Ережелердің талаптарына сәйкес орманда таксация жүргізуге жараса).
      58. Орам жүйесі жобасының схемасына планшеттердің шекарасы,  әкімшілік аудандары, МОҚ санаттары, ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген учаскелердің, орамдардың ескі және жаңа нөмірлері (нөмірлері өзгерген жағдайда), сонымен қоса далалық жұмыстарды жүргізуге қажетті басқа да белгілері түсіріледі.
      59. Құрастырылған орам жүйесінің жобасы бірінші техникалық кеңесте қаралғаннан кейін орман иеленушісі оған қол қояды.
      Кейін ол бірінші орман орналастыру кеңесінде бекітіледі.

5. Параграф. Таксациялық және басқа да нормативтік-анықтамалық материалдарды негіздеу және іріктеу

      60. Орманды таксациялауда және орман шаруашылық шараларын жобалауда Қазақстан ормандарын таксациялаудың нормативтері және Қазақстан ормандарына арналған сорттименттік және тауарлық кестелер пайдаланылады.


      61. Орман таксациялаудың нормативтік құжаттары Негізгі қағидаларды құрастыру кезінде іріктеледі. Егер облыс бойынша Негізгі қағидалар құрастырылмаса, онда орналастырылатын объектіге арналған нормативтік құжаттар орман орналастыруға дайындық жұмыстары кезінде іріктеледі.
      62. Орман таксациялаудың нормативтік құжаттары төтенше жағдайда ғана орналастырылатын объектінің және оның жекелеген аумақтарында нақты орман өсіру жағдайына байланысты анықталады. Орман таксациялаудың нормативтік құжаттарын өзгерту және анықтау бірінші орман орналастыру кеңесінде қарастырылады және бекітіледі.

6. Параграф. Ұжымдық жаттығу үшін объектілерді дайындау

      63. Далалық орман орналастыру жұмыстары басталарда орман орналастыру мекемесінің мамандары телімнің таксациялық көрсеткіштерін көз мөлшермен қажетті нақтылықпен анықтау мақсатында, орман шаруашылық шараларын және орман түгендеу тәсілдері мен әдістерін бірдей белгілеуден тәжірибе жинақтауда көзді жаттықтыру мақсатында ұжымдық жаттығу жүргізіледі. Ұжымдық жаттығу үшін ағаш құрамының, құрылымының, жас және тауарлық құрылымының, өнімділігінің, орман өсіру жағдайының әр-түрлілігін көрсететін объектіде көп тараған алқаағаштар іріктеліп алынады.


      64. Ұжымдық жаттығуды жүргізу үшін:
      1) әр негізгі орман құраушы тұқымдылар үшін (интродуценттерді есепке алмағанда) 3-тен кем емес жаттығу сынақ алаңшалары салынады. Алаңшалардың жалпы саны 10-нан кем болмайды;
      2) қылқанды алқаағаштарды күтіп-баптау кесулеріне - 2-3 сынақ алаңдары салынады;
      3) әртүрлі алқаағаштар мен басқа да орманды жерлерді қамтитын 15 телімге таксациялық бағыт салынады. Алқаағаштары бар телімдерде жаппай ағаш есептеу жүргізіледі.
      Таулы жағдайда таксациялық жаттықтыру бағыты беткейдің профилі етегінен су бөліміне дейін салынады және қалыпты алқаағаштары көбірек жерлерді қамтиды.
      65. Орман орналастыру объектілерінде дешифровка жасау әдісімен таксация жүргізілетін орман қорының бөлігінде немесе оның жекелеген учаскелерінде таксациялық–дешифровкалық сынақ алаңдары дайындалады. Таксациялық-дешифровкалық сынақ алаңдарының жалпы саны орман құраушы тұқымдылардың әр біреуіне 10 данадан есептеліп анықталады.
      66. Ұжымдық жаттығу объектілері өткен орман орналастырудың мәліметтері бойынша іріктеліп алынады, аэрофотосуреттермен аралап жүріп нақты анықталады. Жаттығу сынақ алаңдары, таксациялық бағыт пен ондағы таксация жүргізілген әр телім нақты табылып, аэрофотосуретке нақты түсіріледі.
      67. Барлық жаттығу сынақ алаңдарында және жаттығу таксациялық бағыт бойындағы телімдерде, өлшеп-санау әдісімен анықталатын таксациялық көрсеткіштерден басқа, ағаштың санитарлық жағдайына, табиғи түлеуіне, өскініне сипаттама беріледі, орманның сүрексіз ресурсы және тағы басқалары анықталады.
      68. Орманды таксациялау дешифровка жасау әдісімен таксацияланатын объектілерде сынақ алаңдарын таңдау және салу үшін, мамандарды жаттықтыру үшін және дешифровка жасалған аэрофотосуреттерді камералдық кезеңде пайдаланатындай, арнайы әдіс бойынша жүргізіледі. Негізгі орман құраушы тұқымдылардың әр біреуіне 5-тен сынақ алаңдары және орманмен қамтылған 15 телімді қамтитын жаттығу - таксациялық сызығы салынады.

7. Параграф. Дайындық жұмыстарының қорытындысы бойынша жасалған материалдар

      69. Дайындық жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп беру  снаряд-тапсырма және далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізудің сметасы жасалады.


      70. Дайындық жұмыстары туралы есеп беру, орындалатын жұмыстарды  түрлері мен көлемі, далалық орман орналастыруды ұйымдастыруға әсер ететін объектінің ерекшеліктері, аймақтың тексерілуі, аэрофотосуреттермен, нормативтік-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілуі, алдағы далалық жұмыстардың көлемі, олардың ерекшеліктері, жұмыс күшімен, байланыспен, үймен, көлікпен және басқаларымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерден тұрады (құралады)
      Дайындық жұмыстары туралы есепке төмендегідей мәліметтер бірге ұсынылады:
      1) шектес жер пайдаланушылардың шекарасының схемасы нүктенің нөмірлері мен геомәліметтері;
      2) орман иеленушілерінің жер құрамына қабылданған немесе шығарылған жерлердің ауданы туралы мәліметтер актісі;
      3) орман иеленушілерімен келісілген ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген учаскелердің, кордондардың, елді мекендердің, МО  санаттарының, орманшылықтың, әкімшілік аудандардың шекаралары, орамдардың нөмірлері түсірілген орам жүйесінің жобасы;
      4) белгіленген пішін бойынша орман қорын есепке алу құжаттары;
      5) орманды таксациялау үшін қолдануға ұсынған нормативті-анықтамалық мәліметтерінің тізімі, сонымен қатар жетіспейтін немесе тексеруді қажет ететін нормативтердің тізімі;
      6) далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге арналған наряд-тапсырманың жобасы;
      7) жинаған мәліметтердің тізімі.
      71. Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге арналған наряд-тапсырманың жобасы дайындық жұмыстары мәліметтерінің және бірінші техникалық кеңестің шешімі негізінде құрастырылады және мыналардан тұрады:
      1) орман орналастыру объектісінің аты, оның жалпы ауданы, орман орналастыру разрядтары бойынша аумақтың бөлінуі;
      2) объектінің аэрофотосуретпен және аэрофотосуретсіз орналастырылатын бөліктерінің ауданы, олардың орналасқан жері;
      3) орман орналастыру объектіндегі аумақты және орман қорын таксациялауды ұйымдастыру барысында аралап жүріп жасалатын жұмыстарды  көлемі;
      4) орманды таксациялаудың түрлері мен әдістері, оларды  қолданатын бөліктердің аудандары;
      5) түрлері бойынша орындалатын іздестіру және зерттеу жұмыстарының көлемі: сынақ алаңдарының саны, орман шаруашылық шараларының тиімділігін, орман екпелерін және олардың табиғи түлеуін зерттеу;
      6) инженерлік-техникалық қызметкерлердің және жұмысшылардың қажеттілігі.

4 Тарау. Аумақты орналастыру ұйымдастыру және орман таксациялық жұмыстарға дайындау

1. Параграф. Топографиялық-геодезиялық жұмыстар

      72. Орман қорының шекарасын қалпына келтіру және заңды түрде рәсімдеу жұмыстарын жер орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндіріс орталығының еншілес кәсіпорындары атқарады.


      Екінші рет орман орналастыру жүргізілгенде объектінің шекарасы жер орналастыру мәліметтерімен салыстырылады және орман орналастыру дайындаған объекті шекарасының схемасы аудандық аймақтық жер ресурстарын басқару органдарымен расталады.
      Орман қорының құрамына жаңа қабылданған учаскелердің, басқа жер пайдаланушылардың жерлері арасындағы және шоқ ормандардың шекарасы ішкі шаруашылық жер орналастырудың мәліметтерімен және аэрофотосуретпен белгіленеді. Ол аудандық аймақтық жер ресурстары басқармасының органдарымен келісіледі.
      73. Алғашқы орман орналастыру жүргізілген кезде планшет жақтауы табиғи шекаралармен бірге (жолдар, өзендер, қырлар, электр жүйесімен) тік бұрышты пішінде белгіленеді. Ол аймақтық органдармен немесе облыстық әкімшіліктің орман бөлімімен келісіледі.
      Соңғы жағдайда планшеттің жақтауы құралмен 1:500 дәлдікте белгіленеді.
      74. Орман орналастыру екінші рет жүргізілгенде орам жүйесі бөлінбесе және планшеттің масштабы өзгермесе, бұрынғы планшет жақтаулары сақталады. Ал олар өзгерген жағдайда, тік бұрышты планшет жақтаулары орам соқпақтарымен немесе ішкі ситуация планшет жақтауының сыртына шықпайтындай, анық көрінетін табиғи нысаналармен сәйкестендіріледі.

2. Параграф. Орам жүйесін және визирларды өлшеу, шабу, аумаққа орман орналастыру белгілерін орнату

      75. Алғашқы орман орналастыру кезінде:


      1) орман орналастыру мекемесі жаңа орам соқпағын шабу, аумаққа орман орналастыру белгілерін орнату жұмыстарын бекітілген орам жүйесінің жобасына сәйкес жүргізеді;
      2) шекараның және орам соқпағының ені 0,5 метр, визир – 0,3 метр болып шабылады. Белгі қою сызығында тұрған диаметрі 20 см және одан жоғары ірі ағаштар кесілмейді. Оларды берілген бағытқа перпендикуляр бойынша параллелді белгі қою әдісімен айналып өтеді. Кесілген ағаштар өлшеуге кедергі жасамайды. Түбірдің биіктігі ағаштың 1/3 диаметрінен аспайды. Балауса ағаштар мен бұталарда 15 сантиметр аспайды. Жаңа соқпақтар мен визирларды шабу кезінде кесу сызығына жақын тұрған ағаштарға үш жағынан белгі қойылады;
      3) таксациялық бағыт есебінде пайдаланылатын тік сызықты соқпақ ар мен басқа да жүріс сызықтарын өлшеу бір орамның шегінде жүзеге асырылады. Бірнеше орамды кесіп өтетін өлшеу сызығын жүргізуге тыйым салынады;
      4) өлшеу темір өлшеуіш таспамен немесе өлшеуіш троспен орман орналастырудың барлық разрядтарында бір бағытта, әр 200 метр сайын нөмірлі қазықты орнатумен жүргізіледі. Үшінші разрядты орман орналастыру кезінде ара қашықтықты теодолиттің тұрған нүктесіне теодолит қазығын бекітіп өлшеуге рұқсат етіледі. Аэрофотосуретпен кесілетін сызықты нақты анықтау мүмкіндігі болған жағдайда сызық және нөмірлі қазық орнатылмайды.
      5) сызықты өлшегенде еңістігі (ылдилығы) 6 градустан аспайды.  Мындай жағдайда, жердің еңістігіне қарай нөмірлі қазықты орнатуға және сызық ұзындығын есептеуге түзетулер енгізіледі. Фотоабристе немесе абристе сызықтың ұзындығы горизонталды түрде көрсетіледі;
      6) қазықтардың мөлшері мен пішіні, оларға қашықтық белгілерін  қою тәртібі орман орналастыру және орман шаруашылық белгілер талаптарымен реттеледі. Олардың типтері, мөлшерлері және жалпы техникалық талаптар осы Ережеге 6 қосымшада келтірілген;
      7) жүргінші жолдар мен соқпақтарды өлшегенде нөмірлі қазықтар перпендикуляр бойынша өлшеу сызығының өсінен басқа болып табылады. Бақыт сызығын байланыстырудың және өлшеудің мәліметтері белгі журналына жазылады;
      8) бірінші-екінші разрядты орман орналастыруда өлшеу дәлдігі - 1:500, ал үшінші разрядта - 1:300 болып белгіленеді;
      9) орам соқпақтары қиылысатын және олардың орман қорының шегіне шыққан жерлерге, жолдармен, қорғаныш, тыйым салынған жолақтардың шекарасымен қиылысқан жерлерге белгіленген пішінді және мөлшерлі бағандар орнатылады. Пішіні, мөлшері, орман орналастыру белгілерін орнату ережесі және оларды дайындайтын материалдар осы Ережеге 6 қосымшада берілген талаптар бойынша анықталады;
      10) көлік жолдарымен қиылысатын орам және сілтеуіш бағандары,  көлікпен зақымдалудан сақтау мақсатында кез-келген жағынан көрінетіндей қашықтыққа жылжытылып орнатылады.
      Орман иеленушілері орман орналастыру партиясы осы жұмыс түрін  жүзеге асыруы үшін жұмысшылар бөледі.
      76. Орман орналастыру рәсімдеген объектіні қабылдаған орман иеленушілері орам соқпақтары мен орман орналастыру белгілерін тиісті жағдайда сақталуын қамтамасыз етеді.
      77. Орман орналастыру қайталанғанда:
      1) орман иеленушілері орам соқпақтарын тазарту, шабу және жарамайтын орам және сілтегіш бағандарын ауыстыру жұмыстарын орман орналастыру разрядына қарамастан, дайындық жұмыстары жүргізілген жылы, ары кеткенде орман орналастырылатын жылы аралап көру жұмыстары басталғанға дейін өздері орындайды.
      2) орам соқпақтары мен визирлардың, орам және нұсқау бағаналарының орындарын жоғалтып алған жағдайда, орман орналастырылатын жылы орман орналастыру партиясының мамандары тапсырыс берушімен келісім жасап, олардың орнын анықтауға, сонымен қоса орам және нұсқау бағандарын жазуға көмек көрсетеді.

3. Параграф. Ұжымдық жаттығу

      78. Далалық орман орналастыру жұмыстары басталардың алдында орман қорының құрылымы және орман өсу жағдайы осы нақты объектінікіне ұқсас объектінің топтары мен мамандардың жұмыс істеуге дайындығын тексеру және маманның біліктілік деңгейін бағалау үшін және далалық жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері бойынша орындаушыға жалпы техникалық нұсқау беру үшін орман таксациясын жүргізуге рұқсат беру мақсатында ұжымдық жаттығу жүргізіледі.


      79. Далалық жұмыстарды атқаратын орман орналастыру бөлімдерінің барлық мамандары мен бастықтары, бірінші кезекте орман орналастыру жұмыстарын қабылдайтын және қадағалайтын орман иеленушілерінің мамандары мен бастықтары ұжымдық жаттығуды толық көлемде өтеді.
      80. Орман орналастыру объектілерінің ұқсастығына және орналасуына байланысты, ұжымдық жаттығу бір немесе бірнеше орман орналастыру партиялары үшін орман орналастыру мекемесінің бас инженерінің немесе жобаны жазуға (жасауға) жауапты адамның басқаруымен жүргізіледі.
      81. Ұжымдық жаттығуды жүргізудің техникасы, тәртібі, құрамы мен нәтижесі Ұжымдық жаттығуларды жүргізу жөніндегі техникалық нұсқаулармен рәсімделеді осы Ережеге 5 қосымша.
      82. Жаттықтыру таксациясы төмендегідей жағдайда қанағаттанарлық деп қабылданады:
      1) әр таксациялық көрсеткішті анықтауда жіберілетін ауытқудың шегі, олардың жалпы санының 68 пайызынан кем емес;
      2) екі есе ауытқу + 5 пайыздан артық емес.
      83. Қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсеткен мамандарға басқа мамандар салған жаңа сынақ алаңдарында қосымша жаттығу жүргізіледі.  Қажет болса, жаттығу таксациялық жүрісте жүргізіледі. Оның санын және ұзындығын жаттығудың бастығы белгілейді. Қосымша жаттығудан кейін маманды таксацияға жіберу немесе басқа жұмыс түріне ауыстыру туралы соңғы шешім қабылданады.

4. Параграф. Аэрофотосуреттерді дайындау, фотоабристер мен абристерді жасау

      84. Аэрофотосуретте жасалған фотоабрис, миллиметрлік қағазға немесе калькаға сызылған абрис далалық жұмыстар кезінде телімнің ауданы мен нұсқасының нақты анықталуын қамтамасыз ететін бірінші құжат болып табылады және камералдық кезеңде орман картасы мен планшеттерді жасауға негіз болады.


      85. Аэрофотосуреттегі жұмыс жұмыс ауданының шегінде жүргізіледі. Ол көлденең сызықтармен және шектесетін аэрофотосуреттің ұзына бойы жабуымен шектеледі. Жұмыс аудандарының шекарасы ретінде суреттегі көрінетін орам соқпақтары, жолдар мен басқа да сызықтар пайдаланылады. Сонымен қатар, айқын танылған белгілердің арасындағы жүргізілген сызықтар қолданылады, (егер олар орташа көлденең сызыққа немесе ұзына бойы болса). Шектесетін аэрофотосуреттің жұмысшы ауданының шекаралары толығымен сәйкестендіріледі.
      Орналастырылатын объектінің жазық жер бедерінде аэрофотосуретті біреуден кейін қолдануға рұқсат етіледі.
      86. Аэрофотосуреттің масштабы топокартада нақты анықталған нүктелердің көмегімен және фотосуретте орманда дәл анықталған нүктелерді ара қашықтығын өлшеу жолымен тексеріледі.
      87. Таксацияға дайындалған фотоабристің бет жағында төмендегі  мәліметтер көрсетіледі:
      1) жұмысшы аудандардың шекарасы (жаппай жұқа сызық, түрлі-түсті сиямен);
      2) орамдардың шекарасы соқпақ бойынша немесе табиғи шектеу сызығы (ұзынша үзік сызықтар), таксациялық визир өлшеудің нәтижесі;
      3) жұмысшы ауданының шегінде орналасқан орам нөмірлері, шектесетін орамдар мен аэрофотосуреттердің нөмірлері;
      4) таксациялық телімдердің шекарасы мен олардың нөмірлері;
      5) түрлі-түсті сиямен түсірілген бұлақтар, өзендер, жолдар, сопақтар және мелиоративтік каналдар;
      6) объект аумағының ұласып жатқан жер пайдаланушылармен шекарасы және олардың аттары.
      7) МОҚ санатының шекарасы.
      88. Аэрофотосуреттің арт жағында қарындашпен белгіленген соқпақтар, нақты анықталған нүктелер, шекараға, соқпақтарға, ішкі ситуация сызықтарына және дәл анықталған нүктелерге байланыстырылған бағыт сызықтарының мәліметтері, орман иеленушілері мен орманшылықтардың атауы, фотоабристің жасалған күні, орындаушылардың қолы.
      89. Әр аэрофотосуреттегі бөлінген жұмыс аудандарының шегінде маман, орманға шығардан бұрын, таксациялық телімдерді және олардың шекарасын белгілеп, стереоскопиялық дешифровка жасалады. Орман орналастыру қайталанғанда телімдердің шегінің қалуы қамтамасыз етіледі. Аэрофотосуретте алдын-ала нұсқалық дешифровка жасалмай, орманға шығып таксация жүргізілмейді.
      Фотоабриске аэрофототүсіруді жүргізгеннен кейін кесуге бөлінген кеспеағаштың нұсқасы артқы бетіне әр кеспеағаштың кесу жылын көрсетіп, орман екпелері учаскесінің нұсқасы (с. і. суреті бары да) түсіріледі, сонымен қатар ауданы мен жылы көрсетілген қайта құрылған балауса ағаштардың, табиғи ескерткіштердің, басқа да ерекше қорғалатын учаскелер мен объектілердің де нұсқалары түсіріледі. Осы учаскелер туралы мәліметтер өткен орман орналастырудың кезеңінен бастап түсіріледі.
      Камералдық жолмен дешифровка жасалған және абрисқа түсірілген таксациялық телімдердің шегі (нұсқасы) орманда таксация жасау кезінде анықталады және тексеріледі.
      90. Аэрофотосурет жоқ болған жағдайда, абрис планшеттің масштабымен калькаға немесе миллиметрлік қағазға түсіріледі. Абристің тілі магнитті меридиан бойынша бағытталады және онда фотоабристегідей барлық мәліметтер болады (тесілген нақты анықталған нүктелерден басқасы). Абриске орманға шығардың алдында планшеттен өткен орман орналастырудағы таксациялық телімдердің нұсқасы түсіріледі. Олар таксация кезінде анықталады.
      91. Орманда таксация жүргізу үшін фотоабристер мен абристерді  рәсімдеу және дайындау тәртібі Аэрофотосуреттерді жұмысқа дайындау және фотоабристер мен абристерді рәсімдеу жөніндегі техникалық нұсқаулармен белгіленеді осы Ережеге 8 қосымша.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет