Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы



жүктеу 6.58 Mb.
бет45/54
Дата28.04.2016
өлшемі6.58 Mb.
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
: cms -> uploads -> files
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ
files -> Қазақстан Республикасының Орман кодексі
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Программа bas ебрр в Казахстане при поддержке Правительства Японии Спонсоры: партнер
files -> Тендерная документация по закупкам Установки дефектоскопной феррозондовой для контроля тележек пассажирских вагонов) (по коду енс тру 26. 51. 66. 25. 00. 00. 10. 25. 1) способом открытого тендера

3. Үздіксіз орман орналастыруға ауысу барысындағы
базалық орман орналастыруды жүргізу ерекшеліктері

      13. Орман орналастыру нұсқауларында көрсетілген барлық жұмыстарды жүргізу және орман қорының нақты ақпараттық мәліметтер базасын құру – орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұнымен базалық орман орналастырудың далалық және камералдық жұмыстарының ерекшеліктері анықталады.


      14. Дайындық жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері:
      1) базалық орман орналастыруға дайындық жұмыстары барысында қарастырылған орман орналастыру ережелеріне қосымша мыналар атқарылады:
      алдағы тексеру кезеңінің тиісті кесу аймағын анықтау;
      таксациялау әдісі бойынша (дешифрлер, көзбен көру, таңдамалы және өлшемелі есептеу) орман қорының орман орналастыру объектілерін алдын ала бөліп дешифрланған бақылау учаскесін немесе сызықтық жүрісті салу;
      таксациялау көрсеткіштерінің табиғи өсімге модельдік актуализациялануын айқындау, қайта жаңарту үшін кесу, басты пайдалану үшін кесу жасына жетпеген әртүрлі жастағы алқаағаштарда сүрекдің қорының нормативтерін таңдау;
      2) алдағы тексеру кезеңінде басты, күтіп-баптау және басқа да кесулер жүргізілетін аймақтарды анықтау (кесу түрлерінің араласуы, орман алқаптарының тасымалдауға қолайлығы және тасымалдау жолының құрылымын ескере отырып жүргізіледі).
      Аймақтар орман алқаптарының жоспарлы-картографиялық және таксация мәліметтерін, ағаш тасымалдау және басқа да жол құрылысының жоспарын зерттеу негізінде анықталады.
      Жұмыстың нәтижесі бойынша алдағы күту үшін кесу, тағы басқа да кесулер жүргізілетін орамдар тізімі жасалады;
      3) таксация әдісі бойынша орман қорының бөлінуі әртүрлі алқаағаштарды таксациялау дәлдігі бойынша, орман орналастыру нұсқауларының нормативтеріне сәйкес жүргізіледі;
      4) таксациялық – дешифрлік бақылау учаскесі (немесе сызықтық жүріс) аэрофотосуреттерін дұрыс дешифрлеу үшін машықтану, әдіс-тәсілдерді үйрену мақсатында жасалынады. Бұдан көлемдеріне байланысты 4-тен 6-ға дейін орамдар таңдалып алынады, олардағы алқаағаш және жер категориялары әртүрлі болады.
      Бақылау учаскелеріне қарасты сызықтық жүріс үстіндегі барлық телімдер таңдамалы өлшемелі-санау әдісімен таксацияланады.
      Шекарасы анық көрінбейтін телімдер керек болған жағдайда көзбен көріп анықталады.
      Сызықтық жүрістің ұзындығы алқаағаштардың орналасуына байланысты 5 км. мөлшерінде белгіленеді;
      5) алқаағаштардың актуализациясын, сүрекдің қорын таңдау нормативін анықтау үшін ғылыми-зерттеу институттарының ұсыныстары, орман орналастыру аумағындағы сақталған бақылау алаңшалары мен алдыңғы таксацияның мәліметтері пайдаланылады.
      Әрбір орман құраушы тұқымға құрамы және толымдылығы көбірек қамтылатын 2-4 бақылау алаңшалары салынады;
      6) орманды дешифрлік таксациялауға қажетті нормативтік анықтамалар болмаған жағдайда ағаш тұқымдарының дешифрлеу белгілері кестесі және сүрекдің желектерінің аэрофотосуреттері арқылы олардың таксациялық көрсеткіштерін анықтау кестелері жасалынады.
      Ағаш тұқымдыларын аэрофотосуреттерде дешифрлеу кестесі әртүрлі категориялардағы алқаағаштардың суреттік көрінісі мен алдын-ала көзбен бағалау арқылы алынған мәліметтерін талдау негізінде жасалады. Бағалау–дешифрлік модель кестесі алқаағаштың дешифрлік көрсеткіштерін стандартты бағдарламалар көмегімен компьютерде сараптау негізінде жасалады;
      7) аэрофотосуреттерді жұмысқа дайындау және орамдар аумағын таксациялық телімдерге бөлу қолданыстағы орман орналастыру нұсқауларында көрсетілген талаптарға сәйкес іске асырылады.
      Орман мекемелерінің орман қорын таксациялық телімдерге бөлу барысында мүмкіндігінше телімдердің бұрынғы анықталған шекаралары сақталады. Тексеру кезеңінде пайда болған жаңа телім шекаралары (ағашы кесілген жерлер, орман екпелері) аэрофотосуреттер мен орман орналастыру планшеттеріндегі шекараларына мүмкіндігінше сәйкес болады. Олардың шекараларын бір-бірімен сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, шекаралар дишифірлеу мәліметі бойынша табиғи жағдайда көзбен көріп тексеру арқылы белгіленеді де орманшымен келісу ведомосы жасалады. Бұл жағдайда есепке алу кітабына тиісті түзетулер енгізіледі.
      15. Далалық жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері:
      1) далалық жұмыстарды жүргізу барысында Орман қорының мәліметтер банкі нақты болуы үшін орамдардың таксациялық телімдерге бөлінуі (тұрақты шаруашылық учаскелер) сапалы және орман орналастыру жұмыстарының нормативтік дәлдігі орман орналастыру нұсқауларына сәйкес болады;
      2) орманды таксациялау жұмыстарымен бірге шаруашылық және апаттық өзгерістерге ұшыраған телімдердің жоспарлық-картографиялық мәліметтерде дұрыс көрсетілуі тексеріледі және дұрыс көрсетілмеген шекарасы орманшымен келісіледі.
      Кеспеағаш, телім, орман екпелері аудандарының планшеттерде көрсетілуі дұрыс болмаған жағдайда, орман орналастыру маманының бақылауымен қайта есептеу жұмыстары жүргізіледі, орман шаруашылығын есепке алу кітабына қажетті түзету енгізіліп, келісім акт толтырылады.
      Егер учаскелердің ауданы орман орналастырудың разряды бойынша ең төменгі рұқсат етілген ауданына тең немесе үлкен болса, онда олар жекеленген телімдерге бөлінеді.
      Жаңадан пайда болған телімдер бойынша орамдағы телімдердің реттік сандары белгіленеді. Телімдерді толық қайта реттік нөмірлеу кезекті базалық орман орналастыру кезеңінде жүзеге асырылады;
      3) кесілетін ағаш қоры аз учаскелерді таксациялау кезінде негізгі орман құраушы тұқым бойынша кесу жасына жетпеген алқаағаштарға немесе техникалық сапасын жоғалтпастан бұрын жұмсақ жапырақты ағаш тұқымдарына (қайыңдар, көктеректер) кесу шараларын белгілеу арқылы қосымша сүрекдің қорлары анықталады;
      4) сүрекдіңдердің қосымша қоры дайындалатын телімдер күтіп-баптау кесу жұмыстары белгіленбеген төмендегідей алқаағаштар категориясынан жиналады:
      қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтірмей кесіп алу мүмкіндігі бар негізгі кесу жасына жеткен бір қабаттағы, орта және пісіп жетілу жасындағы, аралас ағаштар (көктерек, қайың);
      қор бойынша негізгі емес пісіп жетілген тұқымдары бар әртүрлі жастағы қылқан жапырақты (басым көпшілігі - шыршалы) алқаағаштар;
      қылқан жапырақты ағаш өскіндері жеткілікті және өміршеңдігі жоғары, жасы 30-дан асқан, 2 қабаттағы орман астарымен қамтылған, құнарлығы жоғарғы топырақта өскен жапырақты және жапырақты-қылқанды алқаағаштар. Осындай алқаағаштарда бір немесе екі мәртелі кесу, қайта жаңарту кесуі белгіленеді (толымдылығына байланысты). Бұл жағдайда техникалық пісіп жетілу жасындағы жуандыққа жеткен сүрекдіңдер ғана кесіледі;
      жағдайы нашар, өсуі баяу орта жастағы және пісіп келе жатқан, толымдылығы 0,3–0,5 тұқымдылар (кесуге тыйым салынған ерекше қорғалатын учаскелерге жатқызылғандардан басқа). Оларды кесу жасына дейін қалдыру топырақ құнарлығының толық пайдаланылмауына әкеліп соғады. Бұндай алқаағаштарда жаппай қайта құру кесулері белгіленеді.
      Кейін олар астарындағы шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өскіні арқылы қалпына келтіріледі (немесе орман екпелерін өндіру арқылы);
      5) қосымша сүрекдің қоры бар телімдерге кірмейтіндері:
      толымдылығы 0,5-0,6 немесе топтап алғанда сирету жұмыстарын жүргізген жағдайда жел құлатуы мүмкін (көп жағдайда дымқыл, әлсіз топырақты жерлер) алқаағаштар;
      өзінің жағдайы бойынша жаппай санитарлық кесу жұмыстарын қажет ететін алқаағаштар;
      орман астарында шаруашылық бағалы өскіндері жоқ пісіп жетілмеген орташа толымдылықты жұмсақ жапырақты алқаағаштар.
      16. Камералдық жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері:
      1) камералдық кезеңде далалық орман таксациялау және зерттеу ақпараттары өңделеді, жаңа орман орналастыру нұсқауларына сәйкес орман орналастыру жобасы жасалады;
      базалық орман орналастыру материалдары бойынша арнайы бағдарламалық құралдардың көмегімен барлық орман орнастыруды жобалау тапсырмаларын шешуде маңызды болып есептелетін орман мекемесінің Орман қорының мәліметтер банкі жаңартылады. Камералдық жұмыстардың соңында жасалынған Орман қорының мәліметтер банкі ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының барлық материалдарымен бірге орман мекемелеріне пайдалануға тапсырылады;
      3) басты және аралықтағы пайдалану есебінен басқа қорларды қосымша пайдалану тәртібі бойынша жыл сайынғы ағаш дайындау есебі де жүргізіледі (осы ереженің 15-4 пунктінен қараңыз). Қосымша қорлар кездесетін телімдерге кесу түрі бойынша басым тұқымдылар есебінен ведомос жасалады. Қосымша қорды таңдаумен қоса кесу түрлері бойынша бір жолғы кесудің жалпы қосынды қоры пісіп жетілген ағаш қорының құралу кезеңіне бөлінеді. Бұл кезең сол жұмыс жүргізілетін аудандағы ағаштың өсу заңдылықтары мен алдағы 10-15 жылға болжанатын орман қорының жас құрылымының өзгеру динамикасын зерттеу арқылы анықталады;
      4) сүрекдің дайындауға қажетті қосымша ағаш қорлары бар телімдер пайдалану қорының орналасу планында көрсетіледі. Пайдалану қорының алқаағаштарынан өзгеше болуы үшін бұл телімдердің іші (45 градус) қара тушпен тік жіңішке сызықтармен сызылады. Олар пайдалану қолайлылығы мен шаруашылық маңызы бойынша бөлінбейді;
      5) жобаланатын іс-шаралардың аумақтық таралу ведомосы орман орналастыру жұмысынан кейін алғашқы екі жылдың ішінде жасалады;
      6) орман мекемесінде Орман қорының мәліметтер банкін жүргізетін дайындықтан өткен мамандар (орманшы) мен техникалық құралдар болған жағдайда, таксациялық сипаттаманың кітаптары орман иеленушісіне тек бір дана дайындалып беріледі, ал орманшылықтарға магнитті көшірмелер түрінде беріледі.
      Орман қорының мәліметтер банкін жүргізу және пайдалану арнайы нұсқаулар бойынша жүзеге асырылады. Дайындықтан өткен Орман қорының мәліметтер банкін пайдаланатын мамандардың құрастырған нұсқаулары және басқа да құжаттар орман орналастыру ұйымына тапсырылады.

4. Ағымдағы орман түгендеу

      17. Жыл сайынғы ағымдағы орман түгендеу жұмыстары төмендегідей:


      1) ағымдағы орман түгендеу жұмысы барысында орман орналастыру бөлімшелері жыл бойына мынандай шараларды атқарады:
      орман иеленушісінің есепке алу мәліметтері бойынша кезекті базалық орман орналастырудан кейінгі 01. 01. жылының жағдайы бойынша ағымдағы өзгерістерінің мәліметтер базасын қалыптастыру;
      табиғи жағдайда көзбен көріп бағалауға телімдерді таңдау;
      Орман қорының мәліметтер базасын жаңалау;
      таңдалынып алынған телімдерді бағалау;
      тексеру кезеңінің кезекті жылына арналған орман шаруашылық, орман пайдалану шаралары мен көлем жоспарын құрастыру (ағымдағы жоспарлау);
      орман кадастрлық кітабын толтыру;
      бұрынғы орындалған жұмыстардың сапасы мен тиімділігі, орман қорындағы өзгерістер және орман шикізат қорының жағдайы сараптамасының есеп беру құжатын құрастыру;
      таксациялық көрсеткіштерді актуализациялау үшін өсу моделін нақтылау мақсатында қосымша мәліметтер жинау, бақылау алаңшаларын салу;
      2) ағымдағы орман түгендеуге дайындық жұмыстары үздіксіз орман орналастыру объектісі бекітіліп берілген орындаушылардың тікелей қатысуымен жүргізіледі, олар мынандай шараларды атқарады:
      орман орналастыру материалдарындағы ағымдағы өзгерістердің енгізілу сапасын және есепке алу құжаттарын тексеру;
      табиғи жағдайда таксациялау жұмыстарына арналған құжаттарды дайындау;
      3) орман орналастыру материалдары мен есеп құжаттарына ағымдағы өзгерістерінің енгізілу сапасын анықтау үшін өзгеріс түрлері бойынша жалпы телімдер санының аз дегенде 5 %-на тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті акт толтырылады.
      Кеспеағаштардың, орман екпелерінің шекаралары орман бағалау телімдерінің сүлбесіне сәйкес болуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл үшін орман орналастыру планшеттері, аэрофотосуреттер (базалық орман орналастыру абристері), ғарыштан түсірілген суреттер (егер оларды алу мүмкін жағдайда), сонымен бірге картографиялық мәліметтер базасы пайдаланылады. Сәйкес келмеген жағдайлардың барлығы есепке алынып, табиғи жағдайда тексеріледі.
      Егер де өзгерістердің түсірілмеуі немесе қате түсірілуі көрсеткіш бойынша барлық тексерілген учаскелердің 10 пайызынан асса, онда қанағаттанарлықсыз деген баға беріледі, басқа жағдайларда қанағаттанарлық болып бағаланады.
      Ағымдағы өзгерістердің түсірілуіне қанағаттанарлықсыз деген баға бергенде дайындық жұмыстары тоқтатылып орман иеленушісіне хабарланады және ерекше бақылауға ала отырып, өзгерістерді енгізу мерзімі белгіленеді.
      Ағымдағы өзгерістердің енгізілуін, есепке тіркеу қағазының толтырылуын, табылған қателердің түзелуін тексергеннен кейін арнайы бағдарламалық құралдар арқылы бірінші ағымдағы түгендеу жылы объекті өзгерістерінің көмекші мәліметтер базасы құрастырылады;
      4) табиғи жағдайда көріп шығатын телімдерді таңдап алу әр орманшылық бойынша орамдардың қағазға түсірілген тізімін Орман қорының мәліметтер банкін алу арқылы жүзеге асырылады. Телімдерді теріп алу әртүрлі іс-шаралардың әсерінен болған өзгерістер мен бағалау сипатамасына сәйкес жүргізіледі;
      5) жыл сайын мыналар таксацияланады:
      мекеме аумағына жаңа қосылған аудандар;
      ағымдағы түгендеу жылында жер түрлері аттарының өзгеруіне байланысты орманды және ормансыз жер учаскелері;
      күтіп-баптау кесуі, басты пайдалану кесуі жаппай жүргізілмеген, тағы басқа кесулер жүргізілген алқаағаштар;
      апатты әсерлерге ұшыраған, зиянкестер мен аурулар ошақтары бар және антропогенді әсерлерге ұшыраған алқаағаштар;
      ағаштары жаңадан кесілген және алдағы 2 жылда орман екпелерін отырғызу белгіленген жерлер;
      орманмен қамтылған жерлерге аудару жасындағы орман екпелері, сонымен бірге олардың аудару жасынан асқандары (бірінші ағымдағы орман түгендеу барысында базалық орман орналастырудан екі және оданда көп жылдардан кейін барлық орман екпелері табиғи жағдайда таксацияланады);
      шайыр алудан кейінгі қайта жаңарту шаралары аяқталған алқаағаштар;
      тапсырыс берушінің көзқарасы бойынша орман орналастыру сипаттамасы табиғи жағдайға сәйкес емес телімдер;
      6) бес жылда бір рет мыналар бағаланады (таксацияланады):
      жинақталған орман екпелері, қайта жаңартудан кейінгі 25 жасқа дейінгі алқаағаштар;
      базалық орман орналастыру мәліметтері бойынша толымдылығы кесу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін соңғы 5 жылдың ішінде күтіп-баптау кесуі жүргізілмеген және оларды атқаруға ешқандай шаруашылық шешімдер тағайындалмаған, жарықтандыру және тазарту кесу жасындағы алқаағаштар;
      шайыр алу жұмыстары жүргізіліп жатқан алқаағаштар;
      орман орналастыру бойынша табиғи түлеу, сонымен қатар табиғи түлеуге жәрдемдесу шаралары белгіленген орман учаскелері;
      7) 10 жылда бір рет мыналар бағаланады:
      сирету және өтпелі кесу жасындағы 10 жылдың ішінде кесу жұмыстары жүргізілмеген, толымдылығы 0,7 және одан жоғары, таксациялық сипаттамасы бойынша кесу жұмыстарын жүргізуге болатын алқаағаштар;
      қайта жаңарту шаралары белгіленбеген төменгі бағалы балауса және орта жастағы алқаағаштар;
      8) мәліметтер банкінен сұраныс бойынша алынған телімдер тізімі орманшымен, керек болған жағдайда тапсырыс берушінің басқа да мамандарымен келісіледі. Оларға қосымша орманшының ұсынысымен немесе өсімге актуализациялау мәліметі бойынша белгілі бір іс-шараларды жүргізуді қажет ететін телімдер қосылуы мүмкін. Осылармен бір мезгілде бағаланатын телімдердің жұмыстық орналасу сүлбесі сызылады, оларды қарап шығу бағыты салынады, орам абристері (орман орналастыру планшеттерінен ксерокөшірмелер немесе олардың картографиялық мәліметтер базасындағы графикалық көшірмелері) актуализацияланған таксация карточкалары дайындалады, қажетті нормативтік-анықтамалық ақпараттары таңдалады немесе жаңартылады;
      9) далалық жұмыстар басталар алдында бұрын базалық орман орналастыру жұмыстарына қатыспаған мамандар орман орналастырудың нұсқауларына сәйкес ұжымдық таксациялық жаттығудан өтеді. Қалған мамандар жұмыс басшысы белгілеген көлемі бойынша жаттығудан ерікті түрде өтеді.
      Ағымдағы орман түгендеу жұмыстарына байланысты жаттығу барысында шаруашылық шаралардың дұрыс тағайындалуына, орман екпелеріне, өртеңдер мен ағашы кесілген жерлердегі табиғи түлеу жағдайларын бағалауына ерекше мән беріледі. Мамандардың дәлдік пен нақтылық талаптарына сай нормативтерді қолдану мүмкіншіліктері тексеріледі;
      10) дайындық жұмыстары мен келесі далалық жұмыстары кезінде Орман қорының мәліметтер банкінің мәліметтер базасына кіретін барлық ақпараттар толық жиналады;
      11) кесу жоспарын құрастыру мен жоспарлау талаптарына сәйкес жол тораптарының мәліметтер базасын қалыптастыру үшін кезекті орман түгендеу барысында барлық жол тораптарының сипаттамасы есепке алынады. Жолдардың барлық жағдайлары толық сипатталады.
      18. Ағымдағы орман түгендеудегі орман бағалау жұмыстары:
      жұмыс басталмас бұрын жаттығудан өткен жұмысты атқаруға жіберілген маман – орман орналастырушыға мыналар тапсырылады:
      өткен жылдардағы ағымдағы өзгерістер актуализацияланған карточкалар барлық орман бағалау өзгерістері түсірілген, кеспеағаштардың, орман екпелерінің шекаралары белгіленген орам абристері (планшеттердің көшірмелері, картографиялық мәліметтер базасынан алынған материалдар) бағалау жүрістерінің жан-жақты бағыттар сүлбесі;
      өлшеп-санап бағалау жолымен анықтауға арналған телімдер сүлбеде қара қарындашпен сирек үзік сызықпен белгіленеді. Орам абрисінде осындай телім ауданы шегінде бағалау дәлдігін қамтамасыз ететін шеңберлі есептеу алаңшаларының орталары белгіленеді;
      1) телімдерді көзбен көріп бағалау (олардың телімдер бойынша мәліметтер базасына сәйкес жинағынан және олардың орналасу сүлбесімен) орман орналастыру нұсқауларының талаптарына сәйкес өлшемелі-есепке алу, көзбен өлшеу әдістерімен бойынша жүргізіледі.
      Ағымдағы түгендеу жылына дейін немесе сол жылы бөлінген бірақ кесілмеген, бөлім мәліметтері орман орналастыру мәліметерінен (жалпы қоры бойынша ± 15 пайыз, ондағы қылқандылардың үлесі бойынша ± 20 пайыздан астам, сонымен бірге тауарлық класы бойынша бір класс) өзгеше келетін немесе қате табылған кеспеағаштар өлшеп-санау әдісімен таксацияланады.
      Бірінші немесе кезекті басты пайдалану кесуінің таңдамалы немесе біртіндеп кесу түрлері жүргізілген, сонымен бірге сирету және өтпелі кесулер тағайындалған алқаағаштар көзбен өлшеніп бағаланады.
      Келесі жылдың кесу жоспарына актуализацияның нәтижесіне сәйкес сирету мен өтпелі кесу жұмыстары белгіленген немесе сондай кесулер жүргізілуі керек жағдайда алқаағаштар қоры бойынша ± 15 пайыз дәлдікпен өлшеп–санау әдісін қолдана отырып, таксация жүргізіледі.
      Жарықтандыру мен тазарту, кесу және осы кесулерді керек ететін немесе кесулер жүргізілген балауса ағаштарды күтіп баптау үшін кесу жұмыстарын белгілеуде күдік пайда болған жағдайда (толымдылығы мен құрамына байланысты) олар өлшеп-санау әдісімен бағаланады (таксацияланады).
      Орман екпелері (жинақталмаған және орманмен қамтылған жерлерге ауыстырылған), және кесу кезінде сақталынып қалған қанағатанарлық және жақсы жағдайдағы өскіндер, көзбен өлшеніп бағаланады. Ағымдағы түгендеу барысында бұндай учаскелерге орман орналастыру нұсқауларының талаптарына сәйкес зерттеулер жүргізіледі;
      2) ОҚ жаңа қабылданған учаскелері мен жер категориясы ауысқан телімдерге жаңа бағалау карточкалары толтырылады.
      Бағалау нәтижелерінің барлығы мәліметтер банкінен алынған актуализациялық сипаттары жазылған карточкаларға түсіріледі. Орындалған шаралардың сапасы жөніндегі керекті қосымша мәлімет макеттері толтырылады;
      3) ағымдағы түгендеу барысында орман орналастырушылардың күшімен (қосымша ақы төлене отырып) кезекті екі жылға жаппай кесу тағайындалған кеспеағаш қорын бағалау, сонымен бірге біртіндеп кесу, сирету және өтпелі кесуге арналған кеспеағаштар таңдамалы өлшеп-санау тәсілімен бағаланады, материалдық-қаржылай бағасы шығарылады, бірақ кесуге таңдалынып алынған сүрекдіңдер таңбаланбайды. Бұл жағдайда барлық таңдауға жататын ағаш тұқымдары және техникалық жарамдылық категориялары бойынша жіктеле отырып, жеке жеке тұрақты радиусты шеңберлі есептеу алаңшаларда есепке алынады;
      4) Атқарылған іс-шараларды қабылдау және келісу базалық орман орналастырудағыдай іске асырылады.
      Ай сайынғы далалық жұмысты қабылдау кезінде орман орналастырушы маман орманшымен барлық белгіленген шаруашылық шаралар жөнінде келіседі. Келісім ведомосы қабылдау актісінің ажыратылмайтын бөлігі болып есептелінеді. Келісілмеген жағдайда орман орналастыру партиясының бастығы мен тапсырыс берушінің жетекшілері хабардар етіліп, өзара келісімге келеді. Талас тудыратын мәселелер әдетте, бақылау геодезиялық және орман бағалау өлшемдерін қолдана отырып, қайта тексеріп шығу арқылы немесе мәліметтер сараптамасы мен аэрофотосуреттер материалдары негізінде далалық жұмыстар аяқталмас бұрын шешіледі.
      19. Ағымдағы орман түгендеу барысындағы орман шаруашылық шараларының орындалу сапасын бағалау мыналарды қамтиды:
      1) үздіксіз орман орналастыру объектісіндегі ағымдағы орман түгендеу шараларын орындау кезінде шаруашылық бағыттарды іске асыру және оның нәтижелерін бақылау мақсатында, сонымен бірге орман шаруашылық шаралардың әсері тиген нақты өзгерістер негізіндегі актуализацияланған мәліметтер базасын ақпараттық қамтамасыз ету үшін мекемені есепке алу мәліметтері бойынша белгілі бір учаскенің сипаттама сәйкестігі тексеріледі.
      Табиғи жағдайда ауытқулар табылған болса (жердің түрлерінде нақты учаскенің бағалау сипаттамаларында, шаруашылық шараларының орындалу сапасын бағалауда), олар тиісті қосымша мәлімет макеттерінде көрсетіледі. Орман шаруашылық шараларының орындалу сапасын бағалауға арналған критерий шкалалары 8.1 қосымшада келтірілген;
      2) қосымша мәлімет макеттерінде телім туралы мәліметтер (шаруашылық шаралар түрі, орындалған жылы, ауданы, басым тұқымы, бір гектардағы кесу көлемі, іс-шараның негізсіз және негізді болуы, оны атқару сапасы, қанағаттанарлықсыз атқарылу себептері) белгіленген шифрлармен көрсетіледі;
      3) орман орналастыру маманының тексеруі барысындағы атқарылған іс-шаралардың орындылығы немесе орман мекемесі комиссияларының олардың орындалуына берген бағасының дұрыстығы күдік туған телімдер аралап көріп тексеріп шығуды талап етеді;
      4) іс-шаралардың орындалу сапасы бағасының нәтижесі бойынша әрбір орманшылықтарда ведомос толтырылады. Онда учаскелердің орналасқан жері, оның ауданы, сипаттамасы, орман мекемесі мен орман орналастыру мәліметтерінің нормативтік талаптарға сай келмеу себебі көрсетіледі. Ведомос үш данада дайындалады, орман орналастырушы және орманшының қолымен расталады, бір данасы орман мекемесіне тапсырылады.
      20. Ағымдағы орман түгендеу кезіндегі камералдық жұмыстар:
      1) далалық жұмыстардан кейін:
      орман шаруашылық сипатындағы картографиялық ақпараттарды жұмыс абрисінен планшеттерге көшіру немесе оны картографиялық мәліметтер базасына енгізу;
      шекаралары өзгерген телімдер мен орамдар ауданын қайта есептеу;
      ағымдағы орман түгендеу материалдары бойынша мәліметтер банкіндегі телімдік және басқа да ақпараттарды жаңалау;
      2) бағалау карточкасындағы және ағымдағы өзгерістер карточкаларындағы мәліметтер логикалық бақылаудан өткеннен кейін телім бойынша ағымдағы өзгерістер базасының Орман қоры мәліметтер банкіне енгізіледі, ал телім мен орам шекараларының өзгерістері картографиялық мәліметтер базасына немесе орман орналастыру планшеттеріне тікелей түсіріледі. Сонымен бірге таксация карточкасындағы тиісті мәліметтер орман пайдалану және орманды қалпына келтіру жөніндегі мәліметтер базасына енгізіледі;
      3) ағымдағы орман түгендеу жұмыстарының камералдық кезеңінде Орман қоры мәліметтер банкінің жаңартылған ақпараттарын пайдалана отырып, мыналар орындалады:
      орман шаруашылық шаралары атқарылатын телімдер тізімі беріледі және ол орманшымен келісіледі, сонымен бірге жұмыстардың көлемі, келесі жылдардағы орналасу сүлбесі беріледі;
      базалық орман орналастырудан кейінгі шаруашылық іс-шаралардың орындалу сапасына сараптама жасалады және ол жөнінде тапсырыс беруші жетекшілеріне мағлұмат беріледі;
      сүрекдіңді пайдалану түрі бойынша кеспеағаш қоры кесуге дайындалады;
      келесі жылдың ағымдағы түгендеу жұмыстарына дайындық жүргізіледі;
      4) үздіксіз орман орналастыру жұмыстарының бастапқы кезеңдерінде "Орман қоры" мәліметтер банкі пайдалануға жәрдем жасайтын техникалық құралдардың қайда орналасқанына қарамастан төмендегідей орман шаруашылық шараларын жүргізу жоспарының ұсыныстары беріледі:
      Орман қоры мәліметтер банкінің жаңартылған мәліметтер базасының негізінде, тиісті бағдарламалық құралдарды және базалық орман орналастырудың жобалық ведомостарын пайдалана отырып, төмендегідей орман шаруашылық шаралары жүргізілетін телімдер іріктеледі:
      басты пайдалану кесулері;
      шайыр алуға белгілеу және одан шығару;
      жаппай санитарлық кесулер;
      төмен бағалы балауса ағаштарды қайта жаңартуға байланысты кесулер;
      күтіп баптау кесулері;
      орман екпелерін өсіру;
      табиғи түлеуге жәрдемдесу;
      орманшының көмегімен келесі орман пайдалану және орман шаруашылық шаралары атқарылатын учаскелер анықталады:
      таңдамалы санитарлық кесулер;
      жекелеген ағаштарды кесу;
      жинақталмаған орман екпелері бар және табиғи түлеген учаскелері орманмен қамтылған жерлер категориясына ауыстыру;
      шабындық жерлерін жақсарту шаралары;
      орам соқпақтары мен өртке қарсы жолақты кесу;
      гидротораптар және әртүрлі трассалар құрылыстарына байланысты тазартулар;
      орман шаруашылық және ағаш тасымалданатын жолдар құрылысын салу және жөндеу;
      қосалқы орман материалдарын дайындау:
      орманды қосымша пайдалану;
      5) осының нәтижесінде жұмыс файлдарына құрастырылған телім мәліметтерінің жиынтықтары келесі жылдағы орман шаруашылық және орман пайдаланудың тиімді жылдық жоспарын құрастыруға негіз болады.
      Жоспар орман шаруашылық шаралары мен орман пайдаланудың барлық түріне арнайы әдістермен ағымдағы жоспарлаудың бағдармалық құралдар кешені арқылы белгіленген пішінімен құрастырылады.
      Таксатор – маман, партия бастығы жоспар құрастыруға тікелей қатысады. Олар қол қоймаса жоспар бекітілмейді;
      6) тапсырыс беруші мамандар Орман қоры мәліметтер банкін пайдалануды толық меңгерген жағдайда ағымдағы жоспарлау жұмыстарын өз бетінше жүргізеді, ал орман орналастырушылар шаруашылық жүргізуге арналған телімдердің дұрыс іріктелгеніне бақылау жасап қана отырады.
      21. Мәліметтерді өңдеу және тапсырмаларды шешудегі әдістер мен құралдар:
      1) үздіксіз орман орналастыруды ақпараттармен қамтамасыз ету үш жағдайда ұйымдастырылады:
      жоғарғы деңгейде аумақтық бөлімдерге арналған ақпараттық жүйелер ұйымдастырылуы мүмкін. Олар орман қоры жөніндегі жинақталған ақпараттардан, атқарылған іс-шаралардың жоспарлық және есеп беру мәліметтерінен, даму болжамдарынан тұрады. Бұлардың жақын эквиваленттері – орман орналастыру кәсіпорнындағы орман орналастыру мамандарының, картографтың, партия бастықтарының автоматтандырылған жұмыс орындарын қоса есептегенде ақпараттық жүйе болып табылады.
      Орман мекемесінде орман шаруашылық бөлімінің мамандарымен құрастырылған екінші деңгейдегі ақпараттық жүйесі Орман қоры мәліметтер банкі ұйымдастырылады. Ол орман иеленушісінің барлық орманшылықтарындағы телімдік мәліметтер базасын құрайды.
      Үшінші дәрежедегі жүйе орманшылықтың ақпараттық жүйесі базалық дербес электрондық есептеу машинасында орманшының автоматтандырылған жұмыс орны негізінде ұйымдастырылады. Онда орман қоры шегіндегі телімдік, картографиялық, орман пайдалану, орманды ұдайы өсіру, ағымдағы өзгерістер, жобалы-жоспарлық нормативтер негізіндегі локальді мәліметтер базасы қалыптастырылады. Картографиялық мәліметтер бойынша орманшының экрандағы телімдер тобы, телімдер, орамдардың графикалық көріністерімен дұрыс жұмыс істей алуы мен керекті мәліметтерді қағазға басып шығара алуы қамтамасыз етіледі;
      2) Бірінші және екінші деңгейдегі жүйелерді ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі анықтауыш элементі ретінде тиімді бағдарламалық құралдарды қолдана отырып дербес электрондық есептеу машинасына сәйкес мәліметтер базасында актуализацияланған телімдік ақпараттар алынады.
      Үздіксіз орман орналастыруға қажет алғашқы мәлімет болып бағдарламалық кешендер бойынша электрондық құралдарда өңделген құжаттар саналады;
      3) орман иеленуші мамандардың автоматтандырылған жұмыс орны мына тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді:
      ормандарды мемлекеттік есепке алу және кадастр кітабын жүргізу;
      күту үшін кесудің мақсаттық бағдарламасын басқару;
      орманды ұдайы өсіру жұмыстарын жоспарлау және есепке алу;
      орманды күзету және қорғау жұмыстарын жоспарлау мен есепке алу;
      орман өрттерін есепке алу;
      сүрексіз қорларды есепке алу;
      орман шаруашылық қызметі туралы статистикалық есеп белгіленген пішінде дискеттерде және қағазда (қатты көшірмелерінде) беріледі;
      4) орманшының автоматтандырылған жұмыс орны төмендегіні қамтамасыз ете алады:
      орманды мемлекеттік есепке алу және кадастрлық кітабын жүргізу;
      ағаш түбірінен босатуды есепке алу;
      кеспеағаштарды материалдық-қаржылай бағалау және т.б.;
      орман пайдаланушыларды есепке алу;
      жерлерді қабылдап алу мен тапсыруды есепке алу;
      сүрексіз қорларды есепке алу;
      орман шаруашылығын жоспарлау мәселелерін шешу;
      5) орман орналастырушы мамандардың автоматтандырылған жұмыс орны мынаны қамтамасыз етеді:
      базалық орман орналастыру және орман түгендеу мәліметтерін енгізу, бақылау;
      телімдер мен ағымдағы өзгерістердің мәліметтер базасын толтыру;
      нормативтік-анықтауыш ақпараттар базасын құру және енгізу;
      телімдік ақпараттарды актуализациялау және енгізу;
      жинақталған мәліметтер базасын құру;
      орман орналастыру жобасының және орман шаруашылық жоспарының мәселелерін шешу;
      6) картографтың автоматтандырылған жұмыс орны мына шараларды қамтамасыз етеді:
      картографиялық мәліметтер базасын қалыптастыру және жаңалау;
      орман карталарын жаңарту;
      жаңарған орман карталарын және олардың үзінділерін беру;
      7) Орман қорын мәліметтер базасы орман шаруашылық өндірісінің негізгі буыны – орманшылықтардан және аумақтық бөлімшелерден басталады.
      Жүйе компоненттері арасындағы ақпарат алмасу стандартты алмасу файлдары арқылы жүзеге асырылады:
      ормандағы телімдік мәліметтер файлы;
      нормативтік-анықтамалық мәліметтер файлы;
      картографиялық мәліметтердің алмасу файлы;
      орманды мемлекеттік есепке алу мәліметтерінің файлы;
      орман мекемесінің статистикалық есеп беру файлы;
      Бірінші кезекте ақпарат алмасудың негізгі тәсілі - мәліметтерді электрондық тасымалдауыштарда тасымалдау болып табылады.
      22. Үздіксіз орман орналастыру кезінде орман орналастыру кәсіпорны мен орман иеленушінің өзара қатынасы:
      1) үздіксіз орман орналастыру жұмысы орман орналастыру кәсіпорны мен орман иеленушінің тікелей қатысуымен атқарылады және олардың өзара байланысы орман орналастыру нұсқауларының талаптарына сай нақты көрсетіледі;
      2) орман иеленуші мыналарды атқарады:
      үздіксіз орман орналастыру жұмысын орындауға келісім шарт жасалғаннан кейін оны ұйымдастыруға және ақпараттық қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді тағайындау;
      орман орналастыру кәсіпорнымен бірге Орман қорының мәліметтер банкімен жұмыс істеуге мамандар мен орманшыларды даярлау;
      мәліметтер банкіндегі ақпараттар жұмыс жоспарын жасауға қолданылады, орман шаруашылығын ұйымдастыру, басқару және жүргізуде орман орналастыру ұйымымен біріге отырып жыл сайын орман шаруашылығы жөніндегі жұмыстар көлемін, олардың орман қорындағы таралуын анықтау;
      орман орналастыру ұйымының белгілеген мерзімі ішінде Орман қорының мәліметтер банкін жаңалау мақсатында ағымдағы өзгерістер туралы нақты ақпараттар беру;
      үздіксіз орман орналастыру жұмыстарын қаржыландыруды бақылау және қабылдауды қамтамасыз ету;
      атқарылған орман шаруашылық шараларының сапасын бақылаудың нәтижелерін уақтылы қарап, жетіспеушіліктерді қалпына келтіру;
      егер орман орналастыру жөнінде келіспеушіліктер болса, онда ол жөнінде орман орналастыру мекемесі мен одан жоғарғы орман шаруашылығын басқаратын органдарды хабардар ету;
      3) орман иеленушінің құқықтары:
      Орман орналастырумен құралған Орман қорының мәліметтер банкінен ақпарат пен оған көмекші бағдарламалық құралдар алу;
      орман орналастыруды жүргізу барысындағы картографиялық мәліметтер базасының ақпараттық есептеу орталығынан жаңарған жоспарлық-картографиялық материалдар алу;
      Орман қорының мәліметтер банкінің көмегімен шешілетін тапсырмалар орталығын құру және кеңейту, банкке сұраныс беру, жаңа тапсырмаларды шешу мақсатында бағдарламалық құралдарды құрастыру үшін кез келген ұйымдармен келісім шартқа отыру;
      базалық орман орналастыруды мерзімінен бұрын жүргізу үшін тапсырыс беруді негіздеу және ұсыну;
      тиісті актілерді толтыру арқылы ағымдағы түгендеу және базалық орман орналастыру кезіндегі орман мен кеспеағаш қорының сапасын бағалау;
      4) орман орналастыру ұйымы мыналарды қамтамасыз етеді:
      Орман қорының мәліметтер банкіндегі мәліметтерді енгізу, өңдеу, сақтау және пайдалану;
      нормативтік ақпараттарды жинақтау және оларды тиімді пайдалану;
      тексеру кезеңі ішінде планшет түпнұсқаларын, бағалаудың бастапқы құжаттарын, ағымдағы өзгерістер карточкасын, зерттеу құжаттарын сақтау;
      базалық орман орналастыру мен ағымдағы түгендеу жұмыстары кезіндегі бағалау дәлдігін қамтамасыз ету, қателерді шұғыл түрде түзету;
      орман мекемесіне мамандар контингенттерін Орман қорын мәліметтер банкін пайдаланушы дайындауға қатысу оларға ақыл-кеңестік, тәжірибелік көмек көрсету;
      үздіксіз орман орналастыру технологиясын жетілдіру;
      5) орман орналастыру ұйымдарының құқықтары:
      ағымдағы өзгеріс карточкаларын орман иеленушінің дұрыс толтыруына және оны Орман қорының мәліметтер банкіне енгізуіне бақылау жасау;
      атқарылған іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін дербес бағалау, аудару актілері бойынша орманмен қамтылатын жерлерге аударуға қарсылық білдіру, атқарылған шаралар және ағаш кесу орнының куәландырылуына байланысты алқаағаштарды құндылығы жоғары шаруашылықтарға ауыстыру;
      қаржыландырудың жоқтығы мен орман иеленушінің керекті ақпараттарды уақтылы жеткізбеуіне байланысты үздіксіз орман орналастыру жұмыстарын уақытша және біржола тоқтату;
      6) орман орналастырушы мен орман иеленушінің өзара қатынасының ерекшеліктері нақты бір объектідегі орман орналастыру жұмысын жүргізу келісім шартында талқыланады.


1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет