Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы



жүктеу 6.58 Mb.
бет5/54
Дата28.04.2016
өлшемі6.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
: cms -> uploads -> files
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ
files -> Қазақстан Республикасының Орман кодексі
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Программа bas ебрр в Казахстане при поддержке Правительства Японии Спонсоры: партнер
files -> Тендерная документация по закупкам Установки дефектоскопной феррозондовой для контроля тележек пассажирских вагонов) (по коду енс тру 26. 51. 66. 25. 00. 00. 10. 25. 1) способом открытого тендера

2. Параграф. Шөл және шөлейт жерлердегі орман қоры

      200. Сексеуіл және тоғай ормандарындағы объектілердің аумағын орамдарға бөлу үшін тікбұрыш пішінді, сондай-ақ табиғи белгілерді шекара ретінде қолданып бөлуге болады (тұрақты жолдар, электр жүйелерінің трассалары, су құбырлары, кеуіп кеткен су жолдары, тұзды жерлер мен тақырлар, құм көшкіндері және тағы басқалары).


      201. Орамдық бағаналар темірбетоннан немесе темірден жасалады, бірақ жергілікті ағаштан да осы Ережеге 6 қосымшаға сәйкес жасауға болады.
      202. Құрам формуласын анықтауда сексеуіл мен бұталарды араластыруға болмайды.
      Егер сексеуілдің барлық жас топтарының толымдылығы 0,3 және одан жоғары болса, бұталардың толымдылығына қарамай-ақ оларды сексеуілге жатқызуға болады. Бұталар құрамында сексеуіл 2 бірлік болса, бұл телімдер бұталарға жатқызылады, ал сексеуіл жекелеген ағаштар деп көрсетіледі.
      Өзінің құндылығы бойынша ақ сексеуіл бірінші орынға қойылады. Сексеуіл ормандары құрамында ақ және қара сексеуіл саны бірдей болса ақ сексеуіл бірінші орынға шығарылады.
      Таза немесе аралас (ақ сексеуіл бірлігі 4 данаға дейін болғанда) жер эрозиясына төзімді, балшықты, сазды және тақыр тәрізді топырақтарда өсетін қара сексеуіл алқаағаштарында жаппай кеспеағашты кесу жүргізіледі.
      Ол жерлерде қара сексеуілмен бірге ақ сексеуіл кесіледі. Құрамында ақ сексеуіл мен қара сексеуіл коэффициенті бірдей болған жағдайда немесе ақ сексеуіл көбірек болғанда, оларды кесуге тыйым салынады.
      203. Сексеуіл ормандарының толымдылығы жергілікті толымдылық пен қорлардың стандартты кестелеріне сәйкес сексеуілдердің ұшар басы проекцияларының аудан қосындысы арқылы анықталады. Осыған байланысты сексеуіл бұталарының орташа диаметрінің орнына ұшар бастарының орташа диаметрі анықталады. Анықтау мына градациялар арқылы жүргізіледі:
      диаметрі 3,2 метр болғанда – 20 сантиметр,
      диаметрі одан үлкен болған жағдайда – 40 сантиметр.
      204. Табиғи алқаағаш бастарының жинақталуына отырғызу (егу) схемасы сәйкес емес орман екпелері үшін, толымдылық критерилері отырғызылатын өсімдіктердің сақталу пайыздары бойынша сақталғандардың санына байланысты анықталады.
      205. Осы алқаағаштардың биіктіктері мына градациялар арқылы анықталады:
      биіктігі 2,5 метрге дейін - 0,1 метрге,
      биіктігі 2,5 метрден жоғары - 0,5 метрге,
      ал орташа қоры 1 гектарға – 1 текше метр градациясымен.
      206. Сексеуіл ормандарын таксациялау кезінде таксация карточкасында қорлар тығыз текше метр қойылады. Кестелі қор салмағын тығыз текше метр айналдыру үшін 1,0 коэффициенті қолданылады.
      207. Сексеуіл ормандарын таксациялаудың ерекшеліктері:
      1) жас класының ұзақтығы 5 жыл;
      2) таксация кезінде қабаты анықталмайды;
      3) ақ және қара сексеуілдің түлеуі Н.А.Пашковскийдің жасаған шкаласымен бағаланады;
      4) жеке ағаштар мен сексеуілде күтіп-баптау үшін кесу жұмыстары жобаланбайды.
      208. Шөлді жерлердегі орман орналастыру кезінде жайылымдарды нәтижелі пайдалану мен сексеуілді орманның түлеуіне шөп, ағаш, бұта өсімдіктерінің сақталуына жайылған малдың кері әсерін азайтуға арналған шараларды жобалауға ерекше көңіл бөлінеді. Көшпелі құмдарды тоқтатуға шаралар белгіленеді.
      209. Шөлді және тоғайлы ормандардағы орман орналастырудың қосымша ерекшеліктері бірінші орман орналастыру кеңесімен нақтыланады.

3. Параграф. Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру функцияларын орындайтын орман қоры аумақтары

      210. Аталған орман қорына мына жерлер жатқызылады: елді мекендер мен емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймағы, қала ормандары және орман паркі.


      Олар белгілі тәртіппен ауа бассейінінің тазалығын қамтамасыз ету, табиғи және антропогендік факторлардың қолайсыз әсерін азайту және халықтың демалуын және емделуін ұйымдастыру үшін қажет.
      Осы ормандарды бөлу үшін қолданылатын стандарттар мен нормативтік құжаттар арқылы ауданы, орналасу жағдайы, орман қоры сипаттамасының талаптары шектеледі. Рекреациялық орман орналастыру жұмыстарының орман ортасының экологиясына әсерін азайту үшін күту және пайдалану ережелері пайдаланылады.
      211. Осы аумақтағы орман қоры функционалды аймақтарға бөлінеді: еркін демалыс, серуендеу, жануарлар дүниесінің тыныштығы, тарихи, ғылыми-тарихи және тағы басқалары.
      Аумақтың функционалдық бөлінуі мен рекреациялық мүмкіндігін анықтау үшін келіп кетушілер саналады.
      212. Еркін демалу аймақтарында орман қорының ландшафтты таксациясын жүргізу кезінде әр телімнің ландшафт типі (көрінісін), рекреациялық, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық құндылығы алқаағаштардың деградациясы мен төзімділігінің дәрежесі анықталады. Осымен қатар, өскіндері мен орман астары жамылғысына сипаттама беріледі. Алқаағаштардың барлық жас топтары үшін әрбір құраушы тұқымның орташа биіктігі мен диаметрі көрсетіледі.
      Ландшафтты таксация көрсеткіштері таксациялық телімдердің қосымша ерекшеленуі үшін қажет. Орманды таксациялау кезінде функционалды аймақтарда демалушылар жиі баратын жерге рекреациялық маршруттар және көрінісі керемет жерлерде көру алаңшаларын, ал жалпы демалу орындарында көркейту шараларын жобалау үшін жол тармақтары мен кіші архитектуралық пішіндердің жағдайына сипаттама беріледі.
      213. Демалушылардың жиі баратын жерлерінде, трасса бойындағы рекреациялық бағыттар мен демалушылардың көп жүретін жолдарындағы орман жолақтарында, бар ұсыныстар мен зерттеулерді пайдаланып, аумақтың эстетикалық қасиетін арттыруға бағытталған жобалау шараларының негізі болатын ландшафт түрінің оптималды қатынасы анықталады.
      214. Демалуға арналған барлық мемлекеттік орман қоры санаттарындағы орман шаруашылық шаралары санитарлық-гигиеналық, эстетикалық қасиетін және алқаағаштардың биологиялық тұрақтылығын сақтауға, орман ортасының деградациясын болдырмауға, көркем ландшафттарды  және орман пайдаланулардың рекреациялық жағдайын жақсартуға бағатталып арналған.
      215. Көрсетілген мемлекеттік орман қоры санаттарындағы шаруашылық шаралар негізінен қорғаныш қасиеттері күшті, фитонцидтылығының деңгейі биік және газға төзімді, өнімі жоғары, сау алқаағаштарды өсіру арқылы орман ортасының біркелкі қалыптасуына бағытталған.
      216. Аталған аумақтарда орман орналастыру жұмыстарының ерекшеліктері ландшафттарды қалыптастыру үшін кесу жөніндегі нұсқаулармен реттеледі және бірінші орман орналастыру кеңесімен нақтыланады.

4. Параграф. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман қоры

      217. Ерекше қорғалатын табиғи орман аумақтарына арнайы мақсатта белгіленген орман қоры жерлерінің ерекше қорғау тәртібі және шаруашылықты жүргізу тәртібі реттеулі экологиялық, ғылыми, мәдени және шаруашылық құндылығы ерекше ормандар жатқызылады.


      Олардың негізгілері мыналар:
      мемлекеттік табиғи қорықтар (биосфералық және сепортер - қорықтарын қосқанда);
      мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
      мемлекеттік табиғи резерваттар;
      мемлекеттік табиғи парктер;
      мемлекеттік қорықтағы аймақтар;
      ғылыми маңызы зор, сонымен бірге генетикалық резерваттары бар орман учаскелері;
      мемлекеттік табиғи орман ескерткіші;
      аса бағалы орман алқабы;
      жаңғақ кәсіпшілік аймағы;
      жемісті орман алқаағаштары бар субальпі ормандары.
      218. Ерекше қорғалатын аумақтардағы ормандарда шаруашылықты жүргізу мақсаты және ережесі белгілі тәртіппен қабылданған нұсқаулар бойынша анықталады.
      Орман орналастыру кезінде пайдалану мақсатын есепке ала отырып, ормандағы ортаның флористикалық компонентерінің сипаттамасы беріледі биогеоценоздардың уақыты бойынша дамуын бақылау үшін сынақ алаңы салынады, өткізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының сипаты мен бекітілген ережелердің бұзылуына талдау жүргізіледі, жануарлар дүниесі тіршілігіне керек қоректі жерлердің бонитировкасы жүргізіледі.
      219. Қорғау тәртібі, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандарды мәдени – ағарту, ғылыми, туристік және басқа да мақсатта пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңмен жүзеге асырылады.
      220. Орман орналастыру кезінде белгіленген орман шаруашылық шаралары табиғи кешеннің сақталуына және антропогендік әсерден немесе табиғи апаттан бүлінген жағдайда қалпына келтірілуіне бағытталған.
      221. Орман орналастыру жұмыстары ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандардың атқаратын міндеті мен функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты. Орман орналастыру жұмыстары бірінші орман орналастыру кеңесінде нақтыланады.
      222. Табиғи ескерткіштердегі орман орналастыру жұмыстарын жүргізгенде олардың қазіргі жағдайларының сипаттамасы, ескерткіштерге белгіленген тәртіптің орындалуы, оның күтілуі мен пайдаланылуы, оған қоса сақталуы және аумақтағы өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығын қамтамасыз ету шаралары анықталады.
      223. Ғылыми маңызы бар орман учаскелеріне ғылыми және оқу орындары мен тәжірибелі шаруашылықтарға бағынышты орман қоры жерлерінің бөлігі жатады. Олар тұрақты сынақ алаңдары мен басқа да тәжірибе учаскелерінің көбісі орналасқан жүйелі ғылыми және эксперименталды зерттеулер объектісі болып табылады.
      Бұл ормандардағы далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері белгіленген және орындалатын эксперименталды жұмыстар мен ғылыми зерттеулердің тақырыбына байланысты бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталады.
      Тапсырыс берушінің талабына байланысты тұрақты сынақ алаңы мен басқа да зерттеу объектілерінде орман орналастыру кезінде тапсырыс берушінің әдістемесі бойынша ол жердегі болған өзгерісті қайта санау, талдау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тапсырыс берушінің әдістемесі бойынша әр объектіде жаңа тұрақты сынақ алаңдары мен тәжірибе учаскелері, орман орналастыру белгілері мен, ақпарат тақталары жасалады және есепке алу құжаттары (паспорттар) толтырылады.
      Өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық қызметінің ақпаратын талдау кезінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік өндіріс жұмыстарының сипаттамасы мен көлемі зерттеледі. Осы құжаттар мен бақылауларды талдау негізінде зерттеу жұмыстарының нәтижесі бағаланады.
      Осы объектілерде орман орналастыру жұмыстары орман алқабаның сақаталуы мен тарихи ландшафтты көрінісін қалпына келтіруге бағытталады. Орман алқабының аумағы тарихи қатынасы бойынша біркелкі ландшафтты учаскелерге бөлінеді. Оларда ландшафтты таксация, орман патологиялық зерттеулер, алқаағаштардың жағдайын зерттеп тану жүргізіледі.
      224. Аса құнды орман алқабына тұқымдылар құрамы бойынша бірегей және күрделі табиғи жағдайда маңызды қорғаныштық функцияларын атқаратын алқаағаштар аумағы жатады.
      Орман орналастыру белгілеген орман шаруашылық шаралары табиғи орман өсімдіктері жиынтығының сақталуына және олардың антропогендік әсерден немесе табиғи апаттан кейін тез қалпына келтірілуіне бағытталған.
      Орман орналастыру жұмыстарының ерекшеліктері бірінші орман орналастыру кеңесімен реттеледі.

5. Параграф. Мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары

      225. Мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары өз алдына мемлекеттік орман қоры санаттарына бөлінеді. Басқа мемлекеттік орман қоры санатына қосу төтенше жағдайда ғана Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен рұқсат етіледі.


      Бұл мемлекеттік орман қоры санаты айтарлықтай әртүрлілігімен, орман өсіру жағдайының экстрималдылығымен, ағаш-бұта өсімдіктерінің жолақты орналасуымен, ағаш пен бұталылардың түр құрамының көптігімен және олардың қысқа өміршеңдігімен сипатталады.
      Мемлекеттік қорғаныш орман жолақтарын түгендеу кезінде таксациялық сипаттама көрсеткіштерінің анықталуы мен бірге алқаағаштардың орман мелиоративтік жағдайын бағалау және циклін ұзарту үшін жүйелі шараларды зерттеу қарастырылады. Жолақтар ауданы 50-100 гектар орамдарға бөлінеді. Шекаралары ретінде табиғи межелер немесе кесілген соқпақтар алынады.
      226. Мемлекеттік қорғаныш орман жолақтарындағы біркелкі емес учаскелердегі телімдер, олардың конструкциясы, типі мен отырғызу тәсілі, құрамы немесе орналасу схемасы, шығу тегі, пішіні, жасы, биіктігі мен ағаш басының жанасуына байланысты бөлінеді. Ағаш пен бұталары бар телімдердің минималды размері 0,1 гектар.
      227. Алқаағаштардың қазіргі жағдайы мен орман шаруашылығының күтіп-баптау әдістерін көрсетуге арналған зерттеулер үшін сынақ алаңдары салынады (үлгілік учаскелер).
      228. Мемлекеттік қорғаныш орман жолақтарындағы орман орналастыру жұмыстарының ерекшеліктері бірінші орман орналастыру кеңесімен реттеледі.

6. Параграф. Орман аңшылық шаруашылықтары

      229. Орман аңшылық шаруашылықтары ұйымдастырылған орман қоры жерлеріндегі орман орналастыру жұмыстары осы Ережелер талабына сәйкес жүргізіледі.


      Орман орналастыру жұмыстарының қосымша ерекшеліктері бірінші орман орналастыру кеңесінде нақтыланады.
      230. Орман аңшылық шаруашылығындағы аң аулау іс әрекеті туралы мәселе аңшылық шаруашылығын орналастыру кезінде шешіледі.
      Өзі жеке жұмыс болғандықтан бөлек қаржыланады және шаруашылықты  ішіндегі аңшылық шаруашылығын орналастыру жұмыстары белгіленген арнайы нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

7. Параграф. Жеке меншік орман қоры ормандары

      231. Жеке меншік орман қорына төмендегідей ормандар жатады:


      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді пайдалануға немесе меншікке берілген жерлердегі жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаржысына егілген агромелиоративтік алқаағаштар, ені 10 метрден көп, ауданы 0,05 гектардан жоғары арнайы мақсаттағы плантациялық орман екпелері және агроорман мелиоративтік алқаағаштар.
      Орман өсіру мақсатында олар жеке қожалыққа немесе Жер кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.
      232. Жекеше орман қоры тек орманды жерлермен ғана көрсетілуі мүмкін.
      233. Бірінші және екінші техникалық кеңестер облыс әкімшіліктерінің құрылымдық орман бөлімшелерінде аймақтық органның өкілінің қатысуымен өткізіледі.
      234. Орман орналастыруға белгіленетін орманды жерлер және олардың шекаралары ішкі шаруашылықтың жер орналастыру планы бойынша анықталады да көшірме түрінде түсіріледі. Ол жер ресурстары басқармасының аудандық аймақтық органымен расталады.
      Аумақты ұйымдастыру және жұмыс технологиясы бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталады.
      Үлкен орман алқаптарында орам соқпақтары кесіліп, орам діңгектері қойылуы мүмкін. Орам көлемі тапсырыс берушінің келісімі бойынша бекітіледі.
      Кішігірім орман алаптарынан құрама орамдар құрылады. Олар жол немесе басқа да ерекше көзге түсетін жерлерге қойылған екі-үш орам діңгектері арқылы белгіленеді.
      235. Жекеше орман қорын таксациялауда да мемлекеттің орман қорын орналастырудағы нормалар пайдаланылады.

8. Параграф. Самырсын алқаағаштары

      236. Самырсын ормандарында орман орналастыру жұмыстарының мақсаты мыналар (жаңғақ кәсіпшілік аймақ):


      1) самырсын ормандарындағы су қорғау - селекциялық-тұқымдық, жаңғақ өндіру саласы мақсатындағы ормандарды анықтау және комплексті бағалау;
      2) ормансыз жерлердің және орман өсіру мүмкіндіктері бар жерлерде самырсын ормандарын қайта қалпына келтіруге жарамды жерлерді анықтау;
      3) самырсын ресурстарының және пайдалы қасиеттерінің пайдаланылуын, сондай-ақ ұдайы өндірілуін қамтамасыз ететін шараларды белгілеу;
      237. Самырсынға барлық топ жасындағы алқаағаштар және құрамында сібір самырсыны 3 бірліктен немесе оданда көп болған алқаағаштар кіреді.
      238. Туынды типті, өнімділігі жоғары самырсын ормандарының құрылуын қамтамасыз ететін барлық жас топтарындағы самырсын өскіні немесе екінші қабаты бар ормандар жеке телімдерге бөлінеді.
      239. Самырсын алқаағаштарында өткен тексеру кезеңіндегі орман шаруашылығының жүргізілуі мұқият зерттеледі.
      Самырсын ағаштарында орманды күту жұмыстарының жүргізілу сапасы мен олардың нәтижелері анықталады.
      240. Орман орналастыру кезінде самырсын алқаағаштарының жемістенуіне баға беріледі.
      Жүргізілетін іс-шаралардың әсері бақылауға алынады, сондай-ақ самырсын сүрекдіңіне байланысты жаңғақ дайындау тәсілдері қолданылады. Жыл сайын жергілікті тұрғындар мен мекемелердің самырсын жаңғағын дайындау көлемі анықталады.
      241. Орман орналастыру жұмыстарын ерекшеліктері бірінші орман орналастыру кеңесінде нақтыланады.

9. Параграф. Емен алқаағаштары

      242. Емен алқаағаштарына баға бергенде биік немесе аласа діңділерге жатқызылуына, сондай-ақ олардың қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Биік діңді алқаағаштарға тұқым арқылы өскен ағаштар жатқызылады.


      243. Барлық жас топтарында құрамында емен 4 бірлік не одан да көп болса, ол басым тұқым болып саналады, ал жас ағаштарда 3 бірлік не одан жоғары болады.
      244. Орманды таксациялау кезінде өнімділігі жоғары бірінші класс тауарлық алқаағаштар және плюстік, жақсы діңді, ауыруы жоқ ағаш жоғары генетикалық тұқым алу үшін анықталады.
      245. Таксациямен бірге алқаағаштардың орман патологиялық жағдайы да анықталады. Егер зиянкестер ошағы табылған жағдайда арнайы орман патологиялық тексеру жұмыстары белгіленеді.
      246. Емен алқаағаштарын таксациялауда да сол барлық орман қорында пайдаланылатын орман орналастыру нормалары қабылданады.

10. Параграф. Радиациялық және өндірістік қалдықтарға ұшыраған алқаағаштар

      247. Радиациялық және өндіріс қалдықтарымен ластанған алқаағаштарды орналастыру кезіндегі орман орналастырудың негізгі міндеттері мыналар:


      1) ластанған жерлерді анықтау;
      2) ластанған түрін анықтау;
      3) ластанған аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында шаруашылық іс-шараларын белгілеу.
      248. Орман орналастыру жұмыстары кезінде орманды ортада зиянды қалдықтар мен негізгі зиянды улы ластауыш заттар анықталады және алқаағаштардың экологиялық жағдайын бақылау, бағалау және тексеріп отыру үшін бақылау алаңдары салынады (жерді бақылау пункттері).
      249. Орман орналастыру жұмыстарының технологиясы, талаптары және тәртібі, әртүрлі өндірістік қалдықтармен және радионуклидтармен ластанған аймақтарда орман шаруашылығын жүргізу және орманды пайдалану тәртібі арнайы тапсырмамен анықталады және бірінші орман орналастыру кеңесінде нақтыланады.

11. Параграф. Жеміс ағаштары және бұталар

      250. Қазақстан Республикасы аумағында төмендегідей жеміс-жидек алқаағаштары өседі: алма, өрік, алмұрт, долана, шетен, мойыл және тағы басқалары. Бұталы жеміс ағаштары: бөріқарақат, қарақат, шырғанақ, таңқурай, пісте, алша, шие, итмұрын және тағы басқа бұл аймаққа тән жеміс-жидек ағаштары.


      251. Жеміс-жидек алқаағаштары және бұталар екпелі (жасанды жолмен) немесе табиғи (жабайы) болып бөлінеді. Олар жоғары қатардағы алқаағаштармен (көктерек, сирек қайың) бірге өседі, ал су жайылмаларындағылар терекпен бірге өседі.
      Жемісті бұталар әртүрлі құрылымы мен толымдылығына байланысты орман астарында өседі.
      Жабайы өсетін сүрекдіңді алқаағаштардың ішінде сиверс алмасы басым болып табылады.
      252. Жеміс–жидек алқаағаштары мен бұталарындағы орман орналастыру жұмыстарының негізгі мақсаттары мыналар:
      1) жабайы және екпе жеміс тұқымдыларымен қамтылған жерлердің ауданын анықтау;
      2) бақ немесе орман екпелерін егетін орманмен қамтылмаған орманды жерлерді есепке алу;
      3) жеміс–жидектің өнімділігін анықтау.
      253. Жеміс–жидекті алқаағаштар мен бұталардың жалпы таксациялық көрсеткіші мен бірге әр телімге қосымша мыналар анықталады:
      1) бір гектардағы ағаштар мен бұталардың өсу саны;
      2) жалпы санының ішіндегі жеміс беретін түрлердің жалпы пайызы.
      254. Жеміс–жидекті сүрекдіңінің құрамы қоры бойынша емес, орман астарындағы сүрекдіңнің ауданы бойынша анықталады.
      255. Жеміс–жидек бұталарының толымдығы орман қолтығының бірігу деңгейі бойынша анықталады, ал құрамы солардың үлесі арқылы анықталады.
      Жеміс–жидек алқаағаштары мен бұталарының құрамындағы үлесі 3 данадан немесе оданда көп болса, олар жемістілерге жатқызылады.
      256. Орман орналастыру кезінде жеміс-жидек алқаағаштарының жемістенуі зерттеледі. Осы мақсатта теңіз деңгейінен түрлі биіктіктегі ағаштардың орналасуы мен түрлі толымдылығына байланысты байқау алаңдары салынады.
      Сынақ алаңдарын салу кезінде әдеттегі өлшеулермен бірге ұшар басы проекциясының диаметрі мен жемістену деңгейі анықталады және діңдер даму топтары бойынша бөлінеді.
      257. Жеміс–жидек алқаағаштары мен бұталарын таксациялауда жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерімен бірге әдеттегі орман орналастыру нормалары қолданылады.

12. Параграф. Топырақ–типологиялық негізіндегі орман орналастыру

      258. Топырақ-типологиялық орман орналастыру шаруашылық іс шаралары толық көлемде орындалып, орманды түрлі мақсатта пайдалану ұйымдастырылған, әртүрлі кесу түрлерінің ағаш сүрегі мен сүрексіз шикізаты толық пайдаланылатын және орман күзеті мен қорғау функциялары сақталатын жоғары деңгейдегі орман шаруашылығында жүргізіледі.


      Орман орналастыру топырақ-типологиялық негізінде жүргізілген жағдайда орман орналастыру жобасы толықтырылған бағдарлама бойынша жасалады. Онда орман өнімділігін арттыруға бағытталған жүйелі іс шаралары қарастырылады және орманды жерлердің өнімділігін мүмкіндігінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі.
      Топырақ-типологиялық негізіндегі орман орналастыру тиісті жағдайлар бар болған жағдайда учаскелік әдісімен жүргізілуі мүмкін.
      259. Топырақ-типологиялық негізіндегі орман орналастырудың жұмыс көлемі мен объектісі өкілетті органдармен анықталады және орман иеленушілермен тікелей келісім бойынша орындалады.
      260. Топырақ-типологиялық зерттеу құрамында қажетті дәрежедегі мамандар мен керекті материалдық базасы бар орман орналастыру ұйымдарымен орындалады.
      Топырақ-типологиялық зерттеу ереже бойынша орман орналастыру алдындағы жылы дайындық жұмыстарымен қатар арнайы әдістермен жүргізіледі.
      261. Топырақты зерттеудегі негізгі таксономикалық бірлік ретінде топырақтың түрлілігі алынады. Ол топырақ тануда қабылданған белгілері бойынша анықталады. Топырақ-типологиялық бірлігі ретінде орман жағдайының типі алынады.
      Шаруашылық-экономикалық бірлігі ретінде топырақ әртүрлілігін механикалық, агрохимиялық көрсеткіштері, типологиялық құрылымы мен шаруашылық шаралардың бағыты бойынша біріктіретін топырақ-типологиялық топ алынады.
      262. Топырақ-типологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін төмендегідей жұмыстар істелінеді:
      1) орман өсу жағдайы типінің құрылу ерекшеліктерінің заңдылығы немесе жер бедеріне байланысты орман типтерінің тобы, топырағы, климаты және өсімдігі анықталады;
      2) топырақ планы және орманшылық бойынша орман типінің тобына 1:10000 масштабпен немесе топырақ-типологиялық топтары түсірілген топырақ планы, топырақ және орман типтерінің тобына жалпы орманшылық бойынша 1:25000 масштабта, ал объекті бойынша 1:50000 масштабта план жасалады;
      3) топырақтың орман өсіру қасиеті және онда әртүрлі ағаш тұқымдыларын өсіру тиімділігі анықталады;
      4) топырақ-типологиялық топ ішінен басты кесу жасындағы әр түрлі сүрекдіңді түрлердің өнімділігі жоғары, мақсаттағы алқаағаштардың таксациялық параметрі (белгілері) және өсіру көрсеткіштерінің тиімділігіне байланысты сүрекдіңнің таксалық бағасы және оны өсіруге кеткен шығын анықталады;
      5) топырақ-типологиялық тұқымдылар үшін олардың тиімділігін ескере отырып, негізгі сүрекдіңді тұқымдарды іріктеу іске асырылады;
      6) орман тұқымдыларының оңтайлы тұқымдық құрылымы және олардың жетістігін қамтамасыз ететін жүйелі іс-шаралары анықталады.
      263. Көрсетілген зерттеулер топырақ-типологиялық негізіндегі орман орналастыруды жүргізуде қолданылады.
      Топырақ-типологиялық ситуациясы фотоабриске (милиметірлік қағаз бен восковкаға) түсіріледі және сол арқылы таксациялық жолдың орналасуы және таксациялық телімдердің шекарасы белгіленеді.
      Шаруашылық нұсқаулар негізгі шаруашылықты жүргізуге байланысты топырақ-типологиялық топтың шегінде белгіленеді.
      Бұл орман өнімділігін арттыратын тұқымдылар құрылымын жақсартуға бағытталған жүйелі шаруашылық іс–шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет