Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 29 қараша №362-Ө Астана қаласы «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысандары мен оларды беру қағидаларын бекіту туралы»



жүктеу 36.69 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі36.69 Kb.


Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бұйрығы
2013 жылғы 29 қараша №362-Ө Астана қаласы
«Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысандары мен оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысандары мен оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығына (Нормативтік-кұқытық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 6261 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011жылы 2 сәуірдегі № 124-127 (26529) сандарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшы куәлігі нысанында:

4-парақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«4-парақ

(куәлік мұқабасының ішкі оң жағына желімделеді)

Куәлік тіркелді:

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж. »;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Аңшы куәлiгiн тұрғылықты жері бойынша 10 жылға аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) филиалдары мен өкілдіктері бередi.

Аңшы куәліктерін жыл сайын тіркеуді қауымдастық жүргізеді.»;

5-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Жеке тұлғалар аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғанға дейін аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өтедi.


Аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өткеннен кейін жеке тұлғаға қолданылумерзімі 1 жылдық сертификат беріледі, осы мерзім ішінде жеке тұлға аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырады.»;

6-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Аңшы куәлiгiн алу үшiн жеке тұлғалар қауымдастық филиалына немесе өкілдігіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама ұсынады.

Сауалнамаға мына құжаттар қоса тіркеледі:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік азаматтар үшін – төлқұжатының және Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі)»;

2) көлемi 3x4 сантиметр фотосуреттер (түрлi-түстi) - 3 дана;

3) аңшылық минимум бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттың көшiрмесі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін.)»;

14-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«14. Аңшы куәлігінің берілуі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы куәлігін беру журналында тiркеледi.

Аңшы куәлігін беру және жыл сайын тіркеу кезінде ол осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы мөрмен (бұдан әрі – арнайы мөр) куәландырылады.»;

Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларына 1-қосымшаның 3-тармағының екінші бөлігі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«Аңшы куәлігі тіркелді:

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж.

«___» ____________ 20___ж. «___»_______________ 20___ж. »;

4-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Табиғи ресурстар департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекет тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интерне- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.ҚАППАРОВ.
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің

2013 жылғы 29 қарашадағы № 362-Ө бұйрығынақосымша


Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларына 4-1-қосымша
Аңшы куәлігіне арналған мөрдің

ЭСКИЗІ

Ескертпе:

Мөр дөңгелек пішінді болып келеді, мөрдің диаметрі 25 миллиметр, ішкі диаметрі 15 миллиметр. Сыртқы және ішкі диаметрінің аралығында мемлекеттік тілде «Қансонар» қауымдастығы» деген жазу, ішкі шеңбердің ортасында мемлекеттік тілде «Аңшы куәлігіне арналған мөр» деген жазулар бар.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9006 болып енгізілді.


: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет