Азақстан республикасының Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «еуразия су орталығЫ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» акционерлік қОҒамы



жүктеу 2.79 Mb.
бет1/16
Дата03.05.2016
өлшемі2.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ
«ЕУРАЗИЯ СУ ОРТАЛЫҒЫ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІК»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

УДК 504.064

Мемлекеттік тіркеу №

Түг. №

БЕКІТЕМІН

Қазақстан Республикасының

қоршаған ортаны қорғау

вице-министрі

____________________ Ысқақов М.Н.

«___»_________________2012 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011 ЖЫЛЫ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯСЫН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА
«Қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту ужәне Қазақстан Республикасының орнықты дамуына көшуін қамтамасыз ету бойынша қызметтер»

№ 001 бағдарламасы


(2012 жылғы 22 қазандағы №07-1-191 ҚР ҚОҚМ келісім)

«Еуразия су орталығы» ҒӨБ» АҚ

Бас директоры Б.Қ. Бекнияз






Астана 2012 жыл




ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ

Орындаушы:

Географиялық ғылымдар кандидаты


__________________



Ахметов С.К.










С.Ахметов




























МАЗМҰН






РЕФЕРАТ


4




БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


5




КІРІСПЕ


6

1-ШІ БӨЛІМ

ТЕГЕРАН КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ

7




Тегеран конвенциясының Тараптар Конференциясының бірінші сессиясы

7




Тегеран конвенциясының Тараптар Конференциясының екінші сессиясы

8




Тегеран конвенциясының Тараптар Конференциясының үшінші сессиясы

9




Тегеран конвенциясының Тараптар Конференциясының төртінші сессиясы

10

2-ШІ БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕГЕРАН КОНВЕНЦИЯСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ІС-ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ

13




Жалпы мәлімет

13




Жалпы ережелер

14




Тегеран конвенциясы мен оның хаттамаларын орындауға бағытталған іс-әрекетке шолу

18

3-ШІ БӨЛІМ

ТЕГЕРАН КОНВЕНЦИЯСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША

ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ


42




ҚОРЫТЫНДЫ


44




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКНАМА ТІЗІМІ


45




А ҚОСЫМШАСЫ

46




Б ҚОСЫМШАСЫ

59




В ҚОСЫМШАСЫ

87




Г ҚОСЫМШАСЫ

102




Д ҚОСЫМШАСЫ

127




Е ҚОСЫМШАСЫ

165


РЕФЕРАТ

Қаспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны орындау жөніндегі ұлттық баяндама 45 бетте – есеп, 120 бетте – қосымшаларды қоса алғанда 165 бет қөлемінде дайындалған.

Баяндамада мынадай негізгі сөздер тізбесі пайдалылғын: ОРЫНДАУ, ТЕГЕРАН КОНВЕНЦИЯСЫ, КОНФЕРЕНЦИЯ ТАРАПТАРЫ, ХАТТАМАЛАР, КОНВЕНЦИЯ ХАТШЫЛЫҒЫ, БОЛДЫРМАУ, БӘСЕҢДЕТУ, БАҚЫЛАУ, КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЛАСТАНУЫ, ҚОРҒАУ, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР, ҰЛТТЫҚ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ.

Баяндама Қазақстанның Тегеран конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-әрекетіне шолу жасау мақсатында дайындалған. Құжатта Тегеран конвенциясының Тараптары Конференциясының қабылдаған шешімдеріне, ҚР экологиялық заңнамасына және Қазақстанның Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғауға бағытталған бағдарламалық құжаттарына сараптама жасалған. Баяндаманы әзірлей мақсатында ҚР мүдделі мемлекеттік органдарына сұранымдар жіберілген. Ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, көлік және коммуникация, мұнай және газ, білім және ғылым министрліктерінен, Атырау және Маңғыстау облысы әкімшіліктерінен, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғауға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат алынған. Тегеран конвенциясын жүзеге асыру бойынша басымды іс-қимыл бағыттары жөнінде бір қатар ұсыныстар берілген.



Баяндама мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған. Баяндамада Тегеран конвенциясының http://www.tehranconvention.org сайтында жарияланған материалдар (шешімдер, министрлердің мәлімдемелері, анықтамалар), «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінінің http://adilet.minjust.kz сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, тиісті ҚР Президентінің жарлықтары мен ҚР Үкіметінің қаулыларын қоса алғанда, бір қатар нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ ҚР мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараты қолданылған.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚ

-

Акционерлік қоғам

АҚШ

-

Америка Құрама Штаттары

БҰҰДБ

-

БҰҰ Даму Бағдарламасы

ЕО

-

Еуропалық Одақ

ЖШС

-

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖЭҚ

-

Жаһандық экологиялық қор

КСІБ

-

Конвенция бойынша стратегиялық іс-қимыл бағдарламасы

КЭБ

-

Каспий экологиялық бағдарламасы

ҚКК

-

Қалалық коммуналдық кәсіпорын

ҚОӘБ

-

Қоршаған ортаға әсерді бағалау

ҚОМБ

-

Қоршаған орта мониторингі бағдарламасы

ҚР ҚОҚМ

-

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

РМК

-

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

ТК

-

Тегеран конвенциясы Тараптарының Конференциясы

ҰКІЖ

-

Ұлттық каспийлік іс-қимыл жоспары

ФАО

-

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы

ХТҰ

-

Халықаралық теңіз ұйымы

ЮНЕП

-

БҰҰ Ұоршаған орта жөніндегі бағдарламасы

ЮНОПС

-

БҰҰ жобаларға қызмет ету жөніндегі басқармасы



КІРІСПЕ
Каспий теңiзi жер бетіндегі ең үлкен ағынсыз суат болып табылады. Каспий теңiзiнiң ерекше климаттық шарттары мен тұздылығына байланысты оңашалығы оның сирек кездесетiн экосистемаға айналуына әкелді. Каспийде 400 шақты биологиялық түрлердi мекендейдi.

Соңғы он жылдықтарда Каспий теңізінің қоршаған ортасына антропогеді жүктеме күшеюде. Теңiзде және жағалаудағы аймақта геологиялық барлау мен мұнайды шығару жұмыстары жүргізілуде, айдын бойынша қарқынды көлiк жолдары өтедi. Теңiз деңгейінің көтерілуіне байланысты консервiленген мұнай ұңғымалары және жағалаудағы мұнай кәсiптерi, барлау ұңғымалары мен көлік құрылғыларындағы, сонымен бiрге ластайтын заттардың шекарааралық тасымалдаулары Каспий теңізіне үлкен потенциалды қауіп төндіруде. Каспий теңізі алуан түрлi көздерден ластануда, олар барлық каспий маңындағы мемлекеттердiң теңiздегi айдындарын қоса алғанда олардың аумағында орналасқан.

Каспий маңындағы елдер тек қана тиiмдi аймақтық ынтымақтастық арқылы Каспийдің сирек кездесетiн экожүйесін сақтау мүмкiн екендігін түсіне отырып, 2003 жылғы қарашада Тегеран қаласында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғауға арналған негізігі құрал болып табылатын Каспий теңiзiнiң теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға (Тегеран конвенциясы) қол қойған. Тегеран конвенциясы жалпы талаптар мен институционалдық тетiктерді қамтитын жалпы құқықтық негіз болып табылатын жалғыз ғана құқықтық халықаралық құжат. Конвенцияның мақсаты қорғау, сақтау, қалпына келтiру, Каспий теңiзiнiң биологиялық қорларын орнықты және тиiмдi пайдалануды қоса алғанда оны барлық ластрану көздерінен қорғау болып табылады. Ол алдын алу, «ластаушы төлейді» және қол жетімді ашық ақпарат қағидаларын қоса алғанда бүкiл әлемде танылған экологиялық стандарттарға негiзделген. Конвенция орнықты даму қағидаларына сәйкес Каспий теңiзiнiң биологиялық қорларын тиімді пайдалану, теңіз ортасына әсердi бағалау, теңiз ортасының күйiн бақылау, ғылыми зерттеулер және теңiз ортасын ластанудан қорғау әдiстерiн дамыту ұйғарымдарын қамтиды. Сондай-ақ, Тегеран конвенциясына сәйкес қойылған мақсаттарға жету үшiн барлық шараларды жеке немесе бiрлесіп қабылау және тиiстi халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу міндеті каспий маңындағы мемлекеттеріне жүктелген.

Конвенцияның ережелерін орындау бойынша нақты шаралар, процедуралар және стандарттарды қамтитын хаттамаларды әзірлеуді қоса алғанда Конвенция тараптардың Каспий теңiзiнiң экологиялық мәселелерiнiң кең спектрi бойынша ынтымақтасуын ескередi.

Тегеран конвенциясы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы №97 заңымен бекiтiлген. «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны жүзеге асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамызындағы №749 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Конвенцияның Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуын үйлестіретін ұлттық орган ретінде анықталған.

Осы есеп Тегеран конвенциясының Қазақстан Республикасында орындалуы туралы бiрiншi ұлттық баяндамасы болып табылады. Баяндама 2011 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында Тараптар конференциясының Үшiншi сессиясында қабылданған стандартты есеп үлгісіне (Е Қосымшасын қараңыз) сәйкес дайындалған. Есеп Қазақстан Республикасының заңнамасын, программалық құжаттар, жоспарлар, декларациялар және тағы басқа құжаттарды талдау арқылы дайындалған.



1-ШІ БӨЛІМ. ТЕГЕРАН КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ
Барлық қатысушылар - бес каспий маңындағы мемлекеттер Тегеран конвенциясын бекiткеннен кейiн ол 2006 жылғы 12 тамызда күшiне енген. Конвенцияның 22-шi бабына сәйкес Тараптар конференциясының (ТК) Бiрiншi сессиясы 2007 жылдың мамырында Баку қаласында, Әзiрбайжанда шақырылды. Конвенция күшіне енген кезден бастап ТК төрт сессиясы өткізілді.

Бiрiншi сессияда ұйымдастырушылық - процедуралық мәселелерге қатысты ТК алғашқы шешімдері қабылданған, екiншi сессияда Конвенцияны орындау жөнiндегi стратегиялық құжат - Конвенция бойынша Стратегиялық iс-қимыл бағдарламасы қабылданған, ал одан кейінгі сессияларда Каспий теңiзiн жер үсті көздерінен ластанудан қорғау және теңіздегі ірі мұнай төгілістеріне байланысты жағдайларында Тараптардың бірлесіп әрекеттесуiне заңды негiз болатын Конвенцияның екi хаттамасы – Ақтау хаттамасы мен Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау туралы хаттамаға қол қойылды.


Тегеран конвенциясының Тараптары конференциясының Бірінші сессиясы
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның (Тегеран Конвенциясы) Тараптары конференциясының Бірінші сессиясы 2007 жылғы 23 -25 мамыр аралығында Баку қаласында. Әзірбайжанда өтті.

ТК Бiрiншi сессиясына дайындық бөлiгi 2007 жылғы 23-24 мамыр аралығында Гюлистан сарайында өттi, ал жоғары сегмент 2007 жылғы 25 мамырда Excelsior отелінде ұйымдастырылды. Бiрiншi сессияның жұмысына Тегеран конвенциясы тараптары - бес каспий маңындағы мемлекеттер - Әзiрбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрiкменстанның өкiлеттi өкiлдерi, сонымен бiрге БҰҰДБ, ЮНЕП, ЮНОПС, Дүниежүзілік Банк, ХТҰ, ФАО, ЕҚ, Каспий экологиялық бағдарламасы, Bringing Environmental Understanding to All Ислам Иран Республикасының үкiметтiк емес ұйымы және British Petroleumнiң мұнай компаниясын қоса алғанда, мемлекетаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың бақылаушылары қатысты.

ТК Бірінші сессиясының күн тәртібіне сегіз мәселе енгізіліп, олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

1. Рәсімдер ережелерін қабылдау. Рәсімдер ережелерін қабылдауды көздейтін Тегеран конвенциясының 22 бабы (c)-тармағына сәйкес Конвенцияның уақытша хатшылығы халықаралық келiсiмшарттардың басқарушы органдарының тәжiрибесiндегi халықаралық нормалардың негізінде және Тегеран конвенциясының ерекшелiгi және Каспий маңындағы елдерiдiң Каспий экологиялық бағдарламасының аясындағы ынтымақтастық рәсім тәжiрибесiн есепке ала отырып, ТК рәсімдері ережелерiнiң жобасын әзірлеген. Рәсімдер ережелерiнiң жобасы 2005 жылғы 9-12 наурызыда және 2006 жылғы 7-8 желтоқсанда Мәскеу қаласында, Ресей Федерациясында өткен үкiметтер ресми тағайындаған сарапшылардың екi аймақтық кеңестерiнде қарастырылып, пысықталған.

ТК қатысушылары рәсімдер ережелерiнің жобасын жан-жақты талқылап, оған бірқатар түзетулердi келiскеннен кейiн ережелердің кейбір элементтерi ТК Екінші сессиясында қарастырылады деген ұйғарымымен оны бекітті.



2. Қаржы ережелерін қабылдау. Тегеран конвенциясының 22 бабы 9 (c)-тармағына сәйкес Тараптар конференциясы өзi және өзінің қосалқы органдары үшiн Қаржы ережелерi бойынша шешiмдi қабылдайды. Осыған орай Конвенцияның уақытша хатшылығы қолданыстағы халықаралық келiсiмшарттардың органдарының қызметіне байланысты халықаралық нормалар мен тәжiрибесінің негізінде Қаржы ережелерiнiң жобасын дайындаған. Қаржы ережелерiнiң жобасы үкiметтер ресми тағайындаған сарапшылардың 2005 жылғы 9-12 наурыз және 2006 жылғы 7-8 желтоқсанда Мәскеу қаласында, Ресей Федерациясында өткен аймақтық кеңестерінде қарастыруға ұсынылған, бірақ жоба талқыланбаған. Тараптар жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарын жазбаша түрде жолдаған.

Осы мәселені қарастыру мақсатында Бірінші сессияның шеңберінде жұмыс тобы құрылды. Оның жұмысының нәтижесі бойынша құжат пысықталып, ТК шешімімен қабылданды. Тараптар Уақытша хатшылықтан бірінші қаржы мерзімге Конвенция бюджетін әзірлеуді сұрады.



3. Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция бойынша жұмыстар бағдарламасы. Уақытша хатшылық әзірлеген және үкiметтер ресми тағайындаған сарапшылардың 2006 жылғы 7-8 желтоқсандағы Мәскеу қаласында, Ресей Федерациясында өткен аймақтық кеңестерінде үйлестірілген Тараптар конференциясының бiрiншi және екiншi сессияларының арасындағы мерзiмге арналған жұмыстар бағдарламасының жобасы Конференцияға ұсынылды. Тараптар конференцияның екiншi сессиясына дайындық, Конвенция бойынша іс-әрекет жоспарын мен ұлттық іс-әрекет жоспарларын әзірлеу, сонымен бірге басымды саладағы хаттамалардың жобалары бойынша жұмысты аяқтау сияқты бір қатар іс-шараны қамтитын Конвенцияның бір жылдық бағдарламасы ТК шешімімен қабылданды.

4. Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның ұйымдық құрылымдары.. Осы мәселе жөнінде ТК қатысушылары бір қатар талқылаулар мен келiссөздер жүргiздi, бірақ олардың қорытындысы бойынша келiсiмге қол жеткізе алмады. Конвенцияның ұйымдық құрылымдар мәселесі бойынша шешім қабылдауды тез аяқтау мақсатында осы мәселені Тараптар конференциясының екінші және одан кейінгі сессиялырында талқылау туралы шешім қабылданды және тұрақты хатшылықтың орналасуы мәселесі шешілгенше ЮНЕП-тен уақытша хатшылық функциясын орындауын жалғастыруды сұрады.



5. Конвенция бюджетіне жарналар. ТК Тараптардың Конвениция бюджетіне арналған жарналарының сомасын белгіледі. Конвенцияға ұжымдық жарна сомасы 360 000 АҚШ долларын құрады, ал жарнаның Тараптар арасында бөлінген сомасы 72 000 АҚШ долдарын құрады.

6. Басқа мәселелер. Тараптар конференциясының Екінші сессиясын 2008 жылдың бірінші жартысында Иран Ислам Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.

ТК жоғары сегмент жұмысының барысында делегация басшылары Бірінші сессияның қорытынды құжаты –министрлер мәлімдемесін (А Қосымшасын қараңыз) қабылдады, оған сәйкес Тараптар өздерінің мынадай нитеттерін білдірді:

- Екінші сессияда Тегеран конвенциясының үш хаттамаласына қол қою мақсатында олар бойынша аймақтық келiссөздердi жалғастыру, соның ішінде Биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттамасы (Г Қосымшасын қараңыз), Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау туралы хаттамасы (Б Қосымшасын қараңыз), Қоршаған ортаға әсерді трансшекаралық тұрғыдан бағалау туралы хаттамасы (В Қосымшасын қараңыз) бойынша, сонымен бiрге Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманың мақұлдауын үдету;

- Уақытша хатшылықты балықшылықпен Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғаудың арасындағы өзара байланыс туралы шолу құжатын Тараптар конференциясының Екiншi сессиясына дейін дайындауды сұрау;

- конвенцияның тұрақты хатшылығы құрылғынға дейін Уақытша хатшылық функциясын орындауын жалғастыруды және Конвенцияның ұйымдық құрылымдарына байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдануын тездету мақсатында осы мәселелерді Тараптар конференциясының екінші және одан кейінгі сессиялырында талқылауды жалғастыруды ЮНЕП-тен сұрау;

- Тегеранской конвенциясының 2009 жылғы бюджетіне 360.000 АҚШ долларын ұжымды қамтамасыз ету.

- Иран Ислам Республикасының Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның күшіне енгенінің бiрiншi жылдық мерекесін 2007 жылғы 12 тамызда атап өту шақыруын қолдау және. Тараптар конференциясының екiншi сессиясын 2008 жылдың бiрiншi жартысында Иран Ислам Республикасында өткізуге келісу.



Тегеран конвенциясының Тараптары конференциясының Екінші сессиясы
Тегеран Конвенциясының Тараптары конференциясының Екінші сессиясы 2008 жылғы 10-12 қараша аралығында Тегеран қаласында, Иран Ислам Республикасында, халықаралық конференцияларға арналған «Райизан» кешенінде өтті. Сессияға Тегеран конвенциясының бес Уағдаласушв Тараптарының өкілдері және БҰҰДБ, ЕҚ, ФАО, Қара теңізді қорғау жөніндегі комиссия, Каспий экологиялық бағдарламасын қоса алғанда үкіметаралық және үкіметтік емес ұйыдардың өкілдері қатысты.

ТК Екінші сессиясында негізгі үш құжат ұсынылды – Стратегиялық іс-қимыл бағдарламасы, Конвенция бойынша жұмыстар бағдарламасы және министрлер мәлімдемесі

Тегеран конвенциясының 18-шi бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзiнiң теңiз ортасының ластануын болдырмау, азайту, бақылау және оны қорғау, сақтау, қалпына келтіру мақсатында, іс-қимыл жоспарын дайындау бойынша ынтымақтасуға мiндеттейдi. Осы баптағы міндеттемені орындау мақсатында ТК бiрiншi сессиясындағы министрлердің мәлімдемесіндегі Каспий экологиялық бағдарламасын және оның құралдарын Тегеран конвенциясының мақсаттарына сәйкестендіру қажеттiлiгін растауын назарға ала отырып, Конвенцияның стратегиялық жоспарының негiзінде іс-қимыл жоспарының жобасы дайындалды. Жоба Үкiметтердің ресми тағайындаған сарапшыларының 2008 жылғы 5-6 мамыр аралығында Баку қаласында, Әзiрбайжанда өткен және 2008 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, Қазақстан Республикасында өткен Екінші сессияға дайындық жөніндегі отырысында қарастырылған. Қарастыру барысында жоспарды «Конвенцияның Стратегиялық iс-қимыл бағдарламасына» (КСІБ) өзгерту және оны он жылдық мерзiмге Тегеран конвенциясымен оның хаттамаларын iске асыру үшін жан-жақты, ұзақ мерзiмдi күн тәртiбi және негіз ретінде тану қажеттілігі келісілген.

КСІБ қабылдау барысында Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасының аясында аймақтық орталық құру мәселесіне ерекше назар аударылды

Талқылаулардың қорытындысы бойынша Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттамасының жобасын дайындау жұмысын аяқтау барысында аймақтық орталық туралы мәселе бойынша шешім қабылданады деген ұғыммен ол туралы ескертпе тiк жақшаларда қалдырылды.

Сонымен бiрге, хаттамалар бойынша жұмысты аяқтау, Конвенцияны іске асыру бойынша аймақтық және ұлттық жоспарларды әзірлеу және ТК Үшiншi сессиясына дайындық іс-шараларын қамтитын 2009 жылғы қаңтардан 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзiмге арналған Конвенцияның жұмыс бағдарламасын қабылдады. Осы құжатты қабылдау барысында Тараптар Конвенцияның бюджетiне 360 000 АҚШ доллары көлеміндегі ұжымды жарналарын қамтамасыз етуді растады.

Министрлер мәлімдемесінде Уағдаласушы Тараптар басымды төрт хаттама бойынша келіссөздерді аяқтау, КСІБ ұлттық іс-қимыл жоспарларын қабылдау арқылы іске асыру және Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімді дайындау әрекеттерін жалғастыруға ниет білдірді (А Қосымшасын қараңыз). Конвенцияның ұйым құрылымдары мәселесі бойынша Тараптар тұрақты хатшылық мәселесін тез арада шешуге келісіп, ЮНЕП-тен хатшылық функцияларын орындауын жалғастыруды сұрады.

Сондай-ақ, Тараптар ТК сессияларын екі жылда бір рет өткізуге және Үшінші сессияны Қазақстанда өткізуге келісті.




Тегеран конвенциясының Тараптары конференциясының Үшінші сессиясы
Тегеран конвенциясының Тараптары конференциясының Үшінші сессиясы 2011 жылғы 10-12 тамыз аралығында Ақтау қаласында, Қазақстан Республикасында өтті.

Осы сессияның күн тәртiбiне Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық, Қоршаған ортаға әсерді трансшекаралық тұрғыдан бағалау, Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау және Биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттамаларын қабылдау және қол қою жөніндегі мәселелер енгізілді, сондай-ақ конвенцияның тұрақты хатшылықтың орны, жұмыстардың бағдарламасы, бюджет және тағы басқа мәселелерді талқылап олар бойынша шешiм қабылдау жоспарланған.

Жоғары сегмент барысындағы қарқынды пiкiрталастардың қорытындылары бойынша бiр ғана хаттаманың мәтiнi бойынша келiсiмге қол жеткізілді, ол - Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттама. Ақтау атауы берілген хаттамаға Әзiрбайжан, Иран, Қазақстан және Ресейдің өкiлеттi өкiлдері қол қойды.

Ақтау хаттамасы Тегеран конвенциясының 6, 8 және 9-баптарына сәйкес дайындалған. Хаттаманың мақсаты Каспий теңізінің түбіндегі әрекеттің салдарынан және жер бетiндегi көздерден, кемелерден теңізідің мұнаймен ластануы жағдайындағы әзірлік, ден қою және ынтымақтастықты қамтамасыз ететін өңірлік шараларды жасау болып табылады. Хаттама Каспий маңындағы елдерді мұнайдың төгілуіне байланысты тосын оқиғаларға ден қоюға әзірлікті қамтамасыз ету етуi бойынша жеке-жеке немесе бірлесіп барлық тиiстi шараларды қабылдауға мiндеттейдi. Хаттаманы іске асыру мақсатында теңіздің мұнаймен ластануына қарсы күресу бойынша өңірлік ынтымақтастық жөніндегі жоспар әзірленеді, ұлттық жедел мұнай төгілуіне ден қою жүйелерi құрылады, теңіздің мұнаймен ластануына әкеліп соғатын ірі тосын оқиғалар туралы ақпарат, сондай-ақ мұнаймен ластануды болдырмайтын жаңа әдiстер, мұнай ластанулары бар күрестiң жаңа тиiмдi шаралары туралы, зерттеу бағдарламаларының нәтижелерін қоса алғанда мұнаймен ластануға қарсы күрестің жаңа тиімді шаралары туралы ақпарат басқа Уағдаласушы тараптарға жіберілетін болады.

Каспий маңы елдерінің Хаттамаға қол қоюы Каспий теңiзінің ортасын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың шеңберлерiн кеңейту және оның сирек кездесетiн экожүйесін болашақ ұрпақтар үшін сақтау талпынысына куә болды.

ТК Үшiншi сессияның қорытындылары бойынша Конвенцияның жұмыстар бағдарламаласы, оның бюджетi және министрлердің мәлімдемесі қабылданды. Мәлімдемеде Тараптар хаттамалардың бойынша үстiнде жұмысты бiтiру және конвенцияның тұрақты хатшылығының орны жөніндегі шешімді 2012 жылы Ресей Федерациясында өтетін ТК Төртiншi сессиясына дейін қабылдау туралы ниеттерін растады (А Қосымшасын қараңыз).


Тегеран конвенциясының Тараптары Конференциясының Төртінші сессиясы
Тегеран Конвенциясы Тараптары конференциясының Төртінші сессиясы 2012 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында Мәскеу қаласында, Ресей Федерациясында өтті. Сессияның жұмысына РФ Табиғи ресурстар және экология министрі Сергей Донской, Әзірбайжан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Рауф Хаджиев, Ислам Иран Республикасының вице-президенті және қоршаған ортаны қорғауы мекемесінің жетекшiсі Мохаммед Мохаммадизаде, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау вице-министрi Мәрлен Ысқақов, Түрiкменстанның Табиғатты қорғау министрі Бабагельды Аннабайрамов, сонымен бiрге ЮНЕП Атқарушы директоры Ахим Штайнер, БҰҰДБ, ХТҰ, ФАО, ЮНЕП Грид-Арендал және кәсiпкерлiк-бiрлестiктер қатысты.

ТК Үшіншi және Төртiншi сессияларының арасында қазақстандық тарап ТК төрағалық еттi, осыған орай сессияны ҚОҚМ департаментiнiң директоры Жексембин М.Б.ашты. Содан соң төрағалық ресей тарапына өттi. Сессия барысында хатшылықтың орны, Тегеран конвенциясына қосымша хаттамаларын мақұлдау және қол қою сияқты көптеген маңызды мәселелер қарастырылды. Тараптар олар бойынша ұзақ консультациялардан кейін мынадай шешiмдер қабылдады.



Тегеран конвенциясы хатшылығының орны. Қазiргi уақытта Тегеран конвенциясының хатшылығы функциясын Тараптардың өтiнiші бойынша уақытша негiзде ЮНЕП Еуропалық кеңсесі орындайды. 2007 жылғы мамырда Баку қаласында (Әзiрбайжан) өткен Тегеран конвенциясының Тараптары Конференциясының бірінші сессиясынан бастап Тараптар бұл мәселе бойынша өзара тиiмдi шешiмге келе алмауда. Тұрақты хатшылықты өз елдерінде орналастыруға Әзiрбайжан мен Иран Ислам Республикасы ресми өтiнiм жасаған, ал Ресей оған өз қызығушылығы туралы мәлiмдеген.

Актау қаласында, Қазақстанда өткен Тегеран конвенциясының Тараптары конференциясының Үшiншi сессиясында Тараптар Конвенцияның хатшылығын Каспий маңы елдерінің бiрінің аумағында құру/көшіру туралы және ең алдымен Хатшылықтың орны туралы мәселені қоса алғанда процедуралық мәселе бойынша нақты шешiмді мүмкіндігінше Тараптар конференциясының Төртiншi сессиясынан кешiктiрмей қабылдауға уағдаласқан.

Өткен сессияның барысында Тараптар бұл мәселе бойынша айтарлықтай iлгерi жылжи алмады. Тек осы уақытқа дейiн қол жеткізілген уағдаластықтар мен қазіргі жағдай министрлер мәлiмдемесiнің кiрiспесінде атап өтіліді. Мәлiмдеменiң негізгі бөлiгiнде Тараптар Әзiрбайжан Республикасы мен Иранның Ислам Республикасынан Тегеран конвенциясының тұрақты хатшылығының орыны жөнінде өзара кеңестердi жалғастыруды сұрады. Алайда, бұл елдер өзара тиiмдi шешiм қабылдаған жағдайда да, оны қалған каспий маңы елдері мақұлдауы керек. Егер Әзiрбайжан мен Иран келісімге қол жеткізе алмаған жағдайында, хатшылық орнын ағылшын алфавитіне сәйкес айналдыру туралы шешiм қабылданады.

Ақыр соңында, Тегеран конвенциясының Тараптар конференциясының Бесiншi сессиясына дейiн ЮНЕП Еуропалық кеңсесін Тегеран конвенциясының секретариатының функциясын жүзеге асыруды жалғастыруын сұрау туралы шешім қабылданды.



Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау туралы хаттама. Тараптар хаттама жобасының мәтінін талқылап, ол бойынша ескертілер мен ұсыныстар жоқ екендігі туралы мәлімдеді. Екі ел (Иран мен Түркменстан) оған қол қойды, ал басқа елдер өздерінің ішкі мемлекеттік рәсімдерін аяқтағаннан кейін оған қол қоюға дайын екендігін мәлімдеді.

Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау туралы хаттама 2003 жылы Конвенцияға қол қойғаннан кейін 9 жылдан соң қабылданған екінші құжат болып табылады.

Хаттаманың мақсаты Каспий теңізінің ластануын мүмкiндігінше болдырмау, азайту, бақылау, жою және оның экологиялық - сау теңiз ортасын сақтау болып табылады. Хаттаманы жүзеге асыру мақсатында Тараптар ластану көздерін бақылау жөніндегі ұлттық жоспарларды әзірлейді, экологиялық қисынды технологияларды қолдануға мүмкiндiк туғызады және қоршаған ортанының мақсаттық сапа көрсеткiштерiн енгiзеді.

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға Биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттамасы. Түрiкмен тарапы Төртiншi сессияның басында хаттама тармақтарынының бiрiне ескертуі бар екендігін мәлiмдедi. Сессия барысында түрiкмен тарапы өз ескертуінен бас тартты. Содан кейiн төрт ел (Әзiрбайжан, Иран, Қазақстан және Түрiкменстан) хаттама мәтiнiн мақұлдады. Екi ел (Иран және Түрiкменстан) хаттамаға осы сессияның барысында қол қоюға дайын екендігін, ал қалған екі ел ол бойынша тиiстi ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталғаннан кейін қол қоюға дайын екендігін мәлімдеді.

Ресей тарапы осы хаттама жобасына үш ескертуі бар екендігін мәлiмдедi. Ресей тарапының ескертулерін талқылағаннан кейін тараптар оларды маңызды характерде болуына байланысты хаттама мәтiнi бойынша сарапшылардың қосымша кеңестер өткiзу қажет деп ұйғарды.



Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға Қоршаған ортаға әсерді трансшекаралық тұрғыда бағаалау туралы хаттама. Түрiкмен тарапы ТК Үшiншi сессиясында хаттама мәтiні бойынша және оның қосымшаларына бәр қатар ескертулерi бар екендігін мәлімдеген. Түрiкмен тарапының ескертулері Үшiншi мен Төртiншi сессиялардың арасында екi даярлық отырыстарда талқылап, Каспий маңы мемлекеттерi түрiкмен тарапының ескертулерiмен келіскен. Алайда, хаттама мәтiннiң ажырамас бөлiгi болып табылатын 1 Қосымшасына берілген ескертулер бойынша тараптар ТК 4-ші сессиясында да келісімге қол жеткізе алмады.

Бұл хаттама бойынша да сарапшылардың қосымша консультацияларын өткізу туралы шешім қабылданды.

ТК 4-ші сессиясында талқыланған ең маңызды мәселелердің бірі ретiнде Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасының мониторингi бағдарламасын (ҚОМБ) атап өту керек. Ол өңірлік ынтымақтастықтың негізі ретінде мақұлданып, оған құқықтық негіз ретінде Тегеран конвенциясына мониторинг жөніндегі хаттама әзірлеудің орындылығы туралы шешiм қабылданды.

Сонымен қатар Тарапар конференциясы виртуалды Каспийлік экологиялық ақпарат орталығын құру жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады және Тегеран конвенциясының 2013-2014 жылдарға арналған жұмыстар бағдарламасы мен бюджетін бекітті. ТК қорытындысы бойынша министрлер мәлімдемесі қабылданды (А Қосымшасын қараңыз).



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет