«Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жарғысы



жүктеу 128.01 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі128.01 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> fd2a1dccc9182f414625706e002dd9a0 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> 1 Қаулысы қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің есебін бекіту туралы
1996 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Судьяларының I съезінде қабылданған, Судьялар одағының II съезінің 1999 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен, Судьялардың III съезінің 2001 жылғы 6 маусымдағы қаулысымен және Судьялардың IV съезінің 2005 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

«Қазақстан Республикасының Судьялар одағы»

республикалық қоғамдық бірлестігінің

Жарғысы
1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасының Судьялар одағы (әрі қарай - Одақ) Қазақстан Республикасының азаматтары құрған, «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ортақ мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында жұмыс істейтін, республикалық мәртебесі бар қоғамдық бірлестік нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Одақ сот төрелігін атқаруға ықпал етуге, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздеуге тиіс емес.

1.2. Одақ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Жарғыға сәйкес жүргізеді.

1.3. Одақ еріктілік, мүшелерінің тең құқықтылығы, демократия, өзін-өзі басқару, заңдылық, есеп беру және қызметінің жариялылығы принциптерінің негізінде әрекет етеді.

1.4. Одақтың заңды тұлға ретіндегі құқықты иеленуі оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелу сәтінен бастап туындайды.

Одақ мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуі мүмкін және міндеттер атқара алады, соттарда талапкер және жауапкер бола алады, жарғылық мақсаттарға және қызметінің мәніне сәйкес басқа да әрекеттерді жасай алады.

Одақтың есеп айырысу шоты, өз атауы жазылған мөрі, дербес балансы болады.

1.5. Атауы: «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі.


2. Қызметінің мәні және мақсаттары

2.1. Одақ қызметінің мәні - судьялар қауымдастығының мақсаттарға және міндеттерге жетуін ұйымдық қамтамасыз ету болып табылады.

2.2. Мыналар Одақтың мақсаттары мен міндеттері болып табылады:

судьялар қауымдастығының маңызды құкықтық проблемаларды шешудегі айқындамасын анықтау;

соттардың жұмысы мен судьялар мәртебесінің өзекті проблемаларын қарау;

судьялардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларын өткізу және оған қатысу;

соттардың тәуелсіздігін күшейтуге, сот билігін нығайтуға, судьялардың өзін өзі басқаруын дамытуға көмектесу;

мемлекеттік органдар мен коғамдық ұйымдарда судьялардың мүдделерін білдіру;

сот практикасы мен заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылауға қатысу;

судьялардың кәсіптік деңгейін арттыру, судьяларды оқыту жөніндегі шараларға қатысу;

соттардың қызметіне және құқық қолдану практикасына қатысты заңдар мен өзге де нормативтік актілердің жобаларына тәуелсіз баға беруді жүргізу;

басқа елдердің судьялық қауымдастықтарымен халықаралық байланыстарды орнықтыру және дамыту.

Одақ органдары талқыланып отырған мәселелер бойынша шешімдер, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, қоғамдыстық бірлестіктер мен лауазымды адамдарға, үндеулер қабылдайды.

2.3. Судьялар қауымдастығының органдары өз жұмыстарын судьялардың тәуелсіздігі және нақты мәселелер бойынша сот қызметіне араласпаушылық принципін бұлжытпай сақтай отырып жүргізеді.



3. Одаққа мүшелік

3.1. Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін судьялары, сондай-ақ қызметтен кеткен немесе зейнеткерлікке шыққан судьялар Одақтың мүшелері бола алады. Басқа жұмысқа сайланған судьялардың Судьялар одағының мүшесі болу құқығы сақталады.

Сот төрелігін дамытуға, судьялар қауымдастығын нығайтуға не соттың өзін өзі басқаруына елеулі үлес қосқан кез келген жеке тұлға ҚР Судьялар одағының құрметті мүшесі болып танылуы мүмкін.

3.2. Одаққа мүше болу ерікті болып табылады және тиісті Кеңеске жазбаша өтініш беріп, оған қатысу арқылы жүзеге асырылады.

Одаққа қабылданған мүшеге мүшелік кітапша беріледі.

3.3. Одақ мүшесі:

Қазақстан Республикасы судьяларының съезіне сайлауға және делегат болып сайлануға, Одақтың атқарушы органдарына сайлануға;

Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізуге;

Одақ органдарынан кеңес, сараптама және өзге де құқықтық сипаттағы көмек алуға;

Одақ өткізетін шараларға қатысуға құқылы.

3.4. Одақ мүшесі:

Одақтың Жарғысын, Судья этикасы кодексін сақтауға;

Одақ органдарының жұмысына қатысуға;

Одақ органдарының заңға қайшы келмейтін шешімдерін орындауға;

мүшелік жарналарды ұдайы төлеуге міндетті.

4. Одақ құрылымы

4.1. Одақ өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.

Филиал құрылтай жиналысын шақыратын кемінде он судья құрамындағы топтың бастамасы бойынша құрылады. Онда филиал туралы ереже қабылданады, оны кейіннен Судьялар одағының Орталық кеңесі бекітеді.

4.2. Одақ құрылымы аумақтық және корпоративтік белгі бойынша құрылатын филиалдардан тұрады. Филиалдар облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, Жоғарғы Соттың судьялары және әскери соттардың судьялары, қызметтен кеткен судьялар, сондай-ақ өзге де судьялар бірлестіктері құрады.

Филиалдар аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өтеді.

Филиалдың есеп шоттары, атауы жазылған мөрі болады.

Филиалға Одақтан мүлік үлес беріледі. Филиал Одақ кеңесі бекіткен ережелердің негізінде дербес, сенімхат бойынша жұмыс істейді, ақша қаражатына иелік жасайды.

4.3. Судьялардың конференциясы филиалдың жоғарғы органы болып табылады. Конференция Судьялар съезі мен оның атқарушы органы - Кеңес құзыретіндегі мәселелерден басқасының барлығын қарауға құқылы.

4.4. Конференция Филиал кеңесін және әрі Кеңес төрағасы болып табылатын филиал төрағасын және филиал хатшысын екі жыл мерзімге сайлайды.

Төраға шығып қалған жағдайда Кеңес шешімі бойынша оның функциясын келесі конференцияға дейін Кеңес мүшелерінің бірі атқарады.

Кеңес мүшесі мүшеліктен шығып қалған жағдайда Филиал кеңесі келесі конференцияға дейін өзінің құрамына Судьялар одағының бір мүшесін қосып ала алады.

Кеңес қоғамдық негізде жұмыс істейді және келесі конференцияны дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді, конференцияның шешімдері мен үндеулерінің орындалуын қадағалайды.

4.5. Филиал кеңесі қажет болған жағдайда, бірақ жылына кем дегенде екі рет отырыс өткізеді. Кеңес шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.

4.6. Филиал кеңесі конференцияны шақыру, оның өткізілетін орны мен күн тәртібі туралы конференцияның жұмысы басталардан кемінде 7 күн бұрын хабарлайды. Конференция Филиал кеңесі бекіткен мерзімде, бірақ кем дегенде бір жылда бір рет шақырылады. Конференция ашық дауыс беру арқылы төрағалықетуші мен хаттама жүргізетін хатшыны сайлайды.

4.7. Кезектен тыс конференция Филиал кеңесінің немесе филиал мүшелерінің кем дегенде үштен бірінің ұсынымы бойынша кез келген уақытта шақырылады.

4.8. Судьялар одағы филиалдарының жанында судьялар этикасы жөніндегі комиссиялар құрылып, жұмыс атқарады.

4.9. Одақтың өз баспа органдары бар.
5. Одақтың басқару органдары

5.1. Судьялар съезі Одақтың жоғарғы басқару органы болып табылады. Ол төрт жылда бір рет шақырылады.

Кезектен тыс съезд Орталық кеңестің немесе Одақ мүшелерінің үштен бірінің бастамасымен немесе үш филиал келісілген талабы бойынша шақырылады.

Орталық кеңес съезді шақыру, съездің өткізілетін орны мен күн тәртібі туралы оның жұмысы басталардан кемінде екі ай бұрын хабарлайды.

Съездегі өкілдік нормасын Орталық кеңес белгілейді.

5.2. Кезекті және кезектен тыс съезге сайлау тәртібін Орталық кеңес белгілейді.

5.3. Сайланған делегаттардың кемінде үштен бірі қатысқан жағдайда съезд өкілетті болып табылады. Съезге қатысушылардың жартысынан көбі жақтап дауыс берген жағдайда шешімдер қабылданды деп есептеледі.

Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Одақты қайта құру және тарату туралы шешімдер Съезге сайланған делегаттардың кемінде үштен екісінің құрамымен қабылданады.

Дауыс беру нысанын съезд белгілейді. Хаттама жүргізу үшін хатшылық сайланады.

5.4. Съездің ерекше құзырына:

Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

әрі Орталық кеңестің төрағасы болып табылатын ҚР Судьялар одағының Төрағасын (әрі қарай мәтін бойынша - Одақтың Төрағасы) сайлау, Судьялар одағының хатшысын сайлау, ҚР Судьялар одағы Орталық кеңесінің мүшелерін сайлау;

тексеру комиссиясын сайлау;

Кеңес пен тексеру комиссиясының есептерін тыңдау;

Одақтың халықаралық қоғамдық ұйымдарға кіруі (шығуы) туралы шешімдер қабылдау;

Одақты қайта құру немесе тарату туралы шешімдер қабылдау;

Осы Жарғы шеңберінде Одақ қызметінің мәселелері бойынша өзге де шешімдер қабылдау;

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы мәселелерді шешу жатады.

5.5. Съезд төрт жыл мерзімге сайланған Төрағадан, хатшыдан және мүшелерден тұратын Орталық кеңес Съездер аралығындағы кезеңде оның атқарушы органы болып табылады. Орталық кеңестің сандық құрамы Съезде анықталады. Съездер аралығындағы кезеңде Съезд белгілі бір өкілеттіктерді Орталық кеңеске береді.

5.6. Орталық кеңес жылына кемінде үш рет отырыс өткізеді.

Егер Орталық кеңестің отырыстарына оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, онда Кеңес отырысы өкілетті болады.

5.7. Орталық кеңес:

кезекті Съезді дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді;

съезд шешімдері мен өтініштердің орындалуын бақылайды;

мәселелерді қарайды, шешімдер қабылдайды, Жарғылық міндеттерді орындауға бағытталған барлық мәселелер бойынша шараларды бекітеді;

филиалдар туралы ережені бекітеді;

барлық филиалдарда Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ Одақты қайта құру және тарату туралы үсыныстарды талқылауды үйымдастырады;

Одақ филиалдарын қайта қүру және тарату туралы мәселелерді шешеді;

әрі Орталық кеңестің хатшысы болып табылатын Одақ хатшысының кандидатурасын бекітеді;

Орталық кеңес аппаратының штаты мен құрылымын бекітеді, лауазымдық жалақыларды белгілейді;

Орталық кеңес аппаратының жұмысы туралы ақпаратты тыңдайды;

Орталық кеңестің Регламенті мен жұмыс жоспарын бекітеді;

шығын мөлшерін бекітеді, сондай-ақ мүлікті сатып алу және иеліктен шығару мәселелерін шешеді;

судьялардың Судья этикасының кодексін сақтау мәселелерін қарайды;

судьялардың өтініштерін қарайды және олардың құқықтарын, қадір-қасиеті мен ар-ожданын және мүдделерін (әлеуметтік, материалдық т.б.) қорғау жөніндегі шараларды іске асырады;

Судья этикасы жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді;

судьяларды көтермелеу туралы, Судьялар одағы Орталық кеңесінің Құрмет грамотасымен марапаттау туралы мәселелерін шешеді;

“ҚР Судьялар одағының құрметті мүшесі” атағын береді.

5.8. Судьялар одағының төрағасы:

Кеңес отырыстарына төрағалық етеді;

Съезд отырыстарын ашады және жүргізеді;

Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде және өзге де ұйымдарда Одақ өкілі болады;

Судьялар одағының атынан шарттар бекітеді;

сенімхаттар береді;

Судьялар одағының хатшысының кандидатурасын Орталық кеңестің бекітуіне ұсынады;

Төраға өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады немесе өзінің негізгі жұмысынан босатылуы мүмкін.

5.9. Орталық кеңестің хатшысы:

Орталық кеңес төрағасының тапсыруы бойынша Орталық кеңестің атынан “Қазақстан Республикасының Сдьялар одағы” республикалық қоғамдық бірлестігін мемлекеттік және өзге де органдарда білдіреді, шарттар жасайды, сенімхаттар береді;

Орталық кеңес аппаратының жұмысына басшылық жасайды;

Орталық кеңестің аппаратында іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады;

жұмыс жоспарлары мен шараларды дайындайды және оларды Орталық кеңестің бекітуіне ұсынады;

Орталық кеңестің жұмыс жоспарлары мен шараларының орындалуын бақылайды;

Орталық кеңестің жұмыс регламентін әзірлейді;

Одақ атынан шарттарды дайындауға қатысады;

аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады;

Одақтың қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз етеді.

5.10. Одақтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру үшін Съезд төрт жыл өкілеттік мерзімге үш адамнан тұратын тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы оның төрағасын дербес анықтайды, жылына кемінде бір рет отырыстар өткізеді.

5.11. Орталық кеңестің Төрағасы, хатшысы немесе мүшелерінің бірі, Тексеру комиссиясының мүшесі шығып қалған жағдайда, Орталық кеңес шығып қалған мүшенің міндетін Орталық кеңес мүшесіне жүктеуге немесе Орталық кеңес не Тексеру комиссиясының құрамына Судьялар одағының мүшесін қосымша сайлауға хақылы.

5.12. Орталық кеңестің орналасқан жері: Астана қаласы, Сол жағалау, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимараты.

6. Одақ мүлкі

6.1. Одақ заңдарда көрсетілген тәртіп бойынша өз меншігінде ғимараттарды, құрылыстарды, құрал-жабдықтарды, техникалық және ақшалай қаражаттарды, жарғыда көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін қажет өзге де мүлікті ұстай алады.

6.2. Кіру және жыл сайын төленетін мүшелік жарналар Одақты қаржыландырудың көзі болып табылады. Мүшелік жарналардың мөлшері мен төлеу тәртібін Орталық кеңес Судьялар одағы филиалдарының келісімі бойынша анықтайды.

Одақ мүшелігінен шыққан кезде Одақ мүшелерінің кіру және мүшелік жарналары қайтарылмайды.

6.3. Сонымен қатар ақша қаражаттары еркін жарна мен қайырмалдықтан, лекция, көрме, спорт және басқа да шараларды өткізуден, лотереядан, заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де түсімдерден түскен қаржылардан құрылады.

6.4. “Қазақстан Республикасының Судьялар одағы” республикалық қоғамдық бірлестігін ақшасы Судьялар одағының филиалдары 50 пайыз мөлшерінде аударатын мүшелік жарналардан және Жарғыға сәйкес басқа да түсімдерден құралады.



7. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі

7.1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Съездің ерекше құзырына жатады.



7.2. Одақтың кез-келген мүшесі Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі ұсыныстар жасауға құқылы. Ұсыныс, оны қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайтын тиісті филиалдың кеңесіне жолданады. Ұсынысы қабылданбаған жағдайда ол Одақтың Орталық кеңесіне жүгінуге құқылы.

7.3. Филиал кеңесі ұсынысты қабылдаған жағдайда ол Одақ кеңесіне жіберіледі, ал ол келіп түскен ұсынысты бір айдың ішінде Одақтың барлық құрылымдарында (филиалдарында) талқылауды ұйымдастырады. Филиалдардың үштен бірі үсынысты қолдаған жағдайда мәселе келесі съездің күн тәртібіне енгізіледі. Одақтың Орталық кеңесі, сондай-ақ өз отырысында талқылағаннан кейін кезекті съезге Жарғыға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс беру туралы мәселені шешуге құқылы.

7.4. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі осы Жарғымен реттеледі.

8. Одақты қайта құру және тарату тәртібі

8.1. Одақтың қызметі оның жоғарғы органы - Съездің шешімі немесе заңда көрсетілген жағдайларда не соттың шешімі бойынша қайта құру немесе тарату арқылы тоқтатылуы мүмкін.

8.2. Қайта құру заңда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

8.3. Одақ кызметін қайта кұру және тоқтату тәртібі осы Жарғымен реттеледі. Егер сайланған делегаттардың жартысынан астамы (Съезд делегаттарының жартысынан астамы) жақтап дауыс берсе, шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру тәртібін Съезд белгілейді.

8.4. Одақ таратылған жағдайда қалған мүлік пен қаржы осы Жарғыда көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
9. Судьялар одағының символы

Судьялар одағының нышаны шеңбер түріндегі эмблема. Оның ортасында:



1. Шаңырақ;

  1. 2. Судьяның өрнегі бар бас киімі;

  2. 3. Таразы;

  3. 4. Бидай масағы;

  4. 5. Емен жапырақтары;

6. Мемлекеттік тілде “Қазақстан Республикасының Судьялар одағы” деген жазу орналасқан.


Қазақстан Республикасы

Судьялар одағының төрағасы Н. МОМБЕКОВ



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет