Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және



жүктеу 97.7 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі97.7 Kb.
: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « » ­­­­­

№ қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі ЖІІ) жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасуының бірыңғай тәртібін айқындайды.

2. ЖІІ өткізу «Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары, жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу кезiнде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» қолданыстағы техникалық регламентіне сәйкес ЖІІ техникалық өткізу функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарда қамтамасыз етіледі.

3. ЖІІ ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы заңдылық, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, тараптардың мүдделерін өзара сақтау қағидаларына негізделеді.

4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) ЖІІ функциялары бар телекоммуникация жабдығының иелері (бұдан әрі – ЖІІ жабдығының иелері) – ЖІІ техникалық жүргізу функциялары бар жабдықтары орнатылған байланыс және (немесе) телекоммуникация желілерінің операторлары;

2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі – СРО) – сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлғалар.

5. Байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының орындалуын, оның ішінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында байланыс құралдары мен желілеріне қойылатын талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары):

1) ЖІІ техникалық өткізу жөніндегі телекоммуникациялық жабдықтардың функцияларын қолданып жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады;

2) ЖІІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды жұмыс орнынан басқаруды, оның ішінде, жедел іздестіру қызметін жүргізетін мемлекеттік органдардың мүдделері үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа (бұдан әрі – АҚА) қолжетімділікті қамтамасыз етеді, осы мақсаттардағы ұйымдық және техникалық мәселелерді шешеді;

3) техникалық ЖІІ жүргізудегі телекоммуникациялық жабдықтың қызметін бақылайды және ЖІІ жүргізу кезіндегі санкцияланбаған қолжетімділікті шектеу және мәліметтердің сақталуы жөніндегі талаптарды орындайды;

4) ЖІІ функциялы телекоммуникациялық жабдықты сертификаттауды жүргізуді қадағалауды жүзеге асырады.

7. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ЖІІ өткізу саласында аккредиттелген СРО ақпараттарды уәкілетті орган мен байланыс операторларына ұсынады.

8. ЖІІ жабдықтарының иелері:

1) ЖІІШ техникалық өткізу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттар талаптарын орындауды;

2) ЖІІ ұйымдастыру және өткізу бойынша белгіленген нормативтік талаптарды орындауды;

3) ЖІІ техникалық өткізу үшін телекоммуникация желілерінің қажетті аппараттық (коммутациялық), бағдарламалық, каналдық және техникалық ресурстарын;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен абоненттер жайлы қызметтік ақпаратқа ұлттық қауіпсіздік органдарының қол жеткізуін;

5) байланыстың техникалық арналарына ұлттық қауіпсіздік органдарын қосуды, қажет болған жағдайда арналардың қайта жасақталуын;

6) техникалық және ұйымдық шаралармен телекоммуникация желісінің барлық абоненттерін жеке тіркеуді және сәйкестендіруді;

7) ЖІІ функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалануды, әзірлеуді және пайдалану ережелерін сақтауды;

8) байланыс объектілерінде орналасқан ЖІІ техникалық өткізу функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарды сақтауды, электрмен қамтамасыз етуді, жерге тұйықтауды, климаттық жағдайларды қоса отырып, оны пайдалану үшін қажетті жағдайларды жасауды;

9) ЖІІ жүргізу кезінде рұқсат берілмеген қолжетімділікке шектеулер және мәліметтердің бүтіндігі жөніндегі шаралардың сақталуымен ЖІІ техникалық өткізу қызметі бар телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз етеді.

9. СРО:


1) телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарына сәйкестікті міндетті түрде нақтылау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

2) ЖІІ өткізуге арналған техникалық мүмкіндіктері бар тестілік өлшеу аспаптарын сатып алу, пайдалану және сақтау тәртібін ЖІІ өткізу жөніндегі уәкілетті органмен келіседі;

3) ЖІІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарға берілген сертификаттар туралы ақпаратты уәкілетті органға береді.



  1. ЖІІ функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтарды

енгізу және пайдалану кезінде мемлекеттік органдар

және ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі
10. Ұлттық қауіпсіздік органдарынан өзара іс-қимылды сәйкес ведомство және оның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады. Мүдделі органдар мен ұйымдардың өтініштерінің негізінде ведомстволардың басшыларымен өзара іс-қимыл жасасатын бөлімше анықталады.

11. ЖІІ жүргізуде аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарды енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау мақсатында ЖІІ иесі және ұлттық қауіпсіздік органдары арасында ЖІІ жүргізу бойынша байланыс объектілерінде бірлесіп жұмыс жасау жөнінде екіжақты келісім жасалады.

12. Келісімде мынадай мәселелер көрсетіледі:

1) құпиялылық;

2) қажетті ақпарат беру;

3) үй-жайлар мен байланыс арналарын беру;

4) жабдықтарды орналастыру үшін орындар және кәбілдерді салу үшін жолдар бөлу;

5) АҚА-ға қол жетімділікті жүзеге асыру тәртібі;

6) уәкілетті органның өкілдері үшін байланыс объектілеріне қолжетімділік;

7) ЖІІ техникалық өткізу бөлігінде телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылды регламенттеу;

8) телекоммуникациялық жабдықтар кешендерін пайдалану және сақтау жағдайларын қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру.

13. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қолданылатын телекоммуникациялық жабдықтың байланыс операторларын, оның өндірушісін және (немесе) жеткізіп берушісін таңдау қондырғылардың сапасына қойылатын талаптарды, техникалық қолдауды, ЖІІ жөніндегі функционалдық мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

14. Байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерінің сәулетінің құрамында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарымен белгіленген сапа және сенімділік талаптарына сәйкес жедел іздестіру шаралары кезінде қолданылатын сертификатталған телекоммуникациялық қондырғысы болуы тиіс.

15. ЖІІ жабдықтарының иелері келісімшарт жағдайында ЖІІ өткізетін уәкілетті органның пайдалануына байланыс объектілеріндегі қажетті қызметтік бөлмелерді береді және қажет болған жағдайда жабдықтарды орналастыру үшін алаңдарды, сонымен қатар, қажетті сыйымдылықтағы байланыстың тасымалдау арналарын және кәбілдік қатынастар салу үшін жолдарды ұсынады.

16. Жаңа жабдықтарды пайдалануға беру, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу, ескірген байланыс құралдарын пайдаланудан шығарып тастау немесе жаңарту ЖІІ жүргізу жөніндегі уәкілетті орган және байланыс операторымен бірлесіп әзірленген ЖІІ жүргізу жөніндегі жоспар бойынша ЖІІ байланыс операторлары желілерінің техникалық құралдарын енгізу жөніндегі жоспарға (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

Жоспар ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жасалады және екі данада құрылып, бірінші данасын байланыс операторы ЖІІ жүргізетін уәкілетті органға ұсынады, екінші данасы байланыс операторында сақталады.

17. Жоспар мынадай іс-шараларды көздейді:

1) байланыс операторы желісінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету;

2) абоненттер (клиенттер) және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы деректер базасын құрайтын ақпараттарды уақтылы жаңарту;

3) байланыс операторының абоненттері туралы деректер базасына қол жеткізу тәртібі;

4) коммутациялық жабдықтарға ЖІІ техникалық құралдарын сатып алу және орнатудың жаңа жобаларын іске асыру;

5) ЖІІ жаңа жабдықтарын пайдалануға тапсыру, тәжірибе ретіндегі пайдалануды бастау, ЖІІ жүргізу жөніндегі уәкілетті орган анықтаған кемшіліктерді жою;

6) қадағалау органдарының келісімі бойынша телекоммуникациялық жабдықтың техникалық құралдарына қабылдау-өткізу сынақтары;

7) ЖІІ қондырғыларын пайдалану үшін іске қосу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

8) пайдаланылып жүрген коммутациялық, желілік, көліктік қондырғыларды жаңарту;

9) техникалық құралдарға техникалық қызмет кезеңділігін, қолда бар байланыс желісін кеңейту.

Жоспардағы ақпарат құпия болып табылады.

18. Қондырғыны орнату жөніндегі жұмыстарды орындау, қондырғыны және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға, іске қосу, жауапты сақтауға беру, қондырғыны іске қосуға беру ЖІІ жүргізу жөніндегі уәкілетті органның өкілі, телекоммуникация қондырғыларының иесі және байланыс операторларының қол қойған құжаттарымен (актілерімен) расталады.

19. Байланыс операторы техникалық құралдарды орнатуға қатысатын тұлғалардың санына шек қою, сондай-ақ жедел іздестіру шараларын жүргізуде ұйымдастыру және техникалық әдістерді ашуға жол бермеу шараларын қабылдайды.

20. Деректер базасын құрайтын ақпараттық жүйелер, сондай-ақ техникалық құралдарды байланыс операторы ЖІІ жүргізу жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органының қосу нүктелері арқылы қосады.

Көрсетілген қосу нүктелерін ЖІІ жүргізу жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдары белгілейді.

21. ЖІІ қондырғыларының иелері АҚА деректер базасындағы ақпаратты уақытында жаңартады.

22. Деректер базасы байланыс операторлары туралы мынадай ақпаратты құрайды:

1) тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері және жеке басын куәландыратын негізгі құжатының деректемелері көрсетілген құжатты өзі алып келгенде (азамат абонент үшін);

2) заңды тұлғаның атауы (фирмалық атауы), тұрғылықты жері, сондай-ақ заңды тұлғаның қондырғыларын пайдаланатын адамдардың тізімі. Онда олардың тегі, аттары, әкесінің аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттарының (заңды тұлға-абонент үшін) деректемелері көрсетілуі тиіс;

3) көрсетілген байланыс қызметтері туралы есептер деректер базасының мәліметтері, оның ішінде қосу, трафик және абоненттік төлемдер.

23. Телекоммуникация желілері ауысқан, жаңа қондырғылар орнатылған, арналар сыйымдылығы кеңейтілген кездерде ЖІІ қондырғыларының иелері ЖІІ жүргізуді ұйымдастыруға қажетті өзгерістерді қамтамасыз етеді.

24. ЖІІ жүргізетін техникалық функциялары бар телекоммуникациялық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жүргізуді телекоммуникация желілерінің иелері қондырғыларды жеткізіп берушілермен бірлесіп, байланыс операторларымен жасалған шарттар шеңберінде қамтамасыз етеді.

25. Авария болғанда, ЖІІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтардың жұмыс істеу режимі бұзылған жағдайда ЖІІ жабдықтарының иелері анықталған бұзушылықтарды жою үшін кідіртпей шаралар қабылдайды.

26. Байланыс объектілерінде орнатылған ЖІІ техникалық өткізуді қамтамасыз етуге арналған жабдықтардың сақталуы үшін ЖІІ жабдықтарының иелеріне жауапкершілік жүктеледі, сонымен қатар оны пайдалану тәртібінің сақталуына және оның бұзылу және жоғалу жағдайларында жабдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.

27. ЖІІ функциясы бар телекоммуникациялық жабдықтарда және осы функциямен байланысты басқа қондырғыларда ақаулар табылғанда, апат туындаған кезде уәкілетті орган және байланыс операторы коммиссиялық тергеу жұмыстарын жүргізеді, оның барысында қондырғылардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін тараптардың міндеттері белгіленеді.

28. АҚА-ға қолжетімділікті ұсыну мақсатында байланыс операторы ұлттық қауіпсіздік органдарына барлық компьютерлік және телекоммуникациялық қондырғылары, қорғалған байланыс арналары, клиенттерді қамтамасыз ету бағдарламасы бар, АҚА-ны жинақтау және сақтау желісіне тәулік бойы қолжетімді, көпбағдарда пайдаланылатын оңаша жұмыс орнын ұйымдастырады.

29. Бағдарламалық қамтамасыз етілген оңаша жұмыс орны:

1) графикалық пайдаланушы интерфейс, сондай-ақ ақпаратты диалогтық және автоматты түрде өңдеуді;

2) АҚА-ға енетін кез-келген өлшемдер бойынша немесе бірнеше өлшемдермен бір мезгілде сұрау салуларды жасақтауды;

3) бір мезгілде, оның ішінде бір ғана оператордың бірнеше сұрау салуды орындауды;

4) алынған ақпаратты басып шығару мүмкіндігін, сондай-ақ мәтіндік форматтағы файлды құрылымдық экспорттау мүмкіндігін;

5) сұрау салуды 1 сағаттың ішінде орындауды;

6) парольді немесе өзге де қолжетімділікті шектеу тетіктерін пайдаланып, АҚА деректеріне қол жеткізу және әкімшілік (пайдаланушыны және күйге келтіруді басқаратын) және операторлық (сұрау салуларды орындайтын және солар бойынша есеп алатын) қолжетімділік пен бөлуді;

7) жұмыс журналдарында барлық оңаша жұмыс орындарын пайдаланушылардың сұрау салуларын тіркеуді қамтамасыз етеді. Жұмыс журналына санкцияланбаған қолжетімділікке жол берілмейді.

30. Жедел іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдар:

1) ЖІІ жүргізу жөніндегі уәкілетті органдармен ЖІІ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі барлық мәселелер бойынша бірлесіп іс-қимыл жасайды;



2) телекоммуникациялық жабдықты пайдалану барысында туындаған ақаулар туралы ЖІІ жүргізу жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.
____________________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет