Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мәскеуде салтанатты қабылдау өтті



Дата03.05.2016
өлшемі57.65 Kb.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай

Мәскеуде салтанатты қабылдау өтті
Мәскеуде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау болып өтті.

Ресейдегі Қазақстан Елшілігі әзірлеген ресми кешке Ресей Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің өкілдері, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің депутаттары, Мәскеуде тіркелген шет елдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, жергілікті БАҚ басшылары, атақты ресейлік тілшілер, қазақ диаспорасы қатысты.

Сөз бастаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан бері еліміз біраз заман қиындықтарынан өтіп, саяси тұрақтылығымен, белсенді экономикалық дамумен және беделді сыртқы саясатпен белгілі болған мемлекет ретінде толығымен қалыптасып үлгірді.

«Келесі жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында жариялағандай экономикалық модернизацияның жаңа кезеңі басталады, - деді Елші. – «Нұрлы Жол» деп аталған жаңа экономикалық саясат орта мерзімде еліміздің қарқынды дамуына жаңа мүмкіндіктер береді».

Марат Тәжиннің айтуынша, Ресеймен достық қарым-қатынаста болу еліміздің сыртқы саясатының басты басымдығы болып қалуда. Қазақстан дипломаты екі ел арасындағы ынтымақстық әр қашанда достық пен одақтастық бағытымен дамыта келетініне нық сенімін білдірді.

«2014 жыл бірқатар олқылықты оқиғаларға толы болды, - деді Елші. – 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап экономикалық даму, прагматизм, еріктілік және тең құқықтық қағидаттарына сүйенген Еуразия экономикалық одағы жұмыс істе бастайды».

РФ Статс-секретары – Сыртқы істер министрдің орынбасары Григорий Карасин барлық қазақстандықтарды Тәуелсіз Күнімен құттықтап, еліміздің дамуына жоғары баға берді және 2014 жылы қазақстандық-ресейлік екіжақты қарым-қатынастарын аса жемісті болғанын айтып өтті.

«Өткен жылдар ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді, аймақтағы және әлемдегі беделін арттырды. Оның сыртқысаяси бағыты халықаралық қоғамдастық алдында үлкен құрметке ие болуда. Ресейлік-қазақстандық қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытымен дамып келуде. Екіжақты қатынастарымыз - өзара түсінушілікпен, тараптар мүдделерін өзара құрметтеумен, ықпалдастықтың барлық бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықпен, саяси сұхбаттың жоғары қарқындылығы және нәтижелі болуымен ерекшеленуде», - деді Г.Карасин.

Оның пікірі бойынша, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту Еуразия өңірдегі қауіпсіздікті сақтаудың басым факторларының бірі болып табылады.

Салтанатты іс-шара барысында «Қазақстанның жаңа көріністері» атты фотокөрме ұсынылды және ЭТНО-ЭРАТО ұлттық киім көрсетілім ұйымдастырылды.

Қонақтар қазақ ұлттық дәстүрлерімен танысып, «А-Студио» тобының және «Голос» шоу бағдарламасының қатысушысы Диана Шарапованың белгілі әндерін тамашалады.

Ресейлік юморист, әнші және тележүргізуші Владимир Винокур:

Мен үшін Қазақстан ерекше жақын ел. 1970-ші жылдардан бастап сіздердің республикаларыңызға гастрольмен жие барып тұрамын. Аз уақытта қазіргі замаңға сай жаңа елордаларын - Астана қаласы бой көтергеніне және елдеріңіз қарқынды дамып келе жатқандығына шынайы қуанышты мын. Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркенділік тілеймін!



Кеңес Одағының қаһарманы Руслан Аушев:

Қазақстан – менін екінші отаным, себебі Көкшетау облысында дүниеге келген едім. Жылдар бойы Қазақстан дамудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуде.

Елдеріңіздің табыстарына өте ризамын және Қазақстан халқына барлық жақсылықтар тілегім келеді!

Кеңес Одағының халық әртісі Армен Джигарханян:

Барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтаймын! Өзім Қазақстанда жұмыс бабында және кино түсірумен бірнеше рет болдым. Сіздердің елдеріңізді шынайы сүйемін! Құдай сақтасын, еш нәрсе арамыздағы достықты бұзбасын – бұл ең маңыздысы! Ел басшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевты аса құрметтеймін!



РФ халық әртісі Лев Прыгунов:

Мен Алматыда туып өстім және Қазақстанмен мақтанамын! Сіздермен осы қуанышты мерекеде бірге болуға бахыттымын! Отаныңызды – Қазақстанды жақсы көріңіздер! Қазақстан халқына денсаулық, бақыт және өркендеуді тілеймін!



В Москве состоялся прием по случаю Дня Независимости Республики Казахстан
В Москве состоялся торжественный прием по случаю Дня Независимости Республики Казахстан.

В дипломатическом мероприятии, организованном Посольством Казахстана в России, приняли участие представители Администрации Президента и Правительства России, депутаты Государственной Думы и Совета Федерации Федерального Собрания, руководящий состав аккредитованного в Москве зарубежного дипломатического корпуса и международных организаций, деятели науки и культуры, руководители федеральных СМИ и ведущие российские журналисты, представители казахской диаспоры.

В своем выступлении Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Российской Федерации Марат Тажин отметил, что за годы независимости Казахстан прошел большой и достойный путь, став состоявшимся государством, которое отличается политической стабильностью, динамичным экономическим развитием и авторитетной внешней политикой.

«В следующем году в Казахстане стартует новый этап модернизации, инициированный в Послании Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева, – подчеркнул Посол. – Новая экономическая политика «Нурлы Жол» станет двигателем роста нашей экономики на ближайшие годы».

По его словам, главным приоритетом внешней политики Казахстана являются отношения с Россией. Глава дипмиссии РК в и РФ выразил уверенность, что сотрудничество между странами будут всегда развиваться в духе дружбы и союзничества.

«Прорывным стал 2014 год, – добавил Марат Тажин. – 1 января 2015 года стартует Евразийский экономический союз, где ставка делается на развитие экономики, прагматизм, добровольность и равноправие».

Статс-секретарь – заместитель министра иностранных дел РФ Григорий Карасин поздравил казахстанцев с Днем Независимости, дал высокую оценку развитию Казахстана и позитивно оценил результаты казахстанско-российских отношений в 2014 году.

«За прошедшие годы Казахстан достиг значительных успехов в социально-экономическом развитии страны, упрочил свой авторитет в регионе и в мировых делах. Его внешнеполитический курс пользуется заслуженным уважением во всем мировом сообществе. Российско-казахстанские отношения развиваются в духе стратегического партнерства и союзничества. Их отличает взаимопонимание, уважение интересов сторон, тесное сотрудничество по всем направлениям взаимодействия, высокая интенсивность и практическая насыщенность политического диалога», – сказал Г.Карасин.

По его словам, укрепление отношений между двумя странами являются одним из факторов сохранения безопасности в евразийском регионе.

В рамках приема была организована фотовыставка «Неизвестный Казахстан» и показ национальной моды ЭТНО-ЭРАТО.

Гости также смогли насладиться национальным колоритом, который торжественному мероприятию придали великолепные выступления группы «А-Студио» и участницы шоу «Голос» Дианы Шараповой.

Владимир Винокур, российский юморист, певец и телеведущий:

С Казахстаном меня связывают особые отношения. С 1970-х годов я регулярно гастролировал в вашей республике. И сегодня я счастлив, что за короткие сроки вырос суперсовременный город Астана и так динамично развивается ваша страна. Желаю мира и процветания народу Казахстана!



Руслан Аушев, Герой Советского Союза:

Казахстан – моя родина, я родился в Кокчетавской области. Все эти годы Казахстан показывает высокие темпы развития. Я очень рад успехам вашей страны и желаю народу Казахстана всего самого наилучшего!



Армен Джигарханян, народный артист СССР:

Я поздравляю всех казахстанцев с вашим замечательным праздником! Я часто бывал в Казахстане по работе, мы снимали там кино. Я очень люблю вашу страну! Дай Бог, чтобы ничто не нарушило нашу любовь – это самое главное! Я восхищаюсь вашим президентом Нурсултаном Назарбаевым!



Лев Прыгунов, Народный артист РФ:

Я, уроженец Алма-Аты, горжусь Казахстаном! Я счастлив разделить с вами ваш замечательный праздник! Любите Казахстан, свою страну! Желаю народу Казахстана здоровья, счастья и процветания!
Каталог: images -> ArchivNewsAll -> 2014-12
2014-12 -> Самая высокотиражная газета Турции «Заман» издала спецвыпуск, посвященный Дню Независимости Казахстана в турции вышел в свет специальный номер
2014-12 -> Н. А. Назарбаева в столичном университете «Атылым» Турции состоялся научно-практический семинар
ArchivNewsAll -> «Подарок Сталину» показан в Вашингтоне
2014-12 -> Астанада халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел өтті
ArchivNewsAll -> Внеочередные выборы Президента Казахстана прошли в России
ArchivNewsAll -> БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы отырысының қатысушылары ясжтш күшіне енуіне қол жеткізуге шақырды
2014-12 -> Мьянма Қазақстанмен туристік кластерді дамытуға қызығушылық танытуда
2014-12 -> Хорватияда Қазақстан Тәуелсіздігі күні аталып өтті
2014-12 -> БҰҰ Әйелдер гильдиясының қолдауымен қайырымдылық базары өтті


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет