Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің экономиканы жаңғыртудағы рөлі



Дата15.12.2019
өлшемі17.52 Kb.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің экономиканы жаңғыртудағы рөлі.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың аты Қазақстан халқының атымен бірге аталады. Қазақстан Президенті ешқандай даусыз Ұлт Көшбасшысы болып табылады. Аристотель бойынша, оның мұрағаты ежелгi грек саяси ой-пікірінің шыңы болып танылатын, «саяси жетекшіліктің бастапқы шарттары алдын ала болжау және ойға алғаныңды атқарудың іскерлігі болып табылады». Екі қасиет те толық көлемде Қазақстан Президентіне тән құбылыс. Белгілі ағылшын тарихшысы Джонатон Айткен «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның өркендеуі» атты кітабында қалай дәл атап өткендей: «Саясатшы мен мемлекеттік қайраткер арасындағы айырмашылық, біріншісі келесі сайлауларға шоғырланудан, ал екіншісі келесі ұрпақ үшін жоспарлар жасаудан тұрады.Назарбаев екеуін де жасап отыр». Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығында ешқандай күмән жоқ. Ол мемлекетті құрушы және Тұңғыш Президент болып табылады. Басқаша айтқанда, ол саяси тұлға ретінде, өзі құрған саяси жүйеге қарағанда, зор және ауқымды, және тіпті республикадағы жоғары мемлекеттік лауазымның өкілеттігі мен саяси рөлінің шеңберіне де сай келмейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабында: «Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекет басшысы, мемлекеттің сыртқы мен ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын және Қазақстанды елдің ішінде және халықаралық қатынастарда көрсететін жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады», - деп жазылған. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің саясатының негізгі бағыттарын жай ғана анықтап қоймай,ол бұл мемлекетті құрып, оның саяси шынайылығының барлық негізгі параметрін анықтады.

Ол қазақстандықтар мен әлемдік қоғамдастыққа өзінің бастамаларын білдіріп, өсиет сөздерін ылғи да айтып отырды, өзінің көптеген сөз сөйлеулерінде, мақалалары мен кітаптарында өз дүниетанымын, саяси бағдарламасын және мұраттарын тұжырымдап отырды.Ұлт көшбасшысы мәртебесі көшбасшы тұлғасының өзіне баламалы болуы тиіс. Ұлт көшбасшысы мәртебесін халықтың мойындауы және оның саяси тәжірибесінің құнды жақтарын қолдаушы саяси институттың ресімдеуі, мемлекет пен қоғам үшін мықты тірек болады. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақыттың өзінде ХХ ғасырдың аяғы- ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік тарихи оқиғалар барысына айқын және барынша елеулі үлес қосқан тарихи қайраткер болып табылады. Оның ең ірі ядролық қару-жарақ қоймаларының бірінен өз еркімен бас тарту жайындағы бір ғана шешімі халықаралық ахуалды айтарлықтай өзгертті. Ұзақ уақыт бойы ядролық қарусыздандыру туралы мәселелер дипломатиялық хаттама аясында ғана талқыланады деген пікір қалыптасқан еді. Бірақ Қазақстан Президенті ядролық қарусыздандырудың шынайы және мүмкін екендігін көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан тарихында, Түркия Республикасындағы Ататүрік иеленетін орын сияқты, мүлдем ерекше орынды иеленеді. Қазақстандықтарға экономиканы реформалауға, перспективалы әлеуметтік жаңғыртудың негізгі параметрлерін қалауға барынша қолдау көрсетіп, республиканы толық қанды мемлекетке айналдырған Тұңғыш Президент игілігін көру бақыты бұйырды. Кез келген басқа үміткердің сол бір қиын жағдайларда тығырықтан шығудың жолын тауып, осындай жетістіктерге қол жеткізуі неғайбыл. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі мен тәжірибесі, ешбір күмәнсіз, келешектегі Қазақстанның саяси класына іргелі басшылық ретінде қызмет етеді. Ұлт көшбасшысы мәселесіне өте ойлампаздықпен және барынша жауапты қарау қажет. Осы мәселе Қазақстанда дәл осылай шешілген, мұнда халық әлде қашан-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты өзінің ешқандай даусыз Ұлт көшбасшысы деп таныған.


Физика-математика факультеті

5В011100- Информатика 2курс



Омар Айзада Арманқызы





Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет