Қазақстан республикасының



жүктеу 1.02 Mb.
бет1/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ОӘК.042-16.1.09/03 – 2013



ПOӘК

«Тамақ өндірісінің кәсіпорындарын жобалау» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


«__»____ 200__ ж.

№ ___ басылым




ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«ТАМАҚ ӨНДІРІСІНІҢ

КӘСІПОРЫНДАРЫН ЖОБАЛАУ»


050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»

мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей, 2013



Мазмұны


1

Глоссарийлар




2

Дәріс оқулар




3

Лабораториялық сабақтар




4

Студенттің өздік жұмысы





1 ГЛОСАРИЙЛАР
Осы ОӘК тиісті анықтамалармен келесі терминдер қолданылған:
Мәтінді жоба құжаты – түсініктеме жазба әрбір жобаның қажетті бөлігі болып саналады, оған беткі парақ және жоба тапсырмасы, жобаға мәтінді түсінік және есептеулер, қолданылған әдебиеттер, мазмұн кіреді.

Жобаның графикалық болімі – графикалық бөлім арнайы форматтарға сызылған сызбалардан, сұлбалардан, диаграммалардан тұрады;

МЕСТ – сызбаларды құрастыруға және безендіруге мемлекеттік стандарттар;

ЕСКД – құрастырмалы құжаттардың бірегей жүйесі.

Сызбаның масштабтары – стандарттарға сәйкес таңдалады, (1:100; 1:200; 1:50);

Курстық жоба КЖ – тағам өнімдерінің жалпы технологиясы, тағам өнімдерінің биохимиясы, техникалық микробиология, тағам өндірісінің құрал-жабдықтары және т.б. жалпытехникалық пәндерді өткеннен соң, орындалады.

Дипломдық жоба ДЖ – студент теориялық даярлықтан және дипломдық практикадан өткеннен кейін орындалады.

2 ДӘРІС ОҚУЛАР
1 дәріс. Кіріспе.

Дәріс жоспары:

1) «Тамақ өндірісінің кәсіпорындарын жобалау» курсын оқыту мәні. Курстын мақсаты мен мәселесі.

2) Құрылыс жұмыстарын дайындауды үйымдастыру.
1) Кез келген өндірістік кәсіпорынның құрылысы жобадан басталады. Жоба – ол техника-экономикалық негіздеуден, түсіндірме хаттан, графикалық материалдармен және сметадан тұратын техникалық құжаттардың жинағы.

Өндірісте жобалардың үш түрі бар: жеке, қайта қолданатын және типтік. Соңын ішіндегі үшіншісі жобалаудың жоғары техникалық деңгейін және оның экономикалық қарқындылығын еске алады.

Өнеркәсіптік жобалау екі сатыда жүзеге асады: техникалық жоба және жұмысшы сызбалар, немесе бір сатыда – техника-жұмысшы жоба (жұмысшы сызбалармен біріккен техникалық жоба).

Оқулық жобалауда белгілі бір шарттылық қабылданады. Сондықтан курстық және дипломдық жоба бір сатыда орындайды. Курстық жобалауда технологиялық жабдықтарды орналастыруымен цех немесе бөлімшесінің жобасын жүзеге асырады, ал дипломдық жобада берілген орында белгілі бір кәсіпорыннын құрылыс жобасын орындайды. Бұл кезде өнімнің саны мен түрін есепке алып құрылыс объектің экономикалық негіздеуін орындайды; , технологиялық бөлімді жобалайды, негізгі өндіріс аудандарын есептейді және цехтар мен бөлімшелердің құрастыруын жүзеге асырады. Сонымен бірге технологиялық жабдықтарды орналастыруымен бірге цех немесе бөлімшесінің жобасын жүзеге асырады , яғни белгілі бір жобалық шешім үшін технология мен өндірістің ұйымдастыруын орындайды.

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар»­ мамандығы бойынша оқулық жоспарларда ерекше орын курстық және дипломдық жобалауға бөлінеді, өйткені курстық мамандық бойынша оқылған курстар нәтижесінде қорытынды шығарады, ал дипломдық жобасы мамандардың дайындығын аяқтайды және олардың білім алуда жоғары рөлін атқарады.

Мамандандырылған оқулықтардың аз болғаны курстық және дипломдық жобаны орындағанда студенттің жұмысын күрделендіреді, қажетті техникалық және анықтамалық материалдарды іздеу кезінде тиімсіз уақыт шығындалады. Сонымен қатар, жобалау бойынша бірыңғай әдістемелік нұсқаудын болмағаны мынадай себептерге әкеледі: осы мамандық бойынша дайындайтын оқу мекемелерінде және де жетекші мен кенесшімен студент-дипломшыға әртүрлі талаптар қойылады.

Курстық жобалау өзінін академиялықтығымен сипатталады. Әртүрлі зауыттын жобасы ұзақ мерзімде мамандырылған кәсіпорыннын инженер-техникалық персоналдың көпшілігімен орындалатыны белгілі. Дипломшы ұстаздардан кеңес алып жобанын барлық бөлімдерін жалғыз орындайды. Сондықтан дипломдық жоба құжаттамасы шартты түрде беріледі, өйткені онын қолданатын құжаттамадан айырмашылығы бар. Бірақ та дипломдық жоба жобалау кезендері мен есептеу және түсіндірме бөлімдері бойынша өзінін шын мәніне келіп, ол техника-экономикалық негіздеуден, технологиялық және техникалық бөлімдер мен экономикалық есептерден тұратын құжаттама комплекті болып табылады.

Дипломдық жоба – ол техникалық, арнайы және оқулық әдебиетпен байытылған студенттің дербес және творчестволық жұмысы. Мамандырылған әдістемелік нұсқаулар бойынша жетекші мен оның кеңесшілер жәрдемімен студент арнайы пәндерді оқу кезінде алған білімді теориялық және практикалық түрде іске асырады.

Барлық қабылданған шешімдерді студент өзі жасаған негіздеумен, технологиялық, техникалық және экономикалық есептермен, графиктармен, диаграммалармен дәлелдейді.
2 дәріс. Кіріспе.

Дәріс жоспары: Тамақ өндірісінің кәсіпорындарын орналасу мәселесін шешетін факторлар

1) Шикізат өндіру аймагында кәсіпорындарды орналастыру.

2) Қоректену аудандарда кәсіпорындарды орналастыру.

3) Қала аймагында кәсіпорындарды орналастыру.


1) Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарын орналастыру кезінде келесі факторларды еске алу қажет: шикізат өндіру облысы; жабдықтау облысы; жұмысшылардың бар болуы; көлік байланысы; құрылыс учаскесінің мөлшері мен рельефі; энергиямен және сумен қамтамасыз ету; қалдықтарды утилизациялау; қоршаған ортаны қорғау; микроклимат. Мүмкіндігінше ауылшаруашылық және ағаш отырғызған жерлері бар аудандарды қолдануға тиім салу қажет. Егер олсыз қолдануға болмаса, онда төмен сапалы топырағы бар аудандарда құрылыс салу қажет.

Тамақ өнімдерді тасымалдауы қоп шығындармен байланысты. Сондықтан, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарын орналастыруда келесі факторларды шешу қажет: шикізат өндіру аудандарда кәсіпорынды орналастырғанда көлік шығындарының экономиясынын бар болуы, сонын нәтижесінде шикізат бузылуын болдырмау және тасымалдау кезінде оның соққыға ұшырауын азайту мүмкіндігін. Көптеген тамақ кәсіпорындарының ерекшілігі жеміс-жидектер мен көкөністерді жинау және оларды өңдеу уақытымен тікелей байланысты. Жеміс-жидектердің бір бөлігі тасымалдауға өте сезімді, сондықтан олардың өңдеуін өсу жерлеріне жақын арада жүргізу қажет және жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдейтін кәсіпорындарды ауылдар мен кіші қалаларда ашу қажет. Ауылшаруашылық кәсіпорындармен келісім-шарттар негізінде отырған жағдайларда астық тасымалдаудың көлемі мен уақыты және де оны жинау бекітілуі мүмкін. Сонымен қатар, дайындау немесе өңдеу уақытында жұмысқа ауылшаруашылық жұмысшы шақырылуы мүмкін.

Жеміс және жеміс-жидек шырындарды жасайтын кәсіпорындарда ұқсас проблемалар пайда болады. Жеміс-жидектер жақын арада өсетін жерлерде шырындарға өңделу қажет. Көлік шығындарың үнемдеу ушін мына проблеманы шешуге тиіс: шырындардың шөлмектер мен банкілерге құюлуы кәсіпорында жүргізілуге немесе олар қалада орналасқан құю станциясына үлкен резервуарларда тасымалдануға тиіс.

Құс сою цехтар құстарды өндірістік түрде қоректендіретін комбинаттармен тікелей байланысты болады немесе олар комбинаттардың арнайы бөлімдері болып табылады. Олар ауылдық аудандардың орталық жерлеріне берілу мүмкін. Бұл талаптар қояндарды союға арналған кәсіпорындарға да қойылады.

Тамақ өндіру аудандарында орналасуға тиісті басқа кәсіпорындар санына картоп және астық сақтау кәсіпорындары және жемді жасау кәсіпорындары жатады.
2) Халықты үлкен көлемде коректендіруге қажетті негізгі тамақ өнімдердің өндірісінің бағыты оның сатылу мүмкіншілігмен жүзеге асады. Тұтыну аймағы көбінесе бір округты немесе үлкен қаланы қамтиды. Қамтамасыз етуші кәсіпорындарға ет комбинаттарының бөлімдері, сүт және нан зауыттар, макарондық фабрикалар және де сыра пісіру зауыттар және алкогольсыз сусындарды шығаратын зауыттар жатады.

Май, маргарин, кондитерлік бұйымдарды шығаратын кейбір кәсіпорындар, темекі өнеркәсібінің кәсіпорындары орташа қалаларда орналасады, бірақ та олар бір округтан едәуір улкен аймақты қамтамасыз етеді. Бір немесе бірнеше округтарды қамтамасыз ететін кәсіпорындар көбінесе үлкен қалаларда және оларға жақын орналасады. Бұл талаптар ет комбинаттарға, сүт өндіруге арналған мамандандырылған кәсіпорындарға, тамақ және дәмді өнімдерді, қоғамдық тамақтандыруға арналған бұйымдарды шығаратын кәсіпорындарға және де көтерме сауда қоймаларға қойылады.


3) Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қаланың төрт аймақтарында орналасуы мүмкін:

а) Ескі үйлері бар қала орталығы; б) Ішкі қалалық құрылыстары бар ауданы (микроаудан); в) Кең таралған қалалық құрылыстары бар ауданы; г) Қаланың шеткі ауданы.

Ескі үйлері бар қала орталығы. Көптеген шағын кәсіпорындар кішкентай аймақтарда орналасқан. Бұл жерде құрылыстар өте тығыз салынған, сондықтан қала орталығында ешқандай өндірістік ұлы заттар мен қоқсықтарды шығармайтын кәсіпорындардың орналасу мүмкіншілігі бар..

Ішкі қалалық құрылыстары бар ауданы. Бұл аудан тығыз салынган құрылыстармен сипатталады. Сондықтан кәсіпорындар мен тұрғын үйлер өте жақын орналасады. Өндірістік кәсіпорындардың санына байланысты екі түрлі аудандар бар: а) тұргын аудандар және б) өндірістік құрылыстары бар аралас аудандар.

Кең таралған қалалық құрылыстары бар ауданы. Бұл аудандардың дамытуы көбінесе қалалық құрылыстар ішінде, яғни қаланың орталығы мен шетін байланыстыратын жүргізілген. Өндірістік және тұрғын үйлердің құрылыстарымен алынған аудандар аралары ашық қатар орналасады.

Қаланың шеткі ауданы. Өндірістік кәсіпорындармен алынған аудандар тұрғын үйлерден бөлек орын алады. Бұл аудандарда кәсіпорындар мен тұрғын үйлердің араласып ораналасуы көп емес және бір-бірінің функциясына әсері төмен.

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары жоғарыда қарастырылған барлық қалалық аудандарда орналаса алады. Олардың тиімді орналасуына алдынғы шарты болып өзара байланыстардың есебі табылады, адамдардың өмір сүруіне кәсіпорындардың зиянды түрде әсер етуін жою және де барлық осы факторларды олар орын алатын жермен бірге байланыстыра білу. Қала құрылымындағы кәсіпорындарды орналастыру үшін критерийлер түрінде мыналар таңдалады: жер учаскесі ауданының өндірістік қызметшілер санына қатынасы, салынған құрылыстың пайызы (салынған ғимараттар мен салынбаған құрылыстар аудандарының қатынасы), орта қабаттық, тасымалдауға жіберілетін жүктердің массасы.
3 дәріс. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындар түрлері.

Дәріс жоспары:

1) Адам ағзамына зияндылығы бар өндірістік кәсіпорындар.

2) Кәсіпорындар кооперациясы.
1) Кәсіпорындар өмір сүру шарттарын төмендете алады немесе олар шуылдар, дірілдеулер, жағымсыз иістер, жоғары өрт қауіптігі және ауалық ортанын ластану салдарынан жақын арадағы тұрғын аудандарға зиянды түрде әсер етеді. Екінші жағынан, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қоршаған ортаны ластандыратын заттарды шығаратын өндірістік қондырғылардың (мысалы, қалалық тазарту ғимараттары). Бұл ғимараттарды мүмкіндігінше алысырақ орналастыру қажет. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарда шығатын шуылдар көбінесе қатты емес.

Жағымсыз иістер көбінесе балық және ет өңдейтін кәсіпорындарда, сонымен қатар кейбір сүт зауыттарында пайда болады. Бұл иістердің пайда болу себебіне өнім және органикалық өндірісі қалдықтарының ашық сақтау, ағынды сулар жатады. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған қоймалауға, қалдықтарды шығару мен өңдеуге және ағынды суларды лайықты тазартуына көңіл бөлу керек. Жоғарыда аталған кәсіпорындарды тұрғын аудандарда тікелей орналастыру мүмкін емес, олар өндірістік қалалық аудандарында орналасуы қажет.


2) Бір орында кәсіпорындарды орналастыру арқылы әртүрлі құрылғылар мен қондырғыларды бірге қолдану мүмкін. Бірінғай шикізатты өңдеу, бірінғай өнімді өндіру, тұтынушыларға өнімді бірге жеткізу, сонымен бірге көлікті, әкімшілік ғимараттарды және де инженерлік қамтамасыз ететін және қалдықтарды шығаратын қондырғыларды тиімді пайдалану немесе кооперациялау тамақ өндірісінің әртүрлі кәсіпорындардың бір орында орналасуы және өзара байланысы негізі болуы мүмкін.

Тамақ өндірісінің кәсіпорындардың бір орында өзара байланыс пен орналасудың келесі түрлері жүзеге асады: мал сою, етті өңдеу және оны консервілеу; сүт зауыттар, сыр және құрғақ сұт жасау кәсіпорындар, дайын өнімдерді жасауға арналған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындар, тоңазытқыш қоймалар; астық сақтау қоймалар, жем өндіру зауыттар; диірмендер, нан зауыттар, макарондық фабрикалар, ұзақ сақталатын нан және кондитерлік бұйымдарды жасау зауыттар және т.б.

Кәсіпорындарды кооперациялаудың тағы бір түрі жалпы тоңазытқыш қоймасын қолдану негізінде салынған. Бұл кооперация түрі ет комбинаттарға, сүт зауыттарға, жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдейтін кәсіпорындарға арналған.

Кез келген жағдайда кәсіпорындарды кооперациялау кезінде өндірістік аудандарда инженерлік қамтамасыз ету және қалдықтар мен ағынды суларды шығару проблемаларын басқа аудандарда орналасқан жеке кәсіпорындарға қарағанда қарқындатып шешеді. Бұл проблемаларға электрэнергиямен, газбен, бумен, жылы, ауыз және техникалық сумен қамтамасыз ету жатады. Автомобильдік жолдары, теміржолдық және басқа инженерлік коммуникациялар жердегі ғимараттардың құрылыстық жұмыстардың басталуына дейін жобалануға және олар салынуға тиісті.


4 дәріс. Кәсіпорындар кешені.

Дәріс жоспары:

1) Кәсіпорындар кешені. Өндірістік кешені мен тұрғын ауданы арасындағы байланыс.

2) Кәсіпорындарды ораналастыру үшін кепілдеме.

1) Маңызды факторлар қалада өндірістік кешенді дұрыс орналастыру, берілген жер учаскесін қарқынды пайдалану, кәсіпорынды модернизациялау мүмкіншіліктерің есепке алу және архитектуралық шығармашылықтың жоғары сапасы болып табылады.

Унифицирленген секциялар негізінде жасалған типтік жобада кешеннің ғимараттарында сүт зауыты, нан зауыты, сусындарды шығаруға арналған кәсіпорын, жеміс-жидектер, көкөністер, картоп және т.б. тауарларды сақтау қоймалары.

Қаланың тұрғын аудандар мен өндірістік аймақтардың орналасуын осылай шешуге тиісті: жұмысшылардың жұмыс орнына жету жолы мүмкіндігінше қысқа болуы. Бірақ та мынаны еске алу тиіс: өндірістік аудандарға жақын орналасқан тұрғын аудандарға әртүрлі теріс факторлар себепті болады. Бұл өндірістік зияндылықтар: шуылдар, газдар және иістер сияқты әсерлерінен толық сақтануға болмайды, сондықтан мүмкіндігінше өндірістік және тұрғын зоналар арасындағы ара қашықтығын жоғарылатуымен және көгалдандырылған аймақтардың бар болуымен бул факторлардын әсерін төмендетуге қажет.

Тамақ өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындар және комбинаттар инженер қамтамасыз ету және қалдықтар мен ағынды суларды шығару жүйелердің жұмысы орталықтан реттелетін қаланын өндірістік зоналарында көбінесе орналасады. Жылу орталығы жылумен, бумен және ыстық сумен өнеркәсіптік аймақтын бәрін және кейбір тұрғын аудандарды да жабдықтайды.

Өндірістік және тұрғын аудандар арасындағы санитарлық-қорғау аймақта дәрігерлік және мәдениеттік мекемелері, сонымен қатар мектептер, бала бақшалар, дүкендер және тұрмыстық қызмет ету кәсіпорындар орналаса алады.


2) Кәсіпорындарды орналастыру үшін келесі кепілдемелер: ең ірі кәсіпорындар мен тұрғын аудандар міндетті түрде бөліну қажет; жұмыс атқаратын кәсіпорындарды аралас салынған аудандарда олардың пайдалану мерзімі аяқталмай жатып қалдыруға болады, егер олардың адам өмір сүруіне зиянды әсерлері болмаса; тұрмыстық қызмет ету мекемелердің кооперациясын тұрғын аудандағы орталық мекемелер түрінде қарастыру қажет; өндірістік және тұрғын аудандардың орналасуы жергілікті жолаушы көліктің тиімді қолдануын қамсыздандыруға тиісті; өндірістік және тұрғын аудандардың арасында көгалдандырылған аймақтар жасалуға тиісті, оларда қоғамдық және оқулық мекемелер орын алу мүмкін; өндірістік аудандарының шектерінде кәсіпорындар өнеркәсіптің түріне және санитарлық сипаттамасына қарай аймақтар бойынша орналасуға тиісті; өндірістік аудандарды жылумен, бумен, электр энергиямен, газбен, ыстық және суық сумен орталықтандырылған түрде қамсыздандыруға тиісті (сонымен қатар, оларға телефон, телетайп, электрондық почта, интернет және радио сияқтылар жатады); канализация және ағынды су суларды тазалау орталықтандырылған түрде жүргізілуге тиісті; кәсіпорындардың жолдарын жалпы жолдар тізбегіне қосылуы құрылыс басталмай тұрып жобалануға тиісті; кәсіпорындарда көлік, шеберхана және т.б. мекемелердің бірге қолдануға болатын мүмкіншілігі қарастырылуға тиісті; нақтылы жергілікті шарттарына байланысты кәсіпорындардағы басқару мекемелері және әкімшілігі, қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет, спорттық, мәдени және оқу мекемелері бірге қолданыла алады. Өндірістік аудандар мен аймақтардың шектерінде өнделетін шикізат, шығарылатын өнім мен оны сақтау шарттары, бірге қолданылатын құрылғылар мен қондырғылардың түріне байланысты өндірістік комбинаттарды салуға тиісті.
5 дәріс. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындар құрылымы.

Дәріс жоспары:

1) Кәсіпорыннын бас жоспары.

2) Кәсіпорыннын функционалды түйіндері, басқару және тұрмыстық қызмет ету бөлімшелері.

1) Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорынның ауданы кіріс және өндірістік аймақтардан, сонымен қатар, өндірісті инженерлік қызмет ету аймағы мен теміржол мен автомобиль жолдарының аймағынан тұрады. Кіріс аймақта жұмыстың басы мен аяғында қызметшілер кіріп-шығатын және де осы кәсіпорында қызмет атқармайтын адамдарға кіруге болатын ғимараттар орналасады. Сонымен қатар, осында адамдар мен көліктің қозғалу бағыттарының бақылауы жүзеге асады. Бұл ғимараттарға көлікке арналған аудан, әкімшілік ғимараты, тұрмыстық қызмет ету ғимараттары, сонын ішінде киім шешетін бөлме, асхана, кітапхана және т.б. жатады.

Өндірістік аймақ құрамына өндірістердің негізгі және қосалқы учаскелер жатады. Бұл аймақ әртүрлі түрлері мен мөлшерлері бар бір немесе бірнеше ғимараттардан тұру мүмкін. Ірілендірілген көлемді-жоспарлау элементтердің қолдануы жобалау процесін жеңілдетеді және толық түрде реконструкция жасамай жабдықтарды жаңартуға мүмкіндік туғызады. Бірыңғай модульдік жүйе негізінде қабылданған (пристройка немесе надстройка) ғимарат кеңейтуін жеңілденеді. Қай жерде мүмкін сол жерде қайта қолданылатын жобалар немесе ғимараттар не олардың бөлімдерінің типтік жобалар қолданылуға тиісті. Сонымен қатар, бұл талаптар өндірістің инженерлік қамтамасыз ету аймағына және энергиямен жабдықтайтын қондырғылар, техникалық қондырғылар, шеберханалар, қоймалар және т.б. жататын көлік жолдарына жатады.

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорынның бас жоспарын дұрыс құрастыру үшін үлкен маңызы болып өндірістің түрі мен ұйымдастыруы, өнімді өндіру кезінде көлік жолдарының тізбегі мен қозғалыс ағыны табылады. Сонымен қатар, мынаны ескерту қажет: кәсіпорын жұмыс істеуші адамдарға арналған қоршаған ортаның бір бөлігі болып табылады.


2) Зауытпен басқару ғимаратында дирекция мен техникалық басшылық, орталық кадрлар, еңбек, жоспарлау, заттық-техникалық жабдықтау, бухгалтерия және пошталық бөлімшелерінің бөлмелері орналасады. Қоғамдық ұйымдарға арналған бөлмелері болуға тиісті. Бұл ғимаратта орталық зертханалар, есептегіш центрлер және конструкторлық бюро орналасу мүмкін. Үй астындағы қабатта азаматтық қорғаныс жабдықтары көп жағдайда орналасады. Шағын кәсіпорындарда басқару мен тұрмыстық бөлмелері бірге орналасады.

Зауыт басқармасының ғимараты өндірістік ғимаратпен жабық өту жолмен байланысқан болып немесе онымен бірге жанастыра отырып.


6 дәріс. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындардың қосалқы бөлімшелердің құрылымы.

Дәріс жоспары:

1) Кәсіпорынды тұрмыстық қызмет ету, қажетті заттармен қамтамасыз ету. Шеберханалар.

2) Кәсіпорыннын көлік коммуникациялар және ғимараттар. Қоймалар.
1) Әлеуметтік-тұрмыс қызмет ету бөлмелер санына негізінде асханалар, медициналық пункттер, демалыс бөлмелері, киім шешетін бөлмелері және дәретханалар жатады.

Тамақ өнеркәсібінінің кәсіпорындары үшін көп мөлшерде су қажет. Судың бактериологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады. Көп жағдайда қалалық су беру желісінен алынған су пайлынады. Егер осындай жолмен сумен жабдықтау толық көлемде іске аспаса, онда кәсіпорындарға, әсіресе ­сүт зауыттарына арналған артезиандық құдықтарды және өзіндік ­ су беру жүйесін құрастыруға тиісті.

Шеберханалар түрлері мен мөлшерлері өндірістің түріне және кәсіпорынның қуатына байланысты алынады. Олар станоктарды, жабдықтарды, автомобильдерді, ғимараттардың инженерлік жабдықтарын бақылауға арналған аппаратураны жөндеу үшін қолданады. Тамақ өнеркәсібінінің кәсіпорындарында барлық шеберханалар әдетте бір орналасып отырады.

Шеберханалар электр техникалық жабдықтарды және ғимараттардың инженерлік жабдықтарын бақылауға арналған аппаратураны сенімді түрде пайдалану және жөндеу үшін қажет. Шағын кәсіпорындарда қөп бағытты ғимараттар салыну мүмкін, олардың ішінде шеберханалар мен қоймалармен қатар гараждар, трансформаторлық подстанциялар, суды даярлайтын қондырғылар орын алады.


2) Тамақ өнеркәсібінінің кәсіпорындарында теміржол тармақтары тек ерекше жағдайда қана болуы мүмкін. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға кіру жолдары не болмасада магистральді жолдармен киылыспау қажет. Кәсіпорынның ауданын ең тиімді қолдануы ол барлық жолдардың бір біріне тік бұрыш бұрышпен киылысқаны. Барлық өндірістік және қосалқы ғимараттар барлық жақтардан өрт сөндіру автомобильдердің келу жолдарына жақын болуға тиісті. Сонымен қатар, сұйықтықтарды жылдам шығаруға арналған тиімді канализациялық жүйесімен қамтамасыз етуге тиісті.

Битумды жабулары бар жолдарға қарағанда цемент-бетондық жабулары бар жолдар ұзақ мерзімде және технологиялық түрде пайдалануға өте тиімді. Олар жеміс және сүт қышқылдардың әсерінен жолдардың жабулардың тозуға төзімділігін жоғарылатуға арналған.

Ең маңызды рөлді шикізат пен дайын өнім қоймалары ойнайды. Олардың құрылыс-құрылымдық шешімі өнделетін өнім түріне байланысты болады. Бұл қоймалармен бірге цех ішінде және ашық ауда сұйық заттарды сақтау үшін индустриалдық резервуарлар мен ыдыстар қолданылады.
7 дәріс. Ет өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың өндірістік ғимараттардың қайта құрылуы.

Дәріс жоспары:

1) Техникалық қайта жабдықтау.

2) Мал сою бөлімшенің қайта құрылуы.

3) Ет комбинаттың қайта құрылуы мен өсуі.


1) Техникалық қайта жабдықтау деп құрылысқа берілетін маңызды шығындарсыз тозған технологиялық жабдықтарды жаңа машиналар мен автоматтармен ауыстыруды айтады. Кәсіпорыннын түріне баланысты жабдықтар 8-10 жыл пайдаланудан кейін ауыстырылу мүмкін. Құрылыс барысында ғимараттарды былай жобалауға тиісті: аралық тіректерсіз бөлмелер мен монтаждық қуыстар жабдықтарды әртүрлі орын ауыстырғанда және олардың астына койылатын ірге тастарды салғанда құрлыс жұмыстарын жеңілдетіп атқаруға мүмкіндік тұғызады.

Қайта құруға арналған тапсырманы орындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет. Кәсіпорынды қайта құру үшін қажеттілік бар ма? Ғимараттардың күтілетін ұзақ мерзімде жұмыс істеу оған кеткен шығындарды ақтай ма? Кәсіпорынды қайта құру оның қуатын, еңбек өнімділігін жоғарылатып қызметшілердің еңбек пен тұрмыс шарттарын жақсартала ма? Қайта құру арқылы жабдықтардың жұмыс ауысымдылық факторы жоғары болала ма? Қайта құру өндірістің мамандандыру мен кооперациясына толық түрде сай келе ме? Шикізат пен энергия көздері тиімді қолдана ма? Қайта құру кәсіпорындағы өндірістік ағынды жақсартуға әкеле ме? Қайта құру кезінде қоршаған ортаны қорғау шарттары жақсара ма? Көлік проблемалары қолайлы түрде шешіле ме? Қаланың интеграциясына кәсіпорыннын қайта құрылуы жата ма? Қайта құру арқылы басқа кәсіпорындармен кооперативтік байланыстар жақсара ма және ол әртүрлі жабдықтар мен мекемелерді бірге пайдалануға қолайлы ма?

Кәсіпорыннын қайта құруына территориялық дамыту мүмкіншіліктері мен белгіленген өндірісті дамыту масштабтары арасындағы байланыстар көп әсер етеді. Қосалқы жабдықтар мен мекемелерді бірнеше кәсіпорындармен бірге қолдануды алдын ала ескеруге тиісті­. Қозғалған проблемаларды түсіндіру үшін тамақ өнеркәсібінінің кәсіпорындарын қайта құруынын бірнеше үлгілерін қарастырсақ.
2) 1971 салынған мал сою цехы өзінің құрылыс-техникалық параметрлері мен өндірістік қуаты бойынша қазіргі замандағы талаптарға сай келмейді. Осыған орай кәсіпорынды қайта құру өте кажетті, яғни мал сою өнімділігі (бастар саны сменада) бойынша мына деңгейге жету қажет: 600 шошқа , 120 ірі қара мал, 30 ұсақ мал.

Ескі мал сою цехы мен қолданылатын тоңазытқыш камералары аралық блокпен бірге тоңазытқыш кешенін құрайды.


3) Бұл кәсіпорынды қайта құру кезеңдер бойынша жүзеге асты. Бірнеше жылдар бұрын қолданылатын ғимараттарға мал союға арналған жаңа толассыз желілер құрастырылған, сонан соң ет өңдеу кәсіпорынның жаңа ғимараты көтерілді, өндірістік қуаттылығын жоғарылату үшін және қазіргі бөлмелердің аз болу салдарынан өңдеу цехы салынды.

Бұл цехты салуға арналған учаскесінің орны тоңазытқыш пен ет өңдеу кәсіпорыннын арасында жатады. Бар болатын жер ауданы шектелген болғандықтан өңдеу цех ғимаратын көп қабатты болып тұрғызуға шешілген еді. Бұда орналасқан функционалды учаскелердің өлшемдері сондай және олар дәл осылай орналасқан, яғни осында мал сою цехтан бастап ұщаларды суыту және мүшелеу ағын учаскелерінен етті өңдеу жеріне дейін өтетін толассыз өндірістік ағын пайда болады.

Ет комбинаты кеңейту үшін оның территориясына жататын учаскісінде іне арналған жабысып тұратында аумағына 66 т/тәулікте өнімділігі бар ет өңдеу кәсіпорынды салуға қажетті. Жаңа ғимараттың орны қолданылатын мал сою цехтын жанында орналасқан, яғни бұл технологиялық жағынан тиімді. Жергілікті жағдайлар мен өндірістік процестің сипаттамасын есепке алып жаңа өндірістік корпус өндірістік пен басқару аймақтарға, тұрмыстық және қосалқы бөлмелерге бөлінген. Бұл кезде бас өндірістік бөлмелер бірінші қабатта орналасады, онда терезелері болмайды. Функционалдық қосалқы бөлмелер, қақтау және қалпына келтіру бөлмелері және де орталық инженерлік жабдықтар ғимараттың екінші қабатында орын алады.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет