Қазақстан республикасының заңы ақпараттандыру туралы



бет1/6
Дата03.05.2016
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6


Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Ақпараттандыру туралы

Осы Заң электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құрудың, пайдалану мен қорғаудың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың құқықтық негiздерiн белгілейді.



1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандыру – ақпаратты алу, қайта жасау, беру және пайдалану процестерін оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;

2) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;

3) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, автоматтандырылған функциялар, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер және электрондық нысанда көрсетілген қызметтер;

4) ақпараттандыру объектілерінің сыныптаушысы – ақпараттандыру объектілерін сәйкестендіруге және оларға сипаттама беруге бағытталған санаттардың жүйеленген тізімі;

5) ақпараттандыру саласындағы қызметтер – ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және сүйемелдеу, электрондық ақпараттық ресурстарды құру бойынша қызметтер;

6) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес – мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын уәкілетті органның жанындағы ведомствоаралық консультациялық-кеңесші орган;

7) ақпараттандыру саласындағы сындарлы маңызды объектілер – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы төтенше жағдайларға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, жекелеген шаруашылық салалары, немесе Қазақстан Республикасының инфрақұрылымы үшін, немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін ұзақ уақыт кезеңінде елеулі жағымсыз салдарларға әкеп соқтыратын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;

8) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

9) ақпараттандыру субъектілері – ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;

10) ақпараттандырудың сервистік моделі – мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ұсынуға негізделген аталған органдардың қызметін орталықтандырылған ақпараттандыруды ұйымдастыру;

11) ақпараттық жүйе – ақпаратты құруға, iздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және ұсынуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдардың және құжаттаманың жиынтығы;

12) ақпараттық жүйе жасау – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, сатып алуға, енгізуге, ақпараттық жүйенің техникалық құралдарының қажетті кешенін сатып алуға және (немесе) жалға алуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру;

13) ақпараттық жүйелерді интеграциялау – Қазақстан Республикасында қолданылатын деректерді жіберудің стандартты хаттамалары негізінде екі және одан да көп ақпараттық жүйелердің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

14) ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптары сәйкестігіне аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) – аттестаттау объектілері қорғалуының жай-күйін және олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар;

15) ақпараттық жүйені дамыту – ақпараттың қызмет етуін оңтайландыру мақсатында ақпараттық жүйенің қосымша қызметтік талаптары мен жаңғыртылуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешені;

16) ақпараттық жүйені енгізу – автоматтандыру нысаны мен персоналды дайындауды, іске қосу жұмыстарын және қабылдау сынақтарын жүргізуді, тәжірибелік пайдалануды қамтитын ақпараттық жүйені қолданысқа енгізу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

17) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттық жүйенің мақсаттарына, міндеттері мен нормативті-техникалық құжаттамасына сәйкес ақпараттық жүйені штаттық режимде пайдалану;

18) ақпараттық жүйені сүйемелдеу – жабдыққа оның міндетіне сәйкес жүйелік-техникалық қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және техникалық қолдау арқылы ақпараттық жүйенің пайдалануын қамтамасыз ету;

19) ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалану – ақпараттық жүйенің қызмет етуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою және оның нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өткізілетін ақпараттық жүйені пилоттық аймақта пайдалану;

20) ақпараттық жүйенің аудиті – ақпараттық жүйені қолдану тиімділігін арттыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеу;

21) ақпараттық жүйенің өмірлік циклі – сараптама жасау, жобалау, әзірлеу, ақпараттық жүйені тәжірибелік, тәжірибелік-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік пайдалануға қосу, дамыту, пайдалануды тоқтату және кәдеге жарату кезеңдерінің жиынтығы;

22) ақпараттық-коммуникациялық желілерді мониторингілеу жүйесі – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, коммуникациялық жабдықтардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;

23) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – есептеу техникасы, коммуникациялық жабдық, деректер беру арналары, ақпараттық жүйелер құралдарының, коммутация, ақпараттық ағындарды басқару құралдарының, олардың үздіксіз қызмет етуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің жиынтығы;

24) ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету – есептеу ресурстарын жалдау және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді, бағдарламалық өнімдерді және өзге де жаблықтарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің, сондай-ақ аталған көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін байланыс қызметі немесе қызметтерінің жиынтығы;

25) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету каталогы – мемлекеттік органдарға «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын, ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі сипаттамасы және бағасы қамтылған бірыңғай анықтамалық;

26) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – технологиялық буынға біріктірілген әдістердің, ұйымдық-өндірістік процестердің, аппараттық-бағдарламалық кешендердің, деректерді тарату желілерінің жиынтығы;

27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын, есептеу техникасын, коммуникациялық жабдықты, тұрмыстық электрониканы және оның құрам бөліктерін жобалаумен, өндірумен және сатумен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер көрсетілетін ұсынумен байланысты экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптар – электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қолданылатын ұйымдастырушылық-техникалық нормалар мен талаптардың жинағы;

29) ақпараттық қауіпсіздік – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

30) ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген құрам бөліктерінің тиiсiнше жұмыс iстеуiне қауіп төндiретiн және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiру, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелей немесе сериялы түрде туындайтын шалыс оқиғалар;

31) аппараттық-бағдарламалық кешен – бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;

32) ашық бастапқы коды бар еркін бағдарламалық қамтылым – оған қатысты құқық иеленуші пайдаланушыға өтеусіз және шектеу орнату, іске қосу, пайдалану, зерделеу, тарату және дамыту құқығын беретін бағдарламалық өнімдер;

33) ашық деректер – орган бекітілген тізімге сәйкес уәкілетті машина оқитын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға және пайдаланушылардың қайталап жариялауына арналған, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

34) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректер бойынша сипаттау және сілтемелік ақпаратты орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз ететін «электрондық үкіметтің» веб-порталы компоненті;

35) бағдарламалық қамтамасыз ету – бағдарламалардың (қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету) және осы бағдарламаларды пайдалануға қажетті техникалық құжаттаманың жиынтығы;

36) бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу – оны пайдалануға тапсырған соң, қызмет етуін, жақсарту процесін, бағдарламалық қамтамасыз етуден ақаулары мен жетімсіз жұмысын оңтайландыру және жою;

37) бағдарламалық өнім – бұлардың әзірлеушілеріне қарамастан, техникалық құжаттамамен белгіленген жүйелік талаптарға сәйкес көзделген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің бір бөлігі;

38) домендiк атау – Интернет желiсiнiң адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк мекенжайға сәйкес келетiн және Интернет желiсiнiң объектiсiне атаулы жолданымға арналған нышандық (әрiптiк-цифрлық) белгi;

39) жергілікті желі – басқа телекоммуникация желілеріне қосылу нүктесіне дейін тұйық инфрақұрылымы бар және ақпаратты жіберуді және аумақтық шектелген кеңістіктегі (үй-жайдағы, ғимаратағы, кәсіпорындағы) желілік құрылғыларға ортақ қол жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деректер беру желісі;

40) жүйелік-техникалық қызмет көрсету – есептегіш құралдардың, коммуникациялық және перифериялық жабдықтың, ақпараттық жүйелердің жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

41) Интернет желісі – деректер таратудың жаһандық желісі;

42) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – Интернет желісіне және (немесе) Интернет желісіне шыға алатын ақпараттық желілерге, байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде телекоммуникация желілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;

43) интернет-портал – ақпаратты, электрондық сервистер мен көрсетілетін қызметтерді кешенді ұсынуға арналған, сондай-ақ пайдаланушылардың көпшілік санының қажеттіліктеріне сай келетін, басқа интернет-ресурстарға сілтемелерді қамтитын интернет-ресурс;

44) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын және Интернет желісінде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс;

45) компьютерлік сауаттылық – адамның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен бағдарламаларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіби қызметінде пайдалана білуі;

46) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi мекемеаралық комиссиясы – ақпараттандыру, «электрондық үкiметтi» қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеп шығаруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган;

47) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстардың бірыңғай тұғырнамасы – мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері және ведомстволардың, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық тұғырнама;

48) мемлекеттік органның архитектурасы – міндеттері мен қызметін, ұйымдастырушылық құрылымын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың арасындағы байланыстарды қоса алғандағы мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарлы жағдайының сипаттамасы;

49) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

50) нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектілерін әзірлеуге, құруға және пайдалануға, сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауға жалпы міндеттерді, қағидаттар мен қағидаларды айқындайтын құжаттар жиынтығы;

51) пайдаланушы – қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды енгізу және алу үшiн ақпараттық жүйені пайдаланатын субъект;

52) сервистік бағдарламалық өнім – мемлекеттік органдарға «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторымен көрсетілетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті іске асыруға арналған бағдарламалық өнім;

53) техникалық қолдау – лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етілімнің жұмыс қабілеттілігін қолдау бойынша консультациялық, технологиялық және өзге де қызметтер көрсету;

54) техникалық құжаттама - техникалық тапсырмасын, пайдалану және өзге де құжаттамасын қамтитын бағдарламалық өнімнің, сервистік бағдарламалық өнімнің, ақпараттық жүйенің, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасының құжаттамалары жиынтығы;

55) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған ақпарат;

56) электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге, ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметке қолжетімділік – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйені, ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті пайдалану мүмкіндігі;

57) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау – электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды сақтауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiн іске асыру;

58) «электрондық әкiмдiк» – мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге арналған жергiлiктi мемлекеттік билік органдарының, жеке және заңды тұлғалардың электрондық өзара іс-қимыл жүйесі;

59) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы – функциялар және көрсетілетін қызметтердің стандартты құрам бөліктірі мен талаптарының, ұйымдастырушылық құрылымның, ақпарат ағынының, әкімшілік-аумақтық бірліктер түрлерін есепке алғандағы жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-коммуникациялық құрылымының сипаттамасы;

60) «электрондық үкімет» - мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген және электрондық көрсетілетін қызметтерге көрсетуге арналған орталық мемлекеттік билік органдарының және олардың жеке және заңды тұлғалармен электрондық өзара іс-қимыл жүйесі;

61) «электрондық үкімет» архитектурасы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерді басқару мен үйлестіруге нормативтік және техникалық талаптардың жиынтығы;

62) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы – «электрондық үкіметтің» іс-қимылын қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

63) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - оператор) – электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуге қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша айқындалатын заңды тұлға;

64) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасы – мемлекеттік органдар үшін ақпараттандырудың сервистік моделін ісіне асыруға арналған технологиялық тұғырнама;

65) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушылар бөлмесі – өтініштерді қарайтын субъектілерге өтініш беру мәселелері, сондай-ақ дербес деректерді қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және өзге көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми өзара іс-қимылына арналған «электрондық үкімет» веб-порталының құрам бөлігі;

66) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы– «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, «электрондық үкiметтiң» және «электрондық әкімдіктiң» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының осы бапта көрсетілмеген басқа да ұғымдары осы Заңның тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа салаларының ұғымдары, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланатындай мағынада қолданылады.


2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

1. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар өндірісінде, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

2. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу мынадай қағидаттарға:

1) заңдылық;

2) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерiн пайдалануға тең құқылығы;

4) жеке өмірге қол сұғылмаушылық;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзілуі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа, мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзуді қамтамасыз ету және оларды беру міндеттілігі (ашықтық презумпциясы);

6) ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттік органдарға берудің міндетті сипаты белгіленіп, олардың уақтылы берілуі, әділдігі, толықтығы мен анықтығы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу, қалыптастыру мен беру еркiндiгi;

8) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезiнде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен адал бәсекелестік саласын дамыту үшін жағдай жасау;

10) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етiлуi;

11) ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен оның басқарылуын қамтамасыз ететін стандарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрыңғай ақпараттандыру жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуы;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы қағидаттарына негізделген.
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік билік органдары, жеке және заңды тұлғалар арасында ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға, сүйемелдеуге және пайдалануға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы дамуды мемлекеттік қолдауға қатысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заңның қолданылу аясы болып табылады.

2. Осы Заңның күші:

1) ақпаратты құру және тарату;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде оның құрылымына кіретін ұйымдар «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен біріктірілмеген интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру бойынша жұмыстарды жүзеге асырғанда, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырғанда туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқару
5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері:

1) ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту;

2) мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

3) «электрондық үкіметті» және «электрондық әкімдікті» дамыту;

4) халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

5) білім беру процесінің қатысушыларына электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз ету;

6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және өндірістік оларды процестерге енгізу жағдайларын қамтамасыз ету;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық саласын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;

8) ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми, техникалық, өнеркәсіптік және инновациялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;

9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қалыптастыру, дамыту және қорғау, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

10) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

11) ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының, оның ішінде төтенше жағдайлар мен соғыс жағдайы кезінде олардың алдын алу және жедел ден қою;

12) жүйелі негізде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;

13) ақпараттандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру;

14) мемлекеттің ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы;

15) халықаралық ақпараттық алмасу және ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдай жасау болып табылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

2), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторын, операторы айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекiтеді;

4) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекітеді;

5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптарын бекітеді;

6) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптарын бекітеді;

7) мемлекеттік органдардың архитектурасын, электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі «электрондық әкімдіктің» архитектурасын әзірлеу мерзімдерін белгілейді;

8) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидасын бекітеді;

9) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыратын объектілердің тізбесін бекітеді;

10) ақпараттандыру объектілерін ақпараттандыру саласындағы маңызды сындарлы объектілерге жатқызу қағидаларын және шарттарын бекітеді;

11) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және мазмұнына қойылатын талаптарды бекiтеді;

12) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, пайдалануға беру, пайдалану, сүйемелдеу, дамыту және пайдалануды тоқтату қағидаларын бекітеді;

13) ақпараттандыру объектілерін жіктеу қағидаларын және Ақпараттандыру объектілерінің сыныптаушысын бекітеді;

14) мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен өзара ақпараттық іс-қимыл қағидасын бекітеді;

15) «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкімет» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара ықпалдастық қағидаларын бекiтеді;

16) ақпараттық жүйенің, «электронды үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнама, сервистік бағдарламалық өнімнің, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекітеді;

17) сервистік бағдарламалық өнімнің, мемлекеттiк ақпараттық жүйенің, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің, маңызды сындарлы ақпараттандыру саласы объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізу қағидаларын бекітеді;

18) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекітеді;

19) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзіне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы n 38-н бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының 2005 жылдың 2 тамызындағы №264 бұйрығы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы №563 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
npa -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн ұстау қағидаларын бекiту туралы
npa -> Әуе кемесiн ұшуда пайдалану
npa -> «ita-2» хабарламасының форматы
npa -> «ia-5» хабарламаның форматы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет