Қазақстан республикасыныңбілім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.19 Mb.
бет1/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

УМКД

УМКД 042-14.05.01.20.53

/03-2012


УМКД Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдар

ламасы «Ауытқушылық мінез-құлық психодиагностикасы мен коррекциясы»


Баспа № 3 26.02.2010 орнына

Баспа №4 ______



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Ауытқушылық мінез-құлық психодиагностикасы мен коррекциясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені

(5В050300 «Психология» мамандықтарына )

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2012




Алғысөз


  1. ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К.

Хаттама № 1 “__28____” ____08______ 2012ж


  1. ҚАРАЛДЫ

2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2012 жыл

Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С

2.2.ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2012 жыл

Төрағасы _______Г.Григорьева


3.БЕКІТІЛДІ

3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №______”__»________ 2012жыл

Оқу ісі жөніндегі проректор__________ Б.Рскелдиев



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы

Жасөспірімдердің қоғамға қарсы жағымсыз қылық-әрекеттері: өтірік айту, ұрлық жасау, өзін-өзі ұстай алмау, ызақорлық, оқшаулану, стресстер мен қорқыныш-үрейлері, әртүрлі невроздық көріністері психологтардың зерттеу мәліметтері бойынша қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға себепші деликвенттілік, девианттылық, дизонтогенездік, агрессивті, аутодеструктивті және аддиктивті мінез-құлықтар. Деликвенттілік, девианттылық, дизонтогенездік, агрессивті, аутодеструктивті және аддиктивті мінез-құлықтардың түсініктемелерін талдап көрейік.

Психологиялық әдебиетерде деликвенттік мінез-құлық термині жиі қолданылады. Бұл түсінік латын сөзіdilinguens” – “қылық, айып” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнен біз тұлғаның нақты іс-әрекеті, қоғамдағы және берілген уақыттағы заңдардан ауытқыған, басқа адамдарға қауіп төңдіретін және әлеуметтік реттілік пен қылмыс үшін хазаланған. Заңға қарсы мінез-құлық көрсеткен тұлға – деликвенттік тұлға ретінде жіктелінеді (деликвент). “Ауытқушы” мінез-құлық термині “девианттық” терминімен сәйкес келеді (латын тілінде deviatio - аутқу) немесе “деликвенттік” (латын тілінде delinquens - құқық бұзушы). Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеументтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса – қылмыс деп атайды. Дизонтогенез термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді. Бала дамуының проблемасы психикалық және дене кемістігінен тұрады, яғни бұл жалпы дамудағы ауытқушылыққа әкеледі. Ауытқудың сипаттарына қарамастан, оның бір көрінісі тұтас кемістікте көрінеді, кейбіреулері түзетіледі, ал басқалары жинақталады. Ерте психологиялық-педагогикалық сәйкестік алғашқы кемістікке кері әсер етеді.



Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы доминатты әрекет. Агрессиялық әрекет - мақсатты көзделген тіршілік иесіне зиян келтіру әрекеті.

Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына  қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді)

Девианттық мінез-құлық істеген істерінің жүйесін немесе жеке істерінен көрінеді, қоғамдағы ережелерге қарсы, негативті ауытқу деп түсінеді, яғни қоғамдағы құқық және нравтік нормаларға қарсы болу. Деликвенттік мінез-құлық заң жүзінде жазаланған, тіркеуде тұрғанымен мінезделеді.

Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс -әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. Мінез - құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктерді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.



Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Адамдардың мінез-құлығының кенеттен өзгеріп отыруы девианттық деп аталады. Ұзақ уақыт бойы кез-келген девианттық мінез-құлқықтың себебі ішкі ортадан ізделінді (семьяда дұрыс тәрбиеленбеу немесе басқада әлеуметтік орта). Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» / «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормальды (қалыпты) және аномальды (қалыптан тыс немесе ауытқу) бағасының арнайы критерийлері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық.


  1. Глоссарий

Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы деминатты әрекет

Агрессиялық әрекет -әрекет мақсатты көзделген тірі тіршілік иесіне зиян келтіру

Адаптация – қоршаған ортаға бейімделу

Адекватты іс- әрекет - Нақтылы ахуал мен шарттарға келісімді іс-әрекет.

Адекватты әрекет –тәуелді іс- әрекет

Аддикциятәуелділік

Анозогнозия- қиындықтармен ауруларды мойындамау

Аграфия –сөйлеудің ауытқушылығына байланысты туындайтын жазудың бұзылуы

Ассоциациябір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда болуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс

Аутизм- баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасының бұзылуы және баланың өз күйзелістері әлеміне үңілуінде бейнеленетін психологиялық жатсынудың шекті формасы

Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) – психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану

Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді.

Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына  қауіп төндіретін мінез-құлық

Булимия және анорексия тағам қабылдауға тәуелділік

Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің   өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне  көнуі

Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу

Девионтология – девенцияны оқытатын ғылымның бір саласы

Девенция – нормадан ауытқу

Депривация баланың негізгі психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеткіліксіздігінен болатын психикалық даму үшін маңызды факторлардың болмауы немесе одан айрылу

Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптар.

Дағдарыс адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер

«Дизонтогенез» термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді

Госпитализм- бала өмірінің алғашқы жылдарында қарым-қатынас жетіспеушілігінен туындаған психикалық және соматикалық ауытқушылықтардың жиынтығы

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы

Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.

Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен өзекті даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Жоғарғы психикалық функциялар - өмір сүру барысында қалыптасатын күрделі психикалық үрдістер

Заттық белсенділік жүйесі- заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі

Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру

Интериоризация сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттерінің қалыптасуын айтамыз

Индикатор – объект жайлы информация таситын сигнал белгілер

Қатынас–тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас– эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі

Креативтілік- адамның түрлі іс-әрекет аймақтарында бейнеленетін және оның жеке басын сипаттайтын шығармашылық қабілеттері

Қабілеттіліктер оқудың жеңілдігін және тездігін қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық ерекшелік

Гэмблинг-ойынға тәуелділік компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық

Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет

Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория

Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау

Методология (грек сөзі)-теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі

Мінез дегеніміз- қарым-қатынаста және іс-әрекетте қалыптасып, көрінетін тұлғаның тұрақты индивидуальді ерекшеліктерінің жиынтығы

Тәртіп психологиясы (бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым

Постнаталды кезең- босанудан кейінгі кезең

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі

Сексуалды аддикция зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм

Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті

Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы

Мотив қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі

Метамотивациялық қажеттер - жоғарға құндылықтыр: әділеттілікке, әдемілікке, шындыққа қажеттілік

Негативизм- қоршаған адамдардың талаптарына және күтулеріне қарама-қайшы келетін, іс-әрекетте және сөйлеуде білінетін мотивацияланбаған мінез-құлық

Невроз- жүйке жүйесі мен психикалық ауытқулардың кең тараған түрі

Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет

Психикалық даму диагностикасы - психикалық дамуда мүмкін болатын ауытқушылықты анықтау және дербес даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу.
Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.

Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе құбылысты зерттеу.

Клиентпрактикалық психолгқа көмек алу мақсатымен келген адам

Потенциалды даму зонасыадамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері

ММРІ белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник)

Практикалық психолог – психодиагностика, психокоррекция, психологиялық кеңес беру міндеттерін атқаратын, сәйкес жоғары білімі бар маман-психолог

«Психодиагностика» сөзі психологиялық диагноз «қою» немесе адамның психологиялық жағдайы туралы мәнді шешім қабылдау.

Психокоррекцияадамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы

Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдераймағы

Психологиялық кеңес беру – консультация және кеңес беру формасындағы адамдарға психологиялық көмек көрсетуге байланысты практикалық психологтың іс-әрекет аймағы

Жүйе – бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект

Проблема шешілуі міндетті күрделі ғылыми және практикалық сұрақтар

Тұрмыстық түсініктер – адамдардың күнделікті өмірде, қарапайым қатынастарында қолданатын түсініктері

Химиялық тәуелділік темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық

Дәрістер
1 дәріс.

Тақырыбы: Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні және ғылыми зерттеу обьектісі

  1. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні

  2. Ауытқушылық немесе девианттылық әрекет-қылық жайлы түсінік

  3. Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәнінің маңызы


Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні мінез-құлық және әрекет көріністеріндегі кемістіктердің, әртүрлі ауытқулардың шығу себептерін, ағымдарын және оларды дер кезінде анықтау (диагностикалау) мен қалыпқа келтіру (коррекциялау) мәселесін зерттейді. Психологиялық әдебиетерде деликвенттік мінез-құлық термині жиі қолданылады. Бұл түсінік латын сөзі “dilinguens” – “қылық, айып” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнен біз тұлғаның нақты іс-әрекеті, қоғамдағы және берілген уақыттағы заңдардан ауытқыған, басқа адамдарға қауіп төңдіретін және әлеуметтік реттілік пен қылмыс үшін хазаланған. Заңға қарсы мінез-құлық көрсеткен тұлға – деликвенттік тұлға ретінде жіктелінеді (деликвент)

Ауытқушы” мінез-құлық термині “девианттық” терминімен сәйкес келеді. (латын тілінде deviatio - аутқу) немесе “деликвенттік” (латын тілінде delinquens - құқық бұзушы). Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеументтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса – қылмыс деп атайды.

Девианттық мінез-құлық істеген істерінің жүйесін немесе жеке істерінен көрінеді, қоғамдағы ережелерге қарсы, негативті ауытқу деп түсінеді, яғни қоғамдағы құқық және нравтік нормаларға қарсы болу. Деликвенттік мінез-құлық заң жүзінде жазаланған, тіркеуде тұрғанымен мінезделеді.

Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктерді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.

Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Адамдардың мінез-құлығының кенеттен өзгеріп отыруы девианттық деп аталады. Ұзақ уақыт бойы кез-келген девианттық мінез-құлқықтың себебі ішкі ортадан ізделінді (семьяда дұрыс тәрбиеленбеу немесе басқада әлеуметтік орта). Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» / «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормалды/ аномалды бағасының арнайы критерилері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық.

Ауытқушылық мінез-құлық және әрекет көріністеріндегі кемістіктер мен әртүрлі ауытқуларды болдырмау және алдын-алуда психодиагностика мен психокоррекцияның маңызы өте зор. «Психодиагностика» сөзі психологиялық диагноз «қою» немесе адамның психологиялық жағдайы туралы мәнді шешім қабылдау. Негізі бұл термин бір мағынада болмайды. Бұл ұғымның бір анықтамасы тәжірибеде әр-түрлі психологиялық құралдарды қолдануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы аумағына жатқызылады. Психодиагностика бұл бағытта төмендегі сұрақтарды шешетін ғылым болып табылады:


  • Психологиялық құбылыстардың табиғаты неде және оған ғылыми баға берудегі принципиалды мүмкіншілік?

  • Психологиялық құбылыстарға сандық баға беру мен оны танудың қазіргі уақыттағы жалпы ғылыми негіздері қандай?

  • Қазіргі қолданыстағы психологиялық құралдар қаншалықты қабылданған жалпы ғылыми әдіснамалық талаптарға сай?

  • Психодиагностиканың әртүрлі құралдарына қойылатын негізгі әдіснамалық талаптар?

  • Психодиагностиканың әдістерінің ғылымилығын тексеру мен құру процедураларының негізі қандай, соның ішінде тесттер?

Психодиагностика терминінің екінші анықтамасы: «психологиялық диагноз қою». Психолог қызметінің ерекше аймағы, психодиагностиканы өткізу мен ұйымдастыруға байланысты теориялық та, практикалық та сұрақтар шешіледі:

-психологқа психодиагност ретінде қойылатын кәсіби талаптар анықталады;

-өз жұмысын сәтті атқаруға арналған білім, іскерлік, дағдыларды меңгеру;

-өрактикалық жағдайларды анықтау, психодиагностиканың бір әдісін кәсіби меңгеретініне кепілдік бере алады;

-психологтың практикалық дайындығына арналған бағдарламаларды, әдістерді, құралдарды жасау, өңдеу.

Теориялық және практикалық сұрақтарды шешудегі бұл үлкен екі кешен бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл аймақта жоғары квалификациялы маман болу үшін, психолог психодиагностика аймағындағы теориялық және практикалық білімдерді меңгеруі тиіс.

Психодиагностика тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысында психология ғылымының жетілуіндегі клиникалық кезеңінде ашылған. Бұл кезеңде адамдар жайлы эмперикалық психологиялық білімдерді тауып талдау жасауда негізгі шешуші рөлді дәрігерлер алды. Сол жылдары дәрігерлерді әлемде кең тараған ауыр емделетін невроз, жан ауруларына шалдыққан адамдардың ауруларының шығу тегімен себептері қызықтырды. Дәрігер психиатр Европа клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жасай отырып, оның нәтижелерін талдады.

Бұл уақытта психодиагностиканың бақылау, сұрақнама, құжаттарға талдау сияқты әдістері шыққан еді. Сол жылдары психодиагностикада бір ауруды бір ғана әдіс арқылы оқып білумен әртүрлі ой-қорытындыларға келеді. Бұл сол кездегі психодиагностика әдістерінің бағалы құндылықтарымен сипатталады. Психодиагностиканың сандық әдістерін XIX ғасырдың бірінші жартысында шыққан деп есептейді. Сол кезде ең алғаш әйгілі неміс психологы В. Вундттың басшылығымен әлемде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды. Онда психодиагностиканың мақсаты – техникалық құралдарды қолдана бастауы. Бұл ашылған жаңалықтар сезімдерді өлшеуге арналған суб шкалалардың шығуына әкеліп соқты. Осы заңға байланысты түйсікті өлшеудің негізгі объектісін адам деп, XIX ғасырдың аяғына дейін ұзақ уақыт тәжірибелі психодиагност түйсікті өлшеумен ғана шектеліп келді.

Негізгі психологиялық процестерге байланысты адамның көңіл-күйі мен қасиетіне қатысты психодиагностиканың қазіргі қалыптасуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы деп есептеледі. Бұл уақытта белсенді түрде мүмкіншілік теориясы мен математикалық статистика дамыды. Бірінші және екінші статистикалық өңдеуден өткен эксперименталдық мағлұматтар дәл осы жылдарда шықты. Бірақ математикалық статистика алғаш психологияда емес, басқа ғылымдарда: биологияда, экономикада, медицинада қолданылды. Осыдан кейін психологиялық құбылыстардың сандық психодиагностикасы үшін арнайы құралдар шығарылды, мысалы: факторлы анализ. Бұл бірінші рет тұлға ерекшеліктерін, интеллектуалды жетілу деңгейін білу үшін қолданылды.

Ең бірінші психометриялық арнайы мекеме Англияда ағылшын психологі Гальтонның басшылығымен ашылды. Ол 1884 жылы лабораторияның негізін салды, оның бар міндеті тұлға қасиеттері туралы статистикалық міндеттер алу. Бұл лабораторияға келгендер өз қабілеттерін өлшеуге мүмкіншілік алды, бұл психометриялық эксперименттен 10000 адам өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолданудың инициаторы болды. Гальтон 1877 жылы психологияда «Корреляция» әдісін қолдануды ұсынды. Ол сондай-ақ бірлесіп жұмыс жасағанға математиктер Пирсон, Фишерді шақырды. Фишер дисперсионды анализді жасады, ал екінші ағылшын оқымыстысы Спирмен факторлы анализ жасады. Осылардан кейін, Г.Айзенк және Р.Кеттел факторлы анализды психодиагностикада тұлға ерекшелігін анықтау үшін қолданды.

Ең алғаш статистикалық негізделген интеллект тестін 1905-1907 жылы француз оқымыстысы А.Бине өңдеп, жариялады. Соңынан, екінші француз оқымыстысы Т.Симонмен бірге бұл тесті жетілдіріп, психодиагностика тарихына Бине-Симон тесті болып кірді.

XX ғасырдың екінші жартысында жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалды, тұлғалық тестер пайда бола бастады.

Психодиагностика тарихында соңғы тестер қатарына, әлеуметтік-психологиялық зерттеулермен байланысты сандық сипаттағы құралдар кірді. Бұл америка психологі Я. Морена жасаған «Социометриялық тест».

Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу. Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:

- Нормативтерді құру коррекциясы.

- Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.

Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар  көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің  нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан-дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.
2 Дәріс



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет