Қазақстан республикасыныңбілім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.19 Mb.
бет5/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Тақырыбы: Агрессивті мінез – құлық

  1. Агрессивті мінез – құлықтың көріністері

  2. Агрессия реакцияларының формалары

  3. Агрессиялы әсердің түрлері


Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы доминатты әрекет. Агрессиялық әрекет - мақсатты көзделген тіршілік иесіне зиян келтіру әрекеті. Агрессивті мінез–құлықтың әр түрлі формалары мен өзіндік бағалау деңгейлерінің арасында тәуелді байланыс орнайды және жеткіншек жасында мінездің акцентуациясына байланысты қатты білінеді. Агрессиялықты өзіндік бағалаудың көрінуіне жатқызады, себебі, өзіндік бағалау деңгейімен агрессивтіліктің арасындағы өзара байланыстың бар екенің тағы да нақты байқауға болады. Жасөспірімдік жаста агрессивті мінез - құлық себептерін өз уақытында тез қарастыру аса маңызды, себебі, бұл кезең олардың мінез–құлқындағы ауытқушылықтың болатының нақты көрсетеді. Мысалы, мінез–құлықтағы оқшаулану, тұйықталу, өзімен өзі болу жағдайын әдейілеп нақты көрсетуге байналысты туындаған өзіндік бағалаудың әр түрлі деңгейлері осы кезде байқалады, яғни жеткіншек пен қоршағандардың арасында «мағыналық кедергі» болды дегенді түсіндіреді.

Агрессияның және жоғарғы алаңдаушылықтың негізі жиі ерте балаық шақта пайда болып, тұрақтанып кейінгі кештеу жаста бекітіледі. Агрессия реакциялар формаларын келесі түрде бөліп көрсетуге болады:



- Физикалық агрессия – біреуге қарсы физикалық күш көрсету;

- Жанама агрессия –бұрма жолдарымен жасалынатын бір адамға бағытталған әрекет, сондай – ақ ешкімге бағытталмаған долылық көріністері (айғай, аяғымен тепсіну, жұдырықпен стол үстін ұру, есіктерді қатты серпу);

- Вербальді агрессия - негативті сезімдердің белгілі бір форма ретінде (айғай, ұрысу, у – шу, бүлдіру, сондай – ақ сөздік жауаптар арқылы қорқыту, серу) білдіреді;

- Тітіркенушілікке бейімділік–беделдікке немесе басшылыққа қарсы бағытталған оппозциондық мінез–құлық мәнері. Ол қалыптасқан заң мен дәстүрге қарсы белсенді күресті ұйымдастыруға дейін өсуі мүмкін.

Мінез–құлық ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық жұмыстың өз ерекшелігі бар. Жеткіншекпен жеке жұмыс өте тиімді. Ең бірінші, жанұямен жұмысты қатар жүргізу қажет. Жанұялық қарым–қатынас диагностикасынан кейін үйлесімсіздік сатысына қарай психокоррекциялық жұмысты жеке және топтық түрінде жүргізуге болады. Бірақ негізгі жұмыс жеке жеткіншекпен бірге жүргізілгені дұрыс. Агрессивті балалардың мінез құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:

1. Ашу – ызаны қолдануға болатын жағдайды үйрету;

2. Балаларды әр түрлі өзін - өзі ұстай алуға, өзін - өзі басқару әдісіне үйрету;

3. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

4. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Агрессивті мінез – құлықтың қалыптасуына әсер ететін шартсыз факторлардың бірі – жанұядағы қатынас. Көптеген шет елдік зерттеулер көрсеткендей агрессивті балалардың ата – аналары физикалық жазаларды қолдануға бейім болған және бір – бірімен келісушілік болмаған, балаларға жек көрушілік қатынаспен және эмоциялық суықтықпен қараған. Жасөспірімдердегі агрессивтілікті зеттей келе жанұяның үш нұсқасын сипаттайды:

1. Ата – анасының біреуі агрессивті болғандықтан және агрессивтілік және қылмыстық тенденцияны туындататын күрделі конфликтер себебінен бала агрессивті болады.

2. Ата – анасының ешқайсысы агрессивті болмайды. Ата – аналары агрессивті емес, балаларын қатал жазалаушы және жанұялық конфликт аз болған, бірақ балалар физикалық жазалануға ұшырайды.

3. Баланың агрессивті мінез – құлқына шектен тыс қамқоршылық жанұяның ішінде бекітіледі. Тек осының салдарынан бала нақты сол агрессивті мінез – құлықтың шектен тыс болуы да зиян болады.

Бала міндетті түрде өзінің ашу ызасын ішіне жинауға мәжбүр болған жағдайда оның агрессивті сезімдері соғұрлым күшейе түседі. Қатал жазалау жаңа фрустрацияларға әкеледі. Яғни сол жағдайлардан шығар жол таппаған кезде жаңа агрессивті сезімдерге әкеледі. Егер бұл қайталанатын болса, негативті шиеленісті іздеу ретінде қарастырылатын мінез – құлықтың моделі қалыптасады. Жасырын агрессивтілік болған жағдайда балада мазасыздану және жайсыздық пайда болады. Агрессивті мінез – құлыққа анасының және әкесінің ашуын көтере алмаған жағдайда және фрустрацияға жауап бере алмаған кезде балада мазасыздану жоғарылай бастайды. Агрессивтілік туралы Сирстың ойы қисық сызықты түрде көрсетілген болатын.

Қазіргі жаңа психологиялық бағыттарда агрессия мәселесі өте аз зерттелінуде, алайда соған қарамастан оған көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды (С.Н. Еникополов, 1976, Л.П. Колчина, 1976, Т.Н. Курбатова, 1996, Л.М. Семенюк, 1991, А.И. Фурманов, 1996, С.М. Шурухт, 1996 және басқалар). Бұл жұмыстарда Ресейдің әр түрлі мекенді елдерінде тұратын адамдағы агрессияны жыныстарына, жастарына, білімдеріне, кәсіптеріне, ұлтына, мәдениетіне қатысты зерттеді. А.К.Осницкийдің зерттеулері көрсеткендей балалар агрессиялы мінез – құлық модельдері жайлы білімдерді үш түрлі ақпарат көздерінен алады екен.

Жасөспірімдік жастағы балаларда ішкі және сыртқы конфликт күшейеді, мәселен, жоғарғы қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез – құлықтағы қатыгездік , агрессиялық ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Жеке даралықты қалыптастыратын әр түрлі қызығулардың жоқтығы, бос уақыттың молдығы деликвентті мінез – құлықты дамудың негізгі шарты, агрессиялы мінез – құлқын зерттеудің жүйелік негіздері агрессиялы мінез – құлықтың мотивтерінің бірі болып табылатын жағымсыз мінез – құлықтың сипатын көрсетеді. Жасөспірімдердің агрессиялы мінез – құлықтарының мотивтеріне кино мен теледидардың әсерін жатқызуға болады. Осыған байланысты агрессиялы әсердің төрт түрлі мәселелері қозғалады:

- меңгеру эффектісі, яғни коммуникация арқылы қалыптасқан агрессияның туындауын не күшейтеді;

- эмоциялық салдар мәселесі;

- катарсис мәселесі,

- жәбірленуді бақылау агрессияны жоғарлата ма әлде төмендете ме.

Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдер ақпараттық құралдар ақрылы агрессиялы мінез–құлықтың жаңа түрлерін меңгереді: «қабілеттендіруші», «катарсис», «қоздырушы», модельдер.

12 Дәріс



Тақырыбы: Ауытқушылық мінез-құлық мәселесімен жүргізілетін психологиялық қызметтің бағыты

  1. Психологиялық қызмет жайлы түсінік

  2. Психологиялық қызмет жұмысының мақсаты мен бағыттары


Психологиялық қызмет деген ұғым -осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі. Психологиялық кызметтің өмір тәжірибесінде каншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тэсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді.

Психологиялық қызметтің шығуы мен даму жолы әлемдік әдебиетте, бұрыңғы кеңестік заманда құлаш жайып, кең ауқымда камтылмаған мәселелер қатарына жатады.

Психологиялық кызметтің алдына қоятын максат-міндеттерінің бірі -өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жан-дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте ойдағыдай жүзеге асырудың кажеттігі. Бұл бағытта жалпы білім беретін қазақ мектептерінде психологиялық кызметті жандандырудың ережесі жасалған. Әрине, ол Ереже тек психолог мамандарға ғана емес, өскелең ұрпактың тәлім-тәрбиесімен шұғылданатын ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар және қалың оқырман кауымға кажетті көмекші құрал болар еді.

Қазіргі кезде мектептегі психологиялық қызметтің қамтитын салалары: психологиялық кызметтің мазмұны мен түрлері, профилактикалық істер, диагностикалық жорамалдар, түзетулер мен консультациялык жұмыстар, мектептегі ұстаздар мен ата-аналар арасында жүргізілетін психологиялық әр түрлі шаралар, сондай-ақ мектептегі психолог маманының атқаратын қызметі мен түрлі бағытта жүргізетін зерттеу жұмыстары.



Психологиялық қызмет жұмысының мақсаты - этникалық мәдени білім беру кеңістігінде оқу-тәрбие үрдісі үшін психологиялық оң ахуал тудыру;

  • Орта білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет жұмысының бағыт-бағдарын анықтау;

  • Жеке тұлғаның интеллектуалдық ақыл-ой қабілетінің дамуын, танымдык құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттеу;

  • Әр баламен (дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулыгы томен, жаңадан келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс жүргізу;

  • Оқушы, мұғалім, ата-ана оқушы қарым-қатынасын, жаңадан ендірілген пәндер мен таңдаулы курстардың берілу деңгейш, баска пәндермен үйлесімділігін, кері әсерін зерделеу;

  • Ұстаздың шығармашылық потенциалын және кэсіптік түлгалық бағытын, типологиялық ерекшеліктсрін, өзін-өзі дамыту кабілетін анықтау. Педагогикалық ұжымда, психологиялық ахуал тудыру;

  • Ата-аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісімен психологиялық карым-қатынас байланысын қалыптастыру, нақты мәселелерді шешу барысында жұмыстар жүргізу;

  • Топтағы жағымды және конфликтілік, позицияны (ұстаушылар, топтан сырттап қалушылар анықталып) сынып жетекшісше, пән мұғалімдеріне арналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізу;

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындап отырады. Анықтауға тиісті мәселелермен әрі педагогикалық кеңістікте диагностикалық, коррекциялық жұмыстар, психологиялық ойындар. тренингтер жүргізіледі.

Педагогикалық ұжымның мектеп әкімшіліктің, кафедра жетекшілерінің, мектеп оқушыларының сұранысымен:



  • I сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, психологиялық жағымды жағдай тудыру; қызығушылығын арттыру;

  • пәндерге кызығушылығын, байқампаздығын қалыптастыру;

  • педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын арттыру;

  • жаңадан енген пәндерге қызығушылыгын ояту, калыптастыру;

  • интеллекту алдық деңгейін анықтау, т.б. сияқты жұмыстар зерделенді;

Психологтың педагогтармен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, оқушылармен тыгыз байланысып, жан-жақты этно-мәдени түлганы дамытудагы, қалыптастырудагы зерттеушілік жұмыстарын айкын көруге болады. Психолог мамандық ретінде ХХ ғасырда қалыптасып жеке статусқа ие болды. Психолог психологиялық білімі бар, психикалық құбылыстарға баға бере алатын және оларды бағалай алатын тәсілдерге ие маман. Іс әрекетке байланысты психолог үш түрлі бағытта жұмыс жасайды:

І. Ғылыми негізгі іс-әрекеті - ғылыми зерттеулерді жүргізу, психологиялық теорияларды зерттеу және қажетті әдебиеттер жазу.

ІІ. Психолог практика негізінде мақсат-міндеті психологиялық білім арқылы адамдарға психологиялық жәрдем беру. Осы бағыттағы психологиялық жұмыс үш түрге бөлінеді.

а) психодиагностикалық жұмыс. Яғни әртүрлі психологиялық эдіс-тэсілдер негізінде психологиялық диагноз қою. Психологиялық диагнозды немесе бағалауды психолог диагноз, психолог эксперимен жүргізеді. Олар психологиялық эдіс-тэсілдер арқылы адамдардың психологиялық дамуы жайында ақпарат беріп психологиялық диагноз қояды. Психология ғылымында психодиагностика 1924 жылы Шведцра ғалымы Герман Роршах еңгізген.

ә) психокоррекциялық жұмыс. Психологиялық түзету жұмысын диагностикалық жұмыстардан кейін өткізіледі. Егер де психологиялық ауытқушылыққа жақын болса сонда психолог әр түрлі түзету жаттығу комплекстерін іс жүзіне асырады. Түзету жұмысы бұл жеке тұлғадағы пайда болған ауытқушылықтарды жою жұмысы. Түзету жұмысы көп уақытқа созылатын процесс. Ол топтық және жеке түзету жұмысы болып жіктеледі. Мысалы, жағымсыз эмоцияларды жою. Түзету жұмысы кезінде психолог психотерапевт, невропатолог, нейропсихолог сияқты мамандармен бірігіп жұмыс істеу керек. Мектепте психологиялық түзету оқу үлгерімі төмен және қиын оқушылармен жүргізіледі.

б) психологиялық кеңес беру жұмысы психологтың кәсіби ісі психолог жұмысының осы жұмыс бағыттарының ішіндегі коррекциялық жұмыс бағыты маңызды орын алады.



ІІІ. Психокоррекция - бұл психологтың психикасы cay адамның іс әрекетіндегі ақауларды түзету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы. Коррекция термині турасында «түзету» мағынасын білдіреді. Психокоррекция-бұл адам әрекетіндегі және психологиялық ақауларды түзетуге және осы мақсатта психологиялық әсер етуге бағытталған құралдар жүйесі. Психокоррекцияға органикалық негізсіз және ерте қалыптасып, болашақта өзгермейтін тұрақты қасиеттерді білдіретін кемшіліктер жатады.
13 Дәріс

Тақырыбы: Психодиагностикалық әдістердің жіктелуі

  1. Псходиагностикалық әдістерді жіктеуге қойылатын талаптар

  2. Бақылауды тиімді қолдану жағдайлары

  3. Тестілеудің басқа диагностикалық әдістерден айырмашылығы

Психодиагностикалық әдістерді әр түрлі негізде жіктейді. Төменде неғұрлым кең тараған жіктелулері: Й. Шванцара бойынша әдістер жіктелуі. Й. Шванцара төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:

-Қолданылған материалдар бойынша: вербальды, вербальды емес, манипуляциялық, «қағаздар мен қарындаштар» тесттері;

-Алынатын көрсеткіштер нәтижелері бойынша: қарапайым және кешендік;

Дұрыс» шешімдері бар тесттер және әр түрлі жауаптары мүмкін болатын тесттер;

-Зерттеушілердің психикалық белсенділіктері бойынша:

1. интроспективті (зерттелінушінің өз тұлғалық тәжірибелері, қатынастары туралы хабарлама жасауы): анкеталар, әңгімелесу.

2. экстроспективті (әр түрлі көріністерді бақылау және бағалау);

3. проективті: зерттеуші тұлғаның санасыз көрінетін қасиеттерін (ішкі қақтығыстар, жасырын әуестіліктер) аз құрылымды, көп мәнді стимулдарға әсер етеді;

4. атқарушы: зерттеуші қандай да бір әрекетті (перцепциялық, ой, моторлы) іске асырады, оның сандық және сапалық ерекшеліктері интеллектуалды және тұлғалық қырлардың көрсеткіштері болып табылады.



В.К. Гайда және В.П. Захаров бойынша әдістер жіктелуі. Бұл жіктелулердің авторлары психодиагностикалық әдістерді төмендегі негіз бойынша жіктейді:

- Сапасы бойынша: стандартты, стандартты емес;

- Нақты орны бойынша:


  1. жалпы диагностикалық (Р. Кеттел немесе Г. Айзенк сауалнамасы типі бойынша тесттері, жалпы интеллект тесттері);

  2. кәсіби жарамдылық тесттері;

  3. арнайы қабілеттер тесттері (техникалық, музыкалық, ұшқыштарға арналған тесттер);

  4. жетістікке жету тесттері.

Зерттелінушіні операциялайтын материалдар бойынша:

- бланктік;

- пәндік (Коас кубиктері, Векслер жиынтығындағы «күрделі фигуралар»);

- аппаратуралық (зейін ерекшеліктерін зерттеу үшін құралдар).



Зерттелінушілер саны бойынша: индивидуалды және топтық;

Жауап беру формасы бойынша: ауызша және жазбаша;

Жетекші бағдар бойынша: жылдамдыққа арналған тесттер, күштілік тесттері, аралас тесттер. Күштілік тесттерінде тапсырмалар өте ауыр және уақыт шектелмеген. Зерттеушіні сәттіліктер, тапсырмаларды шешу тәсілі қызықтырады.

Тапсырмалардың бірыңғай кезеңдері бойынша: гомогенді және гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас және нақты тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерді өлшеуге арналған, гетерогенді тесттердегі тапсырмалар әр түрлі және интеллекттің әр түрлі сипаттарын бағалау үшін қолданады);

Кешенділіктері бойынша: изоляцияланған тесттер және тесттік жинақтар;

Тапсырмаларға жауап беру сипаты бойынша: арнайы жазылған жауаптары бар тесттер, еркін жауаптары бар тесттер.

Психиканы қамту аймағы бойынша: тұлғалық тесттер және интеллектуалды тесттер;

Ақыл-ой әрекеттерінің сипаты бойынша: вербальды, вербальды емес.

А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі. Төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді: Таңдалған амалдың негізінде жатқан әдістемелік принциптер сипаты бойынша:

- объективті тесттер (дұрыс жауаптардың болуы мүмкін тесттер, тапсырмалардың дұрыс орындалуы);

- стандартты өзіндік есептер:

- тест-сауалнамалар, ашық сауалнамалар;

- шкалалық техникалар (Ч. Осгудттың семантикалық дифференциалы), субъективті классификация;

- индивидуалды-бағдарланған техникалар (идеографиялық);

- проективті техникалар;

- диалогиялық техникалар (әңгімелесу, интервью, диагностикалық ойындар).

Диагностикалық шараларға психодиагносттың өзінің араласу мөлшері мен оның психодиагностиканың нәтижесіне әсер ету деңгейі: объективті және диалогиялық. Біріншісі, психодиагносттың нәтиже интерпретацияларына, процедурасына, өңделуіне аз қатысуы; екіншісі, үлкен деңгейде әсер етуі. Процедураға араласуы, тәжірибесі, кәсіби дағдылары, экспериментатор тұлғасы да әсер етеді.

Күнделікті практикада өте кең қолданылатын әдіс –бақылау. Бақылау – ғылыми-мақсатқа бағдарланған, зерттелінетін объектінің образын анықтайтын әдіс. Артықшылығы-табиғилық, кемшілігі-белсенсіз, субъективизм элементтерінің кездесуі, психиканың кейбір жасырын бейнелерінің жетіспеушілігі (уайым, ой, мотив). Бақылауды тиімді қолдану жағдайлары:



  • Психикалық құбылыс туралы мәліметтерді таза түрінде алу;

  • Алғашқы ақпараттардың жинағы;

  • Басқа әдістердің, мысалы, анкета көмегімен алынған фактілерді бағалау;

  • Ұсыныстарды тексеру.

Бақылау – ғылыми әдіс болып мынандай кезде саналады:

- Егер нақты ғылыми мақсат үшін болса, яғни, ғылыми теория аймағында жүргізіліп, мақсат-бағдарлы, жүйелі жүзеге асырылса;

- Егер жүйелі жоспарланып, қандай да бір жағдай еркіне берілмесе;

- Егер жүйелі түрде жазба жүргізілсе;

- Егер валидтілік пен нақтылық үшін, екінші рет қайталанып, тексерілсе.

Ғылыми бақылау мына кезеңдерді анықтауды талап етеді:

1. Бақылау қандай сұраққа жауап беруі керек?

2. Қандай жағдайда жүргізілу керек?

3. Бұл бақылау қойылған сұраққа жауап бере алатындай категориялармен суреттелген бе? (Валидтілік мәселесі).

4. Бұл категоризация фактілік мінез-құлыққа сәйкес келе ме? Бұл категориялармен жұмыс жасауға бола ма?

5. Әр-түрлі бақылаушылар арасында осы категорияларға сәйкес мінез-құлықты жазғанда бірлік бола ма? ( Объективтілік мәселесі).

6. Егер бақылаушы, екінші қайтара бақылау жүргізсе, сол категорияларды қолдана ма? ( Сенімділік мәселесі).

7. Арнайы қойылған ситуацияларда сол мінез-құлықты қайталап бақылау мүмкін бе?



Бақылаудың кейбір қателіктеріне мыналарды жатқызамыз:

1. Хало-эффект, бақылаушының жағдайларды «ақ-қара түрде» ғана бағалап, әсерлерді жалпылау негізінде жатыр;

2. Эффект «снисхождения» – бақыланатын жағдайлар мен әрекеттерге өте жоғары жағымды баға беру тенденциясы;

3. Орталық тенденция қателігі қабылданатын процесстердің бағасын орташаландыруға талпыныс;

4. Логикалық қажеттілік, мысалы адам интеллектісін сөйлеуіне қарап бағалау;

5. Контраст қателігі – бақылаушының өзіне қарама-қайшы сипаттарын бақыланатын адамдарға белгілеп отыруға құлшынысы.



Бақылаудың жалпы процедурасы мынандай процесстерді қосады:

  • Бақылау мақсаты мен міндеттерін анықтау;

  • Объектісін, пәнін, ситуациясын таңдау;

  • Зерттелінуші объектке аз деңгейде әсер етіп, қажет ақпаратты жинауға көп деңгейде қамтамасыз етілетін – бақылау тәсілін таңдау;

  • Бақылаушыны тіркеу тәсілін таңдау;

  • Алынған ақпаратты өңдеу және интерпретациялау.

Эксперимент–зерттеушінің зерттелінушінің іс-әрекетіне, қандай да бір психологиялық фактіні анықтау үшін жағдай жасау мақсатымен белсенді араласу. Артықшылығы – бақылаушының белсенді позициясы, қайталау мүмкіншілігі, жүргізу жағдайларының қатал бақылануы. Кемшілігі–жасанды жағдайлар. Эксперимент – табиғи, лабораториялық, қалыптастырушы болып бөлінеді, оқыту мен тәрбиелеу жағдайларында мәнсіз өзгерістермен сипатталады. Мұнда диагностты қызықтырған психологиялық феномен жүретін жағдайды аз деңгейде өзгертуге тырысу керек. Лабораториялық эксперимент – зерттелінетін құбылысты максималды түрде шырмайтын, жағдайдың өте қатаң стандарттылығымен айырықшыланады. Қалыптастырушы эксперимент – педагогикалық практикаға зерттеу нәтижелерін енгізуді, ескеруді, сәйкесінше өзгерісті білдіреді.

Сауалнама – зерттелінушінің ауызша-жазбаша берген жауаптарынан ақпарат алу. Сауалнама түрлері: анкета, интервью, әңгімелесу, сұхбат. Анкеталау процесінде респондент жауаптары жазбаша формада алынады. Интервью–қойылған сұрақтарға ауызша жауаптары арқылы ақпарат алу. Әңгімелесу – зерттеушіні қызықтырған сұрақты – екіжақты немесе көпжақты талқылау процесінде алынған ақпарат.

Анкета түрлері әр-түрлі және оларды әр-түрлі негізде жіктеуге болады:

1. Көлемі: тұтас-таңдалынатын.

2. Қарым-қатынас тәсілі: іштей-сырттай.

3. Өткізу процедурасы бойынша: топтық-индивидуалды.

4. Тапсыру тәсілі: пошталық-таралым.

Сауалнамаларды жүргізгенде, оларды құру ережелерін ескерген жөн:


    1. Әрбір сұрақ логикалы аяқталуы керек;

    2. Аз таралған шетел сөздерін, мағынасы тар терминдерді, екі мағына беретін сөздерді қолданбаған жөн;

    3. Өте ұзақ сұрақтарды қоюдың қажеті жоқ;

    4. Егер зерттелінушіге бейтаныс зат немесе осы аумақта ешқандай терминдерді білмейтін болса, алғысөз жасаған дұрыс;

    5. Әрбір сұрақ нақты болған дұрыс;

    6. Зерттелінушінің ескеру керек барлық жауап нұсқаларын көрсету керек немесе мүлдем көрсетпеу керек;

    7. Зерттелінушіде негативті қатынас тудыратын сұрақтар болмауы тиіс.

Зерттеу әдісінің келесі түрі іс-әрекет өнімдерін анализдеу. Мысалы: педагогикалық практикада: шығарма, күнделік, сурет альбомдары, журналдар т.б. Бұл әдісті ұйымдастыру үшін анализдеу категорияларын анықтап алу қажет, мысалы: баға, шығарма тақырыптары, сабақтарды босатуы т.б. Соңынан, элементтердің жиілігі саналып, зерттелінушінің іс-әрекет өніміндегі (ойын, оқу, еңбек) бақылау категорияларына сәйкес, статистикалық анализ нәтижелерінің интерпретациясы жүргізіледі.

Іс-әрекет өнімдерін анализдеу әдісінің жеке бөлімі болып – құжаттарды сапалық-сандық талдау жатады, басқаша айтқанда контент - анализ. Оның негізгі мәні – зерттелінетін нақты бірліктерді жүйелі, сенімді түрде тіркеу, алынған мәліметтерді қорытындылау. Ғылыми әдіс ретінде контент-анализ әлеуметтік ғылымдарда АҚШ-та XIX ғасырдың 20-30 жылдарында кеңінен қолданыла бастады.



Контент-анализді қолданудың негізгі аймақтары, мысалы: әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде:

1. Әр-түрлі хабарламалардың мазмұны арқылы жазған (авторлар, коммуникаторлар) тұлғаның, топтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

2. Хабарлама мазмұнында бейнеленген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды ( объектісі, хабарламалардың субстанциялары) зерттеу;

3. Хабарлама мазмұны арқылы коммуникацияның әр-түрлі құралдарының (антропологиялық, жазбаша, техникалық) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

4. Хабарлама мазмұны арқылы реципиенттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу (адресаттар, аудиториялар);

5. Хабарлама мазмұны арқылы (жауаптарын да ескере отырып), реципиенттерге коммуникация әсер етуінің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттеу;

6. Басқа әдістер арқылы алынған мәліметтерді өңдеу, нақтылау;

7. Психология бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттеу (ғалымдардың әр кезеңдегі әр-түрлі мәселелерге қызығушылықтарының эволюциясы).



Модельдеу – зерттейтін құбылыстың моделін құру. Модель – зерттелінушінің қызықтыратын объектісінің көшірмесі немесе қандай да бір аспектісіндегі құбылыс, зерттелінетін объектідегі ең маңызды бөлімінің бөлініп көрсетілуіне арналған. Модельді жасау сандық және сапалық талдау процессін жеңілдетеді. Мысалы: қандай да бір оқу топтарындағы немесе ұжымда өзара әрекет процессін ЭВМ-де модельдей аламыз; диагностталатын параметр моделін тестті жобалау кезінде құруға болады.

Тестілеу – басқа диагностикалық әдістерден айырмашылығы - өлшеу акцентінің болуы (сандық көрініс). Тестілеу процедурасы сауалнама, бақылау және эксперимент түрінде, формасында жүргізілуі мүмкін. Тест – қысқа мерзімді тапсырма, орындау барысында кейбір психикалық функциялар көрсеткіштерін анықтауға болады. Тест – мінез-құлықты объективті, стандартты өлшеу. Отандық және шет елдік әдебиеттерде психологиялық тест ұғымына берілген әр-түрлі анықтамалардың орасан зор бөлігін көруге болады. Төменде бірнешеуі берілген: “Психологиялық тест – ол мінез-құлық таңдауын стандартты және объективті өлшеудің мәні”. Тест – стандартталған, уақытпен шектелген, сандық және сапалық айырмашылықтарды тұрақтауға арналған; Тест ретінде тұлғаның психологиялық қасиеттерін бағалау үшін арналған ерекше құрал. Ол стандартты шаралармен ұсынылатын, мінез-құлықтың жеке типтерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар бірлестігінен тұрады. Тестке берілген барлық анықтамалардың жалпы, ортақ тұстары бар:

  • Біріншіден, тест – психодиагностикадағы проективті әдістер, стандартты өзіндік есептер, интервью, аппаратуралық әдістер секілді өлшеу әдістерінің бірі.

  • Екіншіден, бұл тұлға қасиеттері мен интеллект ерекшеліктерін өлшеу әдісі.

  • Үшіншіден, бұл өте жоғары объективтілігімен, сенімділігімен, валидтілігімен сипатталатын өлшеу әдісі.

Стандарттау процессі – тестті жүргізу процедурасы мен орындалу бағасын білдіреді. Ол өзіне мыналарды қосады:

-Қолданылатын материалдарға қатысты нақты нұсқаулар;

- Уақыт шектеулері;

- Зерттелінушіге берілетін ауызша нұсқау;

- Тапсырманы қайталап көрсету;

- Зерттелінушілер тарапынан сұрақтарды талдау тәсілдерін ескеру.

Психологиялық тесттердің объективті бағасы ең алдымен валидтілікпен, сенімділікпен, дәлдігімен анықталады. Бұлар психологиялық зерттеудің сапалық көрсеткіштері болып табылады.

Диагностикалық процедуралардың негізгі жіктелулері. Диагностика әдістеріне әр-түрлі тұрғыларды жалпылай келе, оларды ұйымдастыруда бірнеше процедуралық кезеңдерді бөлуге болады:

1. Зерттеу бағдарламасын өңдеу (мәселе қою, зерттеу пәні мен объектісін анықтау, негізгі ұғымдарды бекіту);

2. Зерттеу объектілерін анықтау;

3. Нақты зерттеу әдістемесін өңдеу;

4. Әдістеменің апробациясы, қайта өңдеу, сенімділігін тексеру;

5. Алғашқы алынған ақпараттарды алынатын мәліметтердің сенімділігі мен дәлдігін бақылай отырып жинау;

6. Алынған мәліметтерді логикалы-санды түрде өңдеу;

7. Нәтижелерді интерпретациялау, қорытынды мен есеп беруге дайындық;



Зерттеу жұмысы туралы есеп төмендегі бөлімдерден тұру керек:

- Кіріспе: жұмыстың алғышарттары, шарттары, қатысушылар көрсетіледі;

- Бағдарламалық бөлім: мәселені зерттеу міндеттері, болжам бойынша әдебиеттерді талдау;

- Объектілері мен әдістері: зерттеу объектілерін, әдістерді, апробация процедураларын суреттеу, алынған мәліметтердің сенімділігін тексеру;

- Нәтижелер: алынған мәліметтерді қойылған болжамдар мен міндеттерге сәйкес талдау;

- Қорытындылар мен ұсыныстар;

- Тұжырым: есеп беру материалдарын қысқаша жалпылау, болашақ жоспары туралы айтып өту;

- Тіркемелер: зерттеу жұмысында қолданылатын құралдарды суреттеу, анкеталар, схемалар.
14 Дәріс



1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет