Қазақстан тарихын оқытудың Әдіс-тәсілдері с. А. Нусупбаева., М. Н. Ибрагимова



Дата27.04.2016
өлшемі112.63 Kb.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

С.А.Нусупбаева., М.Н.Ибрагимова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы 2001 жылдан оралман тыңдаушыларын кешенді тестке дайындап келеді. Жыл өткен сайын Қытайдан, Өзбекстан, Моңғолиядан т.б мемлекеттерден келген тыңдаушыларымыз өз елдерінде қазақ мектептерінің көптеп жабылуынан тіл жағынан ақсап келеді. Ал Қазақстанда кешенді тест тапсыратындардың барлығына талап бірдей. Қазақ оралман тыңдаушылар жергілікті балалармен бірдей кешенді тест тапсырады. Біздің факультет 9 ай көлемінде шетелден келген қазақ диаспораларын төрт пән бойынша дайындайды. Тыңдаушылардың қиналатын пәндері негізінен қазақ тілі мен Қазақстан тарихы. Бұл басқа пәндерден тыңдаушылардың жағдай жақсы дегенді білдірмейді. Мысалы, физика, химия пәндерінен атаулар қытай тіліне аударылып кеткен. Сондықтан тыңдаушыларымыз жергілікті атауларды түсінбей қиналады. Қазақстанға жаңадан аяқ басқан тыңдаушыларымыз дәріс тыңдауды бастаумен қатар жаңа ортаға бейімделуге бір ай, бір жарым ай көлемінде уақыт жібереді. Қалған уақыттарда біз өз пәндерімізден жеделдете барлық тақырыптарды өтуге, меңгертуге тырысамыз.

Қазақстан тарихын қазақ тілінде әрең сөйлейтін тыңдаушыларға түсіндіру өте қиын. Сондықтан слайд арқылы тыңдаушылардың көз алдарына бүкіл сабақты келтіреміз. Слайдта сабақ қысқаша лекция түрінде беріліп, тірек сызбалар, карта мен сол ғасырлардағы суреттер қосымша көрсетіледі. Бұл тыңдаушылардың қатесіз жазуына, көзбен, суреттер арқылы есте сақтауына мүмкіншілік береді. Енді жаңа сабаққа тоқталатын болсақ:



Сабақтың тақырыбы: «Түрік қағанаты»

Сабақтың мақсаты:

1.Оралман тыңдаушыларға қазіргі қазақ жерінде құрылған феодалдық алғашқы мемлекет «Түрік қағанаты» туралы түсінік қалыптастырып, жүйелі білім беру.

2.Жерімізге жаңадан аяқ басқан шетелдегі қандастарымызды еліміздің тарихымен таныстырып, патриоттық сезімдерін ояту.

3. Қазақстан тарихынан алған білімдерін дамыту, тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға, тарихи оқиғаларды ажырата білуге, қорытындылауға үйрету.



Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Проектор қолдану арқылы слайдтармен баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: карта, кесте, тірек-сызба, тақырыпқа қатысты суреттер



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Тыңдаушылармен амандасу, түгендеу, тыңдаушыларды дәрісханаға

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын ауызша, тест, сұрақ-жауап түрінде сұрап, тыңдаушалардың үй тапсырмасын қаншылықты меңгергенін тексереміз. Айтылмай қалған жерлерін толықтырып, түсінбеген сұрақтарын қосымша қысқаша түрде қайталап өтеміз.

Үй тапсырмасын сұрауды аяқтағаннан кейін жаңа тақырып «Түрік қағанатын» бастаймыз. Сабақтың жоспары слайд түрінде тақтаға көрсетіледі.

Сабақ жоспары:

Жаңа сабақта қарастырылатын сұрақтар

І. Түрік қағанатының құрылуы мен этникалық құрамы

ІІ. Тәуелсіздік үшін күресі және саяси жағдайы

ІІІ. Шаруашылығы мен мәдениеті

ІV. Түрік қағанатының ыдырауы

Сабағымыздың бірінші сұрағына тоқталатын болсақ:


  1. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізге дейін созылып жатты. Қағанат оңтүстік –шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында Иран елімен шектесті. Түрік қағанаты жерімізде ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі. Түрік этнонимі алғаш рет қытай  жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары  түркілерді ғұндардың  ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. 552 жылы түріктер мемлекеттік дәрежеге жетті.

  2. (Слайдтан қазіргі Қазақстанның картасы көрсетіліп, екіншісінде Түрік қағанатының алып жатқан аймағы көрсетіледі.)

Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан тұрды. Олардың ішінде басым көпшілігі теле тайпалары құрады. Теле тайпасының құрамына отыздан аса теле тайпалары енген.

  1. тірек сызба)

autoshape 1151
autoshape 1155autoshape 1157


autoshape 1152autoshape 1153autoshape 1156

autoshape 1154

ІІ. Түріктер – ежелден Алтайды мекендеген жұрт. Ежелгі ғұндардың ашина тайпасынан құрылып, «түріктер» деген атауға ие болған. Ашина тайпасы жужандардың қол астында болған.(1.42) Ү ғасырда Солтүстік Моңғолияда көшпелі өмір салтын ұстанған жужан қағандығы (402-552) құрылды. 150 жылдай өмір сүрген. (1.41).

(2-тірек сызба)

(3-тірек сызба)



autoshape 1159




Қағандар


билеген жылдары

Билеген

жылдары болған оқиғалар



1

Бумын қаған


542-552 жж. билік етті

Түрік қағанатының негізін қалады

2

Қара еске қаған (Бумынның баласы

552 жылы билік етті

Орхонның жоғары ағысына дейін аварларды екінші рет жеңді

3

Мұқан қаған

(Қара ескенің інісі)




552-554 ж

билік етті




Жужандар бас көтерместей жеңілді.

Қытайлар салыққа 100 мың метр жібек матасын төлеп отырды.

Ұлы даланың Шығыстағы қожасына айналды


4

Тобо қаған





Қытай елімен екі жақты келісім шартта болуға тырысты

5

Иштеми қаған





Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран мен Византиямен байланыс орнатуға тырысты

(autoshape 11584-тірек сызба)




(autoshape 11675-тірек сызба)


Төрт түлік малдың бәрін өсірген

Жылқы малы басты көліктері болған

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы

(6-тірек сызба)

сияқты өзен бойлары болған. Ірі өзендердің бойларында жер өңдеумен айналысқан.
autoshape 1172

oval 1160

(7-тірек сызба)



autoshape 1162


autoshape 1161

oval 1163oval 1164

autoshape 1165autoshape 1173

autoshape 1166

Түріктер жерлеу рәсімінде ең алғашқы кезеңдерде мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойғаны белгілі. Бұл отқа табынушылықты білдіреді. Кейінгі жерлеуде адамның тірі кезінде қолданылған заттарын бірге көмген. Заттарды бірге көму о дүниеде өмір бар дегенді білдіреді.

Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанатына Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп отырып кіргізуінен көрінеді. Келген қонаққа қойдың басын тартқан.

Қорыта келе айтарымыз, Қазақстан тарихын тиімді соңғы технология әдістерін пайдалану арқылы түсіндіру оралман тыңдаушылардың дәріске деген қызығушылығын арттырып ғана қоймай, қысқа уақыт аралығында бүкіл бағдарламаны меңгеруге мүмкіншілік жасайды.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Түркі мемлекеттерінің тарихы Алматы, 2010

  2. Құнапина Қ.Қ., Құмғанбаев Ж.Ж., Махаева А.Ш. Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214бет., 99-бет.

  3. Б.Жұбанышев Қазақстан тарихы (пәні бойынша тест сұрақтары мен жауаптары) Алматы, 2015



САБАҚТА ТІРЕК-СЫЗБАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Нұрбаева Толқын Мұхаметжанқызы

Алматы облысы Іле ауданы №9 ОМ
Сабақтың тақырыбы: Египет

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға Египет – өркениеттің бесігі, оның дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі туралы ұғым қалыптастыру, пирамидаларының ерекшеліктерін ұқтыру.

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды жүйелілікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ. Әдістері: Әңгімелесу, баяндау, пікірталастыру.

Көрнекіліктері: Дүниежүзінің саяси картасы, сызба суреттер, буклет, сөзжұмбақ т.б.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Сызба нұсқамен жұмыс.


скругленный прямоугольник 5
прямая соединительная линия 26


прямая соединительная линия 23прямая соединительная линия 24прямая соединительная линия 27прямая соединительная линия 28прямая соединительная линия 29


скругленный прямоугольник 6скругленный прямоугольник 7скругленный прямоугольник 11


прямая соединительная линия 30

прямая соединительная линия 31прямая соединительная линия 32прямая соединительная линия 33


скругленный прямоугольник 12скругленный прямоугольник 13скругленный прямоугольник 14


III. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.

Сөзжұмбақ шешу.









Е

























Г













И

























П



















Е










Т































  1. Африканың бір елі.

  2. «Африка» деп аталу себебі.

  3. Ең ірі көл.

  4. Ең ірі жануары.

  5. Ең ірі сарқырамасы.

  6. Ең терең көлі.

IV. Жаңа материалды меңгерту.

Африка ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Эфиопия, Гана тәрізді ежелгі мемлекеттерде қолөнер, cауда, құрылыс ірі өркениет, мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар Александрия шамшырағы (маягы) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ, піл сүйегі мен ағаштан ойып жасаған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасаған мүсіндер көптен сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениеттің дамуындағы алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептейді.

Египет Африканың солтүстік-шығысында орналасқан, алып жатқан жер көлемі 101,4 мың км². Астанасы – Каир, халқы – 57,2 млн адам. Араб – негізгі мемлекеттік тілі, ұстанатын діні – ислам, басқару формасы – республикалы. Әкімшілік құрылыс формасы – унитарлы.

Ежелгі Египеттен бастау алған көрнекті сәулет өнері, бұл – ежелгі тас бетіне салынған таңбалардың дәстүрін сақтаған сәндік қолтаңбалы өнер.

Ежелгі Египет – өркениеттің бесігі, оның дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі зор. III – VI перғауындар әулеттері тұсында қазір үстіне зор пирамидалар салынды. Пирамидалар Каир қаласының манындағы Ғазизда орналасқан. Осы жерде Хеопс, Хефрен пирамидалары бой түзген.

Ең үлкен пирамида б.з.б. 2800 жылы Хеопс перғауынға арнап салынған. Биіктігі – 146,6м. Пирамида ақ тастардан салынған. Құрылысқа 2300 үлкен тас жұмсалған, оның ең кішісінің салмағы 2,5 тонна.

Б.з.б. 4-жылдың өзінде-ақ Египеттіктерде білімнің түрлі саласы дамыған.

Сонымен қатар шаруашылықта қой, түйе, ешкі өсірумен айналысады, егіншілігі астық дақылдарымен бау-бақша, қант қамысы өсіріледі.

Пайдалы қазбаларына марганец, темір, фосфореит пен мұнаймен табиғи газға бай.

Халқы, негізінен, араб тілінде сөйлейтіндіктен, мәдениеті мен тұрмыс-салтына байланысты «Араб Африкасы» деп те атайды.



V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

скругленный прямоугольник 15
прямая соединительная линия 34прямая соединительная линия 35прямая соединительная линия 36прямая соединительная линия 37прямая соединительная линия 38прямая соединительная линия 39


скругленный прямоугольник 16скругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 20скругленный прямоугольник 21

2. Карточкамен жұмыс.



VI. Қорытындылау.

Каир 1969 жылы өзінің 1000 жылдығын атап өткен. Ежелгі өзіндік сәулет өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базанларымен ерекшеленеді.



VII. Үйге тапсырма.

Египет. 2-тапсырманы оқу, кескін картаға түсіру.



VIII. Бағалау.

Оқушылардың білімін бағалау.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет