Қазақстан Zаман. – 2013. №46. – 21 қараша Нұрғалиев Қ. Отбасылық құндылық



жүктеу 25.17 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі25.17 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Қазақстан Zаман. – 2013. - №46. – 21 қараша

Нұрғалиев Қ.


Отбасылық құндылық
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық­ демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның 15 жылдығына орай Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықовамен кездесу өтті.

Соған сәйкес, сәулет өнері факультетінің студенті ерекше қолөнер туындысы – «Шаңырақ» жобасын жасапты. Жобаның жалпы аумағы – 22см, тәуелсіздік қанша жыл толғанын білдірсе, биіктігі – 56см, университеттің 56 жылдық тарихының, ал шаңырақтың 15 дана уығы – Ұлттық комиссияның 15 жылдығының белгісі ретінде жасалған. Глобуста Қазақстанның картасымен қатар, отбасылық құндылықтың үлгісі көрсетілген.

Шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың Басқарма төрағасы, профессор А.Қ.Күрішбаев, Елбасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіхалықова, Ұлттық комиссияның мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Жұмагүл Солтиева, «Деловой мир Астана» ЖШС-інің директоры, «Отбасым» журналының Бас редакторы Сыздықова Шолпан, экономика ғылымдарының докторы, Ұлттық инженерлік академиясының академигі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Президентінің кеңесшісі Айзада Аққазиева қатысты.

Жиын барысында сөз алған Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза өз сөзінде: «…елдегі демографиялық саясатты қалыптастыруда және дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу» атты Жолдауындағы міндеттер мен соған сай «осы саладағы жұмысты жандандырып отырған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысы жемісті болып отырғандығын атап өтті.

Өз сөзінде Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова ханым: «Республика бойынша «А» корпусына әйелдер қауымы жақсы көрсеткішке қол жеткізген. Сондай­-ақ, байқауға қатысқандардың 14 пайызы қыз-келіншектерді құраған. Ал, «А» корпусына өткендердің 18-19 пайызын нәзік жандылар құрады, тестілеу барысында әйелдер жақсы көрсеткішке қол жеткізді», — дегенді де қоса кетті.

Белгілі жазушы-драматург Жұмагүл Солтиева апамыз студент қауымына отбасы мен қоғамдық құндылықтардың бір-­бірімен тығыз байланысын сөз ете отырып, жастарға, әсіресе ерлер қауымына жігер жанитын ойы мен қара қазан өкпесін де жеткізді. Ал экономика ғылымдарының докторы, Ұлттық инженерлік академиясының академигі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Президентінің кеңесшісі Айзада Аққазиева ханым отбасын құра отырып та мансапты қалдырмауға болатынына тоқталды.



«Айтпаса сөздің атасы өледі» демекші, кездесудің көркіне көрік қосқан студенттер тарапынан қойылған сұрақ-тардың негізгі бөлігі тек жастардың немесе жеке бастың айналасындағы мәселе емес екендігі қуантты. Мәселен, қазіргі елдегі зейнет жасындағы апа-­ағаларының жайы мен ұшқары гендерлік саясат, ұлттық рухани байлығымызбен сабақтасатын отбасының тарихи «тәртібі» бұзылуына жолашар болатынына алаңдайтындықтарын және т.б. мәселе ретінде қойды.

Бұл, сөз жоқ, студенттердің еркін сұрақ қоюына мүмкіндік берген, болашақ көркі жастармен байланысты екендігін жете түсінген Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза мен университет басшылығының да үлесі екендігін айта кету керек.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет