«Қазақстанда педагогикалық ой тарихындағы білім берушілік идеалдың қалыптасуы»
Қ ұрастырушы: ___________п.ғ.к., психология және педагогика кафедрасының доценті Б.Х.Галиева Психология және педагогика кафедрасы «Қазақстанда педагогикалық ой тарихындағы білім берушілік идеалдың қалыптасуы» пәні бойынша 050103, 5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»______________,№__ хаттама
Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды 20__ж. «___»______________, №____ хаттама
20__ж. «___»______________ №____ хаттама Қазіргі заманғы өркениет білімді, интеллектуалды қоғамға бетбұрыс алып келе жатыр. Заманауи әлемде білім жеке бір тұлғаның ғана емес, сондай-ақ әр түрлі қауымдастықтардың, қоғамдардың да дамуының өзегі болып табылады. Білімге көзқарастың өзгеруі ірбір жеке елдің ұлттық бірегейлігін ұғынудың өсуімен ұштасып келеді. Білім беру – Қазақстанның даму стратегиясының тұғыры, ұлттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ететін, оның барлық халықтарының өзіндік мәдениетін сақтап, дамытатын фактор. Қазақстан мемлекет пен қоғам тұрақты дамудың сапасына ортақ жауапты, білімді әрі білікті ел ретінде ғана дами алады. «Білім мұраты» ұғымы білім саясаты мен педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау-болжау және құндылықтық-бағдарлау бастауларын қамтиды. Қазақстанның қазіргі білім мұраты еліміздің білім беру жүйесінің құндылықтары мен дүниежүзілік мәдениет құндылықтарының біртұтастығында, ұлттық ойлау және іс-әрекет тәсілдерінің озық технологиялық үлгілермен тоғысып, адамның кәсіби құзыреттілігі мен сыни-рефлексиялық ділі тәрізді қасиеттерінің үйлесуінде көрініс алады. Қазақстанның білім мұратының қалыптасып даму тарихын зерделеу білім берудің қазіргі жағдайын түсініп, оның болашақ дамуын белгілеу үшін өте маңызды. Пәннің мақсаты: әлемдік және отандық қоғамдық-педагогикалық ойының тарихында Қазақстанның білім мұратының даму эволюциясы, сондай-ақ білім мұратының теориялық-әдіснамалық және қолданбалы мәселелері туралы түсінік беру. Пәннің міндеттері:
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
Пререквизиттер: философия, педагогика, жалпы психология. Постреквизиттер: этнопедагогика, педагогикалық тәжірибе. Курстың соңында студенттердің білімдерін тексеру үшін емтихан енгізілген. Пәннің мақсаты мен міндеттері орындалу үшін төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылуы тиіс.Дәрістерге дайындалу үшін мынадай тапсырмалар орындалу қажет1-тақырып. «Білім мұраты» ұғымын анықтаудағы және түсіндірудегі әдіснамалық тұғырлар.Тапсырма: «Білім мұраты» ұғымының анықтамасын философиялық және педагогикалық сөздіктерден жазып алыңыздар. 2-тақырып. Білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттары. Тапсырма: «Педагогика тарихы» оқулығынан білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттарымен оқып танысыңыздар. 3-тақырып. VI-IX ғғ. түркі қоғамындағы кемел адам мұраты. Тапсырма: «Қазақстан тарихы» оқулықтарынан, «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясынан» кемел адам мұратының VI ғасырдың көне түркі жазбаларындағы көрінісін, Қорқыт ата шығармашылығындағы (IX ғ.) адам туралы пікірді зерделеңіздер. 4-тақырып. Орта ғасырлардағы Шығыстың білім беру дәстүрі. Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар: Шығыс ойшылдарының ізденістеріндегі (әл-Фараби, Махмұт Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Жүйнеки және т.б.) білім және тәрбие мұраты. 5-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты. Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар: Асан Қайғы, Доспамбет жырау, Жиембет жырау, Шал ақын, Бұхар жырау, т.б. жыраулардың шығармаларындағы тәрбие, тәрбиелік туралы ойлары. 6-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты. Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар: Қазақ философтары мен педагог-ағартушыларының білімді адам туралы ой-толғаулары (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев). ХХ ғасырдың басындағы көрнекі ойшылдардың Қазақстанда білім беру туралы идеялары (А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б.). 7-тақырып. ХІХ–ХХ ғғ. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық ойда білім мұратының қалыптасуы мен дамуы. Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар: Білім мұратын қалыптастыруға аксиологиялық тұрғыдан келу. Ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы гуманистік құндылықтардың рөлі. Білім өтпес құндылық ретінде. 8-тақырып. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері. Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар: Білім мұратының қазіргі әлемде және Қазақстанда дамуының тенденциялары. Еуразиялық идеясы қазіргі қазақстандық қоғамдағы білім мұратын қалыптастырудың негізі ретінде. 9-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесін қайта құрудың мемлекеттік стратегиясы. Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар: Мемлекеттік білім беру саясаты мен білім мұратының арақатынасы. Қазіргі білім мұратының мемлекеттік білім беру стандарттарында бейнеленуі. 10-тақырып. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі Қазақстанның білім беру жұйесінің келешегі. Тапсырма: Ұсынылған әдеби көздерді пайдаланып, мына тақырыпты толықтырыңыздар: Жаһандану үдерісі. Бүкіләлемдік білім беру кеңістігі. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі білім мұраты феномені. Семинарларға дайындалу үшін мынадай тапсырмалар орындалу қажет 1-тақырып. «Білім мұраты» ұғымын анықтаудағы және түсіндірудегі әдіснамалық тұғырлар.
2-тақырып. Білім мұратының қалыптасып дамуының мәдени-тарихи және әлеуметтік-саяси алғышарттары.
3-тақырып. VI-IX ғғ. түркі қоғамындағы кемел адам мұраты.
4-тақырып. Орта ғасырлардағы Шығыстың білім беру дәстүрі.
5-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты.
6-тақырып. ХVIII ғасырдағы қазақ жырауларының шығармашылығындағы тәрбие мұраты.
7-тақырып. ХІХ–ХХ ғғ. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық ойда білім мұратының қалыптасуы мен дамуы.
8-тақырып. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде білім мұратының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері.
9-тақырып. Ұлттық білім беру жүйесін қайта құрудың мемлекеттік стратегиясы.
10-тақырып. ХХ ғасырдың аяғындағы – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандану және әлеуметтік-мәдени өзгерістер контексіндегі Қазақстанның білім беру жұйесінің келешегі.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді.2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.5. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек..6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашадыҰсынылатын әдебиет:
|