«Қазақстандағы демографиялық Үдерістер (ХХғғ.)»



жүктеу 0.63 Mb.
бет1/4
Дата30.04.2016
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042-18-18.1.36/01-2013


«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

18.09.2013




«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР (ХХғғ.)»

пәнінің оқу- әдістемелік кешені
ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ
5В020300: «Тарих»

мамандығына арналған

Семей -2014

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

5В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доцент міндетін атқарушы Т.А.Кариева




  1. ҚАРАЛДЫ

2 1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

«Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама №_1__ « 04_»_09_ 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 ҚЭГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №_1__ «_09_»__09_ 2014 жыл
ОӘБ төрағасы_________ С. Тойкин


3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №_1___ «_11_»__09__2014 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова

МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәрістер тақырыбы

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмыстары

1 ГЛОССАРИЙ
Азаматтық неке — мемлекеттік мекемеде, шіркеу немесе мешіттің қатысуынсыз бекітілген заңды неке.

Апатридтер (грек сөзі аpatris – отаны жоқ, отанынан айрылған) әлемнің ешбір елінің азаматтығы жоқ адамдар. Оларды «аполидтер» (ағылш. аpolis – отансыз) деп атайды. Апатридтік жағдай адам немесе жекеленген адамдар тобы басқа мемлекеттің азаматтығын алмай тұрып, өз мемлекетінің азаматтығынан өз еркімен шыққан немесе шығарылған жағдайда пайда болады. Апатридтер өздері тұратын мемлекеттің Конституциясын құрметтеуге, заңдарына бағынуға тиіс. Олардың азаматтық құқықтары шектеулі, басқа мемлекеттің қорғауын пайдалана алмайды, сайлау құқығыда болмайды. Соңғы жылдардағы Ауғанстандағы, Таулы Карабахтағы, Тәжікстандағы саяси жағдайлар әсерінен апатридтер қатары күрт көбейген. 1954 жылдан апатридтер статусы және 1961 жылдан Бейазаматтық азайту туралы халықаралық конвенциялар бар. ҚР–ның Конституциясында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, сондай-ақ міндеттерді атқаруы (12 бап, 4 тармақ) көзделген.

Апатридтер (грек apatris/ apatridos) - Апатридтерді кейді алидтер деп те атайды. Апатридтер дәрежесі жекеленген адамдардың бір мемлекеттің азаматтығынан шығып немесе шығарылып, келесі бір мемлекеттің азаматтығын алып үлгірмеген уақытта беріледі. Апатридтер өздері тұрып жатқан мемлекеттің заңдарына бағынады. Олар басқа бір мемлекеттің қамқорлығында болмайды. Олардың құқықтық мүмкіншіліктері шектелген, сайлау құқығы болмайды. Әйгілі апатридтер қатарында Альберт Энштейн, Анна Франк, Карл Маркс, Мартина Навратилова, Александр Арангелович, Даниель Кон-Бендит, Эмиль Чоран, Иван Бунин, Джидду Кришнамурти, Гад Лернер, Фридрих Ницше, Иштван Ньерш, Эли Визель сияқты адамдар бар.



Бипатридтар — екі елде азаматтығы бар адамдар.

Босқындар — қоғамдағы белгілі бір саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат салдарынан, оларға қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар. Босқындар статусы халықаралық және ұлттық заңдар бойынша беріледі. БҰҰ-ның 1951 жылғы қабылдаған Конвенциясында «Босқын – рассалық, діни, ұлттық мәселелердің себептеріне не белгілі бір әлеуметтік топтарға мүшелігіне немесе саяси сеніміне байланысты өз ұлтының елінен сыртта болып, өз елінің қорғауын қабылдай алмайтын не қабылдауды қаламайтын, кез-келген адам»,- деп көрсетілген. БҰҰ жанында Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы жұмыс істейді. Босқындар мен қоныс аударушыларды қорғау ісін жүзеге асырып, әлеуметтік мәселелерін құқықтық тұрғыдан реттеумен айналысатын бұл халықаралық ұйым БҰҰ Бас Ассамблеясының 1949 жылғы 3 желтоқсандағы №319 (ІҮ) қарарына сәйкес құрылған, штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан. Ұйым босқындар бас сауғалап келген мемлекеттің келісімімен сол елде өзінің өкілдігін аша алады. Қазақстанда осы басқарма өкілдігі 1995 жылы тамызда ашылып, нақты шаралар бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеуге кірісті. Көші-қон легін халықаралық стандарттарға сай реттеу бағытында мемлекеттік органдарға жан-жақты көмек көрсете бастады. 1995-2001 жылдар арасында республикаға келген 3927 босқын (1588 отбасы) тіркеліп, олардың 2780-іне (935 отбасына) көмек көрсетілді, Чехиядан келген 90 босқын басқарма қамқорлығымен өз отанына қайтарылды. Сондай-ақ басқарма Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдарымен бірлесе отырып, босқындар мен қоныстанушылардың ең кедей топтарына материалдық жәрдем беру жұмыстарын жүзеге асыруда.

Демографиялық аудандастыру — зерттеу нысанасы болып табылатын аумақты демографиялық сипаттары жөнінен ұқсас аудандарға бөлу. Демографиялық аудандастырулар халықтың ұдайы өсімінің, көші-қондық өзгерістер қарқындылығының көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. Демографиялық аудандастырудың халық санын нақтылы аймақтар бойынша (Қазақстанда облыстар, аудандар, ауылдар) халық санын нақтылы болжауға маңызы зор.

Демографиялық болжам — әлемдегі, белгілі бір елдегі, аймақтардағы халықтардың санының өсуіне алдын-ала 1-10 жыл көлеміндегі қысқа мерзімге, 1 ғасырлық ұзақ мерзімге есептеу әдісімен болжам жасау. 1999 ж. санақ бойынша әлем халықтарының саны 6,4 млрд. болса, демографиялық болжам бойынша ХХІ ғ-ң соңында әлем халықтарының саны 32 млрд.-қа жетпек, ал Қазақстандағы қазақ халқының саны 1999 ж. - 7 985 039 болса, 2015 жылы Қазақстанда 13 млн. қазақ тұрап, еліміздегі халықтың 65 %-н құрайды.

Демографиялық дағдарыс – белгілі бір аймақта әлеуметтік, экономикалық, табиғат ықпалдары әсерінен халық ұдайы өсуінің тежелуі. Демографиялық дағдарысқа соғыс, экология, мемлекеттік саясат т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы да өз тарихында бірнеше демографиялық дағдарысты басынан өткерді. Тарихи кезеңдерде қазақ ру-тайпалары жоңғар, қалмақ шапқыншылықтары, орыс билігінің орнауы т.б саяси жағдайлар әсерінен өз атамекендерінен ауа көшіп, көрші өзбек, түрікмен, башқұрт халықтары арасына кірме болды. ХХ ғ. қазақ халқы бірінші демографиялық дағдарысқа 1916-1922 жж. Ұлт-азаттық козғалыс, Қазақ төңкерісі, Азамат соғысы әсерінен ұшырап, халық ашаршылыққа, шаруашылықта күйзелісте болып, 1 млн.-ға жуық қазақ қаза тапты, 400 мыңнан аса қазақ осы жылдары шет елдерге қоныс аударды. Екінші демографиялық дағдарысқа қазақ халқы 1931-1932 жж. ашаршылық кезінде ұшырап, 2,5 млн. қазақ қырылды. Үшінші дағдарыс, 2-дүниежүзілік соғыс әсерінен болып 600 мың қазақ майданда опат болды. ХХ ғ-да тек осы үш дағдарыс әсерінен қазақ халқы 4,5 млн.-нан астам адамға кеміді. Демографиялық болжам бойынша осы дағдарыстар болмаған жағдайда қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн.-нан асуы керек еді.

Демографиялық дүмпу — халық санының шұғыл немесе қарқынды өсуі. Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің саны азайып, туудың саны көбейеді, ол халық санының жедел өсуіне алып келеді. Қазіргі кезеңде дүние жүзі халқының ¾ бөлігі демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отыр. Оның ішінде Азия халқы жыл сайын шамамен 55 млн. адамға, Латын Америкасында 10 млн.-нан астам адамға өсіп отырады. Демографиялық дүмпулер Қазақстанда да болып тұрған. ХХ ғ-ң 2-ші жартысында халық саны тез өскен, атап айтқанда 1959 жылы 9,3 млн. адамнан 1989 жылы 16,5 млн. адамға өсті. Қазақстандағы қазақтар саны 1945 жылы 3 млн. болса, 1974 жылы 7 млн. адамға жетті. Дегенменде, 1990-1999 жылдар аралығында демографиялық дүмпудің қарқыны төмендеп, халық саны азайып кетті. 2002 жылдан демографиялық дүмпу қозғалысы қайта серпіліс алуда.

Демографиялық саясат — халық санын өсіру үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық т.б. шаралар жүйесі (мыс., Қазақстанда 2000 жылға жоспарланған «Қарадомалақ -2000» саясаты; Шет елдегі қазақ диаспорасын белгіленген квота бойынша көшіріп әкелу, көп балалы отбасына жеңілдік т.б.). Халық тығыздығы өте жоғары болған елдерде бала тууды заң жүзінде шектеу бағытында демографиялық саясат жүреді (мыс, Қытайда “бір отбасына - бір бала”, Үндістанда “біз екеуміз – бізге екі бала” саясаты).

Демографиялық территория — бала туудың көрсеткіші жоғары және халық саны көп территория. Мыс, Қытай, Үндістан, Бразилия, Өзбекстан т.б. мемлекеттері.

Депопуляция — демографиялық дағдарыстың көріну түрі, халықтың абсолютті санының өткен санақпен салыстырғанда төмендеуі.

Депортация — белгілі бір халықты күштеп көшіру.

Диаспора (грек сөзі - diaspora - шашырау, бытырау) - деп ұлттың атажұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігін айтады. Диаспора термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, яғни оларды б.з.б. 6 ғ-ң басында Вавилон патшасы Навиходоносор ІІ-нің, одан соң б.з. 1-2 ғ-да римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударғаннан кейін қолданыла бастаған.

Динамика — табиғи қозғалыс, яғни баланың тууы, адам өлімі.

Диспропорция – жастық структурадағы сәйкессіздік. Мыс. бір мемлекетте балалар санының көп болып кәрілер санының аз болуы немесе әйелдер санының көп болып ерлер санының аз болуы.

Жастық структура — халықты балалар (0-12 жас), жасөспірімдер (13-15), еңбекке жарамды жастағылар (15-60), кәрілер (60- одан жоғары жастағылар) деп бөлу.

Жастық-жыныстық пирамида — халықты жасы мен жынысына қарай бөлу көрсеткішін графикалық суреттеу арқылы көрсету.

Жыныстық құрамы — халықты ерлер, әйелдер тобына бөлу.

Иммиграция ( латынның immigro - көшіп келемін деген сөзі) — мемлекетке басқа елден түпкілікті немесе уақытша тұруға келу (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге).

Иммигрант (лат. іmmіgrants — қоныстанушы), көшіп келуші — бір мемлекеттен басқа мемлекетке ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары бойынша алты айдан көп мерзімге) немесе тұрақты тұруға қоныстанушы азамат. Иммигранттар өзінің тарихи отанынан әр түрлі себептермен кетуі мүмкін. Мысалы, экономикалық жағдайға байланысты, яғни материалдық жағдайын жақсарту үшін халқының тұрмыс деңгейі төмен мемлекеттерден дамыған мемлекеттерге жұмыс іздеп қоныс аударады; әскери себептерге байланысты, яғни соғыстан бас сауғалап, басқа мемлекетке көшіп кетеді; саяси себептерге байланысты, яғни мемлекет тарапынан көрсетілген саяси, діни, нәсілдік, ұлттық, т.б. кемсітушіліктерге байланысты қоныс аударуға мәжбүр болады. Иммигранттар көптеген мемлекеттердің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Мыс., Еуразия даласындағы халықтардың қоныс аударуы (4-7 ғ.), Араб халифатының құрылуы (7-8 ғ.), Шыңғыс хан империясының күшеюі (11-17 ғ.), Ұлы географиялық ашылулар (15 ғ-дың ортасы-17 ғ-дың ортасы), т.б. әлем картасын түбегейлі өзгертті. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа, Америка елдеріне Азия мен Солтүстік Африка елдерінен иммигранттар легі ағылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Кавказдағы, Тәжікстан мен Ауғанстандағы соғыстарға байланысты Қазақстанға да аталған елдерден көптеген босқындар келіп қоныстанды.

Интеллектуальды миграция — жоғарғы білімді, жоғарғы квалификациялы мамандардың (ғалымдар, дәрігерлер, инженерлар, жазушылар т.б.) мемлекет аралық келісім бойынша белгілі бір уақытқа немесе түпкілікті қоныс аударуы.

Мегаполис — халық тығыс орналасқан қала. Мыс., Москвада 8,6 млн., Санкт-Петербургте 4,6 млн., Алматыда 1,2 млн., Астанада 500 мың, Қарағандыда 437 мың тұрғын бар.

Метис – екі ұлттың арасындағы некеден туған бала.

Мигрант - басқа жерге түпкілікті немесе уақытша қоныс аударған адам.

Миграция - бір жерден екінші бір жерге көшіп-қону.

Миграция сальдосы - көшіп келгендер мен көшіп кеткендер арасының «+» және «-» белгісімен берілетін сандық айырмашылығы.

Некелесудің медиандық жасы - заң немесе әдет бойынша рұқсат берілген нелесудің ең төмен жасы.

Нуклеарлы отбасы (латынның nucleus - ядро) - баласымен немесе баласыз, немесе неке құрмай ата-анасымен тұратын шағын отбасы.

Оралман - ҚР-на шет елдерден қайтып оралған қандастарға берілген атау. Демография ғылымында өз отанына қайтып оралған адам репатриант деп аталады.

Промилле, % (латынның promille - мыңға деген сөзі) - демографиялық өсудің 1000 тұрғынға шаққандағы салыстырмалы бірлігі.

Репатриация ( латынның repatriatio – отанына оралу)- түрлі себептермен бөгде елдің аумағында тұрып жатқан адамдарды өз отанына кері қайтару.

Репрессиялау - адамдардың белгілі тобын саяси қудалау.

Репродуктивті мінез-құлық - туылған баладан бас тарту.

Репродукциялық жас - бала тууға қабілетті жас.

Реэмигрант - өзінің тарихи отанына кетіп, өз еркімен тұрған мемлекетіне қайтып келген эмигранттар.

Рурбанизация - қаладан ауылға көшу. Қазақстанда рурбанизация 1954-56 жж. Тың жерлерді игеру кезеңінде жүрген.

Урбанизация - ауылдан қалаға көшу.

Фактілі неке - заңды тұрғыда бекітілмеген некелік қатынас.

Халық тығыздығы - мемлекеттегі жалпы жер көлеміне халық санын орналастыру немесе жер көлеміне халық санын бөлу. Мысалы Қазақстанның жер көлемі 2, 724, 9 км². Халық саны 14 953 235 (1999ж) Халық тығыздығы 1 км² жерге 5-5,5 адамнан келеді.

Эвакуациялау - соғыс болған аймақтан, техникалық жарылыс болған аймақтан, апат болған аймақтан халықты бейбір жерге уақытша көшіру.

Эмиграция (латынның emidro - көшемін, кетемін деген сөзі) - басқа мемлекетке түпкілікті немесе уақытша тұруға кету.

Этникалық құрам – бір мемлекетте тұратын ұлт өкілдерінің құрамы. Қазақстан халықтарының этникалық құрамын Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт өкілдері құрайды.

1. Лекция. Кіріспе лекция



  1. Демография ғылымы: зерттеу саласы мен әдістері

  2. Қазақстандағы демография ғылымының дамуы.

  3. Қазақстан әлемдік демографиялық үрдіс жүйесінде.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Демография (грек сөзінен алынған: demos - халық, qrapha - жазамын, сипаттаймын деген мағынаны білдіреді) халықтың санын, қоныстануын, орналасу тығыздығын, халық динамикасын, яғни өсуі мен кемуін, көшіп-қону көрсеткіштерін, құрамын, некелесу мен ажырасу көрсеткіштерін, жастық және жыныстық структурасын зерттейтін ғылым. Кең мағынада алғанда, халықтың осы ерекшеліктерін сан жағынан зерттейтін ғылым саласы. Мұнда ең алдымен халықтың санын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі кең қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор роль атқаратындығы себепті, кейбір ғылымдар демография мен демографиялық статистиканы бір-бірімен ұқсас ғылымдар деп есептейді. Бірақ демография ұғымының мазмұны анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланыстылықты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін үстем қоғамдық қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарға қажетті материалдар береді.

Демографиялық статистика, халық статистикасы — белгілі бір ел, территория халықтарының санын, құрамын, орналасуын және қозғалысын немесе оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсілді қолданумен айналысатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуының сандық нәтижесін анықтайды. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөніндегі ең дәл және егжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жастық, жыныстық құрамы арнайы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректерді АХАТ (азаматтық хал-жағдай актілерін тіркеу) орындарында, ал халықтың көшіп кетуі мен көшіп келуін миграциялық полиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды. Демографиялық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақ бағдарламасын жасап, қорытындысын шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын талдайды, халықтың саны мен құрамын есептейді, туу мен өлімнің көрсеткішін, халық өсімінің көрсеткішін, өмір ұзақтығының көрсеткішін халық тығыздығының көрсеткішін есептеудің тәсілдерін жасайды. Демографиялық статистиканың көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.

Демография ғылымы тарих, экономика, әлеуметтану, әлеуметтік психология, география, этнология ғылымдарымен тығыз байланысты.



Демографиядағы диалектикалық әдіс бойынша саралау жасау халық өсімі мен қозғалысы мәселесіне әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, заң, дін, табиғат факторларының (құрғақшылық, жер сілкінісі, құйын, сел т.б.) әсерін жан-жақты қарастырады.

Тарихи демографияда халықтар қозғалысы тарихи кезеңдер бойынша, халық өсуі мен кемуі тарихи процесс ретінде қарастырылып, адам тарихының эволюциясы дамуы және демографиялық динамиканың ғасырлар бойына қалыптасуы зерттелінеді.

Экономикалық факторлар – тұрғындардың әлеуметтік тұрмысының көрінісі ретінде демографияның негізгі ағымдарына әсер ете отырып, туу көрсеткішінің төмендеуіне, өлім, неке, миграция т.б. көрсеткіштерді анықтайды. Экономикалық демография әдістері халықты тұрмыстық жағынан қамтамассыз етудегі капитал салымдарының көлемін анықтайды.

Демография ғылымында математикалық әдісті қолданудың маңызы ерекше, математикалық талдау халықтар қозғалысының нақты анықтамасын, нақты санын, өзгерістерін, орташа көрсеткіштерін анықтауға және болжам жасауға қолданылады.

Халықтың демографиялық мінез-құлқын зерттеу әлеуметтік психологияға жүгінсе, халықтың денсаулық көрсеткішін анықтау әлеуметтік гигиенаға байланысты. Халықтың қоғамдағы мінез-құлқы құқықтық нормалармен анықталады.

Сондай-ақ демографияда әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткішін жасау арқылы, сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотикалық ұрпақ әдісін; адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу үшін когорт әдісін қолданады.

Демографияның міндеттерінің бірі халықтың ұдайы өзгеріс заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау болып табылады.

Дүние жүзілік демографиялық статистикада халық орналасуын территорияға бөлгенде, ірі аймақтарға бөліп алу әдісі қалыптасқан. Мысалы, Европа, Азия, Африка, Америка, Авсралия және Мұхит аралдары халықтары.

«Демографиялық энциклопедиялық сөздікті» негізге ала отырып демографиялық ғылымдар жүйесін келесідегідей салаларға бөлуге болады. 1. Теориялық бөлім: теориялық демография; тарихи демография; жалпы демография; экономикалық демография; әлеуметтік-демографиялық қозғалыстарды модельдеу. 2. Тұрғындар санын зерттеу әдістері мен халық санының деректері: математикалық әдіс; статистикалық әдіс; әлеуметтанулық әдіс; графоаналитикалық әдіс; тұрғындар картографиясы. 3. Аймақтық демография. 4. Қолданбалы демографиялық зерттеу. 5. Әлеуметтік-демографиялық болжамдау. 6. Демографиялық саясаттың теориялық негізі.

Қазақстан халқының демографиялық дамуын зерттеу - ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. Қазақстан халқы туралы алғашқы ғылыми еңбектер қазан төңкерісіне дейін жарық көрді. Қазақстан халқының қалыптасу тарихын әр кезеңде көптеген ғалымдар зерттеді. Қазан төңкерісіне дейін зерттеуші ғалымдар статистикалық деректер жинап қана қоймай, тұрғындардың табиғи өсіміне, көші-қон үрдісіне талдау жасады және олардың шаруашылығына, тұрмысына, мәдениетіне тоқталды.

Қазақстан халқының этнодемографиялық жағдайын зерттеген алғашқы еңбектер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жарыққа шықты. Бұл еңбектер негізінен хабарламалық сипатта болып, демографиялық үрдіске әсер ететін тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар қарастырылмады.

Кеңес өкіметі жылдарында демографиялық үрдістерді зерттеуге арналған көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты. 1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдарда тұрғылықты халықтар туралы жалпы теориялық мәселелерге, демографиялық дамудың заңдылығына арналған көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылды. КСРО — ның ыдырауынан бастап, барлық бұрынғы Одақтас Республикалардағыдай Қазақстанда үлкен демографиялық өзгерістер болды. Тұрғындар арасында туу көрсеткішінің кемуі мен өлім көрсеткішінің өсуі нәтижесінде табиғи өсім төмендесе, дәл сондай, сыртқы көші-қон үрдісінің негізінде пайда болатын механикалық өсім де жоқтың қасы. Қоғамда орын алып отырған әр түрлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты республикада халық саны кемуде және тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы, ұлттық құрамы өзгеруде, көші-қон үрдісі әсерінен еліміз білікті мамандар мен жұмысшылардан айрылуда. Қазақстан республикасының ірі және демографиялық жағынан мықты мемлекеттермен шектесетінін ескерсек, мұның өзі еліміздің ұлтық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мұмкін.
Лекция № 2. ХХ-ғасыр басындағы тарихи оқиғалардың демографиялық дамуға әсері


  1. Столыпиннің аграрлық реформасы.

  2. Бірінші дүние жүзілік соғыс.

  3. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің демографиялық дамуға әсері.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

ХХ –ғасыр басындағы Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның демографиялық дамуына ғасыр басында болған барлық саяси және басқада өзгерістер әсер етті. Бұл тарихи оқиғалардың барлығы Қазақстандағы демографиялық дамуға тікелей және жанама әсер етті.

1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша еліміздің қазіргі шекарасы шеңберіндегі аумағында 4147,8 мың адам болған. Оның 3392,7 мыңы, немесе 81,7 пайызы қазақтар болды.

1914 жылы қазақ жеріндегі тұрғындар саны 5910,0 мың адамға жетті. Олардың ішінде 3845,2 мың тұрғынын қазақ халқы құрады, немесе 65,1 пайыз болды.

Небәрі 46 жылдың ішінде (1871-1917 жж.) өлкеге 1,6 млн. адам (қайтып кеткендерді қоспағанда) келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жж. келді. Осының салдарынан XIX ғасырдын, аяғында және XX ғасырда Қазақстан халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуы шапшаңдады. XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлттың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, үйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, және т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дұнген, тәжік, еврей, және т. б. бар еді.

Столыпинның аграрлық реформасының салдарынан қазақ жерінде басқа ұлт өкілдерінің үлесі өсті. Қазақтар өз жерінен айрыла бастады. 1916 жылға дейін қазақтардан алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға жетті. 1897-1914 жылдар аралығында қазақтардың үлесі 16,6 пайызға кемісе, славян халқының саны 16,8 пайызға артқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың саны едәуір азайды, мұның себебі - табиғи әсім азайып, өлім көбейіп кетті. Бұл 1916 жылғы көтерілістің жеңілу салдары болатын, сонда жүз мыңдаған қазақ жазалаушылар қолынан қаза болды және Қазақстаннан сыртқа қашып кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана 105 мың қазақ шетке кетті. Осылайша қазақтың өзінің ата-қонысында азшылыққа айналуының негізі қаланды.

1916 жылғы 25 шілде жарлығыда Қазақстанның демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Отра Азия халықтарынан 400 мың адам тыл жұмысына алынуға тиіс болды. Жарлыққа қарсы көтерілген қазақтар ауыр шығынға ұшырады. Бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Бұған шыдамаған 105 мың адам, немесе Жетісу өлкесі қазақтарның 25 пайыз Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болды.





  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет