Қазақстандағы жастарды зерттеудің маңыздылығы



жүктеу 89.5 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі89.5 Kb.
: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan

Қазақстандағы жастарды зерттеудің маңыздылығы


Мұсабаева Айнұр Бергенқызы

Парламентаризм институты, әлеуметтану магистрі

amusabayeva@mail.ru
Жастар – бұл объективті қоғамдық құбылыс, және ол әдетте жас категориясы ретінде ғана ауқымды орын алады. Жастар – қоғамның бөлшегі, жастар – қоғамның бөлшегі. Ресей философы И.М. Ильинский жастар табиғатының таным кілті тұтас пен бөлшектің диалектикасында деп санайды. «Жастар өмір сүріп отырған қоғамды түсінбейінше, жастардың өзін және оларға тән мәселелерді түсіну қиын. Осы қоғамның жастарын түсінбей, оның барлық, соның ішінде, жалпы қайшылықтары мен мәселелерін білмей қоғамның одан арғы болашағын болжап айту мүмкін емес. Қоғамдағы мәселелер бастауын жастардан алады, осы тұрғыда ол жастар мәселесі болып қаралады. Бұл дегеніміз жастарды қоғамнан тыс зерттеу абстрактылы, толық емес және мәнсіз болып табылады» дейді орыс философы [1].

Шындығында, жастар өзі өмір сүріп отырған жағдайдың әлеуметтік шындығы көрініс алатын айна болып табылады. Егер де жастар ортасында теріс әрекеттер көрініс алса, қиыншылықтар туындаса, ол ең алдымен әлеуметтік ортаның «күнәсі». Қоғам қалай тәрбие берсе, жастарымыз солай өседі.

Бұл жерде басты тақырып ретінде жастарды алып отырғанымыз кездейсоқ емес. Қазіргі заманғы жастар қоғамның қарқынды дамуы тұсында, оның ықпалын өмірінің барлық қырларынан сезініп өсіп келе жатыр. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басынан бастап, қазақстандық жастардың әлеуметтену процесі еліміздегі түрлі саяси өзгерістердің, құндылықтардың өзгерісімен, әлеуметтік саладағы түрлі реформалардың жүргізілуімен қатар өтуде.

Жастарды жастық, рухани және әлеуметтік даму кезеңінің құндылығы ретінде жаңаша түсіну қажет. Жастық – ғасырлар бойы есептеліп келгендей, жастық дамудың қызметтік-дайындық фазасы емес, ол қазіргі таңда болып жатқан өзгерістердің қайнар көзі [2].

«Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты 2010 жылдың қараша айында Астана қаласында «Жастардың әлеуметтік-саяси көзқарастарын» зерттеу мақсатында жастар арасында тереңдетілген сұхбат жүргізген болатын. Зерттеудің мақсаты жастардың өздерінің әлеуметтік өмір сүру деңгейіне қанағаттану деңгейін анықтау, саясатқа қызығушылық деңгейін айқындау және олардың болашаққа деген сенімін зерттеу болып табылды. Бұл мақалада басты назарға алынған сұрақ – мақсатты топтың елдің саяси өміріне қызығушылығы мен оған деген көзқарастары және өз талап-тілектерін білдіре алу/алмауын бағалау, наразылық әлеуетін анықтау.

Зерттеу барысында ұялық іріктеу әдісі қолданылды. Ондағы негізгі мақсат жастардың барлық санаттарын қамту мүмкіндігіне қол жеткізу еді. Осылайша, зерттеу нәтижесінде сұхбат жұмыспен қамтылған, соның ішінде қызмет көрсету саласында еңбек етіп жатқан жастармен, құрылыс саласында, базарда жұмыс істейтін жас азаматтармен, жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттерімен жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылдың басына жалпы халықтың ішінде жастардың үлесі 29 % көрсетті. Сондай-ақ, дауыс беру құқығына ие барлық азаматтар жиынтығының 34 %-ын жастар құрайды.

Жастар мемлекет мәселелеріне сезімтал және қабылдағыш топтардың бірі. Мұндай қасиеттерді елемеу немесе оны жеткіліксіз зерттеу жастардың саяси талғамдарын бұрыс түсінуге алып келеді, бұл өз кезегінде жастардың абсентеизмі тетіктерін іске қосады.

Жастардың саяси абсентеизмі жастардың тұтас әлеуметтік топ және оның жекелей индивидтері ретінде билік институттарынан: биліктен, оның тәжірибелерінен, нақты тұлғалар мен мекемелерден, билікті заңдастыратын процедуралардан жатсынуын білдіреді. Жастардың мемлекетіміздің саяси процестеріне араласуы не араласпауы елеулі түрде елдің саяси жағдайын анықтайды.

Жүргізілген зерттеудің мәліметтері бойынша жастар еліміздің саяси өміріне қызығушылық танытады. Оны өздерінің азаматтық міндеттері ретінде санайды.



«Әрине осы мемлекетте тұрғандықтан оның саясатынан бейхабар болуға болмайды. Себебі біз осы мемлекеттің бір мүшесіміз. Сол саясатқа араласуымыз керек» (әйел, 19 жас, студент).

«Саясатқа араласа алатын, белді мүшесімін деп есептеймін. Неге десеңіз, егер Қазақстанның бүгіні мен кешегісін сараптайтын болсақ, қазіргі таңда, мысалы Қазақстанды айтып жатыр ғой, дипломатиялық қатынаста үлкен жетістікке жетті деп. Оны біз қайдан көреміз? Яғни нақты дәлелі, мысалы ЕЫҚҰ-ға төрағалы етуі. Әлемдік саясаттағы Қазақстанның салмағын осыдан көріп отырмын» (ер, 20 жас, студент).

Сұрауға қатысқан жастардың ішінде кейбіреулері елдің саяси өміріне көңілдері толмайтындықтарын білдірді. Қазақстанның саяси жүйесіне тұрақты деп баға бергенімен де, «шенеуніктердің жемқорлығы», «тамыр-таныстық», «халықтың шарасыздығы» жастардың алаңдатушылығын тудырады.



«Саясатқа қызығушылық білдіреміз, әрине. Елімізде болып жатқан саясатына көңіліміз толмайды дегендей...» (28 жас, ер, құрылысшы).

«...Саясатымыз өте жақсы, былай барлығы «гладко» деп орыстар айтады ғой, енді «гладко» деп айта алмаймыз, жақсы деп. Коррупция, жемқорлық басты проблема қазір. Халықтың сол наразылығын тудырып отырған сол проблема» (ер, 19 жас, студент)

«Жалпы жақсы саяси жүйе. Бірақ жоғарыда тұрған шенеуніктердің арасында жемқорлық деңгейі өте жоғары, олар бірінші өз қамдарын ғана ойлайды. Билікке әділ сайлау арқылы емес, тамыр-таныс арқылы келеді. Халық алыстатылған, барлығы тек жоғары билік арқылы істеледі» (ер, қызмет көрсету саласы).

«Халыққа толық қызмет жасап жатқан жоқ. Саяси жүйесі орташа дамыған» (ер, 28 жас, құрылысшы)

Тәуелсіздіктің ұландары саяси жүйені жалпы жақсы деп есептейді, кем тұстарын біртіндеп дұрыстауға болатындығына сенімді.



«Қазақстанның саяси жүйесі... Әрине, «Москва сразу не строилось» дейді, сондықтан да әлі де жақсартуға болады саяси жүйесін. Жас мемлекет болғандықтан әлі де жұмыс істейді ғой» (ер, 18 жас, студент).

Тереңдетілген сұхбат барысында жастардан бүгінгі жастар өздерінің талаптарын еркін түрде жұрт алдында білдіре алады ма, деген сұрақ қойылды. Алынған жауаптар екіге бөлінді. Бірі біздің жастар саналы, елімізде сөз бостандығы берілген, сондықтан да пікірлерін еркін білдіре алады десе, қалған бөлігі жастар түгілі, халықтың өзі де ықпал ете алмайды дейді. Оның себебі ретінде Қазақстанда демократияның жоқтығы деп есептейді.



«Менің ойымша еркін білдіреді деп ойлаймын. Өйткені қазіргі жастар өте саналы. Өз ойларын ашық айта алады. Олар мемлекеттік дәрежеде өздерінің пікірін айта алады» (әйел, 19 жас, студент).

«Еркін пікірлерін, бізде негізі сөз бостандығы берілген ғой. Жастар өз пікірлерін ашық айта алуы керек» (әйел, 19 жас, студент).

«Білдіре алмайды. Біліміңді, пікіріңді білдіру үшін де тірек керек қой жоғарыдан. Жақсы сол тірегің болмаса сенің, қанша жерден білімің, сауатың болмаса, жарыққа шығу соны көрсету қиын да біздің Қазақстанда» (ер, 28 жас, құрылысшы).

«Жоқ көрсете алмайды. Оған жастар түгілі, халықтың өзі де көрсете алмайды.(М: Оған не себеп?) Демократияның жоқтығы біздің Қазақстанда» (ер, 20 жас, құрылысшы).

«50 пайызы ғана, жанына батса айта алады, бірақ көбінесе ондай белсенділік танытқысы келмейді, бұғып қалғанды жөн көреді» (ер, 29 жас, құрылысшы).

Сұрау барысында респонденттерге «Егер қандай да бір наразылық туындаса Сіз берілген әрекеттердің қайсына қатысар едіңіз, ал қайсына мүлдем қатыспас едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа респонденттер өздері қатысуы мүмкін, не мүлдем қатыспайтын әрекет түрлерін ұсынылған карточкаға қарап жауап берді. Төменде берілген кестеде көріп отырғанымыздай, қандайда бір қару қолданатын наразылық акцияларына, ғимараттарды басып алу, көлік жүру жолдарын қоршауға және т.б. түрлеріне, сондай ақ, билікті елемеу, яғни аштық жариялау, жұмысқа барудан бас тарту секілді әрекеттерге қатысу мүмкіндігін мүлдем жоққа шығарады.



«Ал мен оған қатыспаймын. Себебі аштық жариялау немесе жұмысқа бармау ол тек қана өзімізге зиян келтіреді деп ойлаймын» деп есептейді кейбір информанттар.

Билік рұқсат еткен бейбіт түрдегі митинглерге, шерулерге, пикеттерге және билікке арналған қол жинауға сұрауға қатысқандардың басым бөлігі қатысуы мүмкін. Осылай сәйкесінше 70 %-ы және 65 %-ы жауап берген. Наразылық білдірудің бейбіт түрдегі, бірақ билік рұсқат етпеген митинглер, шерулер, пикеттерге қатысу түрін барлық осы сұраққа жауап берген респонденттердің 17 %-ы қолдайды.




Саяси партиялардың арасында жастар көбінесе «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясын жақсы таниды. «Қандай саяси партияларды білесіз?» деген сұраққа барлығы дерлік тек билік партиясын атап өткен.

«Қазіргі таңда елімізді алға бастап, көп тірліктерде, көп жұмыстарда алдағы жұмыстарда көшбасшы болып келе жатқан «Нұр Отан» партиясы және оның жастар қанаты «Жас Отанға» сенім артамын. Өйткені қазіргі таңда «Нұр Отан», «Жас Отан» партиясы халыққа көптеген демеу жасап және де жастарды көп қолдауда» (әйел, 19 жас, студент).

«Қазір мен қандай да бір партияға сенемін деп айта алмаймын. Халыққа қызмет көрсетуді үдету керек. Халықпен жұмыс жасай білу керек. Яғни олар халықпен жұмыс жасамайды. Өзінің белгілі бір мекен ету жерінде ғана жұмыс жасап жатыр, ал былай бүкіл мемлекетке олар таралып жатқан жоқ. Жаңағы мемлекетіміз бойынша бір-ак партия, елбасымыздың партиясы билік ету сферасын кеңейтіп жатыр» (ер, 20 жас, студент).

«Бір-ақ партия қызмет етіп жатыр. Ол «Нұр Отан» ХДП. Бір партиялы жүйе болып отыр. Ал Қазақстанда басқа саяси партиялар деген де, мысалы «Руханият» партиясы бар, «Азат» партиясы әлі тіркелмей отыр, «Әділет», «Ауыл». Көптеген партиялар бар, бірақ мынадай түсінік бар менің ойымша «Саны бар, бірақ сапасы жоқ» (ер, 20 жас, студент).

«Нұр Отан», себебі қазіргі ең үлкен партия осы және де біз Президентке сенеміз» (ер, 17 жас, студент).

«Бір-ақ партия қызмет етіп жатыр. Ол «Нұр Отан» ХДП. Ал қалған партиялар шын мәнінде тіркеуде тұр, бірақ қызмет етіп жатқан жоқ. Бізде бір қалыптасқан теріс әдет бар, ол сайлау жақындағанда ғана қызу іске кірісетін. Ол халықты анда-санда нан беріп алдаумен тең. Ондайды мен түсінбеймін. «Нұр Отан» партиясы дегенде Парламенттің, Сенаттың, биліктің, барлық жердегі мәслихаттардың көпшілігі осы партиядан. Бір партиялы жүйе болып отыр. Ол бір жағынан менің түсінігім бойынша дамыған, демократиялы мемлекеттерде, мысалы бір партия билік етпейді. Қарсы топ, оппозициялық топ болса да, бір қарсы топ болса да кемшілігін анау айтып отыратындай нәрсе болса, құба-құп дер едім» (ер, 20 жас, студент).

Жастар белгілі бір саяси партияның немесе қозғалыстың мүшесі болуға дайын. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер жас ұрпақтың бойындағы азаматтық жауапкершілік және белсенділіктің тұғыры бар екендігін көрсетеді. Азаматтық қоғам институттарының мүшесі болу арқылы олар қоғамдық мәселелерді шешуге араласуды көздейді. Осылай деген жас азаматтардың басым бөлігі «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі болғысы келетіндіктерін айтады.



«Иә. «Жасыл ел» немесе «Нұр Отан» (әйел, 19 жас, қызмет көрсету саласы).

«Нұр Отан» партиясының мүшесі болғым келеді» (ер, 16 жас, студент).

«Әрине, саяси партия мүшесі болғым келеді. Осы саясатқа араласып, халықтың өмірін, халықтың жағдайын жақсартқым келеді. Халық үшін жұмыс істегім келеді» (ер, 18 жас, студент).

Дегенмен де, олардың арасында меркантильді ғадетті басшылық ететін азаматтар да кездесті.



«Егер де ол төленетін болса, қандай да бір кіріс әкелетін болса онда иә. Қатысу керек, бірақ оған уақыт болмайды» (ер, қызмет көрсету саласы).

Сонымен бірге, «сен тимесең, мен тиме» дегендей көзқарастарды ұстанатындар да табылды.



«Жоқ. Саясат ол менікі емес, менің өмір сүру салтым бөлек. Мен оларға араласпаймын, олар маған араласпайды. Мен өз-өзіммен өмір сүремін» (ер, 17 жас, студент).

Сонымен зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, біз мынадай түйін жасай аламыз. Жастардың өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, елдегі болып жатқан саяси өзгерістерге, болып жатқан оқиғаларға ден қояды. Өздерінің бағасын беруге тырысады. Билік институттарында орын алған жемқорлық теріс факторының бар екендігін атап айтады. Қандай бір жағдайда болмасын өздерінің талап-тілектерін айтуға әзір, бірақ оның естілетініне күмән келтіреді. Наразылық деңгейі жөнінде айтар болсақ, оны қалыпты деп айтуға болады. Жастарымыз наразалық білдірудің зорлықшыл түрінен бас тартады.

Бұл сұрауға қатысқан информанттар жас шамасы бойынша елдің тәуелсіздік жылдарымен қатар өсіп келе жатқан буындар. Осы жастардың азаматтығы, отансүйгіштігі, саяси мәдениеті мен құндылықтары және көзқарастары аға буын үшін, елдің ертеңі үшін маңызды. Ертеңгі билік осы жастардың қолында. Тәуелсіз елде дүниеге келіп, ұлттық тіліміз бен діліміздің, мәдениетіміздің жандануы тұсында әлеуметтенген жас жеткіншектердің әлеуетін қазірден бастап, елдің келешегі үшін дұрыс бағыттау парызымыз. Сондықтан да жаһандану жағдайында, ақпарттық қоғамдағы болып жатқан өзгерістердің ағынында жастардың талғамын, пікірлерін, құндылықтарын зерделеп отыру өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ильинский И.М. Молодежь и молодежная политика. Философия. История. Теория.- М.: Голос, 2001.- С. 678.

  2. Тесленко А.Н. Молодежь Казахстана: социальный портрет молодежи. // http://www.teslenko.kz/pages/ysoc_matherials_teslenko.html

Мақалада жастарды зерттеудің маңыздылығы, жастардың саяси процестерде алатын орны жөнінде айтылып, сонымен қатар жастардың саяси көз-қарастарын зерделеу бойынша Парламентаризм институты жүргізген тереңдетілген сұхбат нәтижелері келтіріледі.


В статье говорится о значимости исследования молодежи, о роли и месте молодежи в политических процессах, к тому же приводится результаты исследования проведенный институтом Парламентраизма по изучению социально-политических взглядов молодежи.


 Респонденттердің берген жауаптары транскрипция барысында өзгертілген жоқ, берілген жауаптар сол қалпында беріледі.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет