Қазақстандағы және әлемдегі инновациялық ҚҰрылым



Дата03.05.2016
өлшемі101.74 Kb.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ
Бердибеков А.Р.

КазНУ имени аль-Фараби, ВШЭиБ

Инновационный менеджмент, магистрант 2го курса
Научный руководитель

Тажиева Самал Кожахметовна

к.э.н., доцент
Инновациялық қызмет инфрақұрылымы, немесе инновациялық инфрақұрылым –экономикалық тиімділік принципі негізінде шаруашылық субъектілерімен инновациялық үрдістерді іске асыру жағдайын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-экономикалық институттар кешені.

Инфрақұрылым мынадай функционалды салаларға бөлінеді:



  • транспорт және байланыс;

  • ақпарат және телекоммуникация;

  • несиелік-қаржылық сала;

  • қор нарығы;

  • делдалдар институты;

  • арнайы және консалтингтік сипаттағы қызмет көрсететін компаниялар мен фирмалар.

Инновациялық инфрақұрылымды құрудың маңызды бағыты өнеркәсіптік, аймақтық және инновациялық саясат элементтерін тоғыстырып, өсу стратегиясын ынталандыруды жүзеге асыратын инновациялық орталықтарды, ғылыми және технологиялық парктер мен инкубаторларды құру болып табылды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет рөлі экономиканы дамытуда тек қана саясатты қалыптастырумен шектелмейді, сонымен қатар макроэкономикалық тұрақтылықты қолдап, шаруашылық субъектілер қызметін реттеуді. Ол экономикалық үрдістерде стратегиялық және үйлестірушілік функцияларды қарастыруы қажет. Бұл функцияларды іске асыру механизмдерді даму институттары, технопарктер, конструкторлық бюролар, арнайы экономикалық аумақтар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – мемлекеттің индустрия, индустриалды-инновациялық, ғылыми-техникалық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» («ТДҰА»АҚ) (http://natd.gov.kz/) жарғылық капиталда мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ізбасары болып табылады.

Агенттік инновациялық даму үрдісінің координациясын қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған. Агенттіктің міндеттері 2012 жылындағы 9 қаңтарындағы«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында жазылынған. Оның ішінде, инновациялық қызметті қолдау саласында:


  • - Мемлекеттің стратегиялық жоспарлау жүйесі;

  • - Индустриялық-инновациялық дамытуды қолдауының 14 құралдары;

  • - Инновациялық гранттардың 4 жаңа түрі;

  • - Индустриялық-инновациялық саясатын жүзеге асырудағы тиімділігін сарапттау механизмі ұсынылған;

  • - Инновацияларды қолдаудағы механизмдерін жетілдіру.

  • Агенттік қызметінің негізгі бағыттары:

  • - инновациялық үрдістерінің ақпараттық-аналитикалық қолдауы

  • - коммерциализация жүйесін дамыту

  • - инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту

  • - инновациялық қолдауының сервистык құралдарын басқару

  • - инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау

  • - инновациялық қызметін көпшілікке тарату

Агенттік тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін қолдауындағы негізгі құралдары:

- Инновациялық гранттар

- Жобалық қаржыландыру

- Венчурлік қорлар арқылы қаржыландыру

- Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша жәрдемдесу

- Конструкторлық бюролар арқылы қызмет көрсету

- Халықаралық технологиялар трансферті орталықтары арқылы қызмет көрсету

Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымына кіретіндер:



  • Даму институттары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1201 «инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес инновациялық дамудың 5 институты анықталды: «Ұлттық инновациялық қор» акционерлiк қоғамы; «Ғылым қоры» акционерлiк қоғамы, «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» акционерлiк қоғамы, «ҚазАгроИнновация» акционерлiк қоғамы.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ.

  • Конструкторлық бюро

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасында ауыл шаруашылығы, электротехника, тау-кен, транспорттық және мұнай-газ машина жасау сегменттері бойынша кәсіпорындар қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 5 конструкторлық бюро құру қарастырылған

  • Технопарктер

Технопарк – ғылыми-зерттеу институттары, индустрия нысандары, іскер орталықтар, көрмелік алаңдар, оқу орындары, сонымен қатар қызмет көрсету нысандары: транстпорт құралдары, подъездік жолдар, тұрғынды кенттер, күзет біріккен мүліктік кешен. Технопарк құру мәні жалпы профильді қызмет мамандарын бір аумаққа шағырландыру. Ғалымдар технопаркте ҒЗИ зерттеулерін өткізіп, оқу орындарында білім беріп, өз зерттеулерінің нәтижелерін енгізу үрдісіне қатыса алады. Технопаркті басқаруды сыртқы басқарушы компания жүзеге асырады.

Халықаралық технологиялық парктер ассоциациясы инновациялық инфрақұрылым нысанына өз анықтамасын береді. Ассоциация пікірі бойынша технопарк – бұл мамандар басқаратын ұйым, басты мақсаты инновациялық мәдениетті дамыту арқылы жергілікті қауымдастықтың әл-ауқатын арттыру, сонымен қатар инновациялық бизнес пен ғылыми ұйымдар бәсекесі болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін технопарк университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, компаниялар мен нарық арасындағы білім мен технологиялар ағымын ынталандырып, басқарады. Ол инкубациялық үрдістер мен (spin-off processes) қолданыстағы компаниялардан жаңа компаниялар шығару үрдістері арқылы инновациялық компаниялар құруды және артыруды жеңілдетеді. Технопарк жоғары сапалы аудандардан басқа қызметтер де көрсетеді.



Қазақстанда қазіргі уақытта технопарктердің аймақтық аспектісі кеңінен дами бастады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы индустриальдық- инновациялық даму стратегиясы мен 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөніндегі бағдарламаны орындау мақсатында Қазақстан Республикасында 2004 жылдан аймақтық технопарктер құрыла бастады. Қазақстандағы технопарктер қызметін реттейтін мәселелер, негізгі ережелер 2006 жылдың 23 наурызындағы №135-ІІІ «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген.
Кесте 1. Технопарктер

Технопарктер

Салалық конструкторлық бюро

Технологиялар трансферті

«Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі»АҚ, Алматықаласы

«Транспорттық машина жасау КБ»

Технологиялық әріптестікКореялық-Қазақстандықорталығы

 «Алматы аймақтық технопаркі»ЖШС, Алматықаласы

« Тау-кен –металлургиялық құрал-жабдықтар КБ»

Технологиялар трансферті Қазақстандық-Франциялық орталығы

« Астана қаласының Аймақтық технопаркі»ЖШС, Астанақаласы

«Мұнай- газ құрал-жабдықтары КБ»

Технологиялар трансферті Қазақстандық желісі

«Алгоритм»Технопаркі» ЖШС, . Орал қаласы

«Ауыл шаруашылық машина жасау КБ »

 

 «Алтай»ШҚ өңірлік технопаркі» ЖШС, Өскемен қаласы

 

 

 «Сары-Арка»технопаркі» ЖШС, Қарағанда

 

 

 «ОҚО өңірлік технопарк»ЖШС, Шымкент

 

 

 

  • Арнайы экономикалық аймақ

«Инновациялық технологиялар паркі»арнайы экономикалық аймағы– парк аумағында Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіліктің 8 технопаркінің бірі болып табылатын, Алматы қаласы Алатау кентінде орналасқан «Алатау» Технопаркі ЖШС қызмет етеді.

Технопарк тарихы 2003 жылдан басталды, 2003 жылдың 18 тамызындағы №1166 Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысымен «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды. 011 жылдан бастап АЭА «Ақпараттық технологиялар паркі» атауы Инновациялық технологиялар паркіне өзгертілді.

Парктің стратегиялық мақсаты – «білім беру – ғылым – технология– өндіріс» принципі бойынша экономиканың басым салаларында ғылыми-білім беру, жобалау- конструкторлық және өндірістік құрылымдарды біріктіретін жеткілікті инновациялық кластерді құру:

1) ақпараттық технологиялар;

2) жаңа материалдар;

3) балама энергетика;

4) мұнай-газ технологиялары;

5) электроника жәнеаспап жасау;

6) ядролық технологиялар.

Инновация саласындағы интеграциялық үрдістер

Соңғы он жылдықта әлемдік экономика көшбасшы елдері экономикалық дамуының инновациялық үлгісі ерекшелігі, бұл инновациялық фактордың әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бөлігіне айналуы, инновациялық цикл ұзақтығын қысқарту, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас желісінде беделді институт пен тең құқылы серіктес ретінде ғылым рөлін күшейту, экономикалық өсудегі экономикалық емес факторлардың маңыздылығын арттыру, ғылыми-технологиялық, ғылыми-техникалық және инновациялық саланың дамуына жұмсалатын мемлекеттік және корпоративтік шығындардың өсуі, ұлттық инновациялық үрдістердің жаһандандыру және біріктіру болып табылады. 

ТМД құрамындағы мемлекеттер үшін қазіргі уақытта тұрақты даму үрдісін инновациялық қамтамасыз етуде интерациялық әлеуетті пайдалану мәселесі түбегейлі мағынаға ие. Құрамында 300 млн адам тұрғыны, сыйымды ішкі нарығы, бай табиғи ресурстары, жоғары білікті кадрлары, қалыптасқан ғылыми мектептері, келешегі мол шығармашылық жастары бар Тәуелсіз Елдер Достастығының инновациялық кеңістігі ТМД құрамына кіретін мемлекеттердің технологиялық артта қалуын еңсеру үшін жағдай жасайды.ТМД құрамындағы мемлекеттердің инновациялық кеңістігі пионерлік технологиялар жасау, инвестициялық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикасын жүйелі жаңғыртудағы басым бағыттарға ресурстарды шоғырландыружоғары технологиялық бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашады.



Мемлекет аралық инновациялық кеңістік құру жақындағы 10 жылдықта ТМД құрамындағы мемлекеттердің көпшілігі мақұлдаған, барлығын біріктіретін идея болуы тиіс. Соңында оны құрған кезде ТМД құрамындағы мемлекеттердің ұлттық әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі мақсаты тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру іске асырылады.
Кесте 2. Ұйым атауы және

Ұйым атауы

Сипаттамасы

Силиконды аңғар, Калифорния, АҚШ

Силиконды аңғар (Креемнийлі аңғар, ағыл. Silicon Valley) —компьютер, құрал-жабдықтар және олардың құрамдас бөліктері, сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету, ұялы байланыс, биотехнология құрылғыларын дайындаумен байланысты, жоғары технологиялық компаниялардың тығыз шоғырлануымен ерекшеленетін Калифорния штатындағы өңір (АҚШ).

Еуропа мен Солтүстік Америка технопарктері

Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Дания, Италия, Латвия, Литва, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония және АҚШ жетекші технопарктері

София Антиполис Француздық технологиялық паркі

София Антиполис (ағыл. Sophia Antipolis) —Францияның оңтүстігіндегі технологиялық парк. 1970-1984 жылдары құрылған, ол негізінен есептеуіш техника, электроника, фармакология, биотехнология саласындағы компаниялар үшін үйі болып табылады. Бұл жерде бірнеше жоғары оқу орындары және W3C консорциумының еуропалық штаб-квартирасы орналасқан .

Цюрихтегі Швейцарлық технопарк

Цюрихтегі технопарк 1993 жылы құрылды, ауданы 44,300 мың шаршы метр. Орталықта 230 компания жұмыс істейді және де онда 1,750 мың маман қызмет етеді. Технопарктің негізгі бағыты – ақпараттық және коммуникациялық технологиялар және электроника. Цюрихтегі технопарк "Сколково" түп бейнесі болып табылады.

ФиндікOtaniemi технопаркі

Otaniemi – Солтүстік Европаның жетекші технопаркі. R&D ұйымдастыруда және Еуропалық бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру қолдау көрсетуге дайын.

Сингапурлық ғылыми паркі

Сингапурлық Ғылыми парк –Сингапур, Қытай, Үндістан, Оңтүстік корея және Филипинылар нарығыда аймақтық басымдылығына ие, Азияның жетекші жабдықтаушысы болып табылады. Парк озінің IT-парктерін, өнеркәсіптік парктерін ( өндіріс, логистика және үлестіру орталықтары), бизнес-парктерін, технопарктерін, жоғары технологиялық нысандарын, кеңселік және сауда алаңдарын әзірлейді, басқарады және алға бастырады.













Дубайдағы технопарк,Біріккен Араб Әмірліктері

Dubai Techno Park – еркін экономикалық аймақ Дубай Техно Паркі (қысқаша DTP) ерекше статусқа ие ЕЭА бірі болып табылады.2007 жылы құрылған технопарк өңірдің неғұрлым көбірек талантты мамандары тартуға және мына бағыттар бойынша БАӘ экономикасын дамытуды қамтамасыз етеді: мұнай, газ, суды тұщыландыру, денсаулық сақтау, инжиниринг және логистика. Дубай технопаркі 21 млн шаршы метрге тең ауданында 60 000 тұрғын тұрақты өмір сүреді және 133 000 адам жұмыс істейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Алинов, М.Ш. Инновационный менеджмент: учеб. пособие/М. Ш.Алинов. - Алматы: Экономика, 2010ж.

  2. http://www.stat.gov.kz/

  3. Инновациялық менеджмент: оқу құралы / К.Б. Бердалиев. Алматы : Экономика, 2010ж.

  4. Чайковская Л.П., Рыбакова СИ. Состояние и перспективы развития науки и инновационной деятельности в Республике Казахстан. /АльПари журналы, 1/2010

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет