Қазақстандағы көппартиялық жүйенің өзіндік ерекшеліктері мен кейбір мәселелері туралы



жүктеу 74.72 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі74.72 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Қазақстандағы көппартиялық жүйенің өзіндік

ерекшеліктері мен кейбір мәселелері

туралы

Бадел А.Б.

Бүгінгі күнде еліміздегі демократияның одан әрі нығаюында саяси партиялар өзіндік үлестерін қосып келеді. Билік партиясын қоғамдық негізде қадағалап-сынап отыратын белсенді оппозициялық партиялардың бар екендігі де осының айғағы болса керек. Өткен жылдардағы елдегі саяси партиялардың бір партия қанатының астына жиналғаны әркімді бір ойландырып тастағаны анық. Саяси сахнада былай да беделге ие болып жүрген бұл партиялардың «өз өмірін тоқтатуында» нендей сыр бар? деген күдік те болғанын жасыра алмаған едік. «Асар» бастап, «Азаматтық» қостап, «Аграрлық» қоштап сол кездегі билік партиясы «Отанға» біріккен болатын. Алайда ол қолдау-қолпаштауға соншалықты зәру емес-тін. Дегенмен де, келгендердің кеудесінен қақпау қағидасын ұстанған билік партиясы бүгінгі мығым да беделді халықтық-демократиялық партия «Нұр Отанды» туғызды. Қалай болғанда да сол кездегі бұл жаңалықтан жамандықтар іздеу әбестік болар еді. Президент саясатын қолдайтын мүдделес партиялардың бірігу-бірікпеуінде тұрған ештеме жоқ. Мақсат-идеологиясы бір дегендейін.

Саяси партиялар бірігуінің арты екіпартиялық жүйені туғызуы мүмкін бе деген көзқарастар да айтылып жатты. Алайда, ол уақытта оған ешқандай негіз жоқ болатын. Себебі, оппозициялық күштердің бір партияға топтасудан гөрі жеке-жеке отау тігу көрініс беруі маңызды фактор демесек те идеологиялық қайшылықтар жол бермесі түсінікті. Мәселен, әлемде әлі де рөлін жоғалтпаған коммунистер жеме-жемге келгенде либерал, социал-демократиялық құндылықтарды мойындамасы белгілі. Сондықтан болашақта оппозициялық күштер партиялық емес блоктік күш біріктіруге ғана мүмкіндіктері болды. Ал оппозициялық күштерден алыстап бара жатқан кейбір партиялар билік партиясын қолпаштауға келгенде толық «намысы» жібермегені байқалып қалып жатты.

Билік партиясына мүдделес партиялардың бірігуі осы бағыттан алыс емес басқа да партиялардың бар екендігі еліміздегі көппартиялық жүйенің сақтала беретіндігінің айғағы болды. Жалпы айтқанда, екіпартиялық жүйенің артықшылықтарын жоққа шығаруға болмайды. Мұндай елдер қатарына АҚШ, Ұлыбританияны айтар болсақ, оларда екі күштің саяси бәсекесі мемлекетті бақылауда және оның проблемаларын шешуде маңызды рөл атқарып келеді.

Қоғамның саяси мәдениеті енді ғана толық қалыптасып келе жатқан біздің қоғам үшін мүдделес партиялардың бірігуі (соның есебінен азаюы) электораттарға көп жеңілдік туғызды деуге болады. Себебі, саяси таңдау жасауда партиялардың көптігі, «ұқсастығы» электораттар үшін түсініксіздік, адасушылық, немғұрайлылықты туғызары сөзсіз. Мәселен, ауылшаруашылығы мәселелерін басты ту етіп көтеріп жүрген саяси партиялар «Ауыл» мен сол кездегі Аграрлық өздерін қарсыласпыз деп есептегенімен сол уақытқа дейін атқарушы билікке ықпал етуде батыл да басым бағыт-бағдарларын көрсете алмай келді. Ауыл тұрғындарының шын мәнінде мұң-мұқтаждарын қанағаттандыра алған болса бұл партиялардың қолдауға ие болуға зор мүмкіндіктері бар еді. Алайда ауылдық жерлерде бұл саяси ұйымдардың атын да затын да білмейтіндерді көп кездестірсеңіз таң қалмаңыз. Саяси таңдау жасауда электораттарды аң-таң қалдырып жүрген тағы бір мәселе ТМД елдерінде жоқ, тіпті әлем елдерінде кездеспеген құбылыс – екі бірдей коммунистік партия - Коммунистік партия мен Коммунистік халық партиясының болуы. Өздерін біртұтас бір идеология қазығы деп есептейтін коммунистердің бір мойындағы екі басы екі аяқты адымдата қоймасын өткен саяси науқандар қорытындылары көрсеткен. Әрине, қарапайым электораттар үшін бір идеологияның «екі доктринасын» түсіну оңай болмасы белгілі нәрсе.

Осы жерде ойымызды жинақтап айтып кетер болсақ, сол кездегі саяси партияларға қатысты өзгерістер қоғамда аса алаңдаушылық туғызбаған болатын. Бір жағынан бұл мемлекеттік саясатты қолдаушы саяси күштердің ықшамдалуын көрсеткен болса, екінші жағынан олардың өзара бірлігін байқатқантын. Бұл – саяси өмір, саяси бәсеке заңы. Мұндай жаңалық оппозициялық күштер үшін саяси сабақ және баламалы мүмкіндік болды. Алайда олар осы мүмкіндікті оңды пайдалана алмады. Көппартиялық жүйе нығая отырып қарама-қарсы блоктік күштер арасында саяси бәсеке (әсіресе сайлау кезінде) қызуы мүмкін еді. Мұндай құбылыс біздің саяси жүйеге ұқсас Франция мемлекетінің саяси тәжірибесінде жиі болып тұрады.

Қазақстанда партиялық жүйені қайта құру үрдісі бүгінгімен тоқтады деп айтуға болмайды. Елдің саяси өмірінде партияның рөлі арта беретін болады. Партиялық жүйенің қалыптасуы еліміздегі саяси партиялардың институттануы-нан тәуелді. Ал бұл үрдіс өзара байланысты екі бағытта жүруде. Конститутцияда негізгі қағидалардың қамтылуы және саяси партиялар туралы арнайы заңның мығым қалыптасуы. Еліміздегі саяси партиялардың институттануын заңдық өзгерістер негізінде талдап көрелік. Отандық зерттеушілер тарапынан еліміздегі партиялық жүйенің калыптасуы, оның даму тенденциясы туралы жүргізлген ізденістер баршылық. Тәуелсіздігмізді алған алғашқы жылдардан бастап ақ бұл мәселе өзекті де өткір мәселеге айналды. Сондықтан аталмыш мәселені отандық зерттеушілеріміз ешқашан назардан тыс қалдырған емес.

1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Кониституциясы саяси партиялардың құқықтық мәртебесін түбірмен өзгертті. Саяси партиялар қоғамдық ұйымдардың бір түрі ретінде ғана қарастырылды. Бұл идеологиялық және саяси пікір саналуандылығының мойындалуы әр түрлі саяси партиялардың құрылуына және қызметіне құқықтық тұрғыдан негіз болды. Келесі кезең жаңа Конституциямен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық негізне 1995 жылы Конституция өзгерістер әкелді себебі, Конституцияда саяси партиялардың құрылуы мен қызметін саяси –құқықтық реттеу мәселесіне деген ұстаным өзгерді. Дәл осы мәселеде өзіміз үлгі еткен Фрация Республикасы Конституциясы ықпалын анық байқаймыз. Франция Конституциясы бойынша, саяси партиялар мәртебесінің, мектептегі ата-аналар бірлестігі мен жануарларды қорғау қоғамы сияқты, қарапайым бірлестіктерден айырмашылғы жоқ. Сондықтан Францияда саяси партияны құру, оны тіркеуден өткізу мәселесінде де еш қиындық, кедергі жоқтың қасы деуімізге болады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституциядан «Партиялар азаматтардың саяси еркін қалыптастыру мен білдіруге ықпал етеді» деген арнайы баптың алынып тасталынуы еліміздің азаматтық қоғамға өту жолындағы маңызды қадам болды. Сонымен бірге мемелекеттік органдарда саяси партия ұйымдарын құруға, қоғамдық ұйымдар қызметіне мемлекеттің заңсыз араласуына әрі қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне тыйым салды.

Көппартиялық жүйенің қалыптасуындағы заңнамалық негіздің әрі қарай жаңартылуы, жетілдірілуі 1996 жылы қабылданған «Қоғамдық ұйымдар туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарда көрініс тапты. Қазақстан азаматтарының еркін бірігу құқы осы заңдармен қамтамасыз етілді. Партиялық қызметтің белгілі бір деңгейдегі құқықтық негізінің қаланғанына қарамастан, бұл кезеңдегі саяси партиялар қызметі тиімді және саяси партиялар саяси шешімдер қабылдауға өз дәрежесінде ықпал ете алды дей алмаймыз.

Саяси партиялар туралы 1996 жылы «Саяси партиялар туралы» арнайы заң саяси партиялар қызметін жандандыра алған жоқ. Бұл кезеңде өмір сүрген партиялар санына келер болсақ, олар 2-ден 10ға дейін көбейген. Бірақ саяси партиялар билік пен халық арасындағы байланыс орнатушы құрылым рөлін атқара алған жоқ. «Сайлау туралы» заңға енгізілген толықтыруларға байланысты 1999 жылы Президенттік сайлау мен Парламент Мәжілісіне депудаттарды сайлау саяси партиялар арасындсағы бәсекелесттік аренасына айналды.

Сайлау жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес партиялар санындағы өзгерістерді байқаумызға болады. Олардың саны 10-нан 15-ге дейін көбейген. 2002 жылы қабылданған заң саяси партияларды құруға және оны мемлекеттік тіркеуден өткізу талаптарын күшейтуге байланысты партиялар саны кеміді. 2002 жылы қабылданған заң саяси партияларды құруға талапты күшейтті деумізге болады. Себебі, бұрынғы заң бойынша саяси партияны құру үшін еліміздің қандай да бір жерінде тұратын он адамның бастамасы жеткілікті болса, енді жаңа заң бойынша саяси партия бір мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай сьезін шақыратын және обылыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.

Ал саяси партияны мемлекеттік тіркеудан өткізу үшін құрылтай сьезі өткізлген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішпен қоса саяси партияның жарғысы мен бағдарламасы, құрылтай сьезінің хаттамасы, партия мүшелерінің тізімі және мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымының төленгені туралы құжат өткізледі.

Саяси партияны мемлекеттік тіркеу талабындағы бір өзгеріс оның құрамында болуға тиіс партия мүшелерінің санына байлансты. Бұрынғы 1996 жылы «Саяси партиялар туралы» заң бойынша саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның қатарында Қазақстан Республикалық обылыстарының жартысынан астамы атынан өкілдік ететін үш мың мүшесі болса жеткілікті еді. Енді жаңа заң бойынша саяси партияның құрамында партияның барлық обылыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемінде жеті жүз партия мүшесі бар құрылымдық құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кемде кем дегенде елу мың партия мүшесі болуы тиіс. Егер әлемдік тәжірибеге сүйенсек, саяси партияны тіркеу үшін қажет мүшелер саны: Түрік Республикасында –30 адам, Болгарияда –50 адам, Ресей Федерациясында - 10000 адам, Қырғыз Республикасында – 10 адам, Әзербайжанда – 100 адам.

Әрине, саяси партияны құру және мемлекеттік тіркеуден өткізудегі сандық талаптардың қойылуы мен қатайуын әр түрлі бағалауға болады. Бір жағынан, партияларға деген талапты жоғарлату арқылы оның қоғамның саяси өміріндегі рөлі мен беделін көтеру. Себебі, саяси партиялар жеке адамдардың емес, қоғамның барлық топтарының мүддесін білдіруі тиіс. Жалпы, саяси партиялар туралы жаңа заң ірі саяси ұйымдарды қалыптастыруға бағытталған, яғни партиялық-саяси үрдіс субъектілерінің іріленуіне алып келуі тиіс. Екінші жағынан, тұрақты мүшелікті талап ету бұқара халықтың саяси партиядан алыстауына, жатсынуына алып келуі де әбден мүмкін. Себебі, көптеген азаматтар партия мүшесі болмай-ақ, оның бағдарламасына сайлау науқаны кезінде қолдау көрсетуіне болады. Ал

олардан саяси партияға мүшелікке өтуді талап етуі кері нәтиже берері сөзсіз.

Кейбір елдерде саяси партияны тіркеуден өткізу күрделі емес. Конституциялық даму тәжірибесін өзіміз үлгі тұтқан Францияда саяси партиялар заңдық тұрғыдан тіркелу үшін, департамент префектурасына немесе округтің суперпрефектурасына декларация өткізулері қажет. Декларацияда бірлестіктің аты мен мақсаты, ұйымның орналасқан жері, жетекшілердің қызмет орны, аты-жөні көрсетілсе жеткілікті. Ал кезінде социалистік лагерь мүшесі болған Польша Республикасында саяси партияны кемінде 15 мүшесі қол қойған өтініші негізінде Варшава воеводтық соты тіркеуден өткізеді екен.

Тіптен саяси партиялар еліміздегі саяси үрдісітің демократиялануы үшін қажетті саяси бәсекелестік пен тұрғындардың саяси қатысуын қамтамасыз ететін құрылымға айналып бара жатыр. Сонымен бірге, кейбір отандық зерттеушілердің еліміздегі партиялық жүйе болашағы жөніндегі «екі партиялық немесе жетекші 2-3 партиялы көппартиялық қалыптасуы мүмкін» - деген болжамдары да саяси шындықтан алыстап кетті.



Сонымен, саяси партиялар туралы соңғы заң кейбір партияларға өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік берумен қатар, басқа партиялық-саяси ұйымдардың тіптен саяси аренадан кетуіне алып келді. Біз көппартиялық жүйенің әлі де болса мүмкіншіліктерін мығымдауымыз керек. Себебі, көппартиялық жағдайында партиялық құрылымдар саяси дау-жанжалдарды шеше алуы, нақты сайлаушылар тобынан көзқарастарын білдіруі және олардың мүдделерін қорғай алуы, өкімет немесе оппозиция қызметіне қатысуы тиіс. Елімізде пікір саналуандылығы болғанымен тұрақты қызмет етуші (институттанған) саяси партиялар туралы айтуға ертерек.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет