Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі



бет1/2
Дата01.05.2016
өлшемі478.01 Kb.
түріДиссертация
  1   2

Автореферат диссертации


Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)

Қолжазба құқығында


Енсенов Қанат Алексейұлы


Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі
(1926-1959 жылдар)

07.00.09 – Тарихнама және деректану (Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері
07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін


алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007

Жұмыс ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа заман тарихы және тарихи демография бөлімінде дайындалды


Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі М.Х. Асылбеков

Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы, профессор


Қ.Р. Несіпбаева

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент


М.А. Ақынжанов

Жетекші ұйым: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Деректану және тарихнама» кафедрасы


Диссертация 2007 жылы «___» _____________ сағат ____ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (050010, Алматы, Құрманғазы көшесі, 29) жанындағы тарих ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД. 53.33.01 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен ҚР Білім жғне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады.


Автореферат 2007 «____» ________________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, тарих
ғылымдарының кандидаты Қ.С. Алдажұманов
К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерінің ауқымына және олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.


Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі – Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Көші-қон процестері бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл көші-қон процестерінің тарихнамасын арнайы қарастырудың өзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осының бәрі біздің зерттеуіміздің өзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.
Мғселенің зерттелу деңгейі. Кеңестік дғуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл жөнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сғдуақасов [1] сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардың еңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А.Н. Донич пен Н.Д. Трублаевичтің халықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А.Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н.Д. Трублаевич республикадағы халықтың табиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды [2]. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мғселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 ж. халық санағың қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.
Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен еліміздің ғлеуметтік даму мғселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер ғлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, ғсіресе өнеркғсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы табы мғселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А.Н. Нүсіпбеков, М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмұхамедов, Б.Н. Ғбішева, шаруалар тарихын зерттеген А.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш.Ю. Тастанов, Х. Ғбжанов [3] сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процестерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.
1970-1980 жж. тарихи демография саласында арнайы еңбектер шыға бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі статистикалық мғліметтердің негізінде ғлеуметтік және ұлттық демографиялық факторларды өзара байланыспен, өзара шарттылықта қарастыру ғдістері негізделді.
Қазақстанда көші-қонның тарихи мғнін, оның халықтың ғлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген ғсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы зерттеушілер – Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, В.М. Кабузан мен Н.В. Алексеенко болды, ал Ф.Н. Базанованың монографиясында көші-қон қозғалысының республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуына ғсер еткен күрделі де көп салалы процесс екендігі көрсетілді [4]. Алайда, бұл еңбекте кеңес дғуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің маңызды беттері: репрессияланған халықтарды депортациялау, таптық белгісіне байланысты жер аудару тағы басқа мғселелері ашылған жоқ.
1980 жж. аяқ кезінен бастап қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси фактордың ғсерлері талдана бастады. Ғсіресе, М.Қ. Қозыбаевтың, Ж.Б. Абылхожиннің еңбектерінде Қазақстандағы 1920-1940 жж. тоталитарлық жүйенің экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы ғлеуметтік-демографиялық нғтижелері анықталды. Қазақстан жұмысшыларының саны, ұлттық, жасы мен жыныстық құрамы, білім деңгейі, мамандық түрлері мғселелерін қарастырған екі томнан тұратын еңбек жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жғне 1938-1960 жылдарды қамтыды. Ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуына, сананың өсуіне, ұлттық, жыныстық құрамына, даярлау жолдарына арналған Х.М. Ғбжановтың зерттеуі шықты [5].
Қазақстанның кеңестік дәуірдегі ғлеуметтік демографиялық дамуы М.Х. Асылбеков пен Ғ.Б. Ғалиевтің арнайы монографиясында біртұтас жғне сан-салалы процесс ретінде алғашқы рет жан-жақты қарастырылды, бұл процестің болашақтағы дамуына ғылыми тұжырымдамалық болжамдар жасалды [6].
1990 ж. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың жғне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде ұжымдастыру жылдарындағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың азаюы мен апатқа ұшырауы салдарын ашқан тұжырымдары жарияланды. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен ғлеуметтік құрамы жөнінде құнды мғліметтер берілді [7].
А.Н. Алексеенконың, Н.З. Тғкіжбаеваның ауыл халқының өсу қарқыны мен ұлттық құрамы, аймақтарға шоғырлануы, экономикалық аудандарға топтастырылуы қарастырылған докторлық диссертациялар қорғалды. Бірақ, бұл зерттеулер тек жарияланған санақ материалдарына ғана негізделген, мұнда 1939-1959 жж. аралығындағы туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының ішкі тенденциялық ерекшеліктеріне аз көңіл бөлінген [8].
С. Айымбетовтің кандидаттық диссертациясында Қазақстан халқының 1926-1939 жж. аралығындағы демографиялық жағдайы баяндалса, Л.Т. Қожекееваның диссертациясы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрамы және демографиялық өзгерістерін зерттеді.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің мғні мен оның Қазақстандағы демографиялық процестерге әсері М.Қ. Қозыбаев пен Қ.С. Алдажұманов еңбектерінде ашылды [9].
Тарихи демография саласында аймақтар бойынша да зерттеу жұмыстары жарық көрді. Батыс Қазақстан халқының екі ғасырлық тарихи дамуы М.Н. Сдықовтың монографиясында, Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматқа толы А.Н. Алексеенконың еңбегінде табиғи өсімге өлім-жітім көрсеткішінің әсері мен денсаулық сақтау мғселелері талданды. Орталық Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық дамуына В.В. Козинаның еңбектері арналды. Жетісу өлкесі бойынша докторлық диссертацияны М.К. Төлекова қорғаған еді. Тарихи демография саласында Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша кандидаттық диссертациялар да қорғалды. Атап айтсақ, О.Д. Табылдиева – Маңғыстау, ал А.А. Какенова Солтүстік Қазақстан аймағы халқының демографиялық дамуын зерттеді [10].
Кеңестік тоталитарлық кезеңде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, шетелдік зерттеулерде ғана қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада К.Л. Есмағамбетов, Г.М. Меңдіқұлова монографияларында зерттелді. Сонымен қатар, қазақ ириденттері тарихы А.В. Коновалованың [11] тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде талданды.
Қазақстанда 1939-1959 жылдардың аралығында болған халықтың ғлеуметтік жғне ұлттық құрамындағы өзгерістер саны, орналасуы, өсіп-өну ерекшеліктері және көші-қон процестерінің ұлттық құрамға тигізген ғсері А.И. Құдайбергенованың кандидаттық диссертациясында талданды [12].
Тарихи демография саласындағы жетістіктерді тарихнамалық талдауға С.И. Ковальскаяның, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың еңбектері арналған. С.И. Ковальскаяның кандидаттық диссертациясында негізінен ХVІІІ жғне ХІХ ғасырдағы көші-қон мғселесі қамтылып, ХХ ғасыр мғселесі толық жазылмаған. Ал, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың монографиясында ХХ ғасырдағы демографиялық мғселерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон процестеріне де едәуір көңіл бөлген. Сондай-ақ, Б.Р. Найманбаевтың кандидадттық диссертациясында 1970-1989 жж. аралығындағы Қазақстанға қоныс аударылғандардың азаюы мен олардың кері көшуі жайында, сонымен қатар, олардың құқықтық жағдайы қарастырылған [13].
Қазақстанда тарихи демографияның дамуы мен методологиясы жайында көлемді ғылыми еңбектер де жарық көрді. Мысалы, М.Х. Асылбеков, А.Ш. Алтаевтың және А.И. Құдайбергенованың көлемді мақалалары жарияланды [14].
Тарихи демография мғселесіне байланысты ресейлік ғалымдардың да еңбектері жарыққа шықты. Олардың қатарына Н.Ф. Бугай, В.П. Данилов, Н.И. Платунов, Т.М. Реннер, В. Хорев, В. Чапек, М.П. Малышева, В.С. Познанский, С.И. Брук, Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская, И.Н. Кисилев жғне тағы басқа ғалымдардың еңбектері жатады [15].
Аталып отырған тақырыпқа қатысты шетелдік ғылымдардың да зерттеулері баршылық, Қазақстандағы демографиялық ахуалға байланысты бірқатар мғселелер Р. Конквест, С.Г. Уиткрофт, Х. Дэвис, М.Б. Олкот, А.Р. Льюс, Н.Р. Роулэнд жғне т.б. еңбектерінде баяндалған [16].
Сонымен, диссертация тақырыбына арналған ғдебиеттерге шолу нғтижесінде, Қазақстанда 1926-1959 жылдардың аралығындағы көші-қон процестері арнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Ғсіресе, мұрағат қорларында сақталған тарихи деректерде кеңестік кезеңде ғр түрлі ұлттардың Қазақстан территориясына қандай жағдайлармен қуғындалып келгендерін нақты дғлелдей түсуі қажет. Бұл тақырыптың арнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Мғселен, көптеген еңбектер жарық көргенімен, олардың жеткен жетістіктерін талдай отырып, мұрағат қорларындағы тарихи деректермен салыстыра қарастырған арнайы тарихи және тарихнамалық зерттеу жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның басты мақсаты 1926-1959 жылдар аралығындағы Қазақстандағы көші-қондық процестердің себептерін, нғтижелерін кешенді түрде зерттеу және бұл мәселенің тарихнамасын ғылыми талдау. Осы мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- Көші-қон процесінің тарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау;
- Бұл еңбектердің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау нәтижесінде көші-қон проблемасының зерттелмеген жақтарын белгілеп беру;
- Тарихнамалық жұмыстар мен тарихи деректерді салыстыра отырып, көші-қонның халық құрамына әкелген әсерін айқындау;
- Көші-қон қозғалысы нәтижесінде республика халқының ішінде қазақтар азшылыққа айналғандығын көрсету;
- Күштеп көшірілген ұлттардың ұлттық құрамға тигізген әсері, үлес салмағы, құқықтық жағдайын жаңа мұрағат құжаттары арқылы көрсету;
- Қытай халық Республикасынан келген көштің нәтижесінде қазақ халқының өсуіне мүмкін болған алғышарттарды көрсету.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы – Қазақстандағы 1926-1959 жж. көші-қон процестерінің дамуы мен халық құрамына әсері алғаш рет тарихнамалық және тарихилық тұрғыдан зерттелуінде, диссертацияда осы ғылыми жаңалықтың негізі - тарихи ғдебиеттердегі мғліметтер мен мұрағаттардағы деректерді бір-бірімен салыстырмалы түрде зерттеудің нғтижесінде төмендегідей жаңа, нақтылы, ғылыми нғтижелерге қол жеткізілді:
- Көші-қон процестеріне қатысты ғылыми еңбектер тарихнамалық тұрғыдан зерделеніп, олардың жетістіктері мен кемшіліктері талданды.
- Көші-қон проблемасы жөнінде болашақта зерттеуді қажет ететін мәселелер анықталды.
- 1926-1959 жж. Қазақстан халқының көші-қон процестері арнайы және Жан-жақты талданды.
- Бұл кездегі көші-қон қозғалысы нәтижесінде қалыптасқан ұлттық құрамдағы өзгерістері қарастырылды.
- 1953-1959 жылдары Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға көшірілгендер жөнінде тың мұрағат деректері ғылыми айналымға тартылды.
- Көшірілген халықтардың құқықтық жағдайы тарихи тұрғыдан зерттелді.
- Қазақстан халқының жалпы саны мен құрамына ғасырлар бойы күшті ғсер етіп келген көші-қонның 1926-1959 жж. аралығындағы ерекшеліктері анықталып, бұл кезең осы процестің ең күшті және шыңы болғаны дәлелденді.
Зерттеудің қорғауға ұсынылатын тұжырымдары. 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон процестері жғне оның зерттелу мғселелері жөнінде жазылды:
- Қазақстандағы көші-қон процестеріне қатысты тарихнамалық еңбектердің жетістіктері мен әлі де болса зерттеуді қажет ететін бағыттары талдау;
- Көші-қон қозғалысын зерттеудің нәтижесінде республикадағы көпұлтты құрамының қалыптасуы кеңестік жүйе жүргізген саясатпен байланыстылығы айқындау;
- Кеңестік кезеңнің ұжымдастыру, тәркілеу нақандары кезінде шетел асқан қазақтардың саны жүз мыңнан аса болғандығы зерттеу еңбектерімен салыстырмалы түрде көрсету;
- Республикаға күштеп көшіріліп келген ұлттардың үлес салмағы айтарлықтай басымдылық танытып, қазақ халқының азшылыққа айналуына әсерін тигізгендігі мұрағат деректері негізінде қарастыру;
- Қытай Халық Республикасынан келгендер саны 1953 -1959 жж. 100 мыңнан аса болғандығын және олардың ішінде қазақ, орыс, ұйғыр, дүнген, татар, өзбектер болғандығын дәлелдейтін мұрағат деректері ғылыми айналымға тарту;
- Күштеп көшіру нәтижесінде келген халықтардың құқықтық жағдайы және олардың еңбекке араласуы зерттей түсетін мәселелердің қатарына саналады.
Территориялық ауқымы. 1926-1959 жылдар арасындағы Қазақ КСР-ның ғкімшілік территориялық шекарасын қамтиды. Осы аталған кезең ішінде болған ғкімшілік бөліністер, аймақтардың ерекшелігі назарға алынды.
Зерттеудің нысаны. Қазақстандағы көші-қон процестерінің зерттелу деңгейін көрсететін ғылыми еңбектерде талдау жасау жғне салыстыру. Сонымен қатар, 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон қозғалысының республика халқының ұлттық құрамына ғкелген өзгерістер мен әсерін анықтау .
Диссертацияның мерзімдік шеңбері. 1926 және 1959 жылдардағы Одақтық екі халық санақтары аралығындағы 34 жылды, яғни екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңын, соғыс жылдары мен онан кейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан халқы үшін бұл күрделі тарихи оқиғалар мен бетбұрыстарға толы мерзім, оның басты-бастылары: екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру, алпауыт өнеркәсіп орындары мен жаңа транспорт жүйелерінің салынуы және т.б., яғни халықтың әлеуметтік-демографиялық құрамына күрделі әсер еткен көші-қон толқындарының ең күшейген уақыты болды.
Диссертацияның дерек көздері. Зерттеуде әртүрлі деректер пайдаланылды, олардың бастылары: 1) мұрағат құжаттары мен мәліметтері; 2) 1926, 1937, 1939 және 1959 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтарының мәліметтері; 3) жарияланған статистикалық жинақтар; 4) баспасөз мәліметтері; 5) Демографиялық және көші-қон мәселелеріне арналған монографиялар, мақалалар және т.б. тарихнамалық талдаудың деректік негізі болды.
Негізгі деректердің дені Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Призиденті мұрағатынан алынды. Мәселен, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Орталық статистикалық басқарма (698) қоры Статистикалық мәліметтерге толы бұл қорда әр облыстар бойынша келген-кеткендер туралы деректер бар. Сондай-ақ, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің еңбек ресурстарын реттеу жөніндегі Мемлекеттік Комитет (1987) қорында Одақ бойынша шаруашылықты реттеуге байланысты көшірілгендер туралы мәліметтер кездеседі. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құпия қорында (1137) Қазақстан Министрлер Кеңесінің шешімдері мен қаулыларынан құралған материалдар бар. Осы қор құжаттарында өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға көшірілгені кезіндегі қабылдануы, ұлттық құрамы жайында мәліметтер кездеседі. Қазақ КСР-нің үкіметі жанындағы Көшіру-қоныстандыру бөлімінің (1208), Қазақ КСР Жоспарлау комитетінің (1179) қорларында да қажетті деректер жинақталған.
Қазақстан Республикасының Президент мұрағатындағы деректер де жұмысты жазуға пайдаланылды. Атап айтсақ, БКП(б) Қазақ Өлкелік Комитетінің қорында (141) кеңестік билік орнағаннан кейінгі уақытқа ұжымдастыру, байларды тәркілеуге қатысты деректер бар. Одан кейін республикадағы халықтың ұлттық құрамы және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы құжаттық деректер кездеседі. Мәселен, Қазақстан Комунистік Партиясының Орталық Комитетінің қорында (708) көптеген қаулы-қарарлар, шешімдер және басшылардың есептері жинақталған. Қор деректерінен Қазақстанда кеңестік кезеңде жүргізілген көші-қон қозғалысын, депортацияланып келгендер мен тың игеру кезінде елдің еуропалық бөлігінен келгендер жайында мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасынан көшіріліп келген қазақ, татар, дүнген, орыс, өзбектердің облыстар бойынша орналасуы туралы деректер сақталған.
Демография мәселесі бойынша жарық көрген зерттеулердің ішінде М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың тарихнамалық тұрғыдан жазған еңбегінде, сондай-ақ, М.Х. Асылбеков және А.И. Құдайбергенованың монографиясында көші-қон қозғалысына қатысты мұрағат, санақ материалдарына негізделген бірқатар мәселелер көтерілген. Осындай зерттеулер Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша да жасалды. Мәселен, Орталық Қазақстан бойынша В.В. Козинаның, Батыс Қазақстанның демографиялық жағдайы М.Н. Сдықовтың еңбегінде көрсетілсе, Жетісу халқының демографиялық дамуы М.К. Төлекованың зерттеуінде қарастырылды. Міне, осындай іргелі зерттеулерде көші-қон мәселесі ішінара болса да жазылған. Сондықтан, мұндай еңбектер тарихнамалық және тарихи тұрғыдан зерттеулер жасауға негіз болары сөзсіз.
Зерттеу жұмысының методологиясы мен әдістемелері. Диссертацияда қойылған мғселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету үшін тарихи зерттеудің логикалық тғсілімен тығыз байланыстылығы тарихшылдық, объективтілік, жан-жақтылық сияқты негізгі методологиялық принциптері басты назарда болды. Зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында тарихи салыстырмалық, диалектикалық, статистикалық, демографиялық талдау және басқа әдістемелер қолданылды.
Зерттеудің қолданбалық маңыздылығы. Диссертацияның қорытындыларын 1926-1959 жылдар аралығындағы тарихи кезеңнің демографиялық дамуы мен тарихнамасына арналған жоғары оқу орындағы курстарда оқуда пайдалануға болады. Бүгінгі таңдағы еліміздегі көші-қон мәселелеріне қатысты саясатты белгілеуге де диссертация материалдары өзіндік игі ықпалын тигізе алады.
Диссертацияның сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі тұжырымдары бойынша 2004 жылы және 2005 жылы ҚазҰУ-де өткен дғстүрлі «Е. Бекмаханов оқуларына» арналған ғылыми халықаралық конференцияларында баяндамалар жасалды. Сондай-ақ, 2004 жылдың қазан айында Астанада өткен «Гуманитарлық жғне құқықтық білімдердің ғлеуметтік мғдени проблемалары» атты Қазақ гуманитарлық заң университетінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми теориялық конференциясында, 2004 жылы желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған «Қазақстан жғне ғлем: тарих жғне заман» деп аталатын ғылыми халықаралық конференцияда баяндамалар жасалды. Диссертация бойынша 9 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертация Қазақстан Республикасы Білім жғне Ғылым министрілігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уғлиханов атындағы Тарих жғне этнология институтының «Қазақстанның жаңа заман тарихы және тарихи демография» бөлімі мен «Тарихнама жғне деректану» бөлімдерінің біріккен мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертация құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі мғселені қарастыратын 3 тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған ғдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, методологиялық принциптері мен әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректер мен әдебиетке сипаттама беріледі.
Диссертацияның «Қазақстан қоғамын жаңғырту (модернизациялау) кезеңіндегі көші-қон (1926-1939 жж.)» деп аталатын бірінші тараудың «Көші-қон процестерінің тарихнамасы» тараушасында тарихи демография саласы бойынша зерттеу нысаны етіп алынып отырған көші–қонның анықтамасы мен тарихнамалық еңбектерге талдау жасалды.
Ресейлік зерттеуші Т.А. Володинаның ғылыми еңбегінде тарихнамалық зерттеудің әдістемесіне қызығушылық 1960-жж. туа бастағандығы айтылады. Тарихнамалық зерттеу мәселесіне және оның ғылымдағы алатын орнын анықтау барысында қызу талқылауға М.В. Нечкина, А.В. Черепин, А.М. Сахаров, С.О. Шмидт, А.Л. Шапиро, С.Л. Пештич, Е.Н. Городецкий және тағы басқа ғалымдар қатынасқан. Осындай талқылаудан кейін ғалымдар тарихнама тарих ғылымы болып табылады және мазмұны жағынан ғылым дамуының мынандай қырларын қамтиды деген тұжырымдар жасады: тарихи процестің жалпы концепциясы; зерттеуге қойылған бағыт; зерттеу әдістері; жаңа әдістемелік мәселелер; жаңа деректерді ғылыми айналымға тарту; ғылымды жаңа сапаға көтеруде жаңаша ұйымдастыру мәселелері. Тарихнамалық зерттеу салыстырмалы түрде талдау әдістеріне сүйенгендіктен, ғылымның бір кезеңінен екінші сатыға өткендегі жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді, яғни бұл белгілі бір тақырыптардың зерттелу, зерделену деңгейін көрсететіндіктен, ғылым саласы ретінде жаңа сапаға көтерілер шақта өте қажет зерттеу бағыттарының бірі болып табылады.
Жалпы әлемдік тарих ғылымдағы секілді Қазақстандық тарих ғылымында да көші-қон мәселесі классикалық теорияның прагматикалық ұғымдарының таза пәндік шекаралық шеңберінде зерттелуде. Қазақстандық ғалымдар тарихи демографияның барлық мәселелері секілді 20 ғасырдағы өзгерістер әкелген көші-қондық үрдістерді жан-жақтылық және гуманистік таным бағытында жүйелі, объективті түрде нақты мәнін ашу бағытында зерттеуде.
Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтының зиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудың бір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметінің пайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оның сын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соның нәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды.
Қазақстан халқы үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі С.Сғдуақасұлы партия басшыларының жүргізіп отырған солақай саясатына қарсы наразылығын білдіріп, орынды сынға алды. Оның ұлттық мғселеге байланысты жарық көрген «Большевик» журналындағы «О национальностях и националах» атты мақаласы болды. Автор өз еңбегінде Қазақстандағы айтыс-тартыс жағдайларының себептерін дғлелдеуге тырысқан.
Кеңестік кезеңде халықтың хал-ахуалына назар аударып, ол үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі М. Есболұлы Түркістан өлкесінің материалдары бойынша жер мғселесінің ушығуын сырттан ағылған көші-қоншылар санының артуымен тікелей байланыстырады. Автор нақты деректерге сүйене отырып, Түркістанды отарлау барысында көші-қон қозғалысына тартылған өзге жұрт өкілдерінің саны арта түскенін атайды. Келімсек атанған көші-қоншылардың барлық жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық екендігін дғлелдейді. Зерттеуші бір кездері Ресей империясынан кейінгі кеңестік қызыл империя жалғастырған орыс отаршылдарының орыс көші-қоншыларының санын арттыру арқылы жүзеге асыруға талпынғандығын да зерделейді.
1926 жылы Т. Шонанұлының «Қазақ жер мғселесі тарихы» деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нғтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, «Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған», қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің иіріміне амалсыздан енгендігіне алғаш көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу жғне ішкі көші-қон процестерінің үдей түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: «Қазақты жерден қуып, қазақты переселенге айналдыру – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерін жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ықтырып тастау – отаршылдар жұмысының екінші жемісі», - деп жазып, мғселені дғл басып көрсетті.
М. Тынышпаев Жетісу облысындағы қоныс аударушылардың тым көптігіне назар аударып, келімсектердің келуіне байланысты ғлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт төмендеуін ашып айтады. Аймақтағы шаруашылық құлдырап, құнарлы жерлер тартылып алынған соң, егіс-жайылым көлемі қысқартылып, халқы кедейленіп, адам танымастай өзгерген, - деп жазды.
Үкімет тапсырмасын орындап, Қазақстанның демографиялық жағдайын зерттегендер де болды. Мғселен, А. Донич өз еңбегінде 1926 ж. халық санағының материалдарын талдап, 1928 ж. дейінгі кезеңдегі халық санының өсу динамикасына назар аударды. Оның мғліметтеріне қарағанда, 1928 ж. күзіне дейін республика тұрғындары 6 миллион 507 адамды құраған, 3717094 адамы (51,1%) қазақтар, 1280000 адамы (19,7%) орыстар, 860978 адамы (13,2%) украиндар, 648923 адамы (10%) басқа ұлт өкілдері болған. Республика халқы санының тым аз өсіп, төменгі үлеске ие болуын автор механикалық өсіммен орынды байланыстырғанымен, табиғи өсімнің әсерін ашып бере алмаған.
Республикадағы 1924-1927 жж. ауыл тұрғындарының табиғи өсіміндегі ерекшеліктерін Н.Д. Трублаевич қарастырды. Ауыл тұрғындарының табиғи өсімі 1927 ж. 27,6 промильге ие болғандығын айқындап, оның ұлттар арасындағы ерекшелігіне тоқталды. Автордың көрсетуінше, осы жылдары табиғи өсім орта есеппен қазақтарда – 20,6 промиль, ұйғыр, дүнген жғне өзбектерде – 22,3, ал орыстарда – 30,6 промиль болған. 1920-жж. республика тұрғындары ішінде орыстардың табиғи өсімі жоғары болған. Бірақ, автор ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелген. Демек, кеңестік өкімет жағдайында ашық жазу көпшілігіне мүмкін болмады.
Қазақстан халқы, оның ұлттық құрамы мен орналасуы мғселелері Т. Рысқұловтың 1927 ж. жарық көрген «Қазақстан» атты еңбегінде жғне М.О. Ғуезовтың 1930 жылы шыққан «Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан.
Ә. Ғали өз зерттеуінде 1926 ж. халық санағына дейінгі сыртқы жғне ішкі көші-қон процестерінің ауқымын қарастырған. Оның көрсетуінше, 1926 ж. дейінгі аралықта 800 мыңнан астам адам республикаға келіп қоныстанған деген мәлімет келтірген.
Н.Ф. Базанованың еңбегінде көші-қондық процестер кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатымен тығыз байланысты қарастырылып, көші-қонның Қазақстан халқы саны мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге ғсері талданған. Автордың көрсетуінше, 1929 жылы Қазақ АКСР қоныс аудару басқармасы құрылғанға шейін, сырттан республикаға көші-қоншылардың ағылып келуі нғтижесінде ауыл тұрғындары 1920 жылдан бері қарай 26,4%-ға өскен.
Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мәселесін қарастырған Т. Омарбековтың зерттеуінде зұлмат ашаршылық кезеңі қазақ тарихында үлкен демографиялық апатқа әкелгендігі баяндалады. Зерттеушінің қарастыруынша, 1930-1933 жылдары негізінен қазақтардан тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігендігін атайды. Мұның 1 миллионнан астамы босқындар, - дейді.
Зерттеуші ғалым Т. Омарбеков осы мәселеге байланысты М. Тәтімов пен сонау 1930-жж. Қазақстанның халық шаруашылығы есебі басқармасын басқарған К. Саматовтың есептеулері бір жерден шығып, 1930 ж. Қазақстанда ең кемі 4 миллион 170 мың қазақ өмір сүргендігін дәлелдеді, - дейді. Автордың пікірінше, осы көрсетілген санның тең жартысы қырылған. Өйткені, босқындардың тірі қалғандары (Қазақстанның ішіндегі 300 000 дай адам) республикаға қайта оралған тағы 200 мыңдай адам, онан соң көрші республикалардан және шет елдерден атамекендеріне қайтпай қалған 400 мыңдай адамды шығарғанда, бәрібір 2 миллион 300 мыңнан астам адам жетіспейді, - деген мәлімет келтіреді. Автордың қарастыруынша, 1932 ж. Қазақстан байырғы халқының 64 пайызынан айырылған. 1930 ж. Қазақстан халқының саны 5,9 миллион адамнан 1933 ж. 2,5 миллионға дейін азайған. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан шығып, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп, туған жеріне қайта орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мыңдай, - деген мәліметтер көрсетті.
Кеңес Одағының зұлматты жылдарының тарихын зерттеген ғалымдардың бірі ресейлік В.Н. Земсков. Автор өз зерттеулерінде 1930-1931-жж. Қазақстанға Еділдің төменгі жағалауынан – 18092 жанұя, Еділдің орта тұсынан – 11477, Орталық аудандардан – 10544, Нижгород өлкесінен – 50, Кавказдан – 870 жанұя қоныс аударылған, - деген мғліметтер келтіреді. Қазақстанның өзінде қоныстандырылғандар мен шашыратып орналастырылған жанұялар саны – 6765, барлығы – 50929 жанұя келген.
Кеңестер Одағындағы, сондай-ақ, Қазақстандағы көші-қондық процестерде орын алған ерекшеліктер батыс зерттеушілері тарапынан қарастырылып, бұл мғселе нақты бағаға ие болды. Зерттеушілер А.Р. Льюис, Н.Р. Роулэндтің көрсетуінше, Қазақстандағы аграрлық отарлау саясатының салдарынан қазақтар отырықшылыққа көшіп, аштыққа ұшырады. 1926 ж. халық саны 4 милион шамасында болса, 1939 ж. дейін 3 миллионға дейін қысқарған. С.Г. Уиткрофтт Одақ көлемінде 1930-1933 жж. болған ашаршылық, демографиялық апат қолдан жасалды деген пікір білдіреді. Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде былай деп жазды: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3963300, 1939 жылғы санақ бойынша 3100900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын – сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді».
Бұл тарауда көші-қон қозғалысына қатысты отандық, шетелдік және ресейлік ғалымдардың еңбектері салыстырмалы түрде қарастырылып, сыртқа көшкендер жайында нақты деректер келтірілсе, көшіріліп келгендердің ұлттық құрамға әкелген өзгерістері көрсетілді.
Тараудың «Республикааралық көші–қон және халық құрамындағы өзгерістер» деген тараушасында сырттан келген көші-қон толқындары талданған. 1934 ж. Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен Қарақалпақстанға көшіп кеткен 7000 шаруашылықты Қазақстан жеріне көшіру туралы қаулы қабылданды. Қарақалпақ жерінен көшіп келгендер ұжымдастыру, аштық жылдары кеткен адамдар екені байқалады. 1934 ж. Ақмола қаласының аумағына Ленинград, Мғскеу, Орал, Солтүстік Кавказ, Батыс Сібір, Қиыр Шығыс, БКСР, УКСР, Днепропетровск, Донецк, Армян КСР, Өзбек КСР-нан 530 адам қоныс аударған. Оның 282-і ер адам, 248-і ғйел адам болды. Ақмола, Семей, Орал, Атырау, Петропавл жерлеріне 1652 адам келіп, 7786 кері қайтқан. Сол жылы Қазақстанға келгендердің ғлеуметтік құрамында мынандай топтар бар: жұмысшылар, металл қорытушылар, кіші қызмет көрсетушілер, оқушылар, үй шаруасындағы ғйелдер, 16-жасқа дейінгі жастар тағы басқалары бар еді. 1936 ж. поляктарды қуғындау кезінде Украинадан Қазақстан территориясына 15 мың поляк жғне неміс шаруа қожалығы көшірілді.
Зерттеуші Г.В. Кан өз еңбегінде 1937 ж. 21-тамызда Қиыр Шығыстан кәрістерді Қазақстан мен Өзбекстанға көшіру туралы бұйрық шыққаннан кейін оларды қоныс аударту 1937 ж. 25-қыркүйегінен 24-қазанына дейін Алматы қаласы арқылы жүргізілді, - дейді. Автордың көрсетуінше, Қазақстанға 20769 отбасы (98454 адам) көшірілген. Екінші кезеңде кәрістер 1938 ж. 20 ақпанындағы БК(б)П Орталық Комитетінің шешіміне сәйкес көшірілді. Онда келгендер Алматы облысы бойынша – 4774 отбасы, Қарағандыға – 6476, Батыс Қазақстанға – 500, Атырауға – 1322, Ақтөбеге 1285, Қызылордаға – 2255, Солтүстік Қазақстанға – 1500, Оңтүстік Қазақстанға – 1698, Қостанайға – 720 отбасы көшіріліп келген.
Ж.У. Қыдыралинаның зерттеуінде Батыс Қазақстанға депортацияланғандар жайында мәліметтер кездеседі. Автордың қарастыруынша соғысқа дейін және соғыс уақытында күштеп көшірілген халықтар облыс территориясына әкелініп қоныстандырылған. Олардың ішінде кәріс, неміс, татар, армян, балқар, грек, Солтүстік Кавказ ұлтының өкілдері болғандығы баяндалады. Атырау облысына 1937 ж. 21-тамызда кәрістер көшіріліп келген. Олардың саны сол кезде 36442 отбасында (171781 адам), ал қыркүйек-қазан айларында әкелінгендері 124 эшалонда Қазақстанға – 20170 отбасы (70525 адам) және Өзбекстанға – 16272 отбасы (76525 адам) келген.
1938 ж. қазан айының 8-інде Кеңес Одағы Халық Комиссарлар Кеңесінің арнайы № 1084-269 бұйрығымен: «Ғзірбайжан шекаралық аймағында тұратын ирандықтар Қазақстанға көшірілсін» деген арнайы құпия құжат дайындалған. Ол құжатты бекіткен сол кездегі Одақтың Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. Молотов болды. Соған сғйкес, 1938 ж. қараша-желтоқсан айларында Ғзірбайжаннан – 1621 ирандық отбасы Қазақстанға қоныс аударылған. Олар Қазақстанның Оңтүстік облыстары мен Алматы облысы аудандарына орналастырылуы керек болды.
1938-1939 жж. қоныс аударылып келген ирандықтар негізінен Азербайжан КСР-ның Алибайрам, Астрахан – Базар, Ярдумлин, Акжебедин, Массалы, Кориягин, Зайгилан, Ленкоран аудандарынан келген.
Кеңес өкіметі кезінде қоныс аударылған ұлттардың ішінде немістер де болды. 1939 ж. Батыс Белорус пен Батыс Украина жерінде тұратын айтарлықтай көп поляк ұлты өкілдерін қоныс аудартқан. Ол кездегі Батыс Украина жерінен – 6478, Батыс Беларус жерінен – 203 отбасы Қазақстанға көшірілді.
1926 ж. республикадағы негізгі этностар мынандай көрсеткіште болған-ды: республикада 6198467 адам өмір сүрді, оның ішінде қазақтар – 3627612 адам, орыстар – 1275055, украиндар – 860201, немістер – 51094, татарлар – 79758, өзбектер – 129399, беларустар – 25584, ұйғырлар – 63432, кғрістер – 42 адам жғне басқа ұлттың өкілдері – 86290 адамды құрады.
О.Қ. Жандосовтың көрсетуінше, 1926 ж. қазақ жеріндегі ұлттардың үлес салмағы мынандай мөлшерде болды: қазақтар – 55,6%, өзбектер – 3,6%, қарақалпақтар – 1,3%, қарақырғыздар – 0,8%, ұйғырлар – 1,1%, татарлар – 1,4%, басқа шығыс халықтары – 0,2%, орыстар – 25,3%, украиндар - 9%, басқа еуропалық халықтар – 1,67% құрады.
1939 ж. Қазақстан халқының саны 6 млн 093 мың 507 адам болып, 95 ұлттың өкілдері тұрған. Халықтың ұлттық құрамы жағынан республикада: орыстар – 2 млн 449 мың 128 (40,2%), қазақтар – 2 млн 313 мың 674 (38%), украиндар – 6566676 (10,8%), татарлар – 106943 (1,7%), өзбектер – 103240 (1,7%), кғрістер – 96903 (1,6%), немістер – 92397 (1,5%), басқа ұлт өкілдері – 275564 (4,5%) адам екен.
Республикааралық көші-қон процестерінің салдарынан халық құрамының өзгергендігі және жергілікті қазақ халқының үлес салмағы жағынан азшылыққа айналғаны ғылыми деректер негізінде айқындала түсті.
Жұмыстың «Сыртқы көші–қон» атты тараушасында шетелге ауған қазақтар жайында мәселе талданған, бұл жөнінде ғалымдар әртүрлі мәліметтер келтіреді. Мәселен, Р. Конквест Қазақстанның шекаралық аудандарынан Синь-Цзяньға (Батыс Қытай) 200 мың қазақ көшіп кетті десе, зерттеуші Ж. Талдыбаев Қытайға өткен қазақтар саны 70 мыңға жуық болғандығын айтады, ресейлік зерттеушілер Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская, И.Н. Киселев 1930-1931 жж. шетелге кеткен қазақтар санын (қайтып келгендерін шығарып тастағанда) 1,3 миллионға жеткізеді. М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Ғбілхожин, Қ.С. Алдажұманов одақтан тысқары өтіп кеткендердің саны 200 мыңдай болғандығын айтады, мұндай мғліметті қазақ диаспорасының тарихын зерттеген Г.М. Меңдіқұлова да қостайды. Б.А. Төлепбаев пен В. Осипов шетелге 500 мыңдай қазақтың көшіп кеткендігі жайлы мғлімет көрсетті. Белгілі демограф-ғалым М.Б. Тғтімов болса 165 мың қазақ одақ көлемінен шығып кетіп, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға жетті дейді. Ал осы жылдардағы Қазақстан қасіретін арнайы зерттеген Т.О. Омарбеков «шетелдерге біржолата көшіп кеткен қазақтар жалпы алғанда 100 мыңға жуық» деп көрсетеді. Сондай-ақ, Т.О. Омарбеков шетелге көшіп кеткендердің санын асыра көрсетушілердің мғліметі ашаршылықтан өлгендердің санын кемітіп көрсетуге алып келетіндігін де атап өткен. М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Ғбілхожин жғне Қ.С. Алдажұмановтардың мғліметтеріне қарағанда, 1932 ж. қазақтардан Еділ бойына 40 мың, Қырғызстанға 100 мың, Батыс Сібірге 50 мың, Қарақалпақстанға 20 мыңнан астам адам, Өзбекстан мен Тғжікстанға 45-50 мыңдай адам барған. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың еңбегінде 1932 ж. 5 мамырға дейін Батыс Сібірдің 33 ауданына 43632 қазақ көшіп барған да кейін олардың 29166-сы ғана Қазақстанға қайтқан.
Қазақ халқының туған атамекенінен Орта Азия республикаларына ауа көшуі мен босуы жайында мғліметтерді М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков жоғарыда аталған зерттеулерінде жақсы ашып көрсеткен. Авторлар 1931 ж. 5 тамызына дейін Қазақстанның тек 27 ауданынан ғана (қалған 47 ауданының мғліметтері есептелмеген) Орта Азия жеріндегі көрші республикаларға жғне Қытайға көптеген қазақ шаруалары көшіп кеткен. Оның ішінде Өзбекстанға – 3436, Түркменстанға – 7371, Тғжікстанға – 1767, Қырғызстанға – 1031, Қарақалпақстанға – 2355, Қытайға – 563 қожалық көшкен. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Мғскеу, Ленинград, Орал, Башқұртстан, Төменгі Еділ бойы, Батыс Сібір, Днепропетровск облыстарына Қазақстаннан 230 адам кері көшкен. Олардың арасында ерлер – 123, ғйелдер – 127 адам болған. Сыртқы көші-қонда шетке қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдері де болғандығын байқаймыз.
1934 ж. Қазақстанға келгендерден кері қайтқандар да болды. Аталған жылда 6089 адам қоныс аударылып келіп, 9211-і кері қайтқан. Осы жылдары келгендердің ғлеуметтік жағдайында мынандай топтар болды: жұмысшылар, құрылысшылар, қара жұмысшылар, метал қорытушылар, кіші қызмет көрсетушілер, оқушылар, үй шаруасындағы ғйелдер, 16 жасқа дейінгі жастар тағы басқалары бар.
1937 ж. Кеңес Одағынан Қазақстанға 83314 адам келіп, 45791 адам кері қайтқан. Демек, кеңестік басшылар көші-қон қозғалысын одақ көлемінде қадағалап отырғандығы байқалады. Ал, 1938 жылы көші-қон қозғалысында Одақ бойынша 282410 адам көшіп келіп, олардың 137639 адамы кері кеткен. 1939 ж. Алматы қаласына РСФСР-дың түкпір-түкпірінен жғне Беларуссия, Украина, Ғзірбайжан, Грузин, Армян, Түрікмен, Өзбек, Тғжік, Қырғыз ССР-ның жерлерінен, оның ішінде қалалардан – 20888, ауылдардан – 21762, белгісіз – 5416, барлығы – 48066 адам келген. Олардан кері қайтқаны 30980 адамды құрады [17].
Сыртқы көші-қонның салдарынан қазақ халқы өзге ұлттармен салыстырғанда азайған. Мұндай жағдайға әкелген кеңестік жүйе басшылығының қолдан жасаған ұжымдастыру, тәркілеу сияқты науқандарының нәтижесі болғандығы көрсетілді.
«Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көші-қон (1939-1945 жж.)» деп аталатын екінші тарауда сол жылдарда халықтарды күштеп көшірілген, эвакуация, депортацияға байланысты көші-қон қозғалысы және бұл мәселелердің тарихнамалық деңгейі қарастырылды.
«Күштеп көшірілген халықтар тарихының зерттелуі» атты тараушасында соғыс жылдарындағы көші-қон қозғалысын қарастырған авторлардың еңбектері талданған Ф.Н. Базанованың көрсетуінше, эвакуацияланғандардың алғашқы толқыны 1941 ж. 7 шілдеде эшелонмен 15206 адам Мғскеу, Ленинград, Украина, Беларуссия жғне Балтық жағалауындағы елдерден көшіріліп келді. 1941 ж. тамыз айынан 1942 ж. қаңтарына дейін 386492 адам қоныстанғандығы жайында, сондай-ақ, 1942 ж. қаңтары мен маусым айлары аралығында 31911 адам қоныс аударылған бірінші кезең десе, екінші кезеңі 1942 ж. тамызынан басталғанда Қазақстанға Воронеж, Сталинград, Ворошиловград, Ростов облыстары мен Солтүстік Кавказ жерлерінен халықтар ғкелінген. Ал, 1943 ж. 1 шілдеде эвакуация жалғасып, республикаға 532506 адам қоныстанды. Олардың Алматы (17,3%), Жамбыл (10,8%), Оңтүстік Қазақстан (9,6%), Қызылорда (8,9%), облыстарына барлығы – 46,6%-ы Оңтүстік облыстарға қоныстанса, солтүстікке – 11,9% орналасты. Келгендердің 35,4% қалаларға тұрақтаса, 64,6% ауылды жерлерге қоныстанды. Зерттеушінің еңбегі Кеңестік дғуірдегі соңғы жылдарында жарық көргендіктен, қоныс аударылғандардың ұлттық құрамға ғкелген өзгерістері мен жалпы демографиялық ахуалға тигізген ғсерін толық қарастырудан атүсті айналып өтіп, оның орнына ағайынды республикалардың бір-біріне көмегі, қамқорлығы сияқты мғселелерді көтеріп, Кеңестік жүйенің ұлт саясаты экономикалық қажеттіліктерден туды деген ескі ұғым негізінде жазған. Ал, шындығында ұлт саясатын жүргізуде тоталитарлық жүйе адам құқықтарын аяққа басып, қуғын-сүргінге ұшыратқандығы жайлы мғлімет келтірмейді.
Қазақстан Республикасына көші-қон процестерінің нғтижесінде келген түріктер туралы сол ұлттың өкілі Т.А. Курдаев еңбек жазды. Түрік халқының ішінен шыққан ғалым-дғрігер өз ұлтының тарихи тағдырына назар аударып, оны жазып шығуды азаматтық парыз деп білген сияқты. Автор өзі қудаланып келген түріктердің ішінде бір кезде сғби болған. Ол көрген-білгенін, көкірегіне түйгенін, үлкендерінен естігенін жинақтап, еңбек етіп шығарған.
Осындай көші-қондық процеске тартылған ұлттардың бірі – шешендер мен ингуштер. Қазақстандағы шешен жғне ингуштар туралы еңбек жазған М.Ю. Джургаевтың естелік кітабы бар. Онда автор оқиғаны өз басынан өткергендігі жғне Темлаг лагерінде отырып, тағдыр тауқыметін көргендігін баяндаған. Автор бұл еңбегінде шешен-ингуш халқының көрген қорлығы мен тоталитарлық режимнің адам құқықтарын аяқ асты еткен өрескел іс-ғрекеттерін жазған. М.Ю. Джургаевтың өзі Қазақстанға қоныс аударылып келгенде, Талдықорған облысының эвакуациялық қоныс аудару мекемесінде қызмет істеген.
Тарихшы-демограф А.И. Құдайбергенованың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы көші-қон процесі» деп аталатын ғылыми мақаласында автор көптеген мғселелерді қарастырған. Қазақстан жеріндегі алып ГУЛАГ жүйесінің КАРЛАГ, Далалық Лагерь тағы басқа жерлердегі тұтқындар саны да соғыс жылдары күрт өсіп отырды, - дейді де, мынандай мғліметтер келтіреді. Қарағанды облысының Долинское селосында орналасқан КАРЛАГ-та 1941 ж. 33747, 1942 ж. 42582, 1942 ж. 1 сғуірінде 41019, 1943 жылы 45798, 1945 жылы 5394 тұтқын ұсталған, - деп нақты деректер көрсетеді. Демек, автор жалпы алғанда, Ұлы Отан соғысы жылдары туудың азаюымен бірге, өлім-жітім өсіп, халықтың табиғи өсімі төмендеді, ауыл халқының саны азайып, қала халқының саны анағұрлым артты. Осы жылдардағы көші-қон республика халқының полиэтникалық сипатын өзгертуде тереңдете түсті, - деген дғлелді тұжырымдар жасаған.
Соғыс жылдарындағы көші-қон жайында жазылған А. Есимованың мақаласында Қазақстан демографиялық жағдайы баяндалады. Автор соғыс жағдайында эвакуацияланғандардың 40% 4 облысқа бөлінді дейді. Олар: Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары еді. Ғалымның зерттеуі бойынша, республикаға келген шешен, ингуш, татар, қарашай, балқар, еврей, ғзірбайжан, түрік тағы басқаларының үлес салмағының көбеюіне байланысты жергілікті жерлерде қазақ халқының үлес салмағы азая түскендігін атаған. Демек, автор бірқатар мғселелерді көтерген. Сонымен, ізденушінің өзі бұл еңбекте көші-қон толқыны жүрген уақыттарда кейбір мғліметтер толық еместігін айтады. Бірақ, мұрағат деректері мен санақтарда өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп көшіріліп, ұлттық құрамға ғсерін тигізгендігі сөзсіз, - дейді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көші-қон эвакуация, депортация, ревакуация, репрессия секілді іс-шаралармен тығыз байланыста жүргендігі тарихнамалық зерттеулерді салыстырмалы талдау нәтижесінде анықтала түсті.
«Көші-қонның себептері мен салдары» деген тараушасында Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі мобилизация мен демобилизация, өнеркғсіп орындарымен бірге халықтың эвакуациясы, реэвакуациясы, депортация, екпінді құрылыстарға негізделген көші-қон, еңбек армиясына алды, тағы басқа көші-қон толқындары қарастырылған.
Қазақстанға мұрағат деректеріне қарағанда, 1940 ж. республикааралық көші-қон бойынша Кеңес Одағының жері аз республикаларынан 13264 шаруашылық отбасы көшіріліп келді. 1940 ж. Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне қарасты қоныс аударту бөлімінің қорытынды есебі бойынша, Солтүстік жғне Шығыс Қазақстанның 6 облысына 25 мың шаруашылық отбасы көшірілуі тиіс болса, Оңтүстік Қазақстан облысына 900 отбасы келуі жоспарланған. Нәтижесінде 19293 шаруашылық отбасы көшіріліп келді.
1941-1943 жж. көші-қон қозғалысы Қазақстанда жалғаса түсті. Осы аталған жылдарда барлығы – 484149 адам эвакуацияланды. Олардың 1943 ж. қайдан келгендігі мұрағат деректерінде көрсетілген.
1943 ж. Талдықорған облысына «арнайы қоныс аударылғандар» туралы 24 сғуірде берілген мғлімет бар. Онда облыс территориясына көші-қон процесінде эвакуацияланғандардың 6212 отбасы (23853 адамы) келгені жғне олардың 3577 отбасында 8210 еңбекке жарамды адамдары колхоздарға орналастырылған. Сөйтіп, олар қызу еңбекке араласып кеткендігі жайында дерек кездеседі.
1943 ж. 12 қазанда Кеңес Одағының Жоғары Кеңес Төралқасы шешімімен Қарашай Автономиялық облысы таратылып, 14 қазанда Саяси бюроның жасырын шешімімен, қарашайларды көшіру туралы шешім қабылданды. Автономиялық облыстан 14774 отбасы (69267 адам) қуғындалып, олардан Жамбыл жғне Оңтүстік Қазақстан облыстарына 11711 отбасы (45529 адам) қоныстанса, Қырғызстанға – 5790 отбасы (23300 адам), Өзбекстанға – 95 отбасы (353 адам) қоныс тепті.
1943 ж. БК(б)П Орталық комитетінің шешімімен Солтүстік Кавказ, Қалмақ АКСР және Грузия АКСР-нің территорияларынан Қазақстанға тұрақты тұруға халықтар арнайы қоныс аударылды. 1943 ж. күзде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам), 1944 ж. көктемде шешен-ингуштар 89501 отбасы (406375 адам) балқарлар – 4660 отбасы (21150 адам), қалмақтар – 648 отбасы (2268 адам), Қырымнан – 1268 отбасы (27657 адам), барлығы – 6296 отбасы (507480 адам) келген. Бұлар республика бойынша 151 ауданға және 16 қалаға орналасты.
1943 ж. 28 қазанында қалмақтар елдің шығыс, солтүстік аудандарына жғне Оралға жер аударылды. Қысқа мерзім ішінде 99252 адам көшіріліп, оның 2268-і Қызылорда облысына қоныстандырылды.
1944 ж. 7-наурыздағы Жоғарғы Кеңестің «Шешен-ингуш автономиялық республикасын жою және оның территориясының әкімшілік құрылымы туралы» қаулысымен шешен және ингуш халқы өз жерінен қуылды. Мұнан соң, балқар халқы да көшіріліп, туған жерінен айырылды. Оған Кеңес Одағы Жоғары Кеңесінің 1944 ж. 8 сәуірдегі «Кабардин-Балқар республикасында тұратын балқарларды көшірту, Кабардин-Балқар республикасын Кабардин автономиялық республикасы деп қайта өзгерту туралы» қаулысы негіз болды.
1944 ж. 17 қарашасында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1945 ж. 26 сәуірдегі «Солтүстік Кавказдан қоныс аударылғандарды шаруашылыққа орналастыру» туралы қаулысы шықты. 1944-1945 жж. Талдықорған облысына шешен-ингуш және балқарлардан 6031 отбасы (22598 адам) көшіріліп, 10 ауданға шашыратылып орналастырылды. 1944 ж. наурызында келгеннен бастап арнайы қоныстанушылар 1946 ж. шілдесіне дейінгі аралықта ажырап қалған отбасыларын және өлім-жітімнен отбасылары 5839-ға, адамдары – 20787-ге қысқарған.
1944 ж. Қазақстан территориясында арнайы қоныс аударушы 12342 отбасы (45500 адам) қарашайлар орналасты. Олардан Оңтүстік Қазақстан облысында 6643 отбасы (25216 адам), Жамбыл облысында 5699 отбасы (20285 адам) тұрақтады. Арнайы қоныс аударушыларды қамтамасыз ету үшін 24 комендатура тағайындалып, оның 13 комендатурасы Оңтүстік Қазақстанда жғне 11 Жамбыл облысында болды. Қоныс аударылып келген қарашайлар колхоздарға орналастырылып, олар негізінен ауыл шаруашылығын дамытуда жұмыс істеді
Осы мезгілде Солтүстік Кавказдағы шешен жғне ингуш халықтарын көшіру ісі де ойластырылып жатты. Бұл туралы 1944 ж. 31 қаңтарында шешім шығарылып, ол өте құпия сақталды. Оларды қазақ жғне қырғыз жерлеріне көшіру 1944 ж. 21 ақпанында басталды. Көшіру ісі аяқталуға бір күн қалғанда, 7 наурыз 1944 ж. Шешен-Ингуш АССР-ін жою туралы Кеңес Одағы Жоғары Төралқасының жарлығы шығады. Мұрағат құжаттарына қарағанда, 1945 ж. қазан айына дейін республикаға 406375 шешен жғне ингуш халықтарының өкілдері көшіріліп келген.
1945 ж. 1 қаңтарда келгендер саны – 112311 отбасы (462120 адам) болды да, олар колхоздар мен кәсіпорындарға бөлінді.
1945 ж. ортасында 6125 отбасы (25304 адам) келсе, 75233 отбасы (75233 адам) кері көшіп кеткен және 13218 адам өлген. Ал, 1946 ж. 1 қаңтарда республикада 107272 отбасы (412191 адам) қоныс аударып келсе, соның ішінде Солтүстік Кавказдан 10089 отбасы (384289 адам) және Грузиядан 6422 отбасы (27902 адам) облыстар бойынша мынандай сандық көрсеткіште орналастырылды [18].
Тарихи деректер негізінде Қазақстанның этнодемографиялық құрамына өзгерістер соғыс жағдайында күштеп келтірілген шешен-ингуш, балқар, қарашай, поляк, неміс, түрік және тағы басқа халықтардың келуінен қалыптасқандығы анықталды.
«Көші-қонның этнодемографияға тигізген әсері» атты тараушада Екінші дүниежүзілік соғыс република халқының этнодемографиялық құрамына үлкен әсерін тигізді. Мәселен, 1940 ж. Орталық Комитет пен ХКК-нің арнайы шешімі шығарылып, Қазақстанның кең өлкелері солтүстік және шығыс аудандарына 25 мың шаруашылықты көшірді. 1940 ж. тамыз айында Қазақстанға 19408 шаруашылық (90007 адам) көшіріліп келді. Олардың 17006 адамы Ақмола обылысына орналастырылса, Шығыс Қазақстан жеріне 7445 адам қоныстандырылды. Ал, Қостанай - 21079, Павлодар – 16646, Солтүстік Қазақстан – 19601, Семей – 3340, Жамбыл – 1567, Алматы облысына 3323 адам келді. Сөйтіп, Қазақстан халқының құрамын одан ары көпұлттандыру соғыс жылдарында да, соғыстан кейінгі жылдарда да жүре берді. Бірақ жергілікті ұлт өкілдерінің емес, сырттан келгендердің үлесі арта түсті.
1941 ж. республикада 110 мың адам келгендігі тіркелген. Жоспарлы түрде ұйымдастырылғандардан 13263 және өз бетімен қоныс аударып келгендерден 10997 отбасы келді. Осы жылы Украинадан - 6478 отбасы, Беларуссия - 203, Воронеж – 1142, Курск – 1415, Рязань – 574 отбасы қоныс аударылып келсе, автономиялы обылыстар Татарстаннан – 917, Чувашия – 876, Молдавия – 591 отбасы және Кеңес Одағының басқа аймақтарынан – 1068 отбасы қоныс аударылып келген. Осы аталған жылда республикаға 161232 адам Кеңес Одағының 32 географиялық аудандарынан көшіріліп орналастырылды.
1941 ж. 1 тамызда соғыс жағдайына байланысты эвакуацияланып келгендердің саны 15206 адам болды. Бұлардың көпшілігі Мәскеу, Ленинград, Беларуссия және Балтық жағалауы елдерінен еді. Одан кейінгі уақытта 1941 ж. тамызынан 1942 ж. аралығында 3386 492 адам келген. 1942 ж. бірінші жарты жылдығы өте қарқынды эвакуацияланғандардың екінші толқыны келді. Бұлардың көпшілігі Воронеж, Сталинград, Ворошиловград, Ростов және Солтүстік Кавказдан болды. 1943 ж. 1 шілдеде республикаға 532506 адам эвакуацияланды. Олардың айтарлықтай бөлігі Алматы обылысына – 17,3% Жамбыл – 10,8% Оңтүстік Қазақстан – 9,6% Қызылорда – 8,9% барлығы – 46,6% эвакуацияланғандардың 11,9% оңтүстік және солтүстік облыстарға қоныстанса, соның ішінде 35,4% қалаларға орналастырылды, ал 64,6% ауылды жерлерге шашыратылып қоныстандырылды.
1942 ж. 1 қаңтарда республикаға жоспарланған 722 мың эвакуацияланушылар мен 479 мың қоныс аударушы немістердің орынына 386492 адам эвакуацияланып, 102533 поляктар мен 361244 немістер қоныс аударылды. Осы көші-қонда келгендер Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды. Соның ішінде басым көпшілігі – 533140 адам, яғни 62,7 екі аймаққа мынандай көрсеткіште орналастырылды: Оңтүстікке 273548 адам, 30,5 бөлінді. Оның ішінде обылыстарға төмендегідей орналасты: Оңтүстік Қазақстан – 93984 адам, яғни 11,05%; Жамбыл – 70696 адам – 8,3%; Алматы – 63557 – 7,5%; Қызылорда – 41446 – 4,9%; Алматы қаласы – 3805 – 0,45%; Ақмолада – 99583 – 11,7%; Солтүстік – 86060 – 10,1%; Павлодар – 73949 – 8,7%. Көші-қонның үштен бірінен астамы (37,3%) Батыс, Шығыс (113870 – 13,5%) және Орталық аймақтарға келді. Бұл аймақтардың осы көші-қондағы үлесі мынандай болды: Қостанай – 74993 адам – 8,8% ; Батыс Қазақстан – 37182 – 4,4%; Ақтөбе – 34115 – 4,0%; Гурьев – 9278 – 1,1%; Семей – 73838 – 8,7%; Шығыс Қазақстан – 45035 – 5,3%; Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Семей облыстарына орналасса, поляктардың көбі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды.
1943 жылдың жазына дейін Қазақстанға барлығы 532506 адам эвакуацияланды. Осы уақыт ішінде басқа республикаларға көшкені, Қызыл ғскер қатарына шақырылғаны жғне сол сияқты себептермен 66351 адам республикадан кетті. 1943 жылдың 1 маусымына қарай эвакуацияланғандардың 466155 адамы қалып, олардың 301063-і (64,6%) ауылдық жерлерге, 165092 (35,4%) қалаларға орналасты.
1943-1944 жылдары депортациялық күштеу саясатымен Солтүстік Кавказ халықтары қудаланды. 1943 жылы 14 қазандағы № 342 ХКК-нің шешімі бойынша Жамбыл жғне Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлеріне 11 мың қарашай жғне балқар отбасы қоныстандырылды. Осындай қудалау науқанында 1943 жылы 28 қазанда қалмақтар да көшірілген. Олар негізінен Қызылорда облысына орналастырылды да, саны 2268 адамға жетті.
1943 жылдың қазанынан 1945 жылдың 1 қаңтарына дейін республикаға 504431 адам қарашай, балқар, шешен, ингуш, қалмақ, түрік, грек, поляк, күрд, ирандық, ассириялық ұлт өкілдері көшіріліп келген. Арнайы қоныс аударылғандар 14 облыстың 145 ауданына қоныстандырылып, колхоздарда – 68969 отбасы, совхоздарда – 11377 отбасы, өндірістерде – 31247 отбасы тұрды. Яғни, көші-қон қозғалысы соғыс уақытында да мақсатты түрде, мғжбүрлеп көшірумен сипат алды. Мұндай демографиялық процестер республиканың ұлттық құрамын жылдан-жылға өзгерте түсті.
«Соғыстан кейінгі кездегі демографиялық ахуал (1946-1959 жж.)» деп аталатын үшінші тарауда республиканың ұлттық құрамына өзгерістер әкелген көші-қонның зерттелуі, оның барысы мен нәтижелері және көші-қонға қатысты құқықтық жағдай көрсетілді.
Тараудың «Соғыстан кейінгі көші-қон қозғалысының зерттелуі» тараушасында Қазақстан халқының құрамын соғыстан кейінгі көші-қон процестері одан әрі көп ұлттандыра түскендігі көрсетілген. Бұл жайында М.Х. Асылбеков пен Х.М. Әбжановтың бірлесіп мақала жазған. Авторлардың зерттеуі бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі азайып, сырттан келгендердің үлесі арта түсті.
А.И. Құдайбергенованың еңбегінде қазақ жеріне қоныстанғандардың ұлттық құрамға әсері және олардың саны туралы нақты мәліметтер келтірілген. Мәселен, 1946 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасында 107272 отбасы немесе 412191 адам қоныстанушы тіркелген. Автордың көрсетуінше, материалдық және тұрмыстық жағдайларының адам төзгісіз болуы және олардың қоныс аударған жерлерге қиындықпен көндігуі қоныс аударушылардың, ерекше Солтүстік Кавказдықтар, Қырымнан келгендер, қалмақтар, түрік-месхеттер арасында адамдардың есепсіз өлуіне жол берді, - дейді.
Соғыстан кейінгі жылдардағы арнайы қоныс аударушылар мәселесін зерттеген ресейлік ғалым В.Н. Земсков осы кезде арнайы қоныстанушылар әртүрлі себептермен ерікті адамдар қатарына босатыла бастады дейді. Мәселен, 1946 ж. Қазақстаннан басқа республикаларға 28105 адам жіберілсе, Польшаға Қазақстан территориясында тұрған 40 мың поляк қайтарылды деген мәліметтер келтірген.
М.М. Сужиков пен Г.Д. Демаков тың игеру жылдарынан кейін республикада қазақтардың үлес салмағының кемуі шарықтау шегіне жеткенін көші-қондық процестердің ықпалымен байланыстырмайды. Керісінше еуропалық аудандардан тұрғындардың қоныс аударуы жұмысшы табы мен интеллигенцияның санын ғана арттырып қоймай, жергілікті тұрғындардың біліктілігін көтеруде және ұлттық жұмысшы кадрлар мен интеллигенцияны қалыптастыруда маңызды әлеуметтік құрал қызметін атқарды, - дейді. Әрине, авторлардың бұл еңбегі Кеңестік кезеңде жарық көргеннен кейін, қоғамда үстемдік құрған идеологияға сәйкес жазылғандығы байқалады.
Ф. Михайлов пен И.Ш. Шамшатов өз еңбектерінде тың игеру кезіндегі көші-қон мәселесін қарастырған. Олар 1954 ж. наурыз айында Қазақстанға Украина, РСФСР және басқа да одақтас республикалардан 14200 комсомол жастар келді, - дейді. Келгендердің құрамында тракторшы, бригадир, слесарь, токарь, шофер, комбайншы, механик, тағы басқа мамандық иелері болған. Арнайы жолдамалармен көптеген комсомол жастардан 9,5 мың адам тың өлкесіне жіберілсе, Алматыға 2,4 мың адам әкелінді. Көші-қон толқынында еріктілердің де саны көбейе түскен. Мәселен, 1955 ж. соңына дейін 75700 жас жігіттер мен қыздар әкелінген. Ал, Қазақстан өкіметі бұл өлкеге 7 мың адамды жөнелткен дейді. Яғни, ғалымдар тың мәселесін арнайы зерттегендігі байқалады. Бірақ, еңбек Кеңес дәуірінде жарыққа шыққандықтан, сол уақыттағы ұстанымдарға сәйкес жазылған. Мысалы, онда тың игеру және шаруашылық жағы көп айтылады да, оның ұлттық құрамға, демографиялық жағдайға тигізген теріс факторлары қарастырылмайды. Дегенмен де, бұл зерттеушілердің еңбегінен сол тұстағы келгендердің саны және қай жақтан көші-қон толқынымен келгені аздап болса да айтылады. Сондықтан, ғалымдардың бұл жұмысы тарихнамада қолданыста болатыны сөзсіз.
Қ.С. Қаражановтың «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: нәтижелері мен салдарлары» атты мақаласында әлі де болса толық бағасын алмаған күрделі мәселелердің бірі деп, осы тың мәселесінің күнгейі мен көлеңкесін анықтауға арнайы тоқталған. Ғалымның көрсетуінше, тың игеру тарихы сол кездегі идеологияға сай асыра бағаланып, бір жақты, тек жағымды жақтардан қаралғаны мәлім, - дейді.
Осы аталған кезеңге байланысты тарихшы-демограф ғалым А.И. Құдайбергенова 1955 жылы Қытайдан Қазақстанға қоныс аударылғандардың саны 240 мыңнан асты деген мәліметті мұрағат деректеріне сүйене отырып дәлелді көрсете білген.
Соғыстан кейінгі уақыттағы көші-қонның өз алдына ерекшелігі бар. Мәселен, соғыс аяқталса да Қазақстанға көшіріліп келген арнайы қоныс аударылған ұлттар болды. Сондай-ақ, тың игерумен байланысты көші-қон толқыны жүргендігі көрсетілді.
«Көші–қон және ұлттық құрамдағы өзгерістер» деп аталатын тараушада 1946 ж. 1 қаңтарда ҚазССР Министрлер Кеңесі жанындағы Көшіру-қоныстандыру бөлімінің бастығы Д. Родиннің жасаған баяндамасында Республикаға арнайы қоныс аударылғандар ретінде 107272 отбасы (412 191 адам) тіркелгендігін айтылған. 1946 ж. ішінде арнайы қоныс аударылғандардың саны өзгеріп отырды. Мәселен, 5955 отбасы (23362 адам) келіп, 7135 отббасы (33102 адам) кеткен. Ал, өлгендер саны – 7271 адам деп көрсеткен.
1947 ж. 1-қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы арнайы қоныстанушылардың ұлттық құрамы төмендегідей болды: шешен-ингуштар 32650 отбасы немесе 317375 адам, балқарлар 4924 отбасы немесе 17269, қарашайлар 9450 отбасы немесе 34387 адам, қалмақтар 752 отбасы немесе 1937 адам, Грузиядан 6835 отбасы немесе 27256 адам, бұрынғы Қырым АССР-нан 1431 отбасы немесе 4227 адам – барлығы 402451 адам немесе 106092 отбасы.
1948 ж. Қазақстанға Украина, Мәскеу, Ленинград, Ордженикидзе, Ферғана, Саратов тағы басқа жақтардан 192 адам әкелінді. Олардың ішінде орыс, украин, поляк, татар, балгар, неміс, грек, беларус, латыш, венгер, ингуш, қазақ, кәріс, эстон, еврей ұлтының өкілдері болды. Осы жылы бұрын қудаланып келген 102537 поляк адамдары атамекендеріне қайтарылды.
Мұрағат деректеріне қарағанда республикада 1949 ж. шешен-ингуштердің саны көп болған. Олар облыстарда барлығы – 11007 отбасы 37386 адам деп көрсетілсе, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы П.К. Понамаренконың атына жолданған есеп беру мәліметтерінде 1949 ж. 1 қыркүйегінде республикада арнайы қоныстанушылардың 250428 отбасы (892671 адам) тұрды. Осы аталған арнайы қоныс аударушылардың ішінде шешен-ингуштар – 306994 адам, немістер – 417478, гректер – 37108, қарашайлар – 33783, балқарлар – 17856, поляктар – 32652, қалмақтар – 2269, Грузиядан көшірілгендер – 29832, Қырымнан – 6149, власовшылдар – 1077, оуновецтер – 7474, литвалық – 2 адам тіркелді.
Қазақстандағы тың игеруге байланысты 1954 ж. 27 ақпанында Украинадан комсомолдар тобы Қостанайға келді. Одан кейін наурыз айында Мәскеу және Украинадан 4000 мыңнан астам еріктілер келіп, 6691 адамды құрады.
Мұрағат қорларында сақталған деректерге қарағанда, 1954 ж. 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында 30272 арнайы қоныстанушы тіркелген. Яғни, бұлар соғыс уақытында қуғындалып келген арнайы қоныстанушылар екендігі байқалады.
1954 ж. 20 желтоқсанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 915 қаулысы бойынша, Украинадан 2000 отбасы, Беларусиядан 1000 отбасы қоныс аударылып келеді деп күтілді. Бірақ, іс жүзінде Украинадан 1790, Беларусиядан 1100 отбасы және ішкі көші-қонда 455 отбасы келді. Демек, бұл көші-қон қозғалысына тартылғандар тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында келген сияқты болып көрінгенімен түпкі мақсат орыстандыру екендігінде күмән жоқ.
1955 ж. соңында Көкшетау облысының Көшіру-қоныстандыру бөліміне жолдаған өкімет адамдарының түсініктеме хатында 1954 ж. облысқа 1581 отбасы (6752 адам) қабылданған.
1955 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Көшіру-қоныстандыру бөлімінің Орталық партия Комитетіне жолдаған түсініктеме хатында облысқа Беларусиядан 1180 отбасы, Украинадан – 89 отбасы, ішкі көші-қонда 312 отбасы әкелінгенін баяндаған. Яғни, бұл көші-қон толқынында келгендер соғыстан кейінгі уақыттағы республика шаруашылығын қалпына келтіруге және тың игеруге байланысты көшірілгендер еді.
Арнайы қоныстанушылардың Алматы облысындағы жағдайы бойынша мынандай деректер бар: 1955 ж. 1 қаңтарда Алматы облысында арнайы қоныстанушылар 34563 адам болған.
1955 ж. 20 мамырда Семей облысындағы арнайы қоныстанушыларды анықтау кезінде облыс бойынша 30573 адам болды. Соның ішінде шешендер – 10453, немістер – 19890, басқалары – 230 адам екен. Мұндай деректерге қарағанда Қазақстанның әр облысына жоспарлы ретпен көші – қон толқыны келгендігі байқалады.
1955 ж. 1 қыркүйекте Ақмола облысында 68409 адам арнайы қоныстанушылар болса, олардың 20854-і шешен-ингуштер, басқалары – 7047 адам екендігі анықталған. Арнайы қоныстанушыларды өкімет адамдары өте қатты қадағалаған.
1955 ж. 6 қыркүйекте Қостанай обылысы бойынша 44072 адам арнайы қоныстанушы ретінде тіркелген, оның ішінде 15700 адамы Солтүстік Кавказдықтар болған. Ал, осы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 62632 арнайы қоныстанушы тұратындығы белгілі болған.
1955 ж. 20 қыркүйегінде Атырау облысында 5154 адам арнайы қоныс аударылғандар есебінде тіркелген. 1956 ж. Батыс Қазақстан облысында қоныстанушылар саны 1302 отбасын құрады. Олардың ішінде 1954 ж. 5960 отбасы қабылданған. 1955 ж. Украинадан – 111 отбасы, Беларусиядан – 86 отбасы, ішкі – көші қонда 468 отбасы, 1954 ж. басқа республикалардан – 585 отбасы көшіріліп қоныстандырылды. 1956 ж. бұлардан 396 отбасы сыртқа көшкен.
1958 ж. басқа жерден келгендер облыстар бойынша былайша орналасқан: Алматы – 500 отбасы, Ақмола – 1650, Ақтөбе – 1200, Шығыс Қазақстан – 1000, Атырау – 400, Жамбыл – 1400, Батыс Қазақстан – 900, Қарағанды – 1050, Қызылорда – 200, Көкшетау – 750, Қостанай – 230, Павлодар – 1050, Солтүстік Қазақстан – 1600, Семей – 900, Талдықорған – 300, Оңтүстік Қазақстан – 3500 отбасы әкелінді, барлығы – 18700 отбасы болды.
Көшіру-қоныстандыру бөлімінің мұрағат қорында сақталған деректерінде 1959-ж. 1-мамыр күніне дейін Қазақстанның облыстарына Украинадан, Беларуссиядан, Молдавияда

н, Литвадан, сондай-ақ, Қазақстанның өз ішінен барлығы 13716 отбасы көшіріліп келген.


1954 ж. Кеңес Одағының Министрлер Кеңесінің 16 сәуірдегі № 751-329 сс бұйрығымен Қытай Халық Республикасынан маусым-тамыз айларында «кеңес азаматтарын» тың игеруге көшіру туралы қаулы қабылданды. Соған сәйкес 1954-1955 жж. Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға 11945 отбасы (65564 адам) кешіріліп келді. Олардан колхоздарға 3513 отбасы және совхоздарға 8432 отбасы орналастырылды. Осы тұста Қазақстан Орталық партия Комитеті қызметкерлерінің анықтауынша республиканың 9 облысына (Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей және Талдықорған) орналастырылып, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етілген.
1957 ж. Қытай Халық Республикасынан келгендер саны мұрағат деректерінде кездеседі. Мәселен, осы жылы Қазақстанның облыстарына барлығы – 18500 отбасы көшіріліп келді. Демек, Қытай Халық Республикасынан көші-қон толқыны жылма-жыл келгендігін байқаймыз.
1959 ж. Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға әр облыстар бойынша шашыратып орналастырғанда 6680 отбасы (37998 адам) келді. Яғни, мұрағат деректеріне қарағанда, 1953-1958 жж. аралығында Қазақстанға 82225 отбасы келіп, 13792 отбасы кері көшкен [19].
1959 ж. Бүкілодақтық халық санағында көп ұлтты республикаға айналған Қазақстандағы ұлттардың сандық көрсеткіші мынандай болды: беларустар – 107463, украиндар – 163131, кәрістер – 74019, поляктар – 53102, әзірбайжандар – 38562, мордвалар – 14844, армяндар – 9204, күрдтер – 6109, грузиндер – 3467, дағыстандар – 3254, қытайлар – 3158 және тағы басқа ұлт өкілдерінің көп сандық мөлшерде қазақ жерінде болуы кеңес өкіметінің жүргізген ұлт саясатына байланысты болды. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының ұлттық құрамы айтарлықтай өзгеріп, демографиялық ахуалы сандық және ұлттар арасындағы үлес салмағында айырмашылықтар байқалды.
«Көшірілген халықтардың құқықтық жағдайы» деген тараушасында 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон қозғалысы кеңес өкіметінің ұстанған ұлт саясатымен тікелей байланысты болғаны көрсетілген. Қуғындалған халықтардың ішінде түрлі этникалық топтар, әлеуметтік жіктер, тұтастай ұлттар бар еді. Бұлардың барлығы дерлік тоталитарлық режим тарапынан қудалауға ұшыратылып, құқықтық жағдайлары аяқ асты етілді.
Қазақстанға жер аударылғандардың тұрмыстық тіршілігін жаңа қоныстанған жерлерінде Ішкі істер министрлігінің (ІІХК) арнайы комендатуралары бақылауға алып, тексеріп, отырды. Сондықтан, айырылып қалған туысқандарымен табысу, емделу және тағы басқа жағдайларда қоныстанушылар үнемі комендатураның рұқсатын алуға мәжбүр болды. Олар тұрағының және жұмыс орнының ауысуы жайлы да үш күн ішінде комендатураға хабарлауы тиіс болды.
Орналасқан жерлерінде көшірілгендердің саяси құқықтық жағдайы өте ауыр еді. Олар ешқайда кетуге еркі болмады. Мәселен, Кеңес Одағы Жоғары Кеңесінің Төралқасының 1948 ж. 28 қарашадағы «Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының шалғай аудандарына міндетті қоныс аударылғандардың барған жерлерінен қашып кетулеріне байланысты қылмыстық жауапкершілік жағдайы» жарлығында былай деп көрсетілген: «Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің белгілеген шалғай аудандарға міндетті түрде қоныс аударылған қалмақтардың, немістердің, қырым татарларының барған жерлерінде тұру мерзімі көрсетілмеген, себебі олар сол жерден енді қайтпай, онда тұрақты тұратын болады».
Кеңес Одағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Министрлігінің 1951 ж. 25 қазандағы № 00776 бұйрығында көрсетілгендей Жоғары Кеңес Төралқасының 1951 ж. 9 қазандағы нұсқауы бойынша күштеп көшірілгендердің, яғни, неміс, шешен, қалмақ, қарашай, түрік, грек, қырым татарлары және басқаларының көшірту нәтижесінде қоныстанған жерлерінде мәңгілік қалдырылатыны, сондай-ақ, күштеп көшірілгендердің жұмыс істейтіндері кәсіпорын құрылыс аяқталғанға дейін, одан соң басқа да осындай жұмыстарға қалдырылатыны ашық айтылған.
Сталиндік жаппай қыру (террор) құрбандарын ақтау ісімен ресми органдар 1953 ж. бері айналысып келеді. Бірақ бұл процесс саябыр тартты да ақтау ісі жазықсыз жазаланғандар мен олардың туыстарының жеке өтініштері бойынша ғана жүзеге асты.
1954 ж. 5 шілдесінде Одақтағы Орталық партия Комитеті «Арнайы қонысаударылғандардың құқықтық жағдайындағы кейбір шектеулерді алып тастау» туралы және 1955 ж. 29 маусымында «Арнайы қоныс аударылғандар арасында жаппай үгіт-насихат жұмысын күшейту» жөнінде қаулылар қабылданды. Міне, осындай шектеулер алынғаннан кейін Ақмола обылысынан 4149 адам сыртқа көшіп кеткен. Яғни, кеңестік жүйенің тоталитарлық режимімен қудаланып, қатаң бақылауда ұсталғандардың отандарына оралуына бірқатар жағдайлар жасала бастағандықтан олар сыртқы көші-қондағы қозғалысқа тартылды.
1955 ж. 13 желтоқсанда немістердің және олардың отбасыларына құқықтық бостандық берілді. 1956 ж. 28 сәуіріндегі Кеңес Одағы Жоғары Кеңесінің Төралқасы қаулысында жер аударылып, арнайы қонысқа жіберілген қалмақтардың, қырым татарларының, түріктердің және олардың отбасыларына қойылған құқықтық шектеулер жойылды. Сол сияқты 1956 ж. 27 наурызда грек, болғар, армян және олардың отбасыларына қойылған бұрынғы қатаң шектеулерді алып тастау туралы арнайы қаулылар қабылданды. Міне, осындай заңды күші бар қаулылар шыққаннан кейін ғана күшпен көшірілгендер өз бас бостандықтарын алды. Осыдан кейін жер аударылғандардың тұрмыстарына көңіл бөлініп, жағдайлары оңала бастады. 1956-1957 жж. Украина, Молдавия, Литва, Латвия, Эстония елдерінің Жоғарғы Кеңесінің Төралқалары комиссиялар құрып, жазықсыз қудаланған отандастарын қайтарып алу мақсатында талпыныстар жасады. Соның нғтижесінде 1948-1952 жж. қуғындалған латыш, эстон, литвалық, мордвалардың құқығы қайта қалпына келтіріліп, халықтар өз тарихи атамекендеріне қайтуға мүмкіндіктер алды.
1957 ж. 11 ақпанда Кеңес Одағының Жоғары Кеңесінің шешімімен «балқар, шешен, ингуш, қалмақ жғне қарашай автономиялары қалпына келтірілсін», - деген қаулы қабылданды. 1958 ж. Кабардин-Балқар АССР-ның Обкомы мен Министрлер Кеңесі Қазақстан мен Қырғызстаннан балқар ұлтының өкілдерін қайтарып алу жөнінде қаулы қабылдады. 1958 ж. 16 наурызда Қазақстаннан балқарлардың 4291 отбасы (16659 адам) қайтарылуы тиіс болды. 1958 ж. сғуірде балқар отбасылары қайтарылды, олардың 1958 ж. 1 қаңтарына дейін барғандарын қосқанда – 5706 отбасы (21966 адам) болды.
Көші-қон процесінде кері қайтуға өкімет тарапынан берілген рұқсат 1960 ж. 7 қаңтарда Кеңес Одағының Жоғары Кеңесі төралқасының шешімімен «арнайы қоныс аударушылар» деген айыптауларды Украина, Эстония, Латвия, Литва жерлерінен келген көші-қоншылардан алынсын деп бұйрық берілді. Міне, сол өзгерістерден кейін ғана бұл халықтардың шектеулері алынып, құқықтары теңестіріліп, ІІМ бақылауынан босатылды.
Қорытындыда Қазақстандағы 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон процестерінің нәтижелері жайлы тұжырымдар, сондай-ақ, мәселенің тарихнамасына қатысты түйіндер де жасалған.
- Көші-қон процестерінің тарихнамасын талдау мәселесінің негізгі желісін, оның елеулі жеке құбылыстары дұрыс пайымдауға жол ашып, оның әлі де зерттеле түсуі тиіс проблемаларын көрсетеді.
- Көші-қон қозғалысының нәтижесінде Қазақстандағы ұлттардың ара салмағында өзгерістер болды. Мәселен, 1926 жылғы санақта қазақтар – 55,6%, 1939 жылы 38%, 1959 жылы қазақтар – 30%, құрады. Яғни, өзге ұлт өкілдерінің республикамызға көптеп көшірілгендігі байқалады.
- Сыртқы көші-қон процесінде Қазақстанның территориясынан шығып кеткендер саны 100 мыңнан аса болғандығын ғалымдар әртүрлі мәліметтерге сүйене отырып көрсеткен. Шетел асқан қазақтардың қырылғаны бар, босқыншылыққа түскені тағы басқасы бар, сол көрсеткіштен артық болмаса, кем түспейді.
- Екінші дүниежүзілік соғыс жағдайына байланысты республикамызға эвакуацияланғандар саны 1941-1943 жж. аралығында 484149 адам болса, кеңестік жүйенің депортациясына ұшырап, қуғындалған халықтар одақ бойынша 100% деп алсақ, 1949 ж. 1-қаңтарындағы мәлімет бойынша 36% Қазақстанға тиесілі болған.
- 1953-1959 жж. Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға келгендер саны 100 мыңнан аса көрсеткіште болғандығына мұраға қорларында сақталған деректер дәлел бола алады. Осы аталған жылдар аралығындағы көші-қонда қазақтармен бірге орыс, татар, ұйғыр, дүнген, өзбектер де келгендігі көрсетілді.
- Соғыстан кейінгі 1946-1959 жылдар аралығындағы көші-қон қозғалысында елімізге 1 миллионнан аса өзге ұлт өкілдері қонысаударылғандығы анықталды.
- Көшірілген халықтардың құқықтық жағдайы кеңестік кезеңде өрескел іс-әрекеттермен бұзылып, қуғын- сүргінге ұшыратылғандығы анықтала түсті.
- Көп ұлтты Қазақстан халқының білім деңгейі, мамандықты құрылымы, ұлттар арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі тіпті тіл мәселесінің туындауы да сол кездегі партия басшылығымен жүргізілген көші-қон саясатының зардабы екендігі нақтыланды.


: referats
referats -> Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
referats -> М. Әуезовтың «Абай жолы» романы
referats -> Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
referats -> 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл
referats -> Рақымжан Тұрысбек
referats -> Ұраны: Ұлтарақтай болса да Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел қымбат. Мазмұны
referats -> Отбасы – КӨркем әдебиетте отбасы
referats -> «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері
referats -> Құрастырушыдан Әлемге кеткен аты бар
referats -> Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары. (1893-1920 жж) Сұлтанмахмұт Торайғыров


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет