Қазақстандық арал өҢірінде күріш ауыспалы егістігінің ТҰзданған топырағында арпа дақылының аудандастырылған сорттарының агротехникасын зерттеу



бет1/3
Дата18.04.2016
өлшемі422.83 Kb.
түріДиссертация
  1   2   3


ӘӨЖ 631.5:631.526.32: 631.445.52:633.16(262.83).18
Қолжазба құқығында

Асанова Замзагул Бахытовна



ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРАЛ ӨҢІРІНДЕ КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІНІҢ ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҒЫНДА АРПА ДАҚЫЛЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛҒАН СОРТТАРЫНЫҢ АГРОТЕХНИКАСЫН ЗЕРТТЕУ

6М080100- Агрономия мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013ж


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қараултөбе тірек тірек пункітінде орындалды.
Ғылыми жетекші : биология ғылымдарының кандидаты, профессор

Ж.Әбілдаева

Ресми оппоненті: ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы,

Тохетова Л.А


Қорғау өткізілді:

Диссертация 2013 жылы « » маусымда сағат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің (мекен жайы: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, №4 оқу ғимараты. Жаратылыстану және аграрлы технологиялар институты, 209 - дәрісханасында) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К. Бәйсейітова көшесі, №100) танысуға болады.
Мемлекеттік аттестациялау

комиссиясының хатшысы: Демесінова А.А.


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның Арал өңірінде ауылшаруашылығы дамуының болашағы су ресурстарының шектелу жағдайында дамитыны, соның нәтижесінде топырақ жамылғысының азаюы, тұздану процессінің және антропогендік әсерінен шөлге айналуын көрсетеді.

Әртараптандыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысының өсімдік шаруашылығы, судың азаюы және топырақ қабатындағы тұздың топырақ бетіне шығуы тұзға төзімді өсімдіктер өсіру тиімділігі жылдан–жылға арттыруға әкеліп отыр. Әсіресе әртараптандыру бағытындағы жаздық арпа астық дақылдарының көлемін көбейтуде негізгі бағыт ауыл шаруашылығын тұрқтандыру болып отыр.

Кең көлемдегі табиғи жайылым Қызылорда облысында мал шаруашылығының өркендеуі үшін негізгі табиғи байлық болып табылады. Соның арқасында мал шаруашылығы өнімдері тұрақты өседі. Мал шаруашылығы өнімдерін өсіру проблемаларын тұрақты шешу, ауылшаруашылық малдарын қоректендіруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты және жем-шөпті тиімді пайдалану қажеттігі туындайды. Шешуші роль концентратты өсімдік белогі көп жемшөп дайындау.

Арпа дақылының тағы бір ерекшелігіне, ол құрғақ климат жағдайында арпа дәнінде белок көп жиналатындығы.

Арпаның негізгі пайдалану бағыты:


  • арпадан жарма алу;

  • арпадан – сыра өндірісінде және спирт өндіруде шикізат алу;

  • арпа жайылымдық дақыл;

  • жем қоспасын жасау;

Арпа егістегі арамшөптерді толық жояды, сонымен қатар танаптың фитосанитары болып табылады. Арпа көпжылдық шөптерге бүркеме дақыл, ол өзінің алғашқы өсу фазасында өте тез және қарқынды өсіп тұзды топырақтан көп жылдық шөптердің өсуі мен дамуына жағдай жасайды, оларды тіке түскен күн сәулесінің әсерінен көлеңкелейді. Нәтижесінде арпаның вегетациялық кезеңі қысқа болғандықтан ерте жиналады, бұршақ тұқымдас шөптер жабындысынан ерте босайды, жаздың аяғы және күзде, күріш ауыспалы егістігінде жабынды дақыл бола алады. Арпаның таза егістігінде, оны жинаған соң орнына тары егуге болады. Сонымен қатар арпа тұзға төзімді, суды бидайға қарағанда үнемдеп жұмсайды.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті. Ғылыми зерттеу жұмыстарының мақсаты Қызылорда облысында астық өнімін молайту үшін ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандырып, бәсекелестік мүмкіндігін арттыру керек. Арал өңірінде арпаның жоғары экологиялық табиғи ортада осы аймаққа бейімділігін ескере отырып, олардың аудандастырылған жаңа сорттарын күріш ауыспалы егістігінде өсіру болып табылады.

Ғылыми жұмыстың міндеті

Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер бойынша зерттеулер жүргізілді:


-арпа сорттарының өнімділігіне және сапа көрсеткіштерге әртүрлі мөлшердегі минералды тыңайтқыштардың әсерін анықтау;

-әртүрлі нұсқадағы минералды тыңайтқыштарда егін көгінің санын анықтау, тұқымның өнгіштігі (%) және өсімдіктің сақталуы (%);

-әртүрлі нұсқадағы минералды тыңайтқыштардың зерделеніп отырған арпа сорттарының биологиялық белгілерін (өсу кезеңінің ұзақтығы, жекелеген кезеңнің басталуы) және морфологиялық параметрі (өсімдіктің биіктігі) өзгеруін анықтау;

Ғылыми жұмыстың жаңалығы.

Қызылорда облысының күріш ауыспалы егістігінде, тұзды топырақта арпадан мол өнім алуда аудандастырылған сорттарды өсіру барысында минералды тыңайтқыштардың, зиянды аурулардың, зиянкестер мен арамшөптердің елеулі әсері бар екені белгілі болды.

Өнімділікті арттыруға оңтайлы тыңайтқыштар мөлшерін, енгізу мерзімін, зиянды организмдердің зияндылығын анықтау қорғау шараларын жасауға мүмкіндіктер береді.

Жұмыс нәтижелерінің талқылануы және мақұлдануы. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызыылорда мемлекеттік университетінің «Ауыл шаруашылығы өндірісі технологиясы» кафедрасының мәжілісінде баяндалып талқыланды. Жұмыс нәтижелері бойынша үш мақала ағымдық баспаларда жарияланды.

Зерттеудің сыннан өтуі: Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларды баяндалып, басылым беттеріне жарияланды: Przemysi Nauka I studia 2013. Казахстанда және шет елдерде күріш шаруашылығын дамытудың ғылыми-инновациялық негіздері.Қызылорда, 2012.

Баспаға шыққан еңбектері: Алынған нәтижелер бойынша 3 жұмыс баспаға шығарылған. 2 халықаралық ғылыми –практикалық конференция.


Негізгі бөлім

Зерттеу нысандыры және тәжірибе жүргізу әдістемелері. Тәжірибе эксперименті 2011-2012 жылы Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қараултөбе тірек тірек пункітіндегі 8 танапты ауыспалы егістігінде жүргізілді.

Арпаның аудандастырылған сорттарынан Әсем, Арна, Рассава, Сыр Аруы, Сауле сорттары алынды. Қолданылған тәжірибе далалық және зертханалық жағдайда жасалды. Зертханада өңделген және бақылау үшін алынған тұқымның өсу энергиясы, өнгіштік қасиеті және тұқым микрофлорасы рулонды әдіспен анықталды.

Арпа сорттарының тұқымы себер алдында фузариозды тамыр шірік ауруына қарсы Сұңқар -1, Сұңқар -4 және Колфуго супер фунгицидтерімен өңделіп себілді. Зертханада далалық тәжірибеге пайдаланылатын өңделген тұқымның өсу энергиясы, өнгіштік қасиеті және тұқым микрофлорасы анықталды.Арпа сорттарына өсу кезеңдерінде фенологиялық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Егістік жерге күзде сүдігер жыртылып, көктемде күріштік жерге жүргізілетін барлық операциялар жасалды. Дақылдар егіліп болғаннан кейін атыздың ішкі периметрі бойынша және ұзыннан бір рет, енінен екі жерден суаруға және ыза суды қашыртқылауға арналған арықтар тартылды. Суару режимі топырағының ылғалдылығына байланысты жүргізілді.

Күріш ауыспалы егістігінде арпа өнімділігін зерттеу төмендегі минералды тыңайтқыштар мөлшерімен жасалды.

1. бақылау, тыңайтқыш енгізілмеген;

2. N60

3. N60Р60



4. N90Р60

5. N90Р90

Әрбір нұсқаның көлемі (делянки) -50ш.м., арпаны себу мөлшері 4 млн. тұқым бір гектарға


Зерттеу нәтижелері

Қазақстанның Арал өңірінде күріш жүйесінің тұзды топырақ жағдайында жаздық арпаны өсірудің биологиялық ерекшелігі.

Арпа өсімдігі өсу кезеңінде келесі фазалардан: себу – көктеу; көктеу – түптену; түптену – сабақтану; сабақтану – масақтану; масақтану – толық пісу ( сүттену және қамырлану ).

Арпаның ауыспалы егістегі орны.

Арпа күріш ауыспалы егісінде негізінен күріштіктен кейін орналастарылады, себебі вегетация кезеңінің бірінші жартысында өсімдік өзін ылғалмен сенімді қамтамасыз ете алады.Ұсынымдарда арпа күріш ауыспалы егістігінде мелиоративтік танаптарда, көпжылдық дақылдарға немесе таза күйінде жабынды дақыл есебінде қолданылады.

Ауыспалы егістің бірінші және үшінші нұсқаларында арпа 1-ші және 6-шы танапқа ал екінші нұсқада -1-ші және 7-ші нұсқаларда орналастырады. Арпа егісінің көлеміне, топырақ климат жағдайы және орналасатын жерге байланысты жоғарыдағы нұсқаларға орналастыруға болады.

Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, өндіріске енгізілген ауыспалы егіс үлгілеріне (2,3 нұсқалар) қара шірінді мөлшерін өз деңгейінде ұстап тұру үшін № 2 ауыспалы егістің 5,7 — танаптарына, ал № 3 ауыспалы егістің 7-танабына гектарына 30-40 тонна мөлшерінде шіріген көң беру керек. Біріншіден, бүгінгі таңда мұндай көлемде кең табу қиынға соғар еді, екіншіден, ауыспалы егістің тиімділігі, топырақтың құнарлылығы мен экологиялық және мелиоративтік жағдайы жылдан жылға төмендей түсетіні сөзсіз. Сол себептен, игерілген ауыспалы егіс үлгілерінде (2,3 нұсқалар) қара шірінді мөлшері 1,00 пайыздан 0,86 және 0,94 пайызға кеміп отыр. Ал, ұсынылып отырған перспективалы үлгілерде (4,5 нүсқалар) қара шірінді деңгейі тиісінше 1,03 және 1,10 пайызға дейін көтерілді.



Арпа топырағын өңдеу. Күрішті жинап болған соң (қыркүйек айының үшінші онкүндігі, қазан айының бірінші және екінші онкүндігінде) сүдігерді 25-27 см тереңдікте жыртады. Егер атызда арамшөптер көп болған жағдайда сыдыра жырту жұмысы міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Сүдігер жырту сыдыра жыртумен тікелей байланысты. Арам шөптердің сыдыра жыртудан кейін шыққан көгі сүдігер айдаумен құртылады, сөйтіп егіндік арам шөптердің негізгі массасынан тазартылады. Сондықтан сүдігер жыртуды кешеуілдетуге яғни сыдыра жыртқаннан кейін шыққан арамшөптер дамып, олардың тұқымдары пісіп, тағы да төгіліп үлгіретіндей уақытқа кешіктіруге болмайды.

Топырақты сүдігерге арнап арам шөптердің негізгі массасы көктеп шыққаннан кейін, яғни егіндік солармен көгере бастасымен-ақ жыртқан бәрінен де жақсы.

Сүдігер жыртқан кезде топырақтың үстіңгі нығыздалған және тозаңданған қабаты астына түсуі керек те, ұсақ кесекшелер құрылымды қабат үстіне түсуі тиіс.

Тұқымды себуге даярлау,себу мерзімі және себу әдісі. Арпадан мол өнім алу үшін тұқымды алдын ала даярлау керек, ең жақсы дәнді сұрыптап алу және оны сақтауды қамтамасыз ету қажет. Әрбір сорт өзінің қасиетін,дұрыс өсірген кезде ғана көрсете алады.

Агротехникалық шаралар дұрыс жасалмаған жағдайда сортта өнімді аз береді. Себуге арналған тұқымдар белгілі бір кондицияға, немесе стандартқа, яғни сапалылықтың белгіленген қатаң нормасына сай болуы керек.

Арпа- ерте пісетін жаздық дақыл. Себуді кешіктірген жағдайда сирек болып шығып өнім көп төмендейді. Қазақстандық Арал өңірі жағдайында арпаның масақтану –пісу кезеңінде байқалатын жаз айларындағы аптап ыстықтан (35-45 ºС) бұрын пісіп үлгіретіндіктен оны ерте сеуіп, тұқымды 5-6 см тереңдікке сіңіру керек.
Арпа сорттарын өсіру технологиясы, егістігін күтіп баптау Тәжірибе алаңында тұқым себуге дайындық сәуірдің бірінші он күндігінде басталады. Көктемгі жер жырту жұмысын МТЗ – 80 тракторымен, бескорпусты соқамен жыртады және топырақты тырмалау, фрезерлеу (өңдеу) жұмыстары, сонымен қатар тәжірибе алаңын бөлу және қоршау жұмыстары жүргізіледі.

2012 жылдың көктемі өте өзгергіш болып келді: көктемнің басы ерте дақылдарды себуге сәйкес келді, суық күндер жалғасып, қатқақ суық 6 – 8 ºС болды. Осыған байланысты бізге тұқым себу мерзімі сәуірдің екінші он күндігіне ауысты. Тәжірибелер 18 – 20 сәуірге қойылды. Тұқым себу маркердің қөмегімен қолменжүргізілді, арпаның қатар аралықтары 15 см. Арал өңірі жағдайында көктемде салқын жел үздіксіз соғып, топырақ бетін кептіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан тұқым себілгеннен кейін бұдырлы катокпен нығыздаған-міндетті агротехникалық шараның бірі. Нәтижесінде төменгі ылғал дәндер орналасқан жоғарғы қабатқа көтеріліп, тұқымның біркелкі жиі болып, көктеп шығуына жағдай жасайды.



Күріштің суарылмалы жүйесінде тұқым себер алдында топыраққа тыңайтқыш енгізу.

Біздің жағдайда тұқым себуді баптаудың бірден – бір басты шаралары құстардың бүлдіруінен қорғау үшін торлар орнату, бұл тұқым сепкеннен кейін бірден орнатылады. Бұл ерте дақылдарға (сәуірдің бірінші, екінші онкүндігіне) жатуына және институттың стационары тек қана бір атызда өсірілуіне байланысты, ал күріш себу мамырдың ортасында басталады.

Аралмаңы жағдайында себу жұмыстарының кешігуінің басты шектеулі факторлары ылғалдың жетіспеушілігі, аңызақ пен ауа температурасының өсу салдарынан болады. Осыған қарамастан толық жеткілікті егін алынды, бірақ онтогенезаның алғашқы кезеңінде ауаның температурасы 35 ºС – қа дейін жетіп, топырақ бетінің төменгі қабатында жатқан тұздардың көтерілуіне келіп жетті. Осы кезде аздап жауған жауын-шашынның мөлшері, жылдамдығы 20 м/с болатын күшті желмен ауысып, тұзды қабыршық пайда болуына әкеліп соғады. Бұл күтпеген, тілемеген факторлар диверсификациялық дақылды өсімдіктердің жапырақтарының тургорының төмендеуі, жапырақтың сарғаюы мен кебуі, кейде өз биіктігіне сай болмауы сияқты кері әсерін тигізеді.

Осы жылғы тұқым себу кезінен басталған аңызақ, түтікшелену кезеңінің басына дейін жалғасты. Осыған байланысты өсімдіктерді міндетті түрде баптау, түзілген қабыршықтарды жою мақсатында және егінді бір жолда арамшөптерден (тары, түйнек қамыс, қант қамысы) тазалау, қатар аралықтарды қопсыту, гербицидтерді қолдану іс – шаралары жүргізілді. Осы кезеңнің жұмысының негізгі мақсаты – егін көгін арамшөптерден тазарту, топырақтың қопсуына қолдау жасау.

Мамырдың екінші онкүндігінде күріш дақылдарын себу және суару суларын жіберілуі, көрші чектегі жерасты суларының көтеріліп, тамыр жүйесі арқылы суарылатын арпа суарылып, бірден – бір топырақтың құрғаустрессті факторларын жояды. Осыдан кейін өсімдіктің өсуі мен дамуы қалпына келіп, жапырақтың тургоры көтеріліп, сағаю белгілері жойылады.

Қазақстандық Арал өңірінде қалыптасқан экологиялық ақуал кезек күтпейтін шараларды қабылдауды және өсімдіктің биологиялық мүмкіншілігін қамтамасыз ету, өнімділігін арттыру, топырақ тұздылығын және арамшөптермен ластануын кемітіп, құнарлығын арттыруға бағытталған ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа ресурсүнемдегіш аймақтық технологияларын әзірлеуді қажет етеді.

Қазақстандық Арал өңірінде ауылшаруашылық өндірісінің дамуын талдай келе келешекте ол бұдан да қиын жағдайда, яғни су, энергетика шикізат көздерінің, материал, финанс ресурстарының жетіспеуі жағдайында жүргізіледі деп күтілуде. Себебі аймақта жылдан жылға халық саны өсіп келеді, ал топырақ қабаты керісінше тұзданып антропогендік шөлейтке айналуда. Ауылшаруашылығының бұл саласын тұрақты, қарқынды дамытудың бірден-бір және негізгі бағыты диверсификациялық дақылдардың егістік алаңын ұлғайту болып табылады. Бұл дақылдарды өсірудің басты ерекшелігі күріш ауыспалы егіс жағдайында алдын – ала суаруды өткізбестен тұқым себу, сонымен қатар күріштен кейін топырақтың табиғи ылғалдығы жоғары егін көгін алуға, суару шығынын азайтуға толық мүмкіндік береді. Арпа ресурсүнемдегіш технология жағынан алғанда өте бағалы, күріш дақылынан кейінгі топырақтың ылғалдылығын пайдалану арқасында суды үнемдейді,ешбір суарусыз жоғары дән өнімділігін қалыптастырады. Сондай-ақ арпа белсенді алғы дақылды да

қажет етпейді, басқа дәнді дақылдарға қарағанда арпа құрғаққа шыдамды және сортаң топырақты жерлерді игеруші дақыл болып табылады.

Республиканың қолайсыз аймақтарындағы қамтамасыз ететін мәселелер күріш және басқа дақылдардың экологиялық таза өнімдері, ауылшаруашылығы дақылдарының себу құрылымын, яғни күріш ауыспалы егіс сызбанұсқасын өзгертуді талап етеді.

Қызылорда облысының шаруашылықтары соңғы жылдары дәстүрлі емес және толық зерделенбеген дақылдар оның ішінде арпа дақылын өсіре бастады. Аймақтың топырақ – климат жағдайы бұл дақылдардан жөғары өнім алуға, сонымен қатар малшаруашылығы жүйесінде азықтандыру базасы және өсімдік ақуызы мәселелерін шешеді. Бұл аймақта күріш және мал азықтық ауыспалы егісінде берілген дақылдарды өсіру тәжірибесі жеткіліксіз. «Күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС - гі агротехнология бөлімінде жүргізілген зерттеулер мақсаты диверсификациялық дақылдармен себу құрылымын өзгерте отырып, экологиялық таза күріш алу мәселелерін шешу болып табылады. Тұзданған жерлерді дұрыс игеру, тұздануға төзімді дақылдарды таңдаумен агромелиоративтік әдістерді дұрыс қолданған жағдайда ғана мүмкін.

Осыған байланысты күріш ауыспалы егісіндегі диверсификациялық дақылдардың өнімділігін қалыптастыруда әртүрлі мөлшердегі минералды тыңайтқыштардың әсері Арал өңірі жағдайында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тыңайтқыштардың түріне, мөлшеріне, енгізу мерзімі мен тәсіліне, оларды ара қатынасына және топырақ-климат жағдайларына байланысты олар өсімдік өнімділігіне түрлі әсер етеді және әсер ету мерзімі де әртүрлі. Топыраққа енгізілген тыңайтқыш ең алдымен, қоректену режиміне, өсімдіктің өсуі мен дамуына әсер етеді.

1-кестеде көрсетілгендей арпа сорттарының өңгіштігіне минералды тыңайтқыштар әсері мен елеулі айырмашылық болған жоқ, тек N90P90 нұсқасында бақылау нұсқасына қарағанда өнгіштік біршама жоғары болды 1 -1,3 %. Өсімдіктердің өміршеңдігі немесе сақталуы дақылдардың қатаң табиғат жағдайына бейімделуінің бірі. Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде өсімдіктер тұздылыққа өте сезімтал, ал тұздылық Арал өңірінде тежеуші факторлардың бірі болады, себебі өсімдіктердің көп бөлігі тамыр жүйесі арқылы судың келуі азайғаннан өліп қалады. К. Шермағамбетов, Л.А.Тохетованың зерттеулерінде өсімдіктің өміршеңдігі арпада 88% болғаны анықталды. Ал біздің зерттеулеріміз минералды тыңайтқыштар өсімдіктердің сақталуына оң әсер екенің көрсетті. Мысалы, Сыр Аруы сортының өміршендігі 92,8%-дан (бақылау нұсқа) 99,4 % -ға (N90P90) дейін көтерілді. Жалпы арпа сорттарының бұл көрсеткіші бақылау нұсқасымен салыстырғанда 6,0 – 6,6 % пайыз жоғары болды.

1-кесте. Минералды тыңайтқыштың арпа сорттарынын өміршеңдігіне әсері, 2012 ж.

Тәжірибе нұсқасы

Сорттар


Өсімдік саны,

дана /м²


Өнгіштігі,

%


Жинау алдындағы өсімдік саны,

дана/м²


Өміршеңдік қасиеті,

%


1. N0 P0;



Әсем, st

254,4

63,6

234,6

92,2

Сәуле

251,9

62,9

231,4

91,9

Сыр Аруы

275,5

68,9

255,8

92,8

2. N60


Әсем, st

252,0

63,0

234,1

92,9

Сәуле

254,7

63,7

234,3

91,9

Сыр Аруы

278,2

69,6

256,8

92,3

3. N60 P60;


Әсем, st

255,0

63,8

244,0

95,7

Сәуле

250,5

62,6

243,3

97,1

Сыр Аруы

279,3

69,8

270,2

96,7

4. N90P60;


Әсем, st

257,3

64,3

247,0

96,0

Сәуле

255,5

63,9

248,8

97,4

Сыр Аруы

275,0

68,8

268,5

97,6

5.N90P90


Әсем, st

258,7

64,7

256,0

98,2

Сәуле

256,2

64,1

254,7

99,4

Сыр Аруы

278,9

69,7

277,3

99,4

НСР05




1,18

1,05

1,26

1,12



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет