Қазақстанның 7 кереметі



жүктеу 99.56 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі99.56 Kb.
: download -> version
version -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
version -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
version -> Дома на окне пылился светильник со сломанным абажуром
version -> Қыс Қыстың ақ бояуы Көрпеге жер оранды Балалар ойнап далада Сырғанаққа тояды Ақ мамық қарды жер Балалар ойнап күлуде Мұзайдында сырғанап Астана
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> Сабақ Қазақтың ұлттық ою түрімен құрлық суын бейнелеу
version -> Қазақ әдебиеті пәнінің негізгі мектепте оқытылу нысаны қазақ әдебиетінің үлгілері Басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т б
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 7 КЕРЕМЕТІ
Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.

«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды.

Әлемде жеті керемет бар, оларды бір жіпке тізсек:

1.Пирамидалар ( Мысыр)

2.Семирамида бағы ( Вавилон )

3.Зевс мүсіні ( Олимпия )

4.Артемида храмы ( Эфес )

5.Родос алыбы ( Родос аралы )

6.Галикарнас кесенесі ( Кіші Азия )

7.Александрия шамшырағы ( Мысыр)

Бұлардың қайсысы болса да, мүсін және сурет өнерінің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.Бұлар әлемдік тұрғыдан алғандағы ұғымдар, ал енді әр елдің мақтанышына, символына айналған кереметтер қаншама. Мысалы, Эйфель мұнарасы десе, Франция көз алдыңызға келеді. Оларды сырттан барып тамашалаулар эстетикалық ләззат алады, ал жергілікті тұрғындардың кеудесін өз Отанының мәдени байлығына деген мақтаныш пен қуаныш сезімі кернейді.

Бүгінгі қазақстандықтар да ондай бақыттан кенде болмаса керек. Қазақстандағы тарих, археология, сәулат және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Бұл салада Қазақстан,Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі. Осы бағытта біз: «Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауап іздене отырып, Қазақстанның кереметі деп санайтындардың тізімін жасауға, дәлелдеуге тырысып көрдік. Оны анықтау үшін керек дейтін шығарсыз? Жеті деген қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.

Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті оқ елі»,»Жеті нан» (құдайы беру), бұрын қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған.

Ал енді «Қазақстанның жеті кереметіне» тоқтайық..

1. Оғыландыдағы Бекет-Ата жерасты мешіті.

2. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

3. Сауран қалашығы.

4. Қаратау жотасы.

5. Қазақстандағы ең терең Қарақия ойпаты.

6. Шерқала.

7. Астанадағы Бәйтерек монументі.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Бекет Мырзағұлүлы өмір сүрген. Атырау облысының Құлсары аулының жанында туып, 14 жаста ақылғой дана Шопан Атаға бас июге келген болатын. Үшінші түнде Шопан-Ата оқуға бұйрық береді. Оқушы алыс Хиуаға барып, медреседе оқыған болатын. 40 жасқа жеткенде ол ұстаз болып, балаларды оқытқан. (А Қосымшасы) Бекет-Ата бірнеше қасиетті жер жолдарын қиып, қайтадан Маңғыстауға қайтып келеді. Ол адамдар емдеп, оларға деген өмірлік күштерді сыйлады. Бекет-Ата өзінің айтылымдарында шындықпен жол ашатын болды. Халықтың жадында ақылгөй және қалмақтармен соғысқанда қолбасшы ретінде сақталған болатын. Ол батырлық мінезімен оның арғы атасы – Есет батыр сияқты болған.

Ол 4 мешітті салған: Құлсарысының біріншісі – Ақ-мешіт, екіншісі Бейнеу ауылынан 20 километр жерде, үшіншісі – Үстірттегі Байшатыр, төртіншісі жерсасты мешіті шың массивті Оғланды. Бөлмелері – жеті. Оның ішінде киелі акустика. Осы мешіттің жанында жерленген. Бекет-Ата – діни, тарихи және сәулет ескерткіші.

Бекет-Атаға жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Бекет-Ата өзінің соңғы күндеріне дейін Ұстазына, Шопан-Атаға мұсылмандар келгенде ерекше қуанатын. Бүгінгі күнге дейін Шопан–Атаға бару Бекет-Атаға соғу дәстүрлі бағыт болып кеткен.

Тарихи ескерткіштердің үлкен топтың жерасты құрылыс орын алады. ІХ-Х Шақпақ-ата мешіті – ең ежелгісі. Көлемі жағынан алтқанатты киіз үйден кішкене үлкен. Қабырғалары кішкене қабыржықтан тұрып, төбені ұстайтын бағаналар орнаменттермен оюланған. Тасты мешітте Шакпақ-Ата ұстазы өзінің оқушыларымен жау шапқыншылығында қорғалды. Өмірінің соңғы жылдары ол өз орнынан кетпей, жерасты тұрғыны болды.

Қазақстанның жеті кереметіне ежелден атағы жер жарған Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат – Ахмет Иассауи кесенесі жатады.

Әрине, Түркістан – Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан-руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрыңғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен.

Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.

Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.

Қожа Ахмет Иассауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Петергбург Эрмитажынан өз тұғырына қайта қонған тайқазанды Әбділәзиз шебер құйып жасаған. Ол Қаратау ішінен, Ащысай, Мырғалымсай кеніштерінен тайқазанға қажетті қорытпа шығатын тастарын жинап, Қарнақ қаласына жеткізеді де, қазанды жасауға кіріседі. Тайқазан дайын болғанда, оны арбаға тиеп әкеліп, Қожа Ахмет ғимарат күмбезінің астындағы кіреберіс ғажайып кең бөлмесінің ортасына үш бұт етіп иген шойын тұғырдың үстіне орнатты.

Бұдан былай бұл жер «Қазандық» деп аталады. Қазақ ұлысының қара шаңырағы алыстан көз тартып, әрқашан қазаны асулы тұрсын деген ырымды ниет етті. Сондықтан, тайқазанды кереметтердің санына кіргізуге болады.

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.Биіктігі 6м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500м мәдени қабатының биіктігі 2м. ауран. туралы алғашқы деректер 10 ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13 ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14 ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16 ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында әлсіреп, 19 ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.

Осылардың ішінде, Қазақстандағы «жеті кереметтің» үшеуі – Маңғыстауда орналасқан. Тізімнен Маңғыстаудағы Қарақия ойпаты мен Шерқала тауын да көруге болады. Қарақия – әлемдегі ең терең ойпаттың бірі. Ол теңіз деңгейінен 132 метр төменде жатыр. Ғалымдардың айтуынша, Қарақия – жаңбыр бұлттарының табиғи генераторы іспеттес. Жаз мезгілінде Қарақия аспанын бірнеше шақырымдық бұлттар басып тұрады.

Маңғыстаудың қасиетті жерлерін айтып, Шерқаланы да тыс қалдырмау қажет. ҮІІІ-ІХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Адаммен жасалған тау, қамалы арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “арыстан–қала” деп атап кеткен болатын.

Қарақия ойпаты көлемі жағынан бесінші Тәуелсіз Достастық елдерінің ағын сусыз терең ойпаттарының бірі болып табылады. Оның тереңдігі кез келген мектеп оқушысына таныс – 132 м. Оның ұзындығы елу километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады, ойпаттың сілемі неоген шөгінділерінен құралған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен, орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған. Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай тұңғиық шыңырау. «Қарақия» түк тілінен аударғанда «қара аңның араны» дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.

Шерғала (Шерқала) – Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған тау. Бір жағынан қарайтын болсақ тау ақ кигіз үйді білдіреді, ал екінші жағынан Шерғала басын табанына салып, ұйықтап жатқан арыстанның бейнесін береді. Сондықтан тауды – Шерғала деп атап, түрік тілінен аударсақ “Тау-арыстан” немес “Арыстанды тау”.

Арыстанды тау аңыздар бүркітпен табылды. Оның әйгілі шыңдары үлкен шатыр құрып, киіз үйдің төбесіне еске түсіреді. Оның үстіне көтерілу үшін арнайы көтерілім қажет. Шерқаланы айналу үшін бір сағаттай уақыт керек. Ал егер көптеген тау үңгірлерін аралап, ежелгі қоныстар орындарын аралап, өркениеттер дәлелі болатын бас сүйектерді іздегіңіз келсе онда бір сағат аз болады. Халықтың ырымы бойынша егер Шерқаланы айналар алдында арманды жоспарласаң, ол міндетті түрде орындалады. Бірақ ең бастысы әрбір қийылыстан кейінгі көрініс әр түрлі болып, жаңа жерге түскен сияқты керемет көріністі әсер береді.

Осындай бір үңгірлердің ішінде құдық болған. Жергілікті тұрғындар оның таза суын ішіп, таудың басында орналасқан жаупардан қорғанды. Қазір құдық жабылып қалды. Біз оның тек қалдықтарын ғана көре аламыз.

Шерқала айналасындағы ұсақ тау жыныстарының үлкендігі түрлі болып келеді. Көбі жел әсерінен өзгеріп қалды. Кейбір тастар бұзылып қалды. Ішінде – кішкене қабыршақтың және балықтардың іздері. Тау бөктеріндегі дала гүлденіп, шөптенеді. Шерқаладан алыс емес жерде көк оазис бар. Бұл Ақмыш кішкене өзені және бұлақ. Бұл жерде көпғасырлы ағаштардың көлеңкесінде құстардың шиқылдауының астында Маңғышлық қалашығы туралы аңыз тыңдау ерекше әсер береді. Ол Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды.

Қамалдың қабырғасымен мың жылдықтағы бас сүйектерді іздеп, ал егер жолыңыз сәтті болса, кішкене моншақтарды тауып, кірпіштерді және ыдыстарды жандыратын үлкен пештерді зерттеп, қоршаған айналаны көруге болады. Осы жерден біз Батыс Қаратау қара-көк таулардың қырларын көре аламыз.

«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.



«Бәйтерек», «Астана – Бәйтерек» – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. “Бәйтерек” кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды.Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі. Астана қаласында Архитекторлар одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.

«Қазақстанның жеті кереметі» БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы Бүкіл әлемдік туристі к ұйымның ресми бағдарламасына енген. Біздегі туристік саланы дамытуға, туристік бизнестің дамуына аз да болса септігі тиер жоба.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет