Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберіндегі бастамалары



жүктеу 127.99 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі127.99 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Уалиханов О.Ғ.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының 2-курс магистранты

Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы шеңберіндегі бастамалары
Қазіргі уақытта біздің алдымызда мұсылман уммансын әрі қарай дамытуды қамтамасыз ету үшін ислам дінін қазіргі заманғы өркениеттің жетістіктерімен біріктіру міндеті тұр. Мұндай дамудың кепілі ретінде кейбір мемлекеттерде байқалған исламды радикалдауға да, догматизмдеуге де емес, керісінше, жергілікті әлеуметтік-мәдени дәстүрді, білім, ғылым және мәдениет салаларының дамуын құрметтеу болады. Экономикалық дамудың және көптеген этникалық топтар мен діни конфессиялардың татулықта бірге өмір сүруінің сәтті мысалы бола отырып, Қазақстан этникааралық және дінаралық конфликтілер қатерінен құтыла алған, қарқынды дамып келе жатқан және өзінің әлеуметтік-мәдени ерекшелігін сақтай білген мемлекет ретінде барлық ислам мемлекеттері үшін дамудың үлгісі бола алады және болуы қажет.

Қазақстанның ЕҚЫҰ, ИЫҰ, АӨІСШК, ШЫҰ, ЭЫҰ және бірқатар басқа өңірлік ұйымдардың белсенді мүшесі болағандығы оған ислам өңірі және Батыс, Ресей және Қытай мемлекеттері арасындағы диалогты ұйымдастыру саласында белгілі артықшылықтар береді. ТМД кеңістігіндегі интеграциялық жобалардың белсенді қатысушысы ретінде біздің мемлекет мұсылман елдерінің Достастық елдерімен ынтымақтастығын кеңейтуге оң ықпалын тигізе алады. Қазақстанның өзінің әлеуметтік-саяси реформаларын өткізіп және жаһандық экономикалық байланыстардағы бәсекелестігін дәлелдеп, халықаралық қатнастардағы өзінің белсенді ұстанымын белгілеуге үлкен мүмкіндіктері бар болуы да маңызды болып табылады.

Қазақстандық сыртқысаяси ведомствоның басшысы Е. Ыдрысов біздің елдің ислам әлеміндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша ұстанымдары жөнінде сөйлеген кезінде, ислам қоғамдастығы әсіресе бейбітшлік, прогрессті қамтамасыз ету және қарапайым адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыруға қатысты бірнеше фундаменталды проблемаларды шешуді қажет етендігін баяндады. Бұл ретте Е. Ыдрысов жаңа даму стратегиясын құру үшін тұрақтылықты қамсыздандыру негізгі шарт болып табылатынын ерекше белгілеп айтты. Осыған орай Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтің үш миллиарда адамнан астам халқы бар 24 мемлекетті біріктіріп, қажетті диалогтық алаңға айналған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімділік шаралары жөніндегі кеңесті шақыруы бойынша бастамасының аса маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстанның басқа да негізгі бастамаларын келесі бірнеше бағыт бойынша қарастыруға болады.



Азық-түлік қауіпсіздігі қоры. Қазақстан ИЫҰ мүше мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігі қорын құруды қолға алды.

2013 жылдың 11-13 маусымында Астанада ИЫҰ мүше- мемлекеттерінің үкіметтік сарапшыларының ИЫҰ азық-түліктік қауіпсіздік бойынша институтының жарғы құжатын қарау және келісуге арналған отырыстары алғаш рет өтті.

ИЫҰ кеңістігінде Азық-түліктік қауіпсіздік жүйесінің құру туралы бастама Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевпен ИЫҰ мүше- мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің 38-сессиясында Астанада ұсынылған және Ұйымдағы қазақстандық төрағалығы күн тәртібінің барты тармақтарының бірі болып табылады.

Бұл ұсыныс Қазақстанның әлемдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша дәйекті бағытынан туындайды, өйткені азық-түліктік қауіпсіздік оның басты шарттарының бірі болып саналады. Осы мәселе барлық дамыған экономикасы бар мемлекеттер үшін де, кедей елдер үшін де өзекті болып отыр.

Сонымен қатар, түрлі есептеулер бойынша әлемде 1 милрд. астам адам тиісті тамақтанусыз өмір сүруде. Дүниежүзілік экономикадағы соңғы жылдардың теріс үдерістері осы саладағы хал-жағдайды одан сайын ауырлата түсті.

Өз кезегінде, ИЫҰ-ның азық-түліктік қауіпсіздік бойынша институты осы бағыттағы сын-қатерлерді төмендету бойынша тиімді құралға айналуы мүмкін. Сонымен бірге, ол ИЫҰ мүше-мемлекеттерінің аштық, жеткіліксіз тамақтану сияқты сын-қатерлерге тиісті саясатты және қолданылатын шараларды әзірлеу бойынша күш-жігерлерін үйлестіру және орталықтандыруға мүмкіндік беріп, және азық-түліктің физикалық және экономикалық қолжетімділігін қамсыздандыруға ықпал етеді. [1]

Сонымен қатар Институт ИЫҰ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастықтың органы ретінде қызмет атқарады, оның басты мақсаты ауыл шаруашылық, салалық консалтинг, аграрлық-өнеркәсіптік кешен даму стратегиясын әзірлеу, методологиялық және консультациялық, сондай-ақ азық-түліктік жәрдем көрсету бойынша мемлекетаралық саясатты үйлестіру болады.

Институтты штаб-пәтерін Астана қаласында орналастырып құру идеясы ИЫҰ мүше-мемлекеттерімен жиі талқыланып, қолданған. Қазір азық-түліктік қауіпсіздік бойынша органның құру үдерісі ұйымдастырушылық-құқықтық кезеңінде іске асырылып отыр.

ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Хамид Опелойеру мәлімдеуі бойынша «ИЫҰ мүше-мемлекеттері халқының басым бөлігі ауылдық аумақтарда тұратындықтан, халық азық-түліктік жағдайларға тәуелді болады. Су ресурстарының азаюын, егістің қысқаруын ескере отырып, біз өз мемлекеттерімізде азық-түліктік қауіпсіздікке үлкен көңіл бөлеміз. ИЫҰ елдерінде азықтық-түліктің $41,5 млрд тапшылығын ескеретін болсақ, азық-түліктің қауіпсіздік сын-қатері мәселесінің шешілмей отырғанын байқаймыз. Сол себептен ИЫҰ елдері халқын қамсыздандыру үшін алып ресурстар керек. Бұрын ИЫҰ күш-жігерлері азық-түліктік қауіпсіздік мәселелерін толықтай шешуге мүмкіндік берген жоқ. Жаңа институт елімдеріміздің дамуындағы осы кемшіліктерді жоюы керек. «Азық-түліктік қауіпсіздіктің он жылдығы» (1990-2000 жж.) жоспарын орындаудың нәтижелері ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жоспар әзірлеу қажет екендігін көрсетті». [2]

Су ресурстарының қауіпсіздігі. Трансшекералық өзендерді пайдалану мәселесі Қазақстанға өзекті болып отыр. 2011 жылы 13-14 шілдеде өткен ИЫҰ Су тұжырымдамасын әзірлеу бойынша сарапшылардың отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану – бұл барлық ИЫҰ мемлекеттерінің проблемасы болып отырғандығы айқындалды.

Қазақстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі Е. Қазыханов біз орталық-азиялық өңірде су ресурстарын тиімді, қауіпсіз игеру сұрақтары бойынша ынтымақтастықты қатайтуды және осы саладағы әрекеттесу бағыттарын кеңейтуді қолдайтынымызды белгіледі. Су ресурстарын қауіпсіз игеру мәселелері ИЫҰ күн тәртібінде де өзекті болуда. ИЫҰ министрлері конференциясында 2012 жылдың 5-6 наурызында Ыстамбұлда қабылданған ИЫҰ су тұжырымдамасы ИЫҰ өңірінде су ресурстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атап айтқанда жерлердің шөлденуіне, су кеңістіктерінің ластануына және тұздануына қарсы шаралар қолдану проблемаларын жан-жақты талдаудың нәтижесі болып табылады. Ең бастысы бұл тұжырымдамада мемлекеттердің су ресурстарын тиімді және қауіпсіз игерілуі бойынша ортақ пікірлері және осы салада бірлескен ғылыми бағдарламалар мен жобаларды кеңейтуге шақыруы қамтылған.

Біз үшін бұл құжат Орталық Азия мемлекеттерімен су ресурстарын пайдалану саласында ынтымақтастық бойынша қосымша платформа болып табылады. [3]

«E-islam». Әлемдегі тағы бір қауіп-қатерлердің бірі - исламофобия – әлеуметтік және саяси шындық. Әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде исламофобия жалпы ислам тарапына да, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде де негативті түрде әсер етеді. Ислам әлемінің бөлігі болып отырған Қазақстан халқының көпшілігі исламды ұстанатын болса да бұл құбылыс соңғы уақытта Қазақстанда да тарала бастады. Бұл жағдайды қауымдық санада жаудың образын қалыптастыратын және исламдық фантоммен қатардағы тоғышардың қорқынышын тудыратын батыстық және кейбір ресейлік бұқаралық ақпарат құралдармен жүргізілетін насихаттың салдарымен түсіндіруге болады. Құрамына Қазақстан да кіретін ТМД мемлекеттерінің ортақ ақпараттық кеңістігі қазақстандық қоғамның бұқаралық санасына кей кезде осылайша әсер етеді және мұсылманның негативті образын қалыптастыруға ықпал етеді.

Басқа жағынан, исламофобия – бұл мемлекет пен қоғамның радикалды ислам әлеміне қарсы өзіндік реакциясы, бірақ бұл шиеленіскен әлемді еш уақытта исламмен теңдестіруге болмайды. Бәрақ, өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдарының ұсынуымен, қазіргі исламофобия, шииттер мен сунниттер, фундаменталды және радикалды ислам арасындағы айырмашылықтарды назарға алмастан, жалпы исламға деген негативті қарым-қатынасты көрсетеді. [4]

Исламофобиямен күресу үшін Қазақстан практикалық қадамдарды іске асыруда. Бұл саладағы ең басты және жаңа бастамалардың бірі - ислам туралы масштабты «E-islam» интернет ресурсы іске қосылды, оның мақсаты халыққа сапалы ақпарат жеткізу болып табылады. Ол 2013 жылы 13 қазанда Астанада Қазақстанның дінтанушыларының III форумында таныстырылды.

Ақпараттық-ағартушылық жоба бірінші орында жастарға арналған. «E-islam» беттерінде діни ғана емес, сондай-ақ рухани-білім таратушылық сипаттағы материялдар жарияланып отыр.

«E-islam» интернет-порталын таныстырған кезде, Қазақстан Республикасының дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов бұл портал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 38-сессиясында берген ұсынысын іске асыру үшін құрылғанын, портал қазақстандық аудиторияға ислам туралы тұтас сапалы ақпарат беру үшін құрылғаны жөнінде айтып өтті. [5]

KazAID. Қазақстанда KAZAID халықаралық дамуға жәрдемдесу бойынша агенттік құрылатындығын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы қаңтардағы дипломатиялық корпустың өкілдерімен Ақорда резиденциясындағы кездесуінде жария етті.

Президенттің айтуы бойынша қазір көпжақты дипломатияның өңірлік орталығы Алматыда қалыптастырылу үстінде. Онда БҰҰ-ның 16 ұйымдар мен бағдарламалар өкілдіктері қызмет істеуде.

Қазақстан Президентінің мәліметі бойынша жаңа агенттік көрші мемлекеттерге техникалық көмек көрсететін болады, сондай-ақ мемлекетіміздің осындай орталықты Астанада немесе Алматыда орналастыруға дайын екенін, біздің тараптың «Еуропаның «жүрегі» байсалды және біркелкі, унисонда соғып, тұрақты өңірлік және жаһандық дамудың игілігіне соғуы үшін қолымыздан келетіннің бәрін орындайтығын» белгіледі. [6]

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Джибутиде өткен ИЫҰ СІМК 39-отырысында Қазақстан осындай агенттікті Орталық Азия және басқа ИЫҰ мүшелеріне көмек көрсету үшін жасалатынын, Қазақстанның XXI ғасырда экономикасы ең қарқынды дамыған мемлекеттердің арасында үшінші орын алғанын атап өтті. Бұл сөздер Қазақстанның қазіргі уақытта дейін 160 миллиард доллардан астам шетелдік инвестициялар тартқанын, қысқа мерзімде жеке адамға шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші 700-ден 12 мың долларға дейін өскендігін, және болжамдарға сәйкес бұл көрсеткіштің 2017 жылға дейін 24 мың долларға дейін өсетіндігі жайлы мәліметтермен негізделді.

Қазақстан Республикасының бұл жәрдем көрсету саласындағы саясаты мынадай мақсаттарды көздейтін болады:

1) кедейшілік, халықаралық қылмыс, есірткінің жасырын айналымы


және заңсыз көші-қон проблемаларын қоса алғанда, орнықты дамудың
жаһандық және өңірлік проблемаларын шешуге жәрдем көрсету;

2) әлеуметтік бағдарланған экономика құру процестеріне жәрдемдесу;

3) шет елдермен саяси, экономикалық, білім, қоғамдық, мәдени және ғылыми байланыстарды дамыту;

4) қазақстандық шекара периметрі бойынша тату көршілік белдеуін қалыптастыру;

5) әріптес елдермен сауда-экономикалық ынтымақтасты дамыту және капитал, тауарлар, қызметтер және жұмыс күштері нарықтарының интеграция процестерін ынталандыру;

6) әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан Республикасының беделін


нығайту және жағымды қабылдауға жәрдемдесу. [7]

Алматы – 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы

2009 жылы Баку қаласында өткен VI Мәдениет министрлерінің ислам конференциясында азиялық аймақтың мәдени астансы 2015 болып Алматы қаласы таңдалды.

ИЫҰ елдерімен гуманитарлық байланыстың және тығыз ынтымақтастықтың одан әрі дамуына «Алматы – 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы» аясындағы ірі іс-шараны өткізу мықты импульс бермек.

Алматы Қазақстан Республикасының мәдени астанасы екені сөзсіз. Бұл тарихи қалада үш жүзден астам мәдениет мекемелері, соның ішінде музей, театр, көркем галерея, филармония, концерттік хол, кітапханалар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қалада сәулеттің және тарихтың 115 ескерткіші және монументі бар.

Тарихи тұрғыда да бұл өңір ұлы сауда жолдары, әлемдік өркениеттер мен мәдениеттер қиылысқан – бағыты Жетісу арқылы өткен және Қытай мен Византияны, Шығыс пен Батыстысты байланыстырған «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан.

Алматының тарихын және қазәргі дамуын ескере отырып, Алматының ислам мәдениетінің астанасы болып таңдалуы Алматының өңірлік және әлемдік деңгейдегі мәдени астана ретінде мәртебесін қатайтып, ислам руханиятын жандандыруға іргелі негіз қалауға, қала мәдениетінің дамуына мықты түрткі беруі қажет [8].



EXPO-2017. EXPO-2017 халықаралық көрмені ұйымдастырудың шенберінде, атап айтанда жаңартылмалы энергия көздерін ілгерілету бойынша практикалық іс-шаралар іске асырылуға жоспарланыуда. Мысалы, қазір Исламдық даму банкі «Бәйтерек» холдингімен бірлесе отырып, Орталық-Азиялық жаңартылмалы энергия қорын құрды. Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешовтің айтуы бойынша, бұл жобаларды 2014 жылдан бастап қаржыландыратын болады.

Сондай-ақ жеке бизнесті дамыту бойынша исламдық корпорация (ICD) (Исламдық даму банкі тобының бөлімшесі) 2014 жылы Қазақстанда EXPO-2017-ге бағытталған төрт жаңа жобаларды іске асыра бастайды. Бұл мәлімет Ислам даму банкінің жоғары деңгейдегі өңірлік форумында хабарланған.

Форумның шеңберінде жаңартылған энергия көздері секторына инвестиция тарту, 300 миллион доллар жалпы сомасына бидай элеваторы және терминалын салу жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Бұл жобалар EXPO-2017-ге тікелей бағытталатын жобалар болатыны белгіленді.

Жаңартылған энергия көздері секторы бойынша ICD, «Бәйтерек» холдинг және «ЛГК Холдингс» компаниясы Жаңартылған энергияның Орталық-Азия қорын құру жөнінде меморандумға қол қойды, оның бастапқы капиталы 50 миллион долларды құрайтын болады, сондай-ақ 2014 және 2015 жылдарға арналған жаңартылған энергия көздері бойынша алты жобаны әзірлеу бойынша жоспар қабылданды. Бірінші кезеңде қор тек Қазақстандағы жобаларды ғана қаржыландыратын болады.

Шыны өндірісі саласында ICD және Қазақстанның инвестициялық қоры Қызылордада флоат шынысын өндіру жобасын құрумен байланысты ынтымақтастықтың бағыттарын зерттеуде. Өндірісті 2016 жылдың ортасында бастау жоспарланып, жобаның құны шамамен 200 миллион долларды құрайтыны жарияланды. EXPO-2017 көрмесінің қарсаңында ICD осы жобаны стратегиялық бастама ретінде қарастыруда, өйткені мұндай жоба Ортаазиялық аймақта алғаш рет таныстырылатын болады.

EXPO-2017 көрмесінің қарсаңында ICD сондай-ақ "Олжа холдинг" қазақстандық компаниясымен Ақтауда дән өңдеу терминалын құрумен байланысты жобаны әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізген. Терминалдың қуаты жылына бір миллион тоннаны құрауды көздейді, және терминал Таяу Шығыстың және Солтүстіктің Африканың экспорттық нарықтарына бағытталатын болады. Құрылыстың басталуы ағымдағы жылдың жазына жоспарланған.[9]



Ядролық қарусыз әлем. ИЫҰ аумағы ядролық қарудың таратылған жері болып та табылады. Бірқатар мемлекеттер атомдық бағдарламарын іске асырып, оларды қазір де жалғастыруда (Пәкістан, Иран, Ирак, Сирия, Ливия, Мысыр, Сауд Аравиясы және басқалар), ал олардың кейбірі ядролық қаруды құрастырып та үлгерді. Президент Н. Назарбаев ИЫҰ СІМК-нің 38-ші сессиясында Қазақстанның қуаты бойынша әлемдегі төртінші ракеталық-ядролық арсеналдан бас тартқанын, Семейдегі ядролық полигонды жапқанын, ядролық қарудан азат орталық-азиялық өңірді құрудың белсенді қатысушысы болғанын атап айтты. Сондай-ақ ол қазақстандық халықтың атынан Таяу Шығыста ядролық қарудан азат өңірді, болашақта ядролық қарудан азат жаһандық әлемді де қалыптастыруға шақырды.

Өңірлік және ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында географиялық жақын территорияларда – Орталық Азия, Ауғаныстан, Синьцзян, Иран республикаларында және каспи-кавказ өңірінің мелекеттерінде тұрақтылықты сақтау ең бірінші міндет болып табылады. Геосаясат аса маңызды фактор болып табылады. Ислам қауымдастығы үшін оның органикалық бөлігі болып табылатын Қазақстанның төрағалығы кезінен бастап бұл салада қолайлы үрдістер туды.

Осы үрдістер "ядролық қыс" деген ұғымға байланысты. Экология саласындағы мамандардың ұқыпты зерттеулеріне негізделген аталған ұғым ядролық қаруды қолданудың мүмкінсіздігімен өзара қатынаста болуда. Экологтардың есептері бойынша, ядролық жарылғыш заттардың тіпті шектеулі қолдануының өзі ғана ғаламдық экологиялық апат тудырады. Тек шабуылданушы ғана емес, бірақ шабуылшы тарап та аса ірі шығынға батады. Экологтардың есептері Солтүстікатлантикалық альянс және Варшава келісімінің ядролық арсеналдарының болжалды тепе-теңдігін негіздеу үшін қолданыған "Кепілді өзара жою" қағидасында ескерілген. Кешірек олар стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту жөніндегі (СНВ - 1, СНВ – 2) келісімдерді әзірлеу кезінде қолданылды.

2012 жылы планетарлық экологиялық жағыдай тағы нашарлай бастады Атап айтқанда, жазда Греландия мұзды қабаты 97 % азайды. Сібірде, Арктикада рекордтық жоғары температуралар байқалды. Осындай жағыдайда ядролық қаруды қолдану принципті түрде мүмкін емес болады. Демек, ол психологиялық айбат көрсету факторы ғана болады, бірақ агрессия тәсілі бола алмайды. [10]

Сондықтан Қазақстанның бұл бастамасы өзекті және ислам қауымдастығын, соның ішінде Қазақстанның қауіпсіздігін қамсыздандыруға бағытталған. Бұл мұсылмандарға кедергісіз жасампаз бейбіт еңбекпен шұғылдануға және өзінің экономикалық жаңғыруын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ИЫҰ шеңберіндегі осы бастамалары мен алға қойылып отырған үлкен мақстаттары мемлекеттің әр-түрлі бағыттар бойынша дамуына, жалпы Орталық Азия және ИЫҰ кеңістігі шеңберіндегі қарым-қатынастардың дамуына қомақты үлес қосатындығы даусыз. Бұл бастамалар қазіргі заманғы сын-қатерлерге төтеп беруге бағытталған және тиімді орындалған жағыдайда Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін көтеріп, әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қатайтуға зор үлесін қоспақ.


Әдебиеттер тізімі
1. Шаерман Е. Казах-Зерно интернет порталы. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://www.kazakh-zerno.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=78160:2013-06-11-06-03-05&catid=14&Itemid=108

2. Тукуреева Д. Курсив интернет журналы. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://www.kursiv.kz/news/details/vlast/V-Astane-otkroyut-institut-OIS-po-prodovolstvennoj/

3. Казинформ ақпарат агенттігі. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://www.inform.kz/rus/article/2487256

4. Шаймерден Г.И. Исламдық елес – бұл кімге пайдалы? [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://www.stop-sekta.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=210:2013-03-06-04-59-28&catid=54:2010-06-03-05-50-54

5. Алматы орталық мешітінің интернет порталы. Астанада «E-islam» интернет порталы таныстырылды. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://azan.kz/article/show/id/4588.html

6. AstanaTV ақтпарат агенттігі. Қазақстанда KAZAID халықаралық жәрдемдесу агенттігі құрылатын болады. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://astanatv.kz/news/show/id/5484.html

7. Meta.kz ақпарат агенттігі. Қазақстандың KAZAID агенттігі Орталық Азия және ИЫҰ мемлекеттеріне техникалық жәрдем көрсететін болады. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://meta.kz/novosti/kazakhstan/751735-kazahstanskoe-agentstvo-kazaid-budet-okazyvat-tehpomosch-stranam-ca-i-ois.html

8. E-islam интернет порталы. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://e-islam.kz/ru/contents/view/624



9. Аширова А. EXPO-2017-ге арналған төрт жобаны Ислам банкі корпорациясы іске асыратын болады. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://tengrinews.kz/private_finance/chetyire-proekta-kazahstane-EXPO-2017-realizuet-korporatsiya-islamskogo-banka-248830/

10.Мурзабулатов А. Ислам әлемінің дамып отырғаны – Қазақстанның қауіпсіздігі. [электрондық ресурс]. – Кіру тәртібі: http://www.zonakz.net/blogs/user/axmed_murzabulatov/23962.html



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет