Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу басымдықтарының бірі аймақтардың экологиялық-экономикалық даму концепциясы



жүктеу 107.3 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі107.3 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Бүгінгі күнде Қазақстан экономикасы айтарлықтай дамып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа республикаларынан алдыға шықты. Республиканың ішкі жалпы өнімінің орташа жылдық өсімі 2000-2011 жылдар аралығында сәйкесінше 5,8% - 9,1% құрады. Осы кезеңде экспорт көлемі тиісінше (18,1% - 24,8%) артты [1]. Бұл ретте 2012 ж. шамамен жарты бюджет және экспорттың 92%-ы табиғи ресурстарға, олардың арасында 70,8% көмірсутектер, минералдар мен металдар, 3,5% азықты өнімдерге тәуелді (1 сурет).



1 Сурет – Қазақстандағы табиғи ресурстардың экспорты
Табиғи ресурстардың молшылығында экономиканың негізгі секторларының өнімділігінің төмен болуы Қазақстанның орнықты дамуын тежейді. ОЭСР мемлекеттеріне қарағанда экономиканың энерготиімділігі 3 есе төмен. Үлкен шығындар тұрғын үйлерді жылыту (30-35%) кезінде байқалады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі экономиканың негізгі даму сценарийіне сәйкес энергетикалық ресурстарға сұраныс көлемі көмір, мұнай мен газды қоса алғанда Ресейден 23% және Украинадан 30% жоғары. Сәйкес деңгейге жету энергия пайдалануды (33-43 млн. т мұнай эквивалентіне) айтарлықтай қысқартуға және генерленетін қуат қажеттілігін 15-20% қысқартуға мүмкіндік береді, ол Балқаш көліндегі 5-6 электростанциялардың қуатына тең [1].

Жоғарыда айтылып өткендей, энергоэффектіліктің ұлғаюына жаңа генераторларды салуға қарағанда аз қаражат қажет етеді. Қазақстан энергетикалық инфрақұрылымды еуропалық деңгей стандарттарына жеткізудің арқасында отынға кететін шығынды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, өндіруші өнеркәсіп пен тұрғын үйлерде энерготиімділіктің жоғарылауына кететін шығын бес-сегіз жыл аралығында сйкесінше ақталады.

Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының (бидай, арпа) өнімі мен жерлердің өнімділігі Канадамен салыстырғанда үш есе төмен, бұл олардың едәуір деградациялануына байланысты. Қазақстанның ауыл шаруашылық жерлерінің жартысы деградацияға ұшыраған. Оның ішінде 50% егістік жерлерге тиесілі, осыған орай бидайдың өнімділігі 36% кеміді. Территориялардың ресурстық әлеуетінің жоғалу көлемінің жоғарлауы оларды тиімсіз пайдалану, су ресурстарының жетіспеушілігі және антропогендік әсердің жоғарлауына негізделген. Өсімдік шаруашылығының экспорты жер, биологиялық және су ресурстарын тиімді басқарудың тиімділігін арттыру есебінен, топырақ сапалығын қалпына келтіру, экожүйелердің биоалуантүрлілігін сақтау, жаңа әдістер және инновацияларды ендіруді қоса алғанда жоғарылауы мүмкін.

Ауыл шаруашылығында суды пайдалану өнімділігі өте төмен, Ресейге қарағанда шамамен 6 есе төмен, бұл ретте Ресей мен Канадаға қарағанда күріш алқаптарын суаруға шығындалатын су ресурстары 10 есе жоғары. Су ресурстарының жетіспеушілігі оларды оңтайлы басқару жүйесінің жоқтығынан, қалаларда, елді-мекендерде, аграрлы және өндірістік секторларда суға үнемі қажеттілік есебінен үнемі жоғарлауда. Ағымдағы судың сұранысын бағалауды ескерсек, Қазақстан су ресурстарының өткір жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін. Су ресурстары жөніндегі Комитеттің мәліметтері бойынша 2030 жылға экономикалық пайдалану үшін су ресурстарының кемінде 1/5 бөлігі қол жетімді болады. Бұл ретте, қазіргі таңда қалалық ағынды суларын тазартқаннан кейін қайтару көлемі Германияға қарағанда 1,5 есе аз. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, қалаларда, елді-мекендерде, аграрлық және өндірістік секторларда су қажеттілігін қамтамасыз ету үшін шамамен 2 миллиард АҚШ долларын инвестициялау қажет 1.

Экономиканың теңдестірілген жағдайын құру және антропогендік жүктемені төмендету үшін ең әуелі эмиссия көлемі, тығыздығы және территорияның биотолық және абиотикалық ортамен жұтылуы токсикалық заттармен ластану деңгейін төмендету мәселелерін шешу қажет (2 сурет).


2 Сурет – Эмиссия көлемі, тығыздығы мен жұтылуы бойынша Қазақстан Республикасының ластану территориясының картасы
Дағдарысқа дейінгі кезеңде Қазақстанның нарықтық экономикасы эволюциялық қалыптасты, бұл қорларды шикізат секторларына қайта бөлу әсеріне мүмкіндік туғызды. Қазіргі таңда, мемлекеттің стратегиялық Бағдарламаларын орындау шеңберінде индустриализацияның өсу қарқынына байланысты шикізат бағытын сақтау мен экономиканың әр түрлі секторларындағы өндіріс көлемін аймақтық деңгейде әркелкі бөлу жалғасуда. Бұл ретте, экономиканың инновациялық дамуы, жер көлемін алу мен табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалпына келтіру арасында балансты сақтау қажеттігі ескерілмеуде.

Дәстүрлі өндіру және тұтыну үлгісі шеңберінде Үдемелі индустриалды инновациялық даму Бағдарламасын іске асыру аймақтарға антропогендік салмақтың бірнеше рет жоғарлауына, минералды, көмірсутекті, су, жер, энергетикалық ресурстарды алу көлемінің жоғарлауын, эмиссиялар мен ластаушылар көлемін, жаңа өндіріс пен инфрақұрылым өсуін қоса алғанда, олардың біркелкі емес дамуы мен аумақтың шөлейттену деңгейін жоғарлауын анықтай келе себепші болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан экономикасының орнықты және теңдестірілген өсуін қамтамасыз ету үшін кепілді табиғат әлеуетін сақтау шартында аймақтардың экология – экономикалық орнықты даму үлгісіне көшу қажет.

Жоғарыда қойылған мәселелерді тиімді шешу үшін Қазақстан аймақтарының экология-экономикалық орнықты даму Үлгісін Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес әзірлеу қажет 2,3.



Қазақстанның экономикалық жетістігі негізінен елде табиғат ресурстарының мол қорының бар болуына негізделген. Қолданып келе жатқан өсу үлгісі ел экономикасына айтарлықтай ақшалай қаражат алуға және ресурстарды пайдалануда жоғары деңгейдегі тиімсіздікке, табиғи жүйелердің ластануы мен тозуына әкеліп соқты.

Бұл ретте, ресурстарды одан арғы шапшаңдатып тұтыну, кенттенген аумақ көлемінің, өнеркәсіптік аймақтардың, жоғарлауы, минералдарды, жер, су және биологиялық қорларды тиімсіз басқару қор әлеуеті масштабтарының және жоғалу қарқынының жоғарлауына әкеледі, бұл сәйкесінше толықтай алғанда ел және аймақтардың экономикалық дамуы мен экспорттық әлеуетін шектетеді.

Сонымен бірге, біздің Республикамыз аумақтың экология-экономикалық балансын сақтау шартында орнықты даму мен «Жасыл экономикаға» көшу үшін ұзақ мерзімді болашаққа айтарлықтай мүмкіншіліктері бар. Ұсынылып отырған Үлгі құрылыс индустриясын, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісті табиғи қорларды тиімді пайдалану шартында өнімді төмен өзіндік құнымен алу қамтамасыз етілетін бағытқа қайта бағдарлауы қажет. Бұл бағалы кірістердің жаңа көздерін құру арқасында жоғары пайда деңгейін қаматамсыз етеді.

Аталған үлгінің тұжырымдамалық мәселелерін шешу үшін экономиканың экожүйенінің орнықты жұмыс істеуін сақтау мүмкіншілігімен, олардың айтарлықтай бұзылуына (қор әлеуетін жоғалту) және сәйкесінше экономикалық дамудың шектелуіне әкеп соқпайтын қорлардан қажеттілік өзара байланысын қамтамасыз ету қажет.

Негізіне ІЖӨ дамуы фонында антропогендік жүктілікті азайту және тұрғындардың өмір сүру сапасын энергия үнемдеуші инновациялық технологиялар, экожүйені сақтау мен өнімділігін жоғарлату есебінен жақсарту кіретін экология-экономикалық балансты сақтау қағидаты қойылуы қажет.

Бұл қағидатты іске асыр үшін қоршаған ортаның жай күйін және табиғатты пайдалану көлемін экологиялық нормалау негізінде, табиғи қорларды пайдаланудың шекті рұқсат етліген деңгейі мен нақты аумақтарды шекті рұқсат етілген ластаудың концентрациясын экожүйелік анықтау тәсілдемесі қажет 4.

Аймақтардың экология-экономикалық даму балансын сақтау үшін бүгінгі таңда айтарлықтай бөлігі жоғары қауіпті аймақта орналасқан аумақтарды аймақтандыру нәтижелеріне сүйене олардың шекті рұқсат етілген алуды ескерумен олардың ресурстық әлеуетінің сақтық қорын қалыптастыру мен қолдау қажет [5].

Аймақтардың, облыстардың үйлесімсіздіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі территориалдық жүктеме тығыздығы болып келеді (3 Сурет).



3 Сурет – Ел және аймақтарда халықтың орналасуы мен ауданы бойынша территориалдық жүктеме тығыздығы
Аймақтардың ЖІӨ теңестіру үшін ең алдымен өндірістік қуат пен өндірістік күш (еңбек ресурстарын) арасындағы арақатынасын қайта қарастыру, тиімді және энергия үнемдеуші технологияларды, антропогендік жүктемеге сәйкес өнеркәсіптік және тұрғын нысандарының құрылысы кезінде аймақтарды оңтайлы реттеуді қоса алғанда, ресурс әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет.

Бұл ретте, экономиканың дамуы үшін қорлардың кепілді сақтық қорын қалпына келтіру мен қолдауға мақсатты мемлекеттік қаржыландыру көлемін, инвестициялар және өндіріс пен ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаражатын жоспарлау қажет.

Өндірістік қатынасты теңдестіру мақсатында, ресурстарды алудың шекті рұқсат етілген деңгейін қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны өтемақысымен нормалау негізінде қор әлеуетінің сақтық қорының Ұлттық Кадастрын құру орынды болар еді.



Бұл үшін аумақтың қазіргі жай-күйі мен олардың ресурстық әлеуетін бағалау жүргізілуі және антропогендік әсер ету деңгейі анықталу қажет. Бұдан басқа, үдемелі индустриалдық дамумен байланысты экожүйенің өзгеру қарқыны мен трендін және аумақтың ресурстық әлеуетін жоғалтуды анықтау бойынша іс-шаралар қарастыру маңызды [6]. Аймақтардың орнықты экономикалық дамуы үшін табиғи әлеуеттің сақтық қорын қалыптастыру бойынша негізгі қадамдарын белгілеу. Аумақтың экология-экономикалық балансын қамтамасыз ету үшін құқықтық реттеу жүйесін әзірлеуге ынтагерлікті көрсету.

Үлгіні әзірлеу барысында, сондай-ақ эмиссияның жалпы көлемін аймақтық деңгеймен қатар, жалпы ел бойынша ескеру қажет (4Сур.)


4 Сурет – Ластағыш заттардың шығарынды көздерінің мөлшері

Төменде келтірілген мәліметтерге сүйенсек антропогендік қысымның маңызды факторларының бірі болып, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім ескергендегі халықтың саны табылады (5 сурет).

5 Сурет – 2010 жыл бойынша жан басына шаққандағы Жалпы аймақтық өнімі
Тез қарқынды Үдемелі индустриалды даму кезінде сондай-ақ экономиканың жоғары концентрациялы аймағының, ресурстардың тапшылығының (адамдар, жер қойнауы, энергия, су және т.б.) және экологиялық қауіптіліктің туындауын болдырмауда аймақтың игерілу тығыздығын ескеру қажет (6 сур).



6 Сурет – Қызмет түріне байланысты ІЖӨ өсу декомпозициясы, %  

Мегополистерде, елді мекендерде, аграрлы және өндірісті секторларда тек су бойынша қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ұлттық және халықаралық сарапшыларының мәліметтеріне сәйкес шамамен 2 миллиард АҚШ доллары қажет болады. Жалпы, табиғи әлеуетті және олардың кепілді сақтық қорын (жер, су, биологиялық ресурстарды) қалыптастыру үшін дәстүрлі даму үлгісі кезінде экономикадағы қажеттіліктер мен инвестициялайтын территорияның ресурстық мүмкіндіктері арасындағы балансты сақтамағанда оңдаған миллиард долларды құрайды 1.

Ұсынылған Тұжырымдамаға негізделген аймақтардың экологиялық-экономикалық Үлгісін әзірлеу және енгізу экономиканың қарқынды дамуында шығындалатын жобалар, инновациялық жоғары тиімді технологияларды және ресурстарды үнемдеу есебінен қаржыландыру мөлшерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін экожүйенің ресурстық әлеуетін қалпына келтіру бойынша шығындарды өтемақылық жабу механизмін қарастыру. Бұдан басқа, республиканың барлық территориялары, нақты аймақтар, облыстар, қалалар, өндірістік орталықтар үшін ресурстық сақтық қорын қалыптастыру қажет.

Осылайша, аймақтың дамуына теңдестірілген амалы мен экономика векторының экспортты шикізат емес және энергия ресурстарын үнемдеуші жоғары технологиялар өндірісіне бағытталған өзгерістер Қазақстанның инвестициялық тартымдылық деңгейін жоғарлатады.

Қазақстанда жалпы табиғи ресурстарды бағалау, олардың дәрежесі мен трендінің өзгеруі бойынша айтарлықтай ғылыми-зерттеу қоры жиналған. Экожүйелерді, табиғи-техногендік кешендерді тиімді пайдалану мен қалпына келтіру бойынша іс-шаралар әзірленген. Антропогендік жүктемені төмендету және олардың жай-күйін басқару бойынша методологиялық және нормативті-құқықтық негіздер қалыптастырылды. Ғылыми – зерртеу жұмыстарын, Мемлекеттік табиғи кадастрлар материалдарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды қоса алғанда, экологиялық зондтау сандық карталарын жүйелеу Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің/«ҚОҚ АТО» РМК жанындағы Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорымен жүргізіледі. Қолда бар материалдар Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу бастамаларының бірі ретінде аймақтардың экология-экономикалық даму жобасын әзірлей бастауға мүмкіндік береді


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 жарлығымен Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы.

  2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Назарбаев Университеті" зерттеу орталығы және McKinsey компаниясымен бірлескен "Қазақстан экологиялық, бәсекеге қабілетті экономика моделі" экономикалық шолуы - 13 желтоқсан 2012 жыл.

  3. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының мәліметтері http://aarhus.kz/.

  4. Мемлекеттік ҚР табиғи кадастрлар қоры http://aarhus.kz/.

  5.  003 Бағдарламасының есебі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер» үш кезең бойынша тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экологиялық зондтау» // Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК. Астана, Қазақстан Республикасы, 2008-2010 жж.

  6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 «ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы.

  7. Елбасының «Қазақстан Республикасының 2014-2040 жылдарға арналған су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының» Қаулы Жобасы.

  8. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы (Президенттің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы №449 Жарлығы).

Қосымша
ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ


Автор - Шабанова Людмила Владимировна

биология ғылымдарының кандидаты, «Экология» Академиясының мүше-корреспонденті, ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК директоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы.


Бірлескен автор – Ағұбаев Марат Нұртайұлы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алматы Орхусс орталығы.



Бірлескен автор – Орақбаева Айгүл Зұлхарнайқызы

Қазақстан Республикасы, Астана қ., ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық - талдау орталығы" РМК Қоғамдастықпен байланыс бөлімінің бастығы.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет